АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Антигендік мимикрия

n 3ардаптылық микроб түpiнe тән белгi, оның сәйкес келген жағдайда өзiне тән инфекциялық ауруларды тудырады.

n Уыттылық -әр штаммның жеке өзiне тән белгiсi, бұл оның патогендiгiнiң өлшемi

n DLM-dosis 1etalis minima -микроорганизмдердің өлiмге ұшырататын ең аз (минимум) мөлшерi

n ДСL (Dosis certa 1eta1is) микробтың жануарларды қалайда өлтiретін дозасы,тәжiрибеге алынғанан лабораториялық жануарлардың бәрiн (100 %) өлтiредi

n Ld 50 – микробтың өлiмге ұшырататын орташа дозасы

n ID -ауруды шақыратын патогенді микробтардың белгілі бір инфицерлеуші мөлшері

 

ӨЗІН - ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАР

1. «Індет» деген не?

2. Микроорганизмдерді оқшаулау бойынша індет қалай бөлінеді?

3. Індет процессінің кезеңін сипаттап және айтып беріңіз?

4. «Індет – токсин есеңгіреуі» деген не?

5. «Патогендік» және «уыттылық» деген не?

6. Бактерия уттылығы немен ерекшеленеді?

7. Экзотоксиндер эндотоксиннен қалай ажыратылады?

8. Індет ауруларының қандай диагностикалау әдістері бар?

9. Індет ауруының берілу механизмін білесіздер?

10. Эпидемиологиялық процесстің негізі туралы не білесіз?

 

Қолданған әдебиет:

1. Толысбаев Б.Т., Бияшев Қ.Б. Микробиология және иммунология. –Алматы, 2006, -495 б.

2. Коляков Я.Е. Ветеринарная иммунология. - М.: Агропромиздат, 1986, 270 с.

3. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. - М.: «Колос», 1982, 285 с.

4. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология. – М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.

5. Пяткин К.Д. Микробиология. - М.: «Медицина», 1983.

6. Воронин Е.С., Петров А.М. и др. иммунология. - М.: Колос – Пресс, 2002, 408 с.

7. Петров Р.В. Иммунология. – М., 1988, 320 с.

8. Тимаков В.Д. и др. микробиология. – М., «Медицина», 1980.

 

№7 Дәріс

Дәрістің тақырыбы: Иммунитет. Негізгі қорғаныс механизмі: а) табиғи төзімділік, б) түрлік туа немесе тұқым қуалаушылық иммунитет, в) пайда болған иммунитет. Иммундық жауаптың механизмі

.

Дәрістің мақсаты: иммунитет туралы түсінікті, оның механизмін, иммунитет түрлерін, туа біткен иммунитет туралы және организмнің өзіне тән емес қорғаныс факторларын меңгеру.

Кілтті сөздер: Иммунитет, иммунитет түрлері, туа біткен иммунитет, организмнің табиғи резистенттілігі.

Дәрістің жоспары:

1. Иммунитет туралы ұғым

2. Негізгі қорғаныс механизмі:

а) табиғи төзімділік,

б) түрлік туа немесе тұқым қуалаушылық иммунитет,

в) пайда болған иммунитет.

3. Иммундық жауаптың механизмі

Иммунитет дегеніміз организмнің ішкі ортасының салыстырмалы тұрақтығын сақтауға және генетикалық басқа хабар белгілері бар агенттерден (тірі дене және бөгде заттар) қорғауға бағытталған организмдегі кұбылыстардың жыйінтіғы.

Иммунитет жоғарыда айтылғандай инфекциялы және инфекциясыз болуы мүмкiн.

Иммунитеттің формасы мен түрлерінің әр түрлі жіктелуі бар. Ең қарапайым жіктелуі:

1) табиғи иммунитет;

а) туа біткен (түр) иммунитеті;

б) журе біткен иммунитет;

в) жаңа туылғандардың пассивті иммунитеті;

2) жасанды иммунитет;

а) белсенді иммунитет;

б) пассивті иммунитет.

Қорғау фактордың өзіне тән еместік түрі (неспецификалық)

1. Тері

2. Ауыз, тыныс алу жолдарынның, ішектің шырышты қабықтары

3. Лимфа түйіндері

4. Организмнің қалыпты миклофлорасы

Қорғаудың гуморалды факторлары.

Комплемент, пропердин жүйесi, лизоцим, лизиндер (нормалды антиденелер, төмен титрде кездеседі – 1:10, 1:20), интерферон жатады.

