АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 9 страница

Прочитайте:
  1. DRAGON AGE: THE CALLING 1 страница
  2. DRAGON AGE: THE CALLING 10 страница
  3. DRAGON AGE: THE CALLING 11 страница
  4. DRAGON AGE: THE CALLING 12 страница
  5. DRAGON AGE: THE CALLING 13 страница
  6. DRAGON AGE: THE CALLING 14 страница
  7. DRAGON AGE: THE CALLING 15 страница
  8. DRAGON AGE: THE CALLING 16 страница
  9. DRAGON AGE: THE CALLING 17 страница
  10. DRAGON AGE: THE CALLING 18 страница

176. Жұлын сұйықтығының өнімі және ағу жолдары, оның функционалді маңызы. Ми мен жұлынның торлы қабықасты кеңістіктері мен ми қарыншаларын толтырып тұратын ми-жұлын сұйықтығының, liquor cerebrospinalis, организмнің басқа сұйықтарынан ерекше айырмашылығы бар. Онымен тек ішкі құлақтың эндо- және перилимфасы мен көздің сулы ылғалдығы ғана ұқсас. Ми-жұлын сұйықтығы plexus choroidei-ден секрециялану жолымен бөлінеді, оның эпителилі қоршауы бездің эпителиіне ұқсас болады. Liquor cerebrospinalis-ті жасап шығаратын аппараттың сұйықтыққа бір заттарды тұтып қалатын қасиеті бар, бұның миды зиянды әсерлерден қорғауға үлкен маңызы бар. Сөйтіп, өзінің ерекшеліктері жағынан ми-жұлын сұйықтығы миымен оның негізіндегі тамырлар үшін қорғаныштық қызмет қана атқармай, нерв жүйесі орталық мүшелерінің дұрыс қызмет атқаруы үшін арнаулы ішкі орта. Ми-жұлын сұйықтығы орналасқан кеңістік тұйық болады. Одан сұйықтық негізінен өрмек қабықтың грануляциялары арқылы сүзілу жолымен веналық жүйеге және ішінара ми қабықтары жалғасатын нервтер қынабы арқылы лимфа жүйесіне ағып шығады.

