АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Гельминтоздар

Прочитайте:
  1. Гельминтоздар

Гельминттер дегеніміз адам мен жануарлар денесінде паразиттік өмір сүретін құрттар. Осы құрттардың шақырған аурулары гельминтоздар деп аталады. Гельминттер улы заттар бөлу арқылы әртүрлі аурулы жағдайларға ұшыратады: ішегінің қызметін бұзады, зат алмасуын бұзады, организмде аллергия тудырады, гельминттер көбейіп кетсе ішек түйілуі мүмкін /непроходимость/. Балаларда гельминтоздардың арасында аскаридоз және энтеробиоздар жиі кездеседі.

Аскаридоз -ұзындығы 25-40 см болатын аскаридалармен шақырылады. Аскаридалар ащы ішекте өмір сүреді, жұмыртқалары үлкен дәретпен сыртқа шағады да, баланың аузына кір қол, су, жеміс-жидектор, көкөністер арқылы түсіп ішекке барады. Ішекте жұмыртқадан личинка шығып қанға өтеді, қанмен жүрекке, өкпеге өтіп альвеолаларға түседі, альвеолаладан қақырық арқылы қайта асқазан-ішек жолдарына түседі. Осында өсіп-жетіледі.

Клиникасы: Аурудың айқындалуы-личинкалар қанда болғанда бала әлсіздік сезініп, кейде жөтеліп, үстіне бөртпе шығуы мүмкін.

Аскаридалар ішекте болған кезде баланың жалпы жағдайы бұзылып, жүрегі айнып, іші ауырып, тәбеті төмендеп, шаршағыш болады, салмағы кемиді.

Энтеробиоз -кішкене жұмыр, ұзындығы 4-12 мм болатын ішек құрты-острицалармен шақырылады. Острицалар тоқ ішекте өмір сүреді, ұрғашылары түнде анустың айналасындағы қатпарларға шығып жұмыртқа салады. 5-6 сағаттан кейін бұл жұмыртқалар өсіп-жетіледі, бала құйрығын қасыған кезде тырнақтың астына жиналады да, қолын жумай тамақ ішкенде өзіне-өзі қайта жұқтырады-аутоинвазия.

Клиникасы: Баланың іші ауырады, құйрығы қышиды, ұйқысы бұзылады, тәбеті төмендейді.

Гельминтоздардың диагностикасы: Нәжісті гельминттер жұмыртқасына тексереді, тік ішектен және анустың айналасынан қырынды алынады.

Емі және күтімі:

1.Баланың тырнақтарын қысқа етіп алып тастау керек, іш киімін, төсегін жиі ауыстырып, жуып, үтіктеп тұру керек.

2.Ауырған баланың жанұясындағы барлық мүшелерін тексеріп, емдеу керек.

3.Гельминттерге қарсы дәрілер беру-пиперазин адипинатын, декарис, вермокс, гельминтокс т.б. жасына байланысты тағайындау.

4.Оттегімен емдеу /оттегіні асқазанға немесе тік ішекке жіберу/.

Алдын алуы:

1. Жеке бас гигиенасын мұқият сақтау.

2. Шыбындармен күресу.

3. Жуылмаған жеміс-жидектерді, көкөністерді жемеу.

4. Тұрақты мерзімінде тамақ өнеркәсібі, тамақ дүкендері, балабақша, бала ауруханалары, перзентхана, бала үйлері жұмысшыларын гельминттерге тексеріп тұру.

5. Балаларды коллектике жіберерде және жылына 2 рет гельминттерге тексеру. Ауру балалар табылғанда дереу емдеу.

Гастриттер

Гастрит-асқазанның шырышты қабатының қабынуы.

Этиологиясы. Әдетте жедел ағымды гастриттің дамуында экзогендік жайлардың маңызы бар; токсикалық инфекциялар, тамақтану бұзылыстары (режим, рацион жайы, пісіп жетілмеген көкөністер, майлы, тәтті, көпклеткалы тағамдарды мөлшерден тыс қабылдау, өте ыстық не өте салқын, қорытылуы ауыр не жағымсыз тағамдар, кейбір тағамдардың жақпауы (аллергиялық сезімталдық).

Клиникалық көрінісі:ауру өте жылдам, кейде кенет басталуы мүмкін, алдында бала аз уақыт мазасызданады — енжарлық қалтырау, лоқсу, асқазан толу сезімі, сілекей ағуболады.. Бұған қоса бас ауыру, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, іш бүріп, қайталап құсу болады. Ұзақтығы-2-5 күн. Инфекциялық гастритте улану белгілері, дене қызуының көтерілуі, сусыздану байқалады. Ұзақтығы-7-10 күн.

Д иагностикасы:

1) Этиологиясын анықтау (инфекциялар, тамақтану кемістіктері).

2) Гастроскопия (шырышты қабаттарының алқызыл түсі, ісінуі, геморагиялар мен эрозиялар).

3) Клиникалық белгілері.

4) Инфекциялық аурулармен, хирургиялық аурулармен ажырату диагностикасы.

Емі;

1. Асқазанды тағам қалдықтарынан тазарту (1 ас содасы, ас тұзының изотоникалық ертіндісі, минералды не жылы сумен тазарғанша шайып-тазарту).

2. Ішектегі тазалау (тазалау клизмасы)

3. Төсек режимі (1-3 күнге)

4.Ішке жылу басу (қозғалыс және сөл шығару қызметінің бұзылысын қалпына келтіру үшін)

5.Сұйық (суық чай, лимон қосылған қайнаған су, 5-тік глюкоза, Рингер сұйығы, қоңыр итмұрын (шиповник) тұнығы. Қажетті сұйық мөлшерін жасы мен жоғалған дене салмағына қарай толтырады; сұйық вена арқылы жіберіледі (инфузия).

6. №1 диетаға ауыстырады. Қалыпта тамақтануға көшіру 1-2 аптаға созылуы тиіс.

7. бактерияларғақарсы ем тағайындалады;

8. ферменттер,

9. С мен В (В1В2В3) тобыныңвитаминдері;

10. ас тұзыныңизотоникалық, глюкозаның 5 ертіндісі,

11. керекжағдайда плазма қолданылады.

