Билет №19
1. Қарыншалық экстросистолияның этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
2. Науқас 68 жаста, аяқ тамырларының облитерирлеуші атеросклерозымен, көк тамыр ішілік инфузия кезінде кенеттенкүрт әлсіздік, бас айналуды сезінген.
Қараған кезде: жағдайы ауыр, есін нақты білмейді. Денесі мен аяқтарының терісінде ұсақ нүктелі папулезды бөртпелер бар. Тынысы беткей, ТЖ-30 рет мин. Пульс толымдылығы аз. Жүрек тондары тұйықталған. АҚ 60/20 мм.с.б. ЖСЖ 128 рет/мин. Басқа ағзалары ерекшеліксіз.
Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?
«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.
Билет №20
1. Морганьи-Адамс-Стокс ұстамаларының этиологиясы, патогенезі, диагностикалық критерилері.
2. Науқас 38 жаста, терісінің бөртуіне, температурасының жоғарлауына шағымданды.
Анамнезінен: сүлеллі бронхиттің өршуіне байланысты антибиотиктерді қабылдайды. Күнді дене температурасы 39°С жоғарлаған, денесіндегі бөртпелер көпіршікті, олардың көлемдері ұлғайып, бір бірімен қосыла бастаған.
Объективті: жағдайы ауыр. Қолдарында эритематозды түрдегі бөртпелер, ауырсынатын және шамалы ісінген әртүрлі көлемдегі дақтар, кейбіреулері қосылған. Денесінде әр түрлі көлемдегі дұрыс емес пішінді көпіршіктер. Кей бір көпіршіктер жарылған, олардың орындары эрозияланған.
Науқаста қандай шұғыл жағдай дамыған?
«Жедел көмек» дәрігерінің әрекеті.
Дата добавления: 2015-09-18 | Просмотры: 429 | Нарушение авторских прав
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
|