Иммунды сарысулар
Иммунитет қажет болған жағдайда немесе бір індет ауруын емдеуге иммунды сарысуын қолданады, оларда дайын антиденелер болады. Иммунды қан сарысуын жануарларды егу жолымен алады. Иммунды сарысуын егілген немесе ауырып жазылған адамдардан да алуға болады. Малдарға иммунды сарысуды енгізген кезде организмде пассивті иммунитет пайда болады.
Диагностикалық препараттар
Иммунологиялық препарат, оның әсері иммунологиялық принциптерге және реакцияларға негізделген. Диагностикалық препараттар бактерияларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды және қарапайымдыларды теңістіру, індетті емес және індет ауруларын диагносикалау үшін, иммунопатологиялық және аллергияны анықтау үшін зертханалық тәжірбиеде қолдану жүйесі. Сонымен қатар диагностиканы біз табиғи резистентілік факторларды, антидене мен антигендерді анықтау үшін қолданамыз.
ӨЗІН - ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАР
1. Вакциналар түрлері. Енгізу тәсілдері
2. Иммундық қан сарысуы түрлері.
3. Тірі вакциналар.Алу жолдары
4. Өлтірілген вакциналар.Алу жолдары
5. Анатоксин вакциналары
6. Агглютинация реакциясының маңызы
7. Преципитация реакцияның маңызы.
8. Комплемент байланыстырушы реакциясының маңызы.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Толысбаев Б.Т., Бияшев Қ.Б. Микробиология және иммунология. –Алматы, 2006, -495 б.
2. Гусев М.В., Минеева Л.А. Микробиология. – М.: «Академия», 2006, -464 б.
3. Атлас по микробиологии, вирусологии и иммунологии. Жалпы редакциясын басқарған Быков А.С., Воробьев А.А., Зверев В.В. М.: «Медицинское информационное агенство», 2008, - 272 б.
4. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология. - М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.
5. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. – М.: «Колос», 1982, 285 с.
6. Пяткин К.Д. Микробиология. – М., «Медицина», 1983.
7. Воронин Е.С., Петров А.М. и др. Иммунология. – М.: Колос – Пресс, 2002, 408 с.
8. Петров Р.В. Иммунология. – М., 1988, 320 с.
9. Шлегель Т. Общая микробиология. – М, 1988, 430 с.
10. Тимаков В.Д. и др. Микробиология. – М., «Медицина», 1980.
12 дәріс
Тақырыбы: Сібір жарасының қоздырушысы
Кілтті сөздер: Сібір жарасы, топалаң ауруы, қоздырғышы, биологиялық қасиеттері.
Дәрістің мақсаты: сібір жарасы қоздырғышының морфологиялық, биологиялық қасиеттерін зерттеу, диагноз қою әдістерін игеру
Жоспар:
1. Сібір жарасы ауруына сипаттама.
2. Қоздырғыштың қасиеттері:
а) морфологиясына сипаттама;
б) өсінділік қасиеттеріне сипаттама;
в) биохимиялық қасиеттері;
г) антигендік қасиеті;
д) патогендік қасиеті.
3. Аурудың патогенезі
4. Сібір жарасына түзілген иммунитеттің ерекшелігі.
5. Диагноз қою әдістері.
5. Алдын алу жіне емдеу шаралары.
Аурудың атаулары: адамда - түйнеме, күйдіргі; қойда – топалаң; жылқыда – жамандат; ешкіде – шек-шек; түйеде – ақшелек, қарабез.
Сібір жарасы – жануарлардың қанын қабындырып (септицемия), олардың денесіндеүлкенді кішілі жалқаяқ, ісік түрінде (карбункул) байқалатын жіті індет.
Қоздырғыштың қасиеттері.
Bacillus anthracis түрі Bacillus туысына, Bacillaceae тұқымдасына, Eubacteriales қатарына, Eubacteria тобына жатады.
