АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тест тапсырмалары. Гликозидтер жиынтығынан тұратын май ландышының препараты:

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары

Тест №1

Гликозидтер жиынтығынан тұратын май ландышының препараты:

1. Строфантин

2. Коргликон

3. Дигитоксин

4. Дигоксин

5. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

 

Тест №2

Полярлы жүрек гликозиды:

1. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

2. Дигитоксин

3. Дигоксин

4. Строфантин

5. Амринон

6.

Тест №3

Амринон бұл -

1. Препаратом наперстянки шерстистой

2. Препаратом наперстянки пурпуровой

3. Көктемгі жанаргүл шөбінің препараты

4. Гликозидті емес кардиотоникалық зат

5. Гликозидтер жиынтығынан тұратын май ландышының препараты

 

Тест №4

Жүрек гликазиттерінің кардиотоникалық әсері калий хлоридінің әсерінен қандай өзгеріске ұшырайды?

1. Күшейеді

2. Аздап күшейеді

3. Өзгеріссіз

4. Бұрмаланады

5. Дұрыс жауап жоқ

 

Тест №5

Дигитоксиннің негізгі әсері:

1. Теріс хронотропты әсер

2. Оң инотропты әсер

3. Теріс дромотропты әсер

4. Аз мөлшерде автоматизмді жоғарылатады

5. Теріс батмотропты әсер

 

Тест №6

Жүрек гликозидтерінің әсер ету механизмі:

1. Кардиомиоциттердің мембранасын тұрақтандыру

2. Кальций иондарының клеткада көбеюінің нәтижесінде миокардтағы миофибриллдердің қысқаруы.

3. Вегетативті ганглилердің тежелуі

4. Кардиомиоциттердің кальций өзекшелерінің тежелуі

5. Азот моноокцидінің толықтырылуы клеткадағы кальцийдің мөлшерінің азаюына алып келеді.

 

Тест №7

Жүрек гликозидтерімен уланғанда қолданылатын препараттар:

1. Калий хлориді

2. Преднизолон

3. Гидрокортизон

4. Клонидин

5. Натрий нитропруссиді

 

Тест №8

Препаратты анықта: жүрек гликозиді,ішке қабылдағанда 60-80% сіңеді, қан сары суында шамамен 25% белокпен байланысады, 30% зәрмен өзгермеген түрде шығарылады, көк тамырға енгізілгенде әсері 15-30 мин басталып максималды әсері 2-5 сағатқа созылады. Ішке қабылдағанда әсері 2 сағаттан соң басталып максималды 6 сағатқа созылады. Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінде қолданылады.

1. Строфантин

2. Дигоксин

3. Дигитоксин

4. Коргликон

5. Жанаргүл шөбінің тұндырмасы

 

Тест №9

Строфантин тағайындалады:

1. Ішке

2. Көк тамырға

3. Бұлшық етке

4. Тері астына

5. Жағылма түрінде

 

Тест №10

Жүрек гликозидтерінен басқа қай препарат кардиотоникалық әсер көрсететіні жөнінде дәрігерлік кеңес беріңіз.

1. Строфантин

2. Коргликон

3. Дигоксин,

4. Дигитоксин

5. Добутамин

 

Тест №11

Жедел жүрек жетіспеушілігінде дәріханада коргликон болмаған жағдайда басқа қайсы кардиотоникалық затты қолдануға болатынын кеңес беріңіз.

1.Строфантин

2. Амринон

3. Дигитоксин

4. Көктемгі жанаргүл шөбінің тұндырмасы

5. Добутамин

 

Тест №12

Дәрігерлік рецепті толықтырыңыз:

Rp.: Cоrglуconi 0,25

D. t. d. in tab.

S.

 

Тест №13

Жедел және созылмалы жүрек жетіспеушілігінде тиімді препаратты атаңыз:

1. Амиодарон (Кордарон)

2. Дигоксин (Ланикор)

3. Моксонидин (Физиотент)

4. Прокаинамид (Новокаинамид)

5. Милдронат

 

Тест №14

Фосфодиэстеразаның ингибиторы- кардиотоникалық зат.

1. Амринон

2. Добутамин

3. Дигоксин

4. Дигитоксин

5. Коргликон

 

Тест №15

Добутамин бұл:

1. Препаратом наперстянки шерстистой

2. Препаратом наперстянки пурпуровой

3. Көктемгі жанаргүл шөбінің препараты

4. Гликозидті емес кардиотоникалық зат

5. Гликозидтер жиынтығынан тұратын май ландышының препараты

 

Сабақ №1

1.Тақырыбы: «Аритмияға қарсы заттар»

 

2.Мақсаты: Аритмияға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары оқып үйрену,қолдануға негізгі көрсетпелер,жанама әсерлері,әртүрлі дәрілік қалыптарға рецепт жаза білу, оларды талдау, сараптау.

