Глоссарилер
Иллюзиялар - заттар мен құбылыстарды қате көру немесе есту қабылдауы.
Симптомы - признак патологиялық жағдайынемесе ауруының белгісі. Синдромы -белгілі симптомдар ауыруына тән топ.
Алғы белгілер стадиясы – жалпы ауруларға тән симптомдардың пайда болуы:бас ауруы, тітіркену, қобалжу, ақыл-ой жұмысының төмендеуі;
Дебют стадиясы - конкретті психикалық ауру симптомдары пайда болады.
Галлюцинациялар - бұл, галлюцинациялардың өзі шын ретінде қабылданса да, зат пен құбылыссыз пайда болатын қоршаған ортаны қабылдау бұзылысы.
Сенестопатиялар – дененің әр жерінде, тіпті іште де әртүрлі ауыр,
кейде шыдамсыз сезім
Метаморфопсиялар – шын бейнелі заттардың көлем мен форма, орналасуының қитұрқы қабылдануы..
Сандырақ – бұл негізсіз өтірік пайымдау. Науқас шындыққа қайшы ойларға сеніп, айтқанға көнбейді.
Ілікті жағдайлар – бұл еріксіз пайда болатын ойлар, көріністер, еске түсірулер, қорқыныштар, елігу.
Ретроградты амнезия – психикалық бұзылысқа әкелетін жағдайда есті жоғалту.
Фиксационды амнезия - болып жатқан жағдайларды жадыда сақтау қабілетсіздігі
Депрессивті синдром - ойдың сұйықтығынан көңіл күйдің төмендеуі.
Галлюцйнаторлы-сандырақ синдромы - галлюцинациялар және сандырақтың ой анықтығындағы арпалысы
Галлюциноз- отоқтаусыз галлюцинирлену жағдайы.
Сананың бұлыңғырлану синдромы -уақытша бағдардан ауытқу, байланыссыздық пен белгілі дәрежедегі амнезия тән.
Делириий - сананың таза көру галлюцинациясымен және елестермен, сандырақтау, қозу қимылымен бұлыңғырлануы.
Талма немесе пароксизмдер – діріл формасындағы қозғалыс бұзылысымен сананың аяқ асты дамуымен бұзылуы.
Ремиссия – бірнеше аптаға созыла алатын жақсару кезеңі.
Мидың әртүрлі бөліктерінің зақымдануын синдромдық нейропсихологиялық талдау.
Нейропсихологияда “синдром” термині екі мағынады қолданылады. Бірінші мағынасы бойынша “нейропсихологиялық синдром” – бас мидың локалдық зақымдануы салдарынан пайда болатын жоғары психикалық қызметтердің бұзылыстарының заңдылық қосындысы.
Екінші мағынасы бойынша “синдром” термині – белгілі қызметтің дөрекі көрінетін бұзылысы. А.Р.Лурияның еңбектерінде “синдром” термині бірінші мағынасында қолданылады.
Нейропсихологиялық синдромдардың топтастырылуы миды зақымдалан бөлігін анықтауға, яғна топикалық принципке негізделгін. Осыған байланысты нейропсихологиялық синдромдар келесі топтарға бөлінеді:
1. үлкен ми қыртыстарының зақымдану синдромдары;
2. синдромы поражения “жақын орналасқан қыртыс астысының” зақымдануы синдромдары;
3. мидың терең құрылымдырының зақымдану синдромдары.
Апраксияларда зақымдану орталықтарын локализациялану мәселелесі. Әртүрлі заттармен жасалатын еріктік қозғалыстар мен әрекеттердің бұзылуы апраксиялар деп аталады.
А. Р. Лурия апркасиялардың келесі итоптастырылуын өндеген:
Кинестетикалық апраксия – апраксияның бұл формасында науқастар өздеренің қозғалыстарын дұрыс басқара алмайды,.
Кеңістіктік апраксия (апрактоагнозия) – апраксияның бұл формасының негізінде көру-кеңістік синтездің бұзылуы жатыр.
Кинетикалық апраксия – апраксияның бұл формасында қозғалыстық актілердің уақыт бойында ұйымдасуы бұзылады.
Реттеушілік апраксия – апраксияның бұл формасында қозғалыстарды саналы түрде орындау, моторлық шаблонбдар мен таптаурындарды ауырбастау мүмкіндігінің болмауы байқалады.
Қабылдаудың бұзылуы
Заттарды, дыбыстарды танудағы қиындықтардың болуын агнозиялар деп атайды. Агнозяи мәселесіне, әсіресе көру агнозиясына көптеген жұмыстар арналған, А. Петцльден (1928) бастап көру агнозияларын келесі түрлерге болатын болаған: а) науқастардың заттарды ненеме олардың бейнелерін танымауды көрсететені заттық агнозиясы, б) түстер мен шрифттерге қатыста агнозия; в) кеңістік агнозиясы
Гнозистің бұзылуын кейбіреілер сөйлеудің бұзылуымен байланыстырады (К. Гольдштейн, А. Р. Лурия, Е. П. Кок). Агнозиялардың топикалық маңыздылығы туралы (А. Р. Лурия, Е. П. Кок, Дж. Миллер), агнозиялардың ми қыртыстарының басымдалағына байластылығы туралы сұрақтар қойылады (М. С. Лебединский, Е. П. Кок).
Агнозиялар және олардың механизмдері туралы ілімнің тарихы А. Р. Лурияның "Высшие корковые функции" моногарфиясында анықталып, қызметтердің локализациясы мен олардың нейропсихологиялық механизмдерін іздеу мәселесімен байланыстырады.
Сөйлеудің бұзылуы
Афазия – миқыртысының локалдық зақымдануынан пайда болатын сөйлеудің бұзылуы.
А.Р.Лурия афазиялардың келесі топтастырылуын ұсынған:
1. Сенсорлық афазия – фонематикалық естудің, яғни, сөздің дыбыстық құрылымын ажыратуға деген қабілеттің бұзылуымен сипатталатын афазия формасы.
2. Акустикалық – мнестичкалық афазия – науқас кішігірім сөздік материалды есінде сақтай алалмайды.
3. Оптикалық-мнестикалық афазия – науқастар заттарды дұрыс атай алмайды.
4. Афференттік моторлық афазия – сөйлеу актісінде артикуляциялық аппараттың ми қыртыстырымен нақты түйсінілердің болмауымен сипатталатын афазия.
5. Семантикалық афазия – науқастар грамматикалық құрылымдарды түсінбейді.
6. Моторлық эфференттік афазия – науқастар бірденені айтқанда дұрыс сөйлей алмайды.
7. Динамикалық афазия – науқастар кеңейтілген сөздік құрылымды айтай алмайды.
Мнестикалық процестердің бұзылуы
Мидың локалдық зақымдануының негізгі түрлері:
1) Модальдік-спецификалық бұзылыстар – сипаты бойынша біркелкі емес, модальдік бойынша әртүрлі ақпаратты есет сақтай алмау.
2 ) Модальдік-спецификалық бұзылыстар – тек бірғана талдағыштың тітіркендіргішіне қатысты есте сақтаудың бұзылуы.
Бұл бұзылыстарға көру, есту сөйлеу естің, музакалық, тактильдік, қозғалыстық естің бұзылуы жатады.
