АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер

Прочитайте:
  1. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 1 страница
  2. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 2 страница
  3. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 3 страница
  4. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 4 страница
  5. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 5 страница
  6. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 6 страница
  7. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 7 страница
  8. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 8 страница
  9. ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 9 страница

1. Жүзікқалқанша б.еті М КРИТИРОИДЕУС жүзіктәрізді шеміршектің дағасынан басталып, жағарғы және артқа қарай өтіп, тік бөлігі, ПАРС РЕКТА, қалқанша шеміршектің төменгі мүйізіне барып бекиді. Қызметі: Жиырылған кезде қалқанша шеміршекті алға қарай тартып, дауыс байламын, ЛИГ ВОКАЛИС керіп, ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндісі мен қалқанша шеміршектің аралығын алшақтатады.

2. Дауыс б.еті М. ВОКАЛИС немесе ішкі қалқаншаожаутәрізді б.еті М.ТУРОАРУТЕНОИДЕУС ИНТЕРНУС БНА. Б.ет көмейдің дауыс қатпарының ПЛИЦА ВОКАЛИС терең қабатында орналасқан. ОЛ қалқанша щемірщек бұрышының төменгі бөлігінің ішкі бетінін басталып, горизонтальді артқа қарай өтіп ожаутәрізді шеміршектің дауыстық өсіндінің ПРОЦЕССУС ВОКАЛИС латеральді қапталыны және дауыс байламына ЛИГ. ВОКАЛЕ бекиді. ҚЫЗметі: дауыс байламын керу.

КӨМЕЙ ҚУЫСЫ (КАВУМ ЛАРУНГИС).

-------Көмей кірісі тесігінін АДИТУС ЛАРИНГУС басталады. Көмей кірісінің алдыңғы қабырғасы: көмей қапашығының жиегімен, артқы қабырғасы: ожау тәрізді шеміршектің ұщы және ожауаралық қатпармен ПЛИЦА ИНТЕРАРУТЕНОИДЕА бүйір қабырғааралығында алмұрттәрізді қалта РЕКЕССУС ПИРИФОРМИС орналасқан. Көмей қуысының сыртқы пішіні құмсағатқа ұқсас, жағарғы кіріберіс бөліктен, ВЕСТИБУЛУМ ЛАРИНГУС, ортаңғы бөліктен, КАВУМ ЛАРИГИС ИНТЕРМЕДИУМ және дауысасты куысынан, КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ тұрады.

------Кеңдеу келген жоғарғы бөлігі көмей кіріберісі ВЕСТИБУЛУМ ЛАРИНГИС. ОЛ Көмей кірісінен, Көмей куысының бүйір қапталында орналасқан кіреберіс қатпарында ПЛИЦА ВЕСТИБУЛЯРИС дейінгі аралықта орналасқан. Қабырғалары: Алдында көмей қақпашығының артқы беті, артында ожаутәрізді шеміршектің ұшы және ожауаралық қатпары ПЛИЦА ИНТЕРАРУТЕНОИДЕА бүйір қабырғасы: талшықты- эластикалық жарғақтан МЕМБРАНА ФИБРОЭЛАСТИКА ЛАРИГИС тұрады.

------Көмей қуысының ортаңғы тарлау келген бөлігінің құрылысы күрделі. Себебі: мұнда меншікті ддауыс аппараты ГЛОТТИС орналасқан. Көмейдің бұл бөлігі көмедің кірібіріс бөлігі, ВЕСТИБУЛУМ ЛАРУНГИС мен төменгі бөлігінің КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ бүйір қапталында жұпталып орналасқан. Ол шырышты қабықпен көкерілген жоғарғы кірібіріс және төменгі дауыс қатпарлары арқылы шектелген.

-----Көмейдің төменгі кеңдеу келген бөлігі КАВУМ ИНФРАГЛОТТИКУМ жіңішкеріп, кеңірдекке жалғасады.

 

56. Кеңірдек және бронхылар. Өкпеде бронхылардың тарамдалуы.

Кеңірдек ТРАХЕА іші қуыс, ауаны өкпеге өткізіп, ұзындығы орташа есеппен 9-11см, көлденеңі 15-18смм түтік тәрізді мүше. Ол көмейдің тікелей жалғасы, 6 мойын омыртқаның төменгі жиегінен басталып, 4кеуде омыртқаның тұсында айырылып, БИФУРКАЦИО ТРаХЕА оң және сол басты бронхтарға бөлінеді

Кеңірдектің құрылысы: қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар ЛИГГ АННУЛАРИЯ арқылы өзара байланысқан 16-20 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Кеңірдек шеміршектерінің артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, ПАРИЕСМЕМБРАНАЦЕУС арқылы байланысқан. Кеңірдек жарғағының терең қабаты дәнекер тіннен және бойлық және көлденең орналсқан біріңғай салалы б.ет талшықтарынын тұрады. Ішкі беті шырышты қабық шырышты бездер ГЛЛ.ТРАХЕАЛЕС пен лифаға өте бай.

БРОНХТАР

Кеңірдектің кеуделік бөлігі 5 ші кеуде омыртқаның жоғарғы жиегінің тұсында оң және сол бронхтарға БРОНХИ ПРИНЦИПАЛЕС бөлінеді.