Қорғаудың торшалық факторы.

Макрофагтар: (бауырдың Купфер торшалары; өкпенің альвеола акрофагтары; сүйек кемігінің остеобласттары)

Микрофагтар:(лейкоциттер – нейтрофилдар,эозинофилдар,базофилдар)

 

ӨЗІН - ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАР

  1. Иммунитет туралы ұғым
  2. Туа біткен төзімділік (резистенттілігі) ерекшеліктері
  3. Тәндік емес төзімділік
  4. Тәндік емес төзімділіктің негізгі факторлары
  5. Фагоциттер.Фагоцитоз құбылысы
  6. Тәндік емес төзімділіктің гуморальды факторлары

 

Қолданған әдебиет:

1. Толысбаев Б.Т., Бияшев Қ.Б. Микробиология және иммунология. –Алматы, 2006, -495 б.

2. Коляков Я.Е. Ветеринарная иммунология. - М.: Агропромиздат, 1986, 270 с.

3. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. - М.: «Колос», 1982, 285 с.

4. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология. – М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.

5. Пяткин К.Д. Микробиология. - М.: «Медицина», 1983.

6. Воронин Е.С., Петров А.М. и др. иммунология. - М.: Колос – Пресс, 2002, 408 с.

7. Петров Р.В. Иммунология. – М., 1988, 320 с.

8. Шлегель Т. Общая микробиология. – М, 1988, 430 с.

9. Тимаков В.Д. и др. микробиология. – М., «Медицина», 1980.

 

8 дәріс

Дәріс тақырыбы: Пайда болған (спецификалық) өзіне тән иммунитет. Антигендер, антидене.

Кілтті сөздер: спецификалық иммунитет, белсенді иммунитет, пассивті иммунитет, жасанды имунитет, антиген, антидене.

Дәріс жоспары:

1. Табиғи жүре біткен иммунитет

2. Жасанды иммунитет

3. Антиденелер туралы ұғым.

4. Иммуноглобулиндердің кластары, оларға сипаттама.

 

Иммунитет. «Иммунитет» деген ұғымның анықтамасы.

Иммунитет түрлері: түрлік (генетикалық), пайда болған белсенді (аурудан кейін немесе вакцинациядан кейін), пайда болған енжар (уыз арқылы, планцента, жүмыртқы, қан сарысуы) иммунитеттер, залалсызданған және залалсызданбаған иммунитет.

Антигендер және антиденелер.

Антигеннің табиғаты мен қасиетінің анықтамасы. Толық антиген және гаптендер. Протективтік (қорғаныс) антиген. Антигеннің тәндік қасиетіне химиялық және физикалық жағдайлардың әсері. Бактерия клеткасының антигені. Антигендердің тарауы, орналасуы, тәндік қасиеті және антигендерді табу әдістері. Гетерогендік антигендер. Мимикриялаушы антигендер. Антидене (иммуноглобулин) түсінігіне анықтама.

Иммуноглобулиндердің негізгі кластарының табиғаты, қазіргі жіктелуі және сипаттамасы. Антидене молекуласының құрамы. Антидененің белсенді ортасы жайлы түсінік. Толық және толық емес антиденелер. Иммуноглобулиндердің пайда болуы және бөлінуі.

Антиген – генетикалық бөгде хабары бар және организмге енгізген кезде ерекше иммунологиялық реакциялар тудыратын заттар. Антигендерге молекулалық массасы жоғары заттар жатады. Оларға микробтар және олардың токсиндері, ұлпалардың клеткалық элементтері, өсімдік және жануарлар тектес улар жатады.

Толық антигендер - антидене түзуді қамтамасыз ететін, және олармен байланыс реакцияға түсетін белоктар. Бұларға жоғары молекулалы нуклеин қышқылдары жәнекүрделі полисахаридтер жатады. Толық емес антигендерді гаптендер деп атайды. Гаптендер организмге еңгізгенде, антидене түзілмейді. Бірақ гаптендерге белок қосқанда олар сапалы ангендерге айналады (йод, бром, хинин және т.б.).

Антигендердің қасиеттері.

Антигендер екі негізгі қасиеттеріне ие:

1) антигендік. Бұл организмде антиденені өндіруді шақыру қабілеті.

2) өзгешелігі – антигендердің қабілеті тек қана антиденелермен бір – бірімен әрекеттесуге, осы антигеннің енуіне жауап беруі.

Бактерияларда антигеннің бірнеше түрлерін ажыратады:

1) топтық;

2) өзіне тән антигендер.

