АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

БППСТ ИПВЦ ЦИКЛІ

Прочитайте:
  1. E. Тетрациклін
  2. E. Тетрацикліни
  3. Гетероциклічні аналоги тилорону
  4. Група тетрациклінів
  5. Деякі міркування щодо зв'язку структура–властивості серед поліциклічних сполук
  6. За хімічним складом їх поділяють на вітаміни аліфатичного( С, F), аліциклічного ( A, D) ароматичного ( K,P) та гетероциклічного ( E, B1,B6) рядів.
  7. ІРИДОЦИКЛІТ.
  8. Класифікація і характеристика циклічних вправ
  9. Монокарбонові (карбоциклічні)

От дайындығы – ВУС 021101 жоғары оқу орындарының студенттер санынан запас офицерлерін дайындау бағдарламасына байланысты маңызды пәндердің бірі. Оның мақсаты – жеке құрамды үздіксіз әскери дайындықта қару-жарақпен жабдықталу және әскери тапсырмаларды орындау үшін қазіргі шайқас жағдайында қарсыласты жеңіп шығу үшін алдын ала ескерту және тиімді от жүргізуге үйрету. От дайындығының мақсаты: танк нысанашысын және командирін қиын тактикалық жағдайда өз бетімен от жүргізуге; – жеке құрамды қазіргі жалпы әскери айқас жағдайында бөлімше құрамында от тапсырмаларын орындауға; – ұйым командирлерін қарсыластарды отпен жеңуге және соғыс кезінде штат, қолдайтын бөлімшелерді (от құралдары) отпен басқару. Қазіргі қару және әскери техниканың от мүмкіндіктерін толығымен іске асыру үшін оқытылатын жеке құрам:

Білу керек: қарудың тағайындалуы, әскери және техникалық сапалары, қару жиынтығы, олапрдың құрылым принциптері және жұмысы; оларды соғыста пайдалану әдістері; эксплуатация ережелері; атыс негіздерін және ережелерін пайдалану;

- Қару-жарақ, атысқа оқ-дәрі дайындауды білу, оларды үздіксіз әскери дайындықта ұстап, атыс кезінде болатын кідірісті болдыртпау; мақсат барлауын жүргізу және олардың алыстығын анықтау, дәл көздеп атуды жүргізу, бірінші атудан тию, атысты түзеу; қазіргі соғыстың әр түрлі жағдайында түнде және күндіз метеорологиялық және баллистикалық жағдайларды есепке алып атыстың барлық әдістерін қолдану. Одан басқа студенттер жауды отпен жеңу ұйымдастыруда, штат және соғыста от құралдарын қолдайтын отпен бақылауда білім және дағдыларға ие болу керек. Оқыту тәжірибесінде ақырғы кездері әр түрлі оқыту-жаттығу құралдары кеңінен қолданылады. Штат қару-жарағымен әскери техникадағы оқыту осы техника, қару және оқ-дәрінің жоғары амортизациялық бағасымен шектеулі. Одан басқа әскери техника мен қаруда қаруланған кезде студенттердің әрекеттерін әрдайым бақылаудың мүмкіндігі болмайды, бөлек механизмдердің құралдарын қол жетімді болу сабақтарды жүргізу керек, атыс кезінде дұрыс әрекеттерге үйрету, жөндемсіздік және қарулану кезіндегі қызмет көрсетуде кідірістерін болдыртпау. Осының бәрі оқытудың қарқындандыру үдерісін жоғарлату мен жеке құрамда қысқа уақыт мерзімінде әр түрлі нысаналарды ату үшін кәсіби біліктерді дамыту болып табылады.

Нысаналарды жеңу еліктегіштің негізгі құндылығы мен ерекшеліктері (НЖЕ)

НЖЕ оқ-дәрі құртпай студенттерді әуе нысаналары бойынша зениттік-пулемет құрылғысынан-72 (ЗПҚ -72) жабық бөлмелерде (бокс, класс) коллиматорлық көздеуішті пайдаланып атыс жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар ол жеке құраммен қол жетімді болатындай сабақтарды өткізуге, жаттығу кезінде әрекеттерін бақылауға, жіберілетін қателердің алдын-алу мен оның себептерін анықтауға, әскери техникаға қарағанда студенттердің көп санын оқытуға болады. НЖЕ әскери кафедрасының аймағында (Сурет 1) атыс даярлығының боксында орнатылған, бұл оқу орталығына бармай атыс даярлығы бойынша сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Оны құру жұмысы кезінде және оқу үдерісінде қолдану барысында осындай құрылғы жасау аналогы болмаған.

Жылжымалы нысаналарды ату електегіштің басты қасиеттері мен ерекшеліктері (ЖНАЕ)

ЖНАЕ оқытудың бірінші кезеңінде қымбат әскери техника, қарулану, оқ-дәрі және моторесурстарын қолдануын жеке құрамды шата қаруланудан атысқа үйрету кезінде қысқартуға болады, бұл оқыту үдерісін үнемдеуге көмектеседі. Сонымен қатар ол жеке құраммен қол жетімді болатындай сабақтарды өткізуге, жаттығу кезінде әрекеттерін бақылауға, жіберілетін қателердің алдын-алу мен оның себептерін анықтауға, әскери техникаға қарағанда студенттердің көп санын оқытуға болады. ЖНАЕ әскери кафедрасының аймағында (Сурет 1) ОП боксында орналасқан атыс даярлығының боксында орнатылған, бұл оқу орталығына бармай атыс даярлығы бойынша сабақтарды өткізуге мүмкіндік береді. Бұл құрылғының ата типі ИПЦ-1 болып табылады, оны дамыту жұмыстары жылжымалы нысаналарға танк қаруынан атыс жүргізу оқуларын жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл құрылғыны дамыту жолдары

Бұл құрылғының дамыту және жаңарту жұмыстарын өткізу кезінде бірнеше жылжымалы нысаналардың негізінде құрылғы болу мүмкін, студенттерді оқыту барысында қарсыластың маңызды нысаналарын өз бетімен таңдап, ату керек.

