Глоссарий
АБСАНС – қысқа мерзімге санадан айырылу (бір немесе бірнеше секундт).
АБУЛИЯ – (грек сөзінен ауд. “абулия ”— батылсыздық, ерік жігердің болмауы) патологиялық әлсіздік, ниеттің жоғалуы, айналада болып жатқан өзгерістерге қатыспай, қарым-қатынастардан бас тарту.
АГГРАВАЦИЯ — (латын сөзінен ауд. “аггравария” — қиын жасау) науқастар өздерінің ауру жағдайларын саналы түрде қиындатуы.
АГНОЗИЯ — (грек сөзінен ауд.“гнозис” — “тану”) қабылдаудың бұзылуы.
Агорафобия — үлкен алаңда ашық кеңістіктен қорқу.
АГРАФИЯ — (грек. сөзінен ауд. “графо” — “жазу”) жазу қабілетінің бұзылуы.
АГРЕССИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ — (грек. сөзінен ауд. “агрессио” — “бас салу”) адам әрекетінің ерекше формасы, мұндай мінез-құлық субьектінің нұқсан келтіру мақсатымен өзінен басқа адамға немесе адамдар тобына өз артықшылығын білдіріп, қыр көрсетуі немесекүш қолдануға тырысуымен сипатталады.
АДАПТАЦИЯ — қоршаған ортаның жаңа шарттарына бейімделу.
АДЕКВАТТЫЛЫҚ — (латын сөзінен ауд. “адекватус” — “теңесу”) — тітіркендіргіштерге реакцияның сәйкес келуі.
АЖИТАЦИЯ — қатты қобалжу және қозу.
АКАЛЬКУЛИЯ — (латын сөзінен ауд. “калькуло” — “санау”) — санау операциясын орындау мүмкін еместігі.
АКИНЕЗИЯ — (грек. сөзінен ауд. “қимылсыздық”) қимыл-қозғалыс қызметінің жеткіліксіздігі немесе бұзылуы.
АКОАЗМА — есту иллюзиясы шум, ұру, дүрс ету, ысылдау түрінде.
АЛЕКСИЯ — бас ми зақымдануы салдарынан оқу қабілетін жоғалту.
АМИМИЯ — жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан мимикалық реакциялардың болмауы немесе төмендеуі.
АМНЕЗИЯ — естің жоғалуы.
АНАМНЕЗ — қандайда бір патологиялық жағдайлардың немесе аурудың пайда болуына ықпал етуші факторлар туралы әңгімелесу процесінде мәліметтерді жинау.
АНЕРГИЯ — белсенділіктің болмауы (психикалық, қимыл-қозғалысты, сөйлеу)
АНЕСТЕЗИЯ — сезгіштіктің жоғалуы.
АНОРЕКСИЯ — аштық (тағамнан негізсіз бас тарту) арықтауға алып келетін психикалық бұзылу.
АПАТИЯ — белсенсіздік және қоршаған ортаға немқұрайлы қараумен сипатталатын, шаршау, стресс, фрустрация сезімдерін тудыратын психикалық күй.
АПРАКСИЯ — (грек. сөзінен ауд. “апараксия”— “әрекетсіздік”) мақсатты әрекет жасауға деген қабілеттің бұзылуы.
АУТИЗМ — (грек. сөзінен ауд. “ауто”— “өз-өзіне кету”) бұл тұйықтық, қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсуге ниеттің болмауы, өзінің күйзелістеріне беріліп ькету, психологиялық шеттелу формасы.
АУТОТРЕНИНГ — стресті жағдайларды шығару үшін, жүйке жүйесін нығайтуға апаратын физикалық және психологиялық жаттығулар негізінде жасалатын өзіе-өзі сендіру әдісі.
АСТЕНИЯ — ( грек. Аstheneia — дәрменсіздік, әлсіздік) — өте қатты шаршап шалдығу. Жадап-жүдеу, көңіл-күйдің тұрақсыздығының ақырғы шегі, ұйқының бұзылуы кезіндегі байқалатын жүйкелік-психологиялық әлсіздік.
АУТОГИПНОЗ (грек. Autos — өзім, hupnos — түс) — өзге адмның ықпал етуінен болатын, гетерогипнозға қарама – қарсы — адамның өзін-өзі мақсатты гипноздық жағдайға келтіруі белгілі бір тәсілдермен жүзеге асады. А. қазіргі уақытта аутогендік жаттығу әдістерінің бірі ретінде қолданылады.
АМНЕСТИКАЛЫҚ АФАЗИЯ — қайта жаңғырту және сөздерді тану қабілетінің бұзылуы.
АФФЕКТ — (лат.— affectus жан толқынысы, құмарлық) — адмның көңіл-күйінің кенеттен өзгеріп, зор қарқынмен бұрқан-тарқан болып сыртқа тебуі(долдану,үрейі ұшу, торығу,т.б.) сананың тарылу немесе өшуімен байланысты күшті қысқа мерзімді эмоциональды күйзеліс.
АУЫРСЫНУ — адекватты емес тітіркендіргіштерге организмнің қорғаныс реакциясы.
БАҒДАРЛАУ (ОРИЕНТАЦИЯ) — алдағы әрекеттің бағытын,мөлшерін сезім және ой жүгірту арқылы анықтау.
САНДЫРАҚ — бас мидың зақымдануы салдарынан немесе ауруға байланысты санасыз, ойланбай сөйлеу.
Валидтілік — диагностиканың нәтижелілігі, дәлдігі.
ИЛАНУШЫЛЫҚ — кімнің болса да нұсқауларын қабылдау және соған тәуелді болу. Өзін-өзі төмен бағалайды, өзіне сенімсіз және мынадай мінез сапалар сенгіштік, ұялашақтық, именшектік, иланушылықтың одан әрі өршуіне ықпал етеді.
ГАЛЛЮЦИНАЦИЯ — (лат. hallucinatio — сандырақ, көріну) организмнің ауру жағдайы нәтижесінде шындықтың бұрмаланып қабылдануы.
ГЕРОНТОЛОГИЯ (грек. geren(gerontos — қарт және... логия) — қартаю рпоцесін және қарт адамдарды зерттеу. Бұл салада өмірдің физиологиялық, әлеуметтік, психологиялық, медициналық, экономикалық және т.б. жақтары қарастырылады.
ГИПОБУЛИЯ — ерік белсенділігінің төмендеуі.
ГИПОЕСТЕЗИИ — сезгіштіетің төмендеуі.
ГИПОМНЕЗИЯ — есте сақтаудың төмендеуі.
ГИПНОЛЕПСИЯ — әлсін-әлсін болатын ұйқы ұстамасы.
ГИПОТИМИЯ — көңіл-күйдің төмен болуы, бақытсыз, физикалық ауыр, жабырқау сезіну.
ГИПСОФОБИЯ — биіктіктен қорқу.
ГЕНОТИП — (грек. сөзінен ауд. “геннус” — “жан” және “типос”—“пішін,үлгі”) — гендердің жиынтығы.