177. Проекциялық талшықтар туралы түсінік, олардың жіктелуі. Проекциялық талшықтар ми қыртысының бір бөлігін thalamus және corpora geniculata-лармен, бір бөлігін орталық нерв жүйесінің төмен жатқан бөлімдері және жұлынмен байланыстырады. Бұл талшықтардың кейбірі қозуды орталыққа, ми қыртысына қарай, ал басқалары, керісінше, орталықтан шетке қарай өткізеді. Ми сыңарының ақ затындағы проекциялық талшықтар қыртысқа жақындау жерде сәулелі тәж, corona radiata, түзеді. Ішкі капсула арқылы өтеді. Ішкі қапшық, capsula interna, бір жағынан жасымықтәрізді ядро екінші жағынан құйрықты ядро мен таламус арасындағы ақ зат қабаты болып саналады. Мидың фронталды кесіндісінде ішкі қапшық ми аяқшасына созылатын қиғаш өтетін ақ жолақ тәрізді көрінеді. Горизонталды кесіндіде ол латералды жаққа қарай ашылған бұрыш пішінді, сол себепті ішкі қапшықтың құрылысында құйрықты ядро мен жасымық тәрізді ядроның арасындағы алдыңғы аяқшасын, crus anterius capsulae internae, таламус пен жасымықтәрізді ядроның арасындағы артқы аяқшасын, crus posterius және ішкі қапшықтың аталған екі бөлігінің бұрыш тәрізді иінін, genu capsulae internae, ажыратады. Проекциялық талшықтар ұзындығына қарай мынадай жүйелерге бөлінеді. 1. Tractus corticospinalis қозғалтқыш ерікті импульстарды дене,қол-аяқ бұлшықеттеріне өткізеді. Орталық алдындағы қатпардың ортаңғы және жоғарғы бөліктері қыртысының пирамидалы жасушаларынан басталған пирамидалы жол талшықтары сәулелі тәж құрамында төмен жүріп, ішкі қапшықтың артқы аяқшасының алдыңғы 2/3 бөлігі арқылы өтеді. Бұл жерде қолға баратын талшықтар аяққа баратын талшықтардың алдында орналасады. Олар әрі қарай ми аяқшасы, pedunculus cerebri, арқылы көпірге, одан төмен сопақша миға барады. 2. Tractus corticonuclearis бассүйек нервтерінің қозғалтқыш ядроларына өткізгіш жолдар. Олар орталық алды қатпарының төменгі бөлігі қыртысының пирамидалық жасушаларынан басталып, ішкі капсула иіні мен ми аяқшасы арқылы өтіп,содан кейін ортаңғы миға, сопақшамиға көпірге келіп, қарсы жағына ауысып, қиылыс түзе, қозғалтқыш ядроларында аяқталады. Талшықтардың шамалы бөлігі қарсы жаққа өтпей өз жағында аяқталады. 3. Tractus corticopontini ми қыртысынан көпір ядроларына баратын жолдар. Олар маңдай – tractus frontopontinus, шүйде – tractus occipitopontinus, самай – tractus temporopontinus және шеке үлестерінен – tractus parietopontinus шығады. Бұл жолдардың жалғасы ретінде көпір ядроларынан мишыққа оның ортаңғы аяқшаларының құрамында талшықтар барады. Үлкен ми қыртысы осы жолдардың көмегімен мишық қызметіне тежеуші және реттеуші әсер етеді. 4. Fibrae thalamocorticalis et corticothalamica таламустан ми қыртысына және керісінше, ми қыртысынан таламусқа баратын талшықтар. Таламустан шығатын талшықтардан орталық таламус тарамдары деп аталатынды атап көрсету қажет. Ол орталық артындағы қатпарда орналасқан тері сезімі орталығына бағытталатын сезімтал жолдың соңғы бөлігі. Бұл жолдың талшықтары таламустың латералды ядроларынан шығып, ішкі капсуланың артқы аяқшасы арқылы пирамидалы жолдың артынан өтеді. Бұл жер сезімтал қиылыс деп аталады.

178. Экстрацептивтік сезім түрлерінің өткізгіш жолдары. Сыртқы тітіркенулерді қабылайтын рецепторлар экстерорецепторлар деп аталады. Эволюцияның ерте кезеңдерінде олар негізінен дененің сыртқы жабындыларында орналасқан, бұл сыртқы тітіркенулерді қабылдау үшін қажет еді, сондықтан адамда да олар эмбриогенезде сыртқы ұрық жапырақшасынан – эктодермадан дамиды. Қызметі жағынан асқорыту жүйесімен тығыз байланысты, сондықтан энтодермадан дамитын дәм сезу мүшесінің ғана бұған қатысы болмайды. Одан әрі жануарлардың құрылысы және тіршілік қалпының күрделенуімен экстерорецепторлар ішіндегі маңыздылары күштірек дамып, құрылыстары күрделеніп, организмнен тысқары орналасқан, сондықтан дистантты деп аталатын заттардан тітіркенулерді қабылдайтын ерекше мүшелерге айналды. Бұлар – есту, көру және иіс сезу рецепторлары теріде орналасып, тері анализаторының шеткі бөлігін құрайды. Дыбыс, жарық, дәм және иіс сезу рецепторларынан шығатын өткізгіш жолдар эстезиология тарауында тиісті анализаторларды сипаттағанда қарастырылады. Бұл жерде тері анализаторларының өткізгіш жолдары баяндалады.