ТПБТТ ЦИКЛ

Такелаждық құрылғының басты қасиеттері мен екершеліктері

Такелаждық құрылғы жеке құраммен демонтаж-монтаж жұмыстары, бронетанкті техника объекттерінде торап, агрегате, күш құрылғыларын алмастыру (Сурет 1) өткізумен байланысты техникалық дайындық бойынша сабақты қол жетімді және көрнекі түрде өткізуге мүмкіндік береді.

Такелаждық құрылғының жинамалы конструкциясы оның жөндеу орнына автокөлікпен тасыған соң тез ажырату мен жинауына мүмкіндік береді.

Электр жетегінің болмауы оқуларды немсе жөндеу жұмыстарын әр жерде, электр энергия көзісіз және электр құралдарын пайдалануда қауіпсіздік шараларын бұзбау кезінде жүргізуге болады.

109.Әскерді сумен жабдықтау гигиенасы.Жеке құрамды сумен қамтамасыз ету нормалары.Әскерлерді сумен қамтамасыз ету үшін су көздерін таңдау.Жер асты су көздерін алу үшін қолданылатын құрылғы.
Сумен қамтамасыз ету жұмыстарының дұрыс жүзеге асырылуы жеке құрамның тұрмысы мен өмір жағдайына бірден-бір әсер ететін маңызды факторлардың бірі.Сумен қамтамасыз етудің негізгі міндеті – әскерді дер кезінде үздіксіз сумен қамтамасыз ету және оның бекітілген нормаларға сәйкес сапалық, сандық көрсеткіштерін қадағалау. Далалық жағдайда сумен қамтамасыз етудің арнайы әскери-далалық нормалары қолданылады.

Нормалар 2 компоненттен тұрады (кесте 1):

1. Шаруашылық – ауыз қажеттіліктері үшін.

2. Санитарлық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін.

3. Қазақстан мен Орта Азия жағдайларында әскерді сумен қамтамасыз етуді санитарлық-гигиеналық бақылау ерекшеліктері. Орта Азия мен Қазақстанның климаты ыстық аудандары адамдарының суға деген жоғары қажеттілігін қанағаттандыру, олардың қалыпты өмір сүруінің басты жағдайы болып табылады. Суға деген қажеттіліктің өсуі жылдың ыстық уақытында жылу алмасуда басты рөл атқаратын булану мен тердің түзілуі шығынына байланысты. Ыстық климат жағдайлары организмдегі зат алмасу процестерінің қарқындылығы мен сипатына әсер етеді. Сыртқы ортаның жоғары температурасына қарқынды инсоляция мен бұлшық ет күшінің жұмсалуы (жылу өндіру), бәрінен бұрын жылу реттеу аппаратына үнемі күш түсіреді. Бір тәулікте жылу бөлу 8-10 л дейін жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда әскерді жеткілікті сапалы сумен үздіксіз қамтамасыз ету – бірінші дәрежелі маңызды міндет.

4. Ыстық климатта суды қолданудың тәртібі мен нормасы туралы мәселе ұзақ уақыт талқылауға түсіп, өзінің шешімін тапты. Қатты терлеу организмнен көп мөлшерде сумен минералдық тұздардың, әсіресе хлорлы натрийдің шығарылуын туындатады. Организмдегі суды ұстап тұратын хлоридтер қоры азайған соң, ішілген тұщы су тек тер мен нәжіс арқылы шығарылып отырады. Термен бірге организмнен тұздардың шығарылуының нәтижесінде дегидрадация және деминерализация процестері жүре бастайды. Шөлдеген сайын ішілген тұщы су дегидратация мен деминерализацияны күшейте түседі.

5. Сондықтан, судың организмнен шектен тыс көп бөлінуімен күресу үшін ішілетін судың мөлшерін азайтып, шығарылған тұздың орнын толтыру қажет. Дегенмен соңғы 10-15 жыл ішінде отандық және шетелдік ғалымдардың әскерге жүргізген эксперименттік зерттеулері мен байқаулары ыстық уақытта адамның теріс су балансының демалу кезінде қайтадан қалпына келетінін көрсетті. Тердің 40-50%-і бөлінуі ішер судың мөлшерін көбейтеді, егер су ішу шектелмесе, онда ыстықта жұмыс істеп жүрген адамдар тәуліктің жартысында дегидратация жағдайына душар болады.

110.Әскери жағдайда санитарлық ережелерге сай суға қойылатын талаптар.Судан сынама алу және зертханаға жіберу ережелері.
Дала жағдайында ауыз судың сапасына қойылатын талаптар.

Көрсеткіш Рұқсат етілген мөлшер
  Улы заттардың максималды рұқсат етілген шамасы: ядролық жарылыс өнімдері, мкКи/л 20 артық емес
  Микробиологиялық көрсеткіштер:  
  - жалпы колиформалы бактериялар, ЖКБ/100 мл-де Болмауы керек
  - жалпы микробтық сан, ЖКБ/1 мл-де 100 артық емес
  Колифагтар, ЖКБ/100 мл-де Болмауы керек
  Органолептикалық көрсеткіштер:  
  Мөлдірлігі, см 20-дан артық емес
  Түстілгі, град. 35-тен артық емес
  Лайлығы (бұлыңғырлығы), мг/л 2-ден артық емес
  Иісі, балл 3-тен артық емес
  Дәмі, балл 3-тен артық емес
  Белсенді қалдық хлор, мг/л 0,8-1,2
  Химиялық көрсеткіштер:  
  - мыс, мг/л 3-тен артық емес
  - хлоридтер, мг/л 350-ден артық емес
  - нитраттар, мг/л 45-тен артық емес
  - минералдануы (құрғақ қалдық), мг/л 1500-ден артық емес

Ескертпе: 1)УЗ мен РБЗ ШРЕК-сы тиісті нұсқаулықтарда келтіріледі;

2) Нақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты бақыланатын көрсеткіштердің көлемін бас мемлекеттік санитарлық дәрігер бекітеді.