ГИПНОЗ — (грек.hupnos — ұйқы) — сананың уақытша күйі; сана көлемінің күшеюімен және оны иландырудың мазмұнына барынша шоғырлануымен сипатталады. Адам психикасына, оның санасын өшіру негізінде мақсатты түрде әсер ету және психикалық жағдайлары мен процесстерін басқару.
ГИПНАБЕЛЬДІЛІК — гипноз әсеріне тез берілетін жүйке жүйесі қасиеті.
ГИПЕРБУЛИЯ — жоғарғы ерік белсенділігі.
ГИПЕРЕСТЕЗИЯ — жоғары сезгіштік.
ГИПЕРКИНЕЗИЯ — жоғарғы моторлы қозу.
ГИПЕСТЕЗИЯ — тері сезгіштігінің төмендеуі.
ДЕБИЛЬДІЛІК — ақыл –ой дамуы артта қалуының жеңіл түрі.
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ — (латын сөзінен ауд. “девиацио” — “ауытқу”) қоғамның қабылданған адамгершілік нормаларымен келіспейтін адамның жүріс-тұрысындағы қылықтар мен іс-әрекеттері.
ДЕГРАДАЦИЯ — тұлғаның кері регрессивті дамуы.
ДЕМЕФОБИЯ — толпадан қорқу.
ДЕЛИРИЯ — сананың көмескіленуі, әдетте кешке қарай бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін.
СЕНДІРУ, ҰЙЫТУ(ВНУШЕНИЕ) — адамның психикалық сферасына, оның санасына қажетті психологиялық бағдарды қалыптастыру мақсатында әсер ету процессі.
ҚОЗУ (ВОЗБУЖДЕНИЕ) — әдеттегі тіркендіргішке қарағанда организмге белсенді әрі өте күшті реакция қайтару.
ДЕМЕНЦИЯ — жүре пайда болатын тұлға деградация салдарынан болған ақылдың азаюы.
ДЕОНТОЛОГИЯ — медицина қызметкерлерінің парызы туралы ғылым., аурудың құпиясын сақтайды, “зиян келтірмеу” принципін ұстанады.
ДЕПРЕССИЯ — қоршаған ортаға деген қызығушылықтың төмендеуі және қимыл-қозғалыстың әлсізденуі арқылы көрінетін басылып қалған эмоционалды қалып.
ДЕРЕАЛИЗАЦИЯ — аурулар барлығын бұрмалап қабылдайды, қоршаған орта жағдайындағы нақты өзгерістерді олар анықтай алмайды.
ДЕСТРУКТИВИЗМ — дағдылы стереотиптердің бұзылуында бірінші болуға агрессивтілікпен ұмтылудан көрінетін мінез-құлық.
ДИДАКТОГЕНИЯ — комплекстер мен невроздық бұзылыстардың пайда болуына мүмкіндік туғызатын тәрбиелеудің бара-бар емес әдістері.
ДИСГВЕЗИЯ — бара-бар емес дәм түйсігі.
ДИСКОМФОРТ — жағымсыз эмоцияларды сезінумен байланысты болатын мазасыздық пен қанағаттанбаушылық күйі.
ДИСМНЕЗИЯ — есте сақтау қабілетінің төмендеуі, естің нашарлауы.
ДИССИМУЛЯЦИЯ — аурудың жекелеген симптомдарының жасырынуы.
ДИССОМАТОНОЗОГНОЗИЯ — аурудың бар екені мен аурудың патологиялық симптомдарының көріну мәнділігі жайлы ойлардың санадан ығыстырылуы.
ДИСТИМИЯ — көңіл-күй мен құмарлықтың төмендеуі, жағымсыз эмоциялардың пайда болуы.
ДИСФОНИЯ — дауыстың қарлығып және дірілдеп әлсіз шығуынан байқалатын сөйлеудің бұзылуы.
ДИСФОРИЯ — (грек.dysphorreo- ашыулымын) – көңіл-күйдің бұзылуы. Әдетте, мазасыздыққа, алаңдаушылыққа, күйзеліске байланысты қолданылады.
ДИСФУНКЦИЯ — мүшенің немесе жүйенің қандай да бір қызметінің бұзылуы.
ДОМИНАНТА — бас миы қабығында үстемдік ететін қозу ошағы.
ТЕЖЕЛУ — стресс, қайғы, апатиялар немесе денсаулықтың бұзылу нәтижесінде психикалық процесстер мен реакциялардың өту жылдамдығының бәсеңдеуі.
ҚОРҒАНЫС МЕХАНИЗМІ — өзін-өзі сақтауға бағытталған санасыз әрекеттер.
ЗООФИЛИЯ — жануарларға деген жыныстық құмарлық.
ИДИОТИЯ — олигофренияның біршама ауыр формасы, танымдық іс-әрекетке (когнитивті) және тіпті қарапайым дағдыларды дамытуға қабілеттіліктің жоқтығымен сипатталатын туа біткен психикалық жетіспеушілік.
НЕГАТИВИЗМ — (БОЙКҮЙЕЗДІКлат. negativus — жоққа шығарамын) — айтқан ақыл-кеңеске құлақ аспай, өз бетінше жүріп-тұрудан көрінетін мінездің жағымсыз жағы.
Білімдерді бағалау жалпы шкаласы
Аттестациялық әріптік баға
| Баллдардың сана эквиваленті
| Оқу пәннің меңгеру дәрежесінің %-ды мазмұны
| Дәстүрлі жүйе бойынша
Баға
| А
| 4,0
| 95-100
| өте жақсы
| А-
| 3,67
| 90-94
| В+
| 3,33
| 85-89
| Жақсы
| В
| 3,0
| 80-84
| В-
| 2,67
| 75-79
| С+
| 2,33
| 70-74
| қанағатты
| С
| 2,0
| 65-69
| С-
| 1,67
| 60,64
| D+
| 1,33
| 55-59
| D
| 1,0
| 50-54
| F
|
| 0-49
| Қанағаттындырылмаған
|
Пән бойынша қорытынды баға пайыздық қатынаста келесідей анықталады:
Б1 + Б2
Қ % = --------------- × 0,6 + Е × 0,4
Мұнда:
Б1 - 1 бақылаудың бағасының пайыздық көрінісі
Б2 - 2 бақылаудың бағасының пайыздық көрінісі
Е - Емтихандық бағаның пайыздық көрінісі
Пайыздық көріністегі қорытынды баға Қ % 3 қосымшада көрсетілген, кестеге сәйкес ҚБ сандық эквивалентке қорытынды баға ретінде аударылады.
Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
2012-2013 оқу жылына пәндердің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
Автор
| Атауы
| Баспа жылы
| Дана
|
| Оқу құралдары, оқулықтар
|
|
| Игумнов С.А.
| Психотерапия детей и подростков.
|
|
| Мягков И.Ф. и др.
| Медицинская психология: пропедевтический курс. Уч. для вузов.
|
|
| Шкуренко Д.А.
| Общая и медицинская психология. Уч. пос.
|
|
| Карвасарский Б.Д.
| Клиническая психология: учебник
|
|
|
ДӘРІС КОМПЛЕКСІ
1-Дәріс. Қазіргі кезеңдегі медициналық психология методологиялық, теоретикалық мәселелері. 2 сағат
Мақсаты: Медициналық психологияның тарихы мен негізгі ұғымдармен таныстыру.
Дәріс жоспары:
1.Медициналық психологияның даму тарихы.
2. Қазіргі медициналық психологияның пәні мен құрылымы.
3. Медициналық психологиядағы психологиялық диагностика.
4.“Норма” және “патология” мәселелері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Каннабих Ю. "История психиатрии". М.,1992.
2. Лурия А.Р. "Основы нейропсихологии", М., 1973
3. Хомская Е.Д. "Нейропсихология", М. 1990
4. Хрестоматия по медицинской психологии. Составитель Сапарова И.А. А., 2004
Дәріс тезистері.
Медициналық психологияның даму тарихы, теориялық мәселелері
Қазіргі психологияда психологияның медициналық сондай-ақ пациенттердің психологиялық жағдайын коррекциялауға байлансты мәселелерді зерттеуде түрлі методологиялық бағыттар бар. Орыс психологиялық мектебі ХХ ғ. басында қалыптасты. Ресейде оның негізін салушы көрнекті психоневролог В.М.Бехтеров. Ол басқарған психоневрологиялық институтта жүріс-тұрысты объективті зерттеу үшін экспериментальды әдістер анықталды. 1908 жылы В.М.Бехтерев индивидтің туа қалыптасатын нышандарымен сәйкестендіретін еханикалық себептерінің көрінуімен өзара байланысатын генетикалық рефлексологиялық зерттеу әдісін жасап шығарды.
ХХ ғ. басында Америка Құрама Штатында бихевиористік бағыт кеңінен құлаш ұрып тарады, ол бағыт белгілі стимулға жүріс-тұрыстық реакция психиканың көрінуі ретінде қарастырады. Психологияда бұл бағыттың негізін салушы Джон Уотсон болып табылады. Оның теориясы бойынша зерттеудің негізі шартты рефлекстердің физиологиялық механимдерінің қалыптасуы болуы керек. Бұл И.П.Павловтың концепциясымен В.М.Бехтеревтың объективті психология пастулатымен жалпы бір бағытта. Бихивиоризм теориясынан шығатыны, психика организмнің сыртқы және ішкі стимулдарға белгілі жүйелі реакция ретінде қабылданады. Бихевиоризм бірінші деңгейлі ролі оның жүріс-тұрысын көрсететін адам іс қимылы болып табылады.
ХХ ғ. басында Германияда қалыптасқан Гештальт психологияның жетекші бағдары болып қабылданған бейнелердің тұтастығын қалыптастыру, яғни, аяқталу процесін түйсіну жолдарын іздеуді тудырады.
Гештальт методологиясының негізіне тұтастық концепциясы жатады. Гештальт психологиясының тұтастық және жаңа әдістемелік бағыты ретінде негізін салушылар М.Вертгеймер, К.Келлер, К.Коффка, К.Левин.
К.Левин көзқарасы бойынша невроздарды емдеу сондай-ақ таным процесстерін түзетуде биологиялық және әлеуметтік қажеттіліктердің өзара әрекеті жетекші орынға ие немесе олардың арасында белгілі өзара байланыс және иерархия бар. Адамды қоршаған кез келген объектінің белгілі энергиясы мен заряды бар. нәтижесінде қоршаған әлем объектілері психологиялық кеңістікте қысымның туындауына ықпал етеді. Осыған байланысты жағымсыз эмоциялар қысымды және агрессияны күшейткенімен, жағымды эмоцияларды әлсіретеді.
Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы психология ғылымында өткір де, таусылмайтын күрес әртүрлі мектеп өкілдері арасында ғасырлар бойы жүріп жатыр. Енді көбірек таралған тұлға туралы зерттеулерді медициналық психология жағынан қарастырайық. Ерте заманда Гиппократ сырқат адамдарды оның жеке ерекшеліктері мен адамның қоршаған ортаға тәуелділігін есепке ала отырып, емдеуді ұсынған. Кейін феодализм кезінде де, буржуазиялық қарым-қатынас заманында да, тұлға туралы әртүрлі теориялар пайда бола бастады, олар адамның жеке тұлғалық психикалық ерекшеліктердің туа пайда болу және өзгермейтіндігін дәлелдеуге тырысты.
Биологиялық фатализм әртүрлі ғылымдарда тұлғаның сапасы туралы, яғни «Физиогномикадан» басталып, И.К.Лафотера (1741-1801), Ф.И.Галлдің (1758-1828) френологиясы және біздің заманымыздағы психоморфологиялық лаколизационизмге көше келе (К.Клайст, Э.Кречмер және т.б.), қазіргі таңдағы кең таралған жеке тұлғатеориясы болып саналады. Сонымен, Э.Кречмер тұлғаның өзіндік ерекшеліктері оның денесінің конституционалдық ерекшеліктерімен байланысты деп көрсетеді. Ол өзінің психиатрлық клиникасында жүргізілген бақылау нәтижесінде, алғашқыда мінездің 2 түрін бөліп шығарды – шизотимикалық(ұстамды, салмақты, қарым – қатынасқа қиын түседі, топас, ашуланғыш) және циклотимикалық (нақты, қарым – қатынасқа оңай түсетін, адам сүйгіш көпбілгіш). Кречмердің пікірі бойынша пикниктік дене құрылымды адамдарға циклотимикалық мінез сәйкес келеді, атлетикалық, астеникалық және диспластикалық дене құрылымға – шизотимикалық. Кейінірек бұл классификация Ф.Минковский (1923) эпилептикалық мінез толықтырады(кекшіл, ашушаң, майда – шүйдеге көңіл бөлетін және т.б.).
Айтарлықтай, өте кең тараған келесі бағыт – психоаналитикалық. Оның негізін салушы З.Фрейд пікірі бойынша, тұлға – бейсаналық (инстинктивті, басты сексуалды талпыныстары мен өлімге деген талпыныс) пен сананың күресі нәтижесінде көрінеді деп түсіндіреді.
З.Фрейд ілімінің идеялық бұлағы Э.Гертманның (1842-1906) «Бейсаналылық философиясы», яғни интуициялық қабілеттілік, басқа авторлармен негіздеген, мысалы А.Бергсон. Фрейдтің алғашқы шәкірттерінің бірі А.Адлер пікірі бойынша тұлғаның қалыптасуындағы негізгі саналар пайда болған толымсыздық сезімі мен әр адамның өзін - өзі жетілдіруге деген талпынысынан бастау алады, сонымен қатар жоғарғы тұлға (сверхличность) идеясын басшылыққа ала отырады. Бірнеше деңгейлерге дейін модификацияланған психоанализ ілімі қазіргі таңда медициналық және психологиялық негізінде психосоматикалық медицинаның негізі болып табылады, психоанализ батыста кеңінен емдеу әдісі ретінде жарнамаланды, панацея секілді тәжірибеде кездесетін барлық ауруларды да.
