АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Тесты по психиатрии

Прочитайте:
  1. IV. Контрольные тесты для проведения первого этапа экзамена
  2. А) Тесты на опознание
  3. А) Тесты на опознание
  4. А) Тесты на опознание
  5. А) Тесты на опознание
  6. А) Тесты на подстановку
  7. А) Тесты на подстановку
  8. А) Тесты на подстановку
  9. А) Тесты на подстановку
  10. А) Тесты на подстановку

Психиатрия пәні бойынша 5 курсқа арналған тест

Тапсырма № 1

Науқас К., 52 жаста. Қарап тексерген кездегі психикалық статусы: өз жасынан кіші көрінеді. Көңіл-күйі көтеріңкі, кең-пейілді-көңілді. Мимикасы тірі, тез өзгереді. Бет әлпеті көңілді. Көздеріне күлкі үйіріліп тұр. Әңгіме тақырыбынан тез ауытқиды. Бір сөзін аяқтамай жатып екіншісіне көшеді. Басқа адамдардың әңгімесіне килігеді, ескерту жасайды. Дауысы қырылдаған, әсершіл, қатты. Тақпақ айтып, өлең айтып, билеп беруге ынталана келіседі. Өзін «өмірдің артисті» деп есептейді. Өзін жас, талантты, күш-жігер мен энергияға толы деп деп сендіреді. Медбикелерге өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасаған. Өзіне ескерту жасаса ашуланады. Айналасындағылармен жиі қақтығысып қалады, алайда ашуы тез арада көңілді күйге алмасады. Өзінің жағдайын сынамайды. Болжамды диагнозы?

+ желікпе синдромы, қос полярлық бұзылыс аясында

- желікпе синдромы, шизофрениялық бұзылыс аясында

- желікпе синдромы, органикалық бұзылыс аясында

- желікпе синдромы, невротикалық бұзылыс аясында

- желікпе синдромы, психосоматикалық бұзылыс аясында

 

Тапсырма № 2

Науқас П, 48 жаста. Екінші қайтара түсіп отыр. Ауруханаға түскерден бірнеше күн бұрын тұйық күйге түсіп, оқшаулана бастаған. Біркелкі сұрақтар қоя берді «Ары қарай не болады?». Сонымен бірге әйелінен көз алмады. Госпитализация алдындағы түнінде ұйықтап жатқан әйелін шанышқымен жарақаттамақ болған. Дәрігермен әңгіме кезінде «Көрші үйден арнайы хабарлағыш көмегімен жасыл радиотолқындар сәуле шашады» дегенді айтқан. Әйелдердің, ерлердің балалардың дауыстарын естиді. Дауыстар мазмұнынан, олардың тыңшылар тобы екенін түсінген. Дауыстар адамдарды өлтіру, үйлерді өртеу қажеттігін айтады. Өзінің әйелінің де осы ұйымға кіргенін естіген. Дауыстар бұйрығы бойынша әйелі оның тамағына, сүтіне у қосып берді деп есептейді. Әйеліне шабуыл жасауын «қылмыскерлер бандасын» құрту деген тілегім деп түсіндіреді. Болжамды диагноз?

- шизофренияның кататоникалық түрі

- шизофренияның қарапайым түрі

- шизофренияның гебефрениялық түрі

+ шизофренияның паранойдты түрі

- шизофренияның фебрильді түрі

 

Тапсырма № 3

46 жастағы тексерілуші, бала күнінен мінезі тыныш және байсалды. 8-ші сыныптан соң құрылыс техникумына түскен, ол жерде бірге оқитын курстасының ықпалымен стипендия алғаннан кейін 200-250 мл шарап іше бастаған. Кей кезде осыдан соң құсу байқалған. Ішімдік ішуден рахат сезінбесе де, жолдастары тарапынан мінеушіліктен қорқып бас тарта алмаған. Техникумды аяқтағаннан соң әскерге шақыртылған, ол жерде мүмкіндік болса ішімдік ішіп отырған. Демобилизациядан соң құрылыста жұмыс істеген және айына 3-4 рет 200-300 мл арақ немесе 400-500 мл шарап ішіп отырған. Ішімдіктен соң құсу тоқтаған. 25 жасында үйленген және одан кейін бірнеше ай ішімдіктен бас тартқан. Соңынан бұрынғыдай қайта іше бастаған. Кей күндері кеше кешкісін не болғанын есіне түсіре алмаған кездері болған. Ішімдіктен бойын аулақ салуға тырысқан, әйеліне уәде де берген, бірақ бір стакан ішкеннен соң, тоқтай алмайтын болған. Күніне 500-600 мл арақ немесе 1 л шарапқа дейін ішетін болған. Мас күйінде дөрекі, ашушаң, жанжалдасқыш бола бастаған, осыған байланысты отбасылық қарым-қатынас бұзыла бастаған, жұмысында ескертулер алған. Отбасылық жанжалдардан кейін ішімдіктен тартынып көрген, бірақ онысы 1-1,5 айға ғана жеткен. Ондай кезеңдерде өзінжақсы сезінбеген. Таңертеңнен басы ауырып, жұмысқа ұзақ бейімделе алмаған. Кешке қарай қыдырып сергитін және көпке дейін ұйықтай алмайтын, ерте оянатын. Жетекші синдромды көрсете отырып клиникалық диагнозын негіздеңіз:

+ алкоголизмнің 1-ші сатысы, толеранттылықтың үдеу синдромы

- алкоголизмнің 1-ші сатысы, тұлғаның моральдық-адамгершілік төмендеу синдромы

- алкоголизмнің 1-ші сатысы, мөлшер бақылауды жоғалту синдромы

- алкоголизмнің 1-ші сатысы, қорғаныш құсу рефлексін жоғалту синдромы

- алкоголизмнің 1-ші сатысы, масаю түрінің өзгеруі синдромы

 

Тапсырма № 4

Науқас У., 35 жаста, алкогольды көп қолданғаннан қолдары мен аяқтарында ауырсынулар және парестезиялар пайда болған. Статуста – солғын тетрапарез, «қолғап» және «шұлық» түрімен сезімталдықтын барлық түрлерінің бұзылуы, вегетативтік бұзылыстар анықталады. Болжам диагноздын қайсысы дәлірек:

- Белл параличі

+ полинейропатия

- миопатиялық синдром

- афазия

- бульбарлы синдром

 

Тапсырма № 5

Ер адам 37 жаста, соңғы 3 айда қозулы, тежелулі, әйелдерге әдепсіз комплименттер айтады. Үнемі күлімсірейді, анық емес, айқын емес сөйлейді, қисынсыз қалжындайды. Қарапайым санағанда қателеседі, мәтел – мақалдардың ойын тіке түсіндіреді. Өзінің жағдайына деген сын жоқ.

Ең алдымен диагнозды растау үшін қандай диагностикалық зерттеу жүргізу керек?