Микроб торшаларындағы антигендердің орналасуына қарай 4 топ ажыратады:

1) соматикалы;

2) жіпшелі;

3) капсулалы,.

4) Бактерия токсиндері, ферменттер, белоктар антигендік қасиетке ие;

5) Бактериялардың протективті немесе қорғаныс антигендері.

Мал антигендерінің түрлері:

- Туа біткен антигендер (Ет қандай малдан алынғанын анықтауға болады).

- Топтық антигендер

- Ағзалық антигендер

- Ұрық антигендері

- Аутоантигендер.

-

Антиденелер және антидене түзілуі

Антиденелерге бөгде агенттер – антигендер түскен кезде макроорганизмдермен өңделеді. Антиденелер қанның глобулин фракциясына жатады, сондықтан оларды иммуноглобулиндер деп атап және оларды Ig әріппен белгілейді. Антиденелер плазмалық торшалармен синтезделеді. Ig гуморальды иммунитет факторына жатады: токсинді инактивтейді; кешенде комплементтердің енуінен вирустар және бактериялар лизирленеді; фагоцитозды белсендіреді; аллергия реакциясына қатысады; гельминттер деструкциялауға қатысады.

 
 

 

 


Н - тiзбегiнiң айырмашылығы бойынша иммуноглобулиндер 5 классқа бөлінген: IgG, IgM, IgA, IgE, IgD.

 

Иммуноглобулиндердің класстары

 

Иммуноглобулиндердің класстары Қасиеттері
Молеку лярлық салмағы Антидененің валент тілігі Қан сарысуындағы Ig пайызы   Иммунитеттегі рөлі
Ig G     75-85 Екінші иммундық жауап, плацента арқылы өту
Ig M   5 немесе 10 5-10 Бірінші иммундық жауап
Ig A     7-15 Сарысулық және секреторлық; Организм секреттеріндегі (сұйықта) арнайы антиденелер
Ig D   ? 0,3 Тері аурулары кезінде көбейеді, лимфоцидтердің беткейінде орналасады
Ig E   ? 0,03 Аллергиялық реакцияның шапшаң түрін қоздырады, әртүрлі ұлпалар мен ағзаларға бекітілетін қасиеті бар

 

ӨЗІН - ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАР

1. Тәндік емес төзімділіктің гуморальды факторлары

2. Тәндік төзімділік

3. Табиғи пайда болған иммунитет

4.Жасанды пайда болған иммунитет

5. Белсенді иммунитет

Енжар иммунитет

6. Антигендер, негізгі қасиеттері

7. Толық антигендер және гаптендер

8. Бактериялар клеткаларының антигендік қасиеті

9. Иммуноглобулиндердің құрылысы және олардың кластары

Қолданған әдебиет:

1. Толысбаев Б.Т., Бияшев Қ.Б. Микробиология және иммунология. –Алматы, 2006, -495 б.

2. Коляков Я.Е. Ветеринарная иммунология. - М.: Агропромиздат, 1986, 270 с.

3. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. - М.: «Колос», 1982, 285 с.

4. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология. – М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.

5. Пяткин К.Д. Микробиология. - М.: «Медицина», 1983.

6. Воронин Е.С., Петров А.М. и др. иммунология. - М.: Колос – Пресс, 2002, 408 с.

7. Петров Р.В. Иммунология. – М., 1988, 320 с.

8. Шлегель Т. Общая микробиология. – М, 1988, 430 с.

9. Тимаков В.Д. и др. микробиология. – М., «Медицина», 1980.

 

9 дәріс

Дәріс тақырыбы: Организмнің иммундық жүйесі. Т және В лимфоциттер жүйесі және макрофагтар. Гуморальды және клеткалық иммунитет.

.

Кілтті сөздер: иммундық жүйе, Т-, В-лимфоциттер, клеткалық иммунитет, гуморалдық иммунитет.

Дәрістің жоспары:

1. Организмнің иммундық жүйесі

2. Иммундық жүйенің орталық және шеткі лимфоидты ағзалары

3. В - лимфоциттердің сипаттамасы

4. Т - лимфоциттердің сипаттамасы

5. Макрофагтардың ролі

6. Гуморальды және клеткалық иммунитет.

Иммунитет —жалпы физиологиялық реакция. Ағзаның иммундық жүйесі: орталық (сүйек майы, тимус, эмбриональды бауыр, фабрициус қалтасы) және шеткі (лимфа түйіндері, көк бауыр, солитарлық фоликулалар, ұлпадағы лимфоидтық жиынтықтар, қан). Т, В — лимфоциттер.