179. Қысым және сипап-сезу өткізгіш жолы. Терінің тактилді (жанасу және сипап сезу) сезімталдығын өткізгіш жолдар – tractus gangliospinothalamocorticalis. Рецептор тері қабатында жатады. Өткізгіш жол үш нейроннан тұрады. Бірінші нейронның жасушалық денесі сезімталдықтың барлық түрлерінің шеткі нейрондары жасушаларының жиыны болып табылатын жұлын түйінінде орналасады. Бұл түйін жасушаларынан шығатын өсінді екі тармаққа бөлінеді; олардың шеткісі тері нерві құрамында рецептордан шығады, ал орталық тармақ артқы түбіршік құрамында жұлынның артқы жіпшесіне барып, сол жерде жоғары көтерілетін және төмен түсетін тармақтарға бөлінеді. Талшықтардың бір бөлігі мен жанама тармақтарын жұлынның артқы мүйіздерінде – substantia gelatinosa-да аяқталады. Жоғарылаған талшықтардың басқа бөлігі артқы мүйіздерге енбей, жұлынның артқы жіпшелеоінде жүріп, fasciculus cuneatus et gracilis-тердің құрамында сопақша мидың аттас ядроларына – nucleus gracilis және nucleus cuneatus-ке жетеді. Жұлынның артқы мүйіздері мен сопақша мидың аталған ядроларында екінші нейронның жасуша денесі жатады. Артқы мүйіздерде орналасқан жасушалардың аксондары – comissura alba- арқылы ортаңғы жазықтықты қиып өтіп, қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде орналасқан tractus spinothalamicus lateralis құрайды. Жүлын-таламустық будалардың айқасуы артқы түбіршіктің жұлынға кіретін деңгейінен 2-3 сегмент жоғарылау жерде өтеді. Бұл буда мидың сабау бөлігі арқылы таламусқа жетеді. Өз жолында ол ми сабауы мен бассүйек нервтерінің қозғалыс ядроларымен байланысады, олар арқылы тері тітіркенгенде ми рефлекстері пайда болады. Сопақша ми ядроларында орналасқан екінші кезең жасушаларының аксондары – leminiscus medialis – деп аталатын жолмен таламуқа жетеді. Бұл жол сопақша мида қарама-қарсы жаққа ауысып, медиалды ілмек айқаспасын – decussatio lemniscorum-ды түзеді. Сөйтіп, дененің әрбір жартысы үшін жұлыгда тактилді импульстарды өткізетін екі жол бар: 1) айқаспаған жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жібінде жатады; 2) айқасқан жол - қарама-қарсы жақтың бүйір жіпшесінде жатады. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның аксондары tractus thalamocorticalis құрамында үлкен ми қыртысына, орталық артындағы қатпар мен тері анализаторының қыртыстық шеті орналасқан шеке бөлігіне барады. Кеңістіктік тері сезімталдығы – стереогноздың өткізгіш жолдары – fasciculus gracilis et cunetaus бойымен жүретін жанасу және қысым сезу сузімталдығы сияқты тері сезісталдығының бұл түрі де үш буыннан тұрады: 1) жұлын түйіндері; 2) сопақша мидағы nucleus gracilis et cuneatus-тер; 3) таламус және ең соңында жоғарғы төбе бөлігіндегі тері анализаторының қыртыстық шеті.

