АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 3 страница
Ішкі аталық жыныс ағзасына аталық бездер,шәуетшығаратын түтігі,ұрық безі,қуықасты безі,буылтық несеп шығаратын несеп бездеріжатады. Сыртқы ағзасына: аталық жыныс мүшесі және ұма жатады.
Аталық без(testis) жұп жыныс ағза,сопақша пішінді,салмағы 20-30г.Аталық бездің қызметі-сперматазоидтар,яғни аталық жыныс жасушаларын жасау,және де екінші жыныс жетілуді көрсететін аталық жыныс гармондарын қанға бөліп шығару.Аталық бездер ұмада орналасқан.Аталық без құрамында ұрық шығару өзегі,бұлшықет, қан айналу және лимфа тамырлары,нерв және шандырлар кіретін ұрық қанатшасына ілінген тәрізді болып тұрады.Ішастар аталық бездер айналасында тұйық сірлі қуысынтүзеді.Сірлі қабық астында басқа қабық,яғни ақ қабық(tunica albuginae).Сірлі қабық астында басқа қабық бездердің артқы жағынан қалыңдау – аталық без орталығын (mediastinum testis) түзеді.Бұлардан бездерді көптеген пирамида тәрізді аталық без үлесшелеріне (150-ден 300 дейін) (lobli testis)бөлетін аталық без қалқашықтары(septula testis)(tubuli seminiferi contorti)болады.Иреленгеншәует өзекшелері аталық без үлесшелерінен шығып, аталық без торына(rete tesis) түсетін қысқа, тік шәует өзекшелеріне(tubuli seminiferi recti)қосылады.Тордан 10-18 аталық бездің шығарушы түтігі шығады.Түтіктер ақ қабыққа тесіліп,қосалқының басына шығады.12-15 үлестік пішінде болады.Шығарушы өзекшелерқосалқының түтігіне байланысып,көптеген қосалқының дене мен құйрығын құрайтыншырмауықшаларды құрайды.Соңғысының аймағында түтік шәует шығаратын түтікке ауысып өтеді.
Шәует шығаратын түтік (ductus deferens) – жұп ағза,ұзындығы 40-50 см,диаметі 3мм-дей, құрамындағы шәует шылбырымен шап өзегінің сыртқы тесігіне барады.Оның 4 бөлігі бар:1.ұмалық (pars scrotalis).2.шаптың беткейлі сақинасына өтетін шылбырлық бөлігі (pars funicularis)3. Шап өзегіндегі шап бөлігі (pars inguinalis)4.тереңдегі шап өзегінен қуықасты безіне дейінгі жамбас бөлігі (pars pelvina). Шәуетшығаратын өзекті өтіп,иіліп кіші жамбасқа өтеді.Щның қасында соңғы бөлігі кеңейіп, шәуетті шығаратын түтіктің қабырғасы кілегейлі, бұлшықет және дәнекерлі қабықтардан тұрады.Оның қасында соңғы бөлігі кеңейіпшәуетті шығаратын түтіктің кеңжерін құрайды(ampulla deferentis), ал сонан соң ұрық шығару түтігімен қосылатын жіңішке өзекке өтеді.Мұнда шәует шашатын түтік (ductus ejaculatoris)бар.
Шәует бездері (vesiculae seminales) – қалтатәрізді түтікті,ұзындығы 4-6 см,қуықасты безінің үстінде қуықтың артқы қабырғасында көптеген иілімдер мен томпаюлары бар.Әр шәует безінің қуысы сперма құрамына ақуызды сұйықтықты көптеген қатпарлы камерадан құралған.Бездің қабырғасы кілегейлі,бұлшықетті және дәнекр қабықтан тұрады.
Қуықасты безі (prostata) – жамбастың түбінде орналасқан,несеп шығару түтігін айнала қуықтың астында орналасқан.Оның артқы беті тік ішекке,алдыңғы шат симфизіне, бүйірі – артқы өрісті көтеруші бұлшықетке жанасады.
Буылтық - несеп шығаратын өзек безі (glandula bulbourethrales) терең шатаралықтың қалыңында көлденең бұлшықет орналасқан,яғни аталық жыныс мүшесінің кеуекті заты денесінің буылтығында.
Ұма (scrotum) – тері бұлшықетті қапшық,онда аталықбез өзінің қосалқылары мен шәует шылбырының төмег і бөліктерімен орналасқан.Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna);7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis),ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.
