АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Билет № 8

1. Вакуольдер жүйесі, оның химиялық кұрамы және қызметтері.

Вакуольдер (латынша: vacuus-бос) - өсімдік жасушасыныңцитоплазмасындағы - мембраналармен шектеулі- (тонопластпен) жәнеклетка шырынымен толған қуыстар. Барлық өсімдік жасушасыныңвакуольдер жүйесі вакуоль деп аталады. Жас жасушада вакуоль арық тәрізді және көпіршік күйінде болады. Өсімдік өскен сайын вакуоль ұлғаяды және бір үлкен вакуольге айналады. Ол жетілген жасушаның 70-95% құрайды. Вакуольдің түзілуіне шамасы Гольджи аппаратының элементтері де қатыса алады. Өте жас клеткалардың өзінде де кішілеу вакуольдер болады. Жас клеткалардың өсуінің нәтижесінде вакуольдердің көлемі де ұлғаяды. Жақсы жетілген клеткалардың көпшілігінде, оның ортаңғы бөлігін алып жататын бір үлкен вакуоль және цитоплазманың клетка қабықшасына жақын жататын бөлігінде шашыраңқы орналасқан көптеген ұсақ вакуольдер болады. Егер ядро клетканың ортасында орналасса, онда оны қоршаған цитоплазма клетканың қабықшаға жақын жатқан қабаты мен жіпшелері (тяждары) арқылы байланысады. Бұл жіпшілер (тяждар) орталық вакуольді бірнеше ұсақ вакуольдерге бөледі. Клежа шырьшы дегеніміз, протопластан бөлініп шығатьш әртүрлі органикалық және органикалық емес байланыстардың судағы ерітіндісі. Өсімдіктердің әртүрлі түрлеріңде, тіптен бір өсімдіктің әртүрлі органдарында клетка шырынының химиялық құрамы бірдей болмайды. Клетка шырынының реакциясының өдетте қьшіқылдығы төмен, немесе бейтарап, сиректеу сілтілі больш келеді. Органикалық, заттар: азотты заттар: белоктар (протеиндер, претидтер), амин қышқылдары (аспарагин, триозин, лейцин және басқалар), алкалоидтар (хинин, морфин, никотин, колхицин, кофеин және басқалар); азотсыз заттар: моносахаридтер- глюкоза, фруктоза; дисахаридтер-сахароза, мальтоза; полисахаридтер- инулин, глюкозидтер (амигдалин, сапонин, соланин, пигменттер-антоциан, антохлор және басқалар), илік заттар (танидтер), органикалық қышқылдар (қымыздық, алма, вино, лимон және басқалар), кристалдар (қымыздық және басқа қышқылдардың тұздары), эфир майы және басқалар.

Органикалык емес заттар: нитраттар, хлоридтер, фосфаттар.

Бұл заттардың біреулері, мысалы углеводтар, қорлық, екіншілері- экскреторлық, яғни зат алмасудың соңғы өнімдері болып табылады.

2. Ю. Либих қалыптастырған өсімдіктердің қөректенуі туралы теориясы.