Алдын алу-тамақтану гигиенасы тәртібін қатаң сақтау (жеке және қоғамдық); қосалқы созылмалы инфекция ошақтарынан дер кезінде тазатрып-сауықтыру; гельминттерден арылту; асқазан-ішек жұмысын қалыпқа келтіру шаралары; дәрі-дәрмектер қабылдауға ұқыпты қарау; балалардың соматикалық ауруларын дер кезінде анықтап әрі мұқият емдеу.

 

Асқазан мен 12 елі ішектің созылмалы аурулары.Гастродуодениттер.

Ас қорыту, функционалдық бірыңғайлығына қарай созымалы гастрит пен дуоденит көбінесе аралас гастродуоденит түрінде байқалады.

Созылмалы қабыну қарын мен 12 елі ішектің шырышты қабатындағы дистрофиялық өзгерістерімен білінеді.

Этиологиясы мен патогенезі өте күрделі, әлі толық зерттелмеген. Соңғы кезге дейін бұл дерт асқорыту жүйесінің қарын-12 елі ішек бөліміндегі инфекциялық емес қабынуы деп қарастырылап келді.

Австралия зерттеушілері (Уоррен Маршал 1983) ашқан жаңалық (олар осы ағзалардың шырышты қабатынан Грам-теріс-Gelicobacter pyloris-микробтар бөліп шығарып, өздеріне тәжірибе жасады) бұл аурулардың этиологиялық және патогенетикалық жайларына көзқарасты мүлдем өзгертуге негіз болды.

Созылмалы гастродуоденит дамуына себепші жағдайлар;

1. Алиментарлық жағдай. Сәбилік жастан бастап әр адамға қарын-ішек секрециясына сай тамақ стереотипі қалыптасады; сондықтан тамақты қабылдаудың дұрыс тәртібін (режимі) сақтаудың мәні зор. Ретсіз, сирек тамақтану асқазан секрециясын бұзып, өзінің шырышты қабаттарына қышқыл пепсин факторының зиянды (агрессивті) әсерін жоғарылатады Тамақтанудың сандық және сапалық кемістігінің де мәні көп өзгерткені де анық.

2. Тағамдық аллергия. Оның созылмалы гастриттер дамуында елеулі үлесі бар,

3. Дәрі-дәрмектер. Асқазан шырышты қабатына дәрі-дәрмектер тікелей әсер етеді. Бұлардың ішінде агрессиялық әсері көп салицил қышқылы, дигиталис дәрілері, сульфаниламид, тетрациклин, глюкокортикоид т.б. ерекше атаған жөн. Өзгеріс беткейлік қабынудан, эрозия, жараға дейін болуы ықтимал. Кейде гемморагиялық гастрит дамып, асқазаннан қан кетуі байқалады. Созылмалы гастрит дамуында дәрі-дәрмектерді ұзақ, әрі қайталап қабылдаудың зиянды мәні бөлек.

4. Инфекциялық әсерлер. Қазіргі кезде бұл жағдайлар себеп-салдар ретінде көрнекті орын алып отыр (созылмалы гастродуодениттің 50%, ал ойық жара ауруларында бұдан да жоғары 84%). Аурудың асқазан шырышты қабаты биоптатынан 1983 жылы алғаш бөліп шығаралған Грамм-теріс (Gelicobacter pylori) таяқшасының бұл аурулар дамуына өте көп әсер тигізері дәлелденіп отыр.

Клиникалық көрінісіне полиморфизм тән.

1. Ауырсыну синдромы; іштің жоғарға тұсы, тамақ ішкен соң бірден аз не анық. Бірақ қысқа мерзімді болса, беткейлік гастритке тән.

2. Диспепсиялық синдром; «сасық” кекіру, ауыздан жағымсыз иіс байқалады.Лоқсу, құсу, ішек бұзылыстары (көбіне іш қатуы) болуы мүмкін.

Пальпациялық көріністер;ауырсыну сезімі эпигастрий аумағында толық байқалады.

Диагнозы.

1. Анамнездің мәні аса зор;

2. Асқазанды зондпен тексеру бұл ағзаның қышқыл, фермент және сектеторлық қабілетінен мәлімет береді.

3. Гастрофибродуедоноскопия. Бұл тәсіл асқазан мен ұлтабардың кілегей қабатындағы қабыну процесін, атрофиялық, беткейлік, эрозиялық өзгерістерді анықтауға т.б. мүмкіншілік береді.

Емі. Созылмалы гастрит емі балаларда кешенді, әрі сатылы жүргізілуі тиіс.

1. Өзіндік ауру пайда болған кезде (қайлалау)баланы ауруханаға жатқызып, төсектік режим тағайындаған жөн. Бұнымен асқазан жүйесі қозғалысы азайып, қанайналысы молайып, шырышты қабат репарациясы жоғарылайды.

7-10 күннен соң жартылай төсектік, 3 аптадан соң жалпы режимге ауыстырылады.

2. Кешенді әрекеттер арасында ең маңызды орын диетотерапияға беріледі (негізі механикалық, термикалық және химиялық жұғымдылығы, тиімділігі). 3-5 күнге 1 «а” диетасы тағайындалады, содан екі апта бойы 1 «б”, кейін Певзнер бойынша №1 стол (осылай кемінде 6 ай бойы).

Клиникалық симптомдары тарқаған соң, 6 айдан кейін науқас бір жылға №5 диетаға көшіріледі.

Тағамда В, С, А, Е витаминдері мөлшері жеткілікті болуы тиіс.

3. Медикаменттік ем.

1. (Gelicobacter pylori)үшін тинидазол, де-нол беріледі, бұларға ауру шақырған бактерия өте сезімтал. Агресс ивті жайлардың әсерін төмендету (белсенді қышқылды-пептикалық факторға қарсы)- А-алмагель, Nа гидрокарбонаты, кальций карбонаты, көмір қышқыл және күйдірілген магнезия

2. Витаминді терапия.

3. Ауырсыну синдромы өте айқын жағдайда спазмолитик қосқан жөн (папверин, но-шпа).

4.Диспепсиялық синдромда /құсуда/ реглан, церукал сияқты асқорыту жүйесінің жұмысын реттеуге арналған дәрілер тиімді

5. Гастрофарм- асқорыту жолдарының шырышты қабатына трофикалық, қорғаныс және регенерациялық оң әсері бар дәрі.

