АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Астана-2014ж

Прочитайте:
  1. Астана-2014ж.
«Экономика және менеджмент» кафедрасының мәжілісінде қарастырылды. «_ 28 _»_____ тамыз _________2014ж Хаттама №1 Жоғары білім беру факультетінің ОӘК мақұлданды. «__ 02 __»_____ қыркүйек ___2014 ж Хаттама №1
«Экономика және менеджмент» кафедрасы меңгерушісі _________________ ____ Темирова А.Б. (қолы) (аты-жөні)   Жоғары білім беру факультетінің ОӘК төрайымы _____________ Рахимова Г.А _______ (қолы) (аты-жөні)

9 КУРСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫ ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР

Әдістемелік нұсқаулардың мақсаты – бұл студенттің экономиканың теориялық және әдістемелік негіздерін білетін, микроэкономикалық және макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеп, қорытынды жасай алатын білікті мамандар дайындауға бағытталған.

Алдымен курстық жұмыстың тақырыбын таңдап алу қажет болады. Тақырып дұрыс анықталса, онда жұмыс та белгіленген мерзімде орындалады.

Тақырыпты саналы да мақсатты түрғанде таңдайды. Ол үшін тақырыптың теориялық мән мазмұнын, негізгі сұрақтарын және мақсаттық проблемаларын қолдағы бар әдебиет оқулықтардан алдын-ала оқып біліп алған дұрыс болады.

Жалпы кез келген тақырыптық курстық жұмысты негізінен үш бағытта анықтап жазған ұтымды. Біріншіден, курстық жұмыстың тақырыбын категориялық –анықтамалық түрде талдап жазады. Екіншіден, курстық жұмыста қаралатын тақырыптың негізгі мәселесі жүйелі түрде, белгілі бір экономикалық модель (концепция), шаруашылық механизм ретінде сүреттеледі. Үшіншіден, осылай категориялық және теориялық деңгейде толық анықталған проблеманың Қазақстанның нақты экономикалық-әлеуметтік жағдайлармен байланыстыра отырып, оның тәжірибелік-практикалық бағытын баяндап ашып беру курстық жұмыстың түпкі мақсаты болады.

Осылай анықталған курстық жұмыстың ішкі мазмұндық логикасы мен құрылымына сәйкес оның (курстық жұмыстың) жоспарлары жасалады.

Жұмыстың жоспары алынған тақырыптың мазмұнын толық және жан-жақты баяндап талдауға жол ашатын түрде анықталып қойылған сұрақ- мәселелерден құралады.

Бірінші сұрақ тақырыптың мәнін ашатын категориялар мен принциптерге арналып қойылады. Екінші сұрақ тақырыптың экономикалық мазмұнын суреттейтін механизм-модель ретінде Қазақстанның шаруашылық жағдайларымен байланыстыра баяндап беруге арналғаны дұрыс болады.

Сонымен курстық жұмыстың тақырыбы: 1) категориялық, 2) теориялық, 3) тәжірибелік деңгейде анықталады. Осы айтылған үш бағыт курстық жұмыстың негізгі мазмұндық бөлімі болады. Бұдан басқа жұмыстың кіріспе және қорытынды бөлімдері де беріледі. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, қаралатын негізгі сұрақ мәселелері, жұмыстың теориялық және тәжірибелік мақсаттары қысқаша анықталады. Кіріспе ықшамдалып, қысқаша 2-3 бетке жазылып беріледі.

Сондай-ақ, жұмыстың соңында жоспарда қойылған және негізгі бөлімде баяндалып жазылған сұрақтардың түйіндері тұжырымдалып, қорытынды ретінде 2-3 бетке ықшамдалып беріледі.

Курстық жұмысқа қойылатын тағы да бір талап-ол жұмысты белгіленген тәртіпке сай дұрыс безендірілуі. Біріншіден негізгі бөлімде қолданған әдебиеттерге сілтеме жасау; екіншіден қаралған сұрақтарды әртүрлі схемалар, кесте таблицалар, график-схемаларды қолданып баяндау; үшіншіден курстық жұмыста ресми құжаттардың Қазақстан материалдарын қолдану қажет болады.