Модальдік-спецификалық бұзылыстар мидың бірінші функционалдық блогының зақымдануынан пайда болады, олардың мидың екінші реттік және үшінші реттік функционалдық блокатардың зақымдануынан пайда болатын модальдік-спецификалық бұзылыстардан айырмашылығы осыда.
Ойлау процестерінің нейропсихологиялық бұзылыстары
Нейропсихология мидың локалдық бұзылыстарының саладарынан пайда болатын ойлаудың келесі түрлерін қарастырады.
· Мидың солжақтық маңдай бөлігінің зақымдануынын пайда болатын интеллектуалдық процестере инактылы болап қалмайды.
· Мидың самай бөлігінің зақымдануы интеллектуалдық іс әрекеттің кеңстік анализі мен синтезінің бұзылуы.
- Мидың солжақ қыртысының премоторлық бөлігінің зақымдануы.
· Мидың солжақ префронталдық бөлігінің зақымдануы салдарынан интеллектуалдық іс әрекеттің бұзылысы
8-Дәріс. Психосоматика. 2 сағат
Мақсаты: Психосоматиканың міндеттерімен танысу
Дәріс жоспары:
1.Клиникадағы соматикалық аурулардың психологиялық мәселелері.
2. Психосоматикалық аурулар.
3.Аурулардың ішкі картинасы.
4.Әртүрлі этаптардағы соматикалық ауруларды түзету мен реабилитациялаудың психологиялық аспектілері.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1.Николаева В.В. "Влияние хронической болезни на психику". М., 1987.
2.Сапарова И.А. "Психология переживания болезни". А., 1997.
3. Мясищев В.Н. "Личность и неврозы". Л.,1960.
5.Пезешкиан Н. "Психосоматика и позитивная психотерапия".М.,1996.
6. Спиваковская А.С. "Нарушения игровой деятельности и ее коррекция". М 1990
7. Тополянский В.Д., Струковская М.В. "Психосоматические расстройства." М.,1986.
8. Цветкова Л.С. Восстановительное обучение при локальных поражениях мозга. М.,1982.
Дәріс тезистері.
Психосоматика – психика мен тәнді зерттеуге бағытталған пәнаралық зерттеулердің саласы. 1950 жылы Ф. Александер (F. Alexander) психосоматикалық спецификалық теориясын ұсынған. Бұл болжам үш негізгі тұжырымдамаға негізделеді:
1. Психологиялық қақтығыс ауруға деген бейімділікті негіздейтін физиологиялық және биохимиялық факторлармен байланысты болады.
2. Бейсана қақтығыс аса маңызды өмірлік жағдайлардың әсерінен белсендіріледі.
3. Тұлғаның ішкі қақтығымен ұштасатын жағымсыз эмоциялар физиологиялық деңгейде көрініп, аяғында аурудың пайда болуына әкеледі.
Қазіргі кезде психологиялықө факторлардың әсерінен пайда болатын бұзылыстардың 14 үрін көрсетеді.
Аурудың ішкі көрінісі. Аурудың ішкі көрінісі аурудың субъективтік жағын көрсетеді. В. В. Николаеваның айтуынша науқастың аурудың бейнесінің бірнеше деңгейлері бар:
· түйсінудің сезімдік деңгейі;
· жекелеген симптомдарға деген жауап берудің эмоционалдық деңгейі;
· ауру туралы білімдер мен түсініктердің жиынтығы болатын интеллектуалдық немес когнитивтік деңгейі;
· ауру жағдайына қатысты жүріс тұрысты өзгертуді көрсететін мотивациялық деңгейі.
АІК ауруға деген реакциялардың болуымен сипатталады. А. В. Квасенко, Ю. Г. Зубарев реакциялардың төрт түрін көрсетеді:
· нормосоматогнозия – науқас өз қалпын дұрыс бағалайды;
· гиперсоматогнозия – жекелеген симптомдардың маңыздылығын асыра бағалау;
· гипосоматогнозия – аурудың ауырлығын дұрыс бағаламау;
- диссоматогнозия – ауруды жоққа шығару.
Науқастарды психологиялық түзетумен әлеуметтік-еңбектік реабилитациялаудың жалпы аспектілірі
Писхикалық денсаулықты қорғау тек емдік сипаттағы шараларды іздеумен сипатталмайды. Оған адамның еңбектік және әлеуметтік статусын түзетуге қатысты шараларды іздеумен аномалдық қажеттіліктердің (маскүнемдік, нашақорлық және т.б) дамуын алдын алу сияқты мақсаттарды көздейді. Медициналық психологияның ең маңызды міндеті — балалардың аномалдық дамуын түзету және алдын алу болып табылады.
Медицинская психология тек психологиялық ғылымның қолданбалы саласы болып табылмайды. Жүйелік зерттеулерді өткізген кезде кез келген құбылыстардың жекелеген жақтарын зерттеліп қала қоймай, бұл жүйенің тұтастылығын зерттеуге мүмкіндік береді.
“Психосоматика” терминін 1818 жылы Хайнрот енгізді. “Психосоматикалық медицина” терминін 1922 жылы Австрия психоаналитигі Хелен Дойтч енгізген. Қазіргі кездегі психосоматика психоаналитикалық бағыттағы клиницистердің жұмыстарынан бастау алады, “психосоматика” түсінігінің әртүрлі мағынасы бар, осыған байланысты бұл терминнің нақты анықтамасы жоқ. Оның мағынасы оған кіретін сөздерден (жан және дене) шығады.Әдебиеттерді талдағанда бұл термин психика мен денені қызмет арасында өзара қатынас орнататын, уайымдаулардың қандай да бір ауру туғызатынын зерттейтін ғылыми бағытты білдіреді.
Психосоматика – соматиканың аурулардың пайда болуына және өтуіне әсер ететін психикалық факторларды зерттейтін, медициналық зерттеулер бағытты болатын заттарды. (БҮМЭ, - т.21. 253 – 1983 бет.)
Психосоматика сомактикалық аурулардың пайда болуына песихологиялық факторлардың әсерін зерттеумен айналыстатын медициналық психологиядағы бағыт.
“Психосоматика” терминімен психикалық және денелік өзара әсерлесумен байланысты феномендер қатарын, сонымен қатар патологиялық бұзылыстар қатарын түсіндіруге болады. Бұл жағдайда “психосоматика” термині психогенді этиологияның физиологиялық қызметінің бұзылыстарынынң синонимі болып табылады.
Психосоматикалық медицинаның адамды қоршаған ортамен байланыстыратын психиканың және соматикалық процестердің өзара қатынасы туралы ғылыми және емдеу әдісі.
Психосоматикалық көзқарастың мазмұны тән ауруларының симптомдары мен патофизиологиялық процестерді жақсы түсініп және психикалық ауруларды жақсы емдеу үшін психологиялық мәліметтерді қолдану болып табылады.
