АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жеделдетiлген нормалау . 12 страница

Прочитайте:
  1. B)новокаинмен жансыздандыру 1 страница
  2. B)новокаинмен жансыздандыру 2 страница
  3. B)новокаинмен жансыздандыру 3 страница
  4. B)новокаинмен жансыздандыру 4 страница
  5. B)новокаинмен жансыздандыру 5 страница
  6. B)новокаинмен жансыздандыру 6 страница
  7. B)новокаинмен жансыздандыру 7 страница
  8. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 1 страница
  9. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 10 страница
  10. D. Латеральна огинаюча стегно і стегнова 2 страница

Қышқылды жауындардың теріс әсерлері металдан жасалған құрылыстар мен техникалардың коррозияға ұшырауының күшеюі және сәулеттік ескерткіштердің және т.б. бұзылулары түрінде байқалады.

Адам ағзасына тек химиялық қана емес, сонымен қатар, биологиялық ластаушылар да әсер етеді. Ауа ортасының құрамында биологиялық нысандардың өте көптеген түрлері: бактериялар, вирустар, микроскопиялық саңырауқұлақтардың споралары, қарапайымдалардың цисталары, кенелер және т.б. бар. Алайда, ауа ортасының өзіне тән микрофлораны бөліп көрсету мүмкін емес, себебі, микроағзалардың өсіп-өнуі үшін ауа қолайлы орта болып табылмайды. Сонымен бірге, биологиялық агенттер, тіпті кепкен күйінде де өмірсүруге қаблеттілігін ұзақ уақыт сақтап қала алады. Ауа көптеген инфекциялардың: туберкулез, дифтерия, қызылша, көкжөтел, скарлатина, тұмау, сібір жарасы, туляремия, обаның және басқалардың негізгі берілетін жолы болып табылады. Ауа массасының үнемі айналымда болуы биологиялық аэрозольдердың едәір қашықтыққа таралуына ықпал етеді, бұл эпидемия дамуы қауіпін туғызады. Соңғы жылдары «қолдан жасалған» немесе қоздырғыштардың табиғи жолмен мутациялануымен (құс, доңыз тұмауы) байланысты инфекцияларды жұқтыру қаупі шұғыл өсті.

Ауаны ластайтын негізгі көзі топырақ болып табылады, бірақ қазіргі уақытта едәуір өскен халықтың кші-қон үрдістері, сонымен қатар, эпидемиялық тұрғыдан қауіпті қалдықтардың көздері болып табылатын (ауруханалар, фермалар және басқалар) немесе өндірістік үрдісінде микроағзаларды пайдаланатын (антибиотиктер, вакциналар, ақуыз-дәрумендік концентраттар өндірісі және т.б.) әр түрлі мекемелер мен кәсіпорындардың жұмыстары да манызды орын алып отыр. Халықтың денсаулығына биологиялық қару дайындалған, немесе дайындалып жатқан әскери биологиялық полигондар да қауіпті болып табылады.

Ауаның биологиялық ластануы жұқпалы және паразитарлық аурулар дамуының себебі болып қана қоймай, сонымен бірге, адам ағзасының едәуір дәрежеде сенсибилизациялануына әкеп соғады.

Аллергиялық реакциялар сапрофит бактериялардың, зең және ашытқы саңырауқұлақтарының, сарциндердің, жалған дифтерия таяқшаларының және басқа да микроағзалардың, сондай-ақ, олардың тіршілік өнімдерінің ағзаға түсуі кезінде дамуы мүмкін. Мысалы, аллергиялық аурулардың жаппай өршуі, шығарындыларының құрамында ақуыз-дәрумендік концентраттардың, микроскопиялық саңырауқұлақ-продуценттердің, антибиотиктердің, соя ақуызының шаңдары бар микробиологиялық өнеркәсіп кәсіпорындарының жанында тұратын тұрғындарда байқалған.

Биологиялық аэрозольдер мөлшерінің өте жоғары деңгейі ірі елді мекендердің ауасында байқалады, мұнда 1 м3 ауада 30-40 мыңға дейін микроағзалар табылуы мүмкін. Ал, қаладан тыс жасыл аумақта, сонымен бірге, таулы жерлерде олардың концентрациялары қалыпты жағдайда 1 м3 ауада 1000-1500 аспайды. Қысқы уақытта ауа аз ластанады, бұл микроағзалардың топырақтан ауаға түсуінің төмендеуімен түсіндіріледі. Атмосфералық ауа жабық бөлмелерді де биологиялық ластаушы көзі болуы мүмкін.

7. Атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі шаралар

Атмосфералық ауаны қорғау маңызды және қиын мәселе болып табылады. Оны орындау, ауаның табиғи жағдайын сақтаудың және қайта қалпына келтірудің; сонымен қатар, адам денсаулығына және қоршаған табиғи ортаға қолайсыз әсерлерінің алдын алудың барлық мүмкін болатын аспектілерін қамтитын жолдармен іске асырылуы қажет. Атмосфералық ауаны қорғау жөнінде жүргізілетін шаралардың ауқымды кешені заңға негізделеді. Қазақстан Республикасының «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» (11.03.2002 ж), «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық аман-саулығы туралы» (4.12.2002 ж), «Қоршаған табиғи ортаны қорғау туралы» (15.07.1997 ж) зандары атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі құқықтық және ұйымдастыру негіздері мен экологиялық-гигиеналық талаптарды анықтайтын негізгі заңдары болып табылады.

Заңнамаға сәйкес атмосфералық ауаны қорғау мемлекеттің басқаруында болады, себебі бұл сұрақтар жалпы мемлекеттік масштабта шешіледі және жеке адамдардың немесе жекелеген тұрғындар топтарының мүддесіне тәуелді болмауы керек.

Басқару шешімдерін қабылдау үшін, ең алдымен, атмосфералық ауаның шын мәніндегі жағдайы туралы ақпарат қажет, оны, ауаның ластану көрсеткіштерін қандай да бір рұқсат етілген, адам үшін қауіпсіз, деңгейлермен салыстырмай, алуы мүмкін емес. Сондықтан табиғатты қорғау заңдарының маңызды тарауларының бірі, ауаны химиялық, биологиялық, физикалық ластаушылардың және әр түрлі көздерден заттардың ауға шығарылуының шектік рұқсат етілген деңгейін гигиеналық және экологиялық нормалау болып табылады. Атмосфералық ауадағы зиянды заттар үшін екі норматив орнатылады: орташа тәуліктік (о.т.) ШРЕК және максималды бір реттік(м.б.р.) ШРЕК. Атмосфера ластануының ШРЕК деп адам денсаулығына және оның ұрпағына бүкіл өмірі бойына тікелей немесе жанама түрде қолайсыз әсер еипейиін заттың концентрациясын айтады. М.б.р ШРЕК қысқа уақыт ішінде (20 минутқа дейін) адамның иісті сезуін, көз бен жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабықтарының тітіркенуін, көздің жарыққа сезімталдылығының өзгеруін, тыныс алуының тоқтауын және басқа да рефлекторлық реакциялар тудыратын заттарға орнатылады... О.т ШРЕК ұзақ уақыт әсер еткен кезде әр түрлі уланудан болатын эффектілерінің дамуына әкелетін резорбтивтік әсері бар заттарға орнатылады. Сонымен қатар, ауаға түсетін заттардың шектік рұқсат етілген шығарындыларының көлемі (ШРЕШ) де нормаланады. Оларды есептеуге қойылған негізгі қағида, ластаушы заттардың ауаға түсуін, олар үшін орнатылған ШРЕК-тен асатын мөлшерге дейін жоғарлауына әкеп соқпайтын деңгейде қамтамасыз ету болып табылады.

Техникамен жеткіліксіз жабдықталуына немесе шығарындылардың мөлшерін төмендетуге мүмкіндік беретін әдістердің болмауына байланысты, кәсіпорындар өздеріне арналып орнатылған ШРЕШ деңгейіннің сақталуын барлық уақытта іске асыра алмайды. Мұндай жағдайларда шығарындыларды ШРЕШ деңгейіне дейін кезен-кезеңмен төмендетуге рұқсат етіледі. ШРЕШ қамтамасыз етуге абсолютті түрде мүмкіншілік жоқ болған жағдайларда кәсіпорынның жұмыс саласы өзгертілуі тиіс немесе жабылуы керек.