- электроэнцефалография

- Вассерман реакциясы

- психологиялық зерттеу

- реоэнцефалография

+ ультрадыбысты зерттеу

 

Тапрсырма № 6

Науқастың туыстары кеңес сұрап келеді. Олар науқастың балалық шақтан қанағаттанарлық жағдайда өсіп жетілгенін айтады. 1 жыл бүрын 25 жасында мінез- құлқы өзгерді, үндемейтін, күні бойы бөлмесінің есік терезесін жауып отыратын болды. Науқастың күнделігінен «оны құпия қылмыстық ұйымның адамдары өлтіргісі келетінін» анықталды. Науқаспен әңгімелесу барысында кейбір қабылдау процесі бұзылғаны анықталды. Науқас қорғанып отырады. Тек ұзақ әңгімелесіп отыру барысында науқастың көршілері оның ізіне түскені, олардың жаңағы организация мүшесі екені анықталды. Науқас диагнозы қалай?

+параноидты шизофрения

- гебефренді шизофрения

- қарапайым шизофрения

- кататоникалық шизофрения

- дифференцияланбаған шизофрения

 

Тапрсырма № 7

15 жастағы жас өспірім. 4-5 ай бойы өзінің сырт бейнесіне өте көп көңіл бөле бастады, көп уақыт бойы өзі-өзіне айнаға қарап отырды, өзінен әр түрлі ақаулар табады, өзін-өзі «қорқынышты» етеді (тарбиған құлақ, мұрыны қисайған тәрізді). Қоршаған ортадағы адамдар оның артынан мазақ етіп күледі деп ойлады. Айтып түсіндіру мүмкін емес. Ол бет әлпетіне операция жасау мақсатында косметологқа барады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?.

-ипохондриялық

-котара

+дисморфоманикалық

–фреголи

–метаморфопсиялық

 

Тапрсырма № 8

Науқас эпилепсия ауруымен ауырғанына 5 жыл болды. Туған туысқандарының айтуынша бір уақытта түнеріп,үндемей бір орнында жылжымай, көз қарасы тұйықтанып,тәртібі қалыпты.Талмасы ұстағанда дем алатын үйге кіріп,тығылып,аяқ астында дем алып жатқан адамды өлтіріп тастаған.Полиция жауап алғанда өзі туралы ақпаратты шашыранқы, өзінің жасын шатастырды,кенеттен қатты ұйқыға кетті.Жетекші синдромды ата.

-делириозды

-дисфориялық

-параноидты

+сананың күңгіртенуі

-сомнолентті

 

Тапрсырма № 9

Неврапатологқа науқас ұйқысының бұзылуы бойынша жіберілді.Қарау барысында тәулігіне 1-2 сағат ұйықтайтынын айтты,бірақ соған қарамастан өте белсенді,түні бойы әдебиеттер оқиды.Әңгімелесу барысында монологқа тырысады,дәрігерге сұрақ қоюға мүмкіндік бермейді,үнемі бөле береді.Ойы жылдамдаған,көңіл –күйі жоғары.Жеңіл түрде эротикалық тақырыпқа секіріп кетеді,дәрігермен әңгімелесу арақашықтығын сақтамайды,жеңіл түрде "Сен" деп ауысып кетеді және айналадағылармен ерегіске түседі.Өзін мүмкіндік беруші адам деп санайды,мимикасы айқын,көзі жарқырап тұр,шырышты қабаты құрғақ.Науқаста қандай жетекші синдром?

-обсессивті синдром

-ипохондриялық синдром

-дементті синдром

-сенестопатиялық синдром

+ маниакальды синдром

 

Тапрсырма № 10

Психикалық бұзылысты анықтаңыз: науқас 82 жаста,өзінің балаларын және таныстарын танудан қалды. Өзінің қызын туған анасы ретінде «таниды». Ол өзін 18 жастамын деп санайды, «тұрмысқа шығуға дайындалады». Ерте балалық шағындағы оқиғалар есінде, бірақ соңғы уақыттағы оқиғалар есінде қалмаған. Амнестикалық бағдарлай алмау бар. Ұшқалақ, түнгі және кешкі уақытта бір жаққа кетуге жиналады, киімдерін жинайды, үйден шығуға тырысады. Көңіл-күйі кейде мейірімді,кейде ызалы. Жағдайды ата.

-депрессивті синдром

-апата-абулиялық синдром

-маниакальды синдром

+деменция

-фобиялық синдром

 

Тапрсырма № 11

Қыз бала 12 жаста, инфекционды мононуклеозбен ауырды.2 күн аралығында дене қызуы 40 градусқа шейін көтерілді. Төсекте жатып мазасызданады.Кілемнен қорықты,яғни дракон көретін,олар көптеген «кішентай динозаврларға» ауысады, «терезедегі перде тірі» деп санайды, көрінбейтін құбырларымен сөйлеседі, «яғни оған үй тапсырмасын әкелген», ертең емтихан тапсыруым керек деп сендіреді.Үдемелі қорқыныш пен үрейдің фонында одеалды саусақтарымен жөндей бастайды,көзі бадырайған және ашық түрде таңқалғандай,вегетативті реакция айқын.Масасыздану кешкі және түнгі уақытта максимальды дәрежеге жетеді.Бөлменің үлкен болғанын байқайды,бірақ төбе төмен түсіп келе жатқанын,ашық түс мазалайды.Науқаста қандай жетекші синдром?

-параноидты синдром

-гебефреникалық синдром

-депрессивті синдром

+делириозды синдром

-маниакальды синдром

 

Тапрсырма № 12

Науқас Л., 52 жаста. Тиреоидэктомиядан кейін және климактериялық кезең фонында мұңды және тұйық бола бастады.Кешке қарай жұмыста шаршағыштық,тәбетті мүлдем жоғалту,түнгі уақытта ояну және сосын ұйықтай алмады.Туыстарына ауырпашылық түсіре бастағанын байқады,яғни үйде ештеме жасамайды,үнемі төсекте жатып алады.Таңертең төсектен тұру қиынға соқты. Өзінің жеке қажеттілігінің болмауына байланысты өз –өзіне қол жұмсағысы келді.Сонымен қатар, тек қатты жүдегені емес қартайғанын байқады.Кеуде тұсының қысылуына және дем алғанда ауаның жетіспеуіне шағымданады.Науқаста қандай жетекші синдром?

-параноидты синдром

-гебефреникалық синдром

+депрессивті синдром

-делириозды синдром

-маниакальды синдром

 

Тапрсырма № 13

Науқас О.,31 жаста.Бөлімшеде ұзақ уақыт төсекке байлаулы болды.Сосын бірден күшті қозу басталды.Киімдерін лақтырып,басына бет орамал орап алды.Айналасындағыларға реакция жоқ.Шалқасынан жатып алады,кеудесін алақанымен жабып ұрады.Барлығын тыныш жасайды.Киіндіргенде және тамақтандырғанда қырсығады.Ал мамасы жеміс-жейдек әкелсе қызғанып тығып жейді.Бет терісі жылтыр,еріндерін бұртыйтып алған.