Курстық жұмыстың алдымен анықтамалық беті мен жоспары жеке безендіріліп беріледі (1 және 2 қосымшаларды қараңыз). Жұмыстың кіріспесі 3-ші беттен басталады; жұмыстың әрбір тарауы (негізгі сұрақтары) да жаңа беттен анықтамасынан басталады. Жұмыстың соңында қорытынды бөлімін қолданған әдебиеттер тізімі және қосымша материалдар тіркеледі.

Толық орындалып біткен жұмыс жетекші-оқытушы мұғалімге тапырылады. Жетекші мұғалім жұмысқа өзінің пікірін білдіреді. Онда бағаланған курстық жұмыс қорғауға жіберіледі.

Жазып орындаған жұмысын студент ауызша ашық түрде, басқа студенттердің алдында оқытушы мұғалімдердің қатысуымен қорғайды.

Автор 5-7 минут уақыт мерзімінде курстық жұмыста қаралған мәселелердің мазмұнын толық баяндап беруі керек. Екіншіден жетекші-оқытушының және қатысқан студенттердің қойған сауал-сұрақтарына ұтымды жауап беруі қажет. Осылай қорғаудың нәтижесінде курстық жұмыс және оны орындаған студент өзінің қорытынды бағасын алады. Бағасы сынақ ведомостына және студент кітапшасына жазылады; оны растайтын оқытушының қолы қойылады.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ БАРЫСЫ КЕЛЕСІ ҚАДАМДАРДАН ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАРДАН ТҰРАДЫ:

q Пән бойынша курстық жұмыстың тақырыптарын семестрдің басында тарату (семестрдің 1–2 ші аптасы);

q Курстық жұмыстың тақырыбын таңдау (семестрдің 4-ші аптасы);

q Қажетті және міндетті оқулық әдебиеттер көзін таңдау және іріктеп алу;

q Курстық жұмыстың жоспары мен құрылымын құру (семестрдің 4-ші аптасы);

q Курстық жұмысты орындауға кірісу (семестрдің 5-ші және 10–шы апта аралығы):

o Кіріспе (2 - 3 бет);

o Курстық жұмыстың негізгі бөлімі (2 немесе 3 бөлімнен құралады, әр бөлім 2 – 3 сұрақтан қамтылуы тиіс, негізгі бөлімнің көлемі 20 бетке дейін);

o Қорытынды (2 - 3 бет);

o Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

o Қосымшалар;

q Курстық жұмысты орындау барысында әр абзацқа немесе әр мәселеге, сұрақтарға алынған әдебиеттер көзі бойынша сілтемелер жасалу қажет;

q Курстық жұмысты дайындау талаптары (формат – А4, көлемі – 25 – 30 бет, кегль № 14, жол арасы бір интервал);

q Курстық жұмыстың алғашқы нұсқасы жазылып біткеннен кейін ғылыми жетекшімен тексеріледі, кемшіліктері анықталады, ұсыныстар айтылады, және тексерілгеннен кейін жұмыс соңғы өңдеуден өтіп барып қана қорғауға жіберіледі (семестрдің 11-12 - ші апталары);

q Курстық жұмысқа пікір жазылуы тиіс;

q Курстық жұмысты қорғау (10 минут), қорғау барысында уақытқа байланысты жұмысқа қысқаша баяндама жасалуы тиіс және маңызды бөлімдерге, яғни екінші және үшінші бөлімдерге көбірек тоқталу қажет;

q Курстық жұмыс уақытында қорғалуы тиіс (семестрдің 13 - ші аптасы), өйткені курстық жұмысты уақытында қорғамаған және мерзімінен кешіктірген студент емтиханға жіберілмейді.