Өсімдіктердің элементтік құрамын анықтау минералдық қоректену теориясының негізі болды. Бұл теория ғылымда неміс химигі Ю. Либихтың жұмыстары нәтижесінде орнықты. Минералдық қоректену теориясын Ю. Либих 1840 жылы «Егіншілік пен физиологияда химияның қолданылуы” деген кітабында жариялады. Фотосинтез процесі ашылған соң өсімдіктердің негізгі органогендерді ауа мен судан сіңіретіндігі белгілі болса, минералдық қоректену теориясы өсімдіктердің құрамына енетін барлық басқа элементтер топырақтан қабылданатындығын көрсетті. Бұл элементтер топырақта негізінен минералдық тұздар және ішінара органикалық заттар түрінде кездеседі. Органикалық заттардың көп бөлігі минералдық заттарға дейін ыдырайды да, осыдан кейін ғана өсімдіктер оны қабылдай алатын болады. Өсімдіктер топырақтағы органикалық қосылыстардың кейбір түрлерін ғана қабылдай алады. Сондықтан да өсімдіктердің топырақтан қоректенуі минералдық қоректену деп аталады. Күлдің құрамында кездесетін мөлшеріне қарай элементтерді 3 топқа бөледі. Элементтердің бірінші тобын макроэлементтер деп атайды. Оларға өсімдіктерде проценттің оннан бастап жүзден бір белігіне дейінгі мөлшерде кездесетін злементтер кіреді. Оларға барлық органогендер — С, Н, О, N. сондай-ақ S, К, Са, Мg, nа, Ғе, Р элементтері жатады. Микроэлементтер деп аталатын екінші топқа өсімдіктер денесінде проценттің мыңнан жүз, мыңнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға Мg, В, Сa, Zп, Ва, Zі, Вг, Со, Мо және т. б. жатады. Ультрамикроэлементтер деп атала-тын үшінші топқа өсімдіктер денесінде проценттің миллионнан бір бөлігіне дейінгі мөлшерде кездесетін элементтер кіреді. Оларға Сs, Sе, Сd, Нg, Аg, Ru, Ca элементтері жатады.

3. Тұзды топырақта өніп-өсетін өсімдіктердің ерекшеліктері және топтары

Тұзды топырақтар жер шарындағы мемлекеттердің көптеген аймақтарын алып жатады. Жалпы құрылықтың шамамен 25% тұзды аймақтар үлесіне тиеді. Тұзды топырақтардың көп бөлігі, негізінен, Орта Азия мемлекеттерінде орын алады. Осы мемлекеттердің суармалы аймақтары (егістігінің), шамамен 65%-тейі азды-көпті тұзды топырақтардан тұрады. Соның ішінде Түркменстанда –89%, Өзбекстанда –70%, Қазақстанда –65%, Тәжікстанда –30%, Қырғызстанда –25%.

Тұзды ортаға бейімделушілік ерекшеліктеріне байланысты галофиттер негізгі төрт топқа бөлінеді:

1. Тұз жинақтаушы галофиттер (эвгалофиттер). Бұл топқа тұзға төзімділігі өте жоғары сораң өсімдіктері, мысалы, шөптесін бұзаубас сораң жатады. Бұл өсімдіктердің плазмалары тұзды оңай өткізеді, ұлпаларындағы тұздң мөлшері өте көп болады. Мысалы бұзаубас, сораң ұлпаларында суына есептегенде 10% тұз болатындығы (NaCl, Na2SO4) анықталды. Осыған байланысты осы өсімдіктердің клетка сөлінің осмостық қысымы бірнеше ондаған атмосфералық деңгейге дейін көтеріңкі болады да, тұздылығы өте жоғары топырақтардан суды қиынсыздық сіңіре алады.

2. Тұзды бөліп шығаратын галофиттер (криногалофиттер) күшті және шамалы тұзды топырақтарда өніп-өседі (гмелин, кермек). Бұлардың органдарындағы тұздар арнайы бөлгіш клеткалар- безшелер арқылы бөлінеді.

Олардың саны топырақтың тұздылығы жоғарлаған сайын көбейе береді. Сонымен қатар, бұл өсімдіктердің жапырақтары тұзға әбден толғаннан кейін өзінен өзі түсіп қалады. Бұл өсімдіктердің тамыры арқылы да тұздар сыртқа бөлінеді.

3. Тұзды сіңірмейтін галофиттер (гликогалофиттер) тұздылығы төмендеу топыраққа өніп-өседі. Олардың клеткаларындағы осмостық күш, негізінен, фотосинтез өнімдеріне – көмірсуларға байланысты болады. Клеткалар арқылы тұздар сіңбейді. Олардың нағыз өкілдеріне жусан (Artemisia salina), изен (Kochia) түрлері жатады.