-гебефреникалық синдром

+кататоникалық синдром

-гипербуликалық синдром

-истериялық синдром

-ажитирленген депрессия синдромы

 

Тапрсырма № 14

Науқас Д., 38 жаста. Бір жыл бойы мас болған және бірнеше аптаға дейін созылған,ашық аралық 1-2 ай.Кезекті масаюдан кейін кешкі уақытта үдемелі үрейді және белгісіз қорқынышты басынан өткізеді,іше алмады, «үнемі жүрек айниды», айқын дірілдеу болды.терезе алдынан желмен қозғалып тұрған денені көрді.Жартылай өзін құшақтап көшеге жүгірді.Көше ерекше қорқынышты боп көрінді.Бұл сезім жартылай көмілген өліктің жерден шығып, оған қарай келе жатыр деп сезінеді.Үйге тығылды,балта дайындады.Жедел жәрдем қызметкерлерін «тірі өлік»деп санады. Бөлімшеде оны қинамауды сұрады және тезірек өлтіруді,түсіп келе жатқан төбені көрді,яғни одан біреу қарап тұр дейді.Уақыт пен орынға бағдары болды.Науқаста қандай жеткеші синдром?

-депрессивті синдром

+делириозды синдром

-маниакальды синдром

-параноидты синдром

-ипохондриялық синдром

 

Тапрсырма № 15

Бөлімшеде науқас ешкіммен қарым-қатынасы жоқ,төсектен тұрмайды,көрпемен бүркеніп алған,өз бетімен тамақ ішпейді, мед. қызметкерлер тамақтандырғанда ғана қасықты аузына апарғанда ғана ішеді.Өзіне - өзі қарамайды төсегін жинамайды,ішкі киімін ауыстырмайды. Жетекші синдром ата.

-апатиялық

+абулиялық

-астениялық

-депрессивті

-кататониялық

 

Тапрсырма № 16

Науқас А., пневманиямен ауырады,жоғары қызбада түнгі уақытта бөлмеде қабырғада,төбеде үлкен көлемді өрмекшілерді және басқа қорқынышты жәндіктерді көреді,яғни олар құлап және айналасында жүгірді.Қорқыныштан ол айқайлап,көмекке шақырып,тығылуға тырысты.Медицина қызметкерімен әңгімеде атын,жасын дұрыс айтты,бірақ қайда екенін түсінбеді,айналасындағыларды өзінің достары немесе туыстары деп атады.Науқаста қандай жетекші синдром?

-галлюцинаторлы синдром

+ делириозды синдром

-маниакальды синдром

-параноидты синдром

-ипохондриялық синдром

 

Тапрсырма № 17

14 жастағы жас өспірім. Сөйлеуінде бұзылыс бар, анық емес, сөз алмастыруы шектеулі, стереотипті. Бала кезінен психофизикалық дамуы артта қалған бала бақшаға бармаған алғашқы сөзін үш жасында ғана айтқан арнайы мектепте оқыған, бірақ 10-ға дейін санауды қиын үйренді, оқу білмейді, бірақ әріптерді жекелей оқи алады. Физиологиялық қажеттілігіне байланысты қызығушылығыда шектелген. Науқастағы жетекші синдромды табыңыз?

- дементті синдром

+имбецильді

- дебильді

- идиотия

- маразм

 

Тапрсырма № 18

Науқас дауысы қарлыққанша көп сөйлейді,кез-келген науқаспен сөйлесуге тырысады, бірақ соңғы жағын тыңдамайды,құштарлықпен басқаларға өлең арнайды.Санитарканың еден жуайындеп жатканын көрсе,көмектесуге ұмтылады,бірақ бастап жатқан бастамасын жылдам тастай салады,шахмат ойнап жатқан науқастарға кеңес береді. Ол өзінің іс-әрекетіне тұрақты емес,жылдам сөйлейды,көңіл күйі аса жоғары.

-эйфория

-кататоникалық қозу

+маниакальды қозу

-үрейлі қозу

-гипербулия

 

Тапрсырма № 19

Науқас К., 29 жаста өткір,кескіш және тескіш заттардан қорқатынына шағымданады. Оларды қолға алуға қорқады.Анасына жемістерді кесіп беруді өтінеді.Бұл жұмыста да, үйде де болады.Алдында бұндай жағдай болмаған,неден кейін басталғанын да білмейді.Қорқыныштың қисынсыз екенін түсінеді,бірақ бас тарта алмайды.Науқаста қандай жетекші синдром?

-обсессивті синдром

-параноидты синдром

+фобиялық синдром

-депрессивті синдром

-ипохондриялық синдром

 

Тапрсырма № 20

15 жастағы жас өспірім,қабылдау бөліміне жеткізілді.Сұрақтарға қатты күлкімен, ысқырықпен жауап береді. Әсерлі қалаптарды қабылдайды,дәрігерді кекетеді,бет –аузын тыжырайтады.орындықтан секіріп түседі,билей бастайды.Жылап алды,бірақ сол жерде ол барлығын ойнайтынын айтады.Науқаста қандай жетекші синдром?

-маниакальды қозу

-кататоникалық қозу

-делириозды қозу

+гебефреникалық қозу

-истериялық қозу

 

Тапрсырма № 21

Науқаста өте жоғары көңіл- күй,оған барлығы "қызғылт түс ретінде" қабылданады. Науқас өзімшіл,бірақ теріс аффектіге көңіл аудармайды,өзінің мүмкіншіліктерін аса бағалайды.Ойлау темпы жылдамдаған,әңгімелесуде алаңдаулы,бұл жағдай 2 аптаға созылған.Науқаста қандай жетекші синдром?

-эйфория

-дисфория

-эмоцияны ұстай алмау

+ маниакальды жағдай

-эмоциональды лабильділік

 

 

Тапрсырма № 22

Науқас еш нәрсеге қызығушылығы жоқ,сөйлеспейді,уақытты төсекте өткізеді.Күштеп столға отырғызады және қасықпен тамақтандырады.Жиі төсекке кіші дәретін жіберіп қояды және төсек жыбдығын ауыстыруды айтпайды.

-гипобулия

-стререотипия

-каталепсия

+апато - абулия

-гипербулия

 

Тапрсырма № 23

12 жастағы жас өспірімді ата -анасы дәрігерге әкеледі,олардың ұлы уақыт өткен сайын үйінен кетіп қала береді,қаңғиды,басқа қалаға кетіп қалады,вокзалдарда түнейді,Бір жағдайда басқа қалаға кетейіндеп жатқанда полиция поездан алып қалғанын айтады.Науқаста қандай жетекші синдром?

-клептомания

-пиромания

+дромомания

-дипсомания

-гипербулия

 

Тапрсырма № 24

Науқас көршісінің видеокамераның көмегімен оның қозғалысы мен сөзін бақылап бағыттап отырады деп айтады.Көшеге шығудан қашады,оның айтуымен «сәулелер жылдам жетеді». Науқаста қандай жетекші синдром?

+психикалық автоматизм

-маниакальды синдром

-психоорганикалық синдром

-депрессивті синдром

-Корсаков синдромы

 

Тапрсырма № 25

Науқас үйіне жөндеу жұмыстарын жасап жатқан кезде аяқ астынан қолына малярлы бояу жаққышты ұстап қатып қалды,сосын бояу жақыш түсіп қалды.Бұл бірнеше секундқа созылды.Осыдан кейін науқас абыржып қалды,бірден ойын жинақтай алмай қалды,толық амнезия болды.Науқаста қандай жетекші синдром?

