АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Жауап жок

Прочитайте:
  1. жауап эталондары
  2. жауап эталондары
  3. жауап эталондары
  4. жауап эталондары
  5. жауап эталондары
  6. жауап эталондары
  7. жауап эталондары
  8. Жауап эталоны
  9. Жауап эталоны

 

8.Ауыздың (кілегейлі тістің, ауыздың сұйықтығының, тістің бляшкалары) және микрофлораның құрамының өзгешелігінің ауыз қуысының негізгі биотобының мінездемесі.

 

Ауыз қуысының негізгі микробтық биотоптары: - ауыз қуысының меншікті шырышты қабығы; сілекей бездерінің ағымдары; қызыл иектер сұйықтығы және қызыл иекке жақын бадамша безінің бөлігі; ауыз қуысының сұйықтығы және тістік тандақтар.

Шырышты қабықтың бетінде грамтеріс анаэробты және факультативті анаэробты бактериялар, микроаэрофилді стрептококтар мекен етеді. Тіласты орнында, ұрттың ішкі беткі қабатында, ауыз қуысының шырышты қабығының қатпарлы бөлігінде қатан анаэробты коктар (вейлонеллалар, пептострептококтар), лактобактериялар (кобінесе Ь.salivarius) және көгерткіш стрептококтар (£.mitis S hominis), ал S salivarius әдетте тіл бетінде тіршілік етеді. Жұмсақ және катты таңдайдың шырышты қабығында, таңдай белдемдерінде, бадамша бездерде әртұрлі бактериялар (стрептококктар, коринебактериялар, нейссериялар, гемофилдер, псевдомонадалар, нокардиялар) және ашытқы гәрізді кандида саңыраукұлақтары мекендейді.

Әдетте сау адамның сілекейлі бездерінің сұйықтығы стерильді болады немесе аз молшерде қатан анаэробты бактериялар байқалуы мұмкін (көбінесе вейлонеллалар). Микробтардың аздылығы фермент- тердің, лизоцимнің, секреторлы иммунды глобулиндердің бактерицидтік әсерімен байланысты болады.

 

9 Тістің бляшкасы және тістің шапқыны, Гликанов биосинтезінің ролі

Тістік дақ- бұл тістін беткейінде орналасқан органикалық заттардың матрикстегі бактериялардың жинақталуы. Орналасуы бойынша иек қалтасының ұстінде және астында орналасатын дақтарды ажыратады. Біріншісі кариес дамуына, екіншісі - пародонт ауруларының пайда болуына әкеледі.

Тіс беткейінде дақтар тісті тазартқаннан 1-2 сағаттан кейін пайда бола бастайды. Сілекей құрамындағы гликопротеиндердің қышқыл топтары тіс эмалінің кальңий иондарымен, ал сілтілі топтары гидроксиапатиттердің фосфатгарымен әрекеттеседі. Нәтижесінде тіс беткейі пелликула деп аталатын қабық- пен жабылады, бұл органикалық заттектердің матриксі болып табылады. Пелликулаға микроорганизмдер жабысып дақтың бактериялық матриксін тұзеді. Бастапқы сатысында микроб жасушалары тістің шұнқырларында жиналады, көбейіп барып тістің бұкіл беткейіне тарайды. Алғашқыда адгезия (жабысу) ұрдісі тез арада өтеді - 5 мин ішінде 1 см2 -дегі бактериялар саны 103деңгейден 105-106 деңгейіне дейін өседі. Кейін адгезия жылдамдығы төмендейді де келесі 8 сағаттың ішінде тұрақталады. Осы кезеңінде адгезиямен кобеюіне көбінесе қатысатындар стрептококтар (S mutans,S salivarius,S SANGUIS ж.б.). 1-2 кұннен кейін жабысқан бактериялардың саны 107-108 дейің өседі. Ауыздық стрептококтарға вейлонел- лалар, коринебактериялар, актиномиңетер қосылады. Аса молшерде көбейген аэробты және факультативтік анаэробты микрофлора тіршілік ету нәтижесінде осы аймақта т отығу-тотықсыздану потенциалдың томендеуне әкеліп, қатаң анаэробтардың - фузиформды бактериялардьтң өсіп көбеюіне жағдай туғызады. Үстінгі және астынғы жақта орналасқан тіс дақтарының микрофлорасы ерекшеленеді. Үстінгі жақта стрептококтар, лактобактериялар, актиномицеттер байқалса, астынғы жақта вейлонеллалар, фузобактериялар, актиномицеттер анықталады. Бұл айырмашылықтар рН-тың жағдайымен байланысты.

Тіс арасында және фиссуралар ұстінде көптеген жағдайда грам-оң коктар мен таяқшалар тіршлік етеді, анаэробтар кездеспейді. Осы жерлерде дақтар дамудың бастапқы сатысында колонизациялану тез арада жұреді де бактериялар саны бірінші кұні шегіне жетеді, ал кейіннен ол бір децгейде тұрақталады.

Қолайлы факторлар. Тіс дақтардың пайда болуы адамның жеген тамағына, оның мөлшеріне, оның құрамындағы көмірсулардың, әсіресе сахарозаның ұлесіне тығыз байланысты болады. Ауыз қуысына тұскен сахарозаны ауыздық стрептококтар мен лактобактериялар белсенді ыдыратады, ыдырату нәтижесінде сұт қышқылы көп мөлшерде жиналады.

Тістің бетіне бактериялардың жабысуы оте жылдам жұреді. Өз бетімен тістің меншікті эмаліне жабыса алмайтын микроб жасушалары жабысқан бактериялардың ұстіне қонып, «жасуша жасушаға» байланысты тұзеді. Жіпше тәрізді бактериялардын ұстіне жасуша айналасы бойынша коктардын жабысуы «жұғері собығына» ұқсас қабықша пайда болуына әкеледі. Біріккен микробтар ассоциацияларының болуы ауыз қуысының әр-жеріндеғі аймақтарында тіршілік ететін микробтардың тұр арасында синерғисттік және антағонисттік қатынасын тудыра алатын биолоғиялық ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы ауыз стрептококтардың және лактобактериялардың метаболизмі нәтижесінде тұзілген сұт қышқылы вейлонеллалармен қуат козі ретінде пайдаланылады, ол ортаның рН жоғарылауына әкеліп, сонымен бірге тіс жиегіне қарсы әсер көрсетуі мұмкін. Коринебактериялар көптеген басқа бактериялардың осуіне қажетті К витаминін тұзеді, ал ашытқы тәріздес Сапdida саңырауқұлақтары лактобактериялардың осуіне қажетті витаминдерді өндіреді. Лактобактериялар зат алмасу барысында сұт қышқылды тұзеді, ол ортаны қышқылдайды, нәтижесінде ашытқылардың адгезиялануы және дақылдануы тежеледі, ол көптеген микроорганизмдерге қажетті витаминдердің мөлшерін азайтып олардың осіп-кобеюін тоқтатуға әкеледі.

 

 

10 Ауыз қуысының микробтық қоныстануы.

Ауыз қуысы бірнеше микробиоценозды біріктіреді, оларды физико- химиялық көрсеткіштеріне (ортаның рН, температурасы, тағам қалдықтарының бар жоғы, газдардың парциалды қысымы ж.т.б.) және микрофлораның құрамына байланысты ажыратады. Ауыз қуысының негізгі микробтық биотоптары: - ауыз қуысының меншікті шырышты қабығы; сілекей бездерінің ағымдары; қызыл иектер сұйықтығы және қызыл иекке жақын бадамша безінің бөлігі; ауыз қуысының сұйықтығы және тістік тандақтар.