Оң басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛЕС ДЕКСТЕР кеңірдектің тікелей жалғасы болғандықтан, тіктеу, өту жолы кең және қысқа 6-8 жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Оң басты бронх ұзындығы шамамен 9 смдей.

Сол басты бронх БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИС СИНСИТЕР оң басты бронхтарға қарағанда бұрыш құрап Ұзындау және жіңішкелеу келіп 9-12 сақиналы шеміршектерден тұрады.

Оң басты бронх доға тәрізді иіліп, жоғарғы қуыс венаға В КАВА СУПЕРИОР бағытталған сыңар венамен В, АЗУГОЗ бен шектесіп, сол басты бронхтың жоғарғы беті қолқа доғасымен АРКУС АОРТЕ беттесіп орналасқан

 

56. өкпенің құрылымдық- функционалді бірлігі.

Өкпе ПУЛЬМО тыныс алу жүйесінің негізігі мүшесі. Ол куде қуысының КАВУМ ТОРАКИС өкпеқаптың ішінде орналасқан жұп мүше. Өкпенің сыртқы пішіні кесілген конус тәрізді, екі өкпенің өкпе ұшы АПЕКС ПУЛЬМОНИС және өкпе негізі БАЗИС ПУЛЬМОНИС алдынан қарағанда: І қабырғадан 3-4 см немесе бұғана сүйегінен 2-3см жоғары орналасады, артқы бетінен қарағанда, ол УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасады. Өкпе негізі БИЗИС ПУЛЬМОНИС жалпак көкетпен беттесіп орналасады. Екі өкпенің дөңестеу келген қабырғалық беті ФАЙИЕС КОСТАЛИС ойыстау келген төменгі көкеттік беті ФАЙИЕСДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық беті ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС ажыратылады. Сонымен қатар, екі өкпе беттерінің бір-бірімен өзара беттескен жерінде өткірлеу келген алдыңғы жиегі МАРГОАНТЕРИОР төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР доғалдау келіп вертикальді орналасқан артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР ажыратылады.

Өкпенің қабырғалығ беті ФИЦИЕС КОСТАЛИС дөңестеу келіп қабырғалардың ішкі бетімен және қабырғааралық бұлшықеттермен беттесіп орналасқандықтан, қабырғалардың батыңқылары айқын байқалады.

Өкпенің медиальді беті ФИЦИЕС МЕДИАЛИС ойыстау келіп артында омыртқалық бөлікке ПАРС ВЕРТЕБРАЛИС алдында көкірекаралық бөлікке ПАРСМЕДИАСТИНАЛИС бөлінеді. Медиальді бетінің ортаңғы бөлігінде өкпе батыңқысы немесе өкпе қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС орналасқан.

 

 

58.Өкпенің құрылысы және қызметі.Өкпенің шекаралары.

----Өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР ол өкпенің қабырғалық беті мен ФИЦИЕС КОСТАЛИС көкірекаралық бетінің ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС аралығында орналасқан. Сол өкпенің алдыңғы жиегі, ойыса келе, жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап, өкпенің төменгі диегіне жалғасады.

-----Өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР өкпенің қабырғалық беті ФАЦИЕС КОСТАЛИС пен көкірекаралық бетін ФАЦИЕС МЕДИАСТИНАЛИС көкеттік бетінен ФициесфИАФРАГМАТИКА бөледі.

-----Өкпенің артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР омыртқа бағанасының бүйір қапталында өкпе ұшынан ХІІ қабырғаның басына дейінгі аралықта, вертикаль бағытта орналасқан. Сонамен қатар екі өкпенің бетінде қиғаш саңылау ФИССУРА ОБЛИГУА мен горизантальді саңылау ФИССУРА ХОРИЗОНТАЛИС орналасқан.

 

Екі өкпенің көкірекаралық бетінің ортаңғы бөлігінде өкпенің қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС орналасқан. Өкпе қақпасы арқылы өкпенің терең қабатына өкпенің басты бронхтары БРОНХИ ПРИНЦИПАЛИС пен өкпе артериялары АА.ПУЛЬМОНАЛИС ДЕКСТРА ЕТСИНИСТРА және өкпе нервтері өтіп, өкпе қақпасынан кері бағытта өкпе веналары мен лифа тамырлары шағады. Өкпе қақпасы арқылы өтетін анатомиялық құрылымдар жиынтығы өкпе түбірі РАДИКС ПУЛЬМОНИС деп аталады.

--------Оң өкпе қақпасы ХИЛУС ПУЛЬМОНИС ДЕКСТРА сол өкпе қақпасына қарағанда қысқа және көлемді. Ол У кеуде омыртқасы мен ІІ қабырғаның аралығында орналасқан. Оң өкпе қақпасында, жоғарыда оң басты бронх, БРОНХУС ПРИНЦИПАЛИСДЕКСТРА оның астында өкпе артериясы а.ПУЛЬМОНАЛИС одан төменірек өкпе веналары ВВ.ПУЛЬМОНАЛЕС орналасқан.