Bacillus anthracis – қозғалмайтын, капсула, спора түзетін, грам оң боялатын таяқша тәрізді бактерия (5-10х1-1,5 мкм). Қоректік орта талғамайды, Өсуіне қолайлы температура 38 0С, рН 7,2-7,4. ЕПА-да кедір-бұдыр сұр түсті колониялар түзеді арыстанның жалына ұқсас. АПС-да мақта жапалағына ұқсас тұнба түзіліп, сорпа мөлдір болады.
Қоздырғыш лапаза, диостаза, протеиназа, желатиназа, цитохромоксидаза, пероксидаза, каталаза ферментерін және күрделі токсин түзеді. Н2S және аммиак шағарады. Қышқыл түзіп глюкозаны, мальтозаны ферменттейді, баяу – сахарозаны, трегалозаны, фруктозаны, декстринді.Ұйыған сарысуды 3-4 тәулікте сұйылтады.
Микробтың құрамында полисахаридті соматикалық антиген анықталған, серологиялық тұрғыдан дарығыш, бірақ иммуногендіде, уытты да емес. Клегейлі қабықша құрамынанглютамин қышқылының протеин тәрізді полипептид табылған. Бұл антиген серологиялық белсенділігі өте жоғары иммуногендіде, уытты да емес. Топалаң қоздырғышы протективті антиген түзеді, оның иммуногендігі жоғары, бірақ уытты емес.
Диагноз қою әдістері:
1. Клиникалық әдіс.
2. Паталогиялық-анатомиялық әдіс.
3. Бактериологиялық зерттеу.
4. Серологиялық зерттеу.
5. Аллергиялық зерттеу
Дауасы – Шырышты қабықшасыз № 55 штаммынан дайындаған вакцина.
Емі – гипериммунды қан сарысуы және гамма-глобулин; антибиотиктер – пенициллин қатары, тетрациклин қатары, левомицетин.
ӨЗІН - ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАР:
1. Аурудын клиникалық белгілері қандай?
2. Қоздырғыштың морфологиясынның ерекшелігі қандай?
3. Қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне сипаттама беріңіз.
4. Қоздырғыштың патогендік факторлары.
5. Аурудың патогенезі.
6. Сібір жарасына диагноз қандай әдістермен қойылады?
7. Қоздырғыштың идентификациялық белгілері.
8. Аурудың алдын алуы және емі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Толысбаев Б.Т., Бияшев Қ.Б. Микробиология және иммунология. –Алматы, 2006, -495 б.
2. Атлас по микробиологии, вирусологии и иммунологии. Жалпы редакциясын басқарған Быков А.С., Воробьев А.А., Зверев В.В. М.: «Медицинское информационное агенство», 2008, - 272 б.
3. Радчук Н.А. и др. Ветеринарная микробиология и иммунология. - М.: Агропромиздат, 1991, 383 с.
4. Козловский Е.В., Емельяненко П.А. Ветеринарная микробиология. – М.: «Колос», 1982, 285 с.
5. Пяткин К.Д. Микробиология. – М., «Медицина», 1983.
6. Қашағанов Х.Е. Жылқы және түйе аурулары. – Алматы, «Қайнар», 1978, 247 б.
7. Лухнова Л.Ю., Айкимбаев А.М., Горелов Ю.М., и др. Профилактика сибирской язвы в Казахстане. – Алматы, 2001, - 146 с.
13 дәріс
Тақырыбы: Туберкулез ауруының қоздырушылары
Кілтті сөздер: Туберкулез, қоздырғыштары, биологиялық қасиеттері.
Дәрістің мақсаты: Туберкулездың қоздырғыштарының морфологиялық, биологиялық қасиеттерін зерттеу, диагноз қою әдістерін игеру
Жоспар:
3. Туберкулез ауруына сипаттама.
4. Қоздырғыштың қасиеттері:
а) морфологиясына сипаттама;
б) өсінділік қасиеттеріне сипаттама;
в) биохимиялық қасиеттері;
г) төзімділігі;
д) антигендік қасиеті;
е) патогендік қасиеті.
