АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Эпителий тіні

Прочитайте:
  1. В каком органе эпителий формирует трёхмерную сеть?
  2. Вдыхаемом воздухе вещества, обладающие повреждающим действием на эпителий бронхиального дерева.
  3. Высокий призматический (цилиндрический) эпителий. Почка кролика. Гематоксилин-эозин
  4. Выстилающий респираторные бронхиолы эпителий содержит следующие
  5. Диффузия анестетических газов через легочный эпителий зависит от
  6. Железистый эпителий и железы.
  7. Многослойный неороговевающий плоский эпителий
  8. Многослойный плоский ороговевающий эпителий
  9. Многослойный плоский ороговевающий эпителий выстилает слизистую оболочку...
  10. Многослойный эпителий

74) Жасушалары полярлы дифференцияланатын мына тіндердің қайсысы?

a. нерв тіні

b. борпылдақ талшықты дәнекер тіні

c. ет тіні

d. +эпителий тіні

e. сүйек тіні

75) Құрамында қан тамырлары мен жасуша аралық заты жоқ қай тін:

a. + эпителий тіні

b. сүйек тіні

c. нерв тіні

d. борпылдақ дәнекер тіні

e. ет тіні

76) Жабынды эпителийдің базальді мембранасы мына тіндердің қайсысының тіршілігінен пайда болады:

a. қан плазмасынан

b. нерв тіні мен дәнекер тінінен

c. май тінінен

d. +эпителий тіні мен дәнекер тінінен

e. ет тінінен

77) Жабынды эпителийдің орналасқан жері:

a. +шектеуші

b. түтікше мүшелердің кілегейлі қабығының меншікті пластинкасында

c. ас-қорыту мүшелерінің кілегейлі асты негізінде

d. тілдің ет талшықтарының арасында

e. кеңірдектің фиброзды-шеміршекті қабығында

78) Эпителий тіндерінің жасушаларының өзара байланысы:

a. эластин талшықтарының торымен

b. коллаген талшықтарының торымен

c. сұйық аморфты затпен

d. +әр түрлі контактылармен

e. известелінген аморфты затпен

79) Жабынды эпителийдің қызметі қайсы:

a. +Қорғаныстық-қорғаныс

b. қан түзу

c. жиырылғыш

d. простагландинді бөлу

e. нерв импульсін өткізу

80) Бір қабатты жалпақ эпителиймен (мезотелий) мыналардың қайсысы тысталады:

a. асқазанның кілегейлі қабығы

b. кеңірдектің кілегейлі қабығы

c. +сірлі қабық

d. өңештің кілегейлі қабығы

e. несеп ағардың кілегейлі қабығы

81) Аш ішектің тағамды сору қызметін атқаратыны белгілі.

Осы эпителийдің түрі қайсы:

a. көп қабатты жалпақ мүйізделген

b. бір қабатты жалпақ

c. ауыспалы эпителий

d. бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі

e. +бір қабатты цилиндр тәрізді жиекті эпителий

82) Жасушаларының пішіні әртүрлі, бірақ олардың барлығы да базальді мембранаға бекінген. Бұл эпителий қайсы:

a. бір қабатты куб тәрізді

b. бір қабатты бағаналы

c. бір қабатты жалпақ

d. +бір қабатты көп қатарлы кірпікшелі

е. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

83) Көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің құрамындағы бокал тәрізді

эпителиоциттердің қызметі:

a. регенерацияға қатысады

b. +шырыш бөледі

c. фагоцитоз

d. иммунді реакцияға қатысады

e. гормондарды бөледі

84) Көп қатарлы кірпікшелі эпителийдің құрамындағы безді жасушасы қайсы:

a. кірпікшелі жасуша

b. базальді жасуша

c. қысқа қыстырма жасуша

d. ұзын қыстырма жасуша

e. +бокал тәрізді жасуша

85) Көп қатарлы кірпікшелі эпителий мына мүшелердің қайсысында болады:

a. өңеште

b. асқазанда

c. ішекте

d. +кеңірдекте

е. бүйрек түтікшелерінде

86) Кілегейлі қабығы көп қатарлы кірпікшелі эпителиймен тысталған

мүше қайсы:

a. өңеш

b. асқазан

c. ішек

d. бүйрек түтікшелері

е. +жатыр түтікшелері

87) Базальді, тікенекті және үстіңгі жасушалар қабатынан тұратын эпителий:

a. ауыспалы эпителий

b. +көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

c. көп қабатты жалпақ мүйізделген

d. көп қатарлы кірпікшелі

e. бір қабатты бағаналы эпителий

88) Базальді, тікенекті, дәнді, жылтыр және мүйізделген жасушалар қабаттарынан тұратын эпителий:

a. ауыспалы эпителий

b. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

c. +көп қабатты жалпақ мүйізделген

d. көп қатарлы кірпікшелі

e. бір қабатты бағаналы эпителий

89) Тін культивациясына көп қабатты эпителийдің жасушалары алынған: бірінші флаконда базальді; екіншіге – жылтыр, үшіншіге – жалпақ жасушаларды, ал төртіншіге мүйізді қабаттың жасушаларын енгізілген. Қай флакондағы жасушаларда көбею процесі байқалады:

a. +бірінші флаконда

b. екінші флаконда

c. үшінші флаконда

d. төртінші флаконда

e. еш қайсысында байқалмайды

90) Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің қай қабатында

бағаналы жасушалары кездеседі:

a. дәнді қабатында

b. +базальді қабатында

c. тікенекті қабатында

d. жылтыр қабатында

e. мүйізделген қабатында

91) Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің қай қабатында

цилиндр тәрізді жасушалар болады:

a. +базальді қабатында

b. тікенекті қабатында

c. дәнді қабатында

d. жылтыр қабатында

e. мүйізделген қабатында

92) Көп қабатты жалпақ мүйізделген эпителийдің қай қабатында

көпбұрышты жасушалар бар:

a. базальді қабатында

b. +тікенекті қабатында

c. дәнді қабатында

d. жылтыр қабатында

e. мүйізделген қабатында

93) Көп қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителийдің базальді

қабатындағы жасушалардың пішіні қандай:

