Глоссарий
Бастама
↓
Күшею
↓
Өршу
Глоссарий
Опухоль (лат. tumor, blastoma; греч neoplasma, oncos) – патологическая неконтролируемая организмом пролиферация клеток с относительной автономией обмена веществ и существенными различиями в строении и свойствах.
Өспе (лат. tumor, blastoma; грекше neoplasma, oncos) – тұтас организмнің жүйкелік-эндокриндік реттеулеріне бағынбай, өз бетінше дербес өсетін, құрылымы мен қасиеттерінде шыққан тін жасушаларынан үлкен алшақтықтары бар, шексіз бөлініп көбейетін және жаңадан қабылдаған қасиеттерін туынды жэасушаларға бере алатын, дерттік өзгерістерге ұшыраған жасушалардың тым артық өсіп-өніп кетуін айтады.
Tumor, neoplasia, neoplasm (Tumor, cancer, carcinoma, blastoma (Latin), neoplasia, oncos (Greek).
“Neoplasia” literally means new growth, is pathological uncontrolled, excessive autonomous proliferation with relative autonomy metabolism and significant differences in the structure and properties
Канцерогены - факторы, вызывающие развитие опухоли (от лат. cancer - рак)
Канцерогендер – өспені дамытатын жайттар
Прямые канцерогены – вызывают опухоли без метаболических превращений (алкилирующие соединения, способные присоединять алкильные группы к ДНК)
Тура канцерогендер – метаболизмдік өзгерістерге ұшырамай-ақ өспені дамытады (ДНҚ-на алкил топтарын қоса алатын алкилдейтін қосылыстар)
Непрямые канцерогены индуцируют опухоли после метаболических превращений в организме
Тура емес канцерогендер – организмде метаболизмдік өзгерістерге ұшыраған соң өспе дамытады.
Коканцерогены (промоторы) - агенты, усиливающие действие канцерогенов, но сами не вызывающие опухоли
Коканцерогендер (промоторлар) – өздері өспе дамытпайтын, бірақ канцерогендердің әсерін күшейтетін заттар.
Carcinogens - are the factors that cause the development of tumors. Direct carcinogens cause cancer without metabolic transformation within organism (alkylating compounds capable to attach alkyl groups to DNA) Indirect carcinogens induce tumors after metabolic transformations. Cocancerogens (promoters) – are enhancers of carcinogenic effects, but they do not cause cancer
Ямагива, Ичикава – японские ученые, доказавшие в эксперименте роль химических веществ в возникновении опухолей.
Ямагива, Ичикава – Нобель сыйлығының иегерлері,өспе дамуында химиялық канцерогендердің рөлін дәлелдеген ғалымдар.
Роус – лауреат Нобелевской премии, доказавший роль вирусов в возникновении опухолей
Роус – Нобель сыйлығының иегері,өспе дамуында вирустардың рөлін дәлелдеген ғалым.
Yamagiwa, Ichikawa – are Japanese scientists who experimentally proved the role of chemicals in the development of tumors. Rous – is Nobel laureate, he proved the role of viruses in the development of tumors
Канцерогенез - патогенез опухолевого роста. Стадии канцерогенеза: инициация, промоция, прогрессия.
Канцерогенез – өспе өсу патогенезі.Канцерогенез сатылары: бастама, күшею, өршу.
Carcinogenesis –is pathogenesis of tumor growth. Stages of carcinogenesis are: initiation, promotion, progression.
Инициация – трансформация нормальной клетки в опухолевую.
Инициация заключается в возникновении мутаций одного из генов, регулирующих клеточное размножение, под влиянием различных канцерогенов: активация онкогенов (превращение протоонкогена в онкоген), инактивация генов супрессоров (антионкогенов), повреждение генов, регулирующих апоптоз, повреждение генов репарации ДНК.
Бастама – қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуы.
Бастама жасуша көбеюін реттейтін гендердің біреуінің әртүрлі канцерогендердің әсерінен мутацияға ұшырауы: онкогеннің әсерленуі (протоонкогеннің онкогенге айналуы), супрессор гендердің (антионкоген)әсерсізденуі, апоптозды реттейтін гендердің, ДНҚ репарациясы гендерінің зақымдануы
Initiation - is the transformation of a normal cell into a tumor one. Initiation is the occurrence of mutations in one of the genes that regulate cell proliferation, due to various carcinogens: activation of oncogenes (transformation of proto-oncogene into an oncogene), inactivation of tumor suppressor genes (antioncogenes), damage to the genes that regulate apoptosis and DNA repair.