-обнубиляция

-транс

-фуга

+абсанс

-дереализация

 

Тапрсырма № 26

Науқас шағымданады, "барлық қоршаған орта нақты мәнін жоғалты: орындықтар,адамдар – бәрі жарамсыз", "әлем түсініксіз,айқын емес,бос,пердеден көрінетіндей". Науқаста қандай жетекші синдром?

-жалған галлюцинация

-шынайы галлюцинация

+дереализация

-иллюзия

-деперсонализация

 

Тапрсырма № 27

Науқас ауыр,азаптанатын,жағымсыз сезімге,дененің және ішкі ағзалардың әр жерінен шығатын сезімге шағымданады.Сезім өте ерекше,науқас мынандай қылыққа ие болады: "баста атқылау сезімі","ми ауысып жатқандай","өкпеде өрт", "ішектердің айналып кетуі". Обьективті зерттегенде ішкі ағзаларда ақау болмайды.Қандай психопатологиялық сиптомды ойлауға болады?

-жалған галлюцинация

-шынайы галлюцинация

+сенестопатия

-гиперестезия

-гипостезия

 

Тапрсырма № 28

Науқас Д., 67 жаста "саркома"диагнозымен емделу үшін хирургиялық бөлімшеге жатқызылған.Бірақ радикальды операциядан бас тартты.Бас тартудың себебі, дәрігерлік диагноздың дұрыс қойылғандығына күмәнінің болуы.Бет аймағындағы ісінудің болуын "қандай да бір қабынумен байланыстырады".Тезірек шығаруды талап етеді және қосымша тексерілулерден бас тартады.Өзінің көз қарасына мықты сенім білдіреді.Жиі бір фразаны қайталайды "дәрігерлер жиі қателеседі".Шығарғаннан кейін емші көмегіне жүгінетіне өзін дайындайды.Науқастың ауруға деген көз қарасының типі?

-ипохондриялық

+ анозогнозиялық

-нормогнозиялық

-диссимуляция

-симуляция

 

Тапрсырма № 29

Науқас әйелі бар кезде дәрігермен байсалды әңгімелесті,кейін онымен жеке бөлмеде қалғанда аяқ астынан ауыр жазба приборын алып дәрігердің басынан бір ұрды.Содан кейін дәрігерлер оның бұл түсініксіз жағдайын анықтағанда мынаны айтты: бірнеше жыл бұрын бұл дәрігер науқастың жеке заттарын тексерген кезде оның сіріңкесін қауіпті зат болғандықтан алған екен.Бұл науқасты ренжіткен,үнемі оны есіне алған және қалай кек алуды іздеген.Бұндай іс-әркет қандай ауруға тән?

-невроз

-сенильді деменция

+эпилепсия

-маниакалды-депрессивті психоз

-органикалық галлюциноз

 

Тапрсырма № 30

Науқас В., 35 жаста.Операция жасағанда (холецистэктомия 2 ай бұрын) хирург оған тігіспен бірге аппаратты қосып тігіп қойды,онымен мені тыңдайды деген шағыммен психиатрға келеді.Науқас нақты аппарат іш қуысында орналасқанын, одан жылуды сезетінін, дыбыстарды еститінін,науқасқа бағыт беретінін айтады.Керемет ғылыми зерттеуге қатысқанын айтады,мадақтауды қажет етеді.Әңгімелесу барасында үндемейді немесе басқа нәрсені тыңдайды.Синдромды атаңыз:

-паранойяльды синдром.

-Котар синдромы

+параноидты синдром.

-ұлылық ой синдромы

-жабысқақ ойлар синдромы


Тапрсырма № 31

Жұмыс қызметкерлері қабылдау бөліміне шұғыл түрде әріптесіне көмектесуді сұрап келеді,ренжітпейтін ескертуге бола өз жұмыс орнынан атып тұрап,"жәбірленушіні"балағатай бастады.Оны сызғышпен ұрғысы келді, әдепсіздік көрсетіп боқтау сөздер айтты,ызалы болды.Бұл жағдай 10 мин.-қа созылды.Сосын оның мінез-құлқы бірден өзгерді, тынышталды және жұмыс істеуге отырды.Әріптестерінің айтуынша бұл жағдай үзіліссіз күн сайын қайталайтын болған.Бұл кезеңде есі сақталған.Науқаста қандай жетекші синдром?

-галлюциноз

-маниакальды қозу

+дисфория

-параноидты синдром

-делирий

 

Тапрсырма № 32

Науқас М., 30 жаста. Психиатриялық стационарда жатыр.3 күн арасында әңгімеге мүлдем түскен жоқ,бөлімшеде ешкіммен араласпай өзімен- өзі жүреді.Біраз уақыт өткеннен өзін басқа әлемде болғанын,ол әлемде әр адамның өзінің нақты нөмері болатынын айтады.Науқастың нөмері 1110.. «Барлық адамдар және мен жатып қозғалдық барлығы сары тұманда болды». Бүкіл әлемнің адамдары теңіз тілінде сөйлейді.Қорқынышты болды,бірақ қызық.Өкінішті менің ол жақтан қайтып келгенім».Синдромальды диагноз?

-сананың күңгіртену синдромы.

-аментивті синдром.

-амнестикалық синдром.

-Котар синдромы.

+онейроидты синдром.

 

Тапрсырма № 33

Психиартиялық ауруханада эпилепсиямен ауыратын науқаста құрысу ұстамасы ұстады,ол науқастың тілін тістеумен және кіші дәретін жіберумен сипатталды.Ұстамалар аралығы 5-10 минутта қайталанып отырды.Ұстамалар арасында науқас коматозды жағдайда болып отырды.Аталған препартаттардың ішінен қайсысын бірінші тағайындар едіңіз?
- галоперидол
+ седуксен
- корглюкон
- оксибутират натрия

 

Тапрсырма № 34

Науқас күндіз туыстарының қатысуымен араздасып қалып диваннан құлап түсті,көзі айналып кетті.Қолдарында тоникалық ұстама пайда болды,ол 5минутқа созылды және дененің клоникалық ұстамаға ауысты,тілін тістеген жоқ,еріксіз зәр шығару болған жоқ.Барлық ұстама 15 минутқа созылды.Науқаста қандай жетекші синдром?

-жайылған тонико-клоникалық ұстама

-Джексон ұстамасы

+истериялық ұстама

-сананың күңгіртенуі

-абсанс

 

Тапрсырма № 35

Неврапатологқа науқас ұйқысының бұзылуы бойынша жіберілді.Қарау барысында тәулігіне 1-2 сағат ұйықтайтынын айтты,бірақ соған қарамастан өте белсенді,түні бойы әдебиеттер оқиды.Әңгімелесу барысында монологқа тырысады,дәрігерге сұрақ қоюға мүмкіндік бермейді,үнемі бөле береді.Ойы жылдамдаған,көңіл –күйі жоғары.Жеңіл түрде эротикалық тақырыпқа секіріп кетеді,дәрігермен әңгімелесу арақашықтығын сақтамайды,жеңіл түрде "Сен"ауысып кетеді және айналасындағылармен ерегіске түседі.Өзін мүмкіндік беруші адам деп санайды,мимикасы айқын,көзі жарқырап тұр,шыршыты қабаты құрғақ.Науқаста қандай жетекші синдром?