 

Организмнің иммундық жүйесі

Иммундық жүйе - бұл дененің бүкіл лимфоидты ағзалары мен лимфоидты торшаларының жиынтығы. Ол организмге енген бөгде заттарды (антигендерді) жоюға бағытталған реакцияларға жауапты.Иммундық жүйесі органдары: орталық (сүйек майы, тимус, эмбриональды бауыр, фабрициус қалтасы) және шеткі (лимфа түйіндері, көк бауыр, солитарлық фоликулалар, ұлпадағы лимфоидтық жиынтықтар, қан).

Иммуноглобулиндер гуморалдық иммунитеттің, ал сенсибилизденген лимфоциттер торшалық иммунитеттің негізін құрайды. Гуморальдық иммунитет бір организмнен екінші организмге қан сарысуымен, ал торшалык, иммунитет тек қана сенсибилизденген лимфоциттердің көмегімен ғана пассивті түрде көшіріледі.

Иммундық жүйенің торшалары олардың атқаратын қызметтеріне байланысты екі топқа бөлуге болады:

- реттеуші торшалар

- эффекторлық (әсер етуші) торшалар.

Реттеуші торшалардың қызметін Т-лимфоциттері мен макрофагтар орындайды. Олар торшалық және гуморальдық иммунды жауаптың қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Эффекторлық торшаларға В - лимфоциттер, плазматикалық клеткалар, цитотоксинді Т - лимфоциттер, К - торшалар (өлтіргіш торшалар), NK - торшалар (табиғи өлтіргіш торшалар), макрофагтар, полиморфты ядросы бар гранулоциттер және шүйгін торшалар жатады.

Макрофагтар - гуморальдык, және торшалык, иммунитеттерді қалыптастыруға қатынасады. Организмнің нақты бір антигенге бірінші иммунды жауабы тек қана макрофагтардың көмегімен іске асады. Макрофагтар антигендерді тауып алып, оларды арнайы өндеуден өткізіп, Т - және В - лимфоциттерімен түйістіреді және Т - хелперлердің белсенділігін арттыратын биологиялық активті затты - 1 - интерлейкинді бөліп шығарады.

ӨЗІН - ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАР:

1. Иммундық жүйе туралы ұғым

2. Орталық лимфоидты ағзалар

3. Шеткі лимфоидты ағзалар

4. Сүйек кемігінің стволды торшаларының қызметі

5. Лимфоциттер және оның түрлері

6. Т-лимфоциттердің түрлері және оның қызметі

7. В- лимфоциттердің қызметі

 

Қолданған әдебиет:

1. Толысбаев Б.Т., Бияшев Қ.Б. Микробиология және иммунология. –Алматы, 2006, -495 б.

2. Коляков Я.Е. Ветеринарная иммунология. - М.: Агропромиздат, 1986, 270 с.

3. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. - М.: «Колос», 1982, 285 с.

4. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология. – М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.

5. Пяткин К.Д. Микробиология. - М.: «Медицина», 1983.

6. Воронин Е.С., Петров А.М. и др. иммунология. - М.: Колос – Пресс, 2002, 408 с.

7. Петров Р.В. Иммунология. – М., 1988, 320 с.

8. Шлегель Т. Общая микробиология. – М, 1988, 430 с.

9. Тимаков В.Д. и др. микробиология. – М., «Медицина», 1980.

№ 10 дәріс

Тақырыбы: Иммундық жауаптың механизмі (антидене түзілуі, гиперсезімталдық баяу түрі және баяулатылған түрі, иммунологиялық жады, иммунологиялық толеранттылығы)

Кілтті сөздер: Иммундық жауап, антидене, гиперсезімталдық баяу және шапшан түрі, иммунологиялық жады, иммунологиялық толеранттылығы.

Жоспар:

1. Антидене түзілуі

2. Гиперсезімталдық баяу түрі

3. Гиперсезімталдық шапшан түрі

4. Иммунологиялық жады (иммунологиялық есе сақтау)

5. Иммунологиялық толеранттылығы

Организмнің өзіне тән қорғанысы нақты бір антигенді жоюға бағытталған. Ол иммунды жүйесінің жауап қайтару формаларының кешенін іске асырады. Оларға антиденелер түзілуі, иммунды фагоцитоз, лимфоциттердің киллерлік функциясы, аллергия реакциялары, гиперсезімталдың шапшаң типі (ГШТ) және гиперсезімталдың баяу типі (ГБТ) түрінде өтетін, иммунологиялық еске сақтау және иммунологиялық төзімділік (толеранттылық) формалары жатады.