Соңғы кезде психосоматикалық бағыт медицинада кеңінен таралған. Ол патологиялық процесстің (вирховская, целлюмерная патология) нақты бір органның немесе жүйесінің төңірегімен шектеліп қалатын өткеннің механикалық көзқарастарына қарсы шыққан. Бірақ осы кезге дейін клиникалық жағдайдағы патология психосоматикалық қарым – қатынас туралы нақты бір көзқарас қалыптаспаған, әртүрлі бағыт өкілдері психосоматика туралы өз ұстанымдарында қалып отыр.
Психосоматикалық қарым- қатынасқа арналған зерттеу жұмыстары көп жүргізілген.
Олардың ішінде объективті методтарды зерттеулерде қолдану, клиникалық патология көзқараста, айтарлықтай деңгейде құнды болып саналады. Бірақ айтылған алынған нәтижелер әрқашан ғылыми көзқарастарға сүйене бермейді, сәйкес келген жағдайлар көменгімен ақыл ойға сүйене отырып жазады.
Соңғы 10 жыл ішінде психология мен психиатрияға біраз елдерде экзистенционализмнің әсері біршама сезіледі, оның негізін салушы неміс оқымыстысы – философы М.Хайдегер (1927) деп айтуға болады. Сәйкесінше оның көзқарастарын толықтырып дамытқан А.Маньковский, Э.Гитраус, Л.Бинсвангер, адам өзінің психикасымен жасалған белгілі «эскизді» әлемде өмір сүреді, оның өзінің «концепциясы» болады, адам өзі үшін дәл сол шетті, сол «терезені» ашады, ол оның тұлғалық табиғатына сәйкестендірілген болу керек. Жеке адамдар әлемге санадағы тесік арқылы қарайтындай, әркім өзінің санасы арқылы. Сондықтан да кез келген индивидуум өзінің қоршаған ортасын өзінше қабылдайды. Әсіресе әйгілі сусуретшілер мен музыканттар, ақындар мен өнертапқыштардың «санасыздағыны тесіп», терезелері ерекше болып келеді. Өзіндік тұлғаның «эскизі» шеті оның өзіндік санасын анықтайды. Экзистенциалистердің көзқарасына сәйкес өзіндік сана үздіксіз даму – көріну және пайда болу үстінде болады. Тұлғаның ішкі әлемін түсіну, ал керек жағдайда қайта қалыптастыру және реконструкция оның экзистенциалистік анализдің негізгі міндеті болып табылады.
Сонымен қатар бұл бағыттың өкілдері реалды шындықтың психикадағы объективті бейнесін талдамайды, олар тұлғаның кенеттен пайда болып индивидуалды психологиялық ерекшеліктерін таңдайды.
Рух және тұлға бірлігі концепциясы, оның тамыры Платоннан алынған, персонализмнің философиясы мен психологиясы негізінде жатады. Персоналистер, оның негізін салушы – американдық философ Б.Бауэнадан (1847-1910) бастап, тұлғаны «надындивидуалды» субстанция деп есептейді, адамның тек қана физикалық дүниесіне емес, психикалық дүниесіне де нейтралды қарым – қатынаста. Танымайтын «тұлға ядросы» (бұл психиатрлардың қолданылатын термин персоналстерде де қабылданған) темперамент, мінез, қабілет «сфераларымен» қоршаған. Аурудың тұлғалық ерекшеліктерін күйзелісінің методологиялық негізгі іздеу барысында көптеген батыс еуропалық және америкалық дәрігерлер қазіргі таңда психоанализге, экзистенциализмге, персонализмге жүгінеді.
Психодинамикалық бағыттың өкілдері тұлғаны нақты өмір мен бейсананың күресі нәтижесінде анықтайды(З.Фрейд, А.Адлер, К.Г.Юнг); гуманистік бағыт әр адам өз мүмкіндіктерін, өзін - өзі жетілдіруді жүзеге асыруға бағытталған деп сендіреді(К.Роджерс, А.Маслоу). психосоциалды даму теориясы(Э.Эриксон) тұлғаның ерекшеліктерін оның жас кризистерінен (жағымды немесе жағымсыз) басынан өткізуіне байланысты деп түсіндіріледі; сонымен адамның биологиялық және әлеуметтік дамуы түсіндіріледі.
Қазіргі медициналық психология өзінің қызу дамуында. Қызығушылық тек науқас адамның жүріс тұрысы мен дәрәгермен қармы қатынасын байланысты емес, әр түрлі ауруларды алдын алу, психологиялық профилактикасы, психигигиенаға байланысты сұрақтар қатысты.
Медициналық психологияның дамуына келесі пәндер үлкен әсер еткен – это психиатрия, неврология, нейрохирургия, психотерапия, эксперименталдық психология, тифлопсихология, сурдопсихология және т.б.
Медициналық психологияның мақсаты мен міндеттер психиатриялық, неврологиялық, соматикалық клиниканың қажеттіліктерімен анықталады.
Медициналық психологияның ортасында (пәні) – денсаулығына байланысты бейімделуі мен өзіндік жүзеге асыруында қиындықтарды бастан кешіретін адам. Бұл байланыстар екі жақты сипатта болады:
1) психиканың еркшеліктері адамның бейімделуіне әсер етіп, ауырсыну қалыптардың пайда болуына әкелетін қиыншылықтарды негіздейді (психосоматика, психикалық бұзылыста);
2) аурулар мен олардың салдары адамның психикалық бітіміне әсер етіп, дезадаптацияға әкеледі.
Клиникалық психологияда психодиагностика мен психологиялық көмек көрсету тек дифицитарлық емес, адамның сақтаулы аспектілеріне бағытталып, рухани дамуға деген қабілеттің, ауырсыну қалыптары мен дағдарыстық өмірлік жағдайларды женуге мүмкіндік беретін жаңа шығармашылық тәсілдерді тұдыруға жағдай жасайды.
Клиническкалық бағыт ересек адамдардың диагностикасы мен психологиялық көмек көрсету мәселелерін, балалардың тәрбиелеу мен білім беру саласындағы мәселелерін, қарт адамдардың еңбектік және әлеуметтік реабилитациясына байланысты және т.б мәселелерді шешуге көмектеседі.
Медициналық психологияның даму тарихы. Медико-психологиялық көзқарастардың пайда болу ғылымға дейінгі дәүірге байланысты. Гиппократ, ежелгі Элладаның ұлы дәрігір мен ойшылы, темпераменттің ерекшеліктері негізінде адамдардың жекедаралықтары алғаш сипаттаған. Гиппократтың аңтыа шынайы медико-психологиялық бағыттың этико-деонтологиялық негәзә болып табылады. Онтоғызыншы ғасырда организмге психикалық әсерледі зерттеуде француз ғалымдары өз үлесін қосқан, олар Бернгейм и Шарко, орыс дәрәгерлері - хурург Н.И. Пирогов, терапевт М.Я. Мудров, Г.А. Захарьин, В.А. Манассеин, С.П. Боткин және психиатрлар И.М. Балинский, С.С. Корсаков және т.б.
