АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 14

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Лимфатикалық тамыр.

Бояуы: Гематоксилин-эозин.

 

 

Қақпақшалары бар бұлшықет типті лимфа тамырының көлденең кесіндісі.

1- тамырдың қуысы; 2-қақпақшасы; 3- тамырдың қабырғасы: а-ішкі қабаты; б-ортаңғы қабаты; в-сыртқы қабаты (Г.Буланова бойынша).

 

Препарат орташа калибрлі лимфатикалық тамырдың көлденең кесіндісі.

Құрылысы жағынан лимфа тамыры венаға ұқсас.

Дәл сондай калибрлі венадан лимфа тамыры келесі белгілерімен ерекшеленеді:1) қабырғасы жұқа 2) қуысы кең 3) қуысы бұрыс пішінді 4) клапандары көп 5) қуысында лимфа сұйықтығы мен лимфациттер бар.

Лимфа тамырларының қабырғасы да 3 қабаттан құралған: 1) tunica intima 2) tunica media 3) tunica adventitia.

Т.intima 1) ядролары тамыр қуысына енуші эндотелий жасушаларынан 2) жіңішке коллаген талшықтарынан құралған эндотелий асты қабатынан тұрады, бұл қабатта элластикалық мембранасы кездеспейді.

Т.media борпылдақ талшықты дәнекер тіннен құралған оның арасында айналма бағытталған тегіс бұлшықет талшықтары бар.

Бұлшықетің таяқша пішінді ядросына қарап оңай ажыратуға болады.

Т.adventitia әлсіз дамыған, венадан жұқалау. Қабат негізінен түзу және аз мөлшерде қиғаш бағытталған коллаген талшықтардан құралған.

Жүрек (Соr). Жүрек – іші қуыс бұлшықетті ағза. Ол қан тамырлары жүйесіндегі қанды қозғалысқа келтіреді.

Жүрек қабырғасында 3 (үш) қабық болады: эндокрад, миокард және эпикард. Эндокард (ішкі қабық) – жүрек камераларының ішкі жағынан қаптайды, сонымен қатар капиллярлардың бұлшықеттерін, сіңір жіпшелерін және жүрек қақпақтарын (клапан) қаптайды.

Жүректің жоғарғы қуыс жағында эндокард эндотелиймен қапталған (эндотелиоциттер базалды мембранада орналасқан), одан соң эндотелий асты қабаты жатады, жасушалары аз мамандалған. Одан тереңіректе бұлшықетті эластикалық қабат орналасқан (оларда эластикалық талшықтар тегіс бұлшықет жасушаларымен оралған). Ең терең қабатында сыртқы дәнекер тіндері миокардпен шекараласып орналасады (дәнекер тіндер құрамында: эластикалық, коллагенді және ретикулярлық талшықтар болады).

Эндокард – жүрек бөлмесіндегі (камера) қанның диффузиялануы арқылы қоректенеді. Қан тамырлары эндокардтың сыртқы дәнекер тіндері қабатында болады.

Жүректің қақпақтары (клапандары)- жүректің жүрек алды бөлімі мен қарыншасы, сондай-ақ қарынша мен ірі тамырлар аралығында орналасады: а) жүрек алды - қарыншалары (атриовентрикулярлық) қақпақ (клапан) тар жүректің сол жағында екі топшалы көріністе, ал, оң жағында 3 топшалы бөлімді болады. Олар эндотелиймен қапталған, тығыз талшықты дәнекер тіндердің пластинкаларынан құралған (жасушалары көп емес).

Қақпақты жабушыэндотелиоциттер бір - біріне бас сүйегіндегідей қаптайды, немесе бір жасуша мен екінші жасуша цитоплазмасының батыңқылығын құрайды.

Эндотелий асты қабатындағы жұқа коллагенді талшықтар қақпақ топшасының фиброзды пластинкасына өзгереді, екі және үш топшалықта қақпақ байланыстарында (жанасу) - фиброзды сақинаға өзгереді.

Қақпақ топшаларының жүрек алды және қарыншалы бөлімі құрылыстары ұқсас емес. Жүрек алды бөлімі жағының беті тегіс, олардың эндотелий асты қабатында эластикалық талшықтар мен тегіс миоциттер шоғырларының оралымы болады. Қақпақ негізінде бұлшық ет шоғыры көп кездеседі. Қарыншалы жағының беті тегіс емес, оларда өсінділер болады, сол жерден сіңір жіптері басталады. Бұл аймақта эндотелий астында эластикалық талшықтар аз кездеседі.