6. ферменттер (фестал, панзинорм, мезим-форте) және өт айдайтын дәрілер беру пайдалы.

4. Физиоем. электрофорез (новокайн, платифиллин, папаверин) эпигастрий үстіне жасалады. Балшық, озокерит, су емін қосарлау тиімді (радон, хвоя, хлоридті-натрийлі ванналар

5.Санаторлық-курорттық ем. Ем жүйесінің маңызды кезеңіне жатады. Негізгі мақсаты-ауруханада қол жеткен игі өзгерістерді тұрақтандыру

Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатында жараның пайда болуымен сипатталатын,рецидивті өтетін созылмалы ауру.

Этиологиясы: тамақтанудың режимінің және сапасының бұзылыстары, стресстік ситуациялар, тұқым қуалаушылық, инфекциялық фактор-хеликобактерлер.

Клиникалық формалары:

І. Жараның орнына байланысты:

1. Асқазан жарасы

2. 12-елі ішек жарасы.

3. Асқазан, 12-елі ішек жарасы.

ІІ. Асқазанның секреторлық қызметіне байланысты:

1. Қышқылдығы қалыпты

2. Қышқылдығы жоғары

3. Қышқылдығы төмен

ІІІ. 1. Асқынған 2. Асқынбаған.

Диагностикалық критерийлері: диспепсиялық бұзылыстар, лоқсу, құсу, кекіру, қыжылдау, аш қарында ауырсынулар /түнгі/.

Емі: Микробқа қарсы-Де-нол, фуразолидон, ампициллин, т.б. гастросидин, қызылмай, итмұрын майы, алмагель, викалин, Физиоем-инемен емдеу, электроұйқы.

Диспансерлік бақылау: 1-ші жылы — ай сайын бақылау, жылына 3 рет 1 айдан рецидивке қарсы ем, денешынықтырудан босату.

2-3ші жылы-квартал сайын бақылау, жылына 2 рет рецидивке қарсы ем, дайындық тобында дене шынықтыру.

 

54. Мұрын қуысы кіреберіс бөлігі, vestibulum nasi, және меншікті мұрын қуысы деп бөлінеді. Кіреберіс бөлігіне май бездері, тері бездері, вибристер кірсе, меншікті мұрын қуысы сыртқы мұрыннан және бет сүйектерінен тұрады. Меншікті мұрын қуысының 4 қабырғасы бар:

  1. Жоғарғы-оған кіреді: cartilage nasi lateralis, os nasale, lamina cribrosa, corpus ossis sphenoidales.
  2. Төменгі-о.к.: palatum durum, palatum molle.
  3. Латералді-о.к.: cartilage nasi lateralis,facies nasalis maxillae, lamina perpendicularis, os lacremale, concha nasals inferior.
  4. Аралық-о.к.:vomer, artilage nasi.

Латералді қабырғада мұрын жолдары болады(3).

  1. Жоғарғы,meatus nasi suprior, ол сына тәрізді сүйек қойнуымен,sinus sphenoidalis,байланысқан.
  2. Ортаңғы, meatus nasi medius,ол sinus frontalis, sinus maxillaries-пен байл.
  3. Төменгі, meatus nasi inferior, ол canalis nosolacremallis-ке ашылады да, күрек тіс өзегі,canalis incisivus,арқылы ауыз қуысымен байланысады.

Мұрын қуысының шырышты қабығы,tunica mucosa,топогр-қ орн.байланысты:иіс сезу аймағы,regio olfactoria, мен тыныс алу аймағы,regio respiraoria,болып бөлінеді. Мұрын қуысы арқылы күрделі сараптан өткен ауа хоан тесігі, одан әрі жұтқыншақ арқылы көмейге бағыт алады.

 

55. Көмей, larynx

Мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омыртқалар аралығында орналасқан. Көмей жоғарыда тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар ж/е бұлшықеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан.

Көмей шеміршектері - сыртқы пішініне, атқаратын қызметіне байланысты:

  1. Тақ ж/е жұп
  2. Гиалин ж/е эластикалық шеміршектен тұратын болып бөлінеді.

 

1) Қалқанша шеміршек(cartilagо thyroidea)-көмейдің басқа шеміршектерінің сыртын қалқан тәрізді қоршап орналасуына байланысты аталады.Бұл төртбұрышты,жалпақ жұп табақшадан тұрады.

2) Жүзік тәрізді шеміршек(cartilagо cricoidea)-тақ гиалин шеміршектен тұрады.Бұл шеміршек алға қарап орналасқан доғасынан,arcus cartilaginis cricoideae, және артында төртбұрыштәрізді орналасқан табақшадан,lamina cartilaginis cricoideae, тұрады.

3) Ожаутәрізді шеміршек(cartilagо arytenoidea)-үшжақты пирамида тәрізді жұп гиалин шеміршегінен тұрады.

4) Мүйізтәрізді(cartilagо corniculata)-ожаутәрізді шеміршектің ұшында орналасқан жұп эластикалық шеміршек.

5) Сынатәрізді(cartilagо cuneiformis)-ожау-көмей қақпағы қатпарының қабатында орналасып, сынатәрізді төмпешікті,tuberculum cuneiforme,құраушы эластикалық шеміршек.

6) Көмей қақпашығы(epiglottis)-көмей кірісінің үстінде орналасқан дара эластикалық шеміршек.

 

Көмей бұлшықеттері қызметне қарай: 3 топқа жіктеледі.

  1. Дыбыс саңылауын кеңейтетін
  2. Дыбыс саңылауын тарылтатын
  3. Дауыс байламын керетін

Көмей қуысы(cavum laryngis)-көмей кірісі тесігінен,aditus laryngis,басталады. 3-ке бөлінеді:

  1. Жоғарғы кіреберіс бөлік,vestibulum laryngis
  2. Ортаңғы бөлік,cavum laryngis intermedium, құрылысы күрделі, себебі меншікті дауыс аппараты,glottis,орналасқан.
  3. Дауысасты қуыс,cavum infraglotticum, жіңішкеріп кеңірдекке жалғасады.