3. Аурудың патогенезі
4. Сібір жарасына түзілген иммунитеттің ерекшелігі.
5. Диагноз қою әдістері.
5. Алдын алу жіне емдеу шаралары.
№ 14 дәріс
Тақырып: Бруцеллез ауруының қоздырушылары
Дәрістің мақсаты: студенттергебруцеллез ауруына және қоздырғыштардың морфологиялық және биологиялық қасиеттеріне сипаттама беру
Кілт сөздер: Бруцеллез, бруцелла, патогенез, диагностика, алдын алу.
Дәріс жаспары:
1. Бруцеллез ауруына сипаттама.
2. Бруцеллез қоздырғыштарының морфологиялық және биологиялық қасиеттері.
3. Бруцеллалардың патогендік қаситетері және бруцеллездың патогенезі.
4. Бруцеллезға қарсы иммунитеттің ерекшелігі.
5. Диагноз қою әдістері.
6. Бруцеллезға қарсы шаралар
Бруцеллез қоздырғышы. Бруцеллез қоздырғышын 1886 жылы Брюс тапты.
Ауыл шаруашьшық жануарларының бруцеллезінің белгілері - індет басталған кезде жаппай іш тастау байқалады, іш тастауға байланысты шу туспеуі, эндометрит, бедеулік пайда болады. Бруцеллалардың жануарлардың бір түрінен екінші түріне ауысуының эпизоотологиялық және эпидемиологиялық маңызы бар. Br. melitensis сиырға және қойға өткенде бұл жануардан адамға бруцеллез жұғады (Е. В. Козловский, 1954, 1956 және басқалар). Сонымен катар Br. suіs-тің сиырға және қойға, Br. abortus-тың ешкіше, қойға және шошкаға өтетіндіі анықталған.
Морфологиясы. Бруцелла кішкене полиморфты клеткалы коккобактериялар не таяқшалар; мөлшері 0,5 х 0,7-0,6 х 1,5 мкм. Спора тузбейді, қозғалмайды. Микроскопка тусіргенде препаратта бір-бірден не қос-қостан орналаскан, электронды микроскопияда монодиплобактериялық формаларынан басқа қысқа стрептобактериялар байқалады. Кейбір зерттеушідер бруцелланың уытты штаммдарынан капсулалық формаларын байқаған.
Тиникториальды қасиеттері. Бруцеллалар барлық анилин бояуларымен боялады. Грамтеріс. Е. В. Козловский (1936) бруцеллаларды ажыратып бояу әдісін ұсынды.
Культурасын өсіру. Бруцелланы бейтарап не әлсіз сілтілі (рН 6,8-7,2) реакцияда крлыпты (кәдімгі) қоректік ортада өсіреді. Ең қолайлы қоректік орталар мыналар: бауыр қосылған агар және глюкоза мен глицерин қосылған сорпа, картоп агары, глюкоза глицернді агар, жылқы қан сарысуы қосылған ет-пептонды агар, қан сарысуы - декстрозды агар; қан сарысуы қосьшған картопты агары; триптозды -соялы және триптозды агар; қанды агар (негізгі агар қоректік ортасына 5 % қой қаны қосьшған).және баскалар. Агарда себілген бруцелла жүзіндісі нәзік, жылтыр, мөлдір колония түзеді, уақыт өткен сайын лайланады және мөлдірлігі кемиді, көкшіл тартады.Сорпа культурасында бруцелланың уытты штаммдары қоректік ортаны біркалыпты лайландырады. Сорпа культурасы ұзақ тұрып қалса пробирка түбіне тұнба түседі, оны араластырып шайқаса ұзын қоймалжын түрінде пробирка бетіне көтеріледі.
Биохимиялық қасиеттері. Бруцеллаларда протеолиттік фермент жоқ, ол желатинаны сұйылтпайды, сүтті үйытпайды. Оларда сахарализдік ативтік нашар. Бруцелланың кейбір штаммдары ғана декстрозаны, галактозаны, ксилозаны, левулезаны ферменттейді және арабинозаны ашытады. Метаболизм процесінде Br. abortus және Br. suis қоректік ортада өскенде күкірт сутегін бөліп шығарады, ал Br. Mеlі tensis күкірт сутегін бөлмейді.