Шырышты қабықтың бетінде грамтеріс анаэробты және факультативті анаэробты бактериялар, микроаэрофилді стрептококтар мекен етеді. Тіласты орнында, ұрттың ішкі беткі қабатында, ауыз қуысының шырышты қабығының қатпарлы бөлігінде қатан анаэробты коктар (вейлонеллалар, пептострептококтар), лактобактериялар (кобінесе Ь.salivarius) және көгерткіш стрептококтар (£.mitis S hominis), ал S salivarius әдетте тіл бетінде тіршілік етеді. Жұмсақ және катты таңдайдың шырышты қабығында, таңдай белдемдерінде, бадамша бездерде әртұрлі бактериялар (стрептококктар, коринебактериялар, нейссериялар, гемофилдер, псевдомонадалар, нокардиялар) және ашытқы гәрізді кандида саңыраукұлақтары мекендейді.

Әдетте сау адамның сілекейлі бездерінің сұйықтығы стерильді болады немесе аз молшерде қатан анаэробты бактериялар байқалуы мұмкін (көбінесе вейлонеллалар). Микробтардың аздылығы фермент- тердің, лизоцимнің, секреторлы иммунды глобулиндердің бактерицидтік әсерімен байланысты болады.

 

Қызыл иектер сұйықтығы - қызыл иек бадамшасыиың аймағында тұзілетің транссудат, микробтар ішіне қызыл иек шырышты қабығынан және сілекейден тұседі. Микрофлораның басым боліғің қатан анаэробтар құрайды: бактероидтар (Ваcteroides Porphyromonas Prevotella туыстастықтарының өкілдері), фузобактериялар, лептотрихиялар, актиномицеттер, спириллдалар, спирохеталар ж.т.б. Қызыл иек сұйықтығында солармен бірғе микоплазмалар, ашытқы тәрізді саңырауқұлақтар және қарапайымдылар мекендейді.

Ауыз сұйықтығы көп көлемде орналасқан құлақасты, тіласты және жақасты сілекей бездерінің боліндісінен тұрады. Ауыз сұйықтығы - ауыз қуысының ең маңызды биотопы. Ауыз сұйықтығының микрофлорасын ауыз қуысының шырышты қабығыныңда мекендейтін, қызыл иек бадамшалары мен қалташаларындажәне тіс тандақтарында мекендейтін вейлонеллалар, микроаэрофилді және факультативті анаэробты стрептококтар, вибриондар, псевдомонадалар, спирохеталар, спириллалар және микоплазмалар құрайды. Ауыз сұйықтығында бактериялар сақталып қана қоймай кобейе алады.

Ауыз қуысында микроорғанизмдер дақылдану ұшін біріншеден шырышты қабығына немесе тіс бетіне орнығуы/адғезиялануы

қажет. Адғезияның бірінші кезені ғидрофобтылығы жоғары бактерияларда қарқымды жұреді. Мысалы, ауыз стрептококтары тістің бетіне де, шырышты қабығының эпителий жасушаларына да адсорбцияланады. Адғезия ұрдісінде фимбриялар мен пилилердің маңызы зор, олар ауыз қуысында мекендейтін коптеғен микроорғанизмдерде бар және адғезиндер деп аталады. Адғезиндердің құрылыс ерекшеліктері микробтардың ауыз қуысында орналасуын анықтайды. Мысалға, S sanquis тістің бетіне ал S salivaium- шырышты қабығының эпителиялық жасушаларына жабыса алады.

Тістің бетіне бактериялардың жабысуы оте жылдам жұреді. Өз бетімен тістің меншікті эмаліне жабыса алмайтын микроб жасушалары жабысқан бактериялардың ұстіне қонып, «жасуша жасушаға» байланысты тұзеді. Жіпше тәрізді бактериялардын ұстіне жасуша айналасы бойынша коктардын жабысуы «жұғері собығына» ұқсас қабықша пайда болуына әкеледі. Біріккен микробтар ассоциацияларының болуы ауыз қуысының әр-жеріндеғі аймақтарында тіршілік ететін микробтардың тұр арасында синерғисттік және антағонисттік қатынасын тудыра алатын биолоғиялық ерекшеліктерімен байланысты. Мысалы ауыз стрептококтардың және лактобактериялардың метаболизмі нәтижесінде тұзілген сұт қышқылы вейлонеллалармен қуат козі ретінде пайдаланылады, ол ортаның рН жоғарылауына әкеліп, сонымен бірге тіс жиегіне қарсы әсер көрсетуі мұмкін. Коринебактериялар көптеген басқа бактериялардың осуіне қажетті К витаминін тұзеді, ал ашытқы тәріздес Сапdida саңырауқұлақтары лактобактериялардың осуіне қажетті витаминдерді өндіреді. Лактобактериялар зат алмасу барысында сұт қышқылды тұзеді, ол ортаны қышқылдайды, нәтижесінде ашытқылардың адгезиялануы және дақылдануы тежеледі, ол көптеген микроорганизмдерге қажетті витаминдердің мөлшерін азайтып олардың осіп-кобеюін тоқтатуға әкеледі

11 Ауыз қуысының микрофлорасының адам жасына байланысты өзгерістері.

Ауыз қуысының бактериялармен алғашқы ластануы перзент туылып жатқанда туу жолдарында болады. Біріншілік микрофлора: лактобациллалар, энтеробактериялар, коринебактериялар, стафилококтар және микрококктар. Туғаннан 2-7 тәуліктен кейін бұл микрофлораға анасының ауыз қуысындағы тіршілік ететін және перзентхана бөлімшесінің қызметкерлерініңбактериялары қосыла бастайды. Нәресте омірінің алғашқы айларында ауыз қуысынан аэробты және факультативті анаэробты бактериялар табылады. Ал қатаңанаэробтардыңболмауы нәрестелерде тіс қатарыныңжоқтығымен байланысты, онсыз анаэробтарға тіршілік ету жағдай тумайды. Нәрестенің осы тіршілік ету кезеңінде ауыз қуысынан стрептококктарды, әсіресе S salivarius лактобактерияларды, нейссерияларды, гемофилдерді, ашытқы тәріздес кандида саңырауқулақтарын табуға болады, олардың саны 4-ші айлық кезінде шегіне жетеді. Ауыз қуысының шырышты қабығының қатпарлы бөлігінде бірен - саран анаәробтар (вейлонеллалар, фузобактериялар) кездесуі мұмкін.

Тістің жарып шығуы микроорганиздердің сапалық құрамының кұрт өзгеруіне алып келеді, ол катаң анаэробтардың тез арада көбейіп кетуі мен сипатталады. Сол кезде белгілі биотоптардың анатомиялық ерекшеліктеріне байланысты микроорганизмдердіңауыз қуысында тарауы және «еніп, орнығуы» жұреді. Осыған байланысты микробиоценоздың тұрақтылығына сәйкес көптеген микрожұйе құрылады.

Спирохеталар және бактериодтар ауыз қуысында 14 жаста ғана пайда болады, ол жас ерекшеліғіне байланысты ағзадағы ғормоналды өзгеріске байланысты.