Медико-психологиялық білімдердің дамуына атақты орыс физилогтар И.М. Сеченов и И.П. Павлов үлкен үлес қосты. Атақты орыс психиатры В.М. Бехтерев Ресейде 1885 жылы алғашқы эксперименталдық-психологиялық лабораторины ашқан. Оның шәкірттері мен із басарлары (В.Н. Мясищев, М.М. Кабанов, А.Е. Личко, В.К. Мягер, Б.Д. Карвасарский және т.б. медициналық психологияның дамуында жаңа кезеңнің қалаушылары болып табылады.
Медициналық психологияның пәні мен құрылымы
Медициналық психология – психология мен медицина арасында пайда болған қазіргі кезде дамып келетін психологияның саласы. Оның мәліметтерінің психология мен медицина үшін теориялық және қолданбалы маңызы бар. Сондықтан оны қолданбалы салаларға жатқызуға болады.
Медициналық психология психологиялық білім болап қалып, оның перспективаларын мен жетістіктерін жалпы психологияның дамуы мен қалпынан айырып қарауға болмайды.
Медициналық психологияның бірнеше анықтамалары бар. Ғалымдардың көпшілігі оны психология ғылымының бөлігі деп қарастырады, бірақ оны медицинанын бір бөлігі екенін естен шығаруға болмайды. Медициналық психологияның пәні науқастың психиккалық іс әрекетінің ерекшеліктері және олардың ауруды патогенетикалық пен дифференциалдық диагностикалауда, емдік шараларды тиімдету мен алдын алудағы мәні болып табылады.
Медициналық психологияны екіге бөліп қарауға болады: жалпы және нақты (арнайы).
Қазіргі медициналық психологияның негізгі бөлімдері:
Медициналық психологияның бөлімдері: патопсихология, нейропсихология, психосоматика, психотерапия және психокоррекция.
Патопсихология – психологии, психопатологии және психиатрия арасында пайда болған бағыт. оның негізін салған Б.В.Зейгарник.
Нейропсихология психологии, неврологии және нейрохирургия арасында пайда болған бағыт, негізін салған – атақты невролог және психолог А.Р.Лурия.
Психосоматика – соматикалық аурулардың пайда болуы мен динамикасына психологиялық факторлардың әсерін зерттейтін медициналық психологияның бағыты.
Психотерапия адамның психикасына емдеу мен денсаулығын сақтау мақсатымен тиімді әсер етуді қарастыратын бағыт.
Медициналық психологтардың іс әрекетінің негізгі аспектілері
Медициналық психологтардың жұмысы адамдардың өмірлік және кәсіби мәселелерін шешуде психологиялық көмек көрсетудің әдістерін іздеу жолдары мен өндеуге бағытталады. Медициналық психологияның негізгі әдістеріне психодиагностиканы, психотерапияны, психокоррекцияны, психологиялық кенес беру мен дамытушы психологиялық жұмысты жатқызуға болады.
Таяудан ғана медициналық мекемелерде психологтар жұмыс істей бастады. Олардың іс-әрекетінің негізгі аспектілеріне диагностикалық процесіне қатысып, психологиялық зерттеулердің нәтижелерін әртүрлі аурулардың механизмдерінде, даму барысында, компенсациясы мен декомпенсациясында психологиялық фактордың ролін анықтау үшін қолдану жатады.
Медициналық психологтың іс-әрекетіне соттық-психологиялық сараптауға эксперт ретінде қатысуы өте маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, денсаулық саласында еңбек ететін психолгтар психотерапиялық жоспардың міндеттерін шешуде. Бұған әртүрлі терапияларды өткізу, суицидтік әрекеттер жасаған адамдар мен тренинигтер өткізу,шекаралық қалыптармен жұмыстың әртүрлі варианттары
Қазіргі кезде медициналық психология психокоррекциға бағытталған. Писхокоррекцияны өткізу үшін психологиялық нұсқауларды негіздеу жасалады (мысалы, невроздарды, маскүнемдікті емдеу барысында). Бірақ, психокоррекциялық жұмыстың тиімділігін арттыру үшін ол науқастың психикалық қалпын терең зерттеу мен квалификациясына негізделу керек..
Медициналық психологияда психологиялық диагностика
Психологиялық зерттеудің әдістерін келесі топтарға бөледі:
· Түйсуінуді зерттеу әдістері
· Қабылдаужы зерттеу әдістері
· Психикалық процестердің уақытын өлшеуге арналған әдістер
· Қайта құруды талдау әдістері
· Қарапайым қайта құрулар
· Күрделі қайта құрулар
· Күрделі психикалық актілерді талдау әдістері
Психологиялық эксперимент алдында дефектінің құрылымын, науқастын психикалық бұзылыстарының деңгейін, оның интеллектуалдық төмендеуін және т.б. талдау міндеттері қойылады
“Норма” және “патология” мәселелері
Медицинадағы норма және патология ұғымдары.
Норма -медицина және биология саласындағықиын ұғымдардың бірі. Бұл ұғымға барлық ғылымда қабылданған ортақ түсініктеме берілмеген. Шартты түрдеғ медицинада норма деп алынған көрсеткіштерді және оның санын атауға болады. Норма сөзін сипаттау үшін қазіргі таңда көбіне математикалық статистика мен одан шыққан көрсеткіштерді атайды. Дегенмен, статистикалық әдістер тек ортақ мәнді ғана көрсете алады. «Дені сау» деп есептелетін адамдар тобын зерттеуде кеңінен қолдануға болады. Мысалы, «норма» бойдың ұзындығы мен дене массасын өлшеу жағдайында және т.б. Норма жайында түсініктер медицина саласында философиялық ойлардан бастау алады. Мұны алғаш В.Гегель ұсынған болатын. Медицина және биологиядағы норма философиялық түсінікке жақын деуге болады. Медицина саласында норма тарихи өзгермелі болып келеді. Әртүрлі уақыттарда әртүрлі параметрлерге ие болды. Мысалы, антикалық дәуірдегі адамдардың дене бітімі идеалды болған. Орта ғасырларда олар толық дене бітімінде болған. Мұның себебі әр дәуірдегі тамақтану әртүрлі болған. Ал қазіргі таңда, норма деп патологияның болмауын айтады. Дегенмен, адам денсаулығында норма белгілері аз. Яғни, әрбір ауру үшін бірнеше белгілер бар, ал олар норма болып есептелмейді. Олар сапасы мен саны жағынан жақсы зерттелген. Бұл ережеден тыс тек психикалық аурулар болуы мүмкін.