Атмосфералық ауаға теріс әсерлерді төмендету мақсатында, өндірістегі әр түрлі технологиялық үрдістерді, соның ішінде, табиғи пайдалы қазбаларды алу, жарылыс жұмыстары, тасымалдау, улы химикаттарды сақтау және қолдану, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды қайта пайдаға асыруды және т.б. жүргізу үшін ҚР Заңдарымен нақты ережелер мен талаптар орнатылады. Атмосфералық ауаға химиялық және биологиялық ластаушыларды шығаратын, сонымен қатар, физикалық ластаушылардың көзі болып табылатын мекемелер мен ұйымдардың жұмысы да заңмен реттелініп отырады.

Оларға физикалық факторлардың әсер ету деңгейін азайтуға және шығарындыларды төмендетуге бағытталған ұйымдастыру, технологиялық, техникалық және санитарлық-техникалық, сонымен қатар, жоспарлау шараларын іске асыру жүктеледі.

Жоғарыда аталған шаралардың ішінде ең тиімдісі технологиялық шаралар болып табылады, себебі өндірістік үрдістің технологиясына өзгерістер енгізу, атмосфералық ауаға шығарындылардың мөлшерін едәуір азайтуға немесе оларды мүлде жоюға мүмкіндік береді.

Стратегиялық технологиялық шараларға аз қалдықты және қалдықсыз, сонымен бірге, ресурстарды сақтайтын технологияларды дайындау мен енгізу жатады.

Мұндай технологияның мысалы ретінде, металлургиялық зауыттардың күйесінен графит алуды айтуға болады. Оны енгізу графит кенін алудан бас тартуға және өндіріс қалдықтарын қоймаларда сақтауды тоқтатуға мүмкіндік береді. Аз қалдықты және қалдықсыз технологияларды дайындаудан басқа, сондай-ақ, зиянды заттарды зиянсыз заттарға немесе зияндылығы аз заттарға алмастыру, сұйық және қатты отындарды газ түріндегі отынға алмастыру, отпен қыздыруды электрлік түріне ауыстыру, технологиялық үрдістерде қолданылатын шикізат пен реагенттердің құрамын өзгерту, оларды зиянды қоспалардан тазарту, сусымалы материалдарды өңдеудің құрғақ әдістерін ылғалды әдістеріне алмастыру және т.б. сияқты технологиялық шаралар да іске асырылады.

Қазіргі уақытта, отынды энергетиканы күннің, теңіздің, желдің энергиясын және геотермальды энергияны пайдаланатын отынсыз энергетикаға алмастыруға ерекше көңіл аударылады. Күн сәулесін және электр энергиясын қолдану, сонымен қатар, сутектің негізіндегі синтетикалық отындар, газ, спирт сияқты отындардың басқа түрлеріне тез ауыстыру да автокөліктерден шығатын газдарды азайтудың бірден бір жолы болып табылады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарынан азот тотықтары шығарылуының едәуір азайуы (көмірдің жануы кезінде 60% жоғары) отыны ішінде орналасқан, арнайы оттықтарды қолдану арқылы және түтін газдарын жану камерасына қайта айналдырып түсірумен іске асырылады. Көмірді күкірттен тазартып, содан кейін оны отын ретінде пайдалану, күкіртті газ шығарындыларын көп төмендетеді.

Техникалық және санитарлық техникалық шараларды технологиялық шаралармен қатар қолданады. Олар өндірістік үрдісінің технологиясына қатыспай, газ түріндегі шығарындыларды тазартуға және олардың таралу дәрежесін төмендетуге бағытталған.

Шығарындыларды шаңнан тазарту үшін сүзгіден өткізудіжәне гравитациялық, орталықтан тебу, электрлік және акустикалық өрістерде шаңды отырғызуды қолданады. Гравитациялық шаң ұстағыштарда шаң бөлшектері гравитация күшінің әсерінен камераның түбіне отырады. Орталықтан тебетін шаң ұстағыштарды - циклондарды қолданғанда, газ ағыны циклонның ішіне кіргізіледі де, корпусының бойымен айналып-алға жылжитын қозғалыс жасайды. Орталықтан тебу күшінің әсерінен шаң бөлшектері циклонның қабырғасына қарай лақтырылып, шаң жинағышқа түседі. Сонымен қатар, сүзгілеуші шаң ұстағыштар да қолданылады. Газ ағыны бұл ұстағыштардан өткен кезде, шаң, қалыңдығы мен тығыздығы әр түрлі, тесіктері бар материалдарда - сүзгілерде ұсталынып қалады. Газдарды аэрозольдердан тазартатын аппаратардың ең жетілдірілген түріне электросүзгілер жатады. Электросүзгілерде ауаның теріс зарядталған иондары шаң бөлшектерімен жанасып, оларға өз зарядтарын береді. Шаң бөлшектері оң зарядталған электродтарға бағытталады, осы жерде өздерінің зарядтарын жоғалтып, қонып қалады. Шаңның қонған қабаты дірілдің көмегімен бункерге түсіріледі.

