АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТl

Прочитайте:
  1. АЙЮРВЕДИЧЕСКАЯ МЕДИЦИНА
  2. АЛЬТЕРНАТИВНАЯ МЕДИЦИНА
  3. Анонс по конференции «Био: Молодежь. Медицина. Май»
  4. БЕЗОПАСНОСТЬ ЖИЗНЕДЕЯТЕЛЬНОСТИ И МЕДИЦИНА КАТАСТРОФ
  5. Внутренняя медицина
  6. Внутренняя медицина
  7. ВОЕННО-ПОЛЕВАЯ ТЕРАПИЯ И РАДИАЦИОННАЯ МЕДИЦИНА
  8. Доказательная медицина. Систематические обзоры. Метаанализ
  9. Древняя медицина
  10. Жалпы медицина

АРНАЙЫ КЛИНИКАЛЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

«БЕКІТЕМІН»

Медицина факультетінің деканы

м.ғ.д., профессор__________Ы.С. Молдалиевв

«______»___________________2014 ж.

 

Неврология пәнінен 051301 – жалпы медицина мамандығы бойынша мемлекеттік

емтиханға арналған тест тiзiмi

Түркістан – 2014 ж.

 

 

Кафедра мәжілісінде талқыланған.

Хаттама № "____"_______2014ж.

Кафедра меңгерушісі: м.ғ.д., профессор м.а. Ғ.М.Елікбаев

 

 

 

  1. Жедел некроздық энцефалиттің этиологиясы?

А. жай герпес

В. Коксаки вирусы

С. қызылша

D.паротит

E.аденовирус

 

2. Паротитті менингиттің емінде не қолданылады?

A.дезоксирибонуклеаза

B.кортикостероидтар

C.трипсин

D.аскорбин қышқылы

E.глицин

 

3.Уотерхаус-Фридериксен синдормы қай аурудың асқынуы болып табылады?

A.менингококкты менингит

B.стафилококкты менингит

C.пневмококкты менингит

D.Коксаки вирусты менингит

E.лимфоцитарды хориоменингит

 

4.Эконом энцефалитінде сирек кездесетін симптом?

A.аяқ басының патологиялық рефлекстері

B.ұйқы бұзылыстары

C.вегетативті бұзылыстар

D.көз қозғаушы нервтердің бұзылыстары

E.Паркинсонизм белгілері

 

5.Жедел кене энцефалитінің белгісі:

A.иық бұлшықеттерінің шеткілік салдануы

B.ликворде іріңдік цитоз

C.бас ішілік қысымның төмендеуі

D.менингеальді синдромдардың болмауы

E.күз және қыс мезгілдерінде ауру жиі кездеседі

 

6.Вирустік менингоэнцефалит кезінде не болмайды?

A.спинальді атрофиялық салдар

B.дене қызуының жоғарылауы

C.ликворде плеоцитоз

D.радикулоневрит

E.менингеальды симптомдар

 

7.Вирустік энцефалит кезінде ликвор қалай өзгереді?

A.лимфоцитарлы плеоцитоз

B.белок мөлшерінің төмендеуі

C.хлоридтер мөлшерінің жоғарылауы

D.нейтрофильді плеоцитоз

E.белоктың мөлшерінің жоғарылауы

 

8.Герпестік энцефалиттердегі ошақтық некроздар ЭЭГ-да қалай көрінеді?

A.жоғары амплитудалы толқындар

B.толқындардың вольтажының диффузды төмендеуі

C.сигма толқындарының пайда болуы

D.альфа толқындарының пайда болуы

E.гамма толқындарының пайда болуы

 

9.Герпестік энцефалиттің этиотропты емі?

A.ацикловир

B.оксолин

C.офлоксин

D.цефтриаксон

E.пенициллин

 

10.Менингит ауруларының диагнозында маңызды роль атқаратын белгілері?

А.ликворлердің өзгерістері

В.гипотермия

С.менингизм симптомдары

Д. аурудың баяулау басталуы

Е.брадикардия

 

11.Серозды менингиттің этиологиясы?

А.туберкулез микобактериясы

В.пневмокок

С.гемофильді таяқша

Д.стрептококк

Е.менингококк

 

12.Іріңді көк таяқшалық менингиттерде қолданылатын тиімді антибиотик?

А.гентамицин

В.эритромицин

С..клиндамицин

Д.бензилпенициллин

Е.барлығы

 

13.Коксаки және ЕСНО вирусты менингиттерінде кездеседі?

А.полимиалгия

В.дене қызуының жеделдеу басталуы

С.нейтрофильді плеоцитоз

Д.ауыр ағымды және күрделі резидуальді симптомдар

Е.Паркинсон синдромы

 

14.Менингококкты менингит емінде негізгі қолданылатын антибиотик?

А.пенициллин

В.канамицин

С.эритромицин

Д.клиндамицин

Е.тетрациклин

 

15.Іріңді менингиттер дамымайды?

А.лептоспироздар

В.стафилококктар

С.менингококктар

Д.пневмококктар

Е.отогендік инфекцияда

 

16.Жедел шашыраңқы энцефаломиелиттер емінде негізгі қолданылатыны?

А.анаболикалық стероидты препараттар

В.стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

С.синтетикалық глюкокортикоидтар

Д.эстрогенді стероидты препараттар

Е.дегидратациялық ем

 

17.Аргайл-Робертсон синдромы дегеніміз:

А.жарыққа көз қарашық реакциясының болмай, конвергенцияға болуы

В.көз қарашығының сыбайлас әсерлесуі болуы

Д.аккомодациялық әсерлесуінің болмауы

Е.көздердің қылилығы

 

18.Ботулизмдегі негізгі неврологиялық симптомның бірі:

А.аккомодациялық парез

В.псевдобульбарлық синдром

С.ХІІ жұп нервтің зақымдануы

Д.гиперсаливация

Е.гипергидроз

 

19.Нейросифилистің алғашқы кезеңінің морфологиялық субстраты?