Аорта доғасының өрлеуші бөлімі мен жүректің сол қарынша шекарасында аорталды қақпақшалар (клапандар) болады. Қақпақ топшасының ұзына бойы кесіндісін қарасақ, 3 (үш) қабат көрінеді: ішкі, орта және сыртқы. Ішкі қабат – жүректің қарынша жағында, эндокардтың жалғасы. Бұл қабаттың эндотелийі субмикроскоптың филамент шоғырларына ие (қалыңдығы 5-8нм) және пиноцитозды көпіршіктері көп. Эндотелий асты қабатында ұзын, жұқаөсінділі фибрилдері бола, олар эндотелий жасушаларын ұстап тұрады. Бұл қабатқа жақын тығыз коллагенді фибрилдер шоғырлары көлденеңінен және ұзына бойы, бір- біріне шырматылып орналасқан. Одан соң аралас эластикалық – коллагенді қабат жатады. Орта қабық жұқа болады, сирек талшықты дәнекер тіндерден құралған, жасушалық элементтерге бай. Сыртқы қабық аортаға қараған, құрамында эндотелий коллагенді талшықтары (аортаның айналасындағы фиброзды сақинадан басталады) бар.

Миокард (жүректің бұлшықет қабаты)- көлденең жолақты бұлшықет жасушаларының өзара тығыз байланысуынан құралған. Бұлшықет элементтері аралығында сирек дәнекер тіндер, жүйке қабаттары орналасқан.

Миокард жасушаларының екі типі бар: қысқарушы бұлшықет жасушалары және өткізуші жүрек миоциттері.

1. Қысқарушы бұлшықет жасушалары – ұзына бойына кесіндісінде – тік бұрышты пішіндес, ұзындығы 50-120 мкм, кеңдігі 15-20 мкм, орталығында 1-2 ядросы, сопақ немесе созылыңқы пішінді, миофибрильдері ұзына бойына орналасқан. Жүрек алды миоциттерінде митохондриялар, миофибрилдер, сакроплазматикалық торлары (СПТ) аз кездеседі. Қарыншалы кардиомиоциттер цилиндр пішіндес, жүрек алды бөлімі миоциттері өсінділі пішінге ие. Жүрек алды миоциттерінде сукцинатдегидрогеназа белсенділігі төмен, гликоген синтезі ферменттерінің (гликогенсинтетаза, фосфорилаза) белсенділігі жоғары.

Ақуыз синтезі СПТ – да өтеді, одан соң Гольджи кешенінде қалыптасады. Жүрек алды бөлімінің арнаулы түйіршіктерінде гликопротеиндер көп, олар қанға түсіп липопротеиндермен байланысады, антитромбикалық қызмет атқарады. Сонымен қатар, оларда натрий уретикалық факторлар бар, артериалды қан қысымына қатысады (тензосенсорлық қызмет).

Көптеген сүтқоректілердің жүрек алды кардиомиоциттерінде каналшалар, Т-жүйесі әлсіз дамыған. Сарколема астында көптеген пиноцитозды көпіршіктер орналасады, олар Т- жүйе қызметін орындаушы құрылымдар болып саналады.

Жүрек миоциттердің бір - бірінен шекараласушы жерінде қондырғылы дискілер бар, осы аймақта миоциттерді байланыстырушы көмескі дақтар – десмосомалар бар. Кардиомиоциттер қондырғылы дискілер арқылы бұлшықет ұштарымен жалғасады, миоциттен миоциттерге қозу – нексус (жіңішке саңылау) арқылы өтеді. Бұлшықет талшықтары аралығында анастомоздар бар. Кардиомиоциттер орталығында ядросы бар, миофибриллдері көп, цитоплазмада митохондрий, Гольджи кешені бар. Миофибрилдер аралығында да митохондриялар бар, СПТ цистерна (құбыр) құрайды, олар мембрананың Т-түтікшесінде орналасады. Митохондриялардың көптігі жүректің үнемі жұмыс істеп тұруы үшін керекті энергияны жеткізеді.

Миоциттердің бұлшықет талшықтары жүректің тірек сүлдесімен жалғасады, тірек сүлдесі фиброзды сақиналардан құралған (жүрек алды бөлімі мен қарыншалардың және ірі тамырлар ұшындағы тығыз дәнекер тіңдердің аралығында жатқан). Тірек сүлдесі құрамында тығыз коллагенді талшықтар шоғырынан басқа, көптеген эластикалық талшықтар, кейде шеміршіктер де болады. Интерстициалдық дәнекер тіндерде көптеген қан тамырлары мен лимфа капиллярлары болады. Әрбір миоцит 2- 3 капиллярымен байланысады.

2. Жүректің өткізуші миоциттеріжүректің өткізгіш жүйесін құрайды, оған синусты- жүрек алды түйіні, жүрек алды – қарыншалы түйін, оның шоғыры (оң және сол аяғы өзегі – ірі Пуркинье талшығы) жатады және олардың бұтақтары қысқарушы бұлшықет жасушаларына импульстарды таратады. Бұл жүйедегі бұлшықеттердің 3 (үш) типімен танысамыз: а) өткізгіш жүйе түйіндері; б) атриовентрикулярлық түйіндер; в) өткізгіш жүйенің шоғыр тіндері және оның аяқтары (Пуркинье талшығы).