Жыныс мүше (penis) - несеп қуықтан несепті шығару және әйел жыныс мүшесіне шәуетшіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бос бөлігі – жыныс мүшесінің денесінен,corpus penis,тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі,ostium urethrae externum,бар еркек жыныс мүшесінің басымен,glans penis,аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің кеңейген бөлігі басының тәжі, corona glandis, және тарылған бөлігі мойнын collum glandis,ажыратылады.Артқы бөлігі еркек жыныс мүшесінің түбірі, radix penis, қасаға сүйектеріне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің жоғарғы-алдыңғы бетінің арқашығы, dorsum penis деп атайды.
71. Аталық бездің ұмаға түсу процесі, практикалық маңызы.
Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.Ішкі құрсақтың дамудың 3 айында, болашақ терең шап сақинасының орнында қынаптық өсіндісі (processus vaginalis peritonei) қалыптастыратын ішастардың қалташығы пайда болады.Ұрық денесі ұзындығының өсуіне байланысты аталық без төмен орналасып,ішастардың артына,жамбас астау қуысына жылжиды,кейін қынаптық өсіндінің, processus vaginalis peritonei, тұсында болашақ сірлі қабықпен жабылып,ұмаға түседі.Қынаптың өсіндімен бірге алдыңғы құрсақ қабырғасының барлық қабаттары сыртқа салбырап, аталық без орнын – ұманы түзеді.
72.Аталық без қабықтары, олардың туындылары.
Аталық бездің қабықтары аталық бездің ұмаға түсу нәтижесінде қалыптасады.Оның ұмаға түсуіне ең маңызды әрекет етуші бағыттаушы жіп (gubernaculum testis BNA).Бұл жалғама дамудың алғашқы кезеңдерінде ішастардың артында орналасып,аталық без ұрығының каудалді шетінен алдыңғы құрсақ қабырғасына дейін жатады.Кейін, ол жерде ұма қалыптасады.
Ұма қабырғасы 7 қабықтан тұрады:1.Ұма терісі (cutis);2. Етті қабық (tunica dartos); 3.сыртқы шәует шандыры (fascia spermatica externa);4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры (fascia cremasterica);5.аталық безді көтеретін бұлшықет (m.cremaster);6.ішкі шәует шандыры (fascia supermatica interna);7.аталық бездің қынапты қабығы (tunica vaginalis testis),ол 2 табақтан:париеталді lamina parietalis, және висцералді lamina visceralis, тұрады.
73.Аталық бездің шәует шығару жолдары, бөлімдері, қызметі
Аталық без сыртынан ақ қабық tunica albuginea деп аталатын фиброзды қабықпен қапталған.Қабық астында аталық без тіні немесе паренхимасы орналасқан.Ақ қабықтың артқы шетінен аталық без паренхимасына дәнекер тіннің өсіндісі-аталық без орталығы mediastinum testis енеді.Одан паренхиманы аталық без үлесшелеріне lobuli testis бөлетін жұқа дәнекер тінді аталық без қалқашықтары septula testis тарайды.Аталық без үлесшелері конус пішінді және оның ұшы аталық без орталығына қарайды.Аталық безде 250-300 дейін үлесшелер бар.Әр аталық без үлесшелерінде құрамында сперматогенді эпителийі бар 2-3 иреленген шәует өзекшелері tubuli seminiferi contorti бар.Олар аталық без орталығына бағытталып үлесшелердің ұшы аймағында бір-бірімен қосылып, қысқа тік шәует өзекшелерін tubuli seminiferi recti түзеді.Бұл өзекшелер аталық без торына ашылады.Аталық без торынан аталық без қосалқысының түтігіне ашылатын 12-15 өзекшелер ductuli efferentes testis басталады.Шәует тек иреленген шәует өзекшелерінде түзіледі.Аталық бездің қалған түтікшелері мен өзекшелері шәует шығаратын жолдар болып табылады.
74.Шәует қуықшалары, бульбоуретральді бездер, олардың несеп жібергіш өзекке қатынасы.