Кез келген аурудың субьективті психологиялық жағын көбінесе аурудың ішкі бейнесін түсінумен түсіндіреді, ол аурудың белгілі бір сезімталдығының қалыптасу, өз ауруы туралы білімдердің қалыптасуын сипаттайды. Ауру патологиялық процесс ретінде ағзада аурудың ішкі бейнесін құруда екі жақты болады: 1) жеке және жалпы денелік түйсінулер ауру бейнсеін бейнелудің сенсорлық деңгейінің пайда болуына әкеледі, Аурудың ішкі бейнесі клиникалық көрінулердің, астения қиналу сезімдерінің ауырлығымен анықталады. 2) ауру адам үшін өмірлік мәнді психологиялық жағдайлардың қиындығына әкеледі. Бұл жағдай өзіне әртүрлі сәттерді қосады: дәрілерді қабылдау процедуралы, дәрігерлермен қарым қатынас, жұмыстағы әріптестерімен және жақындарымен қатынасының қайта құрылуы. Осы және басқа да сәттер ауру бейнесінің қалыптасуына әкеледі. Аудың ішкі бейнесінің бірнеше өзара байланысты жақтары анықталады: 1) Аудың қиналыс жағы (түйсіну деңгейі, сезімталдық деңгейі). 2) Аурудың эмоционалдық жағы жеке симптомдарға эмоционалды әсер етудің әртүрлі түрлерімен байланысты. 3) интеллектуалдығ жағы (рационалды ақпарат деңгейі) аурудың өз ауруы туралы білімі, оның себептері және салдары жайлы ойлауымен байланысты. 4) Аурудың күресу жағы (мотивациялық деңгейі) аурудың өз ауруына қатынасын анықтаумен, іс әрекетін өзектендірумен байланысты.
Психогения – патологиялық түрлердің дамуы кезіндегі мазасызданудың қалыптасуы (саналы және санасыз деңгейде).
Қазіргі кезде адамдарда физиологиялық зерттеулер мен бақылауларды жүргізгенге психосоматикалық әсерді байқауға болады. Мысалы; қиын өмірлік жағдай және уайым адамның асқазанның функциясын өзгертеді.Әсіресе, конфликті жағдайларды тоқ ішек тез қабылдайды. өмірге қауіп туатын шұғыл жағдайларда адамның іші өтеді. Депрессияның және көңіл-күйдің төмендеуі іштің қатуына әкеледі. Психосоматикалық іс-әрекеттер және психосоматикалық аурулар обьективті шындық болып табылады. Психосоматикалық әсер кейде адамның үйренген іс-әрекетін өзгертеді. Мысалы қайғырған кезде депресивті науқастар кейде өмірмен қоштасады. Жаңа анықталған ауруларда психикалық фактордың ролі анықталады. В.Х.Василенконың айтуынша, ауру-организм системасының әрқашан зақымдануы және психикалық қайғыру (қайғы).
Көптеген аурулардың ішінен психосоматикалық ауруларды шартты түрде білеміз.
Психосоматикалық ауруларға спсатикалық колит, пепикалық ойық жара, бронхиальды демікпе, эссенциалді гипертония, ревмотоидты артрит, экзема т.б. жатады.
ІІІ. Психосоматикалық медицинаның басты мақсаты-пайда болуда психосоматикалық құбылыстар негізгі орын алатын ауруларды зерттейді. Психосоматикалық медицинаның пай”да болуын З.Фрейд жұмыстарымен байланыстырады, бірақ Зигмунд Фрейдтің өзі ешқашан “психосоматикалық медицина” терминін қолданбаған.
Психосоматикалық медицинада бірнеше бағыттарды шартты түрде бөліп көрсетеді:
1.Психоаналитикалық
2.Антропологиялық
Психоаналитикалық бағыттың көрнекі өкілдері: Ф.Александр, Ф.Донч, Ф.Динвар,Т.Френя және т.б.
Антропологиялық бағыттың өкілдері психосоматикалық құбылысты өмірге қөзқарас тұрғынан қарастырады.
Сондай-ақ мінезбен реакция беру типі және метоболизмдік биологиялық активті заттар арасындағы байланыс анықталған. Мысалы, қажеттілік дессоциациясы іс-әрекет ниетімен мақсатуайымдау деңгейінің өзгеруіне алып келеді. Әр науқас өзіндегі ауруды әр түрлі қабылдайды, сол себепті мына ерекшеліктерді ескерген дұрыс; созылмалы аурудың психикалық әсері, диагнозға, дәрігерге деген қатынасы. Психосоматикалық аурулар бұл аффективті ширығу (конфликт, көңіл толмаушылық, жан күйзелісі) себебінен пайда болатын физикалық ауру немесе бұзылу. Психосоматикалық реакциялар тек психикалық эмоционалдық әсер етуге жауап кезінде ғана пайда болмайды. Сонымен қатар тікелей тітіркендіргіштердің әсерінен де пайда болады.
і ТАРАУ. ПатопсихологияНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. Патопсихология– психикалық аурулардың шығу тегін, патогенезін, клиникасын, емдеу мен аурудың алдын алуын зерттейтін ғылым. Әрбір дәуірдегі пәлсапалық көзқарастың басым болуы патопсихологияның дамуына әсер етіп, психикалық ауру адамдарға әр түрлі көзбен қарады. Идеалистік пәлсапаның уәкілдері психиканы бірінші орынға, ал материяны екінші орынға қойды. Материализмнің классиктері материяны бірінші орынға, ал психиканы екінші орынға қойды. Көне заманда психика туралы аңғырт көзқарас болды. Кейбір көне заманның пәлсапашылары психика көкектің (френикус) астында шоғырланады деп есептеді (Демокрит). Осы себептен қазіргі деген сөз бар (шизофрения, циклофрения, парафрения). Егер материалистік тұрғыдан психика мидың туындысы болып саналса, онда психикалық қызметтің бұзылуы (психоздар) мимен байланысты болғаны. Психоз дегеніміз мида өзгеріс болғандықтан айналадағы шындықты және өзін-өзі бейнелеулерің, жүріс-тұрыстың бұзылуына байланысты жалпы организмнің ауыруы. Психиатрия тек психоздарды зерттеп қана қоймай, әр түрлі соматикалық ауруларда болатын психикалық өзгерістерді де зерттейді. әр түрлі патологиялық жағдайдағы психикалық ерекшеліктерді тек психиатр емес, кез келген мамандықтағы дәрігерлердің білуі қажет. Өйткені ол дәрігерге этиканы орындағанда көмектеседі. Психиатрияның даму тарихы. Алғашқы қауымдағы адамдардың арасында психикалық аурулар болды деп болжам жасауға болады. Олар туралы біз көне грек және рим ғалымдарының еңбектерінен, мифологиядан білеміз. Кейбір аңыздар бойынша көне заманда психикалық аурулар болды деп саналады. Мысалы, Спарта патшасы Клеомонның өзін-өзі кескілеп өлтіруі. Сирия патшасы Свенденің өгей шешесіне іштей ғашық болуы себебінен депрессивті жағдайда болуы т.б. Көне заманның оқымыстылары мен дәрігерлері психиканы мимен, жалпы материямен байланыстырды. Олардың ойы бойынша психикалық ауру адам денесінің төрт негізгі бөлігінің қарым-қатанасына байланысты. Олар: қан, шырыш, сары және қара өт. Ұлы математик Пифагор қояншықты мидың ауыруымен түсіндірді. Оның үйретуі бойынша ақыл мида, сезім-жүректе. Гипократтың ойы бойынша ми – білу және адамның ортаға бейімделуі мүшесі. Ол жоғары нерв қызметінің әр түрлі типтерін ашты. Бірнеше ғасыр өткен соң, И.П.Павлов осы көрсетілген типтердің бар екенін анықтады (холерик, сангвиник, флегматик, меланхолик). Гипократтан басқа көне заманның дәрігерлері (Гален, Аретей т.