Ересектерде ауыз қуысы микрофлорасыныңөзгеруі стомотологиялықаурулармен байланысты, немесе тістің тұсуімен және алмалы протездердің қойылуымен, немесе дисбактериозбен жұретін оргонизмнің жұйелік ауруларымен байланысты. Алмалы протездер қойылған кезде микрофлора құрамы мұлдем өзғереді. Протездің астында шырышты қабығының созылмалы қабынуы пайда болады - протезді стоматит. Созылмалы қабыну барлық аймақтарда және протез тұрған жерде жұреді. Бұл сілекей бөлу қызметінің бұзылысынан, сілекейдің рН және ионды құрамының өзгеруінен, шырышты қабығының беткейінде температурасының 1-2 С жоғарылауынан ж.б. болады. Алмалы протезді көбінесе иммундыбиологиялық реактивілігі төмен және қосымша аурулары (гипертония, қант диабеті ж.т.б.) бар қарт адамдар жиі пайдаланатындықтан, ауыз қуысының микрофлорасы құрамының озгеруі занды жағдай десекте болады.

Протездін, астында әртұрлі факторлардың әсерінен (органикалық матриксте микроорганиздердің жиналуы, сонымен қатар кышқылдың жиналуы, ортаның рН межелік деңгейіне дейің /5,0/ төмендеуі) сублингвиальді және супралингвиальді таңцақтардың пайда болуына мұмкіндік туады. Бұл протезді стоматит этиологиясында маңызды рол атқаратын ашытқы тәріздес Сапdida саңырауқұпақтарының аса кобеюіне алып келеді. Олар 98% жағдайда протездің айналасында табылады. Протез қолданатын 68-94 %

 

адамдарда кандидоз байқалады. Ауыздың шырышты қабығында ашытқы тәріздес саңырауқұлақтардың көбеюі ауыздың бұрыштарын зақымдалуына әкеліп соғуына мұмкін. Протез қолданатын адамдардан саңырауқұпақтардан басқа да бактериялар: (ішек таяқшалары, стафилококктар, энтерококктар ж.т.б. бактериялар) көп мөлшерде табылады. • і

Ауыз қуысында тіршілік ететін микроорғанизмдер патогенді потенңиалға ие болғандықтан олар тіндердің жергілікті қабынуын туғызуы мұмкіндігі бар. Жергілікті зақымдалу патогенезінде микроорганизмдер көмірсуларды ферменттеу кезінде пайдаболатын органикалық қышқылдарыныңжәне олардың метаболиттерінің маңызы зор. Ауыз қуысының негізгі зақымдануларды (тіс жиегі, пульпит, перодонтит, периодонт аурулары, жұмсақ тіндердің қабынуы) стрептококктармен, пептострептококтар, актиномиңиттер, лактобациллалар, коринебактериялар ж.т.б. қоздыра алады. Олардан басқа сиректеу жағдайда кездесетін анаэробты инфекцияларды (мысалы, Березовский-Венсан-Плаут ауруы) бактериодтар, превотеллалар, актиномицеттер, вейлонеллалар, лактобацилалар, нокардиялар, спирохеталар ж.т.б. бірігіп туғызады.

12 Ауыз қуысының еместөл және төл резистенттілік факторлары.

Көптеген патогенді микроорганизмдерге ауыз қуысы кіру қақпасы болып табылады. Антимикробты қорғаныстық фактордың арнайы және арнайы емес әсерінің арқасында көптеген микроорганизмдер әрі қарай асқазан- ішек жолыдарына өте алмайды.

Ауыз қуысының бейспецификалық (арнайы емес) қорғаныс факторлары сілекейдің микробтарга қарсылық қасиеттеріне негізделген, олар кариесогенді /тіс жиегінітудыратын/ және басқа да бактериялардан қорғайды. Кұніне сілекей бездерінен 0,5-тен 2,0 литрге дейін сілекей болінеді. Оның айқын бактерио- статикалық және бактериоцидтік қасиеттері ішіндегі гуморалды факторлармен (лизоцим, лактоферрин, лактопероксидаза, комплемент жұйесінің компоненттері, иммунды глобулиндер) қамтымасыз етілген.

Лизоцим - муколитикалық фермент типті термостабильді ақуыз. Ол көптеген сапрофитті бактерияларды ерітеді, патогенді микроорганизмдергелитикалықәсері шамалы. Лизоцимніңбактериоли- тикалық әсерінің механизмі - ол бактерияның жасушалық қабыршағың пептидогликандық қабатындағы

 

полисахаридтік тізбекте М-ацетилмурамды қышқылы және М-ацетилглюкозамин арасындағы байланысты гидролиздеуі. Бұл жасуша қабыршағының откізгіштігін жоғарылатады, жасуша ішіндегісі диффузия жолымен қоршаған ортаға шығады да микроб жасушасы жойылады. Шырышты қабығында орналасқан жараларының жазылуы әр тұрлі микроорганизмдердің, оның ішінде патогенді тұрлерінің көп мөлшерде болуына қарамастан, лизоцимнің әсерімен жұреді. Жергілікті иммунитет болдыруда лизоцимнің маңызды ролін сілекейде лизоцимнің белсенділігі төмендеген кезде ауыз қуысында жұқпалы аурулар мен қабыну ұрдістерінің көбеюі көрсетеді.

Лактоферрин - темір құрамды тасымалдағыш ақуыз, оның бактериостатикалық әсері бактериялардыңтемірге бәсекелестік қабілетіне байланысты. Лактоферриннің антиденелермен синергизімі болады. Оның ауыз қуысының жергілікті иммунитеттегі рөлі ананың сұтімен нәресте қоректенген кезде ана сұті арқылы бұл ақуызды секреторлы иммунды глобулинмен (ІgА) бірлескен тұрде жоғары қанықпасында алады. Лактоферринді гранулоциттер тұзеді.

Лактопероксидаза - тиоционат және сутегінің асқын тотығымен бірігіп бактерицидтік әсер корсететін термостабильді фермент. Ас қорыту ферменттерініңәсерінетозімді, рН кеңдиапазонында(3.0- 7.0) оз белсенділігін корсетеді. Ауыз қуысында S mutans адгезиялануына қарсы тұрады. Лактопероксидаза нәрестелердің сілекейінен алғашқы айларынан бастап анықталады.

Комплемент жұйесінің СЗ фракцинсы сілекей бездерінен табылған. Оны макрофагтар тұзіп организмнің ішкі ортасына бөліп шығарады. Ауыз қуысы шырышты қабығыңца қанды ортаға қарағанда комплемент жұйесінің литикалық әсерінің жиілік шарттары жағымсыз келеді.

Сілекейдің құрамында тетрапептид - сиалин бар, ол тіс тандақтар микрофлорасының тіршілік нәтижесінде тұзілетін қышқыл өнімдерді бейтараптайды, сол себептен тіс жиегіне қарсы кұшті әсер көрсетеді.

Агрегирленген SІgА комплементті альтернативті жолмен СЗ арқылы белсендіруі және қосуы мұмкін. Іg0 және ІgМ комплементтің классикалық жолмен С1-СЗ-С5-С9 мембрана шабуылды кешені арқылы белсендіруді қамтамасыз етеді. СЗ фракциясы белсендірілген комплемент жұйесінің эффекторлық қызметінің іске асуына қатысады.

Шырышты кабыгының бөліндісі физикалық-химиялықтосқаул қызметін атқарады, ал қалыпты микрофлора - патогенді микробтар дақылдануға төзімділіктің құрылуына қатысатын иммундық- биологиялық тосқауыл қызметін атқарады.

Шырышты қабықтар лимфоидті тінніңдамығандығыменжәне иммунды компетентті жасушалармен толықтылығымен ерекшеленеді. Қабықшалардың меншікті пластинкасында фагоциттердің көп саны табылады. Олар хемоаттрактанттардың әсерімен маятниктәрізді қозғалыстарды жасай алады: эпителийден тыс шығады да қайтадан орнына келеді. Олар ауыз қуысының патогенді бактериялардан тазаруына комектеседі. Ауыз қуысында ұнемі шамамен 100 000 фагоциттер болатыны дәлелденген.