Патология – бұл әртүрлі ауру процестеріне тән ортақ белгілерді зерттейтін медицина саласының бір бөлігі. Мысалы, қабыну, дистрофия, регенерация және басқа да аурулар. Сондай-ақ, нормадан бөлек кез-келген ауытқу патология деп аталады. Сонымен қатар, жасырын патология да болады. Мысалы, анық емес асқазан рагының бастапқы стадиясы. Яғни, норманың белгілерін анықтау үшін оның сандық және сапалық сипаттамаларын зерттеу маңызды болып табылады. Норма және патология диагностикасы жалпы медицинада анатомо-физиологиялық ағзалардың жағдайының сәйкестілігімен анықталады.
Психологиядағы норма және патология ұғымдары.
Қазіргі таңда норма ұғымының ортақ анықтамасы мен түсінігі қалыптаспаған.
Алғаш норма ұғымы психология саласында психопатологияда бастау алады. Норма және патология мәселесін ең алғаш З.Фрейдтің психоанализінде қарала бастады. «Норма» және «патология» ұғымдарының дамуына әлеуметтік-психологиялық әдістер көп әсер етті. Нәтижесінде «норма» және «патология» түсініктері мәдениетпен тығыз байланыста екендігі анықталды. Яғни, бұл түсініктер адам өмір сүретін жағдайға тікелей байланысты.
1908 жылы Ганнушкиннің «Постановка вопроса о границах душевного здоровья» деп аталатын статьясы шықты. Бұл статьяда Ганнушкин норма және патология ұғымдарының арасына қандайда бір айырмашылық пен сызықтар қоюға болмайды, себебі сау болу мен науқастанудың арасында өте көп сатылар бар деді.
Қазіргі таңда Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымы «норма» ұғымының келесі анықтамасын ұсынуда: «Норма» - бұл этикалық стандарт, мінез-құлық моделі.
Қазіргі ғылымда «норма» ұғымын түсінудің бірнеше подходтары бар:
1. Статистикалық подход. Мысалы:
МКБ10 – ақыл-ой кемістігін білдіретін баға, IQ;
20-дан төмен – терең ақыл-ой кемістігі;
20-34 – байқалатын ақыл-ой кемістігі;
35-49 – бірқалыпты ақыл-ой кемістігі;
50-70 – жеңіл ақыл-ой кемістігі;
71-84 – нормаға жақын ақыл-ой кемістігі;
85-114 – норма;
115-124 – нормадан жоғары интеллект;
125-134 – жоғары интеллект;
135 және жоғары – данышпан;
2. Адаптациялық подход. Қалыпты болу, демек бейімделгіш болу. Бұл подход көбіне өзгермелі қоғамда өмір сүретін адамның көзқарасына тікелей байланысты.
3. Психопатологиялы подход. Егер еш жерің ауырмаса, демек сен саусың, ешқандай патологиялық ауытқуларың жоқ.
4. «Норма» түсінгі индивид шекарасымен байланысты.
5. Мәдени-релятивистік подход. Қалыпты – бұл осы мәдениеттін норма стандарттарымен сәйкес келу. Бұл подход бойынша норманың 2 түрін көрсетуге болады: 1. Мінез-құлықтық;2.Рангілік;
6. Гуманитарлық подход. Тұлға теориясымен тығыз байланысты. Норма – бұл өзін-өзі жетілдіруші адам.
А.Маслоу өзін-өзі жетілдіруші тұлғалардың келесі сипаттамаларын көрсетеді:
· Шынайылықты эффективті қабылдай алу;
· Табиғатты, басқаларды, өзін қабылдай алу;
· Шынайылық, қарапайымдылық;
· Мақсатқа жетуге ұмтылушылық;
· Автономия, өз дербестігіне жауап бере алу;
· Әлеуметтік мадақтауларды сабырлы қабылдай алу;
· Жаңа қабылдауларға ашық бола алу, қабылдаудың тазалығы;
· Жоғары дәрежедегі уайымдаулар, зкстаз;
· Терең тұлғааралық қатынастар;
· Философиялық қалжыңдай алу;
· Қарсы тұра білу;
Э.Фромм « норманың» келесі белгілерін көрсетеді:
· Проективті іс-әрекет;
· Эмоция мен уайымдаулар арқылы адамның ішкі дүниесімен байланысы;
· Объективті шынайылыққа өз интеллектісімен жете алу;
· Иррационалды атақты мойындаушылықтың болмауы;
· Қалыпты адам өмірге ұлы нәрсе деп қарайды;
Братусь норманың 3 деңгейін көрсетеді:
· Іс-әрекетті релизациялау деңгейі;
· Тұлғалық-мағыналық;
· Психофизиологиялық деңгей;
Қорытындылай келе, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының «психикалық сау болу», яғни «психологиялық норма» ұғымына берген түсінігіне тоқталып өтсек:
ü Адамда үздіксіздік сезімі және өзінің физикалық және психикалық «Менінің» біртұтастылығы болуы керек;
ü Біртипті ситуацияларды тұрақтылық сезімінің болуы;
ü Өзінің жеке психикалық іс-әрекеті мен оның нәтижесіне сыни көзқараспен қарау;
ü Психикалық реакциялар күші мен қоршаған ортадағы жағдайлардағы әрекеттердің сәйкес келуі;
ü Өзін-өзі басқару мен қоғамда қабылданған норма, стандарттардың сәйкес келуі;
ü Жеке өмірін жоспарлау және жетілдіре алуға деген қабілеттілік;
ü Өмірлік ситуацияларда мінез-құлқын өзгерте алуға деген қабілеттілік;
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау Ұйымы «психикалық сау болу» немесе «психикалық норманың» келесі деңгейлерін көрсетеді:
ü Эталонды денсаулық (иделды) – индивидтің толық адаптациясы, гармониялық дамуы.
ü Ортастатистикалық деңгей – психика көрсеткіштерінің жасына, жынысына сай келуі.
ü Конституционалдық деңгей – психика мен дененің типологиясымен байланысты.
ü Акцентуация деңгейі – мінездің тұлғалық белгілерінің толықтала, өткірлене түсуі.
ü Аурудан алдыңғы кезең – психикалық бұзылудың жеке симптомдарының пайда болуы.
Адам психитарияның объектісі ретінде биоәлеуметтік құбылыс болғандықтан екі құрылымдардың бірлігі ретінде қарастырылады: ағзалық (биологиялық) және тұлғалық (әлеуметтік). Ағза биологиялық құрылым ретінде екі биологиялық алльтернативалық қалыптарда болу мүмкін: қалыпты немесе патологиялық. Тұлға да әлеуметтік құрылым ретінде екі қалыптарда болу мүмкін: денісау және ауру
Шынайы медициналық тәжірибеде патология көптеген жағдайларда аурумен, ал норма – денсаулық пен ұштасады
Писхиатрияда психикалық денсаулық пен ауру арасындағы қатынастарды қарастыратын екі негізгі бағыттар қалыптасқан
Нозоцентризм – дәрігірдің ойлауы ауруды іздеуге бағытталған. Адам психикасының кез келген көрінісі аурудың симптомы, аурудың қасиеті немесе синдромы ретінде қарастырылады. Яғни, адам психикасының әртүрлігі девианттылығы, арудың «жасырын», «дамымай қалған» немесе анық сипаттары ретінде қарастырылады
Нормоцентизм – дәрігіердің ойлауы тек санногендік факторларды іздеуге бағытталғын. Жүріс-тұрыстың ауытқыған формалары жағдаймен, тәрбиемен, әлеуметтік шындық пен түсіндіріледі де, психикалық денсаулық төңірегінде қарастырылады. Бұл принципті абсолютизациялау антипсихиатрияның негізінде жатыр
2-Дәріс. Медициналық психологиядағы негізгі түсіндірмелі парадигмалар. 3 сағат
Мақсаты: Медициналық психологиядағы моделдерді түсіндірудің салыстырмалы талдамы н беру.