Протоонкогены - гены, стимулирующие пролиферацию. Белки, кодируемые этими генами, участвуют в передаче сигналов, обеспечивающих деление клетки.
Протоонкогендер – жасуша пролиферациясын күшейтетін ген. Осы гендермен бақыланатын нәруыздар жасушаның бөлінуін қамтамасыз ететін серпіндерді беруге қатысады.
Онкогены – это гены, вызывающие нерегулируемое клеточное деление. Онкогены напоминают протоонкогены, но лишены контроля (ras, sis, neu, myc, erb).
Онкогендер – жасушаның бақылаусыз көбеюін шақыратын ген. Онкогендер протоонкогендер сияқты, бірақ бақылаудан шыққан.
Антионкогены – ингибиторы клеточного деления, кодируют синтез белков, предотвращающих пролиферацию (p53, Rb)
Антионкогендер – жасушаның бөлінуін тежейтін гендер, пролиферацияны тежейтін нәруыздардың синтезін бақылайды.
Proto-oncogenes – are genes that promote proliferation. The proteins encoded by these genes are involved in the transmission of signals, providing cell division. Oncogenes – are the genes that cause uncontrolled cell division. Oncogenes resemble proto-oncogenes, but lack of control (ras, sis, neu, myc, erb). Antioncogenes - are inhibitors of cell division, they encode the synthesis of proteins which prevent cellular proliferation (p53, Rb)
Промоция – размножение трансформированных клеток.
Күшею – өспеге айналған жасушалапдың көбеюі.
Прогрессия – нарастание злокачественных свойств опухолевых клеток.
Өршу – өспе жасушаларының қатерлілік қасиетінің артуы.
Promotion – is proliferation of transformed cells. Progression – is the growth of malignant properties of tumor cells.
Атипия – отличие опухолевых клеток от нормальных
Атипия – өспе жасушаларының қалыпты жасушадан айырмашылығы.
1. Атипия размножения.
Нерегулируемый, беспредельный рост (первичный, главный признак, присущий любым новообразованиям), утрата верхнего “лимита” числа делений клетки (лимит Хейфлика).
Көбею атипиясы
Реттелмейтін, шексіз өсу (кез келген түзілістің алғашқы, негізгі белгісі), жасуша бөлінуінің «шегінің» жойылуы (Хейфлик шегі).
2. Морфологическая атипия (клеточная и тканевая).
Морфологиялық атипия (жасушалық және тіндік)
Жетілу атипиясы
Атипия дифференцировки - частичное или полное прекращение дифференцировки клеток – (анаплазия).
Жетілу атипиясы – жасушалардың толық немесе жартылай жетілмеуі - анаплазия
3. Биохимическая атипия (особенности обмена веществ в опухолевой ткани).
Биохимиялық атипия – өспе тініндегі зат алмасу ерекшелігі
4. Физико-химическая атипия (увеличение калия и воды, снижение кальция и магния, ацидоз в опухолевых клетках, повышение величины поверхностного заряда)
Физикалық – химиялық атипия – өспе жасушаларында калий мен судың артуы, кальций мен магнийдің азаюы, ацидоз, беткей зарядының артуы
5. Антигенная атипия (антигенное упрощение, антигенное усложнение).
Антигендік атипия – антигендік қарапайымдану, антигендік күрделілену
6. Функциональная атипия (снижение, повышение или извращение функции)
Қызметтік –функциялық атипия – ағза функциясының төмендеуі, жоғарылауы, бұрмалануы
Atypia – ia a difference of tumor cells from normal1.
1. Atypia of reproduction. Unregulated, unlimited growth (is primary, the main feature, of any tumor), the loss of the "limit" of the number of cell divisions (Hayflick limit). 2. Morphological atypia (cellular and tissue). Atypia of differentiation – is partial or complete cessation of cell differentiation (anaplasia). 3. Biochemical atypia (metabolic peculiarities in tumor tissue). 4. Physicochemical atypia (increased potassium and water, reduction of calcium and magnesium, acidosis in tumor cells, increased negative surface charge) 5. Antigenic atypia (antigenic simplification antigenic complexity). 6. Functional atypia (function decrease, increase or perversion)
Инфильтративный (инвазивный) рост – коренной признак злокачественных опухолей - проникновение клеток опухоли в окружающие ткани.
