АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ескерту. 1. Шараны шомылдырудан 2 сағат бұрын өткізу.

Прочитайте:
  1. Ескерту.
  2. Ескерту.
  3. Ескерту.
  4. Ескерту.
  5. Ескерту.
  6. Ескерту.
  7. Ескерту.
  8. Ескерту.

1. Шараны шомылдырудан 2 сағат бұрын өткізу.

2. Қабыршықтарды зорлықпен тазалауға болмайды.

3. Егер қабыршықтарды тазарту мүмкін болмаған жағдайда шараны бірнеше күн бойы қайталап өткізу қажет.

4. Шаштарға тығыз жабысып тұрған қабыршықтарды шашпен бірге қайшымен қиып тастау қажет.

 

ОМФАЛИТТЕР КЕЗІНДЕ КІНДІК ЖАРАСЫН ӨҢДЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші:

· кіндік жарасында қабынуы.

 

Керекті құралдар:

· стерильді мақта таяқшалары - 3;

· 3% су асқын тотығы;

· 70% этил спирті;

· 5% калий перманганат ерітіндісі;

· немесе жасыл бриллианттың спиртті ерітіндісі;

· стерильді пипетка;

· жөргектейтін үстелдегі жөргектеуге арналған жинақ;

· резеңке қолғап;

· қолданылған заттарға арналған лоток;

· дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш.

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Жөргектейтін үстелді дезерітіндімен өңдеп, оның үстіне жөргек төсеу, баланы жөргектейтін үстелге жатқызу.

5. Сол қолдың бірінші және екінші саусақтарымен кіндік жарасының шеттерін жақсылап керу.

6. Кіндік жарасына пипеткадан 1-2 тамшы су асқын тотығын тамызу, 30-40 секунд тосып кіндік жарасында пайда болған «көбікті» стерильді мақта таяқшаларымен алып тастау (іштен сыртқа қарай).

7. Кіндік жарасын (керек жағдайда) 5% калий перманганат немесе жасыл бриллианттың ерітіндісімен күйдіру (жара маңы терісіне тигізбей).

8. Баланы жөргектеп төсекке жатқызу.

9. Жөргектейтін үстелден жөргекті алып кір жөргекке арналған қапқа салу, жұмыс үстелін дезерітіндімен сүрту.

10. Қолғапты шешіп қорапқа салу, қолды жуу және құрғату.

Ескерту. Шараны көрсеткіш бойынша тәулігіне 3-4 рет өткізу.

 

ДЕНЕ ТЕМПЕРАТУРАСЫН ҚОЛТЫҚ АСТЫ ЖӘНЕ ШАТ ҚЫРТЫСТАРЫНДА ӨЛШЕУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: баланың дене температурасын анықтау.

Керекті құралдар:

· медициналық термометр;

· сағат;

· дезерітіндісі бар лоток;

· дәке салфеткалары;

· қалам, дәптер.

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Термометрді алып сынап 35°С төмен түскенге дейін сілку.

5. Қолтық асты (шат) қыртысы маңын мұқият тексеріп салфеткамен құрғатып сүрту.

6. Термометрдің сынап бағанасы жағын қолтық асты (шат) қыртысына, тері қыртыстарымен толық қамтылатындай және киімге тимейтіндей етіп орналастыру.

7. Баланың қолын (аяғын) бекітіп ұстау (денесіне басып ұстау).

8. Уақытты белгілеу және 10 минут өткеннен кейін термометрді алып көрсеткішін анықтау.

9. Анасын термометрияның қортындысымен таныстыру және t° температуралық параққа тіркеу. Әр клетка 0,2°С сәйкес келеді және нүктені клетканың ортасына қою қажет.

10. Термометрді сынап бағанасына түскенге дейін сілкіп дезерітіндісі бар арнайы ыдысқа салу.

11. Термометді алып ағынды сумен мұқият жуу және салфеткамен құрғата сүрту. Термометрді қорабына салу.

12. Қолғапты шешіп қорапқа салу және қолды жуып кептіру.

 

 

МҰРЫН ЖӘНЕ АУЫЗЖҰТҚЫНШАҚТАН ЖҰҒЫН АЛУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: бактериологиялық зерттеуге материал жинау.

Керекті құралдар:

· жарық көзі, орындық;

· резеңке қолғап, маска;

· стерильді пробиркалары мен құрғақ мақта шариктері бар штатив;

· стерильді шпатель;

· лабораторияға жолдама-бланк;

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Стеклографпен пробиркаларды «М», «Ж» (мұрын, жұтқыншақ) белгілеу.

5. Баланы жарық көзіне бетімен қаратып көмекшінің алдына отырғызу. Баланың аяғын көмекші өзінің аяқтарымен айналдыра қамтиды, қолдары мен кеудесін бір қолымен бекітіп ұстайды, екінші қолының алақанын баланың маңдайына қойып басын ұстайды, баланың басы аздап артқа шалқайған.

6. Пробирканы штативке орналастырып, сол қолға шпательді алып баланың аузын ашуын сұрау, шпательді ауыз қуысына енгізіп тілді басып ұстау.

7. «Ж» тампонды ауыз қуысының шырышына тигізбей, абайлап ауыз қуысына енгізу.

8. Тампонмен таңдай доғаларынан және бадамша бездерден шырышты келесі реттілікпен алу: доға – бадамша бездер - тілшік.

9. Тампонды ауыз қуысынан абайлап шығару, сыртына тигізбей пробиркаға салу.

10. Мұрыннан жұғын алу кезінде сол қолдың бірінші саусағымен мұрын ұшын жоғары көтеріп тампонды айналдыра қозғалтып мұрын қуысына енгізу қажет. Тампонның мұрын қуысының қабырғаларымен тығыз түйісун қадағалау қажет.