---------Сол өкпе қақпасының ХИЛУС ПУЛЬМОНИС СИНИСТРА жоғарғы жағында өкпе артериясы а.ПулЬМОНАЛИС төменірек сол басты бронх БРОНХУСПРИНЦИПАЛИС СИНИСТРА Одан төменірек өкпе веналары ВВ.ПуЛЬМОНАЛЕС орналасқан.

 

 

59.Оң және солжақ өкпетүбінің анатомиясы және топографиясы, сол өкпенің оңнан айырмашылығы

Өкпенің топографиясы:

Өкпенің ұщы АПЕКС ПУЛЬМОНИС алдынан қарағанда бұғана сүйегінен 2см, бірінші қабырғадан 2-3см жоғары орналасса, артқы жағы УІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.

Оң Өкпенің скелетопиясы:

------Оң өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің бір –біріне ұласқан жерінде өткірлеу болып орналасқан. Ол оң өкпенің ұшынан төс-бұғана буынның АРТ.СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС артқы бетіне қарай қиғаш өтіп, одан әрі вертикаль бағытта орталық сызықтың ЛИНЭ МЕДИАНА бойымен төмен бағытта, оң УІ қабырға шеміршегінің тұсында оң өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.

-------Оң өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкеттік бетінің өзара бір-бірімен беттескен жерінде өткірлеу келіп, жартылай шеңберлі горизонталь бағытта орналасқан. Ол, Оң өкпенің алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы, орталық сызықтың бойында, УІ қабырғаның шеміршектік бөлігімен қиылысқан жерінен басталып, төмен жйне латеральді өтіп, алдыңғы қолтық сызығында ЛИНЭАКСИЛЯРИС АНТЕРИОР УІІ қабырғаны, ортаңғы қолтық сызығында ЛИНЭАКСИЛЯРИС МЕДИА УІІІ қабырғаны артқы қолтық сызығында ЛИНЭ АКСИЛЯРИС ПОСТЕРИОР ІХ қабырғаны, жауырын сызығында ЛИНЭ СКАПУЛЯРИС, Х қабырғаны кесіп өтіп, омыртқа жанындағы сызықта ЛИНЭ ПАРАВЕРТЕБРАЛИС ХІ қабырғаның тұсында оң өкпенің артқы жиегіне жалғасады.

------- Оң өкпенің артқы жиегі МАРГО ПОСТЕРИОР оң өкпенің қабырғалық беті мен көкірекаралық бетінің түйіскен жерінде, Оң ІІ қабырға басының тұсынан ХІ қабырғаның мойнына дейінгі аралықта вертикал бағытта орналасқан.

Сол өкпенің склетопиясы:

Оң өкпенің склетопиясына ұксас.

-------Сол өкпенің алдыңғы жиегі МАРГО АНТЕРИОР сол өкпе ұшынан төмен және медиальді төс-бұғана буынның АРТ.СТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС артқы бетіне қарай өтеді. Одан әрі оң өкпенің алдыңғы жиегімен параллель ІУ қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол өкпенің алдыңғы жиегі ІУ қабырғаның тұсында, шұғыл сол жаққа қарай бұрылып, сол қабырғаның шеміршектік бөлігінің төменгі жиегін горизонтальді өтіп, сол төс жанындағы сызықта ЛИНЭ ПАРАСТЕРНАЛИС төмен иіліп, жүректік тілікті, ИНЦИЗУРАКАРДИАКА құрап,ІУ қабырғаның тұсында, сол өкпенің төменгі жиегіне жалғасады.

------Сол өкпенің төменгі жиегі МАРГО ИНФЕРИОР оң өкпенің төменгі жиегінен айырмашылығы, бір қабырға төмен орналасқан. Омартқа жанандағы сызықта ЛИНЭПАРАВЕРТЕБРАЛИС сол өкпенің артқы жиегіне жалғасады.

 

ЕКІ ӨКПЕНІҢ ҰШЫ МЕН АРТҚЫ БЕТТЕРІ БІР-БІРІНЕ СӘЙКЕС ОРНАЛАСҚАН, АЛДЫҢҒЫ ЖӘНЕ ТӨМЕНГІ БЕТТЕРІНІҢ СӘЙКЕС КЕЛМЕУІ ОҢ МЕН СОЛ ӨКПЕ КӨЛЕМІНІҢ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІНЕ ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ.

 

 

60.Плевра: бөлімдері, шекаралары, плевра қуысы, плевра синусы, олардың маңызы.

Өкпеқап:

Өкпенің сыртқы бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық, өкпеқап ПЛЕУРА деп аталады. Топографиялақ орнына қарай қабырғалық немесе париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС және мүшелік немесе висцеральды өкпеқапқа бөлінеді.

------ Висцералды өкпеқап ПЛЕУРА ВИСЦЕРАЛИС өкпе паренхимасының сыртқы бетін тығыз жауып орналасқандықтан висцеральды ПЛЕУРА ПУЛЬМОНАЛИС деп аталады. Висцеральды өкпеқап өкпе қақпасының тқменгі қапталының тұсында бүктеліп, вертикальді бағытта көкетке өтіп, өкпелік байламды ЛИГ.ПУЛЬМОНАЛИС құрап, париеталды өқпеқапқа ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС жалғасады.