Дәріс жоспары:
1. Медициналық психологиядағы биомедициналық модель.
2. Медициналық психологиядағы түсіндірме моделдердің дамуындағы дифференциалды психологияның үлесі.
3. Медициналық психологиядағы психологиялық подходтар.
3.1 Психоаналитикалық подход и психодинамикалық модель.
3.2 Когнитивно-бихевиоральды парадигма.
3.3 Медициналық психологиядағы түсіндірме теориялардың мағынасы мен құндылығы.
3.4 Медициналық психологиядағы түсіндіруші, феноменологиялық және эксистенциальды моделдерге негізделген психологиялық подходтар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Братусь Б.С. "Аномалии личности", М., 1990
2. Зейгарник Б.В. "Патопсихология",М., 1987
3. Каннабих Ю. "История психиатрии". М.,1992.
4. Лурия А.Р. "Основы нейропсихологии", М., 1973
5. Фуко М. "История безумия в классическую эпоху". М.,1997.
6. Хомская Е.Д. "Нейропсихология", М. 1990
7. Хрестоматия по медицинской психологии. Составитель Сапарова И.А. А., 2004
8. ІлешеваР.Г. Психиатрия. Алматы,1995.
Дәріс тезистері.
Аурудың биопсихоәлеуметтік моделі XX ғ. 70-ші жылдардын соңында пайда болды. Бұл парадигма бойынша кез келген ауру элементарлық бөлшектір мен биосфераға дейін иерархиялық континиум деп түсіндіріледі. Төмен орналасқан деңгей жоғары орналасқан деңгейдің компоненті болып, оның сипаттамаларын өзіне сіңіріп, оның әсерінде болады. Бұл континиумнің ортасында өзінің күйзелістері мен жүріс-тұрысы бар тұлға орналасқан
Осы модельдің негізінде «диатез - стресс» диадасы жатыр, диатез - нақты ауырсыну қалпына деген биологиялық бейімділік, ал стресс - осы бейімділікті өзектендіретін психоәлеуметтік факторлар болып табылады. Диатезбен стресстің өзара әсер етуі кез келген ауруды түсіндіреді.
Денсаулық қалпын бағалауда психологиялық факторлар жетекші роль атқарады. Денсаулық субъективті тұрғыда оптимизм, соматикалық және психологиялық сауыттылық, өмірдің құанышын сезіну болып табылады. Бұл субъективті қалып денсаулықты қамтамасыз ететін келесіпсихологиялық механизмдерімен негізделгіен
1) өз өміріне жауапкершілікті мойындау;
2) өзін-өзі тану өзінің жекдара тәндік және психологиялық ерекшеліктерді талдау ретінде;
3) өзін-өзі түсіну мен қабылдау ішкі интеграция процесі – синтезі ретінде;
4) қазіргі шақта өмір сүре алу;
5) жекедара тіршілікті сезіну – сонын салдарынан саналы құндылықтар иерархиясы;
6) басқаларды түсіну мен қабылдау қабілеті;
7) өмірге деген сенімділік
Медициналық психологияда түсініктемелік психологиялық бағыттар мен модельдер
Ғылымда екі әртүрлі эксперименталдық психологиялар қалыптасқан – клиникалық (медициналық факульттер базасында) және жалпы (философиялық факульттер негізінде. Егер біріншісі физиология мен психиатрияның ғылыми және тәжірибелік қызығушылықтарына қызмет көрсетуге бағытталған болса, екіншісі метериалдық емес психикалық субстанцияның алғы шарттарын эмпирикалық зерттеуді көздейді.
Екі психологияның негігші аырмашылығы – психиканы мидың қызметі немесе ерекше рухани субстанция ретінде қарастыру. Екінші айырмашылық психологияны диагностикалық немесе эмпирикалық пән деп түсіндіру. Вторым различительным критерием стало понимание психологии как преимущественно диагностической или эмпирической дисциплины. Немі психиатры Э. Крепелин осы принципті психиатриялық клиниканың қажеттіліктеріне бейімдеткен. Ол жан ауруларының нозологиялық топтастырылуын келесі формула арқылы көрсеткен «этиология (аурудың себебі) —> клиника (симптомда арқылы көрінетін аурудың көрінісі) —> ағымы (аурудың даму барысында симптомдар динамикасы) —> болжам (психикалық аурудың келешек дамуы мен аяқталуын болжау).
Психоаналитикалық бағыт. Психодинамикалық модель.
Терең психология өзінің даму жолын Фрейдтің психоанализынан бастады, ол өзінің дәстүрліден айырықша, адамның күйзелістері мен әректтерінің сезілмеітін түрткілеріне негізделген әдіснамасын ойлап тапты. Фрейд ерекше психологиялық техниканы — еркін ассоциалар әдісін ұсынды. Бұл әдістің мақсаты невротикалық бұзылыстар немесе аномалды жүріс тұрыстың себебі болатын ығыстырылған күйзелістер мен елестерді санаға қайта қайтару болып табылады.
Өзіндік талдаудың негізгі тәсілі ретінде Фрейд түскөруді талдауды есептеп, 1900 жылы өзінің тәжірибесін «Толкование сновидений» атты еңбегінде жарыққа шығарды. 1901 жылы Фрейд өзінің «Психопатология обыденной жизни» атты еңбегінде бейсана ойлардың адамның әрекеттеріне, қылықтарына үлкен әсет етеді деген ойын жазды. 1902 жылы Фрейдтің шәкірттері қосылып, психоаналитикалық мектептің негізін қалады. Фрейд алғашқы рет адам психикасын түсінуде балалық шақтың маңыздылығын көрсеткен.
Когнитивтік-бихевиоралдық парадигма
1913 жылы АҚШ-та Уотсон психологияның теоретикалық міндеті деп адамның жүріс-тұрысын болжау мен оны басқаруды ұсынған. Сол кезден бастап психологияның бөлек бағыты ретінде бихевиоризмнің дамуы басталды. Оның дамуына Павловтың шартты-рефлекторлық теориясы мен Бехтеревтің ұштасқан рефлекстер теориясы үлкен әсер етті. Уотсон осы идеяны негізге ала отырып, өзінің бағдарламасының негізі ретінде алды. Павловтың айтуынша АҚШта Уотсонның жұмыстары мен бихевиоризмнің дамуы мен кең өріс алуы оның идеялары мен әдістерінің дұрыстығын дәлелдейді.