Судың сапасын нормалау принципі: су қолдануға жарамды болу керек, эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық тұрғыдан зиянсыз болу керек, жеке құрамды қатардан шығармауы керек. Сондықтан нормаларға қойылатын талаптарда далалық жағдайларда сапасы нашарлау суды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Суды зерттеу су көзінен және жуық маңайдан уландырғыш заттарды анықтаудан басталады, ал одан кейін жергілікті байқау нәтижелері мен органолептикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша суды бағалайды. Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз ету арнайы пункттер арқылы іске асады. Сумен қамтамасыз ету пунктері – бұл суды өндіретін, өңдейтін, сақтайтын және бөліп тарататын арнайы жабдықталған орын. Пункт ұсақ түтікті құдықтар, артезианды скважиналар және ашық су қоймалары базасында орнатылады. Су пунктін ротада, батальонда, полкта, бригадада, армияда орнатуға болады. Ұсақ су пунктері ротада, полкта өз күштерімен орнатылады. Ірі су пунктері бригадада және одан жоғары құрамдарда инженерлік әскер құрамына кіретін арнайы сумен қамтамасыз ету бөлімдері, рота, батальон күштерімен орнатылады.

111.Суды радиоактивті заттарға тексеру.Дала жағдайында суды залалсыздандыру және тазалау.Дала жағдайында әскерлерді сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.Сумен қамтамасыз ету орталығы түсінігі.
Әр түрлі соғыс жағдайларында әскерді сумен қамтасыз етуді ұйымдастыру.
Жаппай жою қаруы қолданылмайтын шабуылдарда суы мол жерлерде орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Бұнда полкта 5-6 пункт, ал бригадада 20-25 пункт орнатылады.

Жау жаппай жою қаруын қолданған жағдайда, шабуылдарда орталықтандырылған пункт ұйымдастырылады. Мұндай полкта 1-2 пункт (біреуі ВФС – әскери сүзу станциясы базасында, екіншісі маталы көмір сүзу (ТУФ) базасында), ал батальонда тек су болатын пунктер орнатылады. Бригадада орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде полктағы мен қоса тағы 2-3 МАФС-3 және ПБУ-50 базасында жылжымалы бұрғылау қондырғысымен ірі пункт орнатылады. Жаппай жою қаруын қолданған шабуылдарда сумен қамтамасыз ету келесі түрде жүргізіледі:

1. судың артық қорын қолдану жолымен

2. тылдағы су пунктерінен тасу жолымен

3. әскери көлікке бекітілген су көздерін пайдаланып су пунктерін ұйымдастыру жолымен.

Әскер бекінген аудандарда шабуылда барлығы өз ыдыстарын сумен толтыруы тиіс (АВЦ-28 автоцистерналары, АВЦ -15, термостар, флягтар т.б.). Шабуыл кезінде су пунктерін, шабуылға шығатын бөлім нормаларға сәйкес сумен жабдықтала алатындай етіп орналастыру керек. Шабуылға шыққан әскер соңынан үнемі сумен қамсыздандыру пункттері жүріп отыруы тиіс. Тікелей су көзінен су алуға болмайды. Полкта 1-2, бригадада 3-5 су пунктері болады. Қорғаныста орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етіледі. Ұзақ уақыт әскер құрамында болатын адамдар үшін суға қажеттілігі шамамен бір тәулікте 3-5 л болуы керек. Далалық типтегі баспаналарда ең аз қажеттілік тәулігіне 2 литр. Судың артық қоры РБЗ, УЗ, БЗ-дан қорғалған арнайы резервуарларда сақталуы тиіс. Маршта сумен қамтамасыз ету түнеген жерде болсын, жүрген жерде болсын судың мөлшері және сапасымен анықталады. Судың 75%-і түнейтін жерде, 25%-і ұзақ демалған кезде пайдаланылады. Әскердің демалатын жерге келуіне 30 минут бұрын әр адамға 0,5 л су дайындау керек.

Мәңгі мұз басқан (вечная мерзлата) аймақта сумен қамтамасыз етуде мұзды, қарды пайдаланады.

Тауда сумен қамтамасыз ету. Мұзды, қарды, бұлақтарды пайдаланады. Тауда ұзақ болған кезде және еріген қар суын пайдаланғанда 1 шелек суға 0,3 г езілген әк пен 1 г хлорлы натрий қосады.

Шөл далада сумен қамтамасыз ету. Минерализацияланған су, сульфаты көп су еріген ағын суға бірте-бірте (8-10 күн) айналады. ПОУ-3 (жылжымалы тазарту қондырғысы) бір сағатта 3,5 м суды дистиляциялайды. Суы аз, шөл далалық жерлерде әскер жүрген жерінде суды бөлу пунктері ұйымдастырылады.

Судың уландырғыш және радиобелсенді заттармен бүліну мәселелері. Қазіргі заман соғыс жағдайында су көздерінің уландырғыш заттармен бүліну қаупі жоғары. Осы мақсатта авиация, артиллерия және минометті оқ жаудыру қолданылуы мүмкін (алаңдарды уландырғыш заттармен суландыру немесе тозаңдау, авиахимиялық бомбаларды пайдалану).