13 Тістің бляшек құрылымының кезеңдері

1. Тістің бляшек құрылымдарының кезеңдері

Тістің бляшек құрылымдары тісті тазартқаннан кейінгі 1-ші минуттардан басап –ақ пайда бола бастайды, сонымен қатар оның түзілу динамикасында миркобиоценоздың белгілі өзгерістері болады.

Тістің бляшек құрылымының түзілуінің 1-ші кезеңі – тісті жақсылап тазалағаннан кейін (немесе ультрадыбысты "Пьезон-мастер" аппаратында)1-4 сағат ішінде пайда болуы.Ол сәйкесінше кокктардан (стрептококктардан, нейссериялардан, вейллонеллалардан) және кейбір таяқшалардан (дифтероидтар)тұрады. Бұл «ерте» тістің бляшкалары деп аталады.

Тістің бляшек құрылымының түзілуінің 2-ші кезеңі – динамикалық бляшка ол 4-5 күн ішінде пайда болады. Ол грам позитивті кокктардың азаюымен және грам вариабельділердің жіп тәрізді түрі-лептотрихия, сонымен қатар грам негативті вейллонелла және фузобактериялардың өсуімен сипатталады. Адаптациялық қасиеттері жақсы "жоғары табиғи санациясы бар" тұлғаларда, тіс бляшкасының микробиоценозы осы қалыпта ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Бұл тістің бляшкалары бір қалыпты деп аталады, себебі микробтар қатынасы тістің жүйелі тазалығы болмаған жағдайда да сақталып тұра береді.

Тістің бляшек құрылымының түзілуінің 3-ші кезеңі – жетілген тіс бляшкасы 6-7 күннен басталып жалғасады. Бұл кезеңде тіс бляшкасы симбионттардың құрамы бойынша соңғы түрге енеді, бірақ ондағы қозғалыс үнемі жалғасып отырады. Бұл жетілген тіс бляшкасы. Онда аэробтылардың – нейссериялар, ротийлер, факультативті-анаэробты стрептококтардың саны дереу азаяды. Жіп тәрізді және таяқша тәрізді түрге еніп тізбек құрады. Бұл бляшкалар ұзақ уақыт бір қалыпты болып қалады және оларды жетілген стабильді тіс бляшкалары деп атаған дұрыс болады.

 

14 Грам оң және грам теріс коклтар (стафило-, стрепто-, энтеро-, пептост-рептококки, нейссерии, моракселлы, вейллонеллы).

2. Грам оң және грам теріс коктар (стафило-, стрепто-, энтеро-, пептострептококтар, нейссериялар моракселлаларвейллонеллалар)

 

 

ГРАМ – ОҢ ГРАМ– ТЕРІС
факультативтік анаэробтар анаэробтар факультативтік анаэробтар анаэробтар
Коктар
Стоматококтар стрептококктар Пептококтар пептострептококктар Нейссериялар Вейлонеллалар
Таяқшалар
Актиномицеталар Лактобактериялар Коринебактериялар Бифидобактериялар Приопионибактериялар   Бактероидтер Фузобактериялар Лептотрихиялар Порфиромоностар
Ирекгелген микроорганизмдер
    Лептоспиралар Трепонемалар боррелиялар

 

 

Грам теріс факультативті-анаэробты таяқшалар.

Энтеробакткриялар жалпы сипаттамасы. Еntеrobaсteriacеае тұқымдастығы ең көптеген патогенді және шартты-патогенді бактериялардан тұрады, 20-дан астам туыстастықтарға біріктірілген. Энтеробактериялар грам теріс және қозғалмайтын, капсулалары болады немесе болмайды, споралары болмайтын бактериялар. Қарапайым қоректік орталарда 37°Стемпературада жақсы өседі. Ферменттік белсенділіктері иірсуларға, спирттерге, аминқышқылдарына жоғары. Глюкозаны ферменттеуі, нитраттарды нитриттерге дейін қалпына келтірулері, оксидаза ферментінің жоқтығы энтеробактерияларды, адам патологиясында арлықтай орын алатын, басқа грам теріс таяқша тәрізді бактериялардан ажыратады.

 

Стафилококтар Stарhуlососсus туыстастығына жатады, оған медицинада маңызды үш түрін ажыратады: Stарhуlососсus аurеus, S.еріdеrmіdіs және S.sарrорhуtісus. Бұл грам оң факультативті - анаэробты коктар

Морфологиясы. Стафилококтардың барлық түрлері шар тәрізді, дұрыс пішінді диаметрі 0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес бөлініп жүзім шоғырына ұқсас шоқтық түзеді (18,19,20- сурет). Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі. Спора түзбейді, талшықтары жоқ. Кейбір штамдары капсула түзеді. L-пішін түзуі мүмкін. Көптеген стафилококтар беткей орналасқан капсула түзеді.

Дақылдандыру. Стафилококтар қарапайым ортада (рН 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар, органотрофтар. Жоғары осмостық қысымға төзімді, соған байланысты стафилококтар құрамында тұздың жоғары концентрациясы бар элективті қоректік орта - сарыуызды - тұзды агар немесе сүтті -тұзды агарда өсе алады. Құрамында 8-10% NаСІ бар ортада жақсы өседі. Қанды агарда колониялар айналасында гемолиз аймағы пайда болады. Сұйық қоректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда болады.

Антигендік қасиеті. Стафилококтардың антигендік құрылымы өте күрделі және құбылмалы. Ақуыз, пептидогликан, тейхой қышқылынан, капсуласынан тұратын антигендері белгілі.

Бактериофагтарға сезімталдығы (фаготип) тұрақты генетикалық сипаттамасына жатады, олар беткейлі рецепторларға негізделеді. Стафилококтардың көп штамдары лизогенді болып келеді. Экзотоксиннен анатоксин дайындалады.

Резистенттілігі. Стафилококтар қоршаған ортаға тұрақты болғандықтан, санитарлық микробиологияда олар ауаның санитарлық көрсеткіш микроорганизмі болып табылады. Стафилококтар тіруге тұрақты, осы жағдайда вируленттілік қасиеттерін жоймайды, құрғақ ыстық әсерінен екі сағаттан "жойылады, таза этанолға да тұрақты. Басқа антисептиктер және дезинфекциялық ерітінділердің әсеріне сезімтал келеді. Стафилококтар көптеген антибиотиктерге тұрақты болып келеді.

Эпидемиологиясы. Стафилококтар адамның және жануарлардың қалыпты микрофлора өкілдері болып келеді. Соған байланысты ағзаның әртүрлі биотоптарында орналасады, көп мөлшерде теріде мекендейді (S.еріdеrmіdіs).

Таралу көзі - науқас және тасымалдаушылар. Аса эпидемиологиялық қауіп төндіретіндер - медицина қызметкерлері, олар госпиталды стафилококк штамдарыныңтасымалдаушылары. Халықаралық жіктелуі бойынша тасымалдаушыларды екі топқа бөледі: тұрақтылар - мұрын қуысынан барлық уақытта алтын түсті стафилококтар табылады, тұрақсыз тасымалдаушылар - стафилококтар бір мезгілде табылады немесе анықталмайды.

