АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Иммунопрофилактика. Тапсырма(1):Бала бірінші жүктіліктен, асфиксиямен туылған, туғандағы салмағы 3800
Иммунопрофилактика
Тапсырма(1): Бала бірінші жүктіліктен, асфиксиямен туылған, туғандағы салмағы 3800, нәрестелік кезеңі өзгеріссіз. 2 айлығында емхана да бірінші екпесі АКДС, Нів, ОПВ, ВГВ пен салынған. Екпеден кейін алғашқы екі сағатта балада қайталамалы клонико-тоникалық тырысулар қалыпты дене температурасы фонында байқалады. Тырыспалар өздігінен басылып, баланың жағдайы тез қалпына келді. Тәулік бойы тырыспалар қайталанбады.
| Кезеңдері:
| Іс әрекеттердің реттілігі
|
| Сіздің болжам диагнозыңыз?
| Энцефалопатия
|
| Бала қосымша зерттеулерді қажетсінеді ме?
| Невропатолог консультациясы, нейросонография, эхоэнцефалография.
|
| Егуден кейіңгі қалыпты реакция мен егуден кейіңгі асқынудың ерекшелігі неде?
| Поствакцинациялық реакция өздігінен өтеді, емді қажетсінбейді.
|
| Бөлімшелік дәрігердің қателігін көрсетіңіз?
| Баланы міндетті түрде АДС препараты мен егу керек болатын, невропатологтың алдын ала кеңесі мен.
|
| Болашаққа егу тактикасы?
| Көк жөтелдің қүрылымы кері көрсетілген, АДС екпесі мен егу қажет.
|
«АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 10 ОСКЭ станциясы
Иммунопрофилактика
Тапсырма (2): Бала бірінші жедел босанудан, анасы бронх демікпесінен зардап шегеді. Баланың 2 айлығында анасы сәбіз шырынын қабылдағаннан кейін нәрестеде атопиялық дерматит көрінісі байқалған (беттерінің қышынуы мен кейіннен қабыршақтануы және сулануы). Антигистаминді препараттар мен жергілікті фенистил гель мен емделген. Қазіргі уақытта балаға 3 ай, шағымы жоқ, тері жабындылары таза, ағзалар мен жүйелер бойынша патологиялар жоқ. Бала егуге шақырылды.
№
| Кезеңдері:
| Іс әрекеттердің реттілігі
|
| Осы балаға қашан егуді жүргізуге болады?
| Келіп қаралғанға дейін 5 күннен кейін
|
| Атопиялық дерматит егулер кері көрсеткішіне енеді ме?
| Ремиссия басталғанда вакцинациялау.
|
| Бұл баланы қандай егу мен еккен дұрыс?
| Егу күн тізбесі бойынша егу. АКДС1+HIB1+ВГВ2+ОПВ1
|
| Уақытша кері көрсеткіштерге нелер жатады?
| Жедел гломерулонефрит, нерв жүйесінің инфекциялық аурулары, жедел аурулар, созылмалы аурулардың өршу кезеңінде, стероидты препараттар мен иммуносупрессорларды қолдану.
|
| Аллергиялық сырқаттары бар балаларды егу тактикасы?
| Егуден кейін 5 күн және егуге дейін 5 күн бойы антигистаминдік препараттардың көмегі мен егуді жүргізу.
| «АСТАНА МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» АҚ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 10 ОСКЭ станциясы
Дата добавления: 2015-07-23 | Просмотры: 834 | Нарушение авторских прав
1 | 2 |
|