б.) бірнеше психикалық өзгерістердің көріністері туралы жазды. Осы күнге дейін қолданылып жүрген «мания», «меланхолия», «эпилепсия» (қояншық ауруы) атауларын солар қолданған. Біздің заманның 3 ғасырынан бастап көне Рим және грек мемлекеттері құлап, ғылым мен медицина шіркеудің қарауында болды. Орта ғасырдың әсіресе оның ақырғы жүз жылдықтарында психиатрия дамымай, мешеулеп қалды. Көне заманғы оқымыстылардың айтқан ақиқаттарын қалпына келтіру жүздеген жылдар қажет болды. Орта ғасырда психикалық ауру адамдарды нақұрыс шайтан, жын-пері, сиқыршы деп санады. Оларды жанын шайтанға сатқан деп есептеді. Осы көзқарастың арқасында ауру адамдарды шайтанмен қарым-қатынас жасайды деп, әр түрлі жабайы әдістермен жойған. «Мыстандарды» жоюды папа 7 Инокентий шіркеу арқылы заңдастырған. «Нақұрыс» деп күмәнданған адамдарды отқа жағып, қыздырған темірмен қинаған. Мұндағы мақсат «жын-шайтанды» қуып, жойып, айналаны тазалау. 16-17 ғасырларда жын-шайтандарды қуу эпидемияға айналып, психикалық ауруларды түгелдей жойған. Ауру адамдарды қинау халықтың көзінше өткізігендіктен сендірудің және өзін-өзі сендірудің әсерінен психоздардың эпидемиясы басталды. Бұл эпидемия жүздеген және мыңдаған адамдарды қамтып, олар инквизиция оттарына жағылды. Бір әйел қалмаған ауылдар болған. Инквизитор келген кезде тірі қалу үшін адамдар бірінің үстіне бірі шағым айтқан. Шешелері балаларын ұрысқандықтан, балаларды отқа жаққан. Кейде адамдар жын-шайтандармен байланысы барын мойнына «алған». 15 ғасырда қатты қинағандықтан мойнына «алғаны» туралы «Шайтандардың балғасы» деген кітап шыққан. Кісіілерді қыздырған темірмен қинау арқылы «шайтандардың кіретін қақпасы» деп атаған (Истерияда терінің кейбір учаскелерінің сезімталдығы болмайды). Сол мезгілде «демонология» ілім пайда болды. Бұл ілім бойынша кейбір беделді аламдар пері бар екеніне кәміл сенген. Парацельс «Шайтандар сау және ақылды адамдарға енеді, ал ауру адамдарда олардың жұмысы жоқ» деп пайымдаған. Мұндай адамдар «ақылға симайтын ғажайыптарды жасаймын» деп сенген. Мысалы, бір кемпір 1565 рет боран мен суықты жібере аламын деп сендірген. Кейбір ақылды адамдар инквизициядан қорқып, болып жатқандардың қисынсыз екенін біле тұра қарсы шыға алмаған. Батыс Европада психикалық ауру адамдарға тағылық көзқарас болғанда, шығыс елдерде медицинаның прогресі байқалды. Тарихта алғашқы психиатрлық ауруханалар шығыста ашылды. Алғашқы психиатрлық ауруханалардың Қайырда, Бағдатта, Дамаскіде (Шам-Шахары) ашылғандары туралы ақпарат бар. Жылнама бойынша 854 жылы Қайырда алғашқы психиатрлық аурухана салынған. 1560 жылы Туркияда, Константинопольда Сүлейман сұлтан психикалық ауру адамдарға арнайы, өте қолайлы аурухана салдырды. Шығыстың аса көрнекті ғалымы Абу-әли-ибн-Сина (Авиценна) психоздарды дәрілермен емдеумен бірге көңілдерін көтеріп, жұмыс істетіп, өлең айтқызған жөн деп санаған. Оның айтуы бойынша миы шатасқан адамдарға үрей мен жалғыздық залады болып саналады. Орта ғасырлардағы шығыс елдерінің жері қазіргі Самарқан мен бұхарадан басталғанын еске алсақ, онда Абу-Әли-ибн-Синаның психикалық ауру адамдарға деген көзқарасы қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жеріне әсерін тигізді деп есептеуге болады. Қайта өркендеу кезінде Батыс Европа елдерінде жаратылыс ғалымдары мен медицинаның қарқынды дамуына байланысты психикалық ауру адамдарға деген көзқарас өзгерді, оларды ауру деп санай бастайды. Бірақ оларды түрме сияқты ауруханаларға орналыстырып, ең ауыр мемлекеттік айыпкерлер ретінде ұсынады. Англияда бірнеше ғасырлар бойы көрнекті мекеме ретінде «бедлам» деген психиатриялық аурухана болған. Бұл мекеме сыртқы және ішкі жағынан түрмеге ұқсаған. Жалаңаш ауру адамдарды шынжырмен байланған күйінде терезесіз, пешсіз, жиһазсыз, мас еденді кішкене бөлмелерде өмір бойына қалдырған. Мейрам кездерінде жақсы киінген қала тұрғындары ауру адамдарды мазақтау үшін осында келген. Кіру үшін ақша төлеген. 16-17 ғасырларда келушілердің саны жылына 40 мыңға жеткенін көрсетеді. Ауру адамдардың мұндай жағдайлары Англиядан басқа Батыс Европа елдерінде (Франция, Германия) болды. Францияның психиатриялық мекемелерінде (Бисетр, Сальпетриери) адамдар қабырғасынан су аққан бөлмеде, тышқандардың ортасында шіріген сабан үстінде жаққан. Осындай қиын жағдайда ауру адамдар өмірінің аяғына дейін болуға мәжбүр болған. Кейде оларды қатты қинайтын болған. 18 ғасырдың аяғы және 19 ғасырдың басында білімнің барлық салаларында прогресс болады. Бұл феодализмнен капитализмге өту кезеңі еді. Көңіл-күйі революцияға ауған Париж зиялылары жоғарыда көрсетілген ауруханалардың қиын-қыстау жағдайы туралы жиі айта бастады. Әйгілі Париж салондарында мысалы пәлсапашы Гальвеций жесірінің айналысына, сол кездегі Париждің белгілі үкімет қайраткерлері, пәлсапашылар, математиктер, химиктер жиналды. Ұлы астананың өмірінде психиатрия саласында үлкен еңбек жасаған Филипп Пинельде болды. Ол досы жатқан психиатриялық ауруханаға жиі барып, біртіндеп сол емхананың қызметкері болды. Филипп Пинель алғаш ет психикалық ауру адамдардың шынжырын шешті. Бұл оқиға 1792 жылы Париждің Сальпетреери ауруханасында болды. Кейбір үзінді мәліметтерге қарағанда шынжыры бірінші шешілген ағылшын офицері болыпты-мыс деген сөз бар. Ол 40 жыл шынжырда болған. Екіншісі бірнеше аптадан кейін сау деп шығарылған жазушы болды. Үшіншісі өте ұзын бойлы, кейіннен Пинельді көшедегі ызалы топтың өлімінен алып қалады. Мұнан соң Пинельдің беделі көтеріліп, ол академик және Напалеон сарайында кеңесші болады. Пинель шынжырларды ала отырып, тыныштандыратын көйлектерді, су құюды қажет деп санаған. Пинельдің оқушысы Эскироль – көрнекті француз психиатры қазіргі уаытқа дейін мәнін жоғалтпаған сағым мен елестеушіліктің айырмасын жазған. Эскирольдің оқушысы – Бейль алғашқы болып прогрессивті параличтін клиникасын жазған. Егер Пинельдің батыс психиатриясында психиалық адамдардан шынжырды шешуі жаңа кезең болса, ал ағылшын психиатры Конноли батыста алғашқы рет психикалық ауру адамдарды қыспау туралы принцип жариялады. Бұл оқиға 1873 жылы болды. Ағылшынның екі қысқа сөзі: ешқандай қыспақсыз – басқа Европа елдерінің психиатрларының да ұраны болды. Бірақ, бұл жүйе қиындықпен енгізілді. Европа елдерінің басқаларына қарағанда Германияда реакциялы бастаулар ұзақ өмір сүрді. Бұл елде Кант пен Гегельдің ойлары психиатрлардың жадында болды. Сандырақтың көптеген түрлері дәрігерде емделмей, пәлсапаның талқылауында болуы керек деп санайды Эммануил Кант. Бірнеше жылдың ішінде медицинаға қатысы доқ адамдар психикалық