Зардаптылығы. Бруцеллалар - факультативтік клеткаішілік паразиттер. Көбіне ауруға ұшыраған жануарлардың ретикулоэндотелий жүйе клеткаларының ішінде тіршілік етеді және дамиды.
Антигендік құрылымы. S-формадағы бруцелланың барлық негізгі үш түрінде де бәріне ортақ термостабильді антиген және екі А және М -өздеріне тән серологиялық антиген анықталған.
Иммунитет жануарларда ауырып сауыққаннан кейін пайда болады. Мал түліктерінің бруцеллезбен ауыру және сауығу мерзімдерінің ұзақтығы осы инфекцияға жануарлардың жеке түрлерінің жасы, жыныстық жетілу кезіндегі сезімталдығына қарай анықталады.
Иммунитеттің стерильді және стерильсіз кезеңдерінің инфекциялы процестерінің ұзақгығы макроорганизмде бруцеллалардың тіршілік етуге көндігуіне және сақталу ұзақтығына байланысты. Табиғи бруцеллездік инфекция кезінде жануарлар организмі ерекше антиденелер - агглютининдер, преципитиндер және комплемент байланыстырушы заттар түзеді; бұлар инфекциялық процесс иммунитетінің стерильсіз, содан кейін стерильді кезеңіне өткенде бірте-бірте жойылады. Демек, ерекше (арнайы) антидененің болуы, иммунитет емес, инфекция барлығын көрсетеді.
Диагностикасы. Бруцеллезге ұшыраған жануарларды дер кезінде анықтаудың бұл қауіпті ауруды жоюда маңызы орасан үлкен. Бруцеллез диагностикасын қою ушін бактериоскопия жасалады, бруцелла культурасы бөлініп алынады, лабораториялық жануарларға биологиялық сынақ жүргізіледі, ал жаппай зерттеуге иммунобиологиялық әдістер қолданьшады.
ӨЗІН - ӨЗІ ТЕКСЕРУ СҰРАҚТАР:
1. Бруцеллалардың әр түрлілерrnщ адамға зардаптылығы қандай?
2. Бактериятасушылық және оның бруцеллездщ иммунитеті мен байланысының ерекшеліктері.
3. Бруцеллалардың әр түрлі объектілерде тіршілік сақталауыньщ ұзақтығы (сутте, суда, қағанақта, амнионның суында және т. б.
4. Бруцеллезге тексеру ушlli лабораторияға қандай патматериалдар жіберіледі? Бактериялогиялық диагноз қою схемасын сипаттаңыз.
5. Бруцеллалардьщ әр турлерінің патматериалдан бөлініп алынатын бірінші культураларының ерекшіліктері қандай?
6. Бруцеллалардың түрлері мен биотиптерiн ажырату.
7. Бруцеллез инфекциясы теңіз шошқаларында қалай өтеді және оларды диагноз қоюда пайдалану?
8. Сутпен сақина агглютинация реакциясының диагноз қоюдағы маңызы.
9. Бруцеллезге диагноз қою ушін агглютинация реакциясыньщ қандай модификациялары қолданылады?
10. Малдардьщ бруцеллезіне диагноз қоюда комплемент байланыстыру реакциясын (КБР) практикада қолдану.
11. Бруцеллезге диагноз қоюдағы иммунофлуоресценттік реакцияньщ құндьтығы.
12. Бруцеллезге қарсы қолданатын вакциналардың сипаттамасы.
13. Диссоциация құбылысының вакциналармен диагностикалық препараттарды дайындаудағы маңызы қандай.
14. Бруцеллезге диагноз қою үшін қандай аллергиялық препараттар қолданылады?