Инфильтрациялық өсу – қатерлі өспелердің негізгі белгісі - өспе жасушасының қоршаған тінге енуі
Экспансивный рост - это рост, ограниченный внутри капсулы и без проникновения в окружающие ткани, характерен для доброкачественных опухолей.
Экспансиялық өсу – қоршаған тінге енбей, капсуланың ішінде шектеліп өсуі, қатерсіз өспелерге тән.
Infiltrative (invasive) growth – is a radical sign of cancer – is the penetration of tumor cells into the surrounding tissue. Expansive growth is the growth, limited within the capsule and without penetration into the surrounding tissue is characteristic for benign tumors.
Метастазирование (от греч. Metastasis - перемещение, перенос) – процесс переноса отдельных клеток опухоли в другие органы и развитие в них вторичных опухолевых узлов той же гистологической структуры.
Метастаздану (грекше Metastasis - ауысу, тасымалдану) – өспенің кейбір жасушаларының басқа тіндерге тасымалдануы және сол жерде гистологиялық құрылымы сондай екіншілік өспе түйінінің пайда болуы.
Metastasis (from the Greek. Metastasis - moving, transfer) - is the process of spread of a tumor cell into other organs and development secondary tumoral nodes of the same histologic structure. Рецидивирование - (от лат. recidivas- возврат, повторное развитие болезни) – повторное развитие опухоли на месте удаления.
Қайталану - (латынша recidivas- қайталану, аурудың қайтадан дамуы) – алынып тасталған жерде өспенің қайтадан дамуы.
Recurrence - (from Lat. Recidivas-return, re-development of the disease) – is re-development of tumor growth at the places of the tumor removal.
Кахексия (от греч. kakos– плохой, дурной + hexis-состояние) - синдром истощения и общей слабости организма.
Кахексия - (грекше kakos– нашар, жаман + hexis-жағдай) - организмнің жалпы әлсіздік және қажу синдромы
Cachexia (from Greek κακός kakos "bad" and ἕξις hexis "condition") or wasting syndrome is loss of weight, muscle atrophy, fatigue, weakness
Паранеопластический синдром - проявления генерализованного воздействия опухоли на организм (состояние иммунодепрессии и повышенная подверженность инфекционным заболеваниям,
тенденция к повышенному свертыванию крови и развитие тромбоза вен, мышечная дистрофия, некоторые редкие дерматозы, например acanthosis nigricans, остеоартропатии и гиперкальциемия,
Паранеоплазиялық синдром – организмге өспенің жайылмалы әсерінің көрінісі (иммундық тапшылықты жағдай, жұқпалы ауруларға шалдығуының жоғарылауы, қан ұйуының жоғарылауы және веналардың тромбозы, бұлшық ет дистрофиясы, кейбір дерматоздар, остеоартропатия және гиперкальциемия дамуы)
Синдром Иценко-Кушинга обусловленный синтезом АКТГ или АКТГ-подобных полипептидов клетками опухолей (опухоли легких, поджелудочной железы)
Иценко-Кушинг синдромы өспе жасушаларының (өкпе өспесі, ұйқы безі өспесі) АКТГ немесе АКТГ-ға ұқсас полипептидтер синтезімен сипатталады
Paraneoplastic syndrome - is systemic effects of neoplasia to an organism (the state of immunosuppression and increased susceptibility to infectious diseases, immunodepression and susceptibility to infectious diseases, thrombophlebitis, systemic thromboses, embolization,
muscular dystrophy, some rare dermatoses, such as acanthosis nigricans, osteoarthropathy and hypercalcemia, Cushing's syndrome due to the synthesis of ACTH or ACTH-like polypeptides by tumor cells (tumors of the lung, pancreas)
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 357 – 385.
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 236-243.
3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.780-837
4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 77-79.
5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 238-254
6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қаза0 тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229 – 243
Қосымша
7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.
8. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 - 314.
9. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, 366-400.
10. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.