 

Иммунды жауаптың түрлері

Антиген және антиденелер арасындағы қарым-қатынас

Торшалық иммунитеттің реакциялары аллотрасплантация (тірі материалды торшаларды, ұлпаларды, ағзаларды бір организмнен алып екіншісіне жамау) кезінде, аутоиммунды және созылмалы аурулардың барысында баиқалынса, гуморальдык, иммунитет организм нің жіті өтетін Індеттерге к,арсы қорғанысының негізін құрайды.

Гуморальдык, және торшалық иммунитеттің пайда болуы им мунологиялық еске сақтауды қалыптастырады. Организм екінші рет кездестірген антигеніне шапшаң және күшейтілген иммунды жауап қайтара алады. Иммундық жүйенің осы қасиетіне лимфоциттердің "еске caқтay торшалары" деп аталынатын ерекше субпопуляциясы жауапты.

Антиденелер мен сенсибилизденген лимфоциттер белгілі бір антигенмен екінші рет кездескенде шамадан тыс реакцияларды да (аллергияны немесе гиперсезімталдықты) қоздыруы мүмкін.

 

Иммунологиялық толеранттылық (бейбарақтылық) деп организмнің ареактивті күйін атайды.

Иммунды жуйенің бөгде антигендерге үйлесімді және жалпы жауабы

Реакциалардың түрлері Сипаттамасы
Резистенттілік Жалпы қорғаныс (мысалы: фагоцитоз)
Иммунитет Белгілі бір антигендерге бағытталған антиденерлер мен сенсибилиэденген лимфоциттердің көмегімен қорғаныс
Иммунологиялық еске сақтау Екінші рет кездескен антигенге қарсы күшейтілген иммундық жауап беруге қабілеті бар “еске сақтау” торшаларының пайда болуы
Иммунологиялық толеранттылық Белгілі бір толерогенге организмнің жауап қайтармауы.
Гиперсезімталдық Белгілі бір антигеннің әсерінен пайда болатын патологиялық иммунды жауап

Аллергия - организмнiң белгiлi бiр бөгде затқа жоғары сезiмталдығы. Аллергиялық реакциялардың eкi түpi белгiлi: гиперсезiмталдықтың шапшаң түpi (ГШТ) және гиперсезiмталдықтың баяу түpi (ГБТ).

Гиперсезiмталдықтың шапшаң түpi - организмнiң iшкi ортасының тұpaқтылығын caқтayғa бағытталган, бiрак: оны патологиялык: куе екелетiн реакциялар. ГШТ анафилаксия, атопикалық реакциялар және сарысу ауруы кезiнде байқалады.

Анафилаксия (грекше апа - қарсы, phylaxia - қopғaныc) сенсиби- лизденген организмнің денеге парентеральді жолмен екінші рет еңген бөгде ақзатқа қарсы көpceтeтін шектен тыс сезiмталдығы.

Атопия - аллергияга бейiмдiлiгi бар адамдар мен жануарлардың кездейсок пайда болған табиғи шектен тыс сезiмталдығы. Адамның атопиялық аурулары (аллергиялық ринитi және конъюктивтi жидекке, ара балына, жұмыртқаның белогына, апельсинге, лимонға және т. б. заттарға аллергиясы) недәyiр жақсы зерттелген.

Гиперсезiмталдықтың баяу турiн (ГБТ). Иммунды жауаптың бұл тypi организмнiң сенсибилизденген торшаларының антигенмен тiкелей түйiсyiн мiндеттi түрде қажет етедi. Сондықтан бұл реакция баяу дамиды (бiрнеше сағаттан бiрнеше күнгe дейін), ал аллергеннің денеге енгiзiлгeн орнында мононуклеарлы лейкоциттер шоғырланады. ГБТ-нің өpicтeyiн Т-лимфоциттер, макрофагтар және олардын медиаторлары қамтамасыз eтeдi.

Кейде ауру (сенсибилизденген) малдарда қоздырғыштың антигеніне-аллергеніне реакция байқалмайды. Бұл құбылысты анергия деп атайды.

Басқа жағдайда ауру (сенсибилизденген) организмде басқа микробтардың антигеніне жоғары сезімталдық байқалады. Бұны парааллергия деп атайды.