-обсессивті синдром

-ипохондриялық синдром

-дементты синдром

-сенестопатиялық синдром

+маниакальды синдром

 

Тапрсырма № 36

Науқас А., 53 жаста ұзақ уақыт жүректің қайталамалы стенокардиямен сиппаталатын ишемиялық аурумен ауырады.Госпитализацияға дейін кардиологиялық бөлімшеде стенокардия ұстамалары тыныштық жағдайларда пайда болды,жүрек жеткіліксіздік синдромдары пайда болды.Науқас қозғыштыққа,қатты дауыстарды,жарықты көтере алмауына, ұйықтай алмауына шағымданады.Әңгімелесу барысында тез шаршайды,ауруы жайлы сөз айтқанда көзіне жас келеді.
Науқаста қандай жетекші синдром?
- депрессивті синдром
+астеникалық синдром
- истериялық синдром
- обсессивті синдром
-фобиялық синдром

 

Тапрсырма № 37

Науқас П., 33 жаста қабылдау бөлімінде 13-ші қасиетті адам екенін айтады,кеше өлгендей,бүгін тірі мен көршілерімді үйлерінде тірілтім,яғни өлі болғандарды.Барлық өліктер оның денесінде«өлмейтін жан»деп айтады.Гипноз өткізуді ұсынды.Бүкірейген қалыпты ұстайды, хаотикалық қозғалыстарды қолмен жасайды.Үнемі дауыстар естиді,олар «жүректен» шығады.Ал кешке қарай «адамдардың жылағанын»естиді,олар тозақта қиналып жатады.Ол өзін құдайдың оны ерекше күш иесі деп таниды деп санайды,ол «Христа жасына»жеттім деп есептейді. Синдромды атаңыз.

-жедел галлюциноз.

-паранойяльды синдром.

-параноидты синдром.

+парафренды синдром.

-онейроидты синдром.

 

Тапрсырма № 38

Науқас 44 жаста,жайылмалы инфаркт миокардтын басынан өткізген.Инфарктқа дейін жүректе ауырсыну сезімін сезбеген,өзін толық саумын деп есептеген.МСЭК шешімі бойынша оған 2 топ мүгедектік берілген.Психиатр кеңесіне өзіне қол жұмсау әрекеті бойынша жіберілген.Қарау барысында: бағыты сақталған,көңіл –күйі төмендеген.Ауыруы жайлы сөз айтқанда көзіне жас келеді.Өзін ауыр дәрежеде аурумын деп санайды,тез шаршайды,есінің төмендеуіне,көңіл аударудың бұзылысына,өмірлік қызметтерін жаманға бағалайды,жазылатынына сенбейді. "Жанұясында масыл болғысы келмейтінін"айтады.Моторлы және идиаторлы тежелу анықталмайды. Сандырақ және елес жоқ. Өзіне қол жұмсауды жоққа шығарады ("оны ақымақтықтан айтқанын айтады").Науқастағы жетекші синдромды атаңыз?
- обсессивті синдром
- истериялық синдром
- астеникалық синдром
+ астено-депрессивті синдром
- фобиялық синдром

 

Тапрсырма № 39

Науқас қозғалыссыз төсекте отыр,көз қарасы бір кеңістікке бағытталған.Мимикасы жойылған.Сұрақтарға біркелкі жауап береді,қайталап сұрағаннан кейін.Уақыт өте айналасындағыларға фантастикалық әлемді,инопланетян тұрғындарын,басқа әлемді көретінін айтады.
Науқаста қандай синдром?
- параноидты
- делириозды
+онейроидты
- иллюзорлы
- паранойяльды

 

Тапрсырма № 40

Науқас О., 31 жаста.Бөлімшеде ұзақ уақыт төсекке байлаулы болды.Сосын бірден күшті қозу басталды.Киімдерін лақтырып,басына бет орамал орап алды.Айналасындағыларға реакция жоқ.Шалқасынан жатып алады,кеудесін алақанымен жабып ұрады.Барлығын тыныш жасайды.Киіндіргенде және тамақтандырғанда қырсығады.Ал мамасы жеміс-жидек әкелсе қызғанып тығып жейді.Беті терісі жылтыр,еріндерін бұртыйтып алған.

- гебефреникалық синдром

+кататоникалық синдром

- гипербуликалық синдром

- истериялық синдром

- ажитирленген депрессия синдромы.

 

Тапрсырма № 41

Науқас С., 19 жаста жауынгер.Психиатриялық ауруханаға өзіне қол жұмсау бойынша жеткізілген.Өмір сүргісі келмейтінін айтады, «өмір ешқандай жарықсыз». Тамақтан,туыстарымен жолығудан бас тартады.Сосын біраз уақыттан кейін бұл жағдай 15 жастан бастап жыл сайын болатынын айтады, әсіресе жиі көктемде.Армияға шақырғанда ауруын жасырған.Барлығы өтіп кетеді деп ойлаған.Синдромды ата?

+депрессивті синдром.

- астеникалық синдром.

- астено-невротикалық синдром.

- кататоникалық синдром.

- ипохондриялық синдром.

 

Тапрсырма № 42

Науқас 24 жаста. Психиатриялық стационарда 5 жыл көлемінде жатыр. Галоперидол емін тағайындарға дейін науқаста өзекті сандырақ, елес күйзелістері болды. Жиі дәрігердің бөлмесіне кіріп келіп, "Мазақ қылуды доғарыңдар, аппаратты өшіріңдер, ол менің ойларымды ұрлап, басқа ойлар салады",- дейді. Науқас Н.–ды ұрып соғып, оның аппараттың иесі жіберган аңдушысы деп айыптады. Галоперидолды қабылдағаннан бастап жағдайы біршама жақсарды: дәрігермен амандаса бастады, "эксперименттерге" қатысты шағымы жойылды. Әңгімелесу барысында айтады оның әлі де ойын оқитынын, "экспериментаторлардың"ол жайлы айтқан әңгімесін еститінін айтады. Бірақ олардың барлығына бұрыңғыдай емес салғырт қарайды, "Мен енді оларға көңіл аудармаймын" деп жауап береді. Белсенді түрде еңбек жұмыстарына араласады.

Науқаста қандай жетекеші синдром?

- амнестикалық синдром

+параноидты синдром

- гебефренялық синдром

- парафренді синдром

- энцефалопатиялық синдром

 

Тапрсырма № 43

Науқас 48 жаста, невропатологтің есебінде қояншық диагнозымен есепте тұрады. Кенеттен сыпайы, тілі тәтті мед. қызметкермен жақсы қарым қатынаста болады. Аяқ асты мінез-құлқы өзгеріп шыға келеді,науқастармен жанжал шығарады,көңіл күйі төмендеп қатыгез,қатты айқайлап, зарлап науқастарға жаман қарым-қатынаста болады,емхананың басшыларының келуін сұрайды.Екі тәуліктен кейін көңіл күйі қайтадан орнына келеді.