4. Тұзды оқшаулап жинақтаушы галофиттерге сыртқы ортада енген тұздар арнайы тұз жинағыш, көпіршік тәріздес түкшелерге жиналып сақталады. Олар жапырақтың ең бетінде де қалың болып орналасқан. Егер, осы өсімдіктер тұзсыз топырақтарда өссе, онда түкшелер пайда болмайды. Бұндай өсімдіктерден алабұтаның біраз түрлерін атауға болады.

Билет №9.

1.Клеткадағы ядроның құрылымы,қасиеттері,қызметі,және маңызы.

Ядроның маңыздылығы онда орналасқан хромосомаларда клетканың генетикалық ақпараты жинақталған ДНҚ-ның болуына байланысты.Клеткалар негізінен бір ядролы болады.Бірақ коп ядролы клеткаларда бар,ядроның диаметрі 5-20мкм,формасы дөңгелек,сопақша,сфералық түрде болады,өсімдіктердің жас клеткаларнда ядро ортасына таман орналасады,жетілген клеткаларда ірі орталық вакуоль болғандықтан ядро клетка шетіне жақын орналасқан.ядроның химиялық құрамы нуклеин қышқылдарынан,белоктардан құралған,ядро үш бөліктен тұрады,ядроны қоршаған-қос қабатты мембрана,ішіндегі сұйықтау зат-нуклеоплазма,ортасында орналасқан-ядрошық.ядро қабықшасы диаметрі 8нм,қос мембранадан құралған,ядродағы негізгі құрылыстық бөлік-хромосомалар,хромосома дегеніміз-ДНҚ тізбектерінен тұратын денешік,хромосома құрамында гистон, ДНҚ,қышқыл белоктар,аз мөлшерде РНҚ болады,жеке хромосома ДнҚ тізбегінен және гистондардың миллиондаған молекуласынан тұрады,ДНҚ тізбегінде тұқым қуалау аппараты,клетканың функциональдық қызметі,организмнің қоршаған ортамен байланыста өсіп дамуының бағдарламасы жинақталып сақталады.

2.Өсімдіктер клеткасының негізгі органогенді және макроэлементтерінің маңыздылығы.

Өсімдіктің сусыз құрғақ заты құрамындағы көміртегі-46%,оттегі-42%,сутегі-6,5%,азот-1,5%,минеральды элеменнтер-5%шамасында.Өсімдіктің құрғақ салмағының 95%-ын органогендік элеменнтер(С,О,Н,N),ал қалған 5%-ын минеральдық элеменнтер құрайды,өсімдік денесіндегі мөлшеріне байланысты минеральдық элеменнтер төмендегідей топтарға бөлінеді.

1)макроэлементтерге мөлшері 0,01-ден ондаған пайызға дейін жететін элементтер жатады,бұл топқа органогендерден(C,O,H,N),басқа-Si,Ca,K,Mg,P,S,Al,S енеді.

3.Қуаңшылықтың типтері,(атмосфера,топырақ)өсімдіктердің қуаңшылыққа төзімділігі.

Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігі негізінен екі бағытта қалыптасады:ортаның қолайсыз кезеңдерінде өсімдіктер түгелімен,немесе ішінара зат алмасу,өсіп-өну процестерін тоқтатып,тыныштық күйге ауысады,екіншіден керісінше тіршілік әрекеттерін күшейтіп,қолайсыз жағдайларға барынша активті төтеп береді,температуралық жағдайға байланысты өсімдіктер ыстыққа салқындыққа,аязға,қыстың қолайсыз жағдайларына байланысты төзімді және төзімсіз болып бөлінеді,сумен қамтамасыздыққа байланысты қуаңшылыққа,ылғал молдығына су басуға төзімді және төзімсіз деп аталады.топырақтағы түрлі тұздардың мөлшеріне байланысты тұздануға төзімді төзімсіз болып келеді.

Билет№10.

1.Митхондрияның құрылысы,қызметі,және маңызы.