-------- Париеталды өкпеқап ПЛЕУРА ПАРИЕТАЛИС ол өкпенің сірлі қабығының сыртқы табақшасы болып саналады. Париетальды өкпеқаптың сыртқы беті, кеуде қуысы қабырғаларының ішкі бетін жауып орналасқан,, тұйық ішкі кеуделік шандырмен ФАСЦИА ЭНДОТОРАЦИКА тығыз байланысып, өкпеқапқуысына қараған беті сірлі сұйықтықтыбөлетін мезотелий жесушаларымен көмкерілген

Өкпеқап қуысы:

Париетальды және висцеральды бөліктерінің арасындағы саңылау өкпеқап қуысы КАВУМ ПЛЕУРАЛИС деп аталады. Тыныс ал у кезінде сұйықтық өкпенің сірлі қабық аралығындағы үйкелісті жеңілдеті қызметін атқарады.. Сонамен қатар инспираторлық күш пен өкпенің талшықтты тінінің әсерінен өкпеқап қабықтарының бір-біріне беттісін қамтамасыз етіп, өкпеқап куысында теріс қысымның пайда болуына байланысты өкпенің тыныс алу кезінде еркін жазылып, еркін қазғалуына ықпал етеді. Өкпеқаптың жоғарғы бөлігі мойын аймағына өтіп, өкпенің ұшымен беттесіп, өкпеқап күмбезін КАПУЛЯПЛЕУРЭ құрайды. Париетальды өкпеқап орналасуына қарай: Қабырғалық ПЛЕУРАКОСТАЛИС, көкеттік ПЛЕУРА ДИАФРАГМАТИКА және көкірекаралық ПЛЕУРАМЕДИАСТИНАЛИС болып бөлінеді.

Өкпеқаптың шекарасы.

Өкпеқап бауырмен тұспалас орналасуына байланысты ассиметриялық жағдайда, оң өкпеқап сол өкпеқапқа қарағанда жалпақ және қысқа. Өкпеқаптың алдыңғы, артқы, төменгі жиектері біркелкі орналаспаған.

---- Екі өкпеқаптың жиегі, қабырғалық өкпеқаппен шекарасы бірдей омыртқа бағанасының бойында сәйкес келіп, өкпеқаптың күмбезі КАПУЛЯ ПЛЭУРА мен 12 қабырға басының аралығында бойлық орналасқан.

----- Өкпеқаптың алдыңғы жиегі оң және сол жағында бірдей, өкпенің ұшынан АПЕКС ПУЛЬМОНИС Төмен медиальді бағытта өтіп, төс-бұғана буынының АРТИКУЛЯЦИОСТЕРНОКЛЯВИКУЛЯРИС аотқы бетіне өтеді. Одан әрі параллель бағытта 2 қабырғадан 4 қабырғаға дейін төмен өтеді.

------ Оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі, төс- бұғана буынының артқы бетінің тұсынан, алдыңғы орталық сызықтан ЛИНЭ МЕДИАНА антериор оң қапталының бойымен тік бағытта төс сүйегінің тұтқасы мен денесінің аралығына дейін өтеді. Одан әрі, төмен тік бағытта 6-7 қабырғалардан немесе төс сүйегінің семсертәрізді өсіндіден ПРОЦЕССУСХИПОИДЕУС төмен оң жаққа өтіп, оң өкпеқаптың төменгі жиегіне жалғасады

Сол өкпеқаптың алдыңғы жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегі саяқты, төс-бұғана буынның артқы қапталының тұсынан төмен төс сүйегінің сол қырының бойымен 4-қабырғаның шеміршектік бөлігіне дейін өтеді. Сол 4 қабырғаның тұсында, жүректік тілікті ИНЦИЗУРА КАРДИАКА құрап, төмен өтіп 6 қабырға шеміршегінің тұсында сол өкпеқаптың төменгі жиегіне ұласады.

------ Оң өкпеқаптың төменгі жиегі, оң өкпеқаптың алдыңғы жиегінің тікелей жалғасы. Ол төмен латеральді өтіп, емшектік сызықта ЛИНЕ МАММИЛЯРИС 7 қабырғаны, ортаңғы қалтық сызықтын, ЛИНЭ АКСИЛЯРИС МЕДИАНА 9 қабырға кесіп өтіп, одан әрі горизонтальді бағытта 10-11 қабырғаны кесіп өтіп 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

------ Сол Өкпеқаптың төменгі жиегі. Оң өкпеқаптың төменгі жиегіне қарағанда, жағарда көрсетілген сызық бойынша бір қабырға төмен орналасып, оң 12 қабырға басының тұсында өкпеқаптың артқы жиегіне жалғасады.

Өкпеқаптың қойнаулары СИНУСТАРы:

------Өкпеқап синустары немесе қойнаулары РЕККЕСУС ПЛЕУРАЛИС деп париетальды және висцеральды өкпеқаптың аралығындағы қуыс. Екі өкпеқаптың Түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға-көкет қойнауы РЕККЕСУСКОСТАДИАФРАГМАТИКУС

Қабырға-көкірекаралық қойнау РЕККЕСУС КОСТОМЕДИАСТИНАЛИС, ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің ИНЙИЗУРА КАРДИАКА бойында орналасқан.

