АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Эндонуклеазалар

Апоптоз кезінде эндонуклеазалар линкерлі аймақтарға әсер ете отырып ДНҚ-ны фрагменттерге (үлкен және ұсақ) бұзады.

Каспаз және эндонуклеаздан басқа, апоптозға мүмкіндік беретін клеткада күшті тотықтандырғыштар (окислителі) жинақталады, олар күшті клетка апоптозын тудырады (бұл азот оксидін (NO), супероксидті және гидроксидті радикалдардың, пероксинитриттің, нитриттердің, нитраттардың және т.б. жинақталуы).

Клеткада тотықтандырғыш стресс жүреді, оған мембраналар өте сезімтал, олардың өткізгіштігі бұзылады, апоптоздың басталу үшін өте маңызды.

Қалыпты клеткаларда антиоксидантты қорғаныс жүйесі әсер етеді (каталаза, супероксиддисмутаза, пероксидаза). Тотықтандырғыш стресс кезінде бұл ферменттер көп мөлшердегі тотықтандырғыштарға шамасы келмейді.

Сонымен, плазмолемманың өзгеруі апоптоздық денешіктің көрші клеткалармен жұтылуына мүмкіндік береді

 

д)Апоптоздың басқа да «қарулары»:

Әрине,каспазалар және эндонуклеазалар жасушаның өзін-өзі өлтіруі үшін қолданылатын ең күшті құралдары болып табылады.Дегенімен,олардан басқа да апоптоз «қарулары» белгілі:

1 )Күшті тотықтырғыш жиынтығының болуы. Оларға жасушада өте көп мөлшерде жинақталған азот оксидін (NO)және оның басқа да белсенді өнімдерін-супероксидтік және гидрооксидтік радикалдарды,пероксиниттерді, нитриттерді,нитраттарды т.б.,жатқызуға болады.Бұл тотықтырғыштарға,әсіресе митохондрия,ядро мембраналары өте сезімтал болады және олар тез өзгереді.Олардың мембраналарының өткізгіштігінің жоғарлауы-апоптоздың маңызды элементі болып табылады.Шынында да,митохондриялардың бұзылған мембраналары арғылы протеза AIF және цитохром-С цитоплазмаға шығады,ол каспаза -9-ды активтендіріп каскадты іске қосады.Ал бұзылған ядро қабықшасы арқылы каспазалар ядроға еніп эндонуклеазаларды активтендіреді.

2)Апоптоздың негізі «қаруына» плазмолемма құрылысының өзгеруіне жауапты ақуыздарды да жатқызуға болады.

Апоптоздың қосымша құралдары. Апоптоздың тікелей «қаруларынан» басқа,жасшада қосымша факторларда болады.Олардың қызыметіосы «қаруларды» басқару болып табылады.Апоптоз үдерісінде бұл факторлардың маңызды қызмет атқаратындығы сөзсіз,олар:

1) Митохондриялық факторлар. Митохондрияда каспаза -9-ды активтендіріп,каспаздық каскадты іске қосатын 2 ақуыз–AIF және цитохром-С,болатынын білеміз.Бұл ақуыздардың митохондриядан цитоплазмаға босанып шығуы тек мембрана өткізгіштігі жоғарылаған кезде ғана жүзеге асады.

а)Митохондрия мембраналарының арналары.Жоғырада аталған фактордың мембранадан цитоплазмаға өтуі мембранада арнайы арналардың болуына байланысты.Бұл арналардың күйі (ашылуы не жабылуы) бірнеше ақуыз тобының -Bcl-2/Bax,күрделі бақылауында болады.Олардың негізгі өкілдері:

ә)Bcl-2 ақуызы, Bcl-x, A1/Bfl-1 т.б., қалыпты жасушаларда митохондрия мембранасында кездеседі және арнаны жабады,сөйтіп жасушаны апоптоздан қорғайды.

