АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тест тапсырмалары. Саңырауқұлаққа қарсы полиен тобының антибиотигінің әсер ету механизмі:

Прочитайте:
  1. Тест тапсырмалары
  2. Тест тапсырмалары
  3. Тест тапсырмалары
  4. Тест тапсырмалары
  5. Тест тапсырмалары
  6. Тест тапсырмалары
  7. Тест тапсырмалары
  8. Тест тапсырмалары
  9. Тест тапсырмалары

Тест № 1

Саңырауқұлаққа қарсы полиен тобының антибиотигінің әсер ету механизмі:

1. Эргостерол синтезінің ингибирленуі

2. Бета-лактамаза ферментінің қайтымсыз ингибирленуі

3. Цитоплазмалық мембраның қызметінің бұзылуы

4. Фосфодиэстеразының тежелуі, цАМФтің жиналуы

5. Кері транскриптазаның ингибирленуі

Тест № 2

Саңырауқұлаққа қарсы препараттарды бөліңіз: азол туындысына (А), аллиламиндерге (Б), полиен тобының антибиотигіне (В):

1. Тербинафин (Ламизил) (Б)

2. Кетоконазол (Низорал) (А)

3. Амфотерицин В (В)

4. Флуконазол (Дифлюкан) (А)

5. Нистатин (Микостатин) (В)

 

Тест № 3

Цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігін бұзады

1. амфотерицин Б

2. тербинафин

3. нистатин

4. гризеофульвин

5. кетоконазол

Тест № 4

«Фунгицидті әсер» терминіне дұрыс анықтама беріңіз:

1.Саңырауқұлақтардың өсуінің және көбеюінің тежелуі

2.микобактерияның өсуінің және көбеюінің тежелуі

3.Саңырауқұлақтардың жоюылуына алып келеді

4.Микроорганизмдердің өсуінің және көбеюінің тежелуі

5.Вирустардың жоюылуына алып келеді

Тест № 5

Әріптесіңізге кеңес беріңіз, дәрілік заттар жиынтығынан әсер ету спектрі тар саңырауқұлаққа қарсы препаратты таңдауға:

1. Тербинафин (Ламизил)

2. Флуконазол (Орунгал)

3. Кетоконазол (Низорал)

4. Нистатин

Тест № 6

Толықтырыңыз.

Тербинафин – Саңырауқұлаққа қарсы дәрілік зат ________________– туындысы (А), ___________________ қолданылады (Б).

А. 1. имидазол Б. 1. дерматомикозда

2. N-метилнафталин 2. кандидамикозда

3. антибиотиктер 3. Терең жүйелік микоздарда

Тест № 7

Гризеофульвиннің фунгицидті әсер ету механизмдері:

1. клетка қабырғасының синтезінің бұзылуы

2. цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігінің бұзылуы

3. парааминобензойной қышқылымен салыстырмалы антогонист

4. рибосома деңгейінде белок синтезінің бұзылуы

5. нуклеин қышқылының синтезінің бұзылуы

Тест № 8

Сәйкестікті орнатыңыз:

Емдеуге арналған заттар: Препараттары:

А – кандидамикоздарды 1. Гризеофульвин

Б – дерматомикоздарды 2. Нистатин

В – терең жүйелі микоздарда 3. Амфотерицин Б

4. Кетоконазол

5. Тербинафин

Тест № 9

Саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер:

1. стрептомицин, канамицин

2. нистатин, амфотерицин Б, гризеофульвин

3. тербинафин (ламизил), кетоконазол

4. дексаметазон, гидрокортизон

5. тетрациклин, доксициклин

 

Тест №10

Синтетикалық саңырауқұлаққа қарсы заттар:

1. стрептомицин

2. тетрациклин, доксициклин

3. тербинафин (ламизил), кетоконазол

4. гентамицин, амикацин

5. нистатин, амфотерицин Б, гризеофульвин

 

Тест №11

Кандидомикозды емдеуге арналған препараттар:

1. гризеофульвин, йодтың спиртті ерітіндісі

2. стрептомицин, кларитромицин

3. полимиксин, линкомицин

4. хлоргексидин, церигель

5. нистатин, амфотерицин Б

 