180. Ауырсыну және температураны сезіну өткізгіш жолы. Бірінші нейронның жасуша денесі жұлын түйінінде жатады, ол түйіннің жасушалары шеткі өсінділері арқылы терімен, ал орталық өсінділері арқылы екігші нейронның – жасуша денесімен – nucleus proprii - жайғасқан жұлынның артқы мүйіздерімен – tracrus gangliospinalis – байланысқан. Екінші нейрон аксыоны – comissura alba құрамында басқа жағына ауысып, tractus spinothalamicus lateralis-тің құрамында таламусқа дейін көтеріледі. Tractus spinothalamicus lateralis өз кезегінде екі - алдыңғы және артқы бөлікке бөлінеді, олардың бөлігімен температуралық сезім беріледі. Таламуста үшінші нейронның жасуша денесі жатады, оның өсіндісі tractus thalamocortcalis құрамында үлкен ми қыртысына келіп, сол жерде орталық артындағы қатпарда аяқталады. Кейбір зерттеушілер ауырсыну сезімі ми қыртысында ғана емес, таламуста да қабылданып, сол жерде сезімталдық алуан түрлі эмоциялық рең алады деп есептейді. Ауырсыну және температуралық импульстар бас бөлімдерінен немесе мүшелерінен сәйкесті бассүйек нервтерінің – V, VII, IX, X жұптары арқылы олардың сезімтал ядроларына, бұл ядролардан таламусқа және одан әрі орталық артындағы бөлімге сәйкес келеді. Экстерорецепторлардан шығатын өткізгіш жолдардың екінші нейрон талшықтарының айқасуы нәтижесінде ауырсыну, температура, ішінара жанасу және қысым сезу сезімталдығы импульстары дененің қарама-қарсы жағынан орталық артындағы қатпарға беріледі. Сондықтан айқаспаға дейін бірінші немесе екінші нейронның зақымдануы сол зақым келген жақтың сезімталдығын бұзатындығын есте сақтау керек. Егер айқаспадан кейін екінші нейрон немесе үшінші нейрон зақымдалса, онда осы сезімталдық түрлерінің бұзылуы зақымданған жердің қарсы жағында байқалады.

182.Мишық бағытындағы проприоцептикалық сезім өткізгіш жол

пропм

183.Пирамидалық өткізгіш жол

.

184.Эсктрапирамидалық өткізгіш жолдары және Рубро-спиналды жолы

.

Текто-спиналды жолы

185. Көру ағзасы organum visus оның басты бөлігі барлық жануарларда эктодермадан п. б арнаулы сезімтал жасушалар б.т. Көз oculus,көз алмасынан bulbus oculi және оны қоршап жатқан қосымша қосалқы ағзалардан тұрады. Көз алмасы -көз шарасында орналасқан шартәрізді дене.Мұнда мөлдір қабықтың ең дөңес нүктесіне сәйкес келетін алдыңғы полюсті және көру нерві шығатын жерден латералды жатқан артқы поюсті ажыратуға болады.Екі полюсті қосатын тұзу сызық оптикалық не сыртқы көз білігі-axis bulbi externus д.а. Оның мөлдір қабықтың артқы беті мен торлы қабық арасындағы бөлігі ішкі көз білігі д.а. Көз алмасы оныің ішкі ядросын қоршап жатқан уш-сыртқы талшықты,ортаңғы тамырлы,ішкі торлы қабықтардан құралады. Көз алмасының көмекші аппараты - Көзжас аппараты конъюктивті қапшыққа жас бөліп шығаратынжолдардан тұрады. Көзжас безі glandula lacrimalis құрылысты бөлікті,типті жағынан ұяшықты-түтікті,маңдай сүйегінің fossa lacrimalis-інде жатады.Оның 5-12 шығарушы өзектері -ductuli excretorii-конъюнктива қапшығы күмбезінің латералды бөлігінде ашылады. Қабақтар palpebrae-көз алмасын алдынан қорғайды. Жоғарғы қабақ palpebra superior-төменгі қабықтан үлкендеу оның үстінгі шекарасы қас superciluim-маңдай мен шекарада жататын қысқа түктері бар тері жолағы.Қабақтардың бос жиегі арасында көз саңылауы rima palpebrarum жатады,ол арқылы қабақ ашылған кезде көз алмасының алдыңғы беті көрінеді.Көз саңылауының латеральды бұрышы сүйір,медиальды бұрышы дөңгеленген және ол көз жас көлі lacus lacrimalis д.а түзеді.Оның ішінде май тіні мен нәзік түкшелері мен қоса ұсақ бездері бар көз жас бұлшықеті caruncula lacrimalis көрінеді. Көзұясының шел майы мен көз алмасының қынабы- көз алмасының артқы жағында көзұясының жатқан мүшелер арасындағы барлық кеңістікті алатын шел майы corpus adiposum ovbilae жалғасады. Көз жасы қапшығы saccus lacrimalis көзұясы ішкі бұрышының суйекті шұңқырында жатқан мұрын-жас жоғарғы тұйық шеті.Көз жасы қабы қабырғасынан басталатын pars lacrimalis m.orbicularis oculi будалары оны кеңейтіп,ол арқылы көз жасының көзжасы өзекшелері арқылы сіңірілуіне көмектеседі.