- депрессивті

- маниакальді

- психоорганикалық

+дисфориялық

- неврастениялық

 

Тапрсырма № 44

Жақында медицина институтын бітірген аймақтық дәрігер (асқазан рагы, терминальді сатысы) үйінде қарау кезінде, рактың этиологиясы туралы мағлұмат айтуға шешті. Ол науқастың әйеліне ғылымның соңғы жаңалықтрына сүйене отырып «рак- вирустық ауру және ауру адаммен қатынастан сақтану керек» екенін ескертті. Қорқыныш- үрейлі мінезді әйелі науқас күйеуіне рактік ісікті жұқтырып алу қаупінен сескеніп, күйеуіне күтім жасауды доғарды және емханаға тексерілуге шешім қабылдады. Тексерілу қортындысы теріс болғанымен қорқыныш сезімі кетпеді. Бүл аздай,үрей сезімі үдей түсіп, науқас өзінің үрейіне дәлел ретінде соңғы айда 10 кг салмағын жоғалтқанын мысалға келтірді. Нәтижесінде науқас психиатрға консультацияға жіберілді және ауруханаға жатқызылды. Үрей бұзылысының себебі қандай?

+ятрогенді

- эндогенді

- соматогенді

- генетикалық

- экзогенді-органикалық

 

Тапрсырма № 45

Науқас дауысы қарлыққанша көп сөйлейді, науқастардың кез келгенімен сөйлесіп кетуге тырысады, бірақ соңғысын тыңдамай, басқа адамға қызығушылықпен өлеңдерін оқиды. Еден жуып жүрген санитарды көрсе жүгіріп барып, оған көмектесе бастайды, бірақ сәлден соң оны тастап, шахмат ойнап отырғандарға кеңес бере бастайды. Жаңылтпаштармен сөйлейді, көңіл күйі көтеріңкі.

- эйфория

- кататоникалық қозу

+маниакальді қозу

- үрейлі қозу

- гипербулия

 

Тапрсырма № 46

Хирургтан барлық iшкі мүшелерінің тұрақты сырқыраған ауруының зардабын сұрады. Тексеруде науқас Н., 5 ай шамасында 5-6 кг арықтағанын анықтаған.Тәбеті жоқ және дәмдi сезбейді, ерте оянады. Етек кірі ерте келген. Ештеңеге құлқы жоқ,ештеңе істегісі келмейді. Суицид ойлары және тенденциялар айқындалмаған. Хирург тексеруінде өт жолының үлкейгендігі анықталды. Жетекші синдромды атаңыз?
- ипохондрия
+жабығу
- алқыну
- обсессивті
- фобия

 

Тапрсырма № 47

Науқаста операциядан кейiн тексергенде дене кызуының, СОЭ, лейкоцитоздың жоғарлағаны анықталды. Мазасызданып кеттi. Әңгiмеде жиi алаңдайды. Төсекке жиi секiрiп мiнедi, төсектен жастықтан бірдеңе iздейді, жан- жағына қарап қояды, төсек-орынды ақтарып-төңкерiп қарайды, қабырғадан қолмен шыбын-шiркейлер ұстауға тырысады. Кейде қорыққаннан жан-жаққа қарап, өзiмен-өзi сөйлеседi. Жетекші синдромды ата?
- галлюцинаторлы синдром
- параноидты синдром
+делириозды синдром
- сананың күнгіртенуі
- аментивті синдром

 

Тапрсырма № 48

Науқас С.,45 жаста. 10 жылдай арақ ішкен,соңғы 2 аптада арақты тоқтамай ішкен,тәулігіне 1 лит. мөлшерінде. 1-2 күн арақ ішкенін тоқтатқан.Асқазанының ауырғанына шағымданған. Хирург тексергенде асқазанының ойық жарасының тесілгенін анықтаған. Реанимация бөлiмшесінде асқазанның ойық жарасына операция жасалған. Екі күннен кейін палатаға келген бойда ауруларға тығылуға бұйрық берген. Дәрігерге қарсы жұмыс жасау керек. Қызметшілер жiптердi оған таратқанын және ұштастыруы бойынша тәжiрибесi өткiзуге түнде уәделескен. Бұл істі коридорда жалғастыру керек. Психиатриялық стационарға ауыстырғанда, науқас кешкі мезгілде үнемі күбірлеседі. Бұл құпия болғандықтан дәрігерге айтпауға бұйыратынын хабарлады. Жоспарда қай мүшені алу керек екенін, оны шетелге өткізу керек. Орны, уақыты тағайындалған, бағытталған. Жетекші синдромды ата?
- жабығу синдромы
- делириозды синдром
- желiкпе синдромы
+ параноид синдромы
- ипохондриялық синдром

 

Тапрсырма № 49

Науқас шошымал, қиын дем алады, беті қызыл, терлеген. Көзіне ұсақ хайуанаттарды көрінгенін (егеуқұйрық,кішкентай сиырлардың, қара өрмекшілердің) үстінде жүргенін сезеді. Қолдармен бұлғайды, кереуеттің астына қарайды, айқайлайды.Қоршаған ортаны анық белгілей алмайды (аурухананы сырахана деп қабылдайды). Қоршаған ортаны анық біледі,есі анық.

-параноидты

-галлюцинаторлы

+делириозді

- онейроидті

- аментивті

 

Тапрсырма № 50
Науқас 27 жаста шағым жасады, ол өзіне түсініксіз және күтпеген жағдайда басқа қалада өз-өзіне келді.Ессіз сапар уақытынан кейін, науқас қобалжыған күйде, өз ойына терең берілген адамның күйін көрсетеді. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

-фуга

+транс

-Кандинский - Клерамбо синдромы

-сомнамбулизм

-абсанс

 

Тапрсырма № 51

Науқас М., 65 жаста. Жаңа пәтер алғаннан кейін ауырып қалды. Жаңа ортаға үйрене алмағандықтан, үрейлі, жаман жағдайларды күтті. ұйқы, асқа деген тәбетті нашарланды.Үй шаруасымен айналасуды тоқтатты. Үрей күннен-күнге үдей түсті, осыған байланысыты психиатриялық стационарға жатқызуға жолдама алды. Бөлмеде әрі-бері жүріп өзіне орын таба алмай жүр. Көңіл күйі төмен, Үнемі үйінде бір нәрсе болып қалғандай жағдайда жүрді.Синдромды атаңыз?