аурулар туралы трактат жазып, сотта эксперт болып, ғылымда жан ауруы туралы сабақтар береді. Кант психикалық ауруларды түрлерге бөлді. Германияда бұл кезде ойдан шығырылған психиатрия басым болды. Германияның идеалистік пәлсапаның әсерінен «психиктер» деп аталатын мектеп пайда болады. Бұл мектептің уәкілдері психикалық аурулар адамның жеке басының кінәсінің, оның күнәһарлық өмірінің қорытындысы деп санады. Осы көзқарастарға сай емдеу «тәсілдері» іріктеліп, ауру адамға кірген жын-шайтанды қууға бағытталған тәсілдер қолданылады. Көптеген «емдеу» әдістері ұсынылып, дәрігерлер осы әдістерге сенген. Осы әдістердің ішінде орта ғасырлардағы инквизиция тәсілдерімен бәсекелесетіндері де болған. Ауру адамға бір мезетте әр түрлі емдеу түрлері ұсынылған. Ауру адамды аштықта ұстап, клизма қойып, қанын ағызып, организмнің нашарлатып терапия қолданылды. Көңілін аударып емдеу: ауру адамның үстіне ыссы балауыз құю, қыздырған темір басу, теріге өте күшті әсер ететін заттарды жағу. Гидротерапия кезінде ауру адамның басына кең шлангтен 50-100 шелек су құйылады. Кейде осындай емдеудің арқасында ауру адамның басы жараланып қан аққан. Қорқыту арқылы емдеу: суға лақтыру, жоғарыдан лақтыру. Емдеудің көрсетілген қалық тетік қолданылды. Бұған тыныштандыратын орындық, бағана, төсек, айналып тұратын дөңгелек жатады. Кейде ауру адамның аяқ-қолын керіп, көп уақыт бойы осы күйінде қалдырған. Аурудың басына ерекше маскалар кигізіп, аузына алмұрт сияқты зат салынды. Мұнан басқа тыныштандыратын көйлектер, қапшықтар қолданылды. Ресми түрде ауру адамға дүре соғылған. Жүректі айнытатын және құстыратын терапия қолданылды. «Психиктер» мектебінің терапиялық әдістері тек Германияда ғана емес басқа Европа елдерінде де қолданылды. Осындай әдістерді ұлы неміс пәлсапашы Гегель мойындады. Неміс психиатриясы реакциялы, жалған ғылыми көзқарастармен ерекшеленді. Ғылыми психиатрияның алғашқы уәкілдерінің арқасында Германиядағы «психиктер» мектебінің бастаулары шайқалды. Ғылыми психиатрияның алғашқы уәкілі ретінде Гризингерді санауға болады. Оның кезінде психикалық ауру адамдарды қорқау азайды. Гризингер жақсы клинцист болды. Оның психикалық аурулар туралы оқулығы көптеген Еврпа тілдерінде, соның ішінде орыс тіліне аударылды. Өткен ғасырдың аяғында батыс психиариясының аса көрнекті уәкілі ретінде неміс психиатры Крепелинді айтуға болады. Батыста алғашқылардың бірі болып ол психиатрияға нозологиялық принципті әйгілі етті. Крепелинге дейін психитриялық диагноз «мания», «меланхолия» деген сөздермен шектелді. Мұның өзі соматикалық ауруларда «жөтелу», «ыстықтың көтерілуі» деген диагнозбен тең. Басқаша айтқанда аурудың аты аурудың белгілерінен алынды. Бұл симптоматологиялық принцип. Бірақ, әрбір аурудың көрінетін белгілерінен басқа ағымы, себебі, патогенезі мен панатомиясы бар. Осы себептердің бәрін ескере отрып, ауруды анықтауға болады. Ауруды анықтаудың мұндай түрін нозологиялық деп атайды. Э. Крепелиннің нозологиялық прогрессивті іліміне қарсы батыс ғалымдары психикалық аурулардың шығуы туралы басқа ілімді ұсынды. Бұған К. Ясперс ұсынған феноменологиялық ағымды жатқызуға болады. К. Ясперс антинозогист болды. Оның ойы бойынша психикалық ауруларды зерттеуде барлық назарды аурудың белгілеріне, феномендеріне аудару керек (осыдан «феноменологиялық» деген атау шықты). Ясперстің көзқарасы бойынша дәрігердің мақсаты ауру адамның жанына тек себебін қарау. Ясперс және оның пікірлестері аурудың себебін, оның даму механизмін түбіне дейін жете білу мүмкін емес деген тұжырымға келген. Бұл ағым Германияда кең тараған. Шамамен осы кезде неміс психиатры Кречмердің «Дененің құрылысы мен мінез-құлық» деген зерттеуі жарық көрді. Конституциялық белгілерге байланысты Кречмер адамдарды бірнеше типке бөлді. Ол адамның дене құрылысының дамуына міңез-құлқы сай келеді деп санады. Оның ойынша астеник-шизоидтарға шизофрения жасырын түрде жүреді, ал пикник-циклоидтар келешекте циклофрениямен ауырады. Оның ойы бойынша организмнің қалыпты және патологиялық жағдайында шекара жоқ, қалыпты жағдайдың патологиялықпен салыстырғанда айырмасы сапасында емес тек мөлшерінде. Германияда пайда болған психоморфологиялық бағыт Батыс Германияда кең тарады. Осы ілімді жақтаушылар психиканың білінуі белгілі бір жерінде шоғырланған, сол себептен барлық күрделі психикалық ауруларда мидағы зақымданған ошақты тапса болады, деп саналы. Бұл ілімнің негізін қалаушы 17 ғасырдың аяғында 19 ғасырдың басында өмір сүрген Галль болды. Оның ойы бойынша ес, қиял, музыкаға бейімділік, талант, өткір сөздік қабілет, балаларға деген махаббат, қатыгездік және басқа адамның сапалық көрсеткіштері мида шоғырланған. Мидың учаскелері өсіп, томпақтар мен дөңестер пайда болады. Осыларды сипай отырып адамның қабілетін білуге болады, деп санады Галль. Бұған қарама-қарсы қазіргі кездегі «жылжымалы шоғырлану» ілімін айтуға болады. Өткен ғасырдың ортасында француз психитры морель дегенерация теориясын ұсынды. Оның ілімі бойынша адам өзін дамуында алға баспай кейін шегінеді. Оның ілімін негізі жалпы құлдырау және патологиялық тұқым қуалаушылық. Осы ілімге сүйене отырып шетел психиатрлары психикалық аурулардың алда алу үшін күшпен піштіруді ұсынды. Бұл әдісті АҚШ-та осы ғасырдың 20-30 жылдары және фашистік Германияда қолданды. Австриялық ғалым, психиатр Зигмунд Фрейд «Фрейдизм» деген ілім шығарды. Бұл ілім өзгерістерге ұшырай отырып әр түрлі шет елдерде, әсіресе Америкада дамыды. Фрейдизм бойынша өмірдегі ең басты нәрсе – жыныстық әуестену. Инстинктер адамның әрекетінде басты роль атқарады. Адамның өзі ол туралы білмейді. Бұл жасырын сезімдер, әсіресе жыныстық, адамның түсінде не әр түрлі аурулармен ауырған кезінде білінеді. Адамды емдеу үшін осы сезімдерді ашып, ауру адамға олар туралы айту керек. Фрейдистердің тұжырымы бойынша адамның туғаннан соң ата-анасына деген жыныстық сезімі болады (ұл балаларда шешесіне, қыз балаларда әкесіне). Бірақ, қалыптасқан әлеуметтік әдеттерге байланысты сәби өзінің сезімін жасырады. Артынан жасырын махаббат жыныстық демікпе не басқа ауру кезінде білінеді. Осы ілімнің уәкілдері адамға табиғат бойынша қирату, өлім инстинктері тән деп санайды. Өткен жылдардағы совет әдебиетінде Фрейд ілімі қатты сыналды. Кейінгі жылдары Фрейд іліміне көзқарас өзгерді. Қазіргі кезде ғылым мен практикада бұл ілімнің кейбір қағидалары пайдаланылады, әсіресе психотерапия мен сексопатологияда.