Газдардың шаңнан тазарту дәрежесі шаң бөлшектерін ірілендіру кезінде жоғарылайды. Бұл қасиет акустикалық ультрадыбыстық шаң ұстағыштарда қолданылады, мұнда, бөлшектердің диаметрлері, дыбыстық және ультрадыбыстық тербелістердің әсерінен олардың өзара соқтығысуы санының көбею есебінен жоғарылайды.

Шығарындыларды газ түріндегі уландыратын қоспалардан және шаңдардан тазарту, абсорбция (шығарындыларды сұйық еріткіштермен жуу) әдісі, адсорбция (қоспаларды қатты белсенді заттар - сорбенттердің сіңіруі), хемосорбция (қоспаларды, олармен химиялық байланысқа түсетін реагент ерітінділерімен жуу) және каталитикалық әдістері (катализатордың қатысуымен қоспалардың химиялық өзгеріске түсуі) арқылы іске асырылады.

Соңғы жылдары каталитикалық әдістер тек өндірістерде ғана емес, сонымен бірге, автокөліктердің газдарын бейтараптау үшін де қолданады. Бейтараптаушы құрғылар азот тотықтары мен көміртек тотығын уытты емес газ түріндегі азот пен СО2 айналдырады, сонымен қатар, отынның толық жанбаған өнімдерін аяғына дейін жануын қамтамасыз етеді.

Шығарындыларды сейілту үшін биік және өте биік құбырларды орнатады. Бірақ та, бұл әдіс аса тиімді емес, себебі, құбырлардан шыққан ластаушылар, тіпті елді мекендерден белгілі бір қашықтықта болса да, бәрібір ауаға түседі.

Жоспарлау шаралары қала аумағын өнеркәсіптік, селитебті, көліктік және әкімшілік – шаруашылық сияқты жеке зоналарға бөлуден, жел раушаны мен жер бедерін ескеріп, селитебті зонаны ұтымды орналастырудан, ластаушы көздер мен селитебті зонаның арасында санитарлық-қорғаныс зонасын ұйымдастырудан, елді мекендерді көгалдандырудан т.б. турады.

Санитарлық-қорғаныс зонасының өлшемін ластаушы көздің зияндылық сыныбына сәйкес анықтайды: 1 сыныпқа жататын кәсіпорындар үшін - 1000м, 2 - 500 м, 3 - 300 м, 4 -100м, 5 сыныпы үшін - 50 м.

Заң атмосфералық ауаны қорғау саласында бақылау жүргізуге міндетті етеді, оны экологиялық қызметтер және санитарлық эпидемиологиялық қызметтің органдары және мекемелері жүргізеді.

Ластаушылардың көздеріне, атмосфералық ауаның сапасына, ластанған аумақтарда тұратын тұрғындардың денсаулық жағдайына үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының құрылыстары мен қайта құруының барлық жобалары міндетті түрде экологиялық-гигиеналық сараптамадан өтеді. Сақтық санитарлық бақылау өнеркәсіп кәсіпорындарын салу үшін жер телімін таңдау және бөліп беру кезінде, сонымен қатар, ауаны ластаушы көзі болуы мүмкін нысандардың салынуы мен пайдалануға беру кезінде де іске асырылады. Жұмыс істеп жатқан нысандарда үнемі күнделікті санитарлық бақылау жүргізіліп отырады.

Атмосфералық ауаны қорғау механизімінің біріне заңмен бекітілген сұрақтарды шешудің экономикалық рычагтары жатады. Оларға бір жағынан - табиғи ресурстарды пайдалану құқығына төлемдер, құқық бұзушылық үшін айып пұл санкциялары жататын болса, ал екінші жағынан, мемлекеттің салық жеңілдіктерін жасауы, табиғатты қорғайтын құрылыстар мен жабдықтарды сатып алу үшін және жаңа технологияларды дайындау үшін субсидиялар беруі жатады. Атмосфералық ауаның ластануында әкімшілік шекаралырының болмауы, сонымен байланысты, адамзаттың өмір сүруіне қауіп төндірген жаһандық мәселелердің пайда болуы, атмосфералық ауаны қорғау мәселелерінде халықаралық ынтымақтастықтың сөзсіз рөлін түсінуге мәжбүр етті. 1987 жылы озон қабатын қорғау жөніндегі және хлорфторкөмірсутектердің өндірісімен байланысты шығарындыларға тыйым салу туралы Монреальдік хаттамаға қол қойылды.

1992 жылы Рио-де-Жанейрода мемлекет пен үкімет басшылары деңгейінде БҰҰ Халықаралық конференциясы өтті, онда Бағдарлама 21 және Климаттың өзгеруі туралы мәселе шеңберінде конвенция қабылданды. Бағдарлама 21 табиғи ресурстарды сақтау және рационалды қолдану сұрақтарына бағытталған супер бағдарлама болып табылды.

1997 жылы Киото (Жапония) қаласында әлемнің өнеркәсіптері дамыған елдерінен атмосфераға түсетін парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту туралы Киото хаттамасы құрастырылды. Стокгольм конференциясында қоршаған ортада тұрақты органикалық ластаушыларды, атап айтқанда, полихлорланған бифенилдерді өндіруге тыйым салу туралы шешім қабылданды.

Бағдарлама 21-ді нұсқаулыққа ала отырып, көптеген мемлекеттер, соның ішінде, Қазақстан Республикасы да, қоршаған ортаны қорғау, таза тіршілік және жұмыс ортасына адамдардың құқығын қамтамасыз ететін тұрақты дамуға көшудің ұлттық концепциясын дайындады.

8. Климат және ауа райы. Адам ағзасына әсері. Акклиматизация мәселелері.

Ауа райы мен климат әрбір адамның денсаулығы мен өмір сүру жағдайына үздіксіз әсер етіп отыратын табиғи фактор болып табылады. Ауа райы мен климат жағдайларының адам денсаулығына әсері Гиппократ заманынан белгілі болған. Сол уақыттарда өзінде ақ, көптеген аурулардың пайда болуын, ағымы мен салдарын климат және ауа райымен байланыстырған және әр түрлі патологиясы бар науқастарды емдеу барысында климаттық - ауа райы факторларын қолданған. Қазіргі уақытта миокард инфарктісі, мида қан айналымының жедел бұзылыстары, гипертониялық криздер, бронх демікпесінің қозуы, туберкулез, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасы, психикалық аурулардың және т.б.дамуында, сонымен қатар, кейбір дені сау адамдардың денсаулығының нашарлауында, климат пен ауа райы жағдайларының рөлі жөнінде дауласуға жатпайтын көптеген ғылыми фактілер жиналған. Болатын салдарын ескеру бұл аурулардың алдын алу мен емдеудің тиімділігін жоғарылатуға, сонымен қатар, қолайсыз ауа райы кездерінде жиілігі күрт жоғарылайтын, кенеттен пайда болатын өлім санын төмендетуге мүмкіндік береді.

Ауа райы деп, белгілі бір аумақтағы аз ғана уақыт аралығына (сағат, тәулік, апта) тән, атмосфераның жер маңындағы қабатының физикалық қасиеттерінің динамикалық жиынтығын түсінеді.

Ауа райын сипаттайтын негізгі элементтеріне күн сәулесінің қарқындылығы мен белсенділігі, атмосфераның электрлік жағдайы, Жердің магниттік өрісінің кернеулілігі, геомагниттік белсенділіктің өзгеруінің тез не баяу жүретіндігі және оның айқындылық дәрежесі, атмосфералық қысым, температура, ауаның ылғалдылығы, ауа қозғалысының бағыты мен жылдамдығы, бұлытты болуы, жауын-шашындар жатады.

Климат берілген ауданда көптеген жылдар бойына тұрақтанған, заңды түрде қайталанып отыратын ауа райының режимі болып табылады. Ауа райы мен климаттық жағдайлардың қалыптасуы ең алдымен, табиғи факторлармен - күн сәулесі, ауа массасының айналымы, жер бетінің жабындысы (беттік төсеніш) және бедерімен, теңіздер мен мұхиттардың жақындығымен қамтамасыз етіледі.