суды ластауы мүмкін. Неғұрлым қауіптісі тері-ірің әсері бар УЗ (иприт, лючзит, трихлотриэтиламин, метилдихлорамин және басқа). Дифосген, көгертетін қышқыл да суды ластауы мүмкін. Уландырғыш заттармен аса зиянды деңгейде бүлінуге тек шағын су қоймалары (құдықтар, тоғандар, резервуардағы су қоры) ұшырауы мүмкін.

Үлкен су қоймалары (өзен-көл, су қоймасы) қазіргі кезде белгілі уландырғыш заттардың көп бөлігінің аз ерігіштігінен және улы концентрация түзілу әбден мүмкін еместігінен бүлінбейді. Судың химиялық бүліну мүмкіндігі бәрінен бұрын уландырғыш заттың түрімен және оның қасиетімен анықталады. Газ тәрізді және бу түріндегі УЗ суға әсер ете алмайды. Улы түтіндер (дифениламинохлорсин, дефенилхлорасин, дефенилциарсин) концентрациясы жоғары болғанда және ұзақ уақыт әсер еткенде жағдайда.

112.Далалық жағдайда әскерлерді сумен қамтамасыздандаруын санитарлық қадағалау жүргізу және ұұйымдастыру негізі.Далалық жағдайда әскелердің сумен қамтамасыздануын ұйымдастыруда инженерлік және химиялық әскерлердің міндеттері мен медициналық және азық-түлік сату қызметі.
Далалық жағдайда әскерді сумен қамтамасыз ету ерекшеліктері.
Әскерді сумен қамтамасыз ету қызметінің міндеттері: сумен қамтамасыз етудің ұйымдастыруда жалпы жауапкершілікті бөлім командиріне жүктейді. Тікелей орындаушылары: инженерлік, химиялық әскерлер, тыл қызметі, медициналық қызмет.

1. Сумен қамтамасыз ету пункті мен суды тарату пунктерінен суды жеткізу тыл бойынша байланыс командирі орынбасарының міндетіне кіреді, ол суды тарату мен сақтауға жауап береді.

2. Инженерлік қызметтің міндеттері:

- суға барлауды ұйымдастыру мен оған толық жауапкершілік алу;

- суды өңдеу мен тазалау;

- суды тазалаудың табельді құралдары мен қол құралдарын пайдаланатын сумен қамтамасыз ету пунктерін құру;

- дезактивация мен уландырғыш заттардан зиянсыздандыру бойынша шараларды орындау жұмыстарын инженерлік әскердің арнайы бөлімімен орындалады (суы терең орналасқан суы аз аудандарда).

3. Химиялық қызмет сумен қамтамасыз ету пунктерін құру аудандарында химиялық және радиациялық барлауды жүргізу.

 

4. Медициналық қызметтің міндеттері:

- су көзін барлауға қатысқанда:а)су өндіретін аудандар жағдайын (УЗ, РБЗ, БЗ ластануы); ә)су көзіндегі судың сапасын бағалайды; б)суды қолдануға қорытынды береді; в) санитарлық қорғау аймағын анықтайды;

- пункттерде суды тазалағаннан кейін оның сапасын бағалау;

- әскердің сумен жабдықталуын бақылау және ауыз суының уақытша нормаларын жасауға қатысу;

- қарапайым сумен қамтамасыз ету пунктерінде суды залалсыздандыру бойынша инструктаж жүргізу;

- пункте қызмет көрсететін персоналдың денсаулығын бақылау;

- жеке құрамды суды залалсыздандырудың дербес құралдарымен қамтамасыз ету.

 

113.Дала жағдайында әскердегі суды тазалау құрылғылары:ТУФ-200,ВФС-10,МАФС-3.

Судың сапасын нормалау принципі: су қолдануға жарамды болу керек, эпидемиялық тұрғыдан қауіпсіз, химиялық тұрғыдан зиянсыз болу керек, жеке құрамды қатардан шығармауы керек. Сондықтан нормаларға қойылатын талаптарда далалық жағдайларда сапасы нашарлау суды қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Суды зерттеу су көзінен және жуық маңайдан уландырғыш заттарды анықтаудан басталады, ал одан кейін жергілікті байқау нәтижелері мен органолептикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша суды бағалайды. Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз ету арнайы пункттер арқылы іске асады. Сумен қамтамасыз ету пунктері – бұл суды өндіретін, өңдейтін, сақтайтын және бөліп тарататын арнайы жабдықталған орын. Пункт ұсақ түтікті құдықтар, артезианды скважиналар және ашық су қоймалары базасында орнатылады. Су пунктін ротада, батальонда, полкта, бригадада, армияда орнатуға болады. Ұсақ су пунктері ротада, полкта өз күштерімен орнатылады. Ірі су пунктері бригадада және одан жоғары құрамдарда инженерлік әскер құрамына кіретін арнайы сумен қамтамасыз ету бөлімдері, рота, батальон күштерімен орнатылады.

Әр түрлі соғыс жағдайларында әскерді сумен қамтасыз етуді ұйымдастыру. Жаппай жою қаруы қолданылмайтын шабуылдарда суы мол жерлерде орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету ұйымдастырылады. Бұнда полкта 5-6 пункт, ал бригадада 20-25 пункт орнатылады.

Жау жаппай жою қаруын қолданған жағдайда, шабуылдарда орталықтандырылған пункт ұйымдастырылады. Мұндай полкта 1-2 пункт (біреуі ВФС – әскери сүзу станциясы базасында, екіншісі маталы көмір сүзу (ТУФ) базасында), ал батальонда тек су болатын пунктер орнатылады. Бригадада орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінде полктағы мен қоса тағы 2-3 МАФС-3 және ПБУ-50 базасында жылжымалы бұрғылау қондырғысымен ірі пункт орнатылады. Жаппай жою қаруын қолданған шабуылдарда сумен қамтамасыз ету келесі түрде жүргізіледі:

4. судың артық қорын қолдану жолымен

5. тылдағы су пунктерінен тасу жолымен

6. әскери көлікке бекітілген су көздерін пайдаланып су пунктерін ұйымдастыру жолымен.