a. жалпақ

b. жұлдыз тәрізді

c. көп бұрышты

d. +призма тәрізді

e. ұршық тәрізді

94) Көп қабатты жалпақ эпителийдің тікенекті қабатындағы

жасушалардың пішіні қандай:

a. жалпақ

b. жұлдыз тәрізді

c. +көп бұрышты

d. призма тәрізді

e. ұршық тәрізді

95) Мүшенің созылуына байланысты құрылысы үнемі өзгеріп отыратын эпителий қайсы:

a. +ауыспалы эпителий

b. көп қабатты жалпақ мүйізделмеген

c. көп қабатты жалпақ мүйізделген

d. көп қатарлы кірпікшелі

e. бір қабатты бағаналы

96) Ауыспалы эпителийдің үстіңгі қабатының құрамындағы жасушалары қайсы:

a. призмалы

b. базальді

c. эндокринді

d. жалпақ қабаттасып орналасқан

e. +ірі, эпителийдің қызметіне байланысты пішіні өзгеріп отырады

97) Эндокринді бездер гормондарын қайда бөледі:

a. ауыз қуысына

b. терінің үстіне

c. +қанға

d. ас қазан мен ішекке

e. өт қабына

98) Эндокрин бездерінің ерекшеліктері болып:

a. қыстырма бөліктері бар

b. сызықты өзектері бар

c. бөлік аралық өзектері бар

d. +өзектер болмайды

e. жалпы секрет шығаратын өзектері болады

99) Голокринді түрде секрет бөлетін без:

a. ұйқы безі

b. бауыр

c. жақ асты безі

d. +май безі

e. құлақ қасы безі

100) Апокринді түрде секрет бөлетін без:

a. ұйқы безі

b. бауыр

c. жақ асты безі

d. +сүт безі

e. құлақ қасы безі

101) Апокринді түрге жататын мына бездердің қайсысы:

a. ұйқы безі

b. бауыр

c. жақ асты безі

d. +тер безі

e. құлақ қасы безі

102) Голокринді без жасушаларының ерекшеліктері:

a. +толық бұзылады

b. апикальді полюсі бұзылады

c. базальді полюсі бұзылады

d. құрылысы түгел сақталады

e. апикальді бөлігіндегі микробүрлері ғана өзгереді

103) Апокрин типті секрет бөлетін бездердің жасушаларының

ерекшелігі:

a. толық бұзылады

b. +апикальді полюсі бұзылады

c. базальді полюсі бұзылады

d. құрылысы түгел сақталады

e. апикальді бөлігіндегі микробүрлері ғана өзгереді

104) Мерокринді типті секрет бөлетін бездердің жасушаларына тән

ерекшелік:

a. толық бұзылады

b. апикальді полюсі бұзылады

c. базальді полюсі бұзылады

d. +құрылысы түгел сақталады

e. апикальді бөлігіндегі микробүрлері ғана өзгереді

105) Бездің секрет шығаратын өзегі тармақталған болса, бұл қай без:

a. қарапайым альвеолярлы

b. эндокринді

c. қарапайым түтікшелі

d. қарапайым альвеолярлы-түтікшелі

e. +күрделі без

106) Бездің секрет шығаратын өзегі тармақталмаған болса, бұл қай без:

a. қарапайым альвеолярлы

b. эндокринді

c. қарапайым түтікшелі

d. күрделі альвеолярлы-түтікшелі

e. +қарапайым без

107) Безден алынған препаратты Шифф – йод қышқылымен өңдеген кезде жасушасында көкшіл-қызғылт түске боялған секрет көрінеді. Бұл без секретінің химиялық құрамында мына компоненттердің қайсысы бар екенін анықтаңыз:

a. +көмірсулар

b. белоктар

c. майлар

d. нуклеин қышқылдары

e. су

Қан

108) Қанның шығу тегі:

a. эктодерма

b. энтодерма

c. мезодерманың париетальді жапырақшасы

d. мезодерманың висцеральді жапырақшасы

e. +мезенхима

109) Адам қанындағы қан плазмасының мөлшері:

a. +55-60%

b. 40-45%

c. 20-30%

d. 10-20%

e. 1-5%

110) Қан жасушаларының қайсысының құрамында гемоглобині бар:

a. лимфоциттерде

b. моноциттерде

c. +эритроциттерде

d. базофилдерде

e. эозинофилдерде

111) Қай қан жасушасы даму барысында ядросы мен органеллаларын жоғалтады:

a. моноциттер

b. лимфоциттер

c. +эритроциттер

d. базофилдер

e. эозинофилдер

112) Қан жасушасының қайсысы тыныс алу қызметін атқарады:

a. моноциттер

b. лимфоциттер

c. +эритроциттер

d. базофилдер

e. эозинофилдер

113) Эритроциттердің тіршілігі шамамен қанша:

a. 8-12 сағат

b. екі ай

c. +120 тәулік

d. 10-12 минут

e. бір жыл

114) Эритроцитердің екі бүйірі қысыңқысы қайсы:

a. сфероциттер

b. стоматоциттер

c. эхиноциттер

d. +дискоциттер

e. планоциттер

115) Қан жасушаларының қайсысында ядросы жоқ, әрі цитоплазмасында органеллаларының қалдықтары болады:

a. нейтрофилдерде

b. базофилдерде

c. лимфоциттерде

d. +ретикулоциттерде

e. моноциттерде

116) Қан жасушаларын көк-бриллиантты крезилмен бояғанда тор тәрізді денешіктері көрінетін қанның қай жасушасы:

a. лимфоциттері

b. моноциттері

c. базофилдері

d. эозинофилдері

e. +ретикулоциттері

117) Ересек адам эритроциттерінің құрамындағы фетальді гемоглобиннің мөлшері қанша:

a. +2%

b. 12%

c. 50%

d. 82%

e. 100%

118) Адам қанындағы эритроциттердің резус- факторы қанша пайыз болады:

a. 0,5 %

b. 10 %

c. 30 %

d. +86 %

e. 100 %

119) Эритроциттердің диаметрі шамамен (мкм):

a. +7,5

b. 1,0

c. 22,5

d. 120,0

e. 500,0

120) Мына жасушалардың қайсысы қан гранулоциттеріне жатады?