 

Стрептококтар \Streptococcaceae тұқымдастығы/. Ауыз-жұтқыншақ микрофлорасының 30- 60%-ың вируленттігі шамалы көгерткіш стрептококтар құрайды. Жасушалары шар тәрізді, тізбектеліп орналасады. Көмірсуларды қышқышға дейін ыдыратады. Сахарозадан жасушадан тыс декстран /глюкан/ және леван /фруктан/ деген полисахаридтерді түзеді. Декстран стрептококтардың адгезиялануына, тістің бетінде микробтық тандақтардың түзілуіне әкеледі, ал леван қышқылға дейін ыдырайды. Ұзақ мерзімде тандақтың астында қышқылдың көбеюі тістің қатты тіндерін зақымдап, кейін пародонтта аурулардың дамуына алып келеді Мысалы,SmitisShominis ұрт эпителийінде, Ssalivarius - тіл бұртіктерінде,SsanguisSmutans- тістердің бетінде мекен етеді. Стрептококтардың аталған тұрлері әртүрлі сандық қарым-қатынаста кездеседі, ол диетаға, ауыз қуысының гигиеналық жағдайына ж.т.б. факторлардың әсеріне байланысты болады.

Анаэробты грам оң коктар

Пептококтар Рерtососсus туыстастықтарына жатады. Грам - оң анэробты коктар, жүзім тәрізді шоғырланып орналасады. Сахаролитикалық белсенділігі әлсіз байқалады, белсенді түрде пептондарды, амин қышқылдарын ыдыратады. Тіс жегісі, пульпит, пародонтит, бет-жақ аймағындағы абсцесс кезінде фузобактериялар мен спирохеталармен біріккен түрде Рерtососсus niger жиі кездеседі.

Пептострептококтар Рерtоstrерtососсus туыстастықтарынажатады. Жұпталып немесе шынжырланып орналасатын грам-оң анаэробты коктар, хемоорганотрафтылар. Көмірсуларды қышқылға және қышқыл мен газға дейін ыдыратуға мүмкіндігі бар. Кейбір түрлері көмірсусыз пептондық суда газды өндіреді. Сирек жағдайда гемолитикалық қасиетке ие болады. Іріңді инфекция кезінде Рерtоstrерtососсus prevotii бөлінген жағдайлар белгілі.

Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу заттары - ірің немесе зақымдалған тін, қан тағы басқаларға; бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер жүргізіледі; анаэробтарды анықтау үшін газды сүйықты хроматография, ИФТжәне т.б. қолданылады. Антибиотикограмманы анықтау міндетгі түрде жүргізіледі.

Емдеуі. Көбінесе антибактериалды препараттармен (метранидазол, клиндомицин, цефалоспорин, левомицетин, эритромицин) бірге хирургиялық емдеу жүргізіледі.

Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ.

Нейссериялар \Neisseriaceae тұқымдастығы/. Ауыз қуысының басқа аэробты флорасының арасында екінші орынды алады /5 %/. Грамтеріс. Кофе дәні тәріздес, жұп коктар. Мұрын - жұтқыншақ және тіл үстінде кездеседі. Көбінесе N sicca /45 %/, N perflava /40 %/, N.subflava/7 %/, N cinerea /3 %/, N flavescens, N. тисоsа тұрлері кездеседі. Олар осы тұқымдастықтың патогенді өкілдерінен қарапайым көректік орталарда 22 °С өсуімен, сары тұсті пигмент түзуімен, нитраттарды қалыпына келтіруімен, Н2S түзілуімен ерекшеленеді. Ауыз қуысының гигиенасы толық сақталмаған жағдайда және қабыну үрдістері пайда болғанда олардың саны артады.

Вейлонеллалар / Veillonellaceae тұқымдастығы/. Ұсақ, грам-теріс, қозғалмайтын, анаэробты коктар, жұпталып немесе шынжырланып орналасады. Ауыз қуысында тұрақты мекендейді, көбінесе бадамша бездерде көптеп дақылданады. ДНҚ-ның Г+Ц мөлшері 40-44 мол % құрайды. Өсуіне қолайлы температурасы 30-37 °С, рН - 6,5-8,0. Күрделі қоректік ортаны қажет ететін хемоорганотрофтар.

Таза дақылын бөліп алу үшін құрамыналактат және ванкомицин /7,5 мкг/мл/ қосылған агар орталарын пайдаланады. Вейлонеллалар ванкомициннің 500 мкг/мл канықпасына төзімді болады. Агарда ұсақ /1-3 мм/, беті тегіс, жасымық, ромб немесе жұрекше пішінді, ақшыл-сұр тұсті, майлы колониялар тұзеді.

Көмірсуларды ыдыратпайды, нитраттарды қалыптандырады, қорғасыны бар амин қышқылдарынан Н2S түзеді. Лактатты ацетат, пропионат, СО2 және Н2О дейін ыдыратады. Аталған заттар ортаның рН- ын жоғарылатып басқа микроорганизмдердің өсуіне қарсы әсер етеді. Сілекейдегі вейлонеллалардың саны көгерткіш стрептококтардың санымен тең болады. Көгерткіш стрептококтармен түзелетін сүт қышқылдың катаболизмі арқасында вейлонеллалар тіс жиегіне қарсы әсер етеді.

15.Грам теріс факультативтік - энтеробактериялар анаэробтық және аэробиялық таяқшалары.

3 Грам теріс факультативтік-энтеробактериялар анаэробтық және аэробтық таяқшалары.

Энтеробакткриялар жалпы сипаттамасы. Еntеrobaсteriacеае тұқымдастығы ең көптеген патогенді және шартты-патогенді бактериялардан тұрады, 20-дан астам туыстастықтарға біріктірілген. Энтеробактериялар грам теріс және қозғалмайтын, капсулалары болады немесе болмайды, споралары болмайтын бактериялар. Қарапайым қоректік орталарда 37°Стемпературада жақсы өседі. Ферменттік белсенділіктері иірсуларға, спирттерге, аминқышқылдарына жоғары. Глюкозаны ферменттеуі, нитраттарды нитриттерге дейін қалпына келтірулері, оксидаза ферментінің жоқтығы энтеробактерияларды, адам патологиясында арлықтай орын алатын, басқа грам теріс таяқша тәрізді бактериялардан ажыратады.

Факультативтік-анаэробтар: E.coli,Klebsiella, Shigella, Salmonella, Yersina

 

Энтериобактериялар ішінде мынадай патогендері: сальмонелла, ішек таяқшасы барбактериялардың үлкен туыстастығы. Бацилла пішіні таяқша тәрізді, ұзындығы 1 – 5мкм. Басқа протеобактериялар сияқты олар да грам теріс.

Энтеробактериялар – факультативті анаэробтар құмырсқа қышқылын түзетін көмірсуларды ферменттейді. Көпшілігінің қозғалуға арналған жгуттары бар, спора түзбейді.

Басқалар топырақта, суда, өсімдіктерде паразиттік тіршілік етіп жүргенде, бұл туыстастықтың көптеген өкілдері адамның, жануарлардың ішегінің қалыпты микробиоты болуы мүмкін.Барлығынан да жақсы зерттелген ішек таяқшасы –генетикада және молекулалық биологияда қолданылған ең басты молельдік микроорганизм.Е.соlі екі шеттері жұмырланған, ұсақ, грам теріс таяқшалар, жағындыда ретсіз орналасқан, спора түзбейді, кейбір штамдары микрокапсулаға ие перитрихтар; талшықтардан басқа, кейде пили (кірпікшелер) анықталады.

Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб, қоректік ортаға талғамсыз, рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда 37°С-та жақсы өседі, сұйық ортада диффузды лайланып, түбінде тұнба беріп өссе, тығыз қоректік орталарда жылтыр жартылай мөлдір S жәнеК. колониялар түзеді. Эшерихиоз диагнозын қою үшін дифференциалды-диагностикалық орталар (Эндо, Левин және т.б.) кең қолданылады.

Клебсиеллалар - грам теріс, шеттері жұмырланған, қысқа таяқшалар, мөлшері (құбылмалы. Ерекше морфологиялық белгісі - капсула. Талшықтары, спорасы жоқ, кейбір штамдарда кірпікшелері бар. Көбінесе қалың полисахаридті капсуласын көруге болады. Жағындыда бір-біреуден, жұптасып немесе қысқа тізбектеліп орналасады. I

Клебсиеллалар қарапайым қоректік орталарда жақсы өседі, факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Оптимальді өсу температурасы 35-37°С, рН 7.2-7.4. Симмонс қоректік ортасында өседі, яғни цитрат натрийді көмірсутегі көзі ретінде қолданады. Тығыз қоректік ортада күмбез тәрізді, бұлынғыр, кілегейлі колониялар түзеді, сонымен қатар. Ет-пептонды сорпада клебсиеллалар ортаны толығымен лайландырады, кейбір кезде бетінде кілегейлі қабықша пайда болады; жартылай сұйық ортада орта бетінде жақсы көбейеді.

Шигеллалар - грам теріс, шеттері жұмырланға таяқшалар, спора түзбейді, талшықтары жоқ, қозғалмайды. Көптеген штамдарда түктер мен жыныстық кірпікшелер анықталады. Кейбір шигеллалар микрокапсулаға ие.

Дизентериялық таяқшалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік ортаға талғамсыз, рН 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда 37°С-та жақсы өседі. Тығыз ортада үсақ мөлдір колониялар, ал сүйық ортада диффузды лайлану түзеді. Шигеллаларды өсіру үшін байыту ортасы ретінде көбінесе селенит сорпасын қолданады.

 

 

16.Грам теріс облигаттық - анаэробтық таяқшалар (бактероидтар, превотеллы, порфи-ромонады, фузобактерии).

4) Грам теріс облигаттық анаэробтық таяқшалар (бактериодтер, превотеллар, порфироманодалар, фузобактериялар)

Бактероидтар /Васteroides тұқымдастығы/. Спора түзбейтін грам-теріс анаэробты және микроаэрофилді таяқша тәріздес бактериялар, олар негізінде қызыл иек қалталарында тіршілік етеді. 3 туыстастыққа болінеді: меншікті бактероидтар, фузобактериялар, лептотрихиялар.

Бактероидтар /Вacteroides туыстастығы/. Қозғалғыш /перитрихтар/ немесе қозғалмайтын таяқшалар, қатаң анаэробтар. Хемоорганотрофтылар. Көмірсулардың ашыту метаболизмінің нәтижесінде майлы, сүтті, кәріптасты, пропионды, сірке, құмырсқа қышқылдары мен газ пайда болады. Пептондарды ферменттеу барысында жағымсыз иіспен сипатталатын амин қышқылдар пайда болады. Сондықтан бактероидтардың ауыз қуысында көбеюі әдетте халитозиске /қалыпсыз тыныс алу/ әкеліп соғады. Ең қолайлы өсу температурасы — 37 °С, рН - 7,0.

Гемин және менадион қажет еткендіктен В. melaninogenicus тек қаны бар агарларда жақсы өседі. Инкубация /5-14 кұн/ кезінде қара пигмент түзеді. Ферменттік белсенділігіне байланысты В. Melaninogenicusүш түршесін ажыратады:

1. В. Melaninogeniussubspmelaninogenicus - көмірсуларды ыдырату қасиеті жоғары, ақуыздарды ыдыратпайды;

2. В. Теlaninogenicussubspintermedius - көмірсуларды және ақуыздарды ыдырату қасиеттері орташа;

3. В. Теlaninogenicussubspasaccharalyticus -көмірсуларды ыдыратпайды.

В. оralis қара пигмент түзбейді, көмірсуларды кәріптасты және т.б. қышқылдарға дейін белсенді тұрде ыдыратады. Өсуіне гемин қажет етпейді. Тығыз қоректік ортада 2 күннен кейін домалақ, беті тегіс, шығынқы, жартылай мөлдір, көлемі 0,5-2,0 мм колониялар түзеді. Адам денесінің қалыпты микрофлора өқілі болып табылса да, бактероидтар үлкен патогендік потенциалға ие. Бактероидтардың протеолитикалық ферменттері /коллагеназа, хондроитинсульфатаза, гиалуронидаза, липаза, нуклеаза, протеиназа ж.т.б./ пародонтта аурулардың дамуында үлкен патогенетикалық рөлді атқарады. Бактероидтардың метаболизм нәтижесінде пайда болатын майлы қышқылдары және протеаза деген ферменті секреторлық антиденелерді бұзып ауыз қуысының шырышты қабығының жергілікті иммунитетің нашарлатады. Ауыз қуысының гигиенасын сақтамаған, тістері зақымдалған адамдардан көп мөлшерде бөлінеді.

Порфиромонадалар Porphyromonasтуыстастығы. Қысқа жылжымайтын өлшемі 1,0-3,0х0,5-0,8 мкм таяқшалар түзеді. Қанды орталарда қоңыр-қара пигмент түзеді 6-14 тәуліктерде. Өсу үшін гемин және К витаминіне тәуелді.

Порфиромонадалар көмірсуларға инертті, индол түзеді. Ауыз қуысында 3 түрін ажыратады: Porphyromonasasaccharolytica, Porphyromonas endodontalis, Porphyromonas gingivalis. Зақымдалу патогензі бактериоидтық инфекцияларға байланысты, сонымен қатар Porphyromonas gingivalis фибриногенді байланыстырады және бұзады, дентиннің зақымдалуына қатысатын коллагеназаны секреттейді және эритроциттерді агглютиндейді. Адамдарда порфиромонадалар гингивит, периодонтит ауруларын тудырады және бастың,мойынның жұмсақ тіндерін зақымдайды, аспирациялық пневмония тудырады.

Превотеллалар грам терісполиморфты таяқшалар, жылжымайтын, облигатты спора түзбейтін анаэробтар, көпшілігі күңгірт пигмент түзеді.

Prevotella melaningogenica және Prevotella intermedia сонымен қатар эпителиалды жасушалардың мембраналарының бүтіндігін бұзатын және олардың өліміне әкелетің А фосполипазасын бөледі.

Превотеллалар пеницилиндер мен цефалоспориндерге өте резистентті.

Адамда бастың,мойынның жұмсақ тіндерін зақымдайды, плевропневмония, остеомелит тудырады, әйелдердің жыныс органдарын зақымдайтын инфекцияларды тудырады.

Фузобактериялар /Fusobacterium туыстастығы/. Биотоптың анаэробтық флорасының 1 %-на дейін құрайды. Қозғалмалы /перитрихтар/ және қозғалмайтын ұршық тәрізді таяқшалар. Қатаң анаэробтар. Хемоорганотрофтылар. Пептондарды, көмірсуларды ферменттеген кезде сүт, май, сірке қышқылдары көп мөлшерде түзіледі. Ең қолайлы өсу температурасы - 37 С, рН - 7,0. ДНҚ құрамында Г+Ц мөлшері 26- 34 мол %. Қызыл иек қалталарында фузобактериялар спирохеталармен бірге тіршілік етеді. Ультрамембранозды стоматит, тамырлық гранулемаларды, қызыл иектің қабынуын тудыруы мүмкін.Ғusobacterium plauti, Ғ. nucleatum түрлерінің патогенетикалық маңызы жоғары.