Тест №12

Дерматомикозды және кандидомикозды емдеуге арналған препарат:

1. нистатин

2. амфотерицин Б

3. гризеофульвин

4. спиртовый раствор иода

5.тербинафин (ламизил)

Тест № 13

Амфотерицина Б – нің микробқа қарсы әсер механизмі:

1. цитоплазмалық мембрананың өткізгіштігінің бұзылуы

2. саңырауқұлақтың клетка қабырғасының синтезінің бұзылуы

3. нуклеин қышқылының синтезінің бұзылуы

4. парааминобензойной қышқылымен салыстырмалы антогонист

5. рибосома деңгейінде белок синтезінің бұзылуы

 

Тест № 14

Нуклеин қышқылдарының синтезінің тежелуін шақыратын препарат

амфотерицин Б

нистатин

тербинафин

кетоконазол

гризеофульвин

Тест № 15

Толықтырыңыз. Нистатин ____________қолданылады.

1. терең жүйелі микоздарда

2. дерматомикоздарда

3. кандидамикоздарда

4. кандидамикоз және дерматомикоздарда

5. терең жүйелі микоздарда және дерматомикоздарда

 

2 Жағдайлық есептерді шешу

3.Тақырыптардың сұрақтарына жауап беру

4. Бақылау сұрақтарына жауап беру:

1. Полиен тобының саңырауқұлаққа қарсы препараттарын атап шығыңыз

2. дерматомикоздарды емдеуге арналған препараттар

3. жүйелі терең микоздарды емдеуге арналған препараттарды атап шығыңыз?

4. амфотерицин В - нің әсер механизмі

5. флуконазолдың саңырауқұлаққа қарсы әсер механизмі

6. гризеофульвиннің әсер механизмі

№ 4 Сабақ

1.Тақырыбы. «Қарапайымдыларға қарсы заттар»

2.Мақсаты: Қарапайымдыларға қарсы препараттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы түсінікті қалыптастыру.

 

3.Оқыту міндеттері:

1. Қарапайымдыларға қарсы заттардың жіктелуімен танысу.

2. Қарапайымдыларға қарсы заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының негізгі заңдылықтары жайлы түсінікті қалыптастыру.

3. Қарапайымдыларға қарсы заттардың салыстырмалы сипаттамасын білу.

4. Қарапайымдыларға қарсы заттардың қолдануға көрсеткіштері және жанама әсерлері.

5. Қарапайымдыларға қарсы заттардың өзара әсерлесулерін бағалай білу, осы топтың негізгі препараттарына рецепт жаза білу, оларды сараптау, түзеу, мөлшерлеу керек жағдайда препаратты алмастыра білу.

 

4.Өткізу қалпы: тақырып бойынша кеңес беру, жоспарланған тақырыпты өздігінен игеру, жағдайлық есептерді шешу, кітаптармен және кестелермен жұмыс жасау, тест тапсырмаларын орындау, рецепт жазу талдаумен, бір реттік мөлшерімен, кіші топтарда және электрондық тасымалдаушыдағы материалдармен жұмыс жасау.

 

5. Тақырып бойынша тапсырмалар:

1. тақырыптың негізгі сұрақтарын оқып үйрену:

- қарапайымдыларға қарсы заттар, жіктелуі.

- амебиазда қолданылатын заттардың жіктелу.

- тікелей әсер ететін амебицид, препараттың сипаттамасы.

-патологиялық үрдістің әртүрлі орналасуында тиімді әсер ететін амебицидті дәрілік зат.

- тікелей емес әсер ететін амебицид, әсер механизмі, қолдану ерекшеліктері және жанама.

- тіндік амебицид, бауырда және ішек қабырғасында орналасқан амебаға әсер ететін, препараттың сипаттамасы.

- тіндік амебицид, бауырда орналасқан амебаға әсер ететін, әсер еру ерекшеліктері.

- лямблиоздың химиотерапиясында қолданылатын препараттар, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы.

- трихомонадозда қолданылатын заттардың, әсер ету ерекшеліктері, жанама әсерлері. - безгекке қарсы заттар, жіктелуі.