Әскер бекінген аудандарда шабуылда барлығы өз ыдыстарын сумен толтыруы тиіс (АВЦ-28 автоцистерналары, АВЦ -15, термостар, флягтар т.б.). Шабуыл кезінде су пунктерін, шабуылға шығатын бөлім нормаларға сәйкес сумен жабдықтала алатындай етіп орналастыру керек. Шабуылға шыққан әскер соңынан үнемі сумен қамсыздандыру пункттері жүріп отыруы тиіс. Тікелей су көзінен су алуға болмайды. Полкта 1-2, бригадада 3-5 су пунктері болады. Қорғаныста орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етіледі. Ұзақ уақыт әскер құрамында болатын адамдар үшін суға қажеттілігі шамамен бір тәулікте 3-5 л болуы керек. Далалық типтегі баспаналарда ең аз қажеттілік тәулігіне 2 литр. Судың артық қоры РБЗ, УЗ, БЗ-дан қорғалған арнайы резервуарларда сақталуы тиіс. Маршта сумен қамтамасыз ету түнеген жерде болсын, жүрген жерде болсын судың мөлшері және сапасымен анықталады. Судың 75%-і түнейтін жерде, 25%-і ұзақ демалған кезде пайдаланылады. Әскердің демалатын жерге келуіне 30 минут бұрын әр адамға 0,5 л су дайындау керек.

114.Суды сақтау мен тасымалдау заттары:РДВ,автоцистерналар,флягтар,термостар,далалық ас үйлер.Дала жағайында әскерлерді сумен қамтамасыз ету жүйелері.Дала жағдайында әскерлерді сумен қамтамасыз ету жүйелеріне санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу.

Соғыс уақытында әскерді сумен қамтамасыз етудің маңызы зор және мынадай міндеттерді қарастырады:

1. Әскери бөлімнің жеке құрамының соғысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету.

2. Техника мұқтаждығын сумен қамтамасыз ету.

Қазіргі кездегі армияны су көзі жеткілікті болса да сумен қанағаттандыру өте қиын.

Ал құрғақ климатта, су көздерінің біршамасы қатардан шыққан кезде, жаппай жою қаруын пайдаланғанда суды тасып пайдалану қарастырылады.
Әскерді сумен қамтамасыз етуде су көзінің уландырғыш, радиоактивті, биологиялық заттармен бүлінуі қиындықтар туғызатыны анық. Сол себептен, су көзін тексеруден өндіруге дейін, яғни, тазалауда, сақтауда, жеткізу мен таратуда барлық талаптарды бұлжытпай орындау қажеттілігі туындайды. Жаппай жою қаруын қолданған жағдайда апатқа ұшыраған су көздері суымен қамтамасыз етуге жол бермеу керек. Әскерді орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету қарастырылуы тиіс.

Соғыс жағдайында судың минималды нормалары қолданылады (кесте 2). Оның мөлшері ауа райына байланысты тәулігіне 5,5 л – 9,0 л аралығында болады.

 

Кесте 2 – Жеке құрамның суға минималды қажеттілік нормалары (1 адамға), литр/тәулік.

Суды пайдалану түрі ауа райы + 25 ОС –ге дейін ауа райы + 25 ОС –ден жоғары
Шай дайындау үшін және флягтағы су қоры 3,5/2,5 6,0/4,5
Жуыну үшін 1,0 1,0
Ас дайындау және жеке ыдыстарын жуу үшін 2,0 2,0
Барлығы 6,5/5,5 9,0/7,5

 

Ескертпе: 1) төменгі су нормасы жауынгердің 5-7 күнге ғана белсенді іс-қимылдарын қамтамасыз ете алады;

 

2) бөлінгіш мәні – қорғаныс кезінде, бөлгіш мәні – шабуыл кезіндегі мөлшер.

115.Су көздеріне таңдау жүргізу жне ұйымдастыру.Далалық жағдайда су сапасын бағалау,қолданылатын табельді жиынтықтар мен құралдар,олардың қысқа техникалық мазмұны,зерттеу әдістері.
Қазіргі заман соғыс жағдайында су көздерінің уландырғыш заттармен бүліну қаупі жоғары. Осы мақсатта авиация, артиллерия және минометті оқ жаудыру қолданылуы мүмкін (алаңдарды уландырғыш заттармен суландыру немесе тозаңдау, авиахимиялық бомбаларды пайдалану).

суды ластауы мүмкін. Неғұрлым қауіптісі тері-ірің әсері бар УЗ (иприт, лючзит, трихлотриэтиламин, метилдихлорамин және басқа). Дифосген, көгертетін қышқыл да суды ластауы мүмкін. Уландырғыш заттармен аса зиянды деңгейде бүлінуге тек шағын су қоймалары (құдықтар, тоғандар, резервуардағы су қоры) ұшырауы мүмкін.

Үлкен су қоймалары (өзен-көл, су қоймасы) қазіргі кезде белгілі уландырғыш заттардың көп бөлігінің аз ерігіштігінен және улы концентрация түзілу әбден мүмкін еместігінен бүлінбейді. Судың химиялық бүліну мүмкіндігі бәрінен бұрын уландырғыш заттың түрімен және оның қасиетімен анықталады. Газ тәрізді және бу түріндегі УЗ суға әсер ете алмайды. Улы түтіндер (дифениламинохлорсин, дефенилхлорасин, дефенилциарсин) концентрациясы жоғары болғанда және ұзақ уақыт әсер еткенде жағдайда

Сұйық түріндегі УЗ-дың күштілігі олардың ұшпалылығына және гидролизге бейімделуіне байланысты (гидролиз УЗ-дың сумен әрекеттесу реакциясы, нәтижесінде УЗ бұзылады).