-астеникалық

-ипохондриялық

-депрессивті

-кататоникалық

+үрейлі –депрессивті

 

Тапрсырма № 52

Науқас шағым жасады, барлық елдің полициясы оның артынан ауруханада да аңдиды – осында көп "тыңшы".Оны аңдуда оның ақшасын алмақшы, атқарған лауазымынан түсірмекші болады. Санасының бұзылуы. Критикасының болмауы. Тәртібі өзінің уайымдауына сәйкес: әділеттіліктің орнын алғанын қалайды, арыз жазады, - "тыңшыларды" өзінен алшақтатқанды сұрайды, Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

-паранойяльды

+парафренды

-параноидты

-Кандинский – Клерамбо синдромы

-Котара синдромы

 

Тапрсырма № 53

Науқасты қабылдау бөліміне полиция қызметкерлері жеткізді. Қабылдау бөлімінде: шиеленісті, жауызды, көршісі өз пәтерінде аппарат орнаты, сол арқылы науқастың ойларын магнитафонға жазып жүр және ол оған өз ойларын салады деп мәлімдейді. Кейде арнаулы аппаратпен оған тіл тигізетін, радиоапараттар жасайды. Соңғы уақытта көршісі науқастың өзі қаламаған жерге мәжбүрлейді, жаман боқтау сөздерді және оған жасанды көтеріңкі көңіл күйді шақыртады. Көршісіне пышақ тықпақшы болады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

-фрегол синдромы

-Катера синдромы

-Котара синдромы

-интерметаморфоз синдромы

+Кандинский – Клерамбо синдромы

 

Тапрсырма № 54

Науқастың жазуы бойынша: “Мама! Мен психиатриялық ауруханадамын (нерв) жүйкелерін емдеу керек деп айтты, Мұнда оғаш жағдайлар болып жатыр. Кеше әлдеқайдағы адамдар келді, бұл- сенің күйеуің, ұлын, қызын деп сендірді. Олар менің үй ішілірім деп сендірмек болды, бірақ маған айтар-айтпастан олардың барлығы жалған болғандығы және бөгде адамдар болғандығы мәлім болды. Бұл қандай мақсатта жасалды? Тезірек келші, маған көмектеші”. Науқастың жетекші синдромын атаңыз.

– Каннера синдромы

– Кандинский – Клерамбо синдромы

– Котара синдромы

– Корсаков синдромы

+ Капгра синдромы

 

Тапсырма № 55

Ата-анасы 5 жастағы баласының ойындарындағы оғаш мінез-құлықтарын байқай бастады. Ол ұзақ уақыт бойы және төзімді ойының кейіпкерлері болып, кейбір тәртіп бұзылушылықтары байқалады. Ол қалай "ит" дегенді өз ойында бейнелейді, көшеден келгенде сүйек (косточка) сұрайды, үредi, ата-анасымен сөйлеспейді, түсіндіруі бойынша: «иттер сөйлемейді». Науқастың жетекші синдромын атаңыз.

-аса бағалы ой

+ қиялы сандырақ

-елестеу сандырағы

-паранойяльды синдром

-деперсонализация синдромы

 

Тапрсырма № 56

14 жастағы жасөспірім, түнгі уақытта тұрып пәтерді аралайды. Тіпті терезені ашып немесе жабық есікті ашады, далаға шықпақшы болады. Төсекке жатқызу мүмкін емес. т.б. қарсылық көрсетеді, агрессивті күйде болады, атын атағанда үндемейді. Кейін біраз уақыттан соң бағындырмалы болды. Таңертең басым ауырады деп шағымдалады, болған жағдай есінде жоқ. Ерте жаста сирек эпилепсиялық ұстама белгілері байқалды. Мектепте оқу үлгерімі нашарлады. Энуретикалық эпизодтар түнгі уақытта айқын белгіленді.

-сомноленция

-кататоникалық саңдырақ

-гебефреникалық саңдырақ

+сомнабулизм

-деперсонализация синдром

 

Тапрсырма № 57

Науқас 31 жаста, қатыгез-жабыраңқы болып қалды. Қоршаған адамдардың оған деген қарым-қатынастың нашарлауына шағымдалады, көршісіне пышақ салмақшы болған, әйелі мен баласын қатты ұрып соқты. Бұл күй аяқ асты басталып, аяқ асты бітті. Депрессивті жетекші синдромды атаңыз.

-депрессивті

-паранойяльді

-психоорганикалық

+дисфориялық

-амбулаторлы автоматизм

 

Тапрсырма № 58

7 жастағы қыз, психикалық қозу кезінде, көзіне көру елестері белгіленді, одан өрмекшілер қашып жүргенін, үлкен құмырсқаларды көрді. Көздің қарашығы кеңейіп, тахикардия байқалды. Ата-анасының айтуы бойынша, ауырмай тұрып бала орманда жолдастарымен ойнады. 3 күннен кейін бала психоздан шықты, бірақ болған жайыттар туралы еш нәрсе білмейді. Дәрігермен әңгімелесуде, ауырмай тұрып бір «шөп» жегенін айтты. Науқастың жетекші синдромын ата.

-сананың күңгіртенуі

-онейроид

-сомнолентті

+делириозді

-аментивті

 

Тапрсырма № 59

15 жастағы жас өспірім. 4-5 ай бойы өзінің сырт бейнесіне өте көп көңіл бөле бастады, көп уақыт бойы өзі-өзіне айнаға қарайды, өзіне әр түрлі ақаулар табады, өзін-өзі «қорқынышты» етеді (Тарбиған құлақ, мұрны қисайған тәрізді). Қоршаған ортадағы адамдар оның артынан мазақ етіп күледі деп ойлады. Айтып түсіндіру мүмкін емес. Ол бет әлпетіне операция жасау мақсатында косметологқа барады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз?

-ипохондриялық

-котара

+дисморфоманикалық

-фреголи

-метаморфопсиялық

 

Тапрсырма № 60

Науқас қоршаған ортаға сәйкес емес, бірақ әрекеттері мен істері сақталып қалды. Сол уақытта ол сандырақ ойларын,қатты қорқыныш күйдегі галлюцинациясын, сағынышын, ашуы туралы айтады. Науқас тез заланады, ол орынсыз үрейленеді немесе кісі өлтіруге мағынасыз ашуланады. Мынадай күйлер тез басталып, тез аяқталады. Науқастың жетекші синдромын атаңыз.

-делириозды

-онейроидты

-аментивный

+жай сананың күңгіртенуі

-дисфориялық

 

Тапрсырма № 61

Бір күні науқас жұмысқа келе жатқанда, қала көлігіне мініп,кенеттен мағынассыз қаланы аралап кетті.Кездескен таныстарына жабыраңқы, көңілсіз қобалжулы, күрделі емес сұрақтарға жауап береді, бірақта қандай да психикалық өзгерістер қоршаған ортаға байқалмаған.Науқастың айтуынша ол бұл көшеде бұрын болмағандығы жайында,түскі уақыт болып қалғандығын хабарлады, бірақ ол ештеңені есіне түсіре алмады, қайда болғандығын не істегенін.Науқастың жетекші синдромын атаңыз.

-фуги синдромы

+сананың күңгіртену синдромы

-онейроидты

-сомнолентті

-дереализация

 

Тапрсырма № 62

Жас адам дәрігерге қаралды. Ол әңгімесінде жолдастарымен институттан бірге шыққандығын айтты. Аяқ асты ол әлдеқандай шұғыл бұрылды және жолдың арғы жағына қарай жүгірді. Орнында тұрып қалдыда, үстіндегі сыртқы киімін тез шешті. Тез арада өзінің әрекеттерін тоқтатты да, өзінің жолдастарына аң- таң болып қарады.Өзінің тәртібіне аң- таң болып қарап, абыржып тұрып қалды да, жан –жағындағыларға алақ-жұлақ қарады.