11. Тампонды қабырғаларына тигізбей абайлап пробиркаға орналастыру.

12. Қолғап киілген қолдарды жуу және антисептикпен өңдеу, масканы және қолғапты шешу, қорапқа салу және қолды жуып кептіру.

13. Материалды бакзертханаға тез арада немесе тоңазытқышта сақталған жағдайда 3 сағаттың көлемінде жеткізу.

Ескерту. 1. Жұтқыншақта қабыршық болса немесе күл ауруына күдік болған жағдайда жұғындыны сау және зақымданған тіндердің шекарасынан алу қажет.

2. Ауызжұтқыншақтан материалды ашқарынға, дәрі қабылдаудан, ауыз қуысын шаюдан бұрын алады.

АНТИБИОТКТЕРДІ ЕЗУ ЖӘНЕ ЕНГІЗУ АЛГОРИТМІ

Мақсаты: Баланы дәрігер тағайындаған дәрілік препарат мөлшерімен қамтмсыз ету.

Керекті құраладар: 1. резеңке қолғап

2. антибиотик флаконы

3. антибиотикке арналған ерітінді

4. инесімен шприц

5. 70% этил спирті

6. мақта шариктерімен, пинцетпен стерильді үстел

7. қолданылған заттарға арналған лоток

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Антибиотик, ерітінді флакондарындағы жазулармен танысу (аты, дозасы, жарамдылық мерзімі).

5. Ерітіндінің антибиотикті езуге керекті мөлшерін анықтау.

6. Балаға енгізуке арналған дайын ерітіндінің мөлшерін анықтау.

7. Шприцтің қорабын ашу, оны жинау, инесін кигізу, стерильді үстелге қою.

8. Спиртке малынған стерильді мақта шаригімен антибиотик флаконының алюминий қақпағын өңдеу, оны ашу және қайталап өңдеу.

9. Ерітінді ампуласының мойнын спиртке малынған стерильді мақта шаригімен өңдеу, ампула мойнын сындыру, керекті мөлшерін шприцке сорып алу. Антибиотик бар флаконның резеңке қақпағын инемен тесіп ерітіндіні енгізу. Флаконды шайқау.

10. Флакондағы инені шприцке кигізу және флаконды төңкеріп жоғары көтеру – шприцке дайын ерітіндінің қажетті мөлшерін сорып алу.

11. Шприцтің инеге арналған конусынан флаконды инемен бірге алып тастау, шприцке инъекцияға арналған инені қалпағын шешпей орналастыру.

12. Шприцтің ине жағын жоғары көтеріп 1-2 тамшы ерітіндіні ине қалпағына шығару және шприцті стерильді үстелдің үстіне қою.

13. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігін 70% этил спиртімен өңдеу және шприцті 900 жағдайында ұстап бұлшық етке антибиотикті енгізу.

14. Инені алу, инъекция орнын мақта шаригімен өңдеу (қолда қалтырылған), шарикті және шприцті жоюға арналған арнайы қорпқа салу.

15. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.

ҚҰЛАҚҚА ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: ортаңғы құлақтың қабыну процесін жою, евстахиев түтігінің өткізгіштігін жақсарту

 

Керекті құралдар:

· дәрі препараты

· қауіпсіз пипетка

· шиыршықталған мақта, шариктер

· қолданылған заттарға арналған лоток

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы).

5. Баланың сау құлақ жағын төмен бұрып жатқызу.

6. Құлақтан бөлініс болған жағдайда, тазарту.

7. Дәріні пипеткаға сорып алу.

8. Тамшының температурасын алақанның сыртына тамызып тексеру.

9. Сол қолмен құлақ ұшын төмен қарай тарту (1 жасқа дейін) немесе құлақ шеміршегін артқа және жоғары тарту (1 жастан жоғары).

10. Тамшыны есту жолдарына тамызу.

11. Тамшы ортаңғы құлаққа өту үшін құлақты бірнеше рет басу.

12. Құлаққа 10-15 минутқа тампон салу.

13. Тампонды алып тастау.

14. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

15. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.

Ескерту. Тамшыны дене температурасының көрсеткішіне дейін жылытып алу қажет (36-370).

КӨЗГЕ ТАМШЫ ТАМЫЗУ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: көзді ң қабыну процесін жою (конъюнктивиттер, блефариттер)

Керекті құралдар:

· дәрі препараты

· қауіпсіз пипетка

· мақта шариктері

· қолданылған заттарға арналған лоток

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию.

4. Дәрі препаратының сыртындағы жазумен танысу (аты, жарамдылығы).

5. Баланы арқасына жатқызу, басын аздап артқа шалқайту.

6. Дәрінің керекті мөлшерін пипеткаға сорып алу, сол қолға мақта шаригін алу.

7. Төменгі қабақты мақта шаригімен төмен қарай тарту, баланы жоғары қарауын сұрау.

8. Төменгі конъюнктива қыртысына 2-3 тамшы тамызу (пипетканы конъюнктиваға аса жақындатпаңыз).

9. Баланың көзін жұмуын сұрау. Ерте жастағы баланың көздерін мақта шаригінің көмегімен жұмдыру қажет.

10. Көзінің ішкі бұрышынан тамшының қалдығын мақта тампонымен алып тастау.

11. Тамшыны екінші көзге сол әдіспен тамызу.

12. Пипетканы дезерітіндіге салу, одан әрі залалсыздандыру.

13. Қолғапты шешу, қорапқа салу, қолды жуу және кептіру.


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 937 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.016 сек.)