АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Студент істей білуі керек. · Онкологиялық аурулардың лейкограмма және иммунограмма көрсеткіштерін интерпретациялау Ғылыми ж&#

Прочитайте:
  1. II Задания для обучения студентов по теме в соответствии с указанным уровнем усвоения
  2. II. Контроль исходного уровня знаний студентов
  3. II. Самостоятельная работа студентов
  4. II. Самостоятельная работа студентов
  5. III.2. Конкретные цели самоподготовки студента к практическому занятию по теме.
  6. III.2. Конкретные цели самоподготовки студента к практическому занятию.
  7. IV. Методические указания студентам по подготовке к занятию
  8. IV. Методические указания студентам по подготовке к занятию
  9. IV. Методические указания студентам по подготовке к занятию
  10. IV. Методические указания студентам по подготовке к занятию
  • Ісік аурулары кезіндегі иммун жүйесінің қызметін; ісіктің өсу патогенезінің негізінде жатқан иммунологиялық механизмді анықтаудағы алған білімдерін қолдана білу.

· Онкологиялық аурулардың лейкограмма және иммунограмма көрсеткіштерін интерпретациялау

  • Ғылыми және медициналық оқулықтармен және интернет-ресурстармен өздігінен

жұмыс істей алу қажет

 

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қатерлі ісіктердің этиологиясына қазіргі көзқарас, онкогендер.

2.Канцерогендердің онкогендер активациясында және ісіктердің супрессия

гендерін тежеудегі маңызы.

3.Ісік клеткаларының антигендік құрамы: антигендік қарапайымданумен

күрделену.

4.Ісік тасымалдаушылардың қан арысуындағы тежегіш факторлар (IgG,

айналымдағы ісік антигені, айналымдағы иммунды комплекстер).

5. Ісікке қарсы иммунитеттің клеткалық механизмдері, Т-лимфоциттердің,

макрофагтардың, табиғи киллерлердің және К-клеткалардың маңызы

6. Ісікке қарсы иммунитеттердегі цитокиндердің маңызы (ИЛ-1, ИЛ-2, ИЛ-12, IFN-

α, IFN-γ, TNF-α, β).

7. Ісіктердің қазіргі кездегі иммунды диагностикасымен иммунотерапиясы.

5. Оқыту және сабақ беру әдістері: кіші топтарда жұмыс жасау: Студенттер 5-6 адамнан құралатын топ құрып,ісік жасушаларының антигендік құрамы және ісікке қарсы иммунитеттің клеткалық механизмдері бойынша кестені құрады.Содан кейін ыыччстуденттердің осы құрамы бойынша осы сұрақтарды жәнеде ісіктің қазіргі иммунотерапиясын талдайды

Ситуациялық есептерді шешеді

видеофильм көрсетіледі «Лимфоциты и онкоклетки», «Раковая опухоль».

6.Әдебиеттер

Негізгі:

1. Шортанбаев А.А., Кожанова С.В. «Общая иммунология», Алматы, 2008

2. Хаитов Р.М. «Иммунология», Москва, 2006

Қосымша:

1 Новиков Д.К. «Общая иммунология», Минск, 2005

2. Руководство по клинической иммунологии. Учайкин В.Ф Шамшев О.В. М., 2006

3. Дж. Плейфер, Б.М. Чейн «Наглядная иммунология», 2008

4. Никулин Б.А. Оценка и коррекция иммунного статуса: уч пособие для мед. вузов. М.: ГЭОТАР- Медиа, 2008

7. Бақылау:

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау сұрақтары:

1. Жасушаның қатерлі трансформациясының негізінде қандай теория жатыр?

2. Малигнизация процесіне қатысатын гендерді атаңыз?

3. Негізгі рак-эмбриональды антигендеоді сипаттаңыздар.

4. Қатерлі трансформация кезінде ісік жасушаларында қандай процесс жүреді?

5. Ісікке қарсы иммунды жауаптың индукциясында қандай антигендер маңызды роль

атқарады?

6.Қайсы иммуноглобулиннің синтезінен кейін ісік антигендеріне қарсы гуморальды

иммунды жауап басталады?

7. Онкологиялық аурулардың қан сарысуындағы блоктаушы факторларды қандай

тәсілмен алып тастайды?

8. Т-жасушалар, макрофагтар, табиғи киллерлер қандай цитокиндерді бөледі?

9. Ісік жасушаларының биологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

10. Рактың алғашқы сатыларын қандай тәсілдермен диагностикалауға болады?

11. Рактың комплексті емінде қолданылатын иммундыстимульдеуші препаратты

атаңыз.

 

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау есептері:

Сабақтың бастапқы деңгейін бағалайтын бақылау есептері:

1 есеп. Науқас М., 63 жаста. Оң жақ қабырға астында ауырсыну, тәбетінің болмауы, терісінің және көз шырыштысының сарғаюы, терісінің қышуына шағымданады. 2 ай көлемінде ауырады. Эпиданамнезі теріс.

Объективті: Арықтаған, терісі, көзге көрінетін шырышты қабаттары сарғайған. Бауыры қабырға астынан + 3 см. ұлғайған, беті бұдыр, консистенциясы тығыз.

 

1) Бұл мәліметтер не береді?

2) Сіздің болжам диагнозыңыз?

3) Қандай қосымша тексерулер қажет?

 

ЖҚА; Л-6200; Э-25%. C-52%, M-8%, Л-15%

ЖЗА; өзгеріссіз

Биохимиялық қан анализінде; тура билирубин есебінен жалпы билирубин саны жоғарлаған.

Иммунограмма; СД 3-38%, СД4Тн2-15%, СД8+12%, СД4Тн1-11%,

СД19 -25%.

ИгМ -2,5 г,л

ИгА -1,0 г,л

ИгG -15,0 г,л

 

1) Иммунды статусқа баға беріңіз.

 

2) Эпиданамнезіне, клиникасына, лабораторлық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып нені болжайсыз?

 

3) Ісік процессін жоққа шығару мүмкін бе?

 

4) Қандай аурумен салыстырмалы диагностика жүргізуге болады?

 

5) S -ИЛ- 2R мөлшерінің жоғарлауы анықталған.

Осы ауруда бұл көрсеткіштің қандай маңызы барын түсіндіріңіз.

 

6) Аьфа-фетопротеин мөлшерінің жоғарлауы анықталған.

Бұл көрсеткіштің қандай диагностикалық маңызы бар?

 

7) Осы қойылған диагнозға иммунотерапия тәсілін ұсыныңыз.

 


 

СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

 

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

 

Мамандығы: Жалпы медицина

Пәні: Жалпы иммунология

Кафедра: Иммунология, клинико-зертханалық және визуальды диагностика кафедрасы


Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 658 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)