a. +нейтрофил

b. моноцит

c. эритроцит

d. лимфоцит

e. ретикулоцит

121) Нейтрофильді лейкоциттер қанда қанша уақыт шамасында болады:

a. 1 жыл

b. +8-12 сағаттай

c. 1 ай

d. 120 тәулік

e. 10-12 минут

122) Сегменттелген ядросы мен цитоплазмасында өте майда түйіршіктері болатын, қышқылдық та, негіздік те бояулармен боялып, қорғаныс қызметін атқаратын қан жасушасы:

a. лимфоциттер

b. моноциттер

c. эритроциттер

d. +нейтрофилдер

e. эозинофилдер

123) Цитоплазмасында көптеген лизосомалары болатын қан жасушаларын табыңыз:

a. +нейтрофил

b. базофил

c. В-лимфоцит

d. Т-лимфоцит

e. эритроцит

124) Қабыну ошағы бар жерге нейтрофилдер жиналатыны белгілі. Ал қызметі қандай:

a. антиденешіктер синтездейді

b. гистамин синтезіне қатысады

c. гепаринді бөледі

d. +лизоцим синтездейді

e. белсенді түрінде көбейеді

125) Нейтрофилдер:

a. көкбауырда көбейеді

b. +сүйек кемігінде пайда болады

c. гистамин синтездейді

d. иммуноглобулиндерді синтездейді

e. түйіршіктерінің құрамында негізгі белоктары болады

126) Ядросы екі сегменттерден тұратын, цитоплазмасындағы арнайы түйіршіктері өте ашық қызыл түске боялатын қан жасушасы:

a. лимфоциттер

b. моноциттер

c. эритроциттер

d. базофилдер

e. +эозинофилдер

127) Цитоплазмасында ірі ацидофильді түйіршіктері бар қан гранулоциттері:

a. лимфоциттер

b. моноциттер

c. +эозинофилдер

d. эритроциттер

e. нейтрофилдер

128) Гистаминаза ферменті қан жасушаларының қайсысында болады:

a. базофилдерде

b. моноциттерде

c. эритроциттерде

d. В-лимфоциттерінде

e. +эозинофилдерде

129) Мына қан жасушаларының қайсысының құрамында кристалл тәрізді ірі түйіршіктері болады:

а)эритроциттерде

б)моноциттерде

с)+эозинофилдерде

д)нейтрофилдерде

е)базофилдерде

130) Антипаразиттік қызмет атқаратын қан жасушасы:

a. +эозинофилдер

b. базофилдер

c. нейтрофилдер

d. моноциттер

e. эритроциттер

131) Цитоплазмасында ірі базофильді түйіршіктері бар қан жасушасы:

a. моноциттер

b. лимфоциттер

c. эозинофилдер

d. нейтрофилдер

e. +базофилдер

132) Қан тамырының қабырғасының өткізгіштік қасиетін реттеп, гистаминнің секретіне қатысатын қан жасушасын табыңыз:

a. нейтрофилдер

b. эозинофилдер

c. моноциттер

d. +базофилдер

e. тромбоциттер

133) Қан тамырының қабырғасының өткізгіштік қасиетін реттейтін қан жасушасын табыңыз:

a. нейтрофилдер

b. эозинофилдер

c. +базофилдер

d. моноциттер

e. лимфоциттер

134) Ядросы бұршақ немесе шар тәрізді, цитоплазмасы әлсіз базофильді боялып, ядросын сақина түрінде қоршайтын қан жасушасы қайсы:

a. +лимфоциттер

b. моноциттер

c. эритроциттер

d. базофилдер

e. эозинофилдер

135) Қан плазмоцитін түзетін мына жасушалардың қайсысы:

a. нейтрофил

b. базофил

c. +В-лимфоцит

d. Т-лимфоцит

e. моноцит

136) Қан агранулоциттеріне жататындар:

a. +моноциттер

b. базофилдер

c. сегментті ядролы нейтрофилдер

d. эозинофилдер

e. таяқша ядролы нейтрофилдер

137) Тіндерге көшіп, макрофагтарға айналатын қан жасушасы қайсы:

a. нейтрофил

b. базофил

c. эритроцит

d. лимфоцит

e. +моноцит

138) Цитоплазмасы әлсіз базофилді боялған, ядросы бұршақ пішіндес болып, жасушада эксцентрлі орналасқан ең ірі қан жасушасы қайсы:

a. +моноциттер

b. лимфоциттер

c. эозинофилдер

d. нейтрофилдер

e. базофилдер

139) Қан моноциттерінің түрленуінен мыналардың қайсысы пайда болады:

a. +микроглия

b. олигодендроглиоциттер

c. протоплазмалық астроциттер

d. эпендимоциттер

e. талшықты астроциттер

140) Цитоплазмасында грануломер мен гиаломер бөліктері бар қан жасушасы қайсы:

a. нейтрофилдер

b. базофилдер

c. лимфоциттер

d. +тромбоциттер

e. эритроциттер

141) Мегакариоциттерден дамыған, пішінсіз, әрі ядросыз, топтасып орналасқан фрагменттерді табыңыз:

a. эритроциттер

b. +қан пластинкалары

c. моноциттер

d. лимфоциттер

e. базофилдер

142) Ядросыз, цитоплазмасы көптеген фрагменттерден тұратын қан пластинкалары сүйек кемігінде қай жасушалардан дамиды:

a. +мегакариоциттерден

b. миелобласттардан

c. эритробласттардан

d. промоноциттерден

e. метамиелоциттерден

143) Сау адамның лейкоцитарлық формуласындағы лимфоциттердің пайызы қанша:

a. 1-2%

b. 4-6%

c. 7-8%

d. +18-40%

e. 45-70%

144) Сау адамның лейкоцитарлық формуласындағы моноциттердің пайызы қанша:

a. 1-2%

b. +2-9%

c. 15-30%

d. 45-70%

e. 95%

145) Сау адамның лейкоцитарлық формуласындағы сегментті ядролы нейтрофилдердің пайызы қанша:

a. 1-2%

b. 2-9%

c. +45-70%

d. 95%

e. 15-30%

Дәнекер тіндері

146) Дәнекер тіндерінің шығу тегі:

a. энтодерма

b. эктодерма

c. спланхнотом

d. сегментті аяқша

e. +мезенхима

147) Дәнекер тіндерінде тасымалдау және трофикалық қызмет атқаратын құрылымы болып:

a. коллаген талшықтары

b. адипоциттері

c. эластин талшықтары

d. плазмоциттері

e. +жасуша аралық затының аморфты компоненті

148) Дәнекер тіндерінде жасуша аралық затының өткізгіштігін реттеуге қатысатын жасушалары:

a. +тін базофилдері

b. плазмоциттері

c. макрофагтары

d. липоциттері

e. перициттері

149) Құрамында өте көп жасушалық элементтері және ретсіз орналасқан талшықтары бар дәнекер тіні қайсы:

a. тығыз қалыптаспаған талшықты

b. тығыз қалыптасқан талшықты

c. +борпылдақ қалыптаспаған талшықты

d. ретикулярлы

e. май тіні

150) Құрамындағы көптеген тығыз, әрі ретімен орналасқан талшықтары мен аздаған жасушалық элементтерінің арасында орналасқан аралық заты бар дәнекер тіні:

a. тығыз қалыптаспаған талшықты

b. +тығыз қалыптасқан талшықты

c. борпылдақ қалыптаспаған талшықты

d. ретикулярлы

e. май тіні

151) Сіңірде ең көп кездесетін талшықтар:

a. пісіп жетілген эластин талшықтары

b. ретикулярлы талшықтары

c. +коллаген талшықтары

d. окситаланды эластинді талшықтар

e. элаунинды талшықтары

152) Пішіні өсінділі, жалпақ жасушасындағы ашық түсті сопақша келген ядросы бар, қою базофильді боялған цитоплазмасы – эндоплазма мен эктоплазмадан тұратын дәнекер тінінің жасушасы:

a. гистиоцит

b. +арнайы қызмет атқаратын (пісіп жетілген) фибробласт

c. плазмацит

d. тін базофилі

e. адипоцит

153) Фибробласттардың ең негізгі қызметіне жататын:

a. +аралық затын синтездейді

b. майдың қоры

c. меланинді синтездейді

d. иммуноглобулдерді синтездейді

e. гормондарды синтездейді

154) Пішіні әр түрлі, ядросы қою базофильді боялған, цитоплазмасында көптеген лизосомалары мен фагосомалары бар дәнекер тінінің жасушасы:

a. фибробласттар

b. плазмоциттер

c. тін базофилдері

d. пигментоциттер

e. +гистиоциттер

 

155) Препаратта борпылдақ талшықты дәнекер тінінің арнайы бояумен өңдегенде цитоплазмасында маркерлік ферментті-лизосом мен қышқылдық фосфатазасы бар жасушалары көрінеді.Осы жасушаларды анықтаңыз:

а)фибробласттар

б)плазмоциттер

с)адипоциттер

д)+макрофагтар

е)тін базофилдері

156) Пішіні сопақша болып келген, ядросы бар, цитоплазмасында тығыз базофильді түйіршіктері көрінетін, дәнекер тінінің жасушасы:

a. фибробласт

b. плазмоцит

c. +тін базофилі

d. пигментоцит

e. гистиоцит

157) Құрамында гепарин мен гистамин түйіршіктері болатын, дәнекер тінінің жасушасы:

a. гистиоцит

b. маманданған фибробласт

c. плазмоцит

d. +тін базофилі

e. адипоцит

158) Энергия түзіп, судың метаболизміне қатысатын қалыптаспаған

борпылдақ дәнекер тінінің жасушасы қайсы:

a. фибробласттар

b. плазмоциттер

c. макрофагтар

d. тін базофилдері

e. +адипоциттер

159) Борпылдақ дәнекер тінінің тін базофильдерінің қызметі болып:

a. +гистамин, гепарин және гиалурон қышқылын синтездеп, шығарады

b. майды жиып, синтездейді

c. фагоцитозға қатысады

d. иммуноглобулиндерді синтездейді

e. гормондарды синтездейді

160) Пішіні шар тәрізді, цитоплазмасының ортаңғы бөлігінде ірі бейтарап май тамшысы бар, дәнекер тінінің жасушасы қайсы:

a. фибробласт

b. плазмоцит

c. +адипоцит

d. тін базофилдері

e. пигментоцит

161) Адипоциттердің ең негізгі қызметіне жататын:

a. жасуша аралық затты синтездейді

b. +майдың қорын жияды

c. меланиннің синтезіне қатысады

d. иммуноглобулиндердің синтезіне қатысады

e. гормондарды синтездейді

162) Пішіні дөңгелек болып келген, эксцентрлі орналасқан ядросын концентрлі шеңбер түрінде эндоплазмалық тор қоршайтын, дәнекер тінінің жасушасы қайсы:

a. фибробласт

a. плазмоцит

b. +адипоцит

c. тін базофилдері

d. пигментоцит

163) Иммуноглобулиндерді синтездейтін дәнекер тінінің жасушасы:

a. гистиоцит

b. маманданған фибробласт

c. +плазмоцит

d. тін базофилі

e. адипоцит

164) Электронды микросуретте иммундық реакцияларға қатысатын

борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жасушасы көрінеді. Бұл

жасушаның ядросы цитоплазманың бір шетінде орналасқан және ядроның қасында боялмаған ашық алаңы мен жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық торы бар екені көрінеді. Осы жасушаны анықтаңыз:

a. тін базофилі

b. +плазмоцит

c. макрофаг

d. липоцит

e. фибробласт

165) Дәнекер тіндерінің қай түрінде меланоциттер көп:

a. қоңыр май тіні

b. кілегейлі тіні

c. қалыптаспаған талшықты борпылдақ дәнекер тіні

d. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

e. +пигментті тінінде

166) Құрылысы тор пішіндес, құрамында ретикулярлы жасушалары мен ретикулярлы талшықтары бар дәнекер тіні:

a. қалыптаспаған талшықты борпылдақ дәнекер тіні

b. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

c. борпылдақ қалыптаспаған дәнекер тіні

d. +ретикулярлы тін

e. май тіні

167) Дәнекер тінінің арнайы қызмет атқаратын бір түрін гематоксилин – эозинмен өңделген препаратында зерттегенде жасушалары бір-бірімен өсінділері арқылы байланысқаны байқалады. Осы тінді табыңыз:

a. қоңыр май тіні

b. кілегейлі тін

c. +ретикулярлы тін

d. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

e. пигмент тін

168) Жаңа туған нәрестеде болатын, жасуша цитоплазмасы ұсақ май қосындыларына толы, адипоциттерден тұратын дәнекер тіні:

a. тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. тығыз қалыптасққан талшықты дәнекер тіні

c. борпылдақ қалыптаспаған талшықты

d. ретикулярлы

e. +қоңыр май тіні

169) Жас сәбилерде белсенді түрде дене жылуын сақтайтын дәнекер тіні қайсы:

a. ақ май тіні

b. +қоңыр май тіні

c. ретикулярлы тін

d. пигмент тіні

e. кілегейлі тін

170) Кілегейлі дәнекер тіні мыналардың қайсысының құрамында кездеседі:

a. хорионда

b. амнионда

c. сары уыз қабында

d. +кіндікте

e. аллантоиста

171) Кілегейлі дәнекер тінінің құрамында болатыны қайсы:

a. адипоциттер мен коллаген талшықтары

b. +гиалурон қышқылына бай іркілдек заты мен мукоциттер

c. эластин талшықтары

d. пигмент жасушалары

e. ретикулярлы жасушалары мен ретикулярлы талшықтар торы

172) Қышқылдық бояуларымен боялып, тек кейде аздап іріктеліп көрінетін, өте мықты, бірақ созылмайтын, дәнекер тінінің талшықтары қайсы:

a. +коллаген

b. ретикулярлы

c. эластинді

d. окситаланды

e. элаунинді

173) Күміс тұздарымен өңделгенде көрінетін дәнекер тінінің талшықтары қайсы:

a. коллаген

b. +ретикулярлы

c. эластинді

d. окситаланды

e. элаунинді

174) Дәнекер тінінің серпімділігі мен созылғыштық қасиетін анықтайтын талшықтары қайсы:

a. коллаген

b. ретикулярлы

c. окситаланды

d. элаунинді

e. +пісіп жетілген эластин талшықтары

Қаңқалық дәнекер тіндері

175) Шеміршек тінінің шығу тегі:

a. спланхнотомның висцеральды жапырақшасынан

b. спланхнотомның париетальді жапырақшасынан

c. эктодермадан

d. +мезенхимадан

e. энтодермадан

176) Шеміршек қабының сыртқы қабатын түзетін:

a. борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. +тығыз қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

c. тығыз қалыптасқан талшықты дәнекер тіні

d. ретикулярлы тін

e. май тіні

177) Шеміршек қабының ішкі қабатын түзетін:

a. жас хондроциттер

b. I- реттік хондроциттер

c. II- реттік хондроциттер

d. III-реттік хондроциттер

e. +прехондробласттар мен хондробласттар

178) Шеміршектің шеміршек қабының астында мыналардың қайсысы орналасады:

a. прехондробласттар мен хондробласттар

b. I- реттік хондроциттер

c. II- реттік хондроциттер

d. III-реттік хондроциттер

e. +жас хондроциттер

179) Эмбриональді кезеңдегі гиалинді шеміршек тінінің интерстициальді өсуі мына жасушалардың қайсысы арқылы жүзеге асады:

a. фибробласттар

b. +I- реттік хондроциттер

c. хондрокласттар

d. II- реттік хондроциттер

e. III-реттік хондроциттер

180) Шеміршек тінінің репаративтік регенерациясы мына жасушалардың қайсысының бөлінуі арқылы жүзеге асады:

a. фибробласттар

b. +хондробласттар

c. I- реттік хондроциттер

d. II- реттік хондроциттер

e. III-реттік хондроциттер

181) Хондробласттардың пішіні:

a. жарты шар тәрізді

b. өсінділі

c. призма тәрізді

d. +жіпше тәрізді

e. куб пішіндес

182) Шеміршек тінінде бөлініп, жасуша аралық затты синтездеуге қатысатын шеміршек қабығындағы мына жасушалардың қайсы:

a. I- реттік хондроциттер

b. II- реттік хондроциттер

c. III-реттік хондроциттер

d. +хондробласттар

e. фибробласттар

183) Шеміршектің өсуі немесе жаңа шеміршек қабатының қалыптасуы (аппозициялық өсуі) мына жасушалардың қайсысының бөлінуі арқылы жүреді:

a. I- реттік хондроциттер

b. II- реттік хондроциттер

c. III-реттік хондроциттер

d. +хондробласттар

e. фибробласттар

184) Пісіп жетілген хондроциттердің пішіні:

a. куб тәрізді

b. +сопақша, жарты шар тәрізді

c. призма тәрізді

d. жіп тәрізді

e. өсінділі

185) Шеміршек тінінде изогенді топтарды түзетін, ядросы мен цитоплазмасының қатынасы өте жоғары, әрі митоз сатылары байқалатын жасушалары қайсы:

a. прехондробласттар

b. хондробласттар

c. +I- реттік хондроциттер

d. II- реттік хондроциттер

e. III-реттік хондроциттер

186) Шеміршек жасушаларының және жасуша аралық затының дистрофиялық өзгеруі мен жарақаттану процессінен кейінгі регенерациясында резорбциялануға қатысатын жасуша мыналардың қайсысы:

a. прехондробласттар

b. хондробласттар

c. I- реттік хондроциттер

d. II- реттік хондроциттер

e. +хондрокласттар

187) Ағзадағы гиалинді шеміршектің орналасқан жері:

a. омыртқа аралық дискілерде

b. көмекейдің мүйіз тәрізді шеміршегінде

c. +кеңірдекте

d. құлақ жарғағында

e. көмекейдің сына тәрізді шеміршегінде

188) Гиалинді шеміршектің аралық затындағы коллаген талшықтарының түрі:

a. I

b. +II

c. III

d. IV

e. V

189) Эластинді шеміршектің гиалинді шеміршектен айырмашылығы:

a. негізгі затында

b. +эластинді талшықтарында

c. коллаген талшықтарында

d. хондроциттерінде

e. шеміршек қабында

190) Эластинді шеміршек тіні мыналардың қайсысының құрамында болады:

a. +құлақ жарғағында

b. омыртқа аралық дискілерінде

c. шат тігісінде

d. кеңірдекте

e. жілік сүйектерінің буын беткейлерінде

191) Ағзадағы эластинді шеміршектің кездесетін жері:

a. қабырғаның төс сүйегіне байланысқан жерінде

b. омыртқа аралық дискілерде

c. кеңірдекте

d. ірі бронхтарда

e. +көмекейде

192) Талшықты шеміршектің кездесетін жері:

a. қабырғаның төс сүйегіне байланысқан жерінде

b. жілік сүйектерінің буын беткейінде

c. кеңірдекте

d. бронхтарда

e. +омыртқа аралық дискілерде

193) Даму барысындағы сүйек пластинкасының үстінде орналасқан жасушалардың пішіні әр түрлі және бұл жасушалардың микроскопиялық құрылысында белок синтездейтін жасушаларға тән белгілер байқалады бұл мына жасушалардың қайсы:

a. фибробласттар

b. одонтобласттар

c. +остеобласттар

d. остеоциттер

e. остеокласттар

194) Сүйек тінінің түзулуі мен аралық затының известелуіне қатысатын жасушалары:

a. +остеобласттар

b. остеоциттер

c. остеокласттар

d. фибробласттар

e. эндотелиальді жасушалар

195) Остеобласттардың қызметі:

a. +сүйек тінін түзеді

b. жылуды реттейді

c. известелінген сүйек пен шеміршекті бұзады

d. антидене синтездейді

e. сүйек тінінің органикалық гомеостазасы мен минералдық құрамын сақтайды

196) Даму кезеңіндегі сүйек тінінің электроннограммасынан бір жасуша зерттеуге ұсынылған. Бұл жасушаның сырты коллаген талшықтарымен қоршалып, ал цитоплазмасында жақсы дамыған түйіршікті эндоплазмалық тордың бар екені байқалады. Осы жасуша мыналардың қайсы:

a. пісіп жетілген остеоцит

b. +остеобласт

c. остеокласт

d. эндотелиальді жасуша

e. мезенхимальді жасуша

197) Сүйек тінінде бөліну қабілеті жойылған, шағын ғана денесінде көптеген өсінділері бар жасушалары қайсы:

a. остеобласттар

b. +остеоциттер

c. остеокласттар

d. фиброблас ттар

e. одонтобласттар

198) Сүйек тінінің бір жасушасының электроннограммасы зерттеуге берілген. Бұл жасушадан тараған өсінділері сүйек каналдарына өтетіні белгілі, цитоплазмасында нашар дамыған эндоплазмалы торы мен Гольджи комплексінің бар екені байқалады. Бұл жасуша мыналардың қайсы:

a. +пісіп жетілген остеоцит

b. остеобласт

c. остеокласт

d. эндотелиальді жасуша

e. фибробласт

199) Остеоциттердің қызметі:

a. сүйек тінін түзеді

b. жылуды реттейді

c. известелінген сүйек пен шеміршекті бұзады

d. антидене синтездейді

e. +сүйек тінінің органикалық гомеостазасы мен минералдық құрамын сақтайды

200) Известелінген сүйек пен шеміршекті бұзатын, өте ірі, бірақ пішіні әр түрлі, цитоплазмасында ядролары мен лизосомалары өте көп, плазмолеммасы қатпарланған мына жасушалардың қайсысы:

a. энамелобласттар

b. одонтобласттар

c. остеобласттар

d. остеоциттер

e. +остеокласттар

201) Остеокласттардың қызметі:

a. сүйек тінін түзеді

b. жылуды реттейді

c. +известелінген сүйек пен шеміршекті бұзады

d. антидене синтездейді

e. сүйек тінінің органикалық гомеостазасы мен минералдық құрамын сақтайды

202) Остеокласттар мыналардың қайсысынан түзіледі:

a. нейтрофилдерден

b. +моноциттерден

c. базофилдерден

d. лимфоциттерден

e. эритроциттерден

203) Электроннограммадағы сүйек тінінің берілген жасушасының цитоплазмасында көптеген лизосомалары бар екені анықталды. Осы жасуша қайсы?

a. остеобласт

b. остеоцит

c. одонтобласт

d. +остеокласт

e. энамелобласт

204) Бас сүйектерінің тігістері мен сіңірдің сүйекке байланысқан жерлерінде кездесетін тін қайсы:

a. эластинді шеміршек тіні

b. талшықты шеміршек тіні

c. гиалинді шеміршек тіні

d. қабыршақ сүйек тіні

e. +ретикулофиброзды (ірі талшықты) сүйек тіні

205) Өрескел талшықты сүйек тінінің жасуша аралық затының ерекшелігі:

а)+коолаген талшықтарының жігі ретсіз орналасқан

б)коолаген талшықтары параллель орналасқан

с)коолаген талшықтары тор түрінде

д)кезектесе орналасқан параллель және айналмалы орналасқан коолаген талшықтарының жігі

е)коолаген талшықтары айналмалы орналасқан

206) Қабыршақ сүйек тінінің жасуша аралық затының ерекшелігі:

a. коллаген талшықтарының жігі ретсіз орналасқан

b. +коллаген талшықтары параллель орналасқан

c. коллаген талшықтары тор түрінде

d. кезектесе орналасқан параллель және айналымалы орналасқан коллаген талшықтарының жігі

е. коллаген талшықтары айналымалы орналасқан

207) Жілік сүйегінің тығыз затындағы қыстырма пластинкалары мыналардың қайсысының арасында орналасады:

a. +көршілес остеондардың арасында

b. периост пен сыртқы жалпы пластинкаларының арасында

c. эндост пен ішкі жалпы пластинкаларының арасында

d. периосттың сыртқы және ішкі қабаттарының арасында

e. остеон пластинкаларының ішінде

208) Түтікше сүйектің шеміршектен бастау алуы немесе энхондральді сүйектену процесі мыналардың қайсысына байланысты:

a. диафиздің сыртында сүйек тінінің қалыптасуына

b. +шеміршек бастамасының ішінде қабыршақ сүйек тінінің қалыптасуына

c. шеміршек тіні құрамындағы қан тамырларының сыртында ірі талшықты сүйек тінінің қалыптасуына

d. сүйектегі сүйек майы қуысының пайда болуына

e. эпифиздің үстіндегі сүйек тінінің қалыптасуына

209) Шеміршектен сүйек тінінің дамуы мыналардың қайсысынан басталады:

a. энхондральді сүйектенуден

b. +перихондральді сүйектенуден

c. шеміршек тінінің бұзылуынан

d. эпифиздің сүйектенуінен

e. шеміршек тінінің известеліуінен

210) Тура остеогенездің бірінші сатысы мыналардың қайсысының пайда болуымен ерекшеленеді:

a. сүйек трабекулаларының

b. +остеогенді аралшықтарының

c. остеоидтың

d. сүйек пластинкаларының

e. известелінген остеоидтың

211) Даму барысында түтікше сүйектің қалыңдап өсуіне қатысатыны:

a. +периост

b. эндост

c. метаэпифизарлық шеміршек пластинкасының өсуі

d. эпифиз

e. диафиз

Бұлшықет тіндері

212) Көптеген мүшелері мен қан тамырларының құрамында болатын тегіс салалы ет тінінің шығу тегі:

a. +мезенхима

b. эктодерма

c. энтодерма

d. нерв түтігі

e. мезодерманың сомиттері

213) Мезенхимадан пайда болған тегіс салалы ет тінінің жасушаларының пішіні:

a. куб тәрізді

b. призмалы

c. пирамида тәрізді

d. +жіп тәрізді

e. алмұрт пішіндес

214) Тегіс салалы ет тінінің жасушасының қай құрылымында кальцийдің ионы болады:

a. митохондрияда

b. актин филаменттерінде

c. миозин филаменттерінде

d. Гольджи комплексінде

e. +түйіршіксіз эндоплазмалық торының көпіршіктерінде

215) Тегіс салалы ет тінінің жасуша плазмалеммасымен актин филаменттері не арқылы байланысады:

a. +тығыз денешіктері

b. митохондриялары

c. лизосомалары

d. түйіршікті эндоплазмалық тордың қапшықтары

e. тегіс эндоплазмалық тордың түтікшелері

216) Тегіс салалы ет жасушаларынан көршілес жасушаларға нерв импульсі не арқылы беріледі:

a. десмосомалар

b. интердигитациялар

c. +нексустар

d. адгезиялық белдеулер

e. тығыз байланыстар арқылы

217) Ет тінінен дайындалған препаратта көптеген ет талшықтарының плазмоллемасының астында көптеген ядролары бар екені көрінеді. Осы берілген препараттағы ет тіні мыналардың қайсысына жатады:

a. +көлденең-жолақты қаңқа ет тіні

b. мүшелер мен тамырлардың қабырғасындағы ет тіні

c. жүректің ет тіні

d. миоэпителий

e. көздің нейральді ет тіні

218) Қаңқа ет тініндегі миосателлитоциттердің пішіні және орналасқан жері:

a. куб тәрізді, дәнекер тінімен қоршалған

b. призмалы, базальді мембрананың үстінде, ет талшықтарымен қоршалған

c. +жалпақ, ет талшықтарының плазмолеммасы мен базальді мембрананың арасында орналасқан

d. шар тәрізді, плазмолемманың астында орналасқан

e. пирамида тәрізді, ет талшықтарының ішінде орналасқан

219) Электронды микросуретте ет талшығының шеткі бір бөлігінде органеллалары аз, пішіні жалпақ ет талшығының базальді мембранасы мен плазмолеммасының арасында орналасқан шағын ғана жасуша көрінеді. Осы жасушаны анықтаңыз.

a. фибробласт

b. +миосателлитоцит

c. май жасушасы

d. плазмоцит

e. гистиоцит

220) Көлденең- жолақты ет талшықтарының регенерациясы мыналардың қайсысы арқылы жүзеге асады:

a. сарколеммасы

b. +миосателлитоциттері

c. саркоплазмасы

d. саркоплазмалық торы

e. миофибриллдері

221) Көлденең-жолақты ет талшықтарының қоректенуі мыналардың қайсысы арқылы жүреді:

a. +ядролары мен жалпы қызмет атқаратын органеллалары арқылы

b. фибриллалары

c. телофрагма мен мезофрагмалары

d. сарколеммасы

e. үштігі

222) Көлденең-жолақты ет талшықтарының саркомеріндегі жіңішке миофиламенттерінен түзілетін:

a. телофрагма

b. мезофрагма

c. +изотропті дискі

d. анизотропті дискі

e. Т-түтікшелері

223) Көлденең-жолақты ет талшықтарының саркомеріндегі жуан миофиламенттерінен түзілетін:

a. телофрагма

b. мезофрагма

c. изотропті дискі

d. +анизотропті дискі

e. Т-түтікшелері

224) Көлденең-жолақты ет талшықтарының миофибриласындағы саркомер мыналардың қайсысының арасындағы бөлігі:

a. екі М сызығының арасы

b. +екі Z сызығының арасы

c. М және Z сызығының арасы

d. айқасу аймағы және М сызығы

e. айқасу аймағы мен Z сызығы

225) Көршілес саркомерлердің арасындағы шектеушілік құрылымы қайсы:

a. мезофрагма (М сызығы)

b. +телофрагма (Z сызығы)

c. Н ашық түсті жолағы

d. Т-түтікшелері

e. айқасу аймағы

226) Көлденең-жолақты ет талшығының саркомерінің қай бөлігінде бір жуан филаментті алты жіңішке филамент қоршайды:

a. телофрагмада

b. мезофрагмада

c. +айқасу аймағында

d. изотропты дискісінде

e. А дискісінің Н- аймағында

227) Көлденең-жолақты ет талшығының миофибрилласындағы саркомердің И-дискісі мыналардың қайсынан тұрады:

a. миозинді миофиламенттерден

b. +актинді миофиламенттерден

c. микротүтікшелерден

d. 1-реттік талшықты коллаген белогынан

e. 2-реттік талшықты коллаген белогынан

228) Көлденең-жолақты ет талшығының миофибрилласының А дискісінің Н – аймағы (ашық түсті) мыналардың қайсысынан түзіледі:

a. +миозинді миофиламенттерден

b. актинді миофиламенттерден

c. микротүтікшелерден

d. 1-реттік талшықты коллаген белогынан

e. 2-реттік талшықты коллаген белогынан

229) Көлденең-жолақты ет талшығының миофибрилласындағы Z сызығының (телофрагма) орналасқан жері:

a. +И дискісінің ортасында

b. айқасу аймағының ортасында

c. А дискісінің ортасында

d. айқасу аймағы мен М сызығының арасында

e. М сызығының екі бүйірінде

230) Көлденең-жолақты ет талшығының миозин филаменттері Z-сызығына мына белок молекулаларының қайсысы арқылы бекінеді:

a. актинмен

b. а-актинмен

c. тропомиозинмен

d. тропонинмен

e. +титинмен

231) Көлденең-жолақты ет талшығының жиырлу кезеңінде миозин молекуласының басы мына белок молекулалардың қайсысымен әрекеттеседі:

a. +тропомиозин және тропонинмен

b. небулин және миомезинмен

c. а-актинмен

d. небулин және титинмен

e. титин және миомезинмен

232) Көлденең-жолақты ет талшығының миофибрилласындағы М сызығының (мезофрагма) орналасқан жері:

a. И дискісінің ортасында

b. айқасу аймағының ортасында

c. +А дискісінің ортасында

d. айқасу аймағы мен М сызығының арасында

e. М сызығының екі бүйірінде

233) Көлденең-жолақты ет талшығының М сызығы мыналардың қайсынан түзіледі:

a. актиннен

b. а-актининнен

c. тропомиозиннен

d. +миомизиннен

e. миозиннен

234) Ет талшықтарындағы Т-түтікшесі болып саналатын:

a. микротүтікшелер

b. пішіні ұзынша болып келген митохондриялар

c. +талшық плазмолеммасының ішіне қарай енуі

d. саркоплазмалық тордың түтікшелері

e. базальді мембрананың талшығының ішіне қарай енуі

235) Көлденең-жолақты ет талшығының үштігінің құрамындағы комплексі болып саналатын:

a. +бір Т-түтікшесі мен екі саркоплазмалық тордың қапшықтары

b. екі Т-түтікшесі мен бір саркоплазмалық тордың қапшықтары

c. үш Т-түтікшелері

d. үш саркоплазмалық тордың қапшықтары

e. бір Т-түтікшесі мен екі митохондрия

236) Көлденең-жолақты ет талшықтарындағы саркоплазмалық торының түтікшелерінде мыналардың қайсысы болады:

a. +кальций иондары

b. фосфордың иондары

c. АҮФ молекулалары

d. қышқылдық фосфатазаның молекулалары

e. сілтілік фосфатазаның молекулалары

237) Қаңқа мускулатурасындағы ақ ет талшықтарының ерекшеліктеріне жататыны:

a. +миофибриллалары көп

b. миоглобиннің мөлшері жоғары

c. миофибриллалары аз

d. миофибриллалары жоқ

e. қышқылдық ферменттерінің мөлшері жоғары

238) Қаңқа мускулатурасындағы қызыл ет талшықтарының ерекшеліктеріне жататыны:

a. миофибриллалары көп

b. +миоглобиннің мөлшері жоғары

c. миофибриллалары аз

d. миофибриллалары жоқ

e. қышқылдық ферменттерінің мөлшері аз

239) Көлденең-жолақты ет мускулатурасы эндомизиінің құрамындағы тіні қайсы:

a. +борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. тығыз қалыптаспаған

c. тығыз қалыптасқан

d. кілегейлі тін

e. ретикулярлы тін

240) Көлденең-жолақты ет мускулатурасы перимизиінің құрамындағы тіні қайсы:

a. +борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. тығыз қалыптаспаған

c. тығыз қалыптасқан

d. кілегейлі тін

e. ретикулярлы тін

241) Көлденең-жолақты ет мускулатурасы эпимизиінің құрамындағы тіні қайсы:

a. +борпылдақ қалыптаспаған талшықты дәнекер тіні

b. тығыз қалыптаспаған дәнекер тіні

c. май тіні

d. кілегейлі тін

e. ретикулярлы тін

242) Бұлшық еттерді сіңірмен байланыстыратын талшықтар қайсы:

a. +коллаген талшықтары

b. пісіп жетілген эластин талшықтары

c. окситаланды талшықтары

d. ретикулярлы талшықтары

e. элаунинді талшықтары

243) Ет тінінен дайындалған препаратты гематоксилин-эозинмен өңдегенде құрамында параллельді орналасқан ет талшықтарының сарколеммасының астында көптеген ядролары көрнеді. Гистогенетикалық құрылысы жағынан бұл ет тінінің қай түріне жатады:

a. мезенхимальді

b. эпидермальді

c. нейральді

d. целомдық

e. +соматикалық

244) Ет тінінен дайындалған препаратты гематоксилин-эозинмен өңдеп, зерттеу барысында цитоплазмасы оксифильді боялған ет жасушалары көрінеді. Бұл жасушалардың ядролары цитоплазмасының ортасында орналасқан. Жасушалардың байланысқан жерінде қыстырма дискілері көрінеді. Гистогенетикалық құрылысы жағынан бұл ет тінінің қай түріне жатады:

a. мезенхимальді

b. эпидермальді

c. нейральді

d. +целомдық

e. сомалық

245) Миоэпителиоциттердің шығу тегі:

a. спланхнотомның висцеральді жапырақшасы

b. сомиттердің миотомы

c. мезенхима

d. энтодерма

e. +эктодерма

246) Көздің нұрлы қабығының етті жасушаларының шығу тегі:

a. спланхнотомның висцеральді жапырақшасы

b. сомиттердің миотомы

c. мезенхима

d. +нейроглия

e. энтодерма

247) Ет тінінен дайындалған препаратты темірлі гематоксилинмен өңдегенде көлденең-жолақты сызықтары көрінеді. Жүректің ет тінін тағы қандай қосымша морфологиялық ерекшеліктері арқылы ажыратуға болады:

a. дәнекер тінді қабыршақтары арқылы

b. плазмолемманың астындағы көптеген ядролары арқылы

c. қыстырма дискілері арқылы

d. +тығыз денешіктері арқылы

e. қан тамырлары арқылы


Дата добавления: 2015-05-19 | Просмотры: 4436 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.218 сек.)