б)Bax,Bad,Bak,Bid т.б. ақуыздары жоғарыда келтірілген ақуыздармен қосылып кешкен пайда етеді де олардың әрекеттерін (арнайы жабу) бастырмалайды,нәтижеде арна ашылады.Осылайша олар апоптозды стимулдайды.

Митохондрияның трансмембраналық потенциалы. Апоптоз кезінде митохондрия мембрананың өткізгіштігінің жоғарылауы,протиаза AIF және цитохром-С шығуына алып келуімен бірге трансмембраналық потенциалдың төмендеуіне де алып келеді.

Протондық сорғыштар әсерінен митохондрия матриксінен сутек иондары (H+) сыртқа сорылып,митохондрияда трансмембраналық потенциал градиенті пайда болады,яғни митохондрия ішінде протондар концентрациясы төмен,ал сыртында жоғары болады.Протондық градиент энергиясы АТФ синтезі үшін пайдаланылады.

Сондықтан да,апоптогендік сигналдар әсерінен ақуыз Bax және басқалары, митохондрия мембранасының арналарын ашқаннан кейін протондық градиен жойылады және АТФ синтезі де тоқтатылады.

Бұл құбылыс апоптоз «қаруларының» ешқайсысын да стимулдамайды,бірақ жасушаның негізгі энергия көзінен АТФ-тан айырады,ал апоптоз энергия жұмсауды талап ететін үрдіс.

Некроз немесе тірі ағзадағы жергілікті ұлпалардың өлуі. Некрозда ұлпаның құярылымы өзгереді,ол ішкі және сыртқы факторлар әсерінен болады. Некроздың мәнісі толық және қайтарымсыз ұлпаның өз өмірін тоқтатуы. өмірден өлімге өтетін кезең некробиоз деп аталады.Өлім мен өмір аралығы парабиоз,өлімге жақын өмір кезеңі паранекроз деп аталады.

Өлу жылдамдығы ұлпаның беріктік функциясына байланысты,бірінші болып күрделірек функциялары бар ұлпалар өледі.Ең кеш өлетіндері-жасушалар мен талшықты жалғаушы ұлпалар.Бірінші кезекте ұлпалардың сақталуы некрозбен түсіндіріледі.Некроздың ошағын микраскоппен қарағанда контурлары анық көрінеді. Өлген ұлпа іртікті масса детритке айналады. Некроз аймағындағы морфологиялық өзгерістер ядрода басталып, сосын цитоплазма мен парапластикалық субстанцияға жетеді.Ядро жағынан бұзылуы, оның өлшемінің, формасының және хроматин бөлшектенуіне әсер етеді.

1)Апоптоз морфологиясының,яғни морфологиялық деңгейде байқалатын оның ақырғы сатыларының,өз динамикасы болады және оның дамуының бірнеше айқын ажыратуға болатын кезеңдерін(1→2;2→3;3→4),атауға болады.Оларға төмендегідей:

а) Хтоматиннің конденсациялануы (1→2).Хроматин ядроның шетінде орналасқан тығыз және айқын байқалатын гомогендік масса күйінде болады.Цитоплазма көлемі де кішірейіп,жасуша пішіні өзгереді.

б) Ядроның және цитоплазманың фрагменттерге бөлініп,апоптоздық денешіктердің түзілуі. (2→3).Бұл сатыда ядро,тығыз хроматин массасынан тұратын,қабықшамен қоршалған жеке фрагментерге ыдырайды.Жасуша формасы өзгеріп,онда ішке қарай терең тартылыстар пайда болады. Олардың цитоплазмадан бөліп тұратын учаскелері бірте-бірте тарылған аяқшалары бар құлақшаларға ұқсайды. Жасушаның бұл фрагменттері ерте ме кеш пе үзіліп,апоптоз денешіктерге айналады.Кейбір денешіктерге ядро фрагменттері,екіншілерге-тек цитоплазма заты жинақталады. Олардың екеулері де біршама өзгерген плазмалеммамен қоршалған.

в )Көрші жасушаларының апоптоздық фогоцтоздауы (3→4).Көрші жасушалар апоптоздық денешіктерді плазмолемма беттерінде пайда болған өзгерістер арқылы таңып фагоцитозданады.Фагоцтозданган денешіктер фаголизосомаларда тез ыдырайды.

