АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Офтальмология 4 курс МІ

Прочитайте:
  1. ОБУЧАЮЩИЙ СИМУЛЯЦИОННЫЙ КУРС (ОСК.И.00) ПОСЛЕВУЗОВСКОГО ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ ВРАЧЕЙ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «ОФТАЛЬМОЛОГИЯ» (интернатура)
  2. ОБЩАЯ ХАРАКТЕРИСТИКА ОПОП ППО по СПЕЦИАЛЬНОСТИ «ОФТАЛЬМОЛОГИЯ»
  3. ОРДИНАТУРЫ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ 31.08.59 ОФТАЛЬМОЛОГИЯ
  4. ОСК.О.00 Обучающий симуляционный курс подготовки кадров высшей квалификации по специальности 31.08.59 ОФТАЛЬМОЛОГИЯ
  5. ОФТАЛЬМОЛОГИЯ
  6. Офтальмология
  7. ОФТАЛЬМОЛОГИЯ 43-56 стр
  8. Офтальмология_каз
  9. ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ 31.08.59 ОФТАЛЬМОЛОГИЯ

 

ФИО: ___________________________________________________________________________________
Группа: ___________________________________________________________________________________

 

Описание теста
Бағдарлама тек тест орталығына арналған.   "Мейірбике" колледжі   Программа предназначена только для центра тестирования!   Колледж "Мейірбике"

 

Инструкция
Тест орталығының ережесі:   Емтихан уақытында Тест орталығының ережесі:   Емтихан алдында Сіз тестке 15-20 минут қалғанда тест орталығына келуіңіз қажет. Өзіңізбен бірге Сынақ кітапшасы қажет. Сынақ кітапшасында сіздің суретіңіз бен қолыңыз міндетті түрде болуы керек. Жоғарыдағы ережеге сәйкес емес сынақ кітапшасы бар кандидат емтиханға жіберілмейді. Емтиханға Сіздің қателіктеріңізге байланысты ереже бұзушылық болса тестке айыппұл төлегеннен кейін жіберіледі. Емтихан басталар бұрын Сіз міндетті түрде тест орталығының келісім шартына қол қоюыңыз қажет. Сіз қол қоя отырып тест орталығың ережелерін және ақпараттың құпиялығын жарияламауға келісесіз.   Емтихан уақытында Барлық кандидаттың жеке заттары ата аналарына немесе т.б. адамдарға тапсыратын болады. Кез-келген емтиханға қажетті заттарды (қалам, парақ) тест орталығы ұсынады. Тест аяқталған бойда барлық жазбаларыңызды тест орталығының администраторына қалдырасыз. Тест уақытында Тест орталығының ұсынған заттарын ғана қолдана аласыз. Емтихан уақытында Тест орталығының администраторы Сізді бақылайтын болады. Емтихан бейне бақылауға түсіріліп және ол қажет жағдайда қолданылуы мүмкін. Администратордан тест сұрақтары бойынша ақпарат сұрауға болмайды. Емтихан жүргізілу барысында өзге кандидаттарды мазалауға болмайды. Уақыт аяқталысымен тест автоматты түрде тоқтатылып баллыңыз шығарылады.   Тест орталығының администраторы, егер Сіз ережені бұзған жағдайда ескертусіз тест тоқтатуға құқылы. Егер тест тоқтатылған жағдайда барлық ақпарат тест орталығының директорына ескертілетін болады. Тестке төленген қаражат қайтарылмайды. Ережені бұзған кандидатқа өзге де ескертулер айтылуы мүмкін. Емтиханнан кейін Тест тапсырылғаннан кейін бірнеше сағат ішінде жауаптары мен транскрипт ұсынылатын болады немесе колледждің жеке сайтына шығарылады www.meirbike.com  

 

№1
Көз алмасының қандай құрылымдары көзішілік сұйықтықты бөліп шығарады?
  шыны тәрізді дене
  Цилиарлы дене
  Хориоидея
  Нұрлы қабық
  Жас безі

 

№2
Көз алмасының қандай құрылымы арқылы сұйықтық алдыңғы камерадан ағып шығады?
  Қарашық
  Цилиарлы дене
  Қасаң қабық
  Трабекула аймағы
  Көздік вена