-сананың күңгіртенуі

-сомноленттік

+фуги синдромы

-делириозді

 

Тапрсырма № 63

Науқас шошымалы, қиын дем алады, беті қызыл терлеген. Көзіне ұсақ хайуанаттарды көрінгенін(егеуқұйрық,кішкентай сиырлардың, қара өрмекшілердің) үстінде жүргенін сезеді. Қолдармен бұлғайды, кереуеттің астына қарайды, айқайлайды.Қоршаған ортаны анық белгілей алмайды (аурухананы сырахана деп қабылдайды). Қоршаған ортаны анық біледі,есі анық.

-параноидты

-галлюцинаторлы

+делириозді

-онейроидті

-аментивті

 

Тапрсырма № 64

Науқас 48 жаста, бас невропатологтің есебінде қояншық диагнозымен есепте тұрады. Кенеттен сыпайы,тілі тәтті персоналмен жақсы қарым- қатынаста болады.Аяқ асты мінез-құлқы өзгеріп шыға келеді,науқастармен жанжал шығарады,көңіл күйі төмендеп қатыгез,қатты айқайлап зарлап науқастарға жаман қарым-қатынаста болады,емхананың басшыларының келуін сұрайды.Екі тәуліктен кейін көңіл күйі қайтадан орнына келеді.

-депрессивті

-маниакальді

-психоорганикалық

+дисфориялық

-неврастениялық

 

Тапрсырма №65

Науқас қояншық ауруымен ауырғанына 5 жыл болды. Туған туысқандарының айтуынша бір уақытта түнеріп,үндемей бір орнында жылжымай, көз қарасы тұйықтанып,тәртібі қалыпты.Талмасы ұстағанда дем алатын үйге кіріп,тығылып,аяқ астында дем алып жатқан адамды өлтіріп тастаған.Полиция жауап алғанда өзі туралы ақпаратты шашыранқы,өзінің жасын шатастырды,кенеттен қатты ұйқыға кетті.Жетекші синдромды ата.

-делириозды

-дисфориялық

-параноидный

+санаың күңгіртенуі

-сомнолентті

 

Тапрсырма №66

Бас ми жарақаттымен қабылдау бөліміне науқас түсті.Науқас қоршаған ортаға ешқандай әсері жоқ.Сұраққа жауап бермейді. Көз қарашығы жарыққа төмен.Патологиялық рефлексі әлсіз.Ауырсыну синдромы толық жоғалған.Жетекші синдромды ата.

-сомнолентті

-обнубиляторлы

+сопорозды

-коматозды

-аментивті

 

Тапрсырма № 67

Бөлімшеде науқас ешкіммен қарым- қатынасы жоқ,төсектен тұрмайды,көрпемен бүркеніп алған,өз бетімен тамақ ішпейді,мед.қызметкерлер тамақтандырғанда ғана, қасықты аузына апарғанда ғана ішеді.Өзіне- өзі қарамайды төсегін жинамайды,ішкі киімін ауыстырмайды. Жетекші синдромды ата.

-апатиялық

+абулиялық

-астениялық

-депрессивті

-кататониялық

 

Тапрсырма № 68

Науқас В., 35 жаста.Операция жасағанда (холецистэктомия 2 ай бұрын) хирург оған тігіспен бірге аппарат қосып тігіп қойды,онымен мені тыңдайды деген шағыммен психиатрға келеді.Науқас нақты аппарат іш қуысында орналасқанын, одан жылуды сезетінін,дыбыстарды еститінін,науқасқа бағыт беретінін айтады.Керемет ғылыми зерттеуге қатысқаны айтады,мадақтауды қажет етеді.Әңгімелесу барасында үндемейді немесе басқа нәрсені тыңдайды.Синдромды атаңыз.

-паранойяльды синдром.

-Котар синдромы

+параноидты синдром.

-ұлылық ой синдромы

-жабысқақ ойлар синдромы

 

Тапрсырма № 69

Науқас В., 22 жаста Банк қызметкері 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Тамағындағы үнемі ауырсынуға шағымданады, «жұтқыншақ туберкулезімен ауруымен ауыратынын,тамағым шіріп жатыр,тістерім түсіп қалды,миым еріп кетті деп айтады.Жүруден бас тартады, яғни «барлық ішкі құрылысым жабысып қалған».Ол өзін «тірі өлікпін»,-деп санайды. Эмоциональды фон төмендеген.Қарым-қатынастан бас тартады «аузымның іші тола микроб» деп санайды. Синдромды ата.

+Котар синдромы.

-паранойяльды синдром.

-депрессивті- параноидты синдром.

-ипохондриялық синдром.

-параноидты синдром.

 

Тапрсырма № 70

Науқас М., 30 жаста. Психиатриялық стационарда жатыр.3 күн арасында әңгімеге мүлдем түскен жоқ,бөлімшеде ешкіммен араласпай өзімен өзі жүреді.Біраз уақыт өткеннен кейін өзін басқа әлемде болғанын,ол әлемде әр адамның өзінің нақты нөмері болатынын айтады.Науқастың нөмері 1110. «Барлық адамдар және мен жатып қозғалдық барлығы сары тұманда болды.Бұл әлемнің адамдары теңіз тілінде сөйлейді.Қорқынышты болды,бірақ қызық.Өкінішті менің ол жақтан қайтып келгенім».Синдромды ата.

-сананың күңгіртену синдромы.

-аментивті синдром.

-амнестикалық синдром.

-Котар синдромы.

+онейроидты синдром.

 

Тапрсырма № 71

Науқас В., 32 жаста.Бөлімшеде қобалжыған,өзінің атын,мекен-жайын,қызметін айта алмайды.Вокзалда поездан қалай шыққанын және кафеде бір шөлмек сыра ішкенін біледі.Одан кейінгі оқиғаларды (2 күн өткеннен кейінгі) есінде жоқ.Ауруханаға қалай түскенін білмейді,бірнеше күн өткенен кейін және ем қабылдағаннан кейін биографиялық мәлімет берді (үйдің мекен-жайын, телефон, фамилия).Қызметкердің 2 күн бұрын болған оқиғаны айтуына сенімсіздікпен қарайды. Синдромды ата.

-онейроидты синдром.

-амнестиалық синдром.

-апатикалық синдром.

+сананың күңгіртену синдромы

-аментивті синдром.

 

Тапрсырма № 72

Науқас П., 33 жаста қабылдау бөлімінде 13 қасиетті адам екенін айтады,кеше өлгендей,бүгін тірі мен көршілерімді үйлерінде тірілтім,яғни өлі болғандарды.Барлық өліктер оның денесінде«өлмейтін жан»деп айтады.Гипноз өткізуді ұсынды.Бүкірейген қалыпты ұстайды, хаотикалық қозғалыстарды қолмен жасайды.Үнемі дауыстар естиді,олар «жүректен» шығады.Ал кешке қарай «адамдардың жылағанын»естиді,олар тозақта қиналып жатады.Ол өзін құдайдың оны ерекше күш иесі деп таниды деп санайды,ол «Христа жасына»жеттім деп есептейді. Синдромды ата.

-жедел галлюциноз.

-паранойяльды синдром.

-параноидты синдром.

+ парафренды синдром.

-онейроидты синдром.

 

Тапрсырма № 73


Дата добавления: 2015-10-20 | Просмотры: 1770 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.126 сек.)