АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Ескерту. 1.Ауыз арқылы регидратацияны эксикоздың 1-2 дәрежесінде өткізу.

Прочитайте:
  1. Ескерту.
  2. Ескерту.
  3. Ескерту.
  4. Ескерту.
  5. Ескерту.
  6. Ескерту.
  7. Ескерту.
  8. Ескерту.

1.Ауыз арқылы регидратацияны эксикоздың 1-2 дәрежесінде өткізу.

2. 2 сатыда өткізу қажет: а) біріншілік регидратация – нақты жоғалтылған сұйықтықтың мөлшерін 4 немесе 6 сағаттың көлемінде толықтыру;

б) қолдау – эксикоздың қайталануының алдын алу.

3. Глюкзо- тұзды ерітіндіні қайнатуға болмайды, 1 тәуліктен артық сақтауға болмайды.

НӘРЕСТЕГЕ ЖӘНЕ ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА ТАЗАРТҚЫШ КЛИЗМАСЫН ҚОЮ АЛГОРИТМІ

Көрсеткіші: нәжістің тұрып қалуы

Керекті құралдар:

· бөлме температурасына сәйкес суы бар ыдыс (20-220 С)

· ұштығы бар резеңке баллон (№ 1-6)

· вазелин майы

· резеңке қолғап, алжапқыш

· клеенка, жөргек

· сүлгі

· қолданылған заттарға арналған лоток

· горшок

 

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.

2. Керекті құралдарды дайындау.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, резеңке қолғап және алжапқыш кию.

4. Қатты тегіс жерге клеенка және жөргек төсеу.

5. Баланы сол жақ қырына, тізесін бүгіп және аяқтарын ішіне жинап жатқызу (6 айға дейінгі баланы арқасына, аяқтарын жоғары көтеріп жатқызу).

6. Баллонды оң қолға алып, ауасын шығару, суды сорып алу. Судың температурасы - 20-220 С.

7. Баллоның ұштығын вазелин майымен майлау.

8. Сол қолмен баланың жамбасын ашу және сол қалыпта бекітіп ұстау.

9. Баллонның ұштығын жоғары қаратып саусақтармен басу арқылы жайлап ауасын шығару (одан кейін баллонды босатпау керек). Баллонды анальді тесікке енгізіп алғашқыда кіндікке қарай, одан әрі, анальді тесіктің сфинктрінен өткеннен кейін, сегіз көзге параллель бағытында тік ішекке қарай жылжыту.

10. Баллонды жайлап қысып суды жіберу. Баллонның қысылған күйінде, ұштықты тік ішектен алу. Баллонды лотокқа, одан кейін дезерітіндіге салу.

11. Баланың жамбасын 3-5 мин қысып ұстау. Нәжіс бөлінгенге дейі баланы арқасына жатқызу, жыныс мүшелерін жөргекпен жабу. Үлкен жастағы балаларды горшокқа отырғызу.

12. Клеенка және жөргекті алып дезерітіндіге салу.

13. Дефекациядан кейін баланың жыныс мүшелерін жуу. Сүлгімен құрғатып сүрту, табиғи қыртыстарын майлау. Баланы киіндіру.

14. Алжақышты шешу, дезерітіндіге салу.

15. Қолғапты шешу, арнайы қорапқа салу. Қолды жуу, кептіру.


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 663 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.003 сек.)