 

№3
36 жастағы науқасты оң көзінің ауыру сезімі мазалайды. Ауыру сезімі сол ауырған көзінің жарты басына берілген, лоқсиды, құсады. Көзі кенеттен күйзелістен кейін ауыра бастаған. Объективті: ОД – блефароспазм, іркілісті инъекция, қасаң қабық ісінген, кедір-бұдыр, алдыңғы камера саяз, қарашық кең, жарыққа әсері жоқ. Қасаң қабықтың ісінуінен көз түбі көрінбейді. Көру жітілігі ОД – жарықты сезуі дұрыс емес. Көзішілік қысым – 41мм.с.б. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді? Консервативті ем нәтижелі болмағанда, хирургиялық емді жүргізу мерзімі қандай?
  Тор қабықтың орталық венасының тромбозы,12сағат
  жедел иридоциклит, 12сағ.
  глаукоманың жедел ұстамасы, 78сағ.
  жедел кератоувеит, 24сағ.
  глаукоманың жедел ұстамасы, 24сағ.

 

№4
Жанаспайтын тонометр арқылы қандай қысымды анықтауға болады?
  тонометриялық көзішілік
  эписклералды веналардағы
  шынайы көзішілік
  тонографиялық көзішілік
  тор қабықтың орталық артериясының

 

№5
Алдыңғы камераның бұрышындағы өзгерістерді анықтау үшін қандай зерттеу тәсілдері қолданылады?
  офтальмоскопия
  гониоскопия
  циклоскопия
  периметрия
  тонометрия

 

№6
Төменде аталған қандай көрсеткіштер арқылы глаукоманың сатысы анықталады?
  көру жітілігі және көзішілік қысымның деңгейі
  көру кеңістігінің жағдайы мен көру нерві дискінің экскавациясы
  көру нервінің экскавациясы мен көзішілік қысымның деңгейі
  сұйықтықтың ағып шығу жеңілдігі мен көру кеңістігінің жағдайы
  көру кеңістігінің жағдайы мен көру жітілігі

 

№7
Тонометрлік көзішілік қысымның қалыпты жоғарғы шегі нешеге тең?
  21мм.с.б.
  24мм.с.б.
  25мм.с.б.
  26мм.с.б.
  37мм.с.б.

 

№8
60 жастағы науқас сол көзінің көру жітілігінің төмендеуіне және басының қатты ауыруына, ауыру сезімі сол ауырған көз жақтағы басына берілгеніне шағымданды. Бұл белгілер түнде пайда болған, лоқсыған және құсқан. Бірнеше күн бұрын қатты күйзеліс болған. Бұрын көзі ауырмаған. Объективті: Vis OD – 0,5sph *2,0 = 1,0; Т – 19мм.с.б.; VIS OS – 0,04түзетілмейді; Т – 47мм.с.б. Сол көз – көз саңылауы тарылған, көз алмасының іркілісті инъекциясы, қасаң қабық ісінген, алдыңғы камера өте саяз, қарашық кең, диаметрі 5мм., сопақ пішінді, көз түбінен рефлекс әлсіз, көру нерві дискі көрінбейді. Оң көз жасқа байланысты қалыпты жағдайда. Төменде аталған қандай диагноз сәйкес келеді?
  гипертониялық криз
  глаукоманың жедел ұстамасы
  жедел конъюнктивит
  жедел иридоциклит
  ісінген катаракта

 

№9
Науқасқа гониоскопия жасағаннан кейін, алдыңғы камераның бұрышы жабық екені анықталып, дәрілер берілді. Төменде аталған дәрілердің қайсысын беруге болмайды?
  ß- блокатор
  миотиктер
  мидриатиктер
  нейропротекторлар
  диуретиктер

 

№10
Ашық бұрышты глаукома патогенезінің негізгі себептері:
  алдыңғы камера бұрышының нұрлы қабықтың түбімен жабылып қалуы
  қарашықтың жабысып қалуы
  алдыңғы камера бұрышында мезодермалді тіннің сіңбей қалуы
  нұрлы қабықтың бомбажы
  көздің дренаждық жүйесінің дистрофиялық өзгерістері

 

№11
Төменде көрсетілген қандай белгілер бұршақтың дислокациясына тән?
  гифема, иридодиализ
  иридоденез, алдыңғы камераның біркелкі болмауы
  қарашықтың пішіні дұрыс емес, қасаң қабықтың ісінуі
  көз түбінен сұрғылт рефлекс, қарашықтың эктопиясы
  нұрлы қабықтың бомбажы, қарашықтың шетінің жыртылуы

 

№12
Көз алмасының сұқпалы жарақатының қандай жағдайларында рентгендік шолу суреті жүргізіледі?
  көз жарақатының барлық жағдайларында
  егер анамнезінде көздің ішіне бөгде дене болуы мүмкін жағдайда
  егер орбитаның сынған белгісі болған жағдайда
  егер бөгде дене көздің артында болса
  егер Комберг-Балтин протезін қолдану мүмкін болмағанда

 

№13
Қандай патологияда бір көз ауырғанда, екінші көз ауыруы мүмкін (симпатикалық офтальмия)?
  жарақаттық кератит
  екіншілік глаукома
  жарақаттық кератоконъюнктивит
  жарақаттан кейін болған увеит
  жарақаттық катаракта

 

№14
Төменде аталғандардың қайсысы гемофтальмге тән?
  алдыңғы камерада қан
  тор қабыққа қан құйылу
  шыны тәрізді денеге қан құйылу
  конъюнктива астына қан құйылу
  ретробульбарлы аймаққа қан құйылу

 

№15
Көздің химиялық күйігінде қандай көмек көрсету керек?
  көзге түскен бөлшектерді алып тастау, антибиотик тамызу
  көзге түскен бөлшектерді алып тастау, көзді сумен ұзақ жуу
  көзге түскен бөлшектерді алып тастау, көзге бинокулярлы таңғыш тағу
  көзге түскен бөлшектерді алып тастау, антисептиктермен жуу
  көзге түскен бөлшектерді алып тастау, кортикостероидтарды тамызу

 

№16
Жарақат алған науқаста жоғарғы қабақтың птозы, офтальмоплегия, мидриаз, қасаң қабықтың сезімталдығының төмендеуі байқалады. Айтылған белгілерге төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
  склера конъюнктивасының жыртылуы
  көз шарасының эмфиземасы
  көру нервінің үзілуі
  көз шарасының тромбофлебиті
  жоғарғы көз саңылауының синдромы

 

№17
Қасаң қабықтың эпителиінің бүтіндігін анықтау үшін қандай дәріні қолданамыз?
  Алкаин 0,5%
  Флюоресцеин 1%
  Колларгол 1%
  Сульфацил-натрий 30%
  Левомицетин 0,3%

 

№18
Науқас оң көзінен жас ағуына, жарықтан жасқануына, ауыруына шағымданды. Анамнезінен белгілі болғандай, кешке таман бақшада жұмыс істеу барысында ағаштың бұтағымен көзін зақымдап алған. Қарап шыққанда: ОД – 0,4түзетілмейді, OS – 1,0. Объективті: ОД – айқын қасаң қабықтық синдром, перикорнеалді қызару, қасаң қабықтың оптикалық маңы айнадай жылтырлығын жоғалтқан. Алдыңғы камера орташа тереңдікте, біркелкі. Қасаң қабықтың 2,0х1,5мм аймағы жасыл түске боялады. Алдын – ала диагноз қандай? Төменде көрсетілген қандай емдеу тактикасы дұрыс?
  қасаң қабықтың жалақтануы, антисептиктер, антибиотиктер және витаминдер тамызу
  қасаң қабықтың жарақаттық ноғаласы, емдік кератопластика
  қасаң қабықтың өршіме жарасы, антибиотиктер мен кортикостериодтарды тамызу және парабульбарлы аймаққа егу.
  қасаң қабықтың эрозиясы, кортикостероидтар мен регенеративті процестерді жақсартатын дәрілерді тамызу
  қасаң қабықтың тесіп өтпеген жарақаты, анестетиктерді тамызып, ауруханаға жатқызу.

 

№19
Төменде аталған қандай клиникалық белгілер орбита қабырғасының сынығына тән?
  көрудің төмендеуі, ауыру сезімі
  энофтальтм, экзофтальм
  гипотония, гипертония
  көзден жас ағу және жарықтан жасқану
  птоз, блефароспазм

 

№20
Төменде аталған қандай емдеу тәсілдері симпатикалық офтальмияны алдын-алу үшін маңызды?
  дезинтоксикациялық терапия
  күшті антибактериалды терапия
  жарақаттанған көздің энуклеациясы
  қабынуға қарсы ем
  десенсибилизациялық ем

 

№21
Көру нервінің үзілуіне сәйкес белгі?
  көздің қызаруы
  зағиптық(соқырлық)
  көрудің төмендеуі
  көзішілік қысымның жоғарылауы
  гипотония

 

№22
Офтальмологқа 1,5жасар баласымен ана келді. Анасы баласының сол көзі қарашығының сары түсті жарқырағанын байқады, қарашығы кең. Тексергенде: оң көзінің көз түбінен рефлекс қызғылт, ал сол көзінен рефлекс сарғыш. Сол көзін офтальмоскопия жүргізгенде тор қабықтың көп бөлігін алып жатқан, шыны тәрізді денеге шығып тұрған сары-алтындай түсті түзілім анықталды. Төменде аталған диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
  тор қабықтың сылынуы
  ретинобластома
  хориоидеяның меланомасы
  Коатс ретиниті
  токсоплазмозды хориоретинит

 

№23
Алдыңғы камера бұрышындағы ісікті анықтау үшін қандай зерттеу тәсілі керек?
  тонометрия
  офтальмоскопия
  периметрия
  гониоскопия
  кампиметрия

 

№24
Көз түбіне құйылған қанды қандай тәсілмен анықтауға болады?
  көз ішіне жарық енгізу
  офтальмоскопия
  жанынан жарық түсіру
  биомикроскопия
  рентген

 

№25
14 жастағы науқас көзінен жас ағуға және қабақтың астында бөгде зат тұрғандай сезімге шағымданды. Бір аптадай ауырып жүр. Объективті: OU – жоғарғы қабақтың конъюнктивасы ашық сүт тәріздес, ірі тығыз бүртіктермен жабылған, жұмыр тас тәріздес, лимб маңында бірең-саран сұрғылт –ақ түсті бүртіктер бар, көз алмасы конъюнтивасының беткейлік инъекциясы, оптикалық орталар мөлдір. Қандай диагноз сәйкес келеді?
  жедел бактериалды конъюнктивит
  аденовирусты конъюнктивит
  эпидемиялық кератоконъюнктивит
  пневмококкты конъюнктивит
  көктемгі конъюнктивит

 

№26
5 жастағы баланың көзі қызарған, жарықтан қорқу, жас ағу, көз алмасы конъюнктивасында тамырлары бар түйін бар. Қандай диагноз сәйкес келеді?
  фликтенулезды
  вирусты
  көктемгі
  бактериалды
  хламидиялық

 

№27
Науқаста антибактериалды дәрілерді көп тамызғаннан кейін, қабақтары ісінген, қызарған, конъюнктива бүртіктенген, фолликула түзілген, терісінде папулезды-көпіршікті бөртпелер бар. Қандай диагноз сәйкес келеді?
  көктемгі катар
  фликтенулезды конъюнктивит
  дәрілік конъюнктивит
  поллинозды конъюнктиивт
  аденовирусты конъюнктивит

 

№28
Жедел эпидемиялық конъюнктивиттің қоздырғышы қайсы?
  Corynebacterium diphteriae
  Кох -Уикса таяқшасы
  Neisseria gonorrhoeae
  Herpes simplex
  хламидии

 

№29
Жаңа туылған нәрестеде гонобленнорея қай күннен бастап дамиды?
  6-7
  13-14
  2-3
  21-22
  30-31

 

№30
Науқаста айқын қабақтың ісінуі, конъюнктивалық инъекция, іріңді бөлініс және алып тастағанда орнында жара қалатын ұлпа (пленк байқалады. Қандай алдын-ала диагноз сәйкес келеді?
  бактериалды конъюнктивит
  дифтериялық (күл) конъюнктивит
  вирустық конъюнктивит
  пневмококкты конъюнктивит
  хламидиялық

 

№31
Науқас 23 жаста, екі көзінде бөгде зат тұрғандай сезімге және іріңді бөлініске шағымданады. Ауырғанына 2 күн болған, алдымен оң көзі ауырған, содан кейін сол көзіне өткен. Объективті көрінісі: OU - кірпіктерінде қатып қалған былшықтар бар, қабақтарының конъюктивасын қан кернеген, борпылдақ, ісінген, шеміршектің мейбомий безінің суреті байқалмайды, склерада әлсіз конъюнктивалық инъекция байқалады. Қандай алдын-ала диагноз барынша сәйкес келеді?
  жедел бактериалды конъюнктивит
  аденовирустық конъюнктивит
  эпидемиялық конъюнктивит
  пневмококкты конъюнктивит
  диплобациллярлық конъюнктивит

 

№32
Науқас 14 жаста, көзінің қатты қышуына, ашып күйген тәрізді сезімдерге, ауыру сезімімен жүретін жиі көзін жыпылықтауына шағымданады. Ауырғанына бір апта болған. Объективті көрінісі: OU – қабақ терісінің сыртқы бұрышы былжыраған, экзематозды өзгерген, ылғалданған тіліктер көрінеді; көз саңылауының бұрышындағы қабақ конъюнктивасын қан кернеген, көзден созылыңқы кілегей тәрізді аз мөлшерде бөлініс ағады. Қандай алдын-ала диагноз барынша сәйкес келеді?
  жедел бактериялық конъюнктивит
  аденовирусты конъюнктивит
  эпидемиялық конъюнктивит
  пневмококкты конъюнктивит
  диплобациллярлы конъюнктивит

 

№33
Нәрестенің туылғаннан кейін 3 күн өткен соң қабақтары көкшіл түсті болып айқын ісінді. Көз саңылауынан еттің жуындысы тәрізді бөлініс ағады. Конъюнктива қызарған, инфильтрацияланған, қанталайды. Қандай алдын –ала диагноз сәйкес келеді?
  жедел бактериалды коньюнктивит
  нәрестелердің гонобленнореясы
  Эпидемиялық кератоконьюнктивит
  Пневмококты коньюнктивит
  Диплобацилярлы коньюнктивит

 

№34
Науқас 27 жаста, көзінің қызаруына, ауыруына, жарықтан жасқанып, жас ағуына шағымданады. Клиникалық көрінісі: қабақтар ісінген, конъюнктива қызарған және инфильтрацияланған, бөртпелер мен қанталау байқалады. Лимфа түйіндерінің аденопатиясы бар. Қандай алдын-ала диагноз барынша ықтимал?
  бактериалды коньюктивит
  басыр
  Эпидемиялық геморрагиялық конъюнктивит
  Аденовирустық
  Аллергиялық

 

№35
Науқас 59 жаста, негізгі клиникалық көріністерінен паратрахома диагнозы қойылды. Ересектерде паратрахоманы қандай аурулардан ажырату керек?
  Хламидиялық коньюктивит
  Бактериалдық коньюнктивит
  аденовирусты коньюнктивит, басыр
  Аллергиялық коньюнктивит, басыр
  күлдік коньюнктивит

 

№36
Науқас 5 жаста, 3 күннен бері ауырады. Ата – анасының айтуынша бала-бақшадан жұқтырған. Объективті: OU- көп мөлшерде шырышты бөлініс, күмбез және қабақ конъюнктивасының қызауы, ісінуі, петехиалды қанқұйылу. Дене қызуы 38градус, басының ауруы, мұрнынан су ағу. Қандай алдын-ала диагноз сәйкес келеді?
  Жедел эпидемиялық коньюнктивит
  Гонобленнорея
  Дакриоцистит
  Аденовирусты коньюнктивит
  Дифтериялық коньюнктивит

 

№37
Нәресте туылғаннан кейін 3 күн өткен соң гонобленнореяның клиникалық көріністері байқалды. Нәресте қандай жолмен ауруды жұқтырған?
  Қарым- қатынастық жолмен кір киім, жуылмаған қол арқылы
  гонобленнореямен ауыратын анасының туу жолдарынан өткенде немесе баланы күту барысында зат арқылы
  Кір қолдан, ластанған су арқылы
  Ауа- тамшы жолмен
  Қарым – қатынас арқылы, жалпыға қолдану заттарымен, медициналық қызметкерлердің кір қолдарынан

 

№38
Қандай симптом орбитаның патологиясына жатады?
  Эктропион
  экзофтальм
  Миоз
  Буфтальм
  Гемофтальм

 

№39
Науқас 22 жаста. Жедел ауырған. Жалпы жағдайы өзгермеген. Науқас көз шарасы жағынан қысым сезінеді, көз алмасын қимылдатқанда, ауырады. Объективті: ОД – экзофтальм, көз алмасының қимылы аздап шектелген, диплопия, қабақтары мен көз алмасы конъюнктивасы аздап ісінген. Қандай алдын-ала диагноз сәйкес келеді?
  Қабақтың абсцессі
  иридоциклит
  блефарит
  тенонит
  катаракта

 

№40
Диабеттік ретинопатияның ерте болатын белгілері:
  тор қабық алдындағы витреалды қанқұйылулар, тор қабықтың венасының тромбозы
  көптеген қанқұйылулар, жаңадан түзілген қантамырлар
  микроаневризмалар, май қанқұйылулар
  дәнекер тіннің өсуі, тор қабықтың фиброзы
  тор қабықтың сылынуы

 

№41
Диабеттік ретинопатияның пролиферативті кезеңінің басталуы қандай өзгерістермен сипатталады?
  тор қабық пен шыны тәрізді денеге қан құйылу
  гемианопсия
  неоваскуляризация
  артқы синехия, артерия мен артериоланың тарылуы
  макро және микроаневризмалар

 

№42
Қасаң қабықтағы қабыну ошағы қалай аталады?
  абсцесс
  инфильтрат
  флегмона
  фликтена
  гипопион

 

№43
Науқас 49 жаста. Көруінің төмендеуіне шағымданады. Обьективті: OU – оптикалық орталар мөлдір, көз түбінде көптеген қан құйылулар және жаңадан түзілген қан тамырлар байқалады. Қандай алдын-ала диагноз барынша ықтимал?
  диабеттік ретинопатия
  гипертониялық ретинопатия
  глаукома
  тор қабықтың орталық артериясының түйілуі
  Гиппель-Линдау ауруы

 

№44
Көз алмасының ортаңғы қабығы тұрады?
  нұрлы қабық, цилиарлы дене, хориоидеядан
  қасаң қабық, тор қабық, шыны тәрізді денеден
  нұрлы қабық, тор қабық, хориоидеядан
  склера, хориоидеядан
  склера, нұрлы қабықтан

 

№45
Көру нерві неше бөліктен тұрады?
   
   
   
   
   

 

№46
Бұршақтың ядросы пайда болады?
  10жаста
  15 жаста
  25жаста
  40жаста
  45жаста

 

№47
Науқаста бас-ми жарақатынан кейін қабақтардың ісінуі, крепитация. Орбитаның қандай қабырғасының сынығы болу мүмкін?
  сыртқы және ішкі
  ішкі және төменгі
  жоғарғы
  төменгі және сыртқы
  жоғарғы және сыртқы

 

№48
Науқаста блефароспазм, жас ағу, жарықтан жасқану, көзде бөгде дене тұрғандай сезім. Көз алмасының қандай бөлігінің зақымдануы мүмкін?
  қасаң қабық
  конъюнктива
  нұрлы қабық
  хориоидея
  склера

 

№49
Қандай құрылымдар алдыңғы камераның қабырғалары болып табылады?
  қасаң қабық, нұрлы қабық, цилиарлы дене
  қасаң қабық, нұрлы қабық, шыны тәрізді дене
  нұрлы қабық, бұршақ, цилиарлы дене
  цилиарлы дене, нұрлы қабық, тор қабық
  бұршақ, шыны тәрізді дене, нұрлы қабық

 


Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 610 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.017 сек.)