 

54. Сыртқы мұрын сүйегінен мұрын-маңдай шұңқыры арқылы шектелген. Бүйір қабырғасы орталық бөлігінде бірігіп мұрын қырын, dorsum nasi, төменгі латералді бөлігі мұрын қанатын,alae nasi, құрайды, демді мұрын қуысына өткізуші танаумен,nares,және танауларды бір-бірінен бөліп тұратын мұрын қалқасынан тұрады.

Мқрын аймағы топогр-қ орн. байланысты:сыртқы мұрын ж/е мұрын қуысы болып бөлінеді.Сыртқы мұрынға мұрын түбірі,қыры, ұшы, танау кіреді.

Сыртқы мұрын сүйектік ж/е шеміршектік болып бөлінеді. Сүйектік мұрын сүйектерінен, жоғарғы жақ сүйектерінің маңдайлық өсіндісінен тұрады. Шеміршектік бөлігі дәнекер тіндер арқылы өзара байланысқан бірнеше шеміршектерден тұрады.

- Мұрынның лат.шеміршегі,cartilago nasi lateralis

- Қанаттың үлкен шеміршегі,cartilago alaris major

- Қанаттың кіші шеміршегі, cartilago alaris minor

- Қосалқы шеміршектер,cartilago nasals accessoriae

- Мұрын қуысының аралық шеміршегі, cartilago septi nasi

 

67. Несепқуық топографиясы,құрылысы,қызметі,ішастарға қатынасы.

Несепқуық, vesica urinaria seu cystis дара қуыс мүше,несептің жиналатын орны.Несепқуықтың пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгеріп тұрады.Ересек адамдарда несепқуықтың орташа сыйымдылығы 250-500мл-дей.Несепқуық кіші жамбас астау қабырғасына бекініп,тұспалас мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланысып,симфиздің артында орналасқан.Несепқуықтың алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған,одан қасаға артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген.Ерлерде несепқуықтың артқы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік кеңжерімен (ампуласымен), ал түбі қуық асты безбен шектеседі.Әйелдерде несепқуықтың артқы беті жатыр мойының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен,ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шкетеседі.Әйелдер мен ерлерде несепқуықтың бүйір беттері артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген.Ерлерде несепқуықтың жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері,ал әйелдерде жатыр орналасқан.Несепқуық несеппен толғанда ішастар 3 жағынан,мезоперитонеалді,ал босаған кезде ретроперитонеалді жабылған.Ішастар несепқуықты жоғарыдан, бүйірінен және артынан жауып,ерлерде тік ішекке (тік ішекқуық ұңғылы),әйелдерде жатырға (қуықжатыр ұңғылы)өтеді.Қуық ұшын кіндікпен орталық кіндік байламы жалғайды.

Несепқуық қабырғалары:

-шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.

-шырышасты негізі,tela submucosa несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ.

-бұлшықетті қабығы,tunica muscularis біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық,ортаңғы өте жақсы дамыған дөңгелек (церкулярлық) қабат.

-қуықтың сырты бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы адвентиция.

Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.

Несепқуықтың денесімен ұшын кіндік артерияның тармақтары мен жоғарғы қуық артериялары,aa.vesicales superiors, қуық түбімен бүйір қабыоғасын ішкі мықын артерияның тармақтары-төменгі қуық артериясы, a.vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз етеді.

Несепқуық қабырғасынан веналық қан несепқуықтың веналық өріміне,plexus venosus vesicae urinariae және несепқуық веналары, vv.vesicales арқылы ішкі мықын венасы ағады.

68.Несепағар,құрылысы,бөлімдері,ішастарға қатынасы.Несепағардың тарылу жерлері,практикалық маңызы.

Несепағар,ureter-жұп мүше,бүйрек түбінің тарылған жерінен несепқуыққа дейінгі аралықта орналасқан.Несепағардың ұзындығы 30-35см,ені 4-8мм-дей,несепағар қуысының ені 3-4 мм.Несепағар ішастар артында ретроперитонеалді орналасқан.Несепағар топографиясының орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді:іштік,жамбас астау,қабырғаішкі.несепағардың ішкі бөлігі,pars abdominalis, белдің үлкен бқлшықетінің m.psoas major алдыңғы бетінде орналасқан.

Несепағардың іштік бөлігі.Оң несепағардың проксималді бөлігі 12 елі ішектің төмендеген бөлігінің pars desendens duodeni артында,сол несепағар 12 елі- аш ішек иілімінің, flexura duodenojejinalis артында орналасқан.Несепағардың алдынан аталық без артериясы мен венасы a. et v.testiculares және париеталді ішастар,peritoneum parietale орналасқан.Оң несепағар жамбас астау бөлігінде pars pelvina өтер жерінде жіңішке ішек шажырқайының түбірімен, ал сол- сигматәрізді жиек ішек шажырқайымен қилысады.

Несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын артериясы мен венасының a. et v. Iliacae internae алдынан,сол жалпы мықын артериясы мен венасының алдынан өтеді.Әйелдерде несепағардың жамбас астау бөлігі аналық бездің артынан, жатыр мойынның бүйір жағын орай өтіп,қынаптың алдыңғы қабырғасымен несепқуықтың аралығында орналасады.Ерлерде несепағардың жамбас астау бөлігі шәует шығаратынтүтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасының жоғаргы жиегімен кішкене төмен,несепқуыққа ашылыды.

Несепағардың қабырғалары 3 қабықтан тұрады.

-ішкі шырышты қабығы, tunica mucosa шырышты бездерге өте бай,бойлық қатпарларды құрайды.

-ортаңғы бұлшықетті қабығы,tunica muscularis жоғарғы бөлігі 2 қабаттан-сыртқы бойлық,ішкі церкулярлық,ал төменгі бөлігінің бұлшықеттік қабығы 3 қабаттан –сыртқы және ішкі бойлық,ортаңғы циркулярлықтан тұрады.

-сыртқы дәнекер тінді,адвентициалді қабықтан,tunica adventitia тұрады.

Несепағардың қанмен қамтамасыз етілуі:несепағардың жоғарғы бөлігі бүйрек,аталық без немесе аналық без артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы;ортаңғы бөлігі құрсақтың қолқа, жалпы және ішкі мықын артерияларынан тармақталатын несепағар тармаұтары, арқылы;төменгі бөлігі ортаңғы және төменгі тік ішек артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.