А.жұлын және ми қаптарының қабынуы

В.ми қан тамырларының қабынуы

С.ми және жұлын паренхимасының дегенеративті өзгерістері

Д.мидың демиелинизациялық ошақтары

Е.қыртыс асты ядроларының қабынуы

 

20.Горнер синдромының негізгі себептері?

А.жұлынның мойын сегменттерінің зақымдануы

В жұлынның кеуде сегменттерініңзақымдануы

С.мидың шуйде бөлімінің зақымдануы

Д.қыртыс асты ядроларының зақымдануы

Е.ішкі ұйқы артериясының инсульттері

 

21.Диабеттік полиневропатияда кездеседі

А.вегетативті трофикалық бұзылыстар

В.сенситивті атаксия

С.қозғалыс бұзылыстары

Д.бұлшықет ригидтілігі

Е.клонустар

 

22.Невроздың келесі түрінде жалған салданулар болады.

А.истериялық

В.неврастениялық

С.жабысқақ невроздарда

Д.невротикалық депрессияда

Е.фобиялық

 

23.Маңдай бөлігінің премоторлы аймағының зақымдалуына не тән?

А.моторлы афазия

В.сенсорлы афазия

С.бульбарлық синдром

Д.анозогнозия

Е.гемигипестезия

 

24.Пуссеп ликвородинамикалық сынамасын қалай тексереді?

А.басын алға қарай еңкейтеді

В.мойын веналарын қысады

С. ішті басады

Д.аяқтарын бүгеді

Е. демін ішке тарттырады

 

25.Үштік нервтің невралгиясына тән?

А.бетіне жанасу кезінде ауру сезімі күшейеді

В.бетінің үнемі қақсап ауыруы

С.бетінің салдануы

Д.көздерінің қилилануы

Е.есту қабілетінің кемуі

 

26.Ликвор құрамындағы хлоридтердің қалыпты мөлшері?а

А.120-130 ммоль/л

В.80-110 ммоль/л

С.40-60 ммоль/л

Д.200-260 ммоль/л

Е.150-160 ммоль/л

 

27.Біржақты пульсациялық экзольфтальм ненің белгісі?

А.көз артериясының тромбозы

В.орбитаның ретробульбарлы ісігі

С.каратоидты –кавернозды саңылаудың ісігі

Г.гипофиздің супраселлярлы ісігі

Е.негізгі сүйек қанатының арахноэндотелиомасы

 

28.Амнестикалық афазияны анықтау үшін:

А.заттардың атауын сұрау

В.сөздік қорын тексеру

С.текст оқыту

Д.есте сақтау қабілетін зерттеу

Е.жазу қабілетін тексеру

 

29.Конструктивтік апраксияны тексеру тәсілі?

А.сіріңкелерден фигура құрастыру

В.қолын көтеру

С.оң қолымен сол құлағын ұстау

Д.әртүрлі қимылдар жасау

Е.қаламмен жазуын тексеру

 

30.Бабинский асинергиясын қалай анықтайды?

А.қолдарын кеудесіне айқастырып жатқан қалпынан отыру

В.саусақты мұрнына тигізу

С.алға созылған қолды тез пронация-супинация жасау

Д.тұрған қалпында артқа шалқаю

Е. жүрісін тексеру

 

31.Көз қөзғалтқыш нервтің дақ артқы (Перлиа) ядролары қай реакцияны қамтамасыз етеді?

А.аккомодация

В.жарыққа

С.конвергенцияны

Д.ауырсынуды

Е.сыбайлас

 

32.Қай жер зақымданғанда пиломоторлық рефлекс бұзылады?

А.жұлын

В.сопақша ми

С.гипоталамус

Д.гипофиз

Е.мишық

 

33.Флексорлы патологиялық рефлекс?

А.Россолимо

В.Бабинский

С.Оппенгейм

Д.Гордон

Е.Шеффер

 

 

34.Әкеткіш нервтің зақымдану кезінде...бұлшық еттердің салдануы байқалады

А.сыртқы тік

В.жоғарғы тік

С.төменгі тік

Д.төменгі қиғаш

Е.ішкі тік

 

35.... зақымдану кезінде медриаз дамиды.

А.Көз қозғалтқыш нервтің ұсақ клеткалы қосымша ядролары

В.Көз қозғалтқыш нервтің ірі клеткалы ядроның жоғарғы бөлігі

С.Көз қозғалтқыш нервтің ірі клеткалы ядроның төменгі бөлігі

Д.Ортаңғы дара ядросы

Е.Ұзынабойлы сыртқы буданың ядросы

 

36. Егер ауырту және температура сезімдері өткізгіштік түрде Тһ10 сегмент деңгейінде зақымданса, ол жұлынның қарама-қарсы бүйір бағанасының қай деңгейінде болғандығын көрсетеді?

А.Тһ 8

В.Тһ 9

С.Тһ 5

Д.Тһ 6

Е. Тһ 10

 

37.Пирамидалық салдану кезінде..... болмайды.

А.бұлшықеттер мен нервтердің электрлі қозғыштығының бұзылысы

В.бұлшықеттердің трофикасы өзгермейді

С.сіңір рефлекстері жоғарылауы

Д.кіші жамбас қуыс мүшелерінің функциясы бұзылады

Е. патологиялық рефлекстердің оң мәнділігі

 

38.Хореялық гиперкинез..... зақымдануы кезінде байқалады.

А.неостриатум

В.палеостриатум

С. бозғылт шар

Д.қара субстанция

Е.самай қыртысы

 

39. Жұлынның мойын деңгейінде артқы бағананың будаларында аяққа байланысты жолдары қайда орналасқан?

А.медиальды

В.латеральды

С.вентральды

Д.дорсальды

Е. сагитальды

 

40. Жұлынның мойын деңгейінде артқы бағананың будаларында кеуде мен қолдарға арналған талшықтар орналасқан?

А.латеральды

В.медиальды

С.вентральды

Д.дорсальды

Е. сагитальды

 

41..Қай медиатор тежеуші болып табылады?

А.ГАМК

В.ацетилхолин

С.норадреналин

Д.адреналин

Е.катехоламин

 

42.Стриопаллидарлы жүйенің барлық афферентті жолдары қайда аяқталады?

А.жолақты денеде

В.бозғылт шардың латеральды ядросында

С.бозғылт шардың медиальды ядросында

Д.субталамикалық ядрода

Е. көру төмпешігінде

 

43.Егер... атаксия болса, көзін жұму кезінде Ромберг сынамасының тұрақсыздығы күшейеді.

А.сенситивті

В.мишық

С.вестибулярлы

Д.қыртысты

Е.мишық құрты

 

44.... арқылы кеңістіктегі дене қалпының өзгеру кезінде мишықтың бұлшық ет тонусының реттелуі жүзеге асырылады.

А.Қызыл ядро

В.Льюис денесі

С.Қара зат

Д.Жолақты дене

Е.Мишық құрты

 

45.Биназальды гемианопсия... зақымдануы кезінде байқалады.

А.көру нервісінің қиылысындағы сыртқы бөлімінің

В.көру жүйкесі қиылысының орталық бөлімінің

С.көру жуашығы

Е.ішкі капсула

 

46.Көру аймағының моноокулярлық концентрациялық тарылуы.... зақымдану нәтижесінен болады.

А.көру нервісінің периневральдық деңгейінде

В. көру трактысының

С.сыртқы иінді дененің

Д.хиазманың

Е.көру төмпешігінің

 

47.Көру даңғылының зақымдануы кезінде гемианопсияның қай түрі болады?

А.гомонимды

В.биназальды

С.битемпоральды

Д.төменгі квадрантты

Е. жоғарғы квадрантты

 

48.Гомонимды гемианопсия қай жер зақымданғанда болады?

А. көру даңғылы

В. көру қиылысы

С.көз түбінің нейрондары

Д.көру төмпешігі (пульвинер)

Е.ми аяқшалары

 

49.Битемпоральды гемианопсия қай жер зақымданғанда болады?

А.көру нервісінің қиылысқан ортасы

В.көру нервісінің қиылысқан жерінің сыртқы бөлімі

С. көру нервісінің трактысы

Д.көз түбінің нейрондары

Е.көру нервісі

 

50.Жұлынның көлденеңінен жартылай зақымдануы... болады.

А.қарама – қарсы жағында беткей сезім өткізбелі түрде, ошақ жағында меншікті сезім мен орталық сал

В.тек орталық сал

С.қарама – қарсы жағында сезімнің барлық түрінің бұзылысы

Д.ошақ жағында беткей сезімнің бұзылысы

Е.ошақ жағында сезімдердің барлық түрлерінің зақымдануы

 

 

51.... атаксия мишық құрты зақымдануы кезінде байқалады.

А.статискалық

В.динамикалық

С.вестибулярлы

Д.сенситивті

Е.неврогендік

 

52.Орталық нерв жүйесіндегі миелин..... өндіреді.

А.олигодендроглиоциттер

В.астроциттер

С.микроглиоциттер

Д.эпендимоциттер

Е.глиоциттер

 

53.Құлақ қалқаны мен сыртқы есту тесігіндегі герпестік бөртпелердің және сол деңгейдің ауыртылуы естуінің және вестибулярлы қызметінің бұзылуы... түйінінің зақымдану белгілері.

А.иін тәрізді

В.вестибулярлы

С.сына-таңдай

Д.гассер

Е. жұлдыз тәрізді

 

54.Иық өрімін жұлынның... тармақтары иннервациялайды.

А.С5-С8, Тһ1-Тһ2

В.С5-С8

С.С6-С8

Д.С8-Тһ2

Е. С7-Тһ3

 

55.Лимбико-ретикулярлы комплекс құрамына... жатпайды.

А.қара зат

В.гиппокамп

С.бадамша

Д.мамиллярлы дене

Е.ретикулярлы формация

 

56.Аралық ми құрамына... жатпайды.

А.әкеткіш нервісінің ядросы

В.қызыл ядро

С.шығыр тәрізді нервтің ядросы

Д.көз қозғаушы нервтің ірі ядросы

Е. көз қозғаушы нервтің майда ядросы

 

57.Гемианестезия, гемиатаксия, гемианопсия... зақымдануына тән.

А.таламустың

В.бозғылт шардың

С.құйрықты ядроның

Д.қызыл ядроның

Е. ішкі капсуланың

 

 

58.Жұлынның ат құйрығының зақымдануын... бірге қосарласады.

А.аяқтардағы шеткілік парезі, түбіршік түрдегі сезімдердің бұзылысымен

В.аяқтардағы спастикалық парезі және кіші жамбас қуысы мүшелерінің бұзылысымен

С.аяқтарда дистальды бөлімінің меншікті сезімдердің бұзылысы және несептің кідіруімен

Д.сезімдердің бұзылмауы, аяқтарындағы спастикалық парапарезбен

Е. аяқтарының шеткілік парездері, несеп және нәжістерінің кідіруімен

 

59.Астереогноз... зақымдануына тән.

А.төбе бөлімінің

В.маңдай бөлімінің

С.самай бөлімінің

Д.шүйде бөлімінің

Е. мишықтың

 

60.... зақымдануы кезінде көру аймағының жоғарғы квадранттық гемианопсиясы болады.

А.Мидағы көру жолының сәуле тәрізді таралымының ішкі бөлімінің

В.Көру қиылысының сыртқы бөлімдерінің

С.Төбе бөлімінің терең бөлімдерінің

Д.Таламустағы біріншілік көру орталығының

Е. шүйде бөлімінің

 

61.Суық тітіркенулерді... қабылдайды.

А.Краузе колбалары

В.Руффини

С.Мейснер денешіктері

Д.Фатер – Пачини денешіктері

Е. Гольджи-Мацени денешіктері

 

62.Жұлынның... сегменттер деңгейінде қолдың екі басты бұлшықеттерінің рефлекс доғалары тоғысады.

А.С5-С6

В.СЗ-С4

С.С7-С8

Д.С8-Тһ1

Е.Тһ1-Тһ2

 

63.Көз қозғалтқыш жүйкесінің жұпсыз артқы ядросы.... жауап береді (Перлея ядросы)

А.аккомодацияға

В.қарашық реакциясын қамтамасыз етуге

С.жарыққа

Д.ауырсынулы тітіркенуге

Е.конвергенцияға

 

64.Көру агнозиясы бар науқас....

А.заттарды көреді, бірақ оларды танымайды

В.айналасындағы заттарды нашар көреді, бірақ оларды таниды

С.заттарды жақсы көреді, бірақ олардың пішіндерін бұрмалайды

Д.заттардың шеткі аймағын көрмейді

Е. көргендерінің атауын ғана білмейді

 

 

65.Моторлы афазиясы бар науқас......

А.айтылған сөздерді түсінеді, бірақ сөйлей алмайды

В.айтылған сөзді түсінбейді де, сөйлей де алмайды

С. оқығаның түсінбейді

Д.буындап сөйлейді

Е. айтылған сөзді өзгертіп түсінеді

 

66.Сенсорлы афазиясы бар науқас....

А. айтылған сөзді түсінбейді және өзінің сөзін бақылай алмайды

В. айтылған сөзді түсінбейді, сөйлей алмайды

С. айтылған сөзді түсінеді, бірақ сөйлей алмайды

Д. заттардың атауын айта алмайды

Е. айтылған сөздерді өзгертіп түсінеді

 

67.... зақымдануынан амнестикалық афазия болады.

А.Самай және төбе бөлімдерінің жанасқан жерінің

В.Маңдай бөлімінің

С.Төбе бөлімінің

Д.Маңдай және төбе бөлімдерінің жанасқан жерінің

Е. Шүйде бөлімінің

 

68.Жұтыну және фонацияның бұзылысы, дизартрия, жұмсақ таңдайдың парезі, жұтыну рефлексінің болмауы және тетрапарез... зақымдануына тән.

А.сопақша мидың

В.ми аяқшаларының

С.көпірдің

Д.аралық ми қақпағының

Е. таламустың

 

69.Мийяр – Гублер альтернациялық синдромы кезінде ошақ.... орналасады.

А.Варолий көпірінің төменгі бөлігінде

В.ми аяқшаларында

С.сопақша мидың артқы бүйір бөлімінде

Д.қызыл ядро аймағында

Е. Льюс денесі деңгейінде

 

70.... мойын өрімінің тармағы болып табылады.

А.Кіші шүйде нервтері

В.Қол асты нервісі

С.Шынтақ нервісі

Д.Ортаңғы нервісі

Е.Nervus radialis

 

71.Жұлынның.... талшықтары кіші шүйде нервісін құрайды.

А.С1-С3

В.С3-С4

С.С2-С4

Д.С1-С4

Е.С4-С5

 

72.... түбіршіктері сан нервісін құрайды.

А.L2-L4

В.L3

С.L1-L2

Д.Ll-L4

Е. L4- L5

 

73.Жұлынның... сегменттері мен түбіршіктері құйымшақ (сегізкөз) өрімін құрайды.

А.L5-S1

В. L4-S4

С.S1-S5

Д.L3-S5

Е. L2-S4

 

74....әлсіздігі шынашақ нервісінің зақымдануына тән.

А. IV-V саусақтарды бүгетін бұлшықеттердің

В.дельта тәрізді бұлшықеттің

С.білекті жазатын бұлшықеттің

Д.саусақтарды жазатын бұлшықеттің

Е. қол басын көтеретін бұлшықеттердің

 

75.Оральды автоматизм рефлекстері... жолдардың зақымдануына тән.

А.кортиконуклеарлы

В.кортикоспинальды

С.маңдай-көпір - мишық

Д.руброспинальды

Е. кортико-понтинді

 

76.Есту агнозиясы.... зақымдану кезінде байқалады.

А.самай бөлімі

В.төбе бөлімі

С.маңдай бөлімі

Д.шүйде бөлімі

Е. қыртыс асты ядролар деңгейінде

 

77.Фовиль альтернациялық синдромы... нертердің зақымдануында бірге болады.

А.бет және әкеткіш

В.бет және көз қозғалтқыш

С.тіл жұтқыншақ және кезбе

Д.тіл асты және қосымша

Е.есту және тіл жұтқыншақ

 

78.... тән белгілер сопақша мидың дорсолатеральды бөлімінің (Валленберг–Захарченко альтернациялық синдромы) зақымдану кезінде байқалмайды.

А.қарама – қарсы жағында гемипарез

В.ошақ жағында жұмсақ таңдай, дауыс байламының салдануы

С.ошақ жағында атаксия

Д.ошақ жағында бетінде сезімнің сегментарлы бұзылысы

Е.ошақ жағында беткей сезімнің бұзылысы

 

79.... бөлімінің зақымдануымен байланысты (науқас зақымдану ошағы жағына қарайды) көзқарасының жарты шарының парезі

А.маңдай

В.самай

С.төбе

Д.шүйде

 

80. Дисфония қай нерв зақымдалғанында болады?

А. X

В.XII

С.XI

Д.VII

Е. VI

 

81. Белл симптомы қай нерв зақымдалғанда болады?

А. VII

В. IV

С. V

Д. ІІІ

Е. VI

 

82. Диплопия қай нерв зақымдалғанда болады?

А. VI

В. V

С. VII

Д. IX

Е. VII

 

83. Мишық зақымдалғанда болатын симптом?

А. дисметрия

В. дисфония

С. гипомимия

Д. брадикинезия

Е. афазия

 

84. Паллидо-нигральдық жүйе зақымдалғанда болатын симптомдарды белгіле.

А.гипертония

В. дизартрия

С. буындап сөйлеу

Д. бұлшықет гипотониясы

Е. интенциялық діріл

 

85. Меншікті сезім жолдары қай жерде қарама-қарсы жағына қилысады?

А. Варолий көпірінде

В. сопақша мида

С. алдыңғы сұр дәнекерлікте

Д. таламуста

Е. ми аяқшаларында

 

86. Артқы орталық қатпардың қоздырылуына не тән?

А. ошақтық эпилепсия ұстамасы

В. гемианестезия

С. гемипарез

Д. амнезия

Е. апраксия

 

87. Сол жақ жарты шардың маңдай бөлімі зақымданғанда қай симптом кездеседі?

А. моторлық афазия

В. сенсорлық афазия

С. алексия

Д.амнестикалық афазия

Е.агнозия

 

88. Сөздің мидағы орталығы зақымдалғанда болатын симптом?

А. афазия

В. анартрия

С. афония

Д. дислалия

Е. мутизм

 

89. Оң жақ төбе бөлімі зақымдалғанда болатын қыртыстық өзгерістің атауы?

А. аутотопагнозия

В.афазия

С. апраксия

Д. акалькулия

Е. гемианопсия

 

90. Симпато-адреналдық кризге тән симптомдар?

А. қан қысымның жоғарылауы

В. брадикардия

С. диарея

Д.олигоурия

Е. миоз

 

91. Мишыққа проприорецепторлық жолдардың қайсысынан импульстер барады?

А.Бурдах пен Голль жолдары

В. спиноталамикалық

С. Флексиг пен Говерс жолдары

Д. вестибуло-спинальдық жол

Е кортико-спинальды жол

 

92.Құйрықты ядро зақымданғанда болатын симптом?

А. бұлшық еттердің гипотониясы

В.бұлшық еттердің гипертониясы

С.брадикинезия

Д.гипомимия

Е.дисфагия

 

93.Паллидо-нигральды жүйе зақымданғанда... кездеседі.

А.акинезия

В.бұлшық еттердің гипотониясы

С.атаксия

Д.гиперкинездер

Е.афазия

94. Күрделі сезімге не жатады?

А.дискриминациялық сезім

В.бұлшықет-буын сезімі

С.ауырсыну сезімі

Д.вибрациялық сезім

Е.температура сезімі

 

95. Беткей сезімнің өткізгіштік синдромына қай жер зақымдалғанда болады?

А.жұлын-таламус жолы

В.жұлынның артқы қанаттығы

С.шеткілік нервтің

Д.ішкі капсуланың

Е.Голль будасының

 

96. Псевдобульбарлы синдромға... тән.

А.оральдық автоматизм рефлекстерінің оң мәнді болуы

В. тілдің атрофиясы

С. тілдің фибрилляциясы

Д. эмоциясының тұрақтылығы

Е.афазия

 

97. Бульбарлық салға... тән.

А. жұту рефлексінің жойылуы

В. оральды автоматизм рефлекстері

С.еріксіз күлу немесе жылау

Д. тілдің гипертрофиясы

Е.лагофтальм

 

98. Меншікті сезімнің І-нейроны... орналасқан.

А. жұлын түйінінде

В.таламуста

С.теріде

Д.жұлынның артқы қанаттығында

Е.сопақша мида

 

99. Беткей және меншікті сезімдердің ІІІ - нейроны... орналасқан.

А. таламустың вентро-латеральды ядросында

В.теріде

С.жұлын түйінінде (ганглиесінде)

Д.жұлынның артқы қанаттығында

Е.ми қыртысында

 

100. Меншікті сезімнің ІІ-нейроны... орналасқан.

А. сопақша ми ядроларында

В. жұлынның артқы мүйішінде

С.теріде

Д.жұлын ганглиесінде

Е.таламуста

 

101... полиневриттік синдромға тән.

А. қол-аяқтың дистальді бөлігінің ауырсынуы мен жансыздануы

В.жұлының артқы мүйішінің зақымдануына байланысты сезімнің бұзылуы

С.сезімнің диссоциялық типте бұзылуы

Д.Броун-Секар синдромы

Е.ми қыртысының зақымдануына байланысты сезімнің бұзылуы

 

102. Сырқат адамның оң аяғында меншікті сезімнің өткізгіштік бойынша бұзылуы анықталған, ол -.... зақымдалғандығын білдіреді.

А.Голль будасының

В.Бурдах будасының

С.шеткілік нервтің

Д.жұлынның артқы түбіршігінің

Е.жұлынның артқы мүйізшесінің

 

103. Науқастың оң жағында емшектік тұсынан төмен қарай ауырсыну сезімі жоғалған және ыстық пен суықты сезбейді, ал жанасу сезімі әлсіреген. Бұл сезімнің қай түрдегі бұзылуына тән?

А.өткізгіштік

В.сегментарлық

С.шеткілік

Д.сегментарлы-диссоциациялық

Е.қыртыстық

 

104.... бет нервісінің орталық түрдегі зақымдалуына байланысты.

А. Төменгі мимикалық бұлшық еттерінің қимылының шектелуі

В.Құлақтың сыртқы аймағының ауырсынуы

С.Мимикалық бұлшық еттерінің қимылы бір жағынан түгел шектелуі

Д.Гиперакузия

Е.Тілінің алдынғы 2/3 бөлігінде дәм сезуінің жоғалуы

 

105. Джексон альтернациялық синдромында... зақымдануы кездеседі.

А.тіласты нервісінің

В.шығыршық тәрізді нервісінің

С.көз-қоғалтқыш нервісінің

Д.әкетуші нервісінің

Е.бет нервісінің

 

106. Егер науқаста ішкі капсула синдромы болса, ол... бассейінінің зақымдануының белгісі.

А.ортаңғы ми артериясы

В.артқы ми артериясы

С.алдыңғы ми артериясы

Д.негізгі артерия

Е.мидың алдыңғы жалғастырушы артериясы

 

107. Гемиплегия, гемианестезия және гемианопсия қай жер зақымдалғандығын білдіреді?