Неғұрлым күштілікке УЗ-дың жабысқақ рецептурасы ие. Суды дегазациялау практикасында УЗ-дың гидролиз құбылысын есте ұстау керек. Мысал ретінде фосген мен дифосген гидролизін келтіруге болады. Бұл кезде түзілген улы емес гидролиз өнімдері судың сілтілік резевтерінен тез бейтараптанады. Егер судың сілтілігі жоғары болса иприт суда усыз өнімдерге дейін гидролизденеді. УЗ гидролизін процесін оны химиялық өңдеу есебінен жеделдетуге болады, мысалы суды сілтілеумен. Кейбір УЗ гидролизінің процесін оны қыздыру жолымен жеделдетуге болады. Суды активті көмірмен өңдеу жақсы нәтиже береді.

Судың УЗ, РБЗ, БЗ бүлінуін тапқан кезде немесе күдіктенген жағдайда суды арнайы өңдеу керек.

116.Радиотехникалық әскердегі еңбек гигиенасы.Радиолокациялық станциялардағы еңбек жағдайы.Сыртқы ортаның арнайы және арнайы емес факторларының радиолокациялық станциялардың жеке құрамына әсері.Радиостанциялардағы еңбек гигиенасы.
Радиотехникалық әскер әртүрлі радиолокациялық қондырғылармен жабдықталған, олардың ең бастысы радиолокациялық станция (РЛС) мен радиостанция (РС). Олар іздеген мақсатты табуға, оларды бақылауға, командалық пунктер мен әскери басқаруларға хабарлама жіберу үшін арналған. РЛС мен РС жұмыс істеу аса көңіл бөлуді, іс-әрекет дәлдігін, нақтылықты, көру мен есту мүшелері қызметінің жоғарылығын талап етеді. Қоршаған ортаның қолайсыз жағдайлары адамның еңбек қабілеттілігінің, көңіл-күйінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Осыған байланысты РЛС-да жұмыс жасайтын мамандар мен жеке құрамның денсаулығына зиянды факторлардың әсерін болдырмайтын немесе азайтатын шаралар жүргізу қажеттілігі туады.Жеке құрамға әсер ететін РЛС-дағы факторларды екіге бөлуге болады: арнайы және арнайы емес. Арнайы факторларға мыналар жатады: РЛС кабинетіндегі жаз айында жоғары, ал қыс айындағы төмен темпетура, шу, діріл, рентген сәулелері, жеткіліксіз жарық, ауаның зияды химиялық заттармен ластануы, ең соңында нерв жүйесі мен көру мүшесіне түсетін үлкен ауыртпалық. Арнайы емес факторларға мыналар жатады: өте жоғары жиіліктегі импульсты электромагнитті сәулелер (ӨЖЖ).

Станцияның түріне байланысты жеке құрам әртүрлі дәрежеде жоғары да көрсетілген факторлар әсеріне ұшырауы мүмкін.

Гигиеналық көзқарас бойынша ең қауіпсіз, жақсы жағдай РЛС-ның стационары. РЛС стационарында қабылдау-беру аппаратурасына арналған жеке бөлме, анықтайтын бөлме, командалық пункт болады. Бұндай жағдайда жеке құрамды ӨЖЖ сәулесінен толық сақтауға, қалыпты микроклимат жағдайын жасауға, шу мен діріл әсерін жоюға мүмкіндік бар.

Гигиеналық көзқарас бойынша автокөліктерге, автоприцептерге тіркелген жылжымалы РЛС-терде, ұшақтарда жеке құрамды қолайсыз факторлар әсерінен қорғау қиындау. Әсіресе РЛС-ның бір машина шассиіне орналасуы аса зиян, өйткені бұл жағдайда жеке құрам ӨЖЖ генераторлармен, фидерлі тракттармен бір бөлмеде болады. Желдеткіштер, салқындатқыш радиоаппаратуралар, агрегаттар шу мен дірілді күшейтеді және РЛС кабинасын зиянды химиялық қоспалармен ластайды. Ауа райының ыстық және суық күндерінде жылжымалы РЛС-да қолайсыз микроклиматтық жағдай туындайды.

РЛС күрделі радиоэлектрлік кешен болып табылады, оның негізгі бөліктері: беру, жіберу (передатчик) блогі, қабылдау блогі, синхрондау блогі, антенналар, индикаторлар мен қоректену көзі болгі. Генератор блогінің радиошамдары, антенналық жүйелер ӨЖЖ сәулеленудің көзі болып табылады. Одан басқа 12-15 кВ жоғары анодты кернеуде (напряжение) жұмыс істейтін радиошамдар және электронды-сәулелік түтіктер рентген сәулелерінің көзі болуы мүмкін.

РЛС-де радиожиілікті спектрдің бөлігі ғана қолданылады – бірнеше милиметрден 1-4 метрге дейін. Сондықтан РЛС милиметрлік (7-10 мм), сантиметрлік (1-10 см), дециметрлік (10 см-1 м) және метрлік (1-4 м) диапазонындағы станцияларға бөлінеді.

ӨЖЖ -сәуленің биологиялық әсерінің қуаты оның сәулесінің қарқындылығына, сәуле қабылдау уақытына, толқын ұзындығына, сәуле қабылдайтын беттің көлеміне, мүшелердің құрылысына байланысты.

Арнайы емес немесе термиялық әсерлер электромагнитті толқындардың барлық шкалаларына тән (инфрақызыл, көрінетін, ультрокүлгін, рентгендік, гамма-сәулелер, радиотолқындар). СВЧ-сәулелердің әсер етуі олардың энергиясының тіндер молекуласына берілуімен және бұл тіндердің тербелісінің, яғни жылулық қозғалысының күшеюімен көрінетін кеңістіктік бағытының өзгеруінде. Суы мол мүшелер мен тіндер энергияны жақсы жұтады және жақсы қызады. Бұндай мүшелерге бауыр, көкбауыр, ұйқы безі, бүйрек, ми тіні, қуық, бұлшықеттер, асқазан жатады.