11. Рыспекова Н.Н. Патофизиология опухолевого роста (методическое пособие для студентов). Алматы, 2002.-58с.
12. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.
13. Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с
БАҚЫЛАУ
Тест тапсырмаларын орындау. – қараңыз: Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қазак тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.:изд-во Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229 – 243
СОӨЖ
ӨСПЕ ӨСУІ
Сабақтың мақсаты:
· Клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын қалыптастыру
· Топта жұмыс жасау коммуникациялық дағдыларын қалыптастыру
Оқытудың міндеттері:
· Канцерогенез бойынша клиникалық-зертханалық мәліметтерді патофизиологиялық сараптау дағдысын жетілдіру
· Топта жұмыс жасағанда коммуникациялық дағдыны жетілдіру
Сабақ жүргізу тәсілдері:
Аз топта жұмыс жасау: кейс-стади, сөзжұмбақ шешу
ТАПСЫРМАЛАР
№ 1 тапсырма. Кейс-стади
№ 1 есеп. 52 жастағы науқаста хирургиялық жолмен өкпенің қатерлі өспесін алып тастағаннан бір жылдан соң, химиотерапия емінен кейін сол жақ бұғана асты лимфа түйіндерінің ұлғайғаны байқалды. Биопсия кезінде құрылымы бойынша алып тасталған өкпенің қатерлі жасушаларына ұқсас өспе жасушалары анықталды.
Сұрақтар:
- науқастың димфа түйіндерінде өспе жасушаларының пайда болуын қалай түсіндіруге болады?
- Бұл үрдістің даму сатылары мен патогенезін түсіндіріңіз
- Осы үрдістің дамуы канцерогенездің қай сатысына тән?
- Өспе ауруларын емдеу ұстанымдарын түсіндіріңіз
·
№ 2 есеп. 65 жастағы науқас, от жағушы (кочегар), жалпы әлсіздікке, дене салмағын тез жоғалтуына, дауысының қарлығуына, құрғақ жөтелге, дем алудың қиындауына, аузынан жағымсыз иіс шығуына шағымданады. Ларингоскопияда кеңірдегінде бұдырланған, жараланған, кеңірдегінің жартысынан көбін алып жатқан өспе анықталды. Өспе дыбыс байламдарына ене өскен, мойын димфа түйіндері ұлғайған, басқанда тығыз, ауырмайды.
1. Науқаста өспе дамуының мүмкіндік себептері қандай? Канцерогендердің қай тобына жатады?
2. Өспе дамуында осы канцерогендердің рөлін тәжірибеде кім дәлелдеді?
3. Лимфа түйіндерінің ұлғаю патогенезін түсіндіріңіз
4. Өспелік кахексияның патогенезін түсіндіріңіз
№ 3 есеп. 1,5 жыл бұрын АЭС апатын қалпына келтіруге қатысқан 40 жастағы науқас В. дәрігерге айқын әлсіздікке, бас айналу, ұдайы аздаған қақырықпен «құрғақ» жөтелге шағымданып келді. 20 жыл бойы шеккен шылымын соңғы екі жылда тоқтатқан. Соңғы алты ай бойы бірнеше жұқпалы аурулармен, оның ішінде ринит, бронхит және пневмониямен ауырған. Бронхоскопия жасағанда басты оң бронхында өспе анықталды. Өспе тінін гистологиялық зерттегенде онда қатерлі өспе жасушалары анықталды.
1. Қандай жайт бронх өспесі дамуының мүмкіндік себебі болуы мүмкін?
2. Науқастағы өспе дамуына шылым шегу қандай әсерін көрсетті? Жауапты негіздеңіз
3. Науқаста қабынулық аурулар дамуының патогенезін түсіндіріңіз
4. Науқаста өспеге қарсы төзімділіктің қай механизмдері әсерленуі тиіс еді:
а) канцероген әсер еткенде?
б) бронх эпителий жасушасының гендік бағдарламасының «өспелік трансформациясы» үрдісінде?
в) өспе жасушалары пайда болғанда?
№ 4 есеп. 46 жастағы науқас жиі макрогематуриямен несеп шығаруына және жалпы қимылсыздыққа шағымданды. Цистоскопия жасалып, өспелік түзінді табылып, ол тіннен және айналасындағы шырышты қабаттан кесінді алынды. Биоптатты гистологиялық зерттеуде өспелік тіннің дұрыс орналасқан жасушалардан тұратындығы, бірақ арасында атипиялық жасушалардың да кездесетіндігі анықталды. Науқас он жылдан аса тоқыма комбинатында анилиндік бояулар қолданатын бояғыш цехта жұмыс істейді.
1. Өспе дамуының мүмкіндік себебі қандай?
2. Анилиндік бояғыштар қандай канцерогендерге жатады? Осы топ канцерогендеріне сипаттама беріңіз
3. Морфологиялық атипия дегеніміз не? Жасушалық және тіндік атипияға сипаттама беріңіз
4. Науқастағы өспе даму тетіктерін түсіндіріңіз (канцерогенез сатыларын көрсетіңіз)
№ 5 есеп. Науқас С., 55 жаста, өкпе өспесімен келіп түсті. Кезекті тексеруде антидиурездік гормон деңгейінің жоғарылағандығы анықталды.
- Науқас организмінде гормон деңгейінің жоғарылауының мүмкіндік тетіктері қандай?
- Қандай клиникалық көрініс АДГ жоғарылауымен байланысты?
- Паранеоплазиялық синдром дегеніміз не, оның патогенезі қандай?
- Өспе жасушаларының атипиясы деген не? Атипия түрлерін атаңыз.
№ 6 есеп. Өспе әсерінен сүт безі алынып тасталған әйелде 3 жылдан соң омыртқасынан метастаз анықтап, цитостатиктер енгізу арқылы жойған. Дегенмен, 2 жылдан соң қабырғасында жаңадан метастаз анықталып, алдында енгізілген цитостатиктер тиімсіз болды. Жаңа өспе түйінінің жасушалары алғашқы өспеден гистологиялық айқын анаплазиямен ерекшеленді.
- Метастаздану деген не? Метастазданудың мүмкіндік жолдарын көрсетіңіз
- Метастаздану сатыларын атаңыз, патогенезін түсіндіріңіз
- Қабырғадағы жаңа метастазды емдеуде цитостатик дәрілер неге тиімсіз болды?
- Өспенің үдеуі деген не? Патогенезін түсіндіріңіз.
№ 7 есеп. Науқас А., асқазан өспесі диагнозымен, жарты жылда дене салмағының 10%-ын жоғалтты. Зертханалық тексеруде: гипогликемия, амин қышқылдары мен холестерин мөлшері азайғаны анықталды.
- Науқаста қандай жағдай дамыды?
- Науқастағы жағдайдың патогенезін түсіндіріңіз
- Мұндай синдром канцерогенездің қай сатысында байқалады?
- Өспе ауруларын емдеу ұстанымдарын көрсетіңіз
№ 8 есеп. Екі тышқанды бірдей мөлшерде сәулелендірді. Иммундық тапшылықты жағдайдағы тышқанда өспе туындау пайызы иммундық тапшылығы жоқ тышқанмен салыстырғанда жоғары болды.
1. Тышқандарда өспе даму себебі қандай? Канцерогенезді түсіндіріңіз
2. Өспе дамуындағы иммундық жүйенің рөлін түсіндіріңіз. Өспеге қарсы иммунитетте қандай жасушалар маңызды рөл атқарады?
3. Өспеге қарсы төзімділіктің тетіктерін сипаттаңыз
4. Өспеге қарсы төзімділікті жоғарылату әдістерін ұсыныңыз
№ 2 тапсырма. Сөзжұмбақты шешіңіз
Тігінен:
1. Эпителий тінінің қатерлі өспесі.
2. Қатерлі өспеге тән өсу сипаттамасы
3. Май тіндерінің қатерлі өспесі.
4. Дәнекер тіндерінің қатерлі өспесі.
5. Қалыпты жасушаны өспелік жасушаға айналдыратын ген.
6. Көп оралымды хошиісті көмірсутектерге жататын канцероген.
7. Өспенің өсу барысында қатерлілігінің күшеюі.
8. Түрін өзгерткен жасушалардың өсіп-өнуі болатын канцерогенез сатысы.
9. Белсенді емес онкоген, өсу және жасушаның нақтылану гені.
10. Басқа тіндерге тән антигендердің түзілуімен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы.
11. Өспелер пайда болуының вирустық – гендік теорияның авторы.