Несепағар веналары аталық без немесе аналық без веналары,кейін ішкі мықын веналарына ашылады.

Несепағардың лимфа тамырлары бел және ішкі мықын лимфа түйіндеріне құйылады.

Несепағардың жоғарғы бөлігінің парасимпатикалық невтенуі кезбе нервпен, ал төменгі бөлігі- жамбас астау ішкі нервтерімен жүреді.

Несепағардың 3 тарылуы:

1.бүйрек түбінен несепағардың басталған жерінде.

2.несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау бөләгәне өткен жерінде.

3.несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде.

69.Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.

Несеп жібергіш өзек (urethra) жұмсақ эластикалық түтік,ұзындығы әйелдерде 3-5см,еркектерде 20-22 см болады.Еркектердің несеп жібергіш өзегі (urethra masculina)қуықтың ішкі тесігінен (ostium urethrae internum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) аяқталады.Оның простаталық (pars prostata),жарғақты (pars membranacae),және кеуекті (pars spogiosa) бөлімдерін ажыратады.Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоға рғы қуықастына өтеді.Қуықасты бөлігінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді.Оның артқы қабырғасында ұзартылған ұлғаю- несеп шығаратын өзектің қыры (crista urethralis) бар.Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculus seminalis)құрайды.Ұзындығы 1,5 см еркек несеп жіберетін өзектің жарғақты бөлігіұшына ұрық безінің буылтығына дейін жетеді.Ол несеп -жаныс көкетінен өтерде несеп жіберу өзегінің сфинктерін жасайтын (m.sphincter)концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді. Еркек несеп жібергіш өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуекті бөлігі.Ұзындығы 15 см,2 кеңкюі болады: аталық жыныс мүше інің буылтығында және оның басында.Еркек несеп жібергіш өзегі өз жолында S-тәрізді иіліп,3-тарылулары кездеседі:

1.еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында.2.несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде.3.еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесік аймағында.Еркек несеп шығаратын өзектің кеңкю жерлері:1.қуық асты безі бөлігінде.2.жыныс мүшесінің буылтығында.3.соңғы бөлімінде құйрық тәрізді шұңқырда,fossa navicularis urethrae.Әйел несепжіберуші өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын,диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды.Әйел несепжіберетін өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді.Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан.Несеп жіберетін өзектің қабырғалары кілегейлі,бұлшықетті дәнекер тін қабықтарынан тұрады.

70.Аталық без, аталық без қосалқысы: құрылысы және қызметі.

Ішкі аталық жыныс ағзасына аталық бездер,шәуетшығаратын түтігі,ұрық безі,қуықасты безі,буылтық несеп шығаратын несеп бездеріжатады. Сыртқы ағзасына: аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.

Аталық без(testis) жұп жыныс ағза,сопақша пішінді,салмағы 20-30г.Аталық бездің қызметі-сперматазоидтар,яғни аталық жыныс жасушаларын жасау,және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару.Аталық бездер ұмада орналасқан.Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі,бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары,нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысынтүзеді.Сірлі қабық астында басқа қабық,яғни ақ қабық(tunica albuginae).Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау – аталық без орталығын (mediastinum testis) түзеді.Бұлардан бездерді көптеген пирамида тәрізді аталық без үлесшелеріне (150-ден 300 дейін) (lobli testis)бөлетін аталық без қалқашықтары(septula testis)(tubuli seminiferi contorti)болады.Иреленгеншәует өзекшелері аталық без үлесшелерінен шығып, аталық без торына(rete tesis) түсетін қысқа, тік шәует өзекшелеріне(tubuli seminiferi recti)қосылады.Тордан 10-18 аталық бездің шығарушы түтігі шығады.Түтіктер ақ қабыққа тесіліп,қосалқының басына шығады.12-15 үлестік пішінде болады.Шығарушы өзекшелерқосалқының түтігіне байланысып,көптеген қосалқының дене мен құйрығын құрайтыншырмауықшаларды құрайды.Соңғысының аймағында түтік шәует шығаратын түтікке ауысып өтеді.

Шәует шығаратын түтік (ductus deferens) – жұп ағза,ұзындығы 40-50 см,диаметі 3мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шап өзегінің сыртқы тесігіне барады.Оның 4 бөлігі бар:1.ұмалық (pars scrotalis).2.шаптың беткейлі сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars funicularis)3. Шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis)4.тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina). Шәуетшығаратын өзекті өтіп,иіліп кіші жамбасқа өтеді.Щның қасында соңғы бөлігі кеңейіп, шәуетті шығаратын түтіктің қабырғасы кілегейлі, бұлшықет және дәнекерлі қабықтардан тұрады.Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіпшәуетті шығаратын түтіктің кеңжерін құрайды(ampulla deferentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді.Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatoris)бар.

Шәует бездері (vesiculae seminales) – қалтатәрізді түтікті,ұзындығы 4-6 см,қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар.Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған.Бездің қабырғасы кілегейлі,бұлшықетті және дәнекр қабықтан тұрады.

Қуықасты безі (prostata) – жамбастың түбінде орналасқан,несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан.Оның артқы беті тік ішекке,алдыңғы шат симфизіне, бүйірі – артқы өрісті көтеруші бұлшықетке жанасады.

Буылтық - несеп шығаратын өзек безі (glandula bulbourethrales) терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан,яғни аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында.

Ұма (scrotum) – тері бұлшықетті қапшық,онда аталықбез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төмег і бөліктерімен орналасқан.Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna);7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis),ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.

Жыныс мүше (penis) - несеп қуықтан несепті шығару және әйел жыныс мүшесіне шәуетшіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бос бөлігі – жыныс мүшесінің денесінен,corpus penis,тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі,ostium urethrae externum,бар еркек жыныс мүшесінің басымен,glans penis,аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің кеңейген бөлігі басының тәжі, corona glandis, және тарылған бөлігі мойнын collum glandis,ажыратылады.Артқы бөлігі еркек жыныс мүшесінің түбірі, radix penis, қасаға сүйектеріне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің жоғарғы-алдыңғы бетінің арқашығы, dorsum penis деп атайды.

71. Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы.

Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.Ішкі құрсақтың дамудың 3 айында, болашақ терең шап сақинасының орнында қынаптық өсіндісі (processus vaginalis peritonei) қалыптастыратын ішастардың қалташығы пайда болады.Ұрық денесі ұзындығының өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып,ішастардың артына,жамбас астау қуысына жылжиды,кейін қынаптық өсіндінің, processus vaginalis peritonei, тұсында болашақ сірлі қабықпен жабылып,ұмаға түседі.Қынаптың өсіндімен бірге алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттары сыртқа салбырап, аталық без орнын – ұманы түзеді.

72.Аталық без қабықтары, олардың туындылары.

Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.

Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna);7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis),ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.

73. Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі

Аталық без сыртынан ақ қабық tunica albuginea деп аталатын фиброзды қабықпен қапталған.Қабық астында аталық без тіні немесе паренхимасы орналасқан.Ақ қабықтың артқы шетінен аталық без паренхимасына дәнекер тіннің өсіндісі-аталық без орталығы mediastinum testis енеді.Одан паренхиманы аталық без үлесшелеріне lobuli testis бөлетін жұқа дәнекер тінді аталық без қалқашықтары septula testis тарайды.Аталық без үлесшелері конус пішінді және оның ұшы аталық без орталығына қарайды.Аталық безде 250-300 дейін үлесшелер бар.Әр аталық без үлесшелерінде құрамында сперматогенді эпителийі бар 2-3 иреленген шәует өзекшелері tubuli seminiferi contorti бар.Олар аталық без орталығына бағытталып үлесшелердің ұшы аймағында бір-бірімен қосылып, қысқа тік шәует өзекшелерін tubuli seminiferi recti түзеді.Бұл өзекшелер аталық без торына ашылады.Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне ашылатын 12-15 өзекшелер ductuli efferentes testis басталады.Шәует тек иреленген шәует өзекшелерінде түзіледі.Аталық бездің қалған түтікшелері мен өзекшелері шәует шығаратын жолдар болып табылады.

 

74. Шәует қуықшалары, бульбоуретральді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке қатынасы.

Шәует қуықшасы vesicula seminalis- кіші жамбас астауында, шәует шығаратын түтіктің ампуласынан латеральді, қуықасты безден жоғары және несепқуық түбінен артта және бүйір орналасатын секреторлық жұп мүше.Ішастар шәует қуықшасының тек жоғарғы бөлігін жабады.Шәует қуықшасының беті кедір-бұдыр.Оның несепқуыққа қараған алдыңғы және тік ішекке қараған артқы бетін ажыратады.Шәует қуықшасының ұзындығы 5 см шамасында, ені 2 см, қалыңдығы 1 см.

Буылтық-несеп шығаратын өзек безі, glandula bulbourethralis Куперов безі-қос мүше, еркек несеп шығаратын өзек қабырғасын несептің тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйықтық бөліп шығарады.Бұл бездер еркек несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің артында, шаттың терең көлденең бұлшықетінде орналасқан.Бездер бір-бірінен 0,6 см қашықтықта орналасқан.Олар дөңгелек пішінді, тығыз, сарғыш түсті, беті сәл бұдырлы және диаметрі 0,3-0,8 см болып келеді.Бұл бездер ұяшықты-түтікті бездер болып табылады.Олардың түтіктері жіңішке және ұзын, еркек жыныс мүшесінің буылтығын тесіп өтіп, несеп шығаратын өзекке ашылады.

 

 

75 .Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері

Шәует шылбыры Funiculus spermaticus аталық бездің ұмаға түсу процесінде пайда болады.Оның ұзындығы 15-20 см дөңгелек жіп, шап өзегінің терең сақинасынан аталық бездің жоғарғы жиегіне дейінгі аралықта орналасады.Шәует шылбырының құрамына: шәует шығаратын түтік, аталық без артериясы, сабақты веналық өрім, аталық без бен оның қосалқысының нервтері және лимфа тамырлары және қынаптық өсіндінің қалдықтары кіреді.Шәует шылбырының 2 қабығы болады: ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna және сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.

 

76 .Аталық сыртқы жыныс ағзалары, олардың анатомиясы.

Аталық сыртқы жыныс ағзаларына еркектің жыныс мүшесі және ұма жатады.

Еркек жыныс мүшесі penis несепқуықтан несепті шығару және әйелдің жыныс жолына шәует жіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы ьос бөлігі жыныс мүшесінің денесінен corpus penis тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі ostium urethrae externum бар еркек жыныс мүшесінің басымен glans penis аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің басында кеңейген бөлігі- жыныс мүшесі басының тәжі corona glandis және тарылған бөлігін- мойнын collum glandis ажыратады.Артқы бөлігі – еркек жыныс мүшесінің түбірі radix penis қасаға сүйегіне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің денесінің жоғарғы-алдыңғы бетін-арқашығы dorsum penis деп атайды.Еркек жыныс мүшесінің төменгі бетінде жігі raphe penis болады, ол артынан шат пен ұма терісіне жалғасады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бөлігіндегі терісі басын жабатын жақсы жетілген тері қатпарын-бүрікбас preputium penis түзеді.Бүрікбас еркек жыныс мүшесі басының терісіне жалғасып, оның мойнына бекиді.Еркек жыныс мүшесі басының төменгі жағында бүрікбас, бүрікбас жүгеншігімен frenulum preputii байланысқан.Бүрікбастың ішкі табағының терісінде бездер орналасқан.

Еркек жыныс мүшесі екі үңгірлі денеден corpora cavernosa penis және олардан төмен орналасқан бір кеуекті денеден corpus spongiosus penis тұрады.Жыныс мүшесінің әр үңгірлі денесі цилиндр пішінді және олардың артқы шеттері үшкірленіп, қасаға сүйегінің төменгі тармағына бекитін еркек жыныс мүшесінің аяқшалары crura penis түрінде жан-жағына таралады.Үңгірлі денелер өзара медиальді беттерімен бітісіп, жалпы үңгірлі дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporum cavernosorum жабылған.Олар үңгірлі дененің аралығында еркек жыныс мүшесі басының қалқасын septum penis түзеді.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі артқы бөлігінде кеңейіп, еркек жыныс мүшесі буылтығын bulbus penis ал алдыңғы шеті күрт қалыңдап, еркек жыныс мүшесі басын glans penis қалыптастырады.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі кеуекті дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporis spongiosi fascia жабылған.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері терең және беткей шандырлармен penis profunda et fascia penis superficialis қапталған.Еркек жыныс мүшесі терең және беткей байламдармен фиксацияланады.