-гематошизотропты безгекке қарсы заттар, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.

-гистошизотропты безгекке қарсы заттар, препараттардың салыстырмалы сипаттамасы, жанама әсерлері.

-гомонтотропты безгекке қарсы заттар, препараттың сипаттамасы.

- безгекке қарсы химиотерапевтикалық заттардың емдеу принциптері.

-лейшманиоздің химиотерапиясында қолданылатын заттар, препататтарының салыстырмалы сипаттамасы.

- токсоплазмозда қолданылатын заттар, препараттың сипаттамасы.

2. Жағдайлық есептерді шешу.

3. Нұсқау бойынша кестелерді, суреттерді, сызбаларды сараптау.

4. Рецепттік жазуларды сараптау, бір реттік және тәуліктік мөлшерді есептеу, керек жағдайда препаратты алмастыра білу.

 

6. Таратылатын материалдар: кестелер, жағдайлық есептер, тесттік тапсырмалар, үлгілер, рецептуралық жазылулар, жинақтық препараттар, бағдарлама бойынша препараттар, рецептке жазылатын препараттар.

 

7.Әдебиеттер:

Негізгі:

1. Харкевич Д.А. Фармакология. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық.. Мемлекеттік тілдегі аудармасы. – Алматы, 2009.- 608 бет.

2. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2008. б. 596-608.

3. Харкевич Д.А. Фармакология. – М.: Гэотар – Мед, 2006. б.534-539.

4. Фармакология /Под ред. Р.Н. Аляутдина 2-е изд., исправл. М.: Гэотар – Мед, 2004. б. 375-382.

5. Маркова И.В., Михайлов И.Б., Неженцева М.В. Фармакология. – Санкт-Петербург: Фолиант – Медицина, 2001. б. 389-391.

6. Руководство к лабораторным занятиям. Под ред. Д.А. Харкевича, Медицина, 2005. б. 395-405.

 

Қосымша:

1. Машковский М.Д. Лекарственные средства. Издание пятнадцатое. М.: Новая волна, 2008. Т.1. б.1206.

2. Л.В.Деримедведь, И.М. Перцев, Е.В. Шуванова, И.А.Зупанец, В.Н. Хоменко «Взаимодействие лекарств и эффективность фармакотерапии» - Издательство «Мегаполис» Харьков 2002. б.782

3. Бронштейн А.М., Токмолдаев А.К. Паразитарные болезни человека: протозоонозы и гельминтозы: Уч. пособие. –М.: Издательство РУДН, 2002. б.207.

4. Овчинников Л.K., Кремнев В.Ф. «Фармакология антипротозойных средств», - М.: 1990. б.163.

5. Утешев Б.С. «Химиотерапевтические средства». Часть 2. М., 1989. б.253.

6. Шувалова Е.И. «Тропические болезни». М.: 1989. б.495.

7. Кафедрада оқылатын дәрістер.

 

Бағдарламалық препараттар: примахин, хлорохин (хингамин), пириметамин (хлоридин), мефлохин, хинин, сульфаниламидтер және сульфондар, метронидазол (трихопол), хиниофон, эметина гидрохлориді, тетрациклиндер, фуразолидон, аминохинол, натрий стибоглюконаты, солюсурьмин, мономицин, акрихин

 

Рецепте жазуға арналған препараттар: хлорохин (хингамин), сульфадимезин, эметин гидрохлориді, фуразолидон, мономицин

 

8. Бақылау:

1. Тестік тапсырмаларды шешу

2. Рецепті талдаумен, бір реттік мөлшерді есептеумен жазу

3. Жағдайлық есептерді шешу

4. Тақырыптардың сұрақтарына жауап беру

5. Бақылау сұрақтарына жауап беру:

- амебиазда қолданылатын заттарды атап шығыңыз;

-гомонтотропты безгекке қарсы заттардың қолдануға көрсеткіштері;

- тікелей емес әсер ететін амебицид (тетрациклиннің), әсер ету механизмі.

- лямблиозда, трихомонадозда, лейшманиозда, токсоплазмозда қолданылатын заттарды атап шығыңыз.

 


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1473 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.011 сек.)