 

60. Көкірекаралық. Базель жіктемесі бойынша бөлімдері, көкірекаралықтың ағзалары, олардың топографиясы. Көкірекаралық Париж номенклатурасы бойынша.

Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ екі өкпеқап аралығында орналасқан мүшелер жиынтығы.

Көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ алдынан төспен, артынан –омыртқа жотасының бөлігімен, бүйірінен – оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектелген. Көкірекаралық жағарыдан кеуде торының жоғарғы апертурасыныңа, төменнен көкетке дейін жетеді. Қазіргі уақатты көкірекаралықты шартты түрде жағарғы және төменгі бөліктерге бөледі. Доғарғы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ СУПЕРИУС төс сабын 4-5 кеуде омыртқаларымен қосатын шартты көлденең жазықтықтан жоғары орналасады. Жоғарғы көкірекаралықта тимус, оң және сол иықбас веналары, жоғарғы қуыс венаның жоғарғы бөлігі, қолқа доғасы мен одан тармақталған тамырлар, кеңірдек, өңештің жоғарғы бөлігі, кеуде түтігінің сәйкес бөлігі, оң және сол симпатикалық сабау, көкеттік нерв орналасқан.

Шартты горизонтальды жазықтықтан төмен төменгі көкірекаралық МЕДИАСТИНУМИНФЕРИУС орналасады. Ол3 ке бөлінеді: Алдыңғы, ортаңғы, артқы.:

-------- Алдыңғы МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИУС алдынан төс сабы мен артынан жүрекқаптың алдыңғы қабырғасының аралығында орналасып, құрамында ішкі кеуде тармақтары, төс мңындағы, алдыңғы көкірекаралықтық және жүрекқапалды лимфа түйіндері орналасады.

------- Ортаңғы Көкірекаралықта МЕДИАСТИНУМ МЕДИУМ ішінде жүрек және ірі қан тамырлардың жүрекқап ішкі бөлімдері орналасқан жүрекқап, басты бронхылар, өкпе артериясы мен венасы, көкеттік нерв пен қосарланып жүретін көкетжүрекқаптық тамырлар, төменгі кеңірдек- бронхтық және латеральді жүрекқаптық лимфа түйіндері болады.

------- Артқы көкірекаралық МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИУС алдынан жүрекқаптың қабырғасымен және артынан омыртқамен шектелген. Артқы көкірекаралықтың мүшелеріне төмендеген қолқаның кеуделік бөлігі, сыңар және жартылай сыңар веналар, оң және сол симпатикалық сабудың, ішкі мүшелік нервтердің, кезбе нервтін, өңештің, кеуде түтігінің сәйкес бөлімдері, артқы кқкірекаралық және омыртқа алдындағы лимфа түйіндері жатады.

 

Клиникалық практикада Базель номенклатурасыбойынша көкірекаралық алдыңғы кк МЕДИАСТИНУМ АНТЕРИОР және төменгі кк МЕДИАСТИНУМ ПОСТЕРИОР бөлінеді.

------ Алдыңы кк-қа жүрекжәне жүрекқабы ПЕРИКАРДИУМ, жүрекке кіретін жіне шығатын ірі артериялар мен вена қантамырлары, тимус, көкет нерві ПРЕНИКУМ, көкет-жүрекқап қантамырлары және жоғарғы көкеттік, көкірекаралық лимфа түйіндері орналасқан.

----- Артқы кк-та, өңеш, кеуде қолқасы, кеуде түтігі, ДУКТУС ТОРаЦИКУС, сыңар және жартылай сыңар веналар ВВ.АЗУГОЗ ЕТ ХЕМИАЗУГОЗ кезбе нерв Н.ВАГУС, оң және сол симпатикалық сабау, ТРУНЦИСИМПАТИЦИ ДЕКСТЕР ЕТ СИНИСТЕР және артты кк, алдыңғы омыртқалық лимфа түйіндері орналасқан.

 

 

61. Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы, ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты.

Бүйрек РЕН грекше НЕФРОЗ жұп экскреторлық мүше. Бүйректің сыртқы пішіні бұршақтәрізді, құрамы тығыз. Ересек адамдардабүйрек көлемі: бүйректің ұзындығы 10-12 см көлденең ені 5-6 см қалыңдығы 3-4 см Орташа салмағы 120 гТүсі қою-қызыл

Бүйрек топографиясы: Бүйрек іші куысының артқы қабырғасында, омыртқа бағанасының бүйір қапталында ХІІ кеуде омыртқа мен жағарғы екі бел омыртқалардың аралығында, ішастардың артқы қапталында, бүйректік қалтада орналасқан. Оң бүйрек бауырдың оң үлесімен жақын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см төмен орналасқан. Проксимальды ұшы ЕКСТРЕМИТАС СУПЕРИОР ХІ қабырғаның тұсында, дистальді ұшының ЕКСТРЕМИТАС ИНФЕРИОР орналасуы тұрақсыз., жалпымықын сүйегінің қырынан 3-5 см жоғары орналасқан.

Бүйректің қабықтары:

----Бүйректің сыртқы беті фиброзды қабықпен КАПСУЛЯ ФИБРОЗА жабылған. Қабықбүйрек паренхимасынан жеңіл сылынып алынады.. Құрылысы: дәнекер тінді талшықтардан және біріңғай салалы бұлшақеттерден құралған.

