АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
Емдеу шаралары
Туберкулез туралы айтқан кезде адамдар қорқа бастайды. Себебі, оны өлімге әкелетін қауіпті аурулардың бірі деп санайды. Туберкулез жыл сайын миллиондаған адамдардың өмірін жалмаса да, бүгінгі күні антибиотиктер арқылы ауруларды емдеуге мүмкіндік бар. Емдеу барысы ұзақ болғанымен, адамның толық сауығып кетуі әбден мүмкін. Қазіргі медицина саласының дамыған заманында барлық ауруды жеңуге жағдай жасалып отырғанын атап өткен жөн. Бұл ретте, емдеу курсын толық өтеу өте маңызды, себебі, емдеу курсын аяқтамасаңыз, ол нәтижесіз болуы ықтимал. Көбінесе адамдар бірнеше жұма ем қабылдағаннан кейін аурудан айықтым деген оймен дәрілерді қабылдамай қояды. Бұл - дұрыс емес. Себебі, аурудың ағымы шиеленіседі және қоздырғыш антибиотиктерге үйреніп, емдеуді қиындатады. Сонымен қатар, сіз туберкулез таратушы болып қаласыз және қоршаған ортаға, әсіресе, балалар мен иммунитеті әлсіз адамдарға қауіп төндіресіз. Сол үшін жұқпалы аурумен аяғына дейін күресе білген жөн. Бұл сіздің және жақындарыңыздың денсаулығы үшін өте маңызды.
Облыстық бағдарламалар - Туберкулез – қауіпті дерт Алдын алған маңызды
| «Алматы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» МКК жанындағы «ДОС» жастар денсаулық орталығы Талдықорған қаласындағы бизнес, құқық және жаңа технологиялар колледжімен бірігіп «Салауатты өмір салтын қалыптастыруды өзіңнен баста» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Жастар арасындағы туберкулез ауруының таралуын алдын алу мақсатында ұйымдастырылған шараға арнайы шақырылған дәрігер мамандар мен студенттер қатысты. Бүгінгі таңда туберкулез ауруы дүние жүзін алаңдатқан өзекті проблема болып отыр. 1993 жылдың өзінде-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулез ауруын қауіп төндіретін өзекті проблема деп белгілеген. Сонымен қатар, 1997 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен наурыз айының 24 жұлдызында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күні аталып өтіледі. Бұл күннің таңдалу себебі – осы күні 1882 жылы неміс ғалымы, бактериолог Роберт Кох туберкулез қоздырғышын ашқанын жариялаған. ХIХ ғасыр соңында Еуропа мен Америкада туберкулез әр жетінші адамның өліміне себеп болған. Кохтың ашқан жаңалығы бұл ауруды диагностикалау және емдеу шараларын кеңейтуге мүмкіндік тудырды. Ал 1952 жылы алғашқы антибиотиктер пайда болғанда туберкулезді емдеуге де қол жетті. Осыған қарамастан туберкулезбен науқастану төмендегеннің орнына қанатын кеңге жаюда. Сондықтан қазіргі мақсат – адамзат өміріне қауіп төндіретін аталмыш ауруға қоғам назарын аудару және науқастарға көмек көрсету болып табылады. Мамандардың айтуынша, аурудың алдын алу жолындағы ең басты кедергі – тұрғындардың санитарлық сауатсыздығы. Олай дейтініміз, туберкулезге шалдыққан науқастардың 70 пайызының аурудың қаншалықты қауіпті екенін және одан емделу ережелерін білмейтіні анықталған. Бұл орайда бұқаралық ақпарат құралдарының маңыздылығы атап көрсетілді. Шара барысында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпараттары да келтірілді. Оған сенсек, жыл сайын туберкулез ауруына шамамен 7,5–8 миллион адам шалдығып, 1,5–2 миллиондай адам өлімге ұшырайды екен. Яғни әр 4 секунд сайын бір адам осы аталған ауруды жұқтырып, әр 10 секунд сайын одан бір адам көз жұмып отырады. Сонымен қатар, тек біздің елімізде ғана туберкулез ауруымен жыл сайын 22–23 мың адам тіркелетіні тілге тиек етілді. Келесі кезекте колледж студенттері туберкулез ауруына немқұрайды қарағанның нендей жағдайға әкеп соқтыратыны жайында қысқаша театрландырылған көрініс көрсетті. Көріністен кейін туберкулез диспансерінің дәрігерлері Эльмира Сахтапова мен Инна Хван және қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының валеологы Гүлнар Бектемірова аурудың алдын алу шараларымен таныстырып, оның өзектілігіне тоқталды. Ал «ДОС» жастар денсаулық орталығының психологы Марианна Сыдықбекова бүгінде жастардың «досына» айналып үлгерген орталықтың тегін қызмет көрсететінін айтып, әрқашан қол ұшын беруге әзір екендігін жеткізді.
СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН
САНИТАРИЯЛЫҚ АҒАРТУ АЯСЫНДА ҒЫ
ТУБЕРКУЛЕЗ ТУРАЛЫ
ЛЕКЦИЯ
Туберкулез жайында барлығы білу керек!
Бұрын «құрт ауруы» деп аталған туберкулез қаншама адам өмірін қиды! Оның салдарынан қыршын кеткен адам саны соғыстың әсерінен қаза болған адам санынан көп десе болады. Шоқан Уәлиханов, Чехов, Шопен, Байрон сияқты ұлы адамдардың өмірін әкеткен бұл ауру қаншама мемлекет үшін қауіпті дерт атанды. Алайда бүгінгі күні де туберкулез – әлем бойынша кең тараған ауру. Және де адамзат денсаулығына үлкен қауіп-қатер төндіруде.
Әлемдік денсаулық сақтау ұйымдарының мәліметі бойынша, бұл дерт шектен шығуда. «Әлем бойынша өте қиын жағдай тудырып отырған» туберкулез проблемасы ең өзекті және ғаламдық мәселелердің бірі, өйткені:
жыл сайын әлемде:
· 2 миллион адам туберкулез дертінен қаза табады –
туберкулез микробактериалары басқа да жұқпалы ауру қоздырғыштарынан қарағанда адам өміріне аса қауіпті;
· туберкулездің барлық формаларымен 10-20 миллион адам ауырады;
· шамамен жер шарының 1/3 тұрғындары, шамамен (ТМ)= 2 миллиард, түберкулездің микробактерияларын жұқтырған;
· ауруды жұқтырғандардың шамамен 10 % өз өмірінде туберкулездің бір формасымен ауырады.
· туберкулезбен ауырғандардың 75% - жастар және еңбекке жарамды жастағы адамдар (15-40 жас). Бұл өз кезегінде мемлекет экономикасына кері әсер етеді
Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына байланысты Қазахстан үшін бұл проблема өте өзекті болып табылады.
Студенттер арасында туберкулезбен ауыратындар саны жоғары екенін айта кеткен жөн. Дұрыс тамақтанбау, тиімсіз күн тәртібі, оқу бағдарламасының ауырлығы, тұрмыстың нашарлығы, жағымсыз әдеттер, ұйқының жетіспеушілігі, созылмалы эмоционалды стресс осы аурудың дамуына алып келеді.
Туберкулез – туберкулез микробактерияларының немесе Кох бактериясының адам ағзасына түскенде дамитын қауіпті жұқпалы ауру (туберкулездің қоздырғышы 1882 жылы Роберт Кохпен ашылған).
Туберкулез микробактериялары қоршаған ортаға өте бейімді, олар қышқылды-спиртті-сілтіге тұрақты, ұзақ уақытқа өміршеңдігін жоймайды.
Жұқпаның негізгі көзі ауру адам және де кей жағдайда ірі қара мал (сиыр) бола алады.
Жұқпалы ауру жиі (95%) белсенді формалы туберкулезі бар ауру адамнан ауа тамшылары (ауадағы шаң) жолдары (аэрогенді) арқылы беріледі. Ал кейде туберкулезбен ауыратын сиыр сүтін қайнатпай пайдаланған жағдайда алиментарлы жолмен жұғады.
Әңгімелескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде микробактериялар ауаға шығып, ауа арқылы адамдарға сіңеді. Тәулік ішінде ашық формалы туберкулезбен ауыратын ауру 1 млрд микроорганизмге дейін бөліп шығарады. Осындай ауру адам ұзақ уақыт бойы желдетілмеген бөлмеде болса, онда ауадағы бактериялар өте көбейіп, айналадағы адамдар жұта бастайды. Иммунитеті жоғары адам туберкулездің микробактерияларын жұта отырып, ауырмайды десе де болады, тек қана ауру жұғады. Себебі, иммунды жүйе оны аурудың дамуынан сақтайды. Инфекция ағзада болғанымен, ауа барлық адамдарға ортақ болғандықтан, айналадағы адамдарға жұғады.
Туберкулез микробактерияларын тасымалдаушылардың оннан бірінде ертелі-кеш «ұйқыдағы» инфекция белсенді кезеңге өтеді, яғни, ауру дамиды. Бұған әкеп соқтыратын негізгі факторлар уақтылы, толыққанды тамақтанбау, авитаминоз, өмірдегі тұрақсыздық, дұрыс орнықпау, тұратын жердің қанағаттандырарлықсыз жағдайы, жиі стресс, соызлмалы аурулар, қант диабетінің, ПИЖС (СПИД), алкоголизм мен есірткінің салдарынан иммунитеттің төмендеуі болып табылады.