186.Көз алмасының қабықтары- 1Талшықты қабық tunica fibrosa bulbi көз алмасын сыртынан қаусырып қорғаныш қызметін атқарады.Оның артқы үлкен бөлімі ақ қабық,ал алдыңғы бөлімі мөлдір қабық д.а.Талшықты қабықтың екі бөлігі бір-бірінен циркулярлы жүлге sulcus sсlerae арқылы бөлінеді.2 Көз алмасының тамырлы қабығы, tunica vasculosa тамырларға бай,жұмсақ пигменттерге орай қара түсті,дәл ақ қабықтың астында жатады.Онда үш бөлімді меншікті тамырлы қабық,кірпікті дене және нұрлы қабықты ажыратады.3Тор немесе торлы қабық retina көз алмасының үш қабығының ең ішіндегісі,ол тамырлы қабыққа,қарашыққа дейін жанасып жатады.Басқа қабықтарда емес,ол эктодермадан пайда болады және өзінің пайда болуы тегіне қарай екі: пигменті бар сыртқы pars pigmentosa және ішкі pars nervosa бөліктерінен тұрады.

187. Көзқозғалтқыш нерв (III)

N, oculomotorius, көзқозғалтқыш нерв - дамуы жағынан бірінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның құрамында:1)сомалық-қозғалыс ядросынан көз алмасының сыртқы бұлшықеттеріне баратын эфферентті талшықтар; 2) ішкі көз бұлшықеттеріне(m. sphinter pupillac және m. ciliaris nucleus - accessrius), қосымша ядросынан шығып баратын парасимпатикалық талшықтар.

N, oculomotorius мидан ми аяқшасының медиалды жиегіне шығып, содан кейін fissura orbitalis superior арқылы көзұясына енеді. Осыдан кейін екі тармаққа бөлінеді.

1. Жоғарғы тармақ, ramus superior, m, rectus inferior және m.levator palpebrae superior-ды нервтендіреді.

2. Төменгі тармақ, ramus inferior, m. rectus inferior, m. rectus medialis пен obliquus inferior-ға барады. Төменгі тармақтан ganglion ciliare-ге барып, m.sphincter pupillac мен m. ciliaris үшін парасимпатикалық талшықтар аппаратын нерв түбіршегі, radix oculomotoria, шығады.

Шығыршық нерві (IV)

N, trochlearis, шығыршық нерві, дамуы жағынан екінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерві болып табылады. Оның жалғыз сомалық-қозғалыс ядросынан көздің қиғаш бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтар бар. Жоғарғы ми желкенінің дорсалды жағынан шығып, ми аяқшасын латералды жағынан айналып, fissura orbitalis superior арқылы көзұясына кіріп m. obliquus superior-да аяқталады.

Әкететін нерв (III)

N, abducens, әкететін нерв, үшінші құлақалды миотомының қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның көпірде орналасқан сомалық-қозғалыс ядросынан шығып, көздің латералды тік бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтары болады. Көпірдің артқы жиегінде мидан шығып fissura orbitalis superior арқылы көзұясына өтіп, m. rectus lateralis-ке енеді.

Сыртқы көз бұлшықеттеріне арналған III,IV және VI нервтердің эфферентті талшықтарына сәйкес келетін аферентті (проприоцептивті) талшықтар V нервтің, n. opthalmicus, құрамында өтеді.

Көптеген авторлар көз алмасының барлық үш қозғалыс нервтерінде афферентті (проприоцептивті) талшықтар бар деп есептейді.

