АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ферроплекс

Халықаралық атауы Темір сульфаты + Аскорбин қышқылы (Ferrous sulfate+Ascorbic acid)

 

Жататын группасы

Гемопоэзді стимулдаушы

 

Белсенді компоненті

Темір сульфаты + Аскорбин қышқылы

 

Дәрілік форма

дражже, қабықпен жабылған ақ түсті таблеткалар, қабықпен жабылған ұзаққа әсер ететін таблеткалар.

 

Құрамында:

Темір сульфаты 0,05 г (50мг) және 0,03 г (30 мг) аскорбин қышқылы.

 

Фармакологиялық белсенділігі

Комбинациялық препарат. Fe сульфаты организмдегі темір жетіспеушілігін орнына толтырады, аскорбин қышқылы темірдің ас – қорту жолдарынан сіңімділігін жақсартады. Эритропоэзді жақсартады.

 

Көрсетілімі

Теміртапшылық анемия (емі және профилактикасы). Әр түрлі жағдайлармен шақырылған анемиялар: жүктілік пен лактация периоюдында темірдің көптеп жұмсалуы, интенсивті өсуде және ұзақ аурулардан кейінгі сауығуларда. оған тағы ұзақ қансырау, ішек жолдарында темірдің сіңірілуінің төмендеуі, дұрыс тамақтанбау.

 

Қарсы көрсетілімі

Гиперсезімділік, организмде темірдің көп болуы (гемосидероз, гемохроматоз), гемолитикалық анемия, апластикалық анемия, темір утилизациясының бұзылуы (апластикалық анемия), ас – қазанды резекциялағаннан кейін, қансырау, балалық шақ (6 жасқа дейін Тардиферон үшін, 12 жасқа дейін Сорбиферон дурулес үшін). Ас – қазан мен ұлтабардың ойық жарасында аса сақтықпен қолданған жөн болады.

 

Жағымсыз әсерлері

Іш өту, құсу, диарея, гастралгия, аппетиттің төмендеуі, терідегі аллергиялық реакция, дозадан тым артық қолданса.

 

Емі

Ас – қазанды 1 % - тік сұйық натрий карбонатымен шаю немесе дефероксамин тағайындау. Сүт пен шикі жұмыртқаны ішу (темірді өзімен байланыстырып, сыртқа шығуын тездетеді).

 

Тағайындау мен дозасы:

Тамақ ішерге дейін 30 мин бұрын 100 мл сұйықтықпен дражже мен таблетканы ішу (шайнамай). Нв көрсеткіші қалпына келген соң, ем терапиясын 1 – 3 ай жүргіземіз (организмдегі деполарда темірдің мөлшері қалпына келгенге дейін).

Ересектерге қалыпты доза 100 – 200 мг/тәу, профилактика мен қалыптастыру дозасы 100 мг/тәу. Балаларға 3 мг/кг/тәу.

Сорбифер дурулес (1 таблеткада 320 мг темір сульфаты мен 60 мг аскорбин қышқылы бар). Ересектерге 2 таблетканы тәулігіне 3 рет тағайындаймыз. 1 – 2 триместрдегі анемиямен ауыратын жүкті әйелдерге 1 таблетка/тәу, ал 3 триместр мен лактация периюдында 1 таблетка/тәу.

Тардиферон (1 таблеткада 80 мг темір тотығы мен 30 мг аскорбин қышқылы бар). Ересектер мен 10 жастан асқан балаларда тамақ алдында 1 сағат бұрын тәулігіне 1 – 2 таблетка тағайындаймыз. 2 – 3 триместрдегі жүкті әйелдерде профилактика үшін күн ара1 таблетканы тағайындаймыз.

Ферроплекс (1 дражжеде 50 мг темір қос тотығы мен 30 мг аскорбин қышқылы бар). Ересектерде 2 дражже тәулігіне3 реттен, ал балаларға 1 – 2 дражже тәулігіне 3 реттен.

 

Ескеретін жәйт

Тек теміртапшылық анемияда ғана өз эффектісін көрсетеді, басқа анемиялы ауруларда нәтижесіз. Құрамында темір бар препараттарды қолданғанда нәжіс қара түске айналуы еш қауіп тудырмайды.

 

Бірігеу:

Тетрациклинді қолданғанда ішекке сіңірілуі төмендейді.

.


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 790 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)