Белсенді туберкулезбен ауыратын 1 ауру 1 жыл ішінде ауруды 10-15 адамға жұқтырады
Ауру негізінен желдетілмейтін тар бөлмелерде тез жұғады. Сондықтан да аурудың алдын алудың басты әдістерінің бірі бөлмені жиі желдетіп тұру болып табылады.
Туберкулездің жұқуы ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан, процесс ең алдымен өкпеден (90%) басталып, түрлі мүшелерді зақымдайды. Өкпеден тыс көбіне сүйектерге, зәр шығару жүйесіне, перифериялық лимфа бездеріне жұғады.
Ауруды қоздырғыш ауамен берілетіндіктен және де көзге көрінбейдтіндіктен, туберкулез ауруы тез жұғады. Алайда туберкулездің белгілерін ерте анықтап, уақытында дәрігерге көрінуге болады.
Көп жағдайда ауру біртіндеп басталып, клиникалық көріністері процестің қарқындылығына байланысты өсіп отырады. Ауруды ерте анықтау үшін, туберкулезге ұқсас белгілер пайда бола бастағанда дер кезінде дәрігерге қаралу керек.
Әр адам туберкулездің белгілерін білу керек!
Туберкулездің негізгі белгілері:
· 2 аптадан артық жөтелу
· қан түкіру
· жалпы әлсіздік
· тәбет пен салмақтың төмендеуі
· ара-тұра дене температурасының төмендеуі
· тершеңдік
· кеуде жасушаларындағы аурушыңдық
· демнің жетіспеуі
Аурудың алдын-алуында оны дер кезінде анықтау үлкен рөл атқарады.
Қазіргі таңдағы туберкулезді анықтаудың тиімді әдістері:
1. Бактериоскопиялық әдіс
2. Флюорография
3. Балаларға жасалатын Манту сынамасы
Жыл сайын студенттерге жүргізілетін флюорографиялық зерттеу тубекулезді ерте анықтауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері көрініс тапқан кездің өзінде ауру адам дәрігерге көрінбейді. Сондықтан да, флюорографиядан өтуден қашпау керек.
Жөтелге шағымданған кезде микроскоп арқылы ауру адамның қақырығын зерттейді. Қоршаған ортаға қауіпті жұқпалы ауруларды анықтауға мүмкіндік беру – бұл әдістің артықшылығы болып табылады. Манту сынамасын аурудың жұққандығын және ауруды анықтау үшін «қауіп-қатер» тобындағы балаларға салады.
Туберкулездің спецификалық алдын-алу БЦЖ вакцинасы перзентханада баланың 1-4 күндерінде енгізіледі. Келесі ревакцинация 6-7 жаста жасалады. Бұлар өз кезегінде аурудың дамуы мен туберкулездің асқынуы мен таралуын тежейді.
Уақтылы анықталып, дер кезінде емдеу басталғанда туберкулез емделетіндігін есте сақтаған жөн. Әйтпегенде, кеш анықтласма, өлімге әкеп соқтыруы да әбден мүмкін.
1998 жылдан бастап туберкулезге қарсы күрес Президенттің қаулысымен біздің республикада жалпымемлекеттік мәні бар міндетке айналды.
Туберкулез ауруын емдеу – тегін, кешенді, стационарларда 2-4 ай көлемінде жүргізіліп, кейін стационарларда немесе қатаң бақыланатын емханаларда емделеді. Емдеу үшін ең маңыздысы – туберкулезге қарсы препараттарды жүйелі қабылдау, толққанды тамақтану тәртібін сақтау керек. Туберкулезбен ауырған адам міндетті түрде туберкулезге қарсы мекемелерде емделу тиіс. Өзін-өзі емдеу немесе емшілерге барып емделу ауруды табудың жолын кешіктіреді. Оның әсерінен емдеу ұзаққа созылады, жақындарына жұғады, тіпті, ауадың қайғылы аяқталуына әке соғуы мүмкін. Туберкулез микробактерияларын жоюдың ең маңызды жолы – үздіксіз емдеу жолы. Қадағаланбаған, дәріні ретсіз қабылдау, туберкулез микробактериялары туберкулезге қарсы препараттарға бейімделіп, емделуі өте қиын әрі көп уақытты қажет ететін, қоғам денсаулығына қауіпті болып табылатын мультирезистентті туберкулез дами түседі.
Осылайша, туберкулез – әлемде ең көп таралған жұқпалы аурудың бірі.