2)Некроз кезінде өзгеше көріністер орын алады.Некроз жасушасының өте күшті бұзылыстары не тіршілік ету жағдайларының күшті өзгеруі салдарынан дамиды,яғни бұл өзгерістер нәтижесінде апоптоз тетіктері(механизмдері) іске қосыла алмайды,себебі:

-не олардың өздері бұзылған;

-не жасушада олардың қызымет етуіне қажет энергетикалық және материялдық ресурстар болады.

а)Некроздың бастапқы сатыларында плазмолемма және басқа да мембраналар бұзылады.Олардың суды және басқа да заттарды(иондарды) өткізгіштігі жоғарылайды.

б)Бұл,жасушаның және оның органеллаларының(мыс.ядро) ісінуіне алып келеді.Сонымен некрозда жасуша көлемі үлкейеді,ал, апоптозда,керісінше,кішірейеді.

в)Хроматиннің бұзылыстары үдерістің бастапқы сатыларында емес,оның ортанғы,тіпті ақырғы сатыларында орын алады.Алғаш ол ядро мембранасының маңында конденсацияланады,бірақ апоптозбен салыстырғанда,гомогендік емес,айқын байқалмайтын күйде болады.

Содан кейін кариолизис нәтижесінде хроматин ыдырап жойылады,ал,апоптоз кезінде хроматин фрагменттері апоптоздық денешіктер құрамында болады.

г)Некроз плазмолемманың үзіліп,жасуша метоболизмі өнімдерінің жасушааралық қуысқа шығуымен аяқталады.

Бұл:

-біріншіден-көрші жасушалардың бұзылуына;

-екіншіден-қабыну үдерісінің басталуына алып келеді.

 

Қорытынды.

 

 

Жасушалық циклдың барысында, оның түрлі сатыларында: бөліну, өсу немесе қызмет атқаруында жасуша алуан –түрлі ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне ұшырап, кейде оның структуралық – функционалдық құрылымы бұзылады.

Некроз,немесе тірі ағзадағы жергілікті ұлпалардың өлуі.Некрозда ұлпаның құярылымы өзгереді,ол ішкі және сыртқы факторлар әсерінен болады. Некроздың мәнісі толық және қайтарымсыз ұлпаның өз өмірін тоқтатуы. өмірден өлімге өтетін кезең некробиоз деп аталады.Өлім мен өмір аралығы парабиоз,өлімге жақын өмір кезеңі паранекроз деп аталады.

Тірі ағзалар мен олардың жасушалары мәңгілік емес, ерте немесе кеш олардың тіршілігі өліммен аяқталады, (ісік жасушаларынан басқалары). Бұл табиғи, алдын – ала генетикалық бағдарланған процесс апоптоз деп аталады.

Өлу жылдамдығы ұлпаның беріктік функциясына байланысты,бірінші болып күрделірек функциялары бар ұлпалар өледі.Ең кеш өлетіндері-жасушалар мен талшықты жалғаушы ұлпалар.Бірінші кезекте ұлпалардың сақталуы некрозбен түсіндіріледі.Некроздың ошағын микраскоппен қарағанда контурлары анық көрінеді

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

1.С.А.Әбілаев. Молекулалық биология және генетика: Оқулық.- Шымкент: «Асқаралы» баспасы, 2008.- 424 с.

2.Мушкамбаров Н.Н.”Молекулярная биология”

3.Бочков Н.П. “Медицинская генетика”

4.Новиков В.С. “Програмированная клеточная гибель.”

5.www.google.kz. “Апоптоз және некроз”

Қосымша:

 

1. Бегімқұл Б. Медициналық генетика негіздері: оқулық.- Астана: Фолиант, 2008.- 336 с.

2. Е. Куандыков, С.А. Әбілаев. Медициналық биология және генетика.- Алматы: НАS,2006.-320 б.

 

 


Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 1201 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)