----- Майлы қабық КАПСУЛА АДИПОСА бүйректің фиброзды қабығының сыртында орналасқан. Майлы қабық бүректің артқы бетінде жақсы дамыған, ол бүйрек майын КОРПУС АДИПОСУМ түзеді. Майлы қабығы қалыңдығының күрт азаюынан бүйрек қазғалмалы келеді.

-----Бүйрек шандыры ФАСЦИА РЕНАЛИС екі бүйрекке ортақ, ол майлы қабықтың сыртқы бетін жауып бүйрекалды және бүйрекарты екі табақшадан тұрады. Бүйрек шандырының бүйрекалды табағы алдынан сол бүйректі, бүйрек тамырларын, құрсақтық қолқаны, төменгі қуыс венаны жауып, омыртқаның алдынан өтіп, оң бүйрекке жалғасады. Бүйрек шандырының бүйрекартытабағы оң және сол жақтарынан омыртқа жотасының бүйір бөлігіне бекиді. Бұл екі табақшаның төменгі ұштары өзара байланыспайды. Бүйрек шандыры талшықты дәнекер тінді жіпшелер арқылы бүйректің фиброзды қабығымен байланысады.

Бүйрек шандырының бүйрекалды табағының алдында париеталды ішастар орналасқан. Бүйрек ішастармен экстраперитоеалды жабылған.

Бүйректің фиксациялық аппараты

Бүйректің қалыпты жағдайда бір деңгейде орналасуы келесі факторларға тікелей байланысты:

----Бүйрек орнына, белдің үлкен бұлшықеті, М:ПСОАС МАЙОР мен белдің шаршы бұлшықетінен М:ГУАДРАТУС ЛЮМБОРУМ түзілген

----Іш қуысы, көкет және шаттың бұлшықеттің жиырылуы нәтижесінде пайда болатын құрсақтық қысымға.

----- Бүйрек аяғына: бүйрек қантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары, бүйрек түбегі немесе несепағар

----Бүйрек қабықтары әсіресе бүйрек шандырына

----- ішкімүшелермен тығыз жанасып орналасуына

-----ішастар байламдарына

Бүйректің фиксациялықаппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5см ауытқуы байқалады.

 

62. Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.

Бүйректің сегменттік құрылысы және қантамырларерекшеліктеріне байланысты бүйрек затын 5 сегментке бөлуге болады. Сегменттері: Жоғарғы сегмент СЕГМЕНТУМСУПЕРИУС Жағарғы алдыңғы СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУССУПЕРИУС Төменгі алдыңғы сегмент СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС ИНФЕРИУС және артқы сегмент СЕГМЕНТУМ ПОСТЕРИУС ажыратылады.

Әрбір сегмент2-3 бүйрек үлестерін ЛОБУС РЕНАЛИС қосады. Құрамына:бүйрек бағанларында орналасқан үлесаралық артериялар мен веналармен шектелген бүйрек пирамидасы және оған тұспалас орналасқан қыртыс заты кіреді. Қыртыс заттың әрбір бүйрек үлесіне 600гн жуық қыртыс үлесшелері ЛОУЬУЛЮС КОРТИКАЛИС кіреді.

Қыртыс үлесшелерінің құрамына: Бүктелген бөлік ПРАС КОНВОЛЮТА оның аралығында орналасқан тармақталған бөлік, ПРАС РАДИАТА кіреді. Және көршілес үлесшелерімен үлесаралық артериялар мен веналар арқылы шектелген.

Бүйректің құрылымдық- қызметтік бірлігі нефрон НЕФРОН Нефрон мальпиги денешігінен КОРПУСКУЛЮМ РЕНАЛЕ және бүйрек өзекшелерінен тұрады.

Нефрон құрылысы:

Мальпиги денешігі Корпускулюм РЕНАЛЕ шумақтан ГЛОМЕРУЛУС және оны қоршаған Қос қабырғалыбокалтәрізді Шумлянский- Боумен атты шумақ қапшықтан КАПСУЛА ГЛОМЕРУЛИ тұрады. Шумақ қапшығының қуысы нефрон өзекшесінің проксимальді бөлігіне ПРАС ПРОКСИМАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ немесе иреленген проксимальді өзекшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОНТОРТУС жалғасады. Бұл өзекше одан әрі бүйректің милы затының немесе пирамиданың терең қабатына қарай өтіп, нефрон (Генле ілмегі) ілмегіне жалғасады.

ГЕНЛЕілмегі АНСА НЕФРОНИ Нефрон өзекшенің дистальді бөлігіне ПРАС ДИСТАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ жалғасып жинаушы түтікшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОЛЛИГЕНС ашылады.

 

 

 

63.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.

Нефрон барлық деңгейде келетін және жанасатын қантамырлармен қоршалған.Нефронның 80% бөлігі бүйректің қыртыс заты қалыңдығында НЕФРОНУМКОРТИКАЛЕ орналасқан. Қалған нефрондардың шумағы милы затқа жатады, ал ілмек төмендеген және жағарылаған бөліктермен милы затқа орналасады. Бүйректің милы затында орналасқан нефрондар «юкстамедулярлы» нефрондар, НЕФРОНУМЮКСТАМЕДУЛЯР деп аталады.