Клеткадағы тотығу-тотықсыздану процесінің электрон тасымалдаушы тізбектің тотыға фосфорлану яғни жалпы энергия алмасу процесінің орталығы-митохондрия.Тыныс алу барысында энергияның АТФ-та жинақталуы митохондрияда өтеді.Митохондрия формасы негізінен сопақша,ұзындығы 1-7мкм диаметрі 0,4-0,5мкм.клеткадағы митохондрия саны 500-ден 1000ға дейін болады.митохондриялар қалыңдығы5-10нм болатын қос мембранамен қоршалған.сыртқы мембрана созылыңқы ішкі мембрана тарақ тістері тәрізді өскіндері-кристалары бар.мембраналар арасындағы митохондриялық кеңістікті қоймалжың жартылай сұйық масса-матрикс толтырады.митохондрияның құрамында65-70%белок,25-30%липидьермен нуклеин қышқылдары,РНҚ-1%,ДНҚ-0,5%бар.

2.Өсімдіктерге макро және микроэлементтерінің маңыздылығы.

Макроэлементтер(оттегі,сутегі,көміртегі,азот,фосфор,күкүрт,калий,кальций,магний,натрий,және хлор)жатады.макро элементтерге мөлшері 0,01%дан ондағаң пайызға дейін жететін элементтер жатады.Азот-белоктар,нуклеин қышқылы ферменттер оның ішінде НАД және НАДФ витаминдер және басқадп органикалық заттар құрамының негізгі компоненті.азоттың көп мөлшерде болуы фотосинтез процесін кушеитіп,өсімдіктің жылдам өсуіне жағдай жасайды.Фосфор-өсімдіктегі зат алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклеин қышқылдары ДНҚ РНҚ нуклеотидтер,фосфолипидтер,витаминдер және баска органикалық заттар құрамына кіреді.Калий-протоплазма құрамының ылғалдылығын арттырып қоюлану процесін тежейді,калий өсімдіктегі көмірсулар қозғалысына және көмір-су белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді.Микроэлементтер-мөлшері 0,001%дан 0,00001%арасында кездесетін микроэлементтерге-Mn,B,Cu,Zn,Ba,Ti,Li,Br,Mo,Co жатады.Бор-жетіспеген жағдайда көмірсулардың синтезі тасымалдануы өсімдіктердің репродуктивті мүшелерінің дамуы ұрықтануы жеміс түзу қабілеті бұзылады.Марганец-валенттілігінің өте кең ауқымда өзгергіштігінің нәтижесінде марганец биологиялық тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысады.марганец жетіспесе-жапырақ жүйкелерінің арасы қоңырланып сосын қурап қалады.Мырыш-мырыш тапшылығынан өсімдіктердің өсуі баяулайды,буын аралықтарының өсуі тоқтайды.

3.Өсімдік иммунитетінің мәні және түрлері.

Иммунитте өсімдіктердің ауруғу қарсы төзімділік туғызатын биологиялық қасиеті.төзімділік –кеибір өсімдіктердің аурулармен ауырмауы,немесе қатты ауырмауы.өсімдіктер туралы иммунитеті туоалы ғыымның негізін салған Н.И.Вавилов.ол өсімдіктер иммунитетінің сорттық иммунитте және түрлік иммуниттетің екі формасы бар екенін анықтады.құрылымдық,және химиялық,өсімдік иммунитеті олардың морфологиялық физиологиялық,биохимиялық ерекшкліктермен баиланысты,олардың біреулері шешуші екіншілері ұосымша рөл атқарады.иммунитеттің бір теориясы жоқ ол ауру қоздырғыштыардың көптігіне және әртүлілігіне немесе қорғаныс реакцияларының ерекшеліктеріне баиланысты.жүре келе паида болған иммунитет өсу және даму кезендерінде паида болады,туа біткен иммунитет тұқым туады,және екіге бөлінеді,иммунитет теориялары:фитоцинді иммунитет теориясын 1928жылы Б.П.Токин ұсынған.М.С.Луниннің 1946жылғы иммуногез теориясы.


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 2114 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)