Күн сәулесінің электромагниттік бөлігінің есебінен атмосфераның жылынуы жүреді, бұл, тікелей күн сәулесі атмосфера қабатынан өткен кезде және күн сәулесімен жылынған жер бетінің жылуын беруі нәтижесінде іске асырылады. Бүл үрдіске ең улкен улесті жер беті қосады, себебі ол күн сәулесі энергиясының 47% дейінгі бөлігін сіңіріеді және жылуға айналдырады.

Атмосфераның жылынуы жер шарының әр түрлі нүктелерінде бірдей емес. Ол жергілікті жердің географиялық ендігіне, жер бетінің жабынды сипатына, тәулік уақытына, жыл мезгіліне, сіңірілу үрдісіне, күн радиациясының атмосфера арқылы өткен кезде шашырауы мен шағылысуына байланысты.

Экваторда атмосфераның жылынуы анағұрлым жақсы жүреді, бұл жерде көк жиектегі күннің туру биіктігі ең үлкен болғандықтан, күн сәулелері өтетін атмосфера қабатының қалыңдығы жұқа болады. (4 тарауды қараңыз)

Экватордан полюске қарай жылжыған сайын ол төмендейді, сондықтан атмосфераның жылынуының ең азы полюстерде байқалады. Бұдан басқа, тропосфераның жылынуына жер беті жабындысының шағылыстыру қабілеті - альбедо өте күшті әсер етеді. Альбедо неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жер жылуды аз сіңіреді. Мысалы, полярлық аймақтардағы қар жабындысы күн сәулесін 85% дейін шағылыстырады, бұл осы нүктелердегі ауаның одан да жоғары салқындауына ықпал етеді. Керісінше, өсімдіктермен немесе сумен жабылған жер бетінің альбедосы төмен болып келеді. Мысалы, шөптер және ағаштардың жапырақтарының альбедосы 20 - 30%, суда - 5%, құм және ұсақ, жұмыр тасты жерде - 29-32% құрайды.

Атмосфераның жылынуы күн сәулесін бұлттардың шашыратуы және атмосфералық ауаға түсетін ластаушылардың сіңіруі нәтижесінде де төмендейді. Жылынған ауа массалары жеңілдеу болады, сондықтан төмен атмосфералық қысым аумағын туғызады, ал суық массалары тығызырақ болғандықтан, олардың түзілетін жерлерінде жоғары қысым аумағы байқалады. Біркелкі емес жылыну нәтижесінде және осыған байланысты әр түрлі аумақтарда түзілген ауа массаларындағы қысымының айырмашылығынан, үнемі жоғары қысым аумағынан төмен қысым аумағына қарай ауа массаларының айналымы жүріп отырады. Жер бетінен қашықтаған сайын тропосферадағы температура төмендейді, сондықтан тропосфераның төменгі қабаттарында төмен қысым аймағы экваторда, жоғары қысым аймағы – полюсте түзіледі, ал тропосфераның жоғарғы қабаттарында кері көрініс байқалады.

Сол себепті атмосфераның жоғарғы қабатындағы ауа массалары экватордан полюске қарай ығысады, бірақ, Жердің айналу күшінің әсерінен олар ауытқиды, сөйтіп өзінің оңтүстіке қарай жылжыйтын бағыттарын батысқа қарай өзгертеді.

Субтропиктік аудандарда ауа массалары төмен түседі және тропосфераның төменгі қабаттарында жоғары қысым түзіп, осы жерден қайтадан экваторға қарай бағытталады. Осылай субтропиктер (өте жоғары қысым аймағы) мен экватор (өте төменгі қысым аймағы) арасында пассаттық деп аталатын аймақтық тұйық айналым пайда болады. Пассаттар Жердің айналу күшінің әсерінен біршама ауытқып, субтропиктен экваторға қарай соғады.

Осыған ұқсас, кысымның әр түрлігінен басқа да тұйық айналымдар: полярлық - полюс пен орта ендік арасында, орта ендіктер айналымы - орта ендік пен субтропиктер арасында пайда болады. Теңіздер мен мұхиттарға жақын жерлерде жазғы уақытта теңізден құрлыққа қарай, ал, қыста – керісінше соғатын муссондар және басқа да желдер тұрады.


Дата добавления: 2015-12-16 | Просмотры: 566 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.01 сек.)