64.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникалдық аппараты.

Үлкен және кіші бүйрек тостағаншалары мен бүйрек түбегінің құрылысы біртекті. Олардың қабырғаларының құрылысы:Шырышты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттардан тұрады. Кіші тостағанша қабырғасында, оның күмбезі тұсында біріңғай салалы бұлшықет талшықтары сақинатәрізді қабат күмбез қасыңқысын түзеді. Кіші тостағанша қабырғаларының бұл бөлігіне нерв талшықтары мен қан және лимфа тамырлары жақын жатады. Осы құрылымдар бүйректің форникалық аппаратының құрамына кіреді.

Бүйректің форникалық аппаратының маңызы: юүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шағарылуы және кіші тастағаншалардан несептің кері өтпеуіне кедергі жасауы.

Форникалық аппарат жұмысының принципі сауу аппартаының механизміне ұқсас, несеп өз-бетімен ақпайды, ол бүртіктен кіші тастағаншаларға белсенді сауылады. Форникалық аппарат жұмыс механизміне төрт бұлшықет қатысады, олар жиырылу қабілетімен иемденеді.

Бүйрек тастағаншаларының қабырғасында, күмбезден жағары М.ЛЕВАТОРФОРНИКИС оның айналасында М.СФИНСТЕР ФОРНИКИС кіші тостағанша тұсында жан-жағында М. СПИРАЛИС КАЛИЦИС орналасқан.

Тостағаншаларда несептің жиналуы және олардан шығарылуы екі кезекпен жүреді:

1 Систола, жиырылу 20 сек тен 45 сек дейін

2 Диастола, босаңсу 10-15 сек

М ЛЕВАТОР ФОРНИКИС пен М.ЛОНГИТУДИНАЛИС КАЛИЦИС тостағанша қуысын кеңейтіп, несеп жиналуына жағдай тудырып, ал М. СФИНСТЕР ФОРНИЦИСпен СПИРАЛИС КАЛИЦИС тостағаншаны тарылтып, оны босатады.

65. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.

Бүйректің қантамыр арнасы арқылы, вена және капиллярлармен көресетілген,олар арқылы тәулігіне 1500-1800 қан ағады. Бүйрек қақпсаы ХУЛУС РЕНАЛИС арқылы кірген бүйрек артериясы А. РЕНАЛИС алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Бүйрек қойнауында алдыңғы және артқы тармақтар бүйрек түбекгің алдынан және артынан жүріп сегментарлықартерияларға бөлінеді. Алдыңғы тармақтан4сегментарлық артерия: Жоғарғы сегментке А.СЕГМЕНТИ СУПЕРИОРИС, жоғарғы аодыңғы А. СЕГМЕНТИ АНТЕРИОРИС СУПЕРИОРИС, төменгі алдыңғыА. СЕГМЕНТИАНТЕРИОРИС ИНФЕРИОРИС және төменгі А. СЕГМЕНТИ ИНФЕРИОРИС тармақталады.

-----Бүйрек артериясының артқы тармағы мүшенің артқы тармағы мүшенің артқы сегментіне А. СЕГМЕНТИ ПОСТЕРИОРИС атауымен жалғасады.Сегментарлық артериялар үлесаралық артерияларға АА.ИНТЕРЛОБАРИС тармақталады. Олардың әкелуші шумақ артериоласы АРТЕРИОЛА ГЛОМЕРУЛАРИС АФФЕРЕНС басталып, капиллярларға жалғасады. Капиллярлардан шумақ ГЛОМЕРУЛУС қалыптасады. Шумақтан әкетуші шумақ артериоласы, АРТЕРИОЛА ГЛМЕРУЛЯРИС ЕФФЕРЕНС басталады., оның диаметрі әкелуші тамырға қарағанда кіші Шумақтан шыққан әкетуші тамыр бүйрек өзекшелерін шырмап, бүйректің милы және қартыс заттарында капилляр торын түзетін капиллярларға тарайды.

-----Бүйректің милы затына доғалық, үлесаралық және кейбір әкетуші шумақ артериоласынан пирамидаларды қанмен қамтамасыз ететін артериоларлар АРТЕРИОЛАРЕКТИ тармақталады.

------Бүйректің қыртыс затаының капилляр торынан венулалар қалыптасып ВВ.ИНТЕРЛОБУЛЯРЕС, түзіледі олар доғалық веналарға ВВ. АРКУТАЕ құяды. Бүйректің қыртыс затының беткей қабаты мен фиброзды қабығында жұлдызша венулалар ВЕНУЛАСТЕЛЛЕТЭ қалыптасып доғалық веналарға ашылады. Олар үлесаралық веналарға ВВ.ИНТЕРЛОБУЛЯРИС бүйрек қойнауына кіріп, өзара бірігіп, бүйрек венасын түзеді. Бүйрек венасы В.РЕНАЛИС бүйрек қақпасынан шығып, төменгі қуыс венаға ашылады.

Бүйректің лимфа тамырлары қан тамырлармен бірге жүріп, бүйрек қақпасынан шағады. Лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне НОДИ ЛИМФ. ЛЮМБАЛЕС құяды.

Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр (мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.

Зәрдің түзілуі

Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» - сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.

Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.

Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, оданзәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.

89)Бүйрек үсті бездері хроматифон денешіктері құрылысы мен қызметтеріБүйрек үсті без сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жұп без. Ол сыртқы қыртыстық қабатқа және ішкі — боз затқа бөлінеді. Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді сырткы — шумақты, ортаңғы — шоғырлы және ішкі — торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндік торшалардан құралған. Бұл кабатта көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық (симпатикалық) нерв торшалары кездеседі,Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон), глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андренокортикоидтар (андростендион, андростерон, эстрон, прогестерон) болып 3 топқа бөлінеді,Минераакортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын — натрий мен калий деңгейін, реттейді. Минералокортикоидтар жетіспесе организм натрийді, суды, хлоридтерді көп бөліп шығарады да, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бұзылады.Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді. Глюкокортикоидтар әсерімен қан құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айнала қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді. Бұл гормондар антиденедердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды орын алып, булығу (стресс) тудыратын әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне бейімделуде маңызды рөл атқарады.Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа адам аддисон дертіне шалдығады тері қола түске боялып, адам арықтайды, тәбет нашарлап, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения (әлжуаздық) пайда болып, ішкі ортада натрий мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді.Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.Адреналин тираминнің туындысы, ал норадреналин метилсізденген адреналин болып табылады, оның құрамында метил тобы болмайды.Катехоламиндер гликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатады, көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етіп, жылу реттеу, қан айналым процестеріне, бұлшық ет әрекетіне, ОНЖ-сі, тыныс алу және қан түзу мүшелерінің қызметіне ықпал жасайды. Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырды, жүрек жұмысын жиілетіп оның минуттық көлемін көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады.Норадреналин жүрек етінің қозғыштығын өзгертпейді, жүрек жұмысын баяулатады. Бұл екі гормон да жүрек тамырлары арнасын кеңейтіп, тері тамырларын тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы глгокозаның деңгейі жоғарылатады. Катехоламиндер организмді белсенді әрекеттерге дайындайды.

90) Жүрек дамуы, топографиясы, шекаралыры, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы.

Жүрек,cor бұлшық ет қабырғалары жақсы дамыған, конус тәрізді қуысты ағза. Жүрек алдыңғы көкірек аралықтың төменгі бөлігінде бөлінде, көкеттің сіңірлі орталыгында, сол және оң өкпеқап қуыстарының аралығында орналасып, жүрекқаппен pericardium, қапталып ірі қантамырлармен бекінген. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.Жүректің артқы-жоғарғы кеңейген бөлігін жүрек негізі basis cordis, оған ірі веналар ашылып, одан ірі артериялар шығады. Алдыңғы –төменгі бос бөлігі жүрек ұшы apex cordis деп аталады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Жүрек жүрекқаппен бірге ассиметриялы кеуде қуысында, алдыңғы көкірекаралықта орналасады;оның 3/2 бөлігі орталық сызықтан сол, ал 3/1 бөлігі оң болікте жатады. Жүректің ұзындық болігі қиғаш, жоғарыдан төмен, оңнан солға, арттан алға ораналасады.Жүректің оң веналық бөлімі алдынан, сол артериялық бөлімі артта бұрылып орналасады. Жүрек алдынан ж/е бүйірінен өкпеқапта орналасып өкпемен, оның аз бөлігі алдынан төспен қабырға шеміршектеріне жанасады.Жүректің жоғарғы шекарасы оң ж/е сол 3-і қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиектерін байланыстыратын сызық бойымен отеді,Оң шекарасы 3-і оң қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегінен вертикальді төмен 5-і қабырға шеміршегіне дейін.Төменгі шекарасы 5-і оң қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өткізілген сызық бойымен:жүрек ұшы сол 5-і қабырғааралықта ортанғы бұғаналық сызықтан 1-1,5 см ішке қараи анықталады.Сол шекарасы үшінші сол қабырғаның жоғарғы жиегінен жүрек ұшына деиін. Жүректің шекарасы Жүректің көкетке қараған беті жалпақ, артқы төменгі- көкеттік бетін,facies diafragmatika, төс пен қабырға шеміршектеріне қаараған беті дөңес, алдынғы-жоғарғы-төс қабырғалық бетін,facies sternocostalis, және оң-алдыңғы ұзын, сол қысқа дөңгелек жиектеріне ажыратады.Жүректің бетінде 3 жүлге бар.Тәждік жүлге – жұрекшелер мен қарыншалар шекарасында орналасады және алдыңғы, артқы бойлық жүлгелер бір қарыншаны екіншіден бөледі.Тәждік жүлгеде,Sulcus coronaries, жүректің меншікті тамырлары жатады, тәждік жүлге төс-қабырғалық бетте өкпе сабауының жиегіне дейін ғана жетеді.Алдыңғы қарынша –аралық sulcus interventricularis anterior, ж/у артқы қарынша –аралық жүлгелерді, sulcus interventricularis posterior, ажыратады. Бұл жүлгелерде жүректің тәждік тамырларының тармақтары орналасады.

91)Жүрек камераларынын құрылысы.Жүректің клапан аппараты.Құлақшалар құрылысымен қызметі.


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1431 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.028 сек.)