 

17.Грам оң споротүзуші таяқшалар (жарақат инфекциясы клостридиялар, сіріеспе, ботулизм).

5 Грам оң спора түзуші таяқшалар (жарақат инфекциясы клостридиялар,сіреспе, ботулизм)

Жарақаттық анаэробты инфекция қоздырғыштары тудыратын ауруларға газды гангрена жатады.

Газды гаигрена - жарақаттық, экзогендік анаэробты инфекциялар тобына жататын дерт болып табылады. Ағымыныңжылдамдылығы мен өлім-жітімнің жоғары болуымен ерекшеленеді. Аталған жарақат - патогенді клостридиялар жұққан жағдайда пайда болады.

Газды гангренаның клиникалық сипаттамасы жұмсақ тіндерде (бұлшық еттерде, тері асты май гарында) үдемелі ісік пайда болып, олардың некроздануымен, сонымен қатар патологиялық ошақта уімен көрініс береді

С.perfringens тудыратын аурулар
Типтері Патология түрлері
А Адам мен жануарларда газды гангрена.тағамдык токсикоинфекциялар
В Ауылшаруашылығында жас малдардың дизентериясы, кой мен ешкінің энтеротоксемиясы
С Адамның некроздык энтериті, кой, ешкі, шошқа және бұзаулардың геморрагиялық энтеротоксемиялары
Б Адамның, қой, ешкі, ор қояндардың, бүзаулардың жұқпалы энтеротоксемиясы, жылқылардың «шөп аурулары»
Е Бүзаулардың және қозылардың токсемиясы

 

Газды гангренаны негізінен клостридияладың бес түрі қоздырады: С.perfringens, С.nоvуі, С.sерtісum, C.histoliticum, С.sоrdеllіі. Бұлар көп жағдайларда бір бірімен немесе басқа да микроорганизмдермен эциацияланып кездесуі мүмкін. Клиникалық жағдайлардың басым көпшілігінде негізгі орынды қоздырғыш ретінде С.perfringens-тің А типі алады (70-80%).

Морфологиясы. Клостридиялар - ірі, грам оң, спора түзетін таяқшалар. Клостридиялардың морфологиялық белгісі (бациллалардан ажырататын): спора диаметрі таяқшаның көлденең мөлшерінен үлкен болады, споралары субтерминальды немесе таяқшаның ортасында орналасады. Газды гангрена клостридиялары зақымдалған тіндерде капсула түзеді.

Дақылдандыруы. Сұйық және тығыз қоректік орталарда анаэробты жағдайда өседі. Ең көп сахаролитикалық белсенділігі бар газды гангрена қоздырғышының түрі: С.perfringens.

Патогенділік факторлары. С.perfringens-тің 5 типінің ішінде ең жиі газды гангрена қоздыраты А типі болып табылады. Патогенезінде негізгі патогендік үрдісті дамытатын б-токсин болып табылады. Сонымен қатар С.perfringensОЖЖ-не әсер ететін экзотоксин түзеді (мембранотоксинде цитотоксиндер, некротоксиндер, энтеротоксиндер), дәнекер тінді, сондай-ақ эритроциттерді ыдырата гемолизиндік агрессия ферменттерін (коллагеназа, гиалуронидаза, ДНҚаза) бөледі.

Резистенттілігі. Клостридиялардың вегетативті түрлері оттегіге, қышқылға, күн сәулесі қышқылдың жоғары температурасына, дезинфекциялық ерітінділерге сезімтал болып келеді. Споралары жоғары температураға, қышқылдарға, және басқа физикалық, химиялық факторларға түрақты.

Эпидемиологиясы. Адам мен жануарлар ішегінің қалыпты мекендеушісі бола отырып, нәжіспен топыраққа түседі, онда спора түрінде ұзақ жылдар бойы сақталады. Топырақтарда кейбір клостридиялық көбейе де алады.

Газды гангренага диагноз қоюдың критерилері. Әрбір жағдайда оң жауапты клиникалық және зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып береді.

Алғашқы жауап - экпресс-талдау нәтижелеріне сүйене отырып беріледі: 1,5-2 сағат ішінде микроскопта зерттеу және иммундыфлуоресценттік талдау жасау; бүл науқасты емдеу әдістерін асциялауға мүмкіндік береді.

Соңғы оң жауап - алғашқы жауап пен келесі алынған нәтижелердің бірінің негізінде беріледі: науқас немесе мәйітген алынған заттардан және байыту орталарында өсірілген себінділерлден газды гангрена токсинін немесе қоздырғышын тапқан жағдайда (6-18 сағ.);

науқас қанынан немесе мәйіттен алынған қан, жүрек, кокбауыр себінділерінен газды гангрена •ірғышын анықтағанда (24 сағ.);

биохимиялық және токсигендік қасиеттеріне байланысты қоздырғыштың түрін анықтағанда (48-72

Емдеуі. Хирургиялық: жарақат айналасындағы зақымданған барлық тіндерді алып тастау. Операциядан кейін кең спектрлі антибиотиктерді, гангренаға қарсы антитоксикалық сарысуды тағайындайды.

Алдын алуы. Газды гангренаның жедел алдын алу және арнайы емдеуі үшін қолданылатнын препараттар: гангренаға қарсы поливалентті антитоксикалық сарысулар. Газды гангренаның арнайы белсенді профилактикасы: гангренаға қарсы анатоксиндерді эпидкорсеткіш бойынша эскери адамдар мен басқа қауіпті топқа жататындарға енгізеді. Газды гангренаның арнайы емес профилактикасы: жарақатты дұрыс хирургиялық өңдеу, операция кезінде асептика мен антисептиканы сақтау.

Белсенді иммундау үшін газды гангренаға қарсы сейспилық анатоксинді қолданады; егулер арнайы көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Сіреспе клостридиясы (Сlostridium tetani)

Сіреспе (tetanus) -т Сlostridium tetaniтуғызатын ауыр жарақатты инфекция, сондай-ақ, жүйке жүйесінің зақымдануымен, тоникалық және клоникалық тырысу-құрысу ұстамаларымен сипатталады.

Морфологиясы. Ірі спора түзетін грам оң таяқшалар, перитрихтары бар, қатаң облигатты анаэробты сапрофит. Сіреспе клостридияларында спораның орналасуы: терминальды, спорасы бар таяқша дабц таяқшасына үқсас болады. Жануарлар және адам ішегінен топыраққа түсіп вегетативті немесе спора күйЦ түседі. ' і

Дақылдандыру. Клостридиялар бос оттегіге өте сезімтал, етті-пептонды агарда және желагищ баяу өседі. Тығыз қоректік орталарда мөлдір немесе сәл сүрлау үзынша беткейлік колониялар қүрайді Жартылай сүйық қоректж орталарда К-пішінді жасымықша дәндеріне үқсас колониялар түзеді немес «түбіт гүйіні» тәрізді өседі. Споралардың түзілуі 2-3 тәуліктен кейін басталады. 4-6 тәуліктен кейін сүйьі қоректік ортада вегетативті жасушалары ыдырап, тек қана споралары қалады.

Резистенттілігі. Сі.іеіапі барлық жерде тараған. Адам мен жануар ішегінің қалыпты мекендеушіс' бола отырыгі, ол топыраққа түседі, онда спора түрінде ондаған жылдар бойы сақталады. Сіреспелік таяқша дезинфектантгарға гүрақты. Қайнагқан кезде споралар 50-60 минутган кейін жойылады.