 

3.Оқытудың мақсаты:

1. Жүрек ырғағының бұзылысы жөніндегі түсінікке ие болу.

2. Аритмияға қарсы заттардың жіктелуін үйрену.

3. Аталған топ препараттарының фармакокинетикасы мен фармакодинамикасын оқып үйрену.

4. Жүрек ырғағының бұзылысын емдеудегі негізгі фармакотерапиялық ұстанымдарын үйрену.

5. Аритмияға қарсы заттардың әсер ету механизмі.

6. Жүрек ырғағының бұзылысы кезінде қолданылатын препараттардың салыстырмалы тиімділігі.

7. Жүрек ырғағының бұзылысында қолданылатын заттарды білу.

8. Тахиаритмия және экстрасистолиякезінде қолданылатын заттарды білу.

9. Аритмияға қарсы басқа препараттармен өзара байланысуы және жанама әсерлері.

10. Топтың негізгі препараттарына рецепт жазу, талдау және сараптау, бір реттік мөлшерін есептеу.

11. Қолдануға көрсетпелер.

4.Сабақтың өткізілу түрі: тақырыпбойынша кеңес, жағдайлық есептерді шешу, тест тапсырмаларын орындау, рецепт жазу, мөлшерін есептеу, сараптау, кесте, сурет, сызбаларды анализдеу.

5. Тақырып бойынша тапсырмалар.

1. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

-. Жүрек ырғағының бұзылысы жөніндегі түсінікке ие болу.

- Кардиотоникалық заттардың жіктелуі, анықтамасы.

- Жүрек жетіспеушілігі кезінде қолданылатын препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

- Кардиотоникалық заттардың қолдануға көрсетпелер және жанама әсерлері.

- Кардиотоникалық заттардың әсер ету механизмі.

- Жүрек ырғағының бұзылысының негізгі фармакотерапиялық ұстанымдары.

- Әртүрлі жүрек ырғағының бұзылысы кезінде қолданылатын препараттардың салыстырмалы тиімділігі.

 

2. Жағдайлық есептерді шешу.

3.Кесте, сызба, суреттерді сараптау.

4. Рецепті талдау, бір реттік және тәуліктік мөлшерін есептеу, препаратты ауыстыру

6.Көрнекті құралдары: Кесте, жағдайлық есептер, тест тапсырмалары, сызба, сурет, препараттардың жинағы, бағдарламалық препараттар.

7. Әдебиеттер.

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология.8-ші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2008. 292-313 б.

3. Харкевич Д.А. Фармакология. 8-ші басылым –М.: Медицина ГЭОТАР, 2005. 285-306 б.

4. Аляутдин Р. Н. Фармакология / ред. Р.Н. Аляутдина 2-ші бас.,өңделген. М.: ГЭОТАР- Мед, 2004. 270-281 б.

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцев М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург:

Фолиант – Медицина, 2001. 168-177 б.

6. Руководство к лабораторным занятиям / ред. Д.А.Харкевича. Медицина, 2005. 194-203 б.

 

Қосымша:

1.Машковский М.Д. Лекарственные средства. 15-ші басылым- М.: Медицина, 2007.1200 б.

2. Лекции по фармакологии для врачей и провизоров /Венгеровский А.И. – 3-е издание, переработанное и даполненное: учебное пособие – М.: ИФ «Физико-математическая литература», 2006. – 704 б.

3. Метелица В.Н. Справочник кардиолога по клинической фармакологии. М., 2004.

4. Деримедведь Л.В., Перцев И.М., Шуванова Е.В., Зупанец И.А., Хоменко В.Н. «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Басылым «Мегаполис» Харьков 2002.704 б.

5. Лоуренс Д.Р., Бенитт П.Н. – Клиническая фармакология. - М.: Медицина, 2002.т-1-2. 669 б.

6. Оксфордский справочник по клинической фармакологии и фармакотерапии. – М.:Медицина, 2000. 740 б.

 

Бағдарламалық препараттар: хинидин сульфаты, новокаинамид, лидокаин, амиодарон, этмозин, верапамил.

 

Есте сақтауға арналған препараттар: дигитоксин, дигоксин, строфантин, коргликон

v.

8. Бақылау:

1.Тест тапсырмаларын орындау.

2.Жағдайлық есептерді шешу.

3.Тақырып сұрақтарына жауап.

4.Бақылау сұрақтарына жауап:

5.Аритмияға қарсы препараттарды атаңыз:

А) тахиаритмиияда, экстрасистолияда;

Б) брадиаритмияда:

 

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1160 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)