Шәует қуықшасы vesicula seminalis- кіші жамбас астауында, шәует шығаратын түтіктің ампуласынан латеральді, қуықасты безден жоғары және несепқуық түбінен артта және бүйір орналасатын секреторлық жұп мүше.Ішастар шәует қуықшасының тек жоғарғы бөлігін жабады.Шәует қуықшасының беті кедір-бұдыр.Оның несепқуыққа қараған алдыңғы және тік ішекке қараған артқы бетін ажыратады.Шәует қуықшасының ұзындығы 5 см шамасында, ені 2 см, қалыңдығы 1 см.
Буылтық-несеп шығаратын өзек безі, glandula bulbourethralis Куперов безі-қос мүше, еркек несеп шығаратын өзек қабырғасын несептің тітіркендіруінен қорғайтын жабысқақ сұйықтық бөліп шығарады.Бұл бездер еркек несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің артында, шаттың терең көлденең бұлшықетінде орналасқан.Бездер бір-бірінен 0,6 см қашықтықта орналасқан.Олар дөңгелек пішінді, тығыз, сарғыш түсті, беті сәл бұдырлы және диаметрі 0,3-0,8 см болып келеді.Бұл бездер ұяшықты-түтікті бездер болып табылады.Олардың түтіктері жіңішке және ұзын, еркек жыныс мүшесінің буылтығын тесіп өтіп, несеп шығаратын өзекке ашылады.
75.Шәует шылбыры, оның құрамды бөліктері
Шәует шылбыры Funiculus spermaticus аталық бездің ұмаға түсу процесінде пайда болады.Оның ұзындығы 15-20 см дөңгелек жіп, шап өзегінің терең сақинасынан аталық бездің жоғарғы жиегіне дейінгі аралықта орналасады.Шәует шылбырының құрамына: шәует шығаратын түтік, аталық без артериясы, сабақты веналық өрім, аталық без бен оның қосалқысының нервтері және лимфа тамырлары және қынаптық өсіндінің қалдықтары кіреді.Шәует шылбырының 2 қабығы болады: ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna және сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.
76.Аталық сыртқы жыныс ағзалары, олардың анатомиясы.
Аталық сыртқы жыныс ағзаларына еркектің жыныс мүшесі және ұма жатады.
Еркек жыныс мүшесі penis несепқуықтан несепті шығару және әйелдің жыныс жолына шәует жіберу қызметін атқарады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы ьос бөлігі жыныс мүшесінің денесінен corpus penis тұрады.Оның ұшында несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі ostium urethrae externum бар еркек жыныс мүшесінің басымен glans penis аяқталады.Еркек жыныс мүшесінің басында кеңейген бөлігі- жыныс мүшесі басының тәжі corona glandis және тарылған бөлігін- мойнын collum glandis ажыратады.Артқы бөлігі – еркек жыныс мүшесінің түбірі radix penis қасаға сүйегіне бекіген.Еркек жыныс мүшесінің денесінің жоғарғы-алдыңғы бетін-арқашығы dorsum penis деп атайды.Еркек жыныс мүшесінің төменгі бетінде жігі raphe penis болады, ол артынан шат пен ұма терісіне жалғасады.Еркек жыныс мүшесінің алдыңғы бөлігіндегі терісі басын жабатын жақсы жетілген тері қатпарын-бүрікбас preputium penis түзеді.Бүрікбас еркек жыныс мүшесі басының терісіне жалғасып, оның мойнына бекиді.Еркек жыныс мүшесі басының төменгі жағында бүрікбас, бүрікбас жүгеншігімен frenulum preputii байланысқан.Бүрікбастың ішкі табағының терісінде бездер орналасқан.
Еркек жыныс мүшесі екі үңгірлі денеден corpora cavernosa penis және олардан төмен орналасқан бір кеуекті денеден corpus spongiosus penis тұрады.Жыныс мүшесінің әр үңгірлі денесі цилиндр пішінді және олардың артқы шеттері үшкірленіп, қасаға сүйегінің төменгі тармағына бекитін еркек жыныс мүшесінің аяқшалары crura penis түрінде жан-жағына таралады.Үңгірлі денелер өзара медиальді беттерімен бітісіп, жалпы үңгірлі дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporum cavernosorum жабылған.Олар үңгірлі дененің аралығында еркек жыныс мүшесі басының қалқасын septum penis түзеді.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі артқы бөлігінде кеңейіп, еркек жыныс мүшесі буылтығын bulbus penis ал алдыңғы шеті күрт қалыңдап, еркек жыныс мүшесі басын glans penis қалыптастырады.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесі кеуекті дененің ақ қабