АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ферроградумет

 

Халықаралық атауы

Темір сульфаты (Ferrous sulfate)

 

Жататын группасы

Гемопоэзді стимулятор – темір препараты

 

Белсенді компонент сипаттамасы

Темір сульфаты

 

Дәрілік форма

дражже

Фармакологиялық белсенділігі

Темір препараты, организмдегі темір жетіспеушілігінің орнын толтырады; Нв, миоглобин және көптеген ферменттердің құрамына кіреді. Темірі бар метаболиттердің субстракты синтезін қамтамасыз етеді.

 

Көрсетілімі:

Темір тапшылықты анемия (профилактика мен емі).

 

Қарсы көрсетілімі:

Гиперсезімталдылық, гемохроматоз, гемосидероз, созылмалы гемолиз, талассемия, гемолитикалық аурулар, теміртапшылыққа қатысы жоқ анемияларға абайлап қолданылуы керек. Алкоголизм (активті немесе ремиссиялы стадиясы), аллергиялық аурулар, бронхиальді астма, гепатит, бауыр немесе бүйрек жеткіліксіздігі, ойық жарасы, ішектердің қабынып ауруы (энтериит, дивертикулит, Крон ауруы), ревматоидтты артрит, қан құю.

 

Қарсы көрсетілімі

Бас ауруы, бас айналуы, тері гиперимиясы, аллергиялық реакция (қышыма, бөрітпе), іштегі ауру сезімі, тісте ауру сезімі, құсу, іш өту, диарея, әлсіздік, тітіркену, кеуде тұсында қысып тұрғандай ауру сезімі. Анафилактикалық шок, эпилепсиялық энцелопатия сирек.

 

Дозаны тым артық қолданғанда болатын жағымсыз әсерлер:

Шамадан тыс шаршағыштық, әлсіздік, гипертермия, парастезия, тері жабындылары боз түсті, салқан жабысқан тер, іш маңы ауру сезімі, ішектің шырышты қабатында некроз, қан аралас диарея мен құсық, әлсіз пульс, летаргия, АҚҚ төмендеуі, кома.

Дражжені қолданған соң 30 мин кейін перифериялық циркуляторлы коллапс көріне бастайды, метаболикалық ацидоз, қалтырау, ыстықтың көтерілуі, лейкоцитоз, кома (12 -245 сағ ішінде), жедел бүйректік және байырлық некроз (2 -4 тәуләк аралығында)

 

Дозаны тым артық қолданғандағы қарсы емі:

Шұғыл ас – қазанды шаю керек, шикі жұмыртқа немесе сүтті ішкізу керек. Уланудың ауыр түрінде көк тамырға дефероксаминді тамшылатып енгіземіз. Балаларға 15 мг/сағ, ерескетерге 5 мг/кг/сағ (80 мг/кг/сағ дейін). Уланудың жеңіл түрінде балаларға көк тамырға әр 4 – 6 сағ сайын 1 г тамшылатамыз, ересектерге 50 мг/кг (4 г/тәу дейін), симптоматикалық терапия. Гемодиализ организмнен терірді шығаруға көмек көрсетпейді, бірақ темір-дефероксамин комплексін шығарылуын тездетеді.

 

Тағайындалу мен дозасы

Ішке тамаққа дейін 1 немесе 2 сағ бұрын ішкіземіз. Ересектерге 100 – 200 мг/тәу 1 – 2 ай бойы. Қандағы Нв мөлшері тұрақтанған соң доза мөлшерін 30 60 мг/тәу дейін қысқартамыз (балаларда 3мг/кг/тәу).

Гемофер пролангатум. Ересектерге профилактика үшін 325 мг тәулігіне 1 рет тағайындаймыз. Анемияны емдеу үшін 325 мг тәулігіне 2 рет береміз. Емделу курсы 2 – 6 ай.

 

Ескертпелер:

Нәжістің қара түсті болуы, тістің тұрақты күңгірттенуі. Бүйректік және бауырлық жетіспеушілік темірдің кумуляциясын жоғарлатады. Ішектің ойық пен қабыну ауруы болуы мүнкін, ревматоидтты артрит. Эритрема пайда болмауы үшін қан құйғанда аса сақ болған жөн.

 


Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 732 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)