Кейбір шетелдік психиатрияда (Англия, Франция, ФРГ, АҚШ, Испания, Латын Америкасы елдерінде) антипсихиатрия жайылды. Бұл ағым бойынша психикалық аурулардың шығуында биологиялық себептер емес, әлеуметтік және психологиялық факторлар басты роль атқарады. Антипсихиатрлар психиатрияны ғылым деп, медицинаның саласы деп санамайды. Бұлардың ойы бойынша психикалық аурулар болмайды, ал психикалық ауру адамдарды емдеуді жазалау деп санайды. Антипсихиатрлар тәжірибе жүргізіп, психикалық ауру адамдарға толық бостандық беріп, дәрігерлердің қарауынан босатқан. Антипсихиатрия теориясы экзистенциализм (экзистенция дегеніміз - жеке адамның рухтық өмірінің барлығы) сияқты идеалистік ілімге негізделген. Бұл ілім бойынщша экзистенция бірінші, ал объективті әлем – екінші орында. Экзистенциализмнің уәкілі ретінде неміс психиатры К. Ясперсті айтуға болады. Ол бұрын психиатриядағы нозологиялық принципке қарсы шыққан адам.
Ресей патопсихологиясының тарихы. Ресейдің және оның бұрынғы аймақтарының тарихи жағдайларының даму ерекшеліктеріне байланысты ондағы психиатрия өз алдына бөлек дамыды. Ресей рсихиатриясының дамуының басында өзіндік сонылық пен өзгешелік болды. Көне Киев пен Мәскеу мемлекеттерінде психикалық ауру адамдарға адамгершілікпен қараған. Психикалық ауру адамдарды «құдайдан жәбір көргендер» деп санаған. Сондықтан халық арасында осы ауруларға тек шыдамдылықпен қарамай, оларды қорғап, қамқорлық жасаған. Психикалық ауру адамдарды «жын-шайтан қапсыра құшақтап алған» деген де ұғым болған. Бірақ бұл жағдайда да оларға деген қарым-қатынас жұмсақ, адамгершілік тұрғыдан болған. Сол кездегі тарихи мәліметтер (жылнама ескі архив деректері бойынша)Ресей жерінде ауру адамдарды қырып-жою,отқа жағу болмағанын көрсетеді.Кейбір жағдайда діни көзқарасқа байланысты ауру адамдарды отқа жаққан,бірақ мұндай жағдайлар жоққа жақын өте сирек болған.
Психикалық ауру адамдар қандай қамқорлықта болды? IX-X ғасырдан бастап (мүмкін одан да бұрын) XVIII ғасырға дейін Ресей жерінде психикалық ауру адамдар монастырлерде өмір сүрген.Мұнда олар сауыққанға не өмірінің ақырына дейін болған.Монастырлер ауру адамдарды тамақтандырып,киіндіріп және жалпы қамқорлық жасаған.Мұнда монахтар уақытқа байланысты мүмкіншілігіне қарай ауру адамдарды емдеген.Кей жағдайда монастырлерде ауру адамдарды тыныш және мазасыз деп бөлген. Монастырлердің ауру адамдарға деген қамқорлығы IV Иван кезінде Стоглав шіркеуінде заңды түрде бекітілген.
Әрине, барлық психикалық ауру адамдар монастырлерде орналастырылмаған,олардың бір бөлігі үйде,халық арасында өмір сүрді,бір бөлігі дуана,сиқыршы,бақсы ретінде ел кезді.Оларды құрметтеп, «Әулие көреген»деп санады.Олардың айтқан ойына құлақ салды.Егер мұндай адам дүкеннен бір нәрсе алса,онда көпес өзін әулие адамға қажет деп санаған.Василий есімді адам IV Иван патшаны қатал деп санады.Осы Василий өлген соң оның денесін әдемі шіркеуге әкеліп,оны әулиелер қатарына қосты.Психикалық ауру адамдарды қадірлеу кейінгі жылдары да сақталды.1817жылдан 1869жылға дейін(52жыл)мәскеудің бір ауруханасында Иван Михайлович Корейша деген ауру адам болды. Оны көреген және білгіш деп санап, Мәскеудің көптеген тұрғындары оған келіп тұрды. Корейшаның арқасында халықтан жиналған ақша ауру адамдарды асырап-күтуге жарады. Осы ауру адам өлген соң архив деректері бойынша Преображен ауруханасының жағдайы көп төмендеді.
Психиатрия тарихының ертеректегі жағдайына тоқталайық. Ауру адамдарға үкімет әр уақытта адамгершілікпен қарамаған. Үкіметке қарсы қылмыс жасалған кезде олар қатал жазаға тартылған. Мысалы, Иван Клеопин деген ауру адам өзін ұлы адам – Алексей патша деп санады. Патшаның бұйрығы бойынша бұл адам өлтіріліп, ата-анасы Сібірге жер аударылған.
I Петр кезінде психикалық аурулар туралы екі бұйрық шықты. Бір бұйрық бойынша психикалық ауру адамдарды монастырлерге жібермей, арнайы үйлерге орналастыру керек деген. Бірақ мұндай үйлер салынбағандықтан, ауру адамдарды монастырлерге жіберу жалғаса берген.
Екінші бұйрық бойынша әскери қызметтен психикалық ауытқуына байланысты бас тартқан дворян балалары сенатта куәләндірілетін болды. Егер олардың шынында психикалық сапасы кем болса, олар әскери қызметтен босатылып қана қоймай, оларға үйленуге және мұрагер болуға тиым салынған.
XVIII ғасырдың аяғында және XIX ғасырдың басында қала және ондағы тұрғындар санының өсуіне байланысты монастырлер психикалық ауру адамдардың қамқоршысы ретінде халықты да, мемлекетті де қанағаттандыра алмады. Психикалық ауру адамдарды жекелейтін арнайы мекемелердің қажеттілігі туды, губернияларда көптеген психикалық ауру адамдардың жиналғаны туралы мәліметтер отанның әр түрлі аймақтарынан үкіметке түсіп жатты. Солардың ішінде мазасыз ауру адамдар да болып, олар халықтың берекесін кетірді. II Екатирина кезінде Петербургте ауру адамдардың саны көбейгендігі туралы генерал-полицмейстердің патшаға берген мәліметінен кейін, патшаның бұйрығы бойынша психикалық ауру адамдардың жақындары олардың мінез-құлқына өзгеріс болған күні оларды полицияға әкелуге міндетті болған. Бұл указдан кейін полицияда көптеген ауру адамдар жиналғандықтан патшаның өзі араласуға мәжбүр болады. Ол батыстың үлгісі бойынша есінен айырылғандар үшін арнайы долгауз-үйлерін салу туралы жариялады. Мұндай үй Петербургте үш жылдан соң, 1779 жылы ашылды. Осы уақыттан бастап долгауздар көптеген губернияларда салына бастады. Мұндай үйлерге үкіметтің көзқарасы бюрократиялық тұрғыдан болып,олардағы жағдай нашар болды. Оларды сары бояумен бояп, «сары үйлер» деп атады. Бұл үйлерде тыныштандыратын көйлектер, байлағыш белбеулер пайдаланылады. Мазасыз ауруларға шынжыр тағылып, олардың қолдарына кісен салынды. Долгауздарда аурулардың жағдайы бұрынғыға қарағанда нашар болды. Мұндай үйлер ұзақ өмір сүрген жоқ. XIX ғасырдың басында алғашқы психиатриялық ауруханалар ашылып, оларда алғашқы дәрігерлер пайда болып, психикалық ауру адамдарды жәй аурулар қатарына көшіруге күресті.
1826 жылы Мәскеудің есінен айырылғандар үйі, кейін Преображен ауруханасына ауысып, оның бас дәрігерлігіне В. Ф. Саблер бекітіледі. Осы уақыттан бастап аурудың тарихы, аурухананың есебі жазылып, жаңа ережелер пайда болып, емдеу тәсілдері енгізіле басталады. Осындай өзгестірдерді Петерборда «Қайғырушылар» ауруханасында дәрігер Рюль жасады. Осы дәрігерлер ауру адамдарға адамгершілік көзқараспен қарауға күресті. Олар психиатриялық ауруханалардың ережесін жазып, ауру адамдарға дұрыс өмір сүру көрсетіліп, «пайдалы жаттығулар» ұсынылып, ауру адамдардың намысын мойындауға шақырды. Рюль құрастырған ереже бойынша оларға дөрекі түрде сөйлеуге, сен деуге тиым салынған.
Емдеу шараларында дәрілерден басқа тыныштық, жылы ванналар, серуендеу, диета орын алған.
Астаналық ауруханалар шеткілерге қарағанда жақсы жабдықталған. Мысалы, Рюль басшылық еткен «Қайғырушылар» ауруханасы сол кездегі Еуропадағы ең жақсы психиатриялық мекеме болған.
Бірақ, барлық психикалық ауруларды ауруханаларға жатқызуға мүмкіншілік болмаған. Кейбір ауру адамдар әскери қылмыскер не қаңғыбас ретінде Сібірге жіберілген. Көптеген шеткі ауруханалардың жағдайы ауыр болған. Жаңа ауруханалар өте баяу салынған. Бір мынадай мысал келтіруге болады. Шеткі қалалардың біріне (Екатеринославта) аурухана салу туралы шешім қабылданып, оның жоспары 16 жыл бойы жасалынып, бекітілуі 8 жылға созылған. Он жыл бойы салынған ауруханада тек 40 кісілік орын болған. Қоғамдық қамқоршылық бұйрықтар ауруханалар салу жұмысына өте аз көңіл бөлген. Бұл үшін қаржы да болмады. Ауру адамдарды қамтамасыз ету үшін де аз ақша бөлінді.
Қоғамдық қамқорлық бұйрықтар 1864 жылы земство медицинасы пайда болғанға дейін өмір сүрді. Кейін психиатриялық ауруханалар земство медицинасының қол астына көшті. Яковенко, Кащенко, Литвинов сияқты земство дәрігерлері психиатриялық көмекті дұрыс жолға қоюда көп күш жұмсады. Психикалық ауру адамдарға адамгершілікпен қарау жөнінде олар көп еңбек сіңірді. Земстволар Қазан революциясына дейін өмір сүрді.
Ғылыми психиатриясының қалыптасуы батыс Еуропаға қарағанда ерекше өтті. XIX ғасырдың басында батыс психиатриясына Кант пен Гегельдің идеалистік пәлсапалық әсері өте күшті болды.
Ресейде XIX ғасырдың бірінші он жылдықтарында, дикабристерді жазалағаннан соң, қоғамның барлық бөліктерінде жандану болып, білімге құштарлық көбейе бастайды. Халықтың мәдениеті өркендеп, материалистік көзқарасты интелегенция пайда болады. Оқытушы дәрігерлер психиатрияны материалистік тұрғыдан оқуға тырысты.
1860 жылдары И. М. Сеченовтың «Мидың рефлекстері» деген кітабы үлкен роль атқарды. Бұл кітап психиканы зерттеуде жаңа көзқарас тудырды, психиканы физиологиялық тұрғыдан зерттеудің басы болды. Кейін психиканы зерттеуде И. П. Павловтың мектебі үлкен жұмыс жасады. Алдымен психиатрия терапия аурулар курсына енгізілді. Терапевт-дәрігерлер арасында психиатрияға үлкен көңіл бөлген И. Е. Дядьковский «Жан ауруларының мәні дене ауруларына байланысты» деді. Оның материалистік көзқарастары осы уақытқа дейін өзінің анықтығымен таң қалдырады.
Ерапевтердің арасында психиатрияны оқытқан профессор Х. Г. Бунге. Оның бірінші лекциясында Герцен болған. Ол өзінің «Доктор Крупов» деген кітабында Бунге туралы жазған. «Психиатрия дәрігерлік ғылымның ең қиын, түсініксіз бөлігі, бірақ оның өнегелік әсері нағыз игілікті» деп айтқан Бунге өзінің бірінші лекциясында. «Барлық жан аурулары дененің зақымдануынан» дей отырып, ол өзінің материалистік көзқарастарын анық тұжырымдай білді.
Тек 1857 жылы психиатрия жеке ғылым ретінде бөлініп шықты. Бұл дәрісті оқыту Петербордағы ғылыми –медициналық академия И.М.Баленскийге жүктеді. Ол жеке психиартия кафедрасының бірінші профессоры және психиатриялық клиниканың бірінші директоры болды. Оның мұрагері И.П.Мержеевский және оның оқушылары өздерінің жұмыстарын нерв-психикалық аурулардың анатомиясы мен физиолиясын зерттеуге арнады. Морфологиялық зерттеулерге байланысты бұл клиника халықаралық жағдайда белгілі болды. Осыдан ғылыми балалар психиатриясы басталады. Осы кезде И.П. Мержеевский Фогтың дегенерайия теориясына қарсы шықты. Ой дамуының артта қалуы адамдардың миындағы атавизммен не арғы атаны қайталаумен байланысты, деді неміс психиатры Фогт. Ал, И.П.Мержеевский мидың нашар даму себебін арғы атаны қайталаумен емес, нерв клеткаларының дамуының тоқталуымен байланыстырды. Оның клиникасынан балалар психиатриясына арналған бірнеше жұмыс шықты. И.П.Мержеевский әсері арқылы ми дамуы жағынан артта қалған балалар үшін жекеменшік мекемелер ашылды.
И.П.Мержеевский мұрагері И.М.Бехтерев болды. Бехтеревтің атағы жер жүзіне таралған жалпыға белгілі. Ол өзінен кейін ми анатомиясын зерттеу туралы белгілі еңбектерін қалдырды. Әр түрлі психикалық бұзылудың анатомиялық –физиологиялық негізін табуға тырысты. Эксперименттік психологиялық зеттулерге, жеке адаммен гипнотерапияны зерттеуге үлкен назар аударды. И.М.Бехтеревтің жетекшілігімен Ресейде алғаш рет ерлермен қатар әйелдерді қабылдайтын психонерврологиялық институт ашылды. Бехерев мектебінің оқушылары мен ізбасарлары ретінде В.П.Протопоповты, В.П.Осиповты, Р.Я.Голантты, А.П.Останковты және басқаларды айтуға болады.
Петербургтың психиатрлар мектебінен ерекше көзге түскен В.Х.Кандинский. Ол өзінен кейін әлемге даңқын шығарған «Жалған елестеушілік туралы» жұмысын қалтырды. Бұл кітабында тек елестеушілік емес, жалпы психопотологияны классикалық түрде жазды. Оның кітабы қазіргі кезге дейін әрбір психиатрдың столында жатады. Бұл, кітаптың ерекшілігі жай ординатор –дәрігердің еңбегі ретінде назар аударады. Бұл жәйт психиатрияның ғылыми негізінің тек институттарда ғана емес, практикамен шұғылданған дәрігерлер арасында да дамығанын көрсетеді.
Мәскеудің психиатрлар мектебі әуел бастан Петербург мектебіне қарағанда өзінің ерекше ғылыми назарымен бөлектенді. Егер Петербург мектебінің негізі анатомиялық–физиологиялық бағыт болса, Мәскеу мектебінікі –клиникалық суреттеме болды. Мәскеу психиатрлары негізінен психикалық бұзылудың клиникасын суреттейді. Санк –Петербург пен Мәскеу мектептерінің бұл бағыттары одан кейінгі жылдарыда дәстүрге айналды.
Мәскеудегі психиатрия лекцияларын профессор А.Я.Кожевников бастады. Бұл жылдан соң бұл кафедраға С.С. Корсаков жетекшілік етті. С.С. Корсаков психикалық ауру адамдарды ұялмай, жұмсақ және мұқият қарап, қатты ауырған кезде төсекке жатқызу туралы айтты. Корсаков Ресейдегі психиатрияда нозологиялық бағытты бастады. Ол бірінші болып тарихта алкогольді полиневритті психоз туралы жазды. Өз ісіне берілген терең білімді, ауру адамдардың сеніміндегі емдеуші ретіндегі дәрігер –психиатр басқа мамандардағы дәрігерлерден кем қызмет атқармайды, деген сөздер С.С.Корсаковтікі. 1889 жылы С.С.Корсаков Париждегі медициналық Конгресте полиневриттік пихоз туралы баяндама жасады. Бұл баяндама съездің бағдарламасына қосымша ретінде болды. Оның баяндамасын қатысушылар қызу қарсы алып, жоғары бағалады. 8 жылдан кейін, 1897 жылы Мәскеуде өткен 12 –халықаралық дәрігерлер съезінде Берлиннен келген профессор Жолли көптің қолдауымен айтылған ауру түрін «Корсаков ауруы» деп атады. Сонымен, С.С.Корсаков өзінің тірі кезінде халықаралық даңққа ие болды. Корсаковтан кейін Мәскеудегі психиатрия кафедрасын В.П.Сербский басқарды.
Ғылыми зеттеу жұмысында ол өзінің ұстазының жолын ұстады. Оның сот психиатриясы саласында еңбектері белгілі.
Ресей психиатриясында көрнекті із қалдырғандардың ішінде В.А.Гиляровский, М.О.Гуревич, М.Я.Серейский, О.В.Кербиков, А.В.Снежневский, В.М.Банщиков, Т.А.Невзорова А.А.Меграбян және басқаларды атап өткен жөн.
Балаларға деген психиатриялық көмек көрсетудің негізі бұрынғы Совет үкіметінің алғашқы жылдары салынды. 1918 жылы денсаулық сақтау халық комиссариаты балалардың психопатология бөлімін ұйымдастырды. 1923 жылы кемшілігі бар балаларды тәрбиелеу үшін педагогтарды дайындау мақсатымен дефектологиялық институт ашылды. Психикалық ауруы бар балаларды анықтау мен емдеу үшін алғашқы мекемелер ашылды. Бұл мекемелерде балалар психиатры ретінде Мәскеуде Г.Е.Сухарева, Т.П.Симсон, Е.А.Осипова, Санкт-Петербургте Н.И.Озерецкий, С.С.Мнухин қызмет атқарды. Балалар мен жасөспірімдер психиатриасын дамытуда В.В.Кавалев, А.Е.Лико, Г.К.Ушаков көп еңбек сіңірді.
Бұрынғы Совет Одағында қалың бұқара халыққа психиатриялық көмек көрсетуде ауруханалардан басқа жаңадан құрылған психоневрологиялық диспансерлер үлкен роль атқарды.
Қазақстандағы патопсихологияның даму тарихы. Қазақстан жерінде 19 ғасырда екінші жартысына дейін дәрігерлер және арнайы медициналық мекемелер болған жоқ. Сондықтан сол кезде көптеген психикалық ауру адамдар ешқандай дәрігерлік көмек ала алмады. Ондай ауру адамдарды «шайтан биледі» деп қарады. Осыдан «жынды» деген сөз пайда болды. Дегенмен мұндай адамдарға Батыс Европадағы сияқты қатал шаралар қолданылмады. Психикалық ауру адамдар өздерімен өздері болып, жолдарда шұбап жүрді.
XVIII ғасырда Қазақстанда психикалық ауру адамдарды тәуіптер, бақсылар, діңгелер, киелілер, дуаналар емдейді. Олар дұғамен, әнмен, домбыра мен қобызда ойнап, шөптерден жасалған дәрілерді қолданады.
Тарихи архивте психикалық ауру адамдарды емдеген кісілер туралы кейбір мәліметтер сақталған. Мұндай адамдардың, өздерінің психикалық ерекшеліктері болған.
Дата добавления: 2015-02-05 | Просмотры: 3006 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 |
|