Ұма scrotum алдыңғы құрсақ қабырғасында, аталық жыныс бездеріне арналған екі дербес камералы қалта тәрізді.Ұма еркек жыныс мүшесі түбірінен артта және төмен орналасқан.Оның әр камерасында аталық без орналасқан.Ұманың 7 қабығы ажыратылады, олар аталық бездің қабықтары болып табылады:1.тері cutis.Ұманың терісі жіңішке, қатпарларға жеңіл жиналады, түсі қою.2.бұлшықеттік қабық tunica dartos.Ол теріасты шелмайының туындысы.Бұл қабық оң аталық безді сол аталық безден бөліп тұратын ұма қалқасын түзеді.3.сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры fascia cremasterica 5.аталық безді көтеретін бұлшықет m.cremaster 6.ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna 7.аталық бездің қынапты қабығы tunica vaginalis testis.Ол екі табақтан тұрады: lamina parietalis және lamina visceralis.Бұл екеуінің арасында тұйық сірлі қуыс болады.

77. Қуықасты безі, құрылысы, қызметі

Қуықасты безі Prostata – тақ бұлшықетті мүше, сперманың құрамына кіретін секрет бөледі.

Қуықасты безі кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігінде, несепқуықтың астында, несепжыныс диафрагмасында орналасады.Осы без арқылы несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі және оң мен сол шәует жіберетін түтік өтеді.Қуықасты безінің пішіні каштан жаңғағына ұқсас.Қуықасты безінің негізі basis prostatae және алдыңғы facies anterior, артқы facies posterior және төменгі бүйір facies inferolateralis, бездің ұшы ажыратылады.Бездің алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған.Безден қасаға симфизіне бүйір және орта қасаға-қуықасты байламдары ligg.puboprostaticae және қасаға-қуықасты бұлшықеті m.puboprostaticus тартылған.

Қуықасты безінің артқы беті тік ішектің ампуласына бағытталып, одан жамбас астау шандыр табақшасымен бөлінген.Төменгі бүйір беті дөңгеленіп, веналық өрім мен артқы өтіске көтеретін бұлшықетке қарайды.Бездің ұшы apex prostatae төмен бағытталып,несепжыныс диафрагмасында орналасады.Несеп шығаратын өзек бездің негізіне кіріп, оның үлкен бөлігі бездің артында орналасқан және бездің ұшы аймағында шығады.

Қуықасты бездің көлденең көлемі 4 см, бойлық 2-3 см.Салмағы 20-25 г.Қуықасты бездің екі үлесі: оң lobus dexter және сол lobus sinister ажыратылады.Екеуінің шекарасы болып бездің алдыңғы бетінде орналасқан терең емес жүлге саналады.Без негізінің артқы бетінен шығатын бөлікті, қуықасты бездің қылтасы isthmus prostatae немесе бездің ортаңғы үлесі lobus medius дейді.

Қуықасты безі сыртынан қапшықпен, capsula prostatica жабылады, ол безді тіннен parenchyma glandulare және бірыңғай салалы бұлшықеттік тіннен substantia muscularis құралған.Безді тіндер ұяшық-түтік құрылысты простата безшелері түрінде жеке құрылымдарға топталады.Бұлшықеттік тіні бұлшықеттік шоғырлармен бірігіп,еркек несеп шығару өзегінің ішкі бұлшықеттің қысқышының қалыптасуына қатысады.

 

 

 

55. Көмей: шеміршектері, қосылыстары, жалғамалары, көмейдің буындары.Көмей қуысы. Көмей бұлшықеттері (кеңейткіштер, қысқыштар, дауыс саңылауын керетін бұлшықеттер).

Жауап:

Көмей, larynx, тыныс алу жүйесінің ішіндегі құрылысы мен атқаратын қызметі өте күрделі мүше.

Көмей, larynx, мойынның алдыңғы аймағының ортаңғы бөлігінде, ересек адамдарда 4-6 мойын омыртқалар аралығында орналасқан. Көмей жоғарыда тіласты сүйегімен жарғақтар, байламдар және бұлшыкеттер арқылы, төменде кеңірдекпен дөңгелек байламдар арқылы байланысқан. Алдыңғы беті мойынның тіласты сүйегінен төмен орналасқан бұлшықеттермен (mm. Sternohuodei, thyrohyoidei, omohyoidei) және қалқанша безбен, бүйір беті мойынның ірі артериясы, вена тамырларымен, кезбе нервпен, Н. ВАГУС шектелген. Артқы беті жұтқыншақтың көмейлік бөлігімен шектеседі.

Шеміршектер:

Көмей шеміршектері сыртқы пішініне қарай қызметіне карай жұп тақ гиалин немесе эластикалық болып бөлінеді.

--Қалқанша шеміршек КарТиЛАГО ТИРОИДЭ.

Қал.Шем төртбұрышты жалпақ жұп табақшадан ЛАМИНЭ тұрады. Бұл шеміршек ьұрыш құрап, түйісіп орналасқан алдыңғы жиегі бірігіп, ересек адамдарда айқан байқалатын ПРОМИНЕНТИА ЛАРИНГЕ немесе Адам алмасы атты шағыңқыны құрайды. Бұл екі табақшаның алдыңғы қапталында жоғарғы қалқанша тілігі ИНЦИЗУРА ТИРОИДЭ СУПЕРИОР және таяздау келген төменгі қалқанша тілігі ИНЦИЗуРА ТИРОИДЭ ИНФЕРИОР орналасқан.

Қал Шем ішкі және сыртқы беттері ФАЦИЕС ИНТЕРНУС ЕТ ЭКСТЕРНУС ажыратылады.

-Сыртқы бетінде мойынның төсқалқанша бұлшықеттің М.СТЕРНОТИРОИДЕУС бекитін және қалқанша тіласты бұлшықеті басталатын М.ТУРОХОЙДЕУС қиғаш сызық ЛИНЭ ОБЛИГУА орналасқан.