А. ішкі капсула

В.таламус

С.орталық алдыңғы иірім

Д.мидың маңдай бөлігі

Е.мидың шүйде бөлігі

108.... шеткілік нерв жүйесінің зақымдануымен байланысты.

А.Гипорефлексия мен гипотония

В.Гиперрефлексия мен спастикалық гипертонус

С.Клонустар

Д.Керниг симптомы

Е.Патологиялық рефлекстер

 

109. Бұлшық еттердің шеткілік түрде салдануы... зақымдануына тән.

А. жұлынның алдынғы мүйізінің

В.орталық алдыңғы қыртысының

С.орталық артқы қыртысының

Д.ретикулярлық формацияның

Е.Брок аймағының

 

110. Ми қыртысының алдынғы орталық қатпары зақымданса... пайда болады.

А.бұлшыкет гипертониясы мен гиперрефлексия

В.бұлшықет гипотониясы мен гипорефлексия

С.гиперкинез

Д.акинетті-ригидтік синдром

Е. менингеальды синдром

 

111. Клонус... тән.

А. орталық салға

В.шеткілік салға

С.менингеальды синдромына

Д.мишықтың зақымдануына

Е.акинетикті-ригидтік синдромына

 

112. Жұлынның мойын буынтығы зақымданғанда... кездеседі.

А.қол бұлшық еттерінің шеткерілік түрде, аяқ бұлшық еттерінің орталық түрде салдануы

В.аяқ-қол бұлшық еттерінің шеткілік салдануы

С.аяқ-қол бұлшық еттерінің орталық салдануы

Д.аяқ бұлшық еттерінің шеткілік салдануы

Е.аяқ-қол бұлшық еттерінің гиперкинездері

 

113.... зақымдануы кезінде апраксия байқалады.

А.доминантты жарты шарының төбе бөлімі

В.доминантты жарты шарының маңдай бөлімі

С.доминантты емес жарты шарының самай бөлімі

Д.доминантты емес жарты шарының төбе бөлімі

Е.шүйде бөлімі

 

114.... зақымдануы кезінде дене кестесінің бұзылысы анықталады.

А.доминантты емес жарты шарының төбе бөлімі

В.доминантты жарты шарының самай бөлімі

С.доминантты емес жарты шарының самай бөлімі

Д.доминантты жарты шарының төбе бөлімі

Е. шүйде бөлімі

 

115.Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі жұлынның... сегмент деңгейінде орналасқан.

А.S2-S4

В.L4-L5-Sl

С.L5-S1-S2

Д.S1-S3

Е.S3-S5

 

116.Цилиоспинальды орталық жұлынның қай сегментінде орналасқан?

А.С8-Т1

В.С6-С7

С.С7-С8

Д.Т1-Т2

Е.Т2-ТЗ

 

117.Ассоциативті талшықтар.... байланыстырады.

А.жарты шардың барлық бөлімін

В.екі жарты шардың симметриялы бөлімін

С.екі жарты шардың симметриялы емес бөлімдерін

Д.көру төмпешігімен

Е.мидың төменде жатқан бөлімдерімен

 

118.... зақымдануы кезінде астереогноз дамиды.

А.жоғарғы төбе бөлігі

В.төбе бөлігінің тілдік иірімі

С.жоғарғы самай иірімі

Д.төменгі маңдай иірімі

Е.маңдай бөлімі

 

119... зақымдалғанда сол қолдың парезі байқалады.

А.оң жақты алдыңғы орталық қатпардың ортаңғы бөлімі

В.сол жақты алдыңғы орталық қатпардың жоғарғы бөлімі

С.сол жақты алдыңғы орталық қатпардың төменгі бөлімі

Д.ішкі капсуланың артқы аяқшасы

Е.ішкі капсула иіні

 

120.Магнитті-резонансты томографияға қарсы көрсеткіш?

А.темір заттардың зерттелетін мүшелерде болуы

В.йодқа аллергия

С.ашық ми жарақаты

Д.айқын бас ішілік гипертензия

Е.ми ісігіндегі қан құйылу

 

121.Отырған күйдегі ликвор қысымы?

А.220-260мм. су.бағ.

В.110-180мм. су.бағ

С.280-310 мм. су.бағ.

Д.160-220 мм. су.бағ.

Е. 300-400 мм. су.бағ.

 

122.Туберкулезді менингиттің ликворінде 12 -24 сағаттан соң... анықталады.

А.фибринді пленка (қабыршақ)

В.опалесценция

С.ксантохромия

Д.лейкоциттер

Е.эритроциттер

 

123. Қай антибиотик ГЭТ-тен өту қаблеті жоғары?

А.цефтриаксон

В.цефалексин

С.офлаксин

Д.клиндамицин

Е.рифампицин

 

124.Нейролептиктердің кері әсері?

А.экстрапирамидтік ригидтілік

В.мишық бұзылыстары

С.вестибулярлы бұзылыстар

Д.координаторлы бұзылыстар

Е.есту және көру галлюцинациялары

 

125.Холинергиялық кризде қолданылатын препарат?

А.атропин

В.ганглиоблокаторлар

С.миорелаксанттар

Д.адреналин

Е.прозерин

 

126. Үштік нервтің невралгиясының патогендік емі?

А.құрысуға қарсы дәрілік заттар

В.термореттеуші дәрілер

С.спазмолитиктер

Д.антибиотиктер

Е.дегидротациялаушылар

 

127.... басқа препараттардың барлығы антиагрегантты қасиетке ие.

А.Клонидиннен

В.Ацетилсалицил қышқылынан

С.Дипиридамолдан

Д.Дигидроэрготоксиннен

Е.Пармидиннен

 

128.Субарахноидальды қан құйылуда не қолдануға болмайды?

А.антифибринолитиктер

В.гемостатиктер

С.дегидратациялық препараттар

Д.спазмолитиктер

Е.антигипертензивті дәрілік заттар

 

129.Антиэпилептикалық препараттардың қайсысы когнитивтік функцияны төмендетеді?

А. фенобарбитал

В. карбамазепин

С.бензонал

Д.гексамидин

Е. ламиктал

 

130.Тіл жұтқыншақ нервісінің зақымдануына тән симптом?

А.жұмсақ таңдайдың парезі

В.тілдің алдыңғы 2/3 бөлігіндегі дәмнің бұзылысы

С.дизартрия

Д.Белл симптомы

Е.тілдің атрофиясы

 

131.Кезбе нервісінің зақымдануына... тән емес.

А.дәм сезуінің бұзылысы

В.дисфония

С.дисфагия

Д.жүрек ырғағының бұзылысы

Е.назолалия

 

132.Тіл асты нервісінің зақымдануына... тән емес.

А.дисфония

В.фибрилляция

С.дизартрия

Д.тіл қозғалысы шектелуі

Е. тілдің атрофиясы

 

133.Бел өрімі құрамына.... кірмейді.

А.шоңданай нерві

В.сан нерві

С.N. ilionguinalis

Д.санның сыртқы терілік нерві

Е.сан – жыныс нерві

 

134.С7 түбіршігінің компрессиясына... тән емес.

А.үшінші алақан саусақ аймағында парестезия және ауырсыну, иықтың үшбасты бұлшық ет рефлексінің болмауы

В.бірінші алақан саусақ аймағында парестезия және ауырсыну, иықтың екібасты бұлшық ет рефлексінің болмауы

С.бесінші алақан саусақ аймағында ауырсыну, карпорадиальды рефлекстің болмауы

Д.С7 дермотограмманың анестезиясы

Е.бесінші саусақтың атрофиясы

 

135..... вертеброгенді түбіршіктік синдромда қолданылмайды.

А. нейролептиктер

В.массаж

С.лаймен емдеу

Д.парафин аппликациясы

Е. инерефлексотерапия

 

136.Кене энцефалитіне.... тән емес.

А.күз-қыс мерзімі

В.менинго-энцефалиттік синдром

С.бас ішілік қысымның жоғарлауы

Д.иық бұлшық еттерінің салдануы және әлсіз парезі

Е.көктем-жаз мерзімі

 

137.Артқы ми артериясының бір жағы зақымдануына... тән.

А.гомонимді гемианопсия

В.битемпоральды гемианопсия

С.көру аймағының концентрациялы тарылуы

Д.биназальды гемианопсия

Е.диплопия

 

138.... іркіліс кезінде Захарченко – Валленберг (латеральды медуллярлы синдром) синдромы байқалады.

А.мишықтың төменгі артқы артериясының

В.көпірдің қысқа айналымды артериясының

С.көпірдің ұзын айналымды артериясының

Д.көпірдің парамедиальды артериясының

Е.мишықтың төменгі алдыңғы артериясының

 

139.... ми қан айналымының бастапқы жетіспеушілік белгілері?

А.соңғы 3 айдағы аптасына 1 рет болатын церебральды шағымдар

В.1 жылға созылған айына 1 рет болатын церебральды шағымдар

С.тұрақсыз шашыраңқы церебральды микросимптоматика

Д.тұрақты шашыраңқы церебральды микросимптоматика

Е.тұрақты ошақты церебральды симптоматика

 

140. Ми қан айналымының уақытша бұзылысы деген диагноз қай мерзімде қойылады?

А.1 тәулікке дейін сауықтанса

В.1 аптадан кейін сауықтанса

С.2 аптадан кейін сауықтанса

Д.3 аптадан кейін сауықтанса

Е. 1 айдан кейін сауықтанса

 

141.Ишемиялық инсульттің дамуына.... әкелмейді.

А.аневризмалардың жарылуы

В.тамырлар спазмы

С.қан тамырларының гипотониясы

Д.артерио-артериальды микроэмболия

Е. ұйқы артериясының стенозы

 

142.Горметонияның белгілері?

А. бұлшықет тонустары қатайып, аяқ-қолдарының экстензорлық сіресуі

В.тыныс алу жиілігінің өзгеруі мен генерализацияланған гипотония

С. аяқтарының экстензорлық сіресуі мен қолдарының флексорлық тонусының жоғарлауы

Д. аяқтарының флексорлық сіресуі мен қолдарының экстензорлық тонусының жоғарлауы

Е. аяқ-қолдарының флексорлық тонусының жоғарлауы

 

143.Субарахноидальды қан құйылуға тән емес белгілері?

А. тетраплегия

В.естің жоғалуы

С.көз қарашығының өзгеруі

Д.нистагм

Е.менингеальды синдром

 

144. Субарахноидальды қан құйылуда ең қажетті зерттеу тәсілі?

А.люмбальдық пункция

В.компьютерлы томография

С.ангиография

Д.реоэнцефалография

Е.ультрадыбысты допплерография

 

145.Вегетативті симпатоадреналдық криздердің негізгі белгілеріне жатпайды?

А.гипотония мен брадикардия

В.артериялдық гипертензия

С.үрейлік қорқыныш

Д. қандағы қанттың қөбеюі

Е.денесінің бір есе қызып, бір есе қалтырап тоңуы

 

146.Диабеттік полинейропатияның негізі симптомдарына жатпайды?

А.проксимальдық гипотрофиялар

В.сезімдердің қолғап, носки тәрізді гипо-, анестезиялары

С.бұлшықеттерінің гипотрофиясы

Д.дистальдық гиперестезия мен ауырту сезімдері

Е.тырнақтарының трофикалық өзгерістері

 

147. Кіші жамбас қуысы мүшелерінің функциясы қай ауруда бұзылады?

А.конус деңгейіндегі миелитте

В.полиневритте

С.оливопонтоцеребеллярлы атрофия кезінде

Д.Паркинсон ауруы кезінде

Е.авитаминоз кезінде

 

148.Бас сақинасының ұстамалылығы қай түрінде ұзақ болады?

А.сақиналық статусте

В.классикалық (офтальмиялық)

С.ассоциирленген

Д.ретинальды

Е. қарапайым

 

149.Классикалық (офтальмиялық) бас сақинасының аурасына... тән.

А. «лездік» соқырлық

В.қылилық

С.экзофтальм

Д.птоз

Е.нистагм

 

150. Вегетативтік нервтің бұзылуындағы несеп бөлінуінің кідіру себебі?

А.детрузорлардың әлсіздігі мен сфинктерлердің босай алмауы

В.уретраның стенозы

С.уретраның бүйрек тастарымен бітелуі

Д.уретриттер

Е.парауретральдық бездердің гипертрофиясы

 

151.... тұқым қуалайтын дерттерге жатады.

А. Миопатиялар

В.Жұқпалы аурулар

С.Аллергиялық аурулар

Д. Онкологиялық аурулар

Е.Фуникулярлық миелоз

 

152. Пароксизмальды миоплегияға... тән.

А.кенеттен пайда болып, қайталана беретін бұлшықеттердің әлсізденуі

В.рефлекстердің төмендеуі немесе жоғалуы

С.сезімдердің бұзылуы

Д.қанда калий мен натрийдің көбеюі

Е.бұлшықет гипертониясы

 

153. Вильсон-Коновалов ауруында... зақымданады.

А.қыртыс асты ядролар

В.мишық

С.ми қыртысы

Д.ми бағанасы

Е.жұлын

 

154. Мидын торлы қабының астына қан құйылса жұлын сұйықтығы... болады.

А.ет жуындысы тәрізді

В.түссіз

С.мөлдір

Д.ірің аралас

Е.серозды

 

155.... шеткілік нерв жүйесінің зақымдануымен байланысты.

А.Гипорефлексия мен гипотония

В.Гиперрефлексия

С.Бабинский симптомы

Д.Керниг симптомы

Е.Гипертония мен гиперрефлексия

 

156. Фибриллярлы және фасцикулярлы бұлқынулар... тән.

А. шеткілік салға

В. орталық салға

С.менингеальды синдромға

Д.мишық атаксиясына

Е.акинетті-ригидтік синдромына

 

157. Лептоменингит -....

А.мидың торлы қабының қабынуы

В.мидың жұмсақ қабының қабынуы

С.мидың қатты қабының қабынуы

Д.ми синустарының қабынуы

Е.пахион түйірлерінің қабынуы

 

158. Ликвордегі глюкозаның төмендеуі... менингитке тән.

А.туберкулезді

В.герпестік

С.паротиттік

Д.Коксаки вирусы тудыратын

Е.менингококты

 

159. Пахименингит кезінде... қабынады.

А.мидың қатты қабы

В.мидың жұмсақ қабы

С.мидың торлы қабы

Д.ми синустері

Е.пахион түйіршектері

 

160. Жұлын бел буылтығының деңгейінде зақымданса... болады.

А.аяқ бұлшық еттерінің шеткілік салдануы

В.аяқ бұлшық еттерінің орталық салдануы

С. Екі жақты Бабинский симптомы

Д.Керниг симптомы

Е.Брудзинский синдромы

 

161. Ликвор негізінен... өндіріледі.

А.бүйір қарыншаларында

В.үшінші қарыншада

С.төртінші қарыншада

Д.жұмсақ ми қабығында

Е.торлы қабықта

 

162. Бір жақты аносмия... зақымданғанда пайда болады.

А.иіс сезу невісінің бульбус және трактус деңгейі

В.біріншілік иіс сезу орталығы

С.мидың самай бөлімінің ішкі жағы

Д.мидың төбе бөлімі

Е.мидың шүйде бөлімі

 

163. Вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлімін қоздыру үшін... қажет.

А.адреналин

В.эрготамин

С.ацетилхолин

Д.атропин

Е.кордиамин

 

164. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімін қоздыру үшін... қажет.

А.атропин

В.ацетилхолин

С.эрготамин

Д.адреналин

Е.кордиамин

 

165. Горнер синдромына... тән.

энофтальм

экзофтальм

диплопия

қыликөз

конвергенцияның әлсіреуі

 

166. Сенсорлы афазия... зақымдануымен байланысты.

А. Верник аймағының

В.Тіласты жүйкесінің

С. Брок аймағының

Д.мидың төбе бөлімінің

Е.мидың шүйде бөлімінің

 

167.... кене энцефалитынің себебі.

А.Сүзілмелі вирус

В.Ішек таяқшасы

С.Риккетсия

Д.Спирохета

Е.Стафилококк

 

168.... вертебробазиллярлық артерия бассейінде ишемиялық инсульт болғанда... кездеседі.

А.Альтернациялық синдром

В.Оң жақты спастикалық гемипарез, гемигипестезия, гемианопсия

С.Моторлы афазия, оң жақты спастикалық гемиплегия

Д.Деменция, спастикалық гемипарез

Е.Апраксия, спастикалық гемиплегия

 

169. Самай бөлімінің қоздырылуы қандай синдром береді?

А.симптоматикалық эпилепсия, иіс галлюцинациямен басталады

В. симптоматикалық эпилепсия, қолының гиперестезиямен

С. симптоматикалық эпилепсия, қолының құрысуымен

Д. симптоматикалық эпилепсия, көру галлюцинациямен

Е. симптоматикалық эпилепсия, ерні мен тілінің ұюымен

 

170. Балалардың церебральды салының (ДЦП) негізгі жетекші... синдромы болып табылады.

А.аяқтарының тонустары өте жөғары, қолтығынан көтергенде аяқтары қиылысады,

мезгілінен өте кеш тұрып, спастикалық түрде қиын жүреді

В.қолдарының шеткілік түрдегі салы

С.аяқтарының тонустары өте төмен, гипорефлексия

Д.брадикинезия, гипомимия

Е. гиперкинездер мен гипотония

 


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 886 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.244 сек.)