117.Далалық жағдайда тамақтануды ұйымдастыру.Әскери жағдайдағы тамақтануды бақылау бойынша медициналық қызметтің міндеттері.Жаппай қырып –жою қаруын қолдану жағдайында тамақтану.
Тамақтануды медициналық бақылаудың мазмұны.

1. Тамақтанудың физиологиялық толық құндылығы.

2. Астың және азық-түліктің сапалығы.

3. Жеке құрамның денсаулық жағдайы тамақтанумен байланыстылығы (тамақтану статусы).

Тамақтанудың физиологиялық толық құндылығы ас мәзір-сұрыптамасын талдау тәсілімен тағайындалады. Қоймадағы азық-түліктердің сақталу жағдайы, асханада азық-түліктердің өңделуі және асты әзірлеу ережелерінің орындалуы қысқартылған схемада лабораториялық зерттеулер арқылы анықталады.

Тамақтандыру мәселелері бойынша медицина қызметінің міндеттері:

1. Тағамның толық құндылығына гигиеналық бақылау жүргізу.

2. Тамақтану нысандарының санитарлық жағдайын және қызметкерлердің денсаулығын бақылау.

3. Әскери сауда кәсіпорындарында тамақтанудың ұйымдастырылуын бақылау.

Жоғарыда көрсетілгендей, тамақтану орталықтандырылған, қатаң түрде тағайындалған норма бойынша ҚР Қорғаныс Министрлігінің бұйрықтарына және басқа да құжаттарға сәйкес жүргізіледі, атап айтқанда:

· «О продовольственном обеспечении Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время» ҚР ҚМ 05.12.2000 ж. №318 бұйрығымен бекіткен жетекші құрал.

· «Санитарные правила по организации размещения, водоснабжения, питания и банно-прачечного обслуживания личного состава Вооружённых Сил Республики Казахстан в полевых условиях (лагерях)». ҚР ҚМ № 230 бұйрығымен 15.08.2001 ж. бекітілген санитарлық ережелер.

· «Нормы снабжения продовольствием Вооруженных Сил на мирное время» ҚР Үкіметінің №1281 Қаулысымен 23.12.2005 ж.бекітілген нормалар.

· «Правила организации питания личного состава воинских частей, кораблей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан» ҚР ҚМ №50 бұйрығымен 11.02.2005 ж. бекітілген ережелер.

Қарулы күштерде паекты тамақтану әскерлердің қызметіне, жасына, климаттық-географиялық, денсаулық жағдайларына байланысты ажыратылады. Әскери қызметте паектардың түрлері өте көп. Қазіргі заманда соғыс кезіндегі тамақтану бойынша зерттеулер дүние жүзінде жүргізілмеген, сондықтан біздің қорытындыларымыз, есептеулеріміз эксперименттерге негізделген.

118.Азық-түліктермен дайын өнімдердің радиоактивті,улы және бактериальді заттектермен залалдану жолдары мен тәсілері.Азық-түліктерді тасымалдау,сақтау,дайындау,тарату және қабылдаупроцестерінде қорғау.Азық-түліктерің РЗ,УЗ,БЗ зақымдануының мүмкіндік жағдайына мед,сараптама жүргізу және ұйымдастыру.Далалық жағдайдағы сараптама кезеңдері.

Кесте 7 – Арнайы әскери жүктерді күзетуші жеке құрамға арналған тамақтану рационы (№22 норма).

 

Азық-түлік 1 адамға тәулігіне, г
  Ірі тартылған ақ бидай ұнынан немесе 2 сұрыпты ақ бидай ұнынан дайындалған галеттер  
  Әртүрлі ет консервілері  
  Бірінші асқа арналған ет аралас консервілер  
  Екінші асқа арналған әртүрлі ет аралас консервілер  
  Шақпақ қант  
  Шәй  
  Жеміс – жидек шырындары  

 

Төтенше жағдайларда тамақтануға байланысты қойылатын талаптар.

Принциптері:

1. Тәуліктік рацион құндылығы негізгі алмасудан (1500 – 1600 ккал) төмен болмауы керек.

2. Құндылық тапшылығы 2-2,5 ккал аспауы керек (яғни энергия шығыны мен рацион құндылығы арасында айырмашылық).

3. Паек құрамында 60-70 г аз емес белок болуы керек, әйтпесе негізгі зат алмасу артып кетеді.

4. Ас құрамында қажетті мөлшерде витаминдер мен минералды тұздар болу керек.

5. Көмірсулардың минималді құрамы 60-100 г болуы керек, өйткені кетонды денелердің жинақталуы орын алуы мүмкін. Осындай жағдайларда алғашқы күндері майларды ыдырататын ферменттердің болмауы жағдайында көмірсуларды пайдалану жоғарылай түседі.

6. Мұндай тамақтану ұзақтығы 2 аптадан аспау керек, егер ұзақтығы одан асатын болса, онда тиесінше сәйкес рацион құрастыру қажет.