12. Өспе жасушаларындағы анаэробтық гликолиздің белсенділенуінің нәтижесін ашққан ғалым.
13 Өспелер пайда болуын туындататын патогендік жайт.
14. Өспе пайда болуында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибе жүзінде дәлелдеген жапондық ғалым.
Көлденеңінен:
15. Жасуша бөлінуін тежейтін ген
16.Канцерогендердің әсерін күшейтіп, бірақ өзі өспені туындатпайтын агент
17.Қалыпты жасушаның өспе жасушасына айналуымен сипатталатын, канцерогенездің бірінші сатысы
18.Протоонкогендердің санының көбеюі
19.Бұлшықеттер тіндерінің қатерсіз өспесі.
20. Қатерсіз өспенің өсу сипаттамасы.
21.Тері өспелелерінің туындауын күйенің әсерімен байланыстырған ағылшын хирургі.
22.Эмбриондық антигеннің пайда болуымен сипатталатын өспе жасушаларының антигендік атипиясы.
23.Өспелердің пайда болуында вирустардың маңызын тәжірибеде дәлелдеген ғалым.
24.Қатерлі өспелер кезінде дамитын жүдеу және жалпы әлсіздену синдромы.
25.Өспелер этиологиясында химиялық канцерогендердің маңызын тәжірибеде дәлелдеген жапондық ғалым.
26. Өспе жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығы.
27.Хромосома бөлшегінің жоғалуы.
28.Көп оралымды хош иісті көмірсутегінің тобына жататын канцероген.
29. Жоғалуы, қатерлі өспелерге тән анаплазияға әкелетін, үрдіс
30.Өспені алып тастағаннан кейін қайтадан пайда болуы.
31.Метаболизмдік айналудан кейін ғана, қалыпты жасушаның өспеге айналуын туындатуға қабілетті жайт.
32.Өспе жасушаларын тасымалдау салдарынан дамыған, кейінгі өспе түйіні.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Негізгі:
1. Ә.Нұрмұхамбетұлы. Патофизиология. – Алматы; РПО «Кітап», 2007. – С. 357 – 385.
2. Ә.Н.Нұрмұхамбетұлы. Клиникалық патофизиология.-Алматы; «Эверо», 2010.-С. 236-243.
3. Патофизиология // Под ред. Новицкого В.В., Гольдберга Е.Д. Уразовой О.И.– Москва: Изд-во ГЭОТАР, 2010., том 1 с.780-837
4. Патофизиология. Основные понятия. // под ред А.В. Ефремова. – Москва: ГЭОТАР-Медиа. – 2008. – С. 77-79.
5. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник для вузов. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2009. - С. 238-254
6. Патологиялық физиология бойынша сынамалық тапсырмалар // Қаза0 тіліне аударған М.Б.Байбөрі, редакциялаған Т.П.Ударцева, Н.Н.Рыспекова – Алматы.: изд-во «Эффект», ҚазҰМУ, 2007.- Б. 229 – 243
Қосымша
7. Патофизиология в схемах и таблицах: Курс лекций: Учебное пособие. Под ред. А.Н.Нурмухамбетова. – Алматы: Кітап, 2004. – С. 117-130.
8. Патологическая физиология п/р А.Д.Адо, М.А.Адо, В.И.Пыцкого, Г.В.Порядина, Ю.А.Владимирова. – М.: Триада-Х, 2002. – С. 290 - 314.
9. Патофизиология: Учебник для мед.вузов под/ред В.В. Новицкого и Е.Д. Гольдберга.-Томск: Том.ун-та, 2006, 366-400.
10. Литвицкий П.Ф. Патофизиология: Учебник: в 2 т. – М.: ГЭОТАР-МЕД, 2003. – Т. 1. – С. 586-623.
11. Рыспекова Н.Н. Патофизиология опухолевого роста (методическое пособие для студентов). Алматы, 2002.-58с.
12. Pathologic basis of disease. V. Kumar, A.K. Abbas, S.N. Fausto, 7th edition, 2004, P. 193-223.
13. Долгих В.Т. Опухолевый рост.- М.: Медицинская книга. –2001. -81с
БАҚЫЛАУ –
ситуациялық есептер мен сөзжұмбақтың шешілуін тексеру
Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 2688 | Нарушение авторских прав
|