-Артқы вертикальді жиегінің жағарғы жиегімен түйіскен жерінде жағарғы мүйізі КОРНУ СУПЕРИОР төменде жүзіктәрізді шеміршекпен КАРТИЛАГО КРИКОИДЕ буындасып буын құрайтын төменгі КОРНУ ИНФЕРИУС орналасқан.

---ЖҮЗІКТӘРІЗДІ ШЕМІРШЕК КАРТИЛАГО КРИКОИДЕ

Пішіні жүзікке ұксас, тақ гиалин шеміршектен тұрады. Ол Алға қарап роналасқан доғасынан АРКУС КАРТИЛАГИНИС КРИКОИДЕ және артында төртбұрыш тәрізді орналасқан табақшадан ЛАМИНА КАРТИЛАГИНИС КРИКОДЕ тұрады.

---ОЖАУТӘРІЗДІ шеміршек САКТИЛАГО АРУТЕНОИДЕ

Сыртқы пішіні пирамида тәрізді келген жұп гиалин шем тұрады. Ол медиальді және жоғары орналасқан АПЕКС КАРТИЛАГИНИСАРУТЕНОИДЕА, төменде негізі БАЗИС КАРТИЛАГИНИС АРУТЕНОИДЕА, ал алдыңғы медиальді беті ФАСЦИЕС МЕДИАЛИС, ойыстау келген артұы беті ФАСЦИЕС ПОСТЕРИОР ажыратылады. Санымен катар Ожаутәрізді шеміршек негізінің алдында, дауыс байламы бекитін дауыс өсіндісі ПРОЦЕСУС ВОКАЛИС бүйір қапталында өсіндісі ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС орналасқан.

 

 

---Мүйізтәрізді ШЕміршек КАРТИЛАГО СОРНИКУЛАТА

Сырты мүізге ұксас, ожаутәрізді шем ұшында орналасқанжұп эластикалық шеміршектен тұрады.

---Сынатәрізді шеміршек КАРТИЛАГО КУНЕИФОРМИС

Ожау көмей қақпағы катпарының ПЛИЦА АРУЕПЕГЛОТТИКА қабатында орналасын сынатәрізді төмпешікті ТУБЕРУЛУМ КУНЕЙФОРМЕ құраушы эластикалық шеміршек.

Көмей шеміршектерінің аралық буындары мен байламдары.

1. ЖҮЗІК қалқанша буыны АРТИКУЛАЦИО КРИТИРОИДЕ қалқанша шеміршектің төменгі мүйізі КОРнУ ИНФЕРИУС пен жүзіктәрізді шеміршектің қалқаншалық буын бетінің арасындағы буын. Калқанша шеміршек жоғарыда тіласты сүйегімен. Алдында орталық қалқанша тіласты байламымен ЛИГ ТУРОХОЙДЕУММЕДИАНУМ. Қалқанша шеміршектің жоғарғы мүйізімен КОРНУ СУПЕРИОР КАРТИЛАГО ТИРОИДЕА тіласты сүйігінің үлкен мүйізімен, латеральді қалқанша – тіласты байламымен, қалқанша шеміршегінің бүйір қапталы қалқанша – тіласты жарғағымен МЕМБРАНА ТИРОИДЕ байланысқан. ҚЫЗМЕТІ:

ЖОҒАРЫ ТӨМЕН АЛҒА АРТҚА қарай қозғалған кезде, дауыс байламы курделі қозғалысқа келіп тербелуіне ықпал етеді.

2. ЖҮЗІК ОЖАУ БУЫНЫ АРТИКУЛЯЦИО КРИКОАРУТЕНОИДЕА

Ожаутәрізді шеміршектің ойыстау келген негізі мен БАЗИС КАРТИЛАГИНИС АРУТЕНОИДЕА жүзіктәрізді шеміршектің дөңестеу клеген ожау шеміршектің дөңестеу келген ожау шеміршектік буын бетінің аралығындағы буын.

 

КӨМЕЙ БҰЛШЫҚЕТТЕРІ (МУСКУЛИ ЛАРИНГИС)

Қызметі: Дауыс саңылауын кеңейтетін, тарылтатын және дауыс байламын керетін болып бөлінеді.

І дауыс саңылауын кеңейтетін б.еттер.

1. Артқы жүзікожау тәрізді бұлшықеттер М. КРИКОАРТЕНОИДЕУС ПОСТЕРИОР.

ОЛ ЖҮзіктәрізді шеміршек табақшасының артқы бетінен басталып, латеральді және жоғары өтіп, ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісіне ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС бекиді Кызметі: жиырылған кезде ожаутәрізді шеміршектің бұлшықеттік өсіндісі ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС артқа және медиальді бұрылып ПРОЦЕСУС ВОКАЛИС латеральді бұрылып, дауыс саңылауын кеңейтеді.

2 Қалқанша көмей қапашығы бұлшықеті М ТУРОЕПИГЛОТТИКУС ол қалқанша көмей қақпашығы байламының ЛИГ ТУРОЕПИГЛОТТИКУМ бүйір қапталында орналасқан. Қызметі көмейдің кіретін тесігін кеңейтіп ашу.

ІІ Дауыс саңылауын тарылтатын б. еттер.

1 латеральді жүзікожау тәрізді б. еті М. КРИКОАРУТЕНОИДЕУС ЛАТЕРАЛИС. Ол жүзіктәрізді шеміршектің доңасынан басталып, жағарғы және артқа қарай өтіп, ожау тәрізді шеміршектің б. еттік өсіндісіне, ПРОЦЕСУС МУСКУЛЯРИС барып бекиді. Қазметі: Бұлшықеттік өсіндіні алға және төмен тартып, дауыстық өсіндіні ішке қарай бұрып, дауыс саңылауын тарылтады.

2. Қалқаншаожау тәрізді б, еті Т ТИРОАРУТЕНОЙДНУС, қалқанша шеміршектің ішкі бетінен басталып, жағарғы және артқа карай бағыт алып, кіреберіс қатпарының ПЛИЦАМУЫЕШИБУЛЯРИС терең қабаты арқылы өтіп, ожау тәрізді шміршектің б. еттік &


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 2849 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.047 сек.)