Туберкулезбен жұқтыру қаупі өте жоғары. Сау адамдар туберкулез олардың проблемасы емес деп санамау керек. Себебі, туберкулез – біздің қоғамның проблемасы. Сондықтан, әр адам күнделікті өмірде туберкулездің алдын алу мәселелерін білсе туберкулездің өсуі мен таралуын тоқтату мүмкін болады.
Өзіңді қауіптен сақтау үшін ретті түрде флюорографиялық тексерулерден өту қажет. Бұл тексеру ауруды дер кезінде анықтауға және де емді уақтылы бастауға мүмкіндік береді. Аурудың белгілері анықталғаннан соң дәрігерге қаралып, салауатты өмір салтын ұстану қажет.
С.Ж.Асфендияров атындағы
ҚазҰМУ-дың фтизиопульмонология кафедрасы
Профессор А.С.Ракишева
Доцент Н.С.Сыздыкова
| М. ТЛЕУ, №7 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қауіпті жұқпалы құрт ауруының пайда болуы, таралу жолдары, алғашқы белгілері, одан сақтану жолдары туралы түсінігін қалыптастыру.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру.
Туберкулез - ең көп тараған жұқпалы ауру. Қазақстан аумағында бұл ауру жоғары деңгейде.
Туберкулезді қазақтар қандай ауру деп атаған?(құрт ауруы) «Туберкулез» терминін ең алғаш кім және қашан енгізген?(1831 жылы француз ғалымы Ланнэк) Туберкулез қоздырғышын тапқан кім? (неміс ғалымы Роберт Кох.)
Қазақстан медицинасының адам ағзасында құрт ауруына қарсы иммунитет қалыптастыруда ролі қаншалықты? Қандай да бір дертке қарсы ағзамызда иммунитет қалыптастыру үшін біздің өміріміз жүйелі бағытта дамуы қажет. Дұрыс дем алу,дұрыс тамақтану,тыныш ұйықтау керек.
Туберкулез дегеніміз не? Ол– өкпе ауруы.
Болашақ нұрлы, денсаулығымыздың күшті де, мықты болуын қаласақ, мына өлең шумақтарына көңіл аудар, жас буын!
Көк түтінге жас өкпеңді ыстама,
Ащы суға өзіңді – өзің қыштама.
Ер жетудің белгісі деп бұл да бір
Әуес көріп ұстамасты ұстама.
Жанбай жатып дереу өшіп қаласың
Онда өмірден орыныңды қалай табасың?
Білім қайда жас уақытта өрбітер
Меңгеретін мамандықтың саласын.
Адамға өмір бір – ақ рет беріледі. Сондықтан зиянды әдеттерден бойымызды аулақ ұстайық. Ғасыр дерті болып отырған туберкулезден сақтанайық. Темекі,арақ, нашақорлықпен күресейік.
Үй жануарларының ішінде ірі мал, шошқа, тауық, күркетауық қауіпті. Туберкулезбен ауырған жануарлардың сүтін және етін пайдалану арқылы жұғады.
Туберкулезге шалдығудың бір көзі – темекі тарту. Темекі шегетіндер өкпе ісігінен 3 -9 есе жиірек қайтыс болады. Ағза үшін ең улы – никотин.Темекі шегетіндердің 80% ауырады.
Көрініс: «Шылым шегудің зияны»
Аурудың алғашқы белгілері: тәбеті нашарлайды;қан түкіреді; дене қызуы көтеріледі; әлсірейді; жөтеледі; терлейді; тез шаршайды
Ауру көпке дейін білінбейді,алғашқыда аздаған құрғақ жөтел пайда болады,кешке қарай дене қызуы көтеріледі,тез шаршайды.Жөтел, қан аралас қақырық пайда болады.
Туберкулез зақымдайтын мүше: бүйрек; ас қорыту; ішек; өкпе; көз; сүйектерді; буындарды; зәр шығару; теріні; ми қабықшасын.
Туберкулездің алдын алу рентгенге түсу, манту жасау, флюрографиялық тексеруден өту керек.
Ойын: «Денсаулық гүлін егу» сабағы – туберкулез ауруының алдын алу.
1.Күлте жапырақ(гүл) егу БЦЖ вакцинасы. 2.Санитарлық гигиеналық тазалық сақтау.
3.Манту жасау. 4.Флюрографиялық тексеру.
Тәжірибе жасау. Мақтаны алып, ыдысқа салып, жағып көрсету.Сол кезде мақта мен ыдыс қандай күйде болатынын көз жеткізу.Темекі шеккен адамның өкпесі осындай күйде болады.
Денсаулық туралы мақал –мәтел айту.
Дата добавления: 2015-09-03 | Просмотры: 2584 | Нарушение авторских прав
1 | 2 |
|