Бехтеревтің ойынша жоғары деңгейдегі жүріс-тұрысты төмен деңгейдегі моторлық рефлектердің қосындысы немесе жинақтауы болып табылады. Ойлау процесіне аналогиялық сипат тән — олар сөйлеу мускулатурасының ішкі әрекеттерінен тәуелді. Бұл ойды әрі қарай Уотсон дамытты. Жүріс-тұрыстың барлық салалары «стимул — реакция» объективті терминдердін негізінде қарастырылуы тиіс. Уотсонның эксперименттері ересек адамның мәселелері балалық немесе жеткіншек шақтарда қалыптасқан реакцияларымен байланысты екендігін көрсетті. Егер олар балалық шақтағы дұрыс емес тәрбиелеу салдарынан пайда болса, ересек жаста бұзылыстардын пайда болуын арнайы тәрбйелеу арқылы болдырмауға болады.
3-Дәріс. Патопсихология және аномальды даму психологиясы. 4 сағат
Мақсаты: Аномальды даму ерекшеліктерін зерттеу
Дәріс жоспары:
1.Патопсихологияның пайда болуы мен даму тарихы. Жалпы патопсихологияның пәнін анықтау.
2. Аномальды даму психологиясы.
3.Психикалық дамымай қалушылық. Негізгі клиникалық формалары.
4. Кешіккен психикалық даму.
5.Зақымдалған психикалық даму.
6.Дефицитарлы психикалық даму.
7.Бұрмаланған психикалық даму.
8.Дисгармониялық психикалық даму.
9.Балалардағы невроздар.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Зейгарник Б.В. "Патопсихология",М., 1987
2. Лебединский М.С. "Нарушения психического развития у детей", М. 1985
3. Личко А. Е. "Психопатии и акцентуации характера у подростков", М. 1986
4.Рубинштейн С..Я. "Экспериментальные методики патопсихологии" М., 1970
5. Хрестоматия по медицинской психологии. Составитель Сапарова И.А. А., 2004
6. Захаров А.И. "Неврозы у детей и подростков". Л.,1989.
7. Мясищев В.Н. "Личность и неврозы". Л.,1960.
8.Рубинштейн С.Я. "Психология умственно отсталого школьника", М. 1985
Дәріс тезистері.
Патопсихология қосымша психиатриялық пән, оның міндеті болып жаны науқас адамдарда психикалық процесстер бұзылысын экспериментальды зерттеу болған. Неміс психиатр – теоретигі К.Ясперстің жұмыстарының негізінде 20ғ. басында психопатология, жаны науқас адамдардың күрделі психологиялық өзара қатынастарын зерттейтін дербес ғылымға айналды. Ол психикалық дерттерді «ішкі себептер» сапасында қарастырған. Бұл ішкі себеп, «сыртқы ақиқат себеппен» өзара қатынасқа түсе отыра К.Ясперстін пікірінше нақты жарымжан адамның психикалық бұзылыстарының ерекше картинасын анықтайды, бұны зерттеу психиатрге тура диагноз қоюға жεне дұрыс ем тағаяндауға мүмкіндік береді.
Психопатологиямен қатар жалпы психология шеңберінде 20 ғ. басында ерекше қолданбалы білім саласы пайда болды – ол, патологиялық психология. Оның міндеттері болып «ередегі емес» психикалық шеңбердің көрінісін «ережедегі» адамдардың психологиясын жақсы таңып білу үшін мақсатпен зерттеу жатады.. Жарымжан пациенттерде байқалатын психика бұзылыстары патопсихологияда, жалпы психикалық өмір феноменіне сайкес орынын және мағынасын толық түсінуге, және де қандай да болмасын психологиялық теориялардың ақиқаттылығын тексеруге,және психологиялық білім саласындағы жаңа проблеманы аңғаруға мүмкіндік береді.
Патопсихология клиникалық психологияны саласы ретінде клиникалық психологияның ерте кезенінде бірінші болып жылдам дамыды. Психиатрияға деген қызығушылық бүгінге дейін зор блғанымен, практика жεне медицина саласында ең аз теория, және ең күрделі практикалық шеңберде қарастыры, көбірек деңгейде психология саласында қарастырылған.Бұлай болуы, оның пεні ерекше дерттер классы – мεні барлық психика бұзылыстарында көрінетін психикалық ахуалдар болғандықтаг. Психикалық ахуалды зерттеу үшін, алдымен психиканың көп қырлы көрінісін білу қажет. Міне сол себептен психиатрия үшін психологиялық білім өте маңызды. Бұл туралы 1876 ж. И.М.Сеченов ескертіп жазған «дене патологиясының негізінде физиология жатқан сияқты психиатрия негізі болып психология жатады» деген.
Ресейде психиатрия мен психология арасында εрқашан тығыз байланыс болған. Психологияның ғылым болып бас көтеруіне жεне де εсіресе патопсихологияға салмақты үлесін еңгізгендер отандық психиатрлер В.М.Бехтерев, А.Ф.лазурский, Г.И.Россолимо, С.С.Корсаков, В.П. Сербский, А.Н. Бернштейн, В.А. Гиляровский т.б. Қызықтысының бірі, 1879 ж. В.Вундтың алғаш экспериментальды лаборатория Лейпциг университет іргесінде ашқанымен, оның іс-әрекеті ғылыми – теориялық сипатта болғаны. Ресейде алғаш экспериментальды – психологиялық лаборатория 1885 жылы Казаньда В.М.Бехтерев бастауымен психоневрологиялық клиникаларда жεне ғылыми – зерттеу қызметтерінен өзге, психикалық науқас адамдарға жεрдем беру практикасына тікелей қатысты қолданбалы аспектілер де жүзеге аса бастады.
Патопсихология пәні. Мақсаты және шешетін практикалық міндеттерімен патопсихология, εр түрлі психикалық ахуалдары бар психика бұзылыстарының проблемасы мен шұғылданатын клиницистерге нақты практикалық жәрдем беруге бағытталған. Патопсихологияд психопатология атты психиатрияның тарауымен тығыз байланыста. Бұл пәндердің атаулары ежелгі грек тілінің түбірінен тұрады: «пато»- «қасірет», «ауру», «псюхе» – «жан», «психика» және «логос» - «ілім», «зерттеу» деген. Сонымен патопсихология жεне психопатология психиканың бұзылыстарының әр түрлі көріністерін зерттейтін сала.
Бірақ барлық сыртқы ұқсастыққа, зерттеу «объектісінің» ортақтығына қарамастан психопатология мен патопсихологияда маңызды айырмашылық бар. Бұл айырмашылық біріншіден, патопсихология психология (клиникалық психология) тарауына кіреді, ал психопатология медицина (психиатрия) саласына жатады. Сонымен, патопсихо
Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 5944 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 |
|