Қолданылған әдебиеттер:
1. Борисович Ю.Ф., Кириллов Л.В. (под ред. Д.Ф.Осидзе) Инфекционные болезни животных \ Справочник. М., Агропромиздат, 1987,288с.
2. Емельяненко П.А. с соавт. - Ветеринарная микробиология. М., "Колос", 1982,304 с.
3. Конопаткин А.А. - Эпизоотология и инфекционные болезни сельско хозяйственных животных. М."Колос", 1984.
4. Коляков Я.Е. - Ветеринарная иммунология. М., "Агропромиздат", 1986.
5. Петров Р.В. - Иммунология. М.,"Медицина", 1987.
6. Радчук Н.А. с соавт. Ветеринарная микробиология и иммунология. М., ВО., Агропромиздат, 1991, 382 с.
7. Сайдулдин Т. Ветеринариялық індеттану.- Алматы, 2009, 480 б.
9. Толысбаев Б.Т., Бияшев К.Б. Ветеринариялық микробиология және иммунология.-Алматы, 2006, - 490 б.
10. Толысбаев Б., Шок,анов Н., Булашев А., Бияшев К. Малдарігерлік микробиология. -Алматы, 1999, 368 б.
15 дәріс
Тақырыбы: Лептоспироз қоздырушылары
Жоспар:
1. Жануарлар лептоспирозы қоздырғыштарының биологиялық қасиеттері.
2. Лептоспироз кезіндегі аурудың дамуы (патогенезі), клиникалық көріністер және патологанатомиялық өзгерістер.
3. Лептоспирозды бактериялогиялық балау
4. Лептоспирозды серологиялық балау
Лептоспироз - L. interrogans тудыратын кең таралған зооантропонозды аурулардың бірі. Ауру аз уақыттық безгекпен, қан аздықпен (анемия), кілегей және сірі қабықтардың сарғыш тартуымен, гемоглабинуриямен, геморрагиялық диатезбен, кілегей қабықтар мен терінің өліеттенуімен, ас қорыту ағзаларының атониясымен және түсік тастаумен сипатталады.
Қоздырушылары мен олардың сипаттамалары:
Лептоспиралар Leptospiraceae тұқымдасына жатады. Екі түрі бар: зардапты - L. interrogans және сапрофитті - L.biflexa.
Жануарлар патологиясында төмендегі серотоптардың маңызы зор: L.pomona, L.hebdomadis, L.tarassovi, L.canicola, L.grippotyphosa, L.icterohaemorrhagiae, L.sejroe.
Лептоспира спираль тәрізді, түзу немесе айналмалы қозғалғыштыққа ие. Лептоспиралардың орташа ұзындығы 6-20 мкм, ені 0,1-0,6 мкм. ұзындығына қарай спирал иректерінің саны 20-ға дейін жетеді. Лептоспиралар баяу өсетін аэробтар және қан сары суы, сары су альбумині және ұзын тізбекті (көміртегі атомы 14 және одан да көп) май қышқылдары қосылған қоректік орталарда өсіріледі. Қолайлы рН 7,2-7,6 (диапазоны 6,8-7,8), температура 28-300 С. Инкубациялық кезеңі әдетте 6-14 күн, бірақ 4 аптаға дейін болуы мүмкін. Негізгі таксон – серовар. Қазіргі уақытта әлемде зардапты лептоспиралардың 230 дан астам серовары ажыратылып, жіктелінген, олар антигендік туыстығына қарай 23 серологиялық топқа біріктірілген.
Ауру ағымы:
Лептоспироз жіті, жітілеу және типті немесе атипті пішіндегі созылмалы түрде өтеді. Лептоспироздың өтуі мен белгілері жануардың түріне байланысты әр түрлі болып келеді. Ұлпалардың сарғыш тартуымен және қан араласқан зәрмен сипатталатын жіті түрі зақымданған жануарлардың кейбірінде ғана кездеседі.
Лептоспирозды зертханалық балау
Лептоспирозды балау микроскопиялық, бактериологиялық, биологиялық және серологиялық әдістермен жүргізіледі.
Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 2525 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 |
|