Иммунологиялық еске caқтay - иммунды жүйенiң белгiлi бiр антигенге екiншi қайтара жауабы. Иммундық жауаптың бұл түpi көбiнесе IgG класының антиденелерiнiң тез, қapқынды және жаппай синтезделyiмен сипатталанады.

ӨЗІН - ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАР

1.Организмнің иммундық жауабының түрлері

2. Шапшаң типті гиперсезімталдық

3. Баяу типті гиперсезімталдық

4. Иммунологиялық есте сақтау туралы ұғым

5. Иммунологиялық толеранттылық туралы ұғым

6. Анафилакция

7. Десенсибилизация

8. Организм иммундық жауабының динамикасы.

 

Қолданған әдебиет:

1. Толысбаев Б.Т., Бияшев Қ.Б. Микробиология және иммунология. –Алматы, 2006, -495 б.

2. Коляков Я.Е. Ветеринарная иммунология. - М.: Агропромиздат, 1986, 270 с.

3. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. - М.: «Колос», 1982, 285 с.

4. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология. – М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.

5. Пяткин К.Д. Микробиология. - М.: «Медицина», 1983.

6. Воронин Е.С., Петров А.М. и др. иммунология. - М.: Колос – Пресс, 2002, 408 с.

7. Петров Р.В. Иммунология. – М., 1988, 320 с.

8. Шлегель Т. Общая микробиология. – М, 1988, 430 с.

9. Тимаков В.Д. и др. микробиология. – М., «Медицина», 1980.

 

11 дәріс

Тақырыбы: Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапиясы. Иммунитет құбылысының практикалық жұмсалуы. Вакциндер. Қан сарысулары. Аллергендер. Диагностикумдер.

Кілтті сөздер: Иммунопрофилактика, иммунотерапия, Вакцина, аллерген, диагностикум, диагностикалық және емдік қан сарысулары

Жоспар

1. Иммунитеттің реакцияларының практикалық маңызы

2. Диагностикалық биопрепараттар:

- диагностикумдар

- аллергендер

- диагностикалық қан сарысулар

3. Алдын алу (профилактикалық) биопрепараттар

- вакциналар

- анатоксиндер

4. Емдеу биопрепараттар

- Емдік (гипериммунды) қан сарысулары

- Гамма глобулиндер

Антиген мен антиденлердің қарым-қатынасы. Антигендердің реттеуші топтары. Антиген+ антидене реакцияларының комплементтарлық жағдайы. Авидтік және аффинитет жайлы түсінік.

Иммунологиялық диагностика. Аллергиялық диагностика. Серологиялық диагностика және оны микробтарды өзара ажыратуда және инфекциялық ауруға диагноз қоюда пайдалану (АР, ПР, КБР, ҚҰБР, ИФР, ГАР, ГАТР, БР, ДПР).

Жануарлардың инфекциялық ауруларының иммундық алдын алу. Ветеринарияда қолданылатын вакциналар, иммунды қан сарысулары және биопрепараттар.

-

Микробиологиялық тәжірбиеде агглютинация, преципитация, бейтарап және т.б. реакциялары кеңінен қолданады. Бұл реакциялар техникалық қалпы бойынша ажыратылады, бірақ та олар антиген мен антидененің әсерлесу реакциясына негізделген және антидене мен антигендерді табу үшін қолданылады.

Індет аурулардың иммунотерапиясы және иммунопрофилактикасы

Ауруларды алдын алу және емдеуде алдын алушы, диагностикалық және емдік препараттар үлкен мағына білдіреді, иммунобиологиялық препараттар тобының қосындысы.

Казіргі таңға сәйкес жіктелудің А.А. Воробьев иммунологиялық препараттарына қосады:

* тірі, өлі немесе өлтірілген микроорганизмдерден алынған препарат (бактерия, вирустар, саңырауқұлақтар). Оларға тірі және өлтірілген вакциналар, анатоксиндер, фагтар, иммуноглобулиндер және иммунделген адам мен жануарлардан алынған иммунды қан сарысулары жатады;

* иммуномодуляторлар иммунокорекция, әр түрлі этиологиялардың иммунитеттің жетіспеушілігін алдын ала емдеу үшін;

* диагностикалық препараттар антигенді анықтау үшін: антиденелер, аллергия кезінде тері сынамаларын қою үшін және иммунопатологиялық жағдайларын анықтау үшін.


Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 2549 | Нарушение авторских прав



1 | 2 | 3 |



При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.033 сек.)