1-ші тип, өткізгіш жүйе түйіндері – синус түйінінде ырғақты басқарушы импульстар пайда болады, олар 1- ші – тип жасушалар (Пейсмекер- р жас.) деп аталады, өз - өздігінен дм 8-10 мкм дейін қысқара алады, миофибрилдері аз, а- дискілері көмескі білінеді. Митохондриялар ірі емес, домалақ – сопақ пішіндес, мөлшері аз. Цитолемманың бойында көптеген пиноцитозды көпіршіктер мен қуыстар орналасқан. Олар жасуша мембранасының жүзін 2 есе ұлғайтады. Саркоплазматикалық тор әлсіз дамыған болса да, цитоплазмасында еркін (бос) Са 2+ ионының көп болуы, синусты түйін жасушаларының бұлшық еттің қысқаруы үшін импульсті жинақтауына жағдай жасайды, Т- жүйесі жоқ. Р- жасушалары аралығында бірен – саран десмосома мен нексустары бар. Түйін аймақтарында өтпелі жасушалары бар (атровентрикулярлық түйіндер жасушасындай).

2-ші тип атриовентрикулярлық түйіндерде Р- жасушалары аз болады, оның көп бөлігін 2-ші типтегі өтпелі тіндер егелейді. Олар жұқа, созылыңқы көріністегі жасушалар, миофибрилдері жақсы дамыған, кейбірінде қысқа Т- түтікшелері болады. Өтпелі жасушалар өзара жай жанасулармен немесе күрделі байланысты қондырғылы дискілер арқылы жанасады. Өтпелі жасушалардың функционалдық маңызы – қозу импульсін Р – жасушалар арқылы жұмысшы миокардттарға және Пуркинье талшықтарына жеткізеді.

3- ші тип өткізгіш жүйенің шоғыр жасушалары және оның аяқтары (Пуркинье талшығы) - олардың функционалдық қызметі өтпелі жасушалардан қозуды карыншалардың жұмысшы миокард жасушаларына жеткізу болып саналады.

Бұл жүйенің жасушалары өзек және өзек аяқшаларында бұтақталып, шоғырланады, олар сирек дәнекер тіндер қатпарларымен қоршалған. Шоғыр аяқшалары эндокард астында және қарыншалар миокарды тереңінде бұтақталады, сорғышты бұлшықет қақпақтарының топсасын кереді (қарыншалардағы миокардтың қысқаруына дейін).

Шоғырлы жасушалары ірі, d=15 мкм, Т- жүйесі жоқ, жұқа миофибрилдері бар, ядросы орталықта емес. Бұл жасушалар жиынтығы жүрек алды – қарыншалы өзектеріне және шоғыр аяқшаларын (Пуркинье талшығы) құрайды.

Өткізгіш жүйе – гликогендерге бай, оларды амилаза бөлшектейді. Рибонуклеопротеиндер мен липид мөлшері аз. Анаэробты гликолизде қатысушы ферменттер мөлшері көп (фосфорилаза, сүт қышқылы дегидрогеназасы). ҮКЦ (ЦТК)- нің аэробты ферменттерінің белсенділігі қышқыл дегидрогеназасы, алма, кетоглутар және изолимон қышқылы) және электрон тасушы митохондрийді тізбектері ферменттері (цитохромосидазалар, т. б.) белсенділігі төмен. Қысқарушы кардиомиоциттерге қарағанда өткізгіш талшықтарда: К+ деңгейі төмен, Са2+ мен Nа+ мөлшері жоғары болады.

Миокардта афферентті және эфферентті жүйке талшықтары көп, бірақ, жүйке – бұлшықет синапстары болмайды. Өткізуші жүйелерді қоршаған жүйке талшықтары, сондай-ақ, жүрекке жанасушы жүйкелердің тітіркенуі жүрек қысқаруы ырғақ өзгеруіне соқтырады. Бұл құбылыс жүрек ырғағы қызметінде, өткізгіш жүйелер арқылы импульстардың таралуында жүйке жүйесінің шешуші маңызға ие екенін көрсетеді.

Эпикард және перикард. Эпикард- жүректің сыртқы қабығы, перикардтың висцеральды жапырағы болып есептеледі. Эпикард- миокардпен тығыз жанасып енетін дәнекер тін пластинкаларынан құралған. Оның бос жағы мезотелиймен қапталған.

Эпикардпен перикард аралығында қуысты кеністік болады, олар сұйықтықпен толған (қажалудан сақталу қызметін атқарады).

Перикардта- дәнекер тіндер күшті дамыған, оларда эластикалық талшықтар көп (әсіресе терең қабатында). Оның перикардиялды қуысты жағы мезотелиймен қапталған. Қан тамырлары жолында май жасушаларының жинақталуы кездеседі. Эпикардпен перикардтың париетальды жапырағында көптеген жүйке ұштары орналасады (көбінесе бос күйінде).


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1603 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)