189. Көру нерві (II)

N. opticus, көру нерві, эмбриогенез үрдісіндекөз бокалының аяқшасы ретінде аралық мидан өсіп шығады, филогенез жарық рецепторымен байланысты пайда болатын ортаңғы мимен байланысқан, оның мидың осы бөлімдерімен тығыз байланысы осымен түсіндіріледі. Ол жарық тітіркенулерін өткізетін сомалық-сезімтал талшықтардан тұрады. Ми туындысы ретінде онда түйін болмайдв (бассүйек нервтерінің I жұбы сияқты), ал оның құрамына енетін афферентті талшықтар көздің торлы қабығының көпполюстік нерв жасушалар нейриттерінің жалғасын құрайды. N. opticus көз алмасының артқы полюсінен шығып canalis opticus арқылы бассүйек қуысына кіріп, қарсы жағының дәл осындай нервімен сынатәрізді сүйектің sulcus chiasmatis-те жататын айқаспаны chiasma opticum түзеді (айқаспа толық емес, нервтің тек медиалды талшықтары ғана айқасады). Көру жолының хиазмадан кейінгі жалғасы tractus opticus болып табылады, ол corpus geniculatum laterale мен pulvinar thalami-де және ортаңғы ми қақпағының үстіңгі төбешігінде аяқталады. Екі торлы қабық арасында, айқаспаның алдыңғы бұрышы арқылы өтетін нерв будалары арқылы байланыс болады. Бұл байланысми сыңарларының комиссуралық байланыстарына ұксас. Мұндай байланыстың бар екендігіне көздің біреуі зақымданып немесе ауырғанда басқа көзде де көру өрісінің жоғалу фактісі дәлел бола алады.

193.Ортаңғы құлақ,auris media,дабыл қуысын мен есту түтігінен тұрады.Ол дабыл қуысын жұтқыншақтың мұрындық бөлігімен жалғастырады.Дабыл қуысы cavitas tympanica самай сүйегі пирамидасының негізінде сыртқы дыбыс жолы мен ішкі құлақ арасында жайғасқан. Онда дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке беретін үш кішкене сүйектен тұратын тізбек.

Дабыл қуысы 6 қабырғасы болады

1.Дабыл қуысының латералды қабырғасы-paries membranaceus

2.Дабыл қуысының медиалды қабырғасы лабиринтке жалғасып жатады да,лабиринттік қабырға paries labyrinthicus д.а

3.Дабыл қуысының артқы артқы қабырғасын

195. Кіреберіс-ұлу нерві (VIII)

N. vestibulocochlearis, кіреберіс-ұлу нерві бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв, есту және тепе-теңдік мүшесінен келетін сомалық-сезімтал талшықтары бар. Ол екі pars vestibularis және pars cochlearis бөліктерінен тұрады. Олардың қызметі әртүрлі: кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабириттің кіреберісі мен жартылай шеңберді түтіктерде жайғасқан статикалық аппараттардан импульстарды өткізеді де, ал ұлу дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын иірімді мүшеден есту импульстарын өткізеді.

Бұл бөліктер сезімтал болғандықтан, олардың әрқайсысы қос полюсті нерв жасушалары бар меншікті нерв түйіндерімен жабдықталған. Ganglion vestibulare деп аталатын кіреберіс бөлігінің түйіні ішкі есту жолының түбінде, ал ұлу бөлігінің түйіні ganglion spinale ұлуда орналасады.

Түйіндердің қос полюстік жасушалардың шеткі өсінділері иірімнің жоғарыда аталған қабылдаушы аспаптарында аяқталады. Олардың орталық өсінділері porus acusticus internus арқылы ішкі құлақтан шығып, нервтің сәйкес бөліктері құрамына миға бағыт алады; олар оған бет нервінің бүйірінен еніп, өз ядроларына: pars vestibularis төрт ядроға және pars cochlearis екі ядроға жетеді.


Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 3633 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)