Физиолог-ғалымдардың пікірінше мұндай рационда ешқандай зардапсыз бір ай, ал «тіршілік паегі» схемасы бойынша ұйымдастырылған емдік ашығуда бірнеше ай тіршілік етуге болады. АҚШ мәліметтері бойынша 170 күн. Осы орайда, клиницистер толық ашығуды қолдайды, бірақ бұл күйден науқастарды шығару қиын, өйткені көп уақыт талап етеді. Сол себептен, дәрігер-гигиенистер бұл әдісті құптамайды. Ал «тіршілік паегі» бойынша мәліметтер көптеген шет ел ғалымдарының еңбегінде келтірілген және қолдау тапқан. Сондықтан, көптеген мемлекеттерде бұл паектің түрі экстремалды жағдайдағы тамақтану нормасы ретінде бекітілген. Бұл нормаларда майлар, көмірсулар және шамалы мөлшерде белоктар есебінен үнемдеу жүргізіліп, ал витаминдер мен минералды элементтер жеткілікті болады. Белоктар, витаминдер, майлар бойынша қазіргі кезде тіршілік нормасы, биологиялық норма және гигиеналық нормалар бар. Бұлардың барлығы стресті жағдайларда өте тиімді.

119.Әскердегі тағамдық азық-түліктердің сараптамасының әдістері,құралдары мен күштері.Далалық жағдайда лабораторлық көлемі мен мүмкіншіліктері.Азық-түліктің гигиеналық сараптамасы үшін қолданылатын қысқа техникалық тәсілдің құралдары мен табельді жиынтық сипаттамасы.

Әскерлерді тамақтандырудың даму болашағы. Қазіргі уақытта әскерлердің климаттық жағдайды күрт алмастыра отырып, алыс ара қашықтыққа жылжуы мүмкіндіктері пайда болды. Бұл бөлім мен бөлімшелердің ұзақ уақыты бойы өз беттерінше іс-әрекет етуін қарастырады. Сондықтан, әскердің қару-жарақтарының, азықтарының қорлары болуы керек.Қазіргі уақытта азық-түліктің қоры экипажда, атап айтқанда соғыс техникасында (танк, пехотаның соғыс машинасында, БТР, өз бетінше жүретін артиллерия қондырғысында) 3+5 тәулікке есептеліп сақталады. Бұл қор «соғыстық тамақтану рационы» деп аталады және стандартты орауышта (жолаушыға арналған консервілер тәрізді) өсімдіктер мен еттен тұратын консервілер түрінде шығарылады (әр адамға бір банка).Сүңгуір қайықтарда тез мұздатылған дайын тағамдарды пайдалануға көшірілді. Бұл тағамдар –100 С 1 жыл бойы сақталады. Бұл әдіс өте тиімді. Флоттан басқа мұндай тамақтануды авиацияда да енгізу қарастырылуда, бірақ бұл үшін -100 С мұздатқыштар қажет.Санитарлық сараптау – бұл су мен тамақтық азық-түліктердің жеке құрам үшін жарамдылығын анықтайтын гигиеналық шаралар кешені.Мед. қызметтің әртүрлі сатыларында бұл шара әр түрлі шешіледі және соңғы іс-әрекеттер мед. санитарлық батальонда жүргізіледі. Азық-түліктерді санитарлық сараптау азық-түлік объектілерінде химиялық қызмет дегазация мен дезактивация бойынша шаралар кешенін жүргізіп болған соң және мед.қызмет химиялық және радиобелсенді жағдайлар туралы мәлімдемелер алғаннан кейін ұйымдастырылады.

120.Азық-түліктердің сараптамасына қолданатын зерттеу әдістері.Соғыс уақытында тағамдық азық-түліктердегі РЗ-мен УЗ-ның ШРЕК-і.Таралар мен азық-түліктердің дезактивациясы және залалсыздандыру тәсілдері.

Бірақ гигиенистер, РБЗ тамақтық азық-түліктерді қорғау керек дейді, әсіресе тылда, өйткені онда жер үстілік қуатты жарылыстар қолданылады және тамақтық азық-түліктердің РБЗ ластануы жоғары болады.Қазіргі уақытта 20-40% азық-түліктер жабық ыдыста шығарылады, РБЗ және уландырғыш заттардан (УЗ) толығымен қорғалады, ал бұл көрсеткіш тамақтық азық-түліктерді дайындау технологиясын жетілдіру жағдайында 80%-ға дейін артуын күтуге болады. Азық-түліктердің, судың соғыс уақытындағы нормалары гигиеналық көрсеткіш емес, ол тіршілік ету нормалары. Бұл нормалар 2 апта бойы соғысқа қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін қарастырылған (майдан операцияларын орындау кезінде). Гигиенистер бұл нормаларды қайта қарауды ұсынады, өйткені соғыс бұл мерзімнен де ұзақ болуы мүмкін.УЗ қатысты нормалау, тіршілік пен соғысқа қабілеттілікті сақтау нормаларымен бірдей.УЗ қолдану негізінде жеке құрамның тыныс алу жолдарымен, тері арқылы әсері есептеледі. Тамақтық азық-түліктердің, судың ластануы арнайы табельдік құралдары жоқ болғанда 50 %-ды құрайды.Тағам мен суды ластау үшін көбінесе Vi-газы, зарин, иприт қолдану мүмкін.УЗ талдау табельдік құралдармен (ПХР-МВ, МПХЛ) жүргізіледі. Табельдік құралдардың УЗ анықтау сезімталдығы мен тиімділігі аса жоғары емес. Соғыс уақытында алиментарлы аурулардың алдын алу мәселесін шешуге тура келеді (алиментарлы дистрофия, авитаминоздар, тамақтық уланулар).Алиментарлы дистрофия – тамақтық ресурстардың жеткіліксіз салдарынан туындайды. Ашығу уақытында бұл патология әрқашанда орын алады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап жауынгерлер азық-түлік жетіспеушілігіне ұшырайды. Егер Бірінші дүниежүзілік соғыста орыс армиясында жаппай цингамен сырқаттану орын алған болса, Ұлы Отан соғысында жаппай цинга ауруы болған жоқ. Өйткені, Ұлы Отан соғысында дәрігерлер 1 млн. литрден астам витаминдер тұнбаларын дайындаған.

 

 

 

 

 


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 2012 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.029 сек.)