Энидемиологиясы. Сіреспе жоғары өлім-жітімдікті тудырады, барлық жерде кездеседі. Сіреспеге шалдығу жарақат алғанда (соғыс кезінде, өндірістік және түрмыстық жағдайларда) тері мен шырышты қабатгарының ақаулары, күйген жерлері мен, операциялық жарақат арқылы ағзаға қоздырғыш енуінен пайда болады. Кіндіктің зақымдануы кезінде нәрестелерде сіреспе дамуы мүмкін, осыған байланыст антисанитарлық жағдайда туган нәрестелер дүние жүзінде Імлн. дейін қайтыс болады. СіреспемеИ ауырғандар сау адамдарға қауіпті емес.

Патогенезі. Сіреспенің жұғу көзі - топырақ, шаң, жүғу механизмі - жарақатгық, артифициалдық.: Сіреспенің даму жағдайлары: жарақаттың топырақпен ластануы, өліеттенген тін, анаәробтық жағдай. Науқас ағзасында сіреспе таяқшасының орналасатын жері - тек қана инфекцияның ену қақпасының' орнында.

Басты патогендік факторы - сіреспелік токсин, ол қоздырғыштардың көбею жерінен (жарақатта) қантамырлар мен лимфатамырлары, жүйке бағаналары арқылы таралып, жүйке жүйесінің зақымдануына әкеледі. Жүйке үштарының синапстарымен секрет түзуші медиаторлар (ацетилхолин т.б. заттар) зақымдалады, жүйке талшықтары арқылы импульстардың өткізілуі бұзылады. Сіреспе кезінде текжүйке жүйесі ғана зақымдалып коймай, сондай-ақ патологиялық үрдіс ағзаның барлық жүйесіне таралады.

Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі -6-14 күн. Аурулардың шайнау бүлшық етінің тырысуы жүтудың қиындауы, шүйде бөлігі мен арқа бүлшық етінің тырысуы (дене бойы доға тәріздес болады - опистотонус), барлық дене бұлшық етінің қарысуы, әртүрлі тітіркендіргіштерге cезімталдықтың жоғарылауы байқалады. Ауру кезінде дене қызуының жоғарылауы ақыл-есінің сақталуында өтеді.

Имунитеті. Кернеулі, ұзақ уақытқа созылады (вакцина егумен байланысты). Ауырғаннан кейін жоғары деңгейлі иммунитет қалыптасады. Сіреспеге қарсы вакцина енгізілген анадан нәрестеге ұзаққа созылмайтын токсинге қарсы пассивті иммунитет беріледі.

Микробнологнялық диагноз қою. Сіреспеге зертханалық диагноз қоюдың принципі - қоздырғышты оның токсинін табу.

Экспресс-талдау ретінде - сіреспе таяқшасын табу үшін жағындылар мен таңбалы-жағындыларды ақ микроскопта қарайды, ИФР-ны қолдануға болады.

Сіреспе микробын бөліп алып идентификациялау диагнозды растайды (96 сағат).

Емдеуі. Сіреспеге қарсы антитоксикалық сарысу немесе сіреспеге қарсы адам иммундыглобулині иылады.

Алдын алуы. Сіреспеге қарсы белсенді иммунитет жасауға қоданылатын препарат - сіреспелік анатоксин. Жоспарлы вакцинацияланатын контингент-үш айлық балалар. Құрамына сіреспелік анатоксин кіретін вакциналар: АКДС, АДС. Сіреспеге қарсы жедел вакцинация жүргізілетін контингент: жарақат алған, күйген, үсік шалған ж/е т.б. адамдар.

 

 

Ботулизм клостридиясы (Сlostridium botulinum)Ботулизм - ағзаның улануымен, тікелей ОЖЖ зақымдалуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Науқастану тағам кұрамында Сlostridium botulinum -ның улы токсині бар болғанда пайда болады.

Морфологиясы.Грам оң таяқшалар, спора түзеді, перитрихтары бар. Субтерминальды спорасы бар таяқшаның түрі тенис ракеткасына ұқсайды. Ботулизм таяқшасының физиологиялық ерекшелігі

1. Облигатты анаэроб

2. Сапрофит.

Дақылдандандыру. СІ.botulinum - қатаң анаэроб. Өсу үшін қолайлы температура 28°-37°С, ор рН 7,2-7,4 болуы қажет. Қанды агарда майда мөлдір, гемолизбен қоршалған колониялар түзеді. бағаналы қант агарында ұлпа немесе жасымық дәндері түрінде өседі. Алдын ала сұйық қоректік ортада 15-20 мин қайнатып, жылдам салқындатып тексеретін материалды сепкенде жақсы өседі

Резистенттілігі.Сlostridium botulinumұзақ уақыт топырақта сақталады, оның споралары физикалық химиялық әсерлерге төзімді (қайнатқанда 3-5 сағат шыдайды).

Эпидемиологиясы. Ботулизм қоздырғышы табиғатта кең таралған. Табиғи иесінде ботулизм қоздырғышының вегетативті түрлерінің орналасатын жері -жануарлар, балықтар, шаянтәрізділердің ішегі. Ботулизм қоздырғыштарының споралары мен вегетативті түрлерінің табиғи тіршілік ету ортасы – топырақ, су.Топырақта С.botulinum спора түрінде үзақ уақыт сақталады және көбейе алады. Сондықтан ботулизмді сапронозды аурулар қатарына жатқызады. Топырақ арқылы ботулизм таяқшасы тағамға түсіп, экзотоксин бөледі. Инфекцияның таралу жолы - тағамдық. Инфекция таралуына консервілер (саңы- қ, жеміс-жидек, ет, балық консервілері) жиі себепкер болады. Адамнан адамға ауру берілмейді.

Патогенезі. Ботулизмнің берілу факторлары: тамақ өнімдері, үйде жасалынған консервілер жиі себепкер болады. Адамнан адамға ауру берілмейді.

Клиникалық көріністері. Инкубациялық кезеңі 6-24 сағаттан 2-6 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Инкубациялық кезең аз болған сайын, ауру ағымы ауырлайды. Ботулизмнің ерте клиникалық белгілері: аккмадацияның бұзылуы, көзге қосарланып көріну, қарашықтың ұлғаюы, жұтудың бұзылуы, афония. Ауру жедел басталады, бірақ дене қызбасы қалыпта болады.

Микробиологиялық диагноз қою. Ботулизмге зертханалық диагноз қоюдың принципі -;здырғышты немесе токсинін табу. Негізгі әдістері: бактериологиялық және биологиялық сынақ. елетін заттар: ас қапдықтары, қан, құсық массасы мен шайынды сулар.

Емдеуі. Ботулизмнің арнайы емі: А, В, Е токсиндеріне әсер ететін ботулинге қарсы сарысуларнемесе гомологиялы иммундыглобулин.

Алдын алуы. Ботулизмнің алдын алу шарасы - үй жағдайында консервілер және тағамдар дайын технологиясын дұрыс сақтау. Ботулизмнің жүғу көзі болған тағамдар жеген, бірақ әлі ауырмаған адамдар жедел профилактикасы үшін қолданылатын препарат: А, В, Е ботулинтоксиндеріне қарсы моновалентті сарысулардың қоспасы. Ботулизмнің арнайы белсенді алдын алу үшін қоданылатын препарат Трианатоксин.

 


Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 3089 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.04 сек.)