9.1 ҚУРСТЫҚ ЖОБАНЫҢ (ЖҰМЫСТЫҢ) ТАҚЫРЫПТАРЫ

1. Микроэкономиканың пәні және әдіснамалық рөлі

2. Микроэкономикалық теорияның қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерi

3. Микроэкономиканың нарықтық идеологияны қалыптастырудағы рөлi

4. Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық ой-пікірлердің маңызы

5. Неоклассикалық теорияның микроэкономиканы жеке ғылым ретінде қалыптастыруындағы рөлі

6. Экономикалық ресурстар және оларды оңтайлы қолданудың мәселелері

7. Адам Смит және оның «көрінбейтін қол» қағидасы

8. Альфред Маршалл және оның еңбектері

9. Леон Вальрас және оның теориялары

10. Нарық: нарық жағдайындағы келісім шарттар және трансакциондық шығындар. Р. Коуздың нарық туралы теориялары

11. Өркениетті экономика жағдайында нарық теориясының жаңа мүмкіндіктері мен белгілері

12. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдері, қайшылықтары мен нәтижелері

13. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың дамуының жаңа сатылары

14. Нарық механизмінің артықшылықтары мен кемшіліктері

15. Дж.М. Кларк және факторлардың шекті өнімділік теориясы

16. Кобба-Дуглас моделіндегі өндірістік функцияның ерекшеліктері

17. Нобель сыйлығының лауреаты В.В. Леонтьев және оның «шығындар-шығарылым» моделіндегі өндірістік функцияның ерекшеліктері

18. Қазақстандық ірі фирмалардың өндіріс ауқымының тиімділігіне талдау жасау (нақты бір фирманың мысалында)

19. Фирманың өндірістік тиімділігі және техникалық прогресс

20. Отандық фирмалардың дамуы және оларға әсер ететін техникалық прогресстің ерекшеліктері

21. Нобель сыйлығының лауреаты Р. Коуз және оның теориялары

22. Фирманың өндіріс шығындары мен пайдасына талдау жүргізу

23. Қазақстандағы экономикалық салалар және нарықтық құрылымдар

24. Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы бәсеке және оның түрлері

25. Қазақстандағы жетілген бәсекелес нарықтар және олардың тиімділігі

26. Жетілмеген бәсеке және оның шарттары

27. Бағалық дискриминация және оның түрлері

28. Қазақстандағы монополист – фирмалар және олардың әрекеттері

29. Қазақстандағы табиғи монополиялар және олардың ерекшеліктері

30. Қазақстандағы антимонополиялық саясат

31. Жарнама және оның түрлері

32. Э. Чемберлин және монополистік бәсеке теориясы

33. Дж. Робинсон және монополистік бәсеке теориясы

34. О. Курно және дуополия теориясы

35. ОПЭК – халықаралық мұнай картелі

36. Олигополия қазақстандық нарықтарды дамытудың әдісі ретінде

37. Жалақы және оның түрлері

38. Кәсіподақтар және олардың әрекеттері

39. ҚР Еңбек нарығының дамуы

40. Қазақстанда еңбек нарығын реттеу мәселелері

41. Жеке нарықтық тепе-теңдік және оның үлгілері

42. Л. Вальрастың «аукционист» моделі

43. Қоғамдағы әл-ауқаттылықты арттырудың жолдары

44. Нарықтағы әділеттілік пен тәртіпті орнатудың жолдары

45. Әл – ауқаттылық экономикасы және оның негізгі сипаттамалары

46. Жалпы тепе-теңдіктің орнау механизмін түсіну үшін мысалдар келтіру

47. Нарықтық белгісіздік және оның туындау себептері

48. Тәуекел: пайда болу себептері, түрлері, азайту жолдары

49. Нарықтық механизмнің кемшіліктері мен артықшылықтары

50. Сақтандыру және оның нарықтағы рөлі

51. Нарық фиаскосын реттеудегі мемлекеттің рөлі

52. Ақпарат асимметриясын төмендетудің тиімді жолдары

53. Спекуляция және оның экономикадағы рөлі

54. Коуз теоремасы және оның тәжірибелік маңызы мен орындалуы

55. Отандық экологиялық мәселелердің микроэкономикалық жақтары

56. Өндіріс және қоршаған орта

57. Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеудің отандық тәжірибесі

58. Отандық нарықтар фиаскосы және оның себептері

59. Отандық экономикадағы мемлекеттің рөліне баға беру

60. Қазақстандағы демократия және қоғамдық таңдау

61. Бюрократия экономикасы және мемлекеттің сәтсіздіктері. Отандық коррупция

62. Саясат және саяси бәсекелестік

9.2 ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Ғабит Ж.Х., Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С.Микроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқулық/ – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2010. – 275 б.

2. Микроэкономика. Құдайбергенова К.С. Оқу құралы. – Көкшетау: 2005 – 224 б.

3. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тілеужанова М. Ә. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2004. – 418 б.

4. Нуреев Р. М. Курс микроэкономики: Учебник для вузов – 2-е изд., изм. – М.: НОРМА, 2005. – 576с.

5. Тарануха Ю.В. Микроэкономика: учебник для студентов вузов, обучающихся по экономическим специальностям. М.: Изд-во «Дело и Сервис», 2006. – 640с.

6. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006 г. – 832 с. (Раздел 2: Микроэкономика)

7. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. Микроэкономика. - Спб.: Питер, 2007. – 256 с.

8. Пиндайк Р.С., Рубинфельд Д.Л. Микроэкономика. М., 2002 г.

9. Сборник задач по микроэкономике. К «Курсу микроэкономики» Р.М. Нуреева/ Гл. Ред. Д.э.н., проф. Р.М. Нуреев. – М.: Норма, 2005-432с.

10. Селищев А.С. Практикум по микроэкономике. – СПб.: Питер, 2006-208с.

11. Микро-, макроэкономика. Практикум. Под общей ред. Ю.А. Огибина – СПб,1994г.

12. Афанасьев М.Ю., Данилин В.И. Сборник задач по микроэкономике. М.: Теис, 2005. – 248с.

13. Гребенников П.И., Леусский А.И., Тарасевич Л.С. Микроэкономика: учебник. СПб. 1998 г.

14. Гальперин В.М. и др. Микроэкономика. в 2-х томах. М.: 2000.

15. Максимова В.Ф. Микроэкономика. Учебник. М., 1996 г.

16. Микроэкономика. Под ред. Е.Б. Яковлевой – М., 1997 г.

17. Долан Э. Дж. Микроэкономика. Спб.: 1997.

18. Дорохина Э. Ю., Маликов М.А. Моделирование микроэкономики. Уч. пособие. М.: экзамен, 2003 – 223с.

19. Мухамедиев В.М. Микроэкономика. Уч. пособие. Алматы: 2001.

20. Мэнкью Н. Принципы микроэкономики. Учебник. 2-е изд. Спб. Питер – 2003 – 555 с.

21. Селищев А.С. Микроэкономика. Анализ рынка, теория цены, рынок и общество. Учебник: 2-е изд. Спб: Питер – 2003 – 448с.

22. Тарасевич Л.С. Микроэкономика. Учебник. 4-е изд., М.: ЮРАИТ, 2005 – 376 с.

23. Чеканский А.Н., Фролова Н.Л. Микроэкономика. Промежуточный уровень. Учебник – М.: 2005 – 685с.

24. Чечевицина Л.Н. Микроэкономика (Экономика предпрития, фирмы). Учебное пособие – 3-е изд. Ростов на Дону, Феникс – 2003, 448с.

25. Ким И. А. Сборник заданий по микроэкономике: Учебное пособие. М.: Вита-Пресс, 2005. – 144 с.

26. Корниенко О. В. Микроэкономика: 100 экз. ответов: Учебное пос. 2 – е изд., перераб. и доп. М. – Ростов н/Дону: 2004. – 254 с.

27. Микро -, макроэкономика. Практикум. Под общей ред. Ю.А. Огибина – СПб,1994г.

28. Микро и макроэкономика: Уч. пос. / М. И. Плотницкий, Л. В. Воробьева и др. – М.: Кн. дом. – 2004, 224 с.

 

«Қаржы академиясы» Акционерлік қоғамы Сапа менеджмент жүйесі Құжатталған процедура Пәннің оқу-әдістемелік кешені СМЖ ҚА ПП 21-10-2014 Күні 11.08.2014 ж. 165 беттен 125 беті

Қазақстан Ресубликасының білім және ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

«Қаржы академиясы» АҚ

Кафедра «Экономика және менеджмент»

(кафедра атауы)

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН

ОРЫНДАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР

Тақырып № 1-15

Сағаттар саны: 30


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1062 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.015 сек.)