АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

МАЙ ТІНІ

Май тіні — көптеген мүшелер мен дене бөліктерінде орналасатын май жасушаларының жиналуы. Қалыпты жағдайда ер адамдарда май тіні шамамен дене массасының 15–20%-ын, әйел адамдарда — 25–30%-ын құрайды. Май тінін ақ және қоңыр деп ажыратуға болады. Соңғысы жасуша құрамында цитохром және басқа тотықтырғыш пигменттердің болуына байланысты қоңыр май деп аталады. Егер ақ май адам ағзасында кеңінен тараса, қоңыр май көбінесе нәрестелерде болады. Адамда май тінінің таралуы тері астылық және висцералды деп жіктеледі. Ақ май тіні тері астында, әсіресе құрсақтың төменгі бөлігінде, бөксе мен санда орналасып, шарбыда, шажырқайда және ретроперитонеалды аймақта тері асты май қабатын түзеді. Май тіні борпылдақ талшықты тін қабаттарымен түрлі көлемдегі бөліктерге бөлінеді, май жасушалары арасында барлық бағытта жіңішке коллаген талшықтары таралады. Қантамырлар мен лимфа капиллярлары борпылдақ талшықты дәнекер тіні мен май жасушалары арасында орналасып, май жасушалары тобын қармайды. Адипоциттер көлемі әр адамдарда әртүрлі, сонымен қатар тері асты май жасушалары саны мен висцералды май жасушаларының саны да бір-бірінен ерекшеленеді. Семіздік кезінде май жасушаларының гиперплазиясы да, гипертрофиясы да дамып, жоғары типті семіру (абдоминальды) көрініс береді.

Май тіні ағзада өте маңызды энергетикалық қор болып табылады, ал май тінінің энергияны май ретінде жинап тұруы энергияның түсуі шектелген кезде маңызды екенін көрсетеді. Май тінінде энергияның жиналуы есебінен қалыпты дене салмағы бар адам 2 ай бойы ашыға алады. Май тінінде май қышқылдарының, көмірсудың алмасуы жүріп, көмірсулардан май түзіледі. Май тіні ыдырағанда көп мөлшерде су бөлінетіндіктен, май тіні су қоры да болып табылады.

Май тіні мен тері фосфор-кальцийдің алмасуында (D дәрумені түзілуінің бастапқы сатылары) және жыныс стероидтардың метаболизмінде (май жасушаларының ароматазасы бүйрек үсті безі андрогендерін эстрогендерге айналдырады) маңызды қызмет атқарады.

Май тіні инсулин әсер ететін негізгі орын болып табылады, сондықтан басқа тіндермен салыстырғанда май тінінің инсулинге сезімталдығы ерекше жоғары. Инсулин май тінінде гормонға сезімтал липазаның белсенділігін тежеп, нәтижесінде бос май қышқылдары мен глицериннің босап шығуы төмендеп, қандағы деңгейі азаяды. Инсулин липогенезді, ацилглицеролдардың биосинтезін, пентозофосфатты жол арқылы глюкоза тотығуын жоғарылатады. Адреналин, норадреналин, глюкагон, АКТГ, меланинынталандырушы гормон, өсу гормоны, вазопрессин секілді гормондар май тінінің бос май қышқылдарының бөлінуін жылдамдатып, қан сарысуында олардың концентрациясын жоғарылатады, триацилглицеролдардың липолиздену жылдамдығын арттырады. Көрсетілген гормондардың көпшілігі гормон сезімтал липазаның белсендірушісі болып табылады. Тиреоидты гормондар мен глюкокортикоидтар липолизге тура әсер көрсетпейді, басқа гормондар әсеріне пермиссивті әсер етеді.

Қоңыр май тіні көптеген зерттеушілер пікіріне қарағанда жаңа туылған нәрестелерде басты термогенез көзі болып табылады. Сау адамдарда қоңыр майдың аз ғана мөлшері тағам қабылдаумен индуцирленген термогенезді іске асырады. Семіздікке шалдыққан адамдарда қоңыр май тіні мүлдем болмауы да мүмкін. Мұндай термогенез қосымша энергия жұмсалуымен сипатталып, тағам қабылдағанда белсеніп, май тінінің шектен тыс жиналуына жол бермейді. Көмірсулардың артық болуы немесе аралас тағам қабылдау бос Т3 деңгейін жоғарылатып, қан сарысуында реверсивті Т3 (рТ3) деңгейін төмендетеді. Қоңыр май жасушалары глюкоза мен май қышқылдарын қиындықсыз тотықтырады. Осы жасушалардың митохондрияларында тотығу мен фосфорлану сабақтасып жүрмейді. Сонымен, тотығу нәтижесінде көп мөлшерде жылу бөлінеді, тек аз мөлшерде ғана АТФ түрінде сақталады.

Ақ май тіні лептин синтезделетін басты орын болып табылады. Лептин- табиғаты пептидті гормон. Лептин әсерінен науқас тәбеті төмендеп, ағзаның энергетикалық шығыны артады. Қанда лептин концентрациясы май тінінің мөлшері мен таралуына тікелей тәуелді. Семіздікке шалдыққан адамдарда ол жоғарылайды. Лептин рецепторлары көптеген мүшелерде анықталған: бас миы, жүрек, өкпе, бүйрек, бауыр, ұйқыбез, көкбауыр, тимус, простата, аналық без, аш және тоқ ішек. Лептиннен басқа тәбетті реттеуге адипоциттер өндіретін басқа гуморальды түрткілер қатысады (адипонектин, грелин, β-эндорфин және т.б.).

 

11.2. СЕМІЗДІК ЖӘНЕ МЕТАБОЛИКАЛЫҚ


Дата добавления: 2015-07-25 | Просмотры: 1327 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 | 37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 | 49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 | 61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 | 73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 | 85 | 86 | 87 | 88 | 89 | 90 | 91 | 92 | 93 | 94 | 95 | 96 | 97 | 98 | 99 | 100 | 101 | 102 | 103 | 104 | 105 | 106 | 107 | 108 | 109 | 110 | 111 | 112 | 113 | 114 | 115 | 116 | 117 | 118 | 119 | 120 | 121 | 122 | 123 | 124 | 125 | 126 | 127 | 128 | 129 | 130 | 131 | 132 | 133 | 134 | 135 | 136 | 137 | 138 | 139 | 140 | 141 | 142 | 143 | 144 | 145 | 146 | 147 | 148 | 149 | 150 | 151 | 152 | 153 | 154 | 155 | 156 | 157 | 158 | 159 | 160 | 161 | 162 | 163 | 164 | 165 | 166 | 167 | 168 | 169 | 170 | 171 | 172 | 173 | 174 | 175 | 176 | 177 | 178 | 179 | 180 | 181 | 182 | 183 | 184 | 185 | 186 | 187 | 188 | 189 | 190 | 191 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)