АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Препарат № 15

Прочитайте:
  1. A) введение антигистаминных препаратов
  2. E Немедленно ввести в/м антигистаминный препарат и в/в лазикс.
  3. F) Ноотропные препараты
  4. II. 4. ХАРАКТЕРИСТИКА АНТИРЕТРОВИРУСНЫХ ПРЕПАРАТОВ И ПРИНЦИПЫ КОМБИНАЦИИ ГРУПП ПРЕПАРАТОВ ДЛЯ ВААРТ
  5. II. Препараты гормонов щитовидной железы
  6. III). Сосудорасширяющие препараты прямого миотропного действия (миотропные средства).
  7. IV. Отравления психотропными препаратами
  8. IX. Препараты мужских половых гормонов (андрогены)
  9. V. Отравления отдельными психотропными препаратами
  10. V. Препараты гормона поджелудочной железы инсулина

Жүрек

Эндокардтың эндотелиальды жасушасы

Электрондық микрофотограмма

 

 

1-эндотелиальды жасушаның ядросы; 2- эндотелиалды жасушаның цитоплазмасы;

3- эндокардтың эндотелий асты қабаты; 4-миокардтың бұлшықет жасушаларының миофибриллалары. (Киш бойынша).

 

Жүрек негізінен бұлшықетті ағза болып саналады. Сондықтан бұлшықет қабаты - миокард, препараттың едәуір бөлігін алып жатады. Миокардтың ішкі жағында эндокард, ал сыртында эпикард болады.

Алдымен эндокард пен эпикардті табу керек. Олар дәнекер тіннен құралған. Бұл қабаттарды келесі белгілеріне қарап ажыратуға болады: эпикард - кеңдеу болады, эпикардта әрқашан май тіндері, қан тамырлары (артериялар, веналар) болады;

Эндокард - жұқа қабат, қан тамырлары болмайды, көбінесе оның астында жүректің өткізуші жүйесінің атипиялық жасушалары орналасады.

Эндокардты зерттегенде 1) бір қатарда орналасқан эндотелий ядроларын; 2) жұқа талшықты дәнекер тінді қабатын көре аламыз.

Гематоксилин-эозинмен бояғанда эндокардтың 5 қабатын ажыратуға болмайды. Эндокардтан кейін миокард келеді. Миокардта, эндокардтың астында көлденең немесе қиғаш кесілген Пуркинье талшықтары болады. Пуркинье талшықтары мен атипиялық бұлшықет жасушалары тығыз орналасқан домалақ немесе сопақша пішінді дәнекер тіндер түрінде кездеседі.

Олар топ-топ болып орналасады. Сыртынан дәнекер тінді қабықпен қапталған. Пуркинье талшықтары - қызғылт түсті ірі құрылымдар.

Талшықтардың шеті ашық қызыл түсті, себебі шетінде миофибрильдер орналасқан. Ортаңғы бөлімі ашық қызғылт түсті. Кейбір талшықтарда күңгірт ядрошығы бар ашық түсті ядролар көрінеді. Кейде екі ядро қатар орналасады. Көбінесе кесіндіде ядро мүлдем көрінбейді.

Препаратта жүрек бұлшықеті түзу немесе көлденең кесінді түрінде көрінеді. Кейде қиғаш болады.

Көлденең кесіндіде бұл бұлшықеттің қаңқа бұлшықетінен ерекше екені көрінеді. Бұл жерде ядро ортада орналасқан. Бұлшықет талшықтары өзара қиылысып жатады, олардың арасында кішігірім қуыстар- «Генле қуыстары» бар. Талшықтарда көлденең жайғасқан қызыл түсті жолақтар көрінеді. Бұл қондырғы дискілер немесе миокардтың байланыстырушы жолақтары. Көрші талшықтарда қондырғы пластинкалар саты тәрізді орналасады.

Бұлшықеті көлденең кесілген аймақтарда бұлшықетті тұтамдар дәнекер тінмен қоршалған. Бұлшықеттердің көлденең кесіндісі домалақ пішінді денелер ретінде көрінеді. Олардың ортасында көк түсті нүкте ретінде ядролар көрінеді.

Ядролар барлық кесілген талшықтарда көріне бермейді. Бұдан басқа Конгейм майдандарын көруге болады. Олар көлденең кесілген қызғылт нүкте сияқты миофибрильдер.

Миокардтың сыртында эпикард болады. Бұл қалың қабат, артериялары мен веналары бар. Ең сыртқы қабаты мезотелий мен қапталған жұқа талшықты дәнекер тіннен құралған.

Жүрек қан-тамыр жүйесі бойынша сұрақтар:

1. Қан тамырлардың эмбриональдық дамуы?

2. Микроциркуляция ағыны туралы түсінікке не кіреді?

3. Артериола венулалық анастамоз типтерін атаңыз?

4. Гемокапилляр типтерін атаңыз және олар қай ағзаларда кездеседі?

5. Бұлшықетті, аралас және эластикалық тип артерияларында эластикалық каркас қалай құралған?

6. Бұлшықет типті артерияның құрылыс ерекшеліктері қандай?

7. Адвентиция қабатында нелер орналасқан?

8. Эластикалық тип артерияларында эластикалық каркас қалай құралған?

9. Эластикалық типті артерияның негізгі сипаттамалары қандай?

10. Эластикалық типті артерияның қабаттары қалай қоректенеді?

11. Веналардың морфофункционалдық ерекшеліктері, олардың артериялардан айырмашылығы.

12. Вена қабырғалары және лимфа тамырларының құрылысына гемодинамикалық және лимфодинамикалық әсерлердің ролі.

13. Лимфа тамырларының қан тамырларынан айырмашылығы неде?

14. Жүрек қабаттары және тіндік құрамы.

15. Миокардтың қысқарушы және өткізуші бұлшықет тіндерінің қызметтік маңызы және құрылыс ерекшеліктері.

16. Жүректің құрылымдық және жасқа байланысты ерекшеліктері.

17. Микроқанайналым жүйесінің құрамына нелер жатпайды?

18. Капилляр қабырғасындағы базальды мембрана қуысында нелер орналасады?

19. Аорта қабырғасында қай жерде кездеспейді?

20. Қан капиллярының қабырғасында нелер болмайды?

21. Бұлшық етті артерия қабырғасында қандай мембрана жоқ?

Жүрек қан-тамыр жүйесі бойынша есептер:

1. Екі қантамыр препараты берілген. Біріншісінде жақсы дамыған ішкі және сыртқы эластикалық мембрана, барлық қабаттарында эластикалық талшықтар көрінеді, ал екіншісінің ортаңғы қабатында жуан эластикалық мембраналар және барлық қабаттарында эластикалық талшықтар көрінеді. Бұл тамырлар қайсы типке жатады?

2. Екі қан тамыр препараты берілген. Біріншісінде жақсы дамыған ішкі және сыртқы эластикалық мембрана, барлық қабаттарында эластикалық талшықтар көрінеді, ал екіншісінің ортаңғы қабатында жуан эластикалық мембраналар және барлық қабаттарында эластикалық талшықтар көрінеді. Бұл тамырлар қайсы типке жатады?

 

Жүрек қан-тамыр жүйесі бойынша тестілер:

1. Микроқанайналым жүйесінің құрамына жатпайды.

А. артерия

B. венула

C. артериола

D. гемокапилляр

E. анастомоздар

2. Капилляр қабырғасындағы базальды мембрана қуысында орналасады.

А. перицит

B. миоцит

C. фибробласт

D. адвентициялық жасуша

E. липоцит

3. Аорта қабырғасында кездеспейді.

А. ретикулярлық тін

B. эндотелий

C. саңылаулы эластинді мембраналар

D. тегіс миоциттер

E. ішкі эластинді мембрана

4. Қан капиллярының қабырғасында болмайды.

А. тегіс миоциттер

B. эндотелий

C. перицит

D. базальды мембрана

E. адвентициялық жасуша

5. Бұлшық етті артерия қабырғасында болмайды.

А. саңылаулы эластинді мембраналар

B. эндотелий

C. тегіс миоциттер

D. ішкі эластинді мембрана

E. борпылдақ дәнекер тін

6. Аорта және өкпе артериясы тамырларға жатады.

А. эластинді

B. бұлшықет эластинді

C. бұлшықетті

D. талшықты

E. бұлшықеті нашар дамыған

7. Қан капиллярының базальды мембранасының қызметі.

А. өткізгіштік.

B. тромбы жасатпау.

C. тіректік.

D. қорғаныстық.

Е. трофикалық.

8. Ең алғашқы қан тамырлары пайда болады.

А. аллантоиста

B.амнионда

C. хорионда

D. сары уыз қапшығында

E. целомда

9. Қан тамырлары дамиды.

А. мезенхимадан

B. эктодермадан

C. артқы мезодермадан

D. алдыңғы мезодермадан

E. энтодермадан

10. Гликозамингликандар орналасады.

A. эластикалық талшықтарда

B. эндотелий маңайында

C. эластикалық мембраналарда

D. эндотелий асты қабаты

11. Миоциттер орналасқан

A. эндотелий асты қабатында

B. эластикалық талшықтар аралығында

C. эндотелидің үстіңгі қабатында

D. ядро қабығының сыртында

E. ядро қабығының ішінде

12. Эндотелий асты қабығының құрылысы болады.

A. өте жұқа

B. өте қалың

C. майлы

D. коллагенді

E. эластикалық

13. Миоциттердің циркулярлы шоғырлары қан тамырларында

A. артерия

B. капиляр

C. венула

D. артериолла-венула анастомоздарында

E. ірі вена

14. Артериолла қан тамырлар қабаты дамыған.

A. үш қабаттан әлсіз

B. екі қабаттан күшті

C. екі қабаттан әлсіз

D. төрт қабаттан әлсіз

E. бес қабаттан әлсіз

15. Тегіс миоциттер болып орналасқан.

A. 1-2 қатар

B. 2-3 қатар

C. 1 қатар

D. 3 қатар

E. 1-4 қатар

16. Лимфакапилярлардың құрылысы тұрады.

A. 1 қатар эндотелий жасушалардан

B. 1 қатар миоциттерден

C. эндотелий – миоциттерден

D. эндотелий эластикалық жасушалардан

E. тегіс эластикалық қабаттан

17. Лимфакапиляр қабатында.

A. базалдық мембранасы мен периоциттері жоқ

B. базалдық мембранасы мен периоциттері бар

C. эластикалық және периоциттері бар

D. миоцит және эластикалық талшықтары бар

E. тек миоциттері бар

18. Жүрек қақпашасының жүрек ішілік бөлігінде.

A. эластикалық талшықтары басым

B. эластикалық талшықтары әлсіз

C. эластикалық және коллогенді талшықтары әлсіз

D. коллагенді талшықтары басым

E. коллагенді талшықтары әлсіз

19. Жүрек қақпашасының қарыншалық бөлігінде.

A. коллагенді талшықтары басым

B. коллагенді талшықтары әлсіз

C. эластикалық талшықтары басым

D. эластикалық талшықтары әлсіз

E. коллагенді – эластикалық талшықтары көп

20. Эпикард қабаттары қабаттан тұрады.

A.3

B. 2

C. 4

D. 1-2

E. 1-4

21. Кардиомиоциттердің жирылғыш элементтері.

A. миофибриолалар

B. тонофибрилялар

C. микрофиламенттер

D. микротүтікшелер

E. эластикалық талшықтар

22. Пуркинье «талшықтары» жасушалары орналасқан.

A. жүректің өткізгіш жүйесінде

B. миоциттерде

C. эпикардта

D. миокардта

E. перикардта

23. Қан тамырлар фенестрлері кездеседі.

A. капиллярда

B. венулада

C. артериолла – венула анастомоздарда

D. эластикалық артерияда

E. бұлшықет әлсіз дамыған венада

24. Перфорияцияланған қан тамырлар кездеседі.

A. капиллярда

B. венулада

C. артериолла – венула анастомоздарда

D. эластикалық артерияда

E. бұлшықет әлсіз дамыған венада

25. Пиноцитоздық көпіршіктер кездеседі.

A. эндотелоциттерде

B. эпителиоиттерде

C. миоциттерде

D. кардиомиоциттерде

E. филаменттерде

26. Атиптік артериола, венула, анастомоздар жартылай шұрыптар кездеседі.

A. артериола, венулада

B. артерия қан тамыр арасында

C. венула қан тамыр арасында

D. капиляр қан тамыр арасында

E. эластикалық қан тамыр арасында

27. Тұйықтаушы артериолалық артериола венула анастомоздары қабатында болады.

A. эндотелий астындағы

B. анастомоздың ортаңғы

C. анастомоздың сыртқы

D. анастомоздың ішкі

E. анастомоздың ішкі - сыртқы

28.Эпителиоидты (қарапайым) артериола, венула анастомоздары қабатында кездеседі.

A. анастомоздың ортаңғы

B. анастомоздың сыртқы

C. анастомоздың ішкі

D. анастомоздың ішкі - сыртқы

E. эндотелий астындағы

29. Капиллярлар саңылауларында орналасқан.

A. эритроцит, тромбоцит

B. моноцит

C. лимфацит

D. эозинофиль

E. базофиль

30.Қарапайым капиллярлар болады.

A. эндотелий мен базальдық мембранасы үздіксіз

B. фенестрленген түрдегі капиллярлар

C. перфорацияланған капиллярлар

D. фенестрлі-перфорацияланған капиллярлар

E. артериола-венулалы анастомоздар

Қан түзу және иммунды қорғаныс органдары

Олардың негізгі қызметі біріншіден, қанның пішінді элементтерін өндіреді; екіншіден, ағзаларды сыртқы және ішкі антигендерден қорғайды, яғни иммунитетті қамтамасыз етеді. Көрсетілген қызметтеріне сәйкес қан жаратылу және иммунді — қорғаныс ағзалары деп аталады. Бұл жүйедегі ағзалар орталық және шеткі болып бөлінеді.

1. Орталық ағзалар - сүйектің қызыл кемігі мен айырша безінен (тимустен) құралады, одан басқа фабрация қалтасы (ішектің қабырғасындағы лимфа түйіндері, т.б.) жатады. Сүйектің қызыл кемігінде өзекті жасушалардан қанның пішінді элементтері (Т—лимфоциттерден басқа) дамиды. Демек, сүйектің қызыл кемігінде В—лимфоциттер құралады және дифференцияланады. Тимуста Т—лимфоциттер жетіледі.

2. Шеткі қан жасалу ағзаларына лимфа түйіндері, көкбауыр, гемолимфа-тикалық түйіндері жатады, (асқорыту жүйесіндегі жеке орналасқан лимфоидты фолликулалар, олардың топтары. Пейер денешіктері, он екі бармақ өсіндісі—аппендикс, тыныс алу және зәр шығару жолдарындағы лимфоидты фолликулалар да жатады). Оларға келген Т—және В—лимфоциттер көбейіп, антигендермен байланысып мамандалады, яғни олар гуморальдық және иммундік кезеңдерде эффекторлық жасушаларға өзгереді.

Қан жасаушы ағзалардың қызметі бір-бірімен байланысты, оларда қанның пішінді элементтері және иммунді қорғаныс ағзаларының ағзадағы гомеостазы сақталады. Қан жасаушы ағзалардың байланыстылық қызметі гуморальді, нейральді және микроқоршаулы әсерлер арқылы орындалады.

Құрылысы жағынан тимус стромасы эпителиальды тіннен құралады, басқа ағзалар стромасын дәнекер тіннің арнаулы түрі ретикулярлық тін құрайды. Стромалар—микроортаны қамтамасыз етуші жасушалардан (типті ретикулярлық, интердигитациялық және дендритті жасушалар, макрофагтар, ал тимуста ретикулоэпителиальды жасушалар болады).

Сүйек кемігі қан жасайтын орталық ағза, оларда өздігінен сақталатын өзекті (бағаналы) жасушаларынан қанның миелоидты және лимфоидты жасушалары қатары өнеді. Ересек адамда сүйектің қызыл және сары түсті кемігі болады.

Сүйектің қызыл түсті кемігі сүйектің қан жасалатын бөлігі, ол жалпақ сүйектер кемігі мен жіліктердің эпифизіндегі кеміктерде орналасады, дененің жалпы салмағының 4-5% құрайды. Сүйектің қызыл түсті кемігі—қоймалжың, күңгірт-қызыл түсті зат, одан жұқа жағынды дайындауға болады.

Сүйек тінінің ретикулярлы тінінде өте көп микроқоршаулы қан тамырлары өтеді, олардың арасында гемопоэтикалық жасушалар: өзекті (бағаналы), жартылай өзекті бласттар (алғашқы жасушалары), проэритробласттар, промиэлоциттер, пролимфоциттер, промоноциттер, мегакариоциттер және қанның жетілген жасушалары орналасады.

Жіліктің сүйек кемігі қуысының қабырғасындағы эндоста өзекті (бағаналы) жасушалар жиыны көп.

Гемопоэтикалық жасушалар аралшық түрінде топ-тобымен орналасады. Мысалы, дамыған эритробласттар макрофагтарды қоршайды, оларда жиналған

темір қосындылары эритробласттарға өтіп гемоглобиннің гемді бөлігін құрайды. Жетілген эритроциттерді гликопротеидтер қоршаған, олардың мөлшері келе-келе азаяды, дамыған эритроциттер артериолалар мен қан капиллярларына, синусты венулаларға өтеді. Синусоидты тамырлардың қабырғасы қасында эндотелиоциттердің саңылау түтіктері арқылы қан жасушалары мен плазмасы өтеді. Эндотелиоциттердің ішінде орналасқан макрофагтар кездеседі.

Гранулоцитопоэтикалық жасушалар аралшықтар құрайды, жетілмеген гранулоциттер қатарлары (топтары) протеогликандармен қоршалған. Синусоидттарға жақын мегакариобласттар мен мегакариоциттер жатады, олардың цитоплазмасындағы өсінділер тамырдың қабырғасына, эндотелийдің тесігіне енеді, олардан үзіліп шыққан тромбоциттер қанға өтеді.

Қан жасушаларының аралшықтарының арасында миелоидты жасушалар қатары кездеседі—қан тамырларын лимфоциттер мен лимфоциттер тобы қоршайды.

Физиологиялық қалыпты жағдайда синусоидты тамырлар арқылы жетілген қан жасушалары өтеді. Қанға миелоциттер мен эритробласттар патологиялық жағдайда өтеді, оның себебі, әлі анықталмаған. Қанға өткен қан жасушалары микроқоршаулы жүйелерде (эритроциттер, тромбоциттер) өз қызметін атқара бастайды, ал лейкоциттер қоршаған дәнекер тінінде лимфоциттер шеткі лимфоидты ағзаларды білдіреді. Дәл айтсақ, В—лимфоциттер көкбауыр мен лимфа түйінің тимус пен байланыс аймағына жылжып, мұнда иммунді заттар тасымалдайтын жасушаларға айналады немесе плазмоциттерге өтіп антиденелер құрайды.

Сүйектің сары түсті кемігі ересек адамның жілік диафизінің қуысында жатады. Оның құрамында өте көп май жасушалары (адипоциттер) болады. Адипоциттерде пигмент—липохром жиналғандықтан сүйек диафизінің кемігі сары түсті, сондықтан сары түсті кемік деп аталады. Жай кезде сүйектің сары түсті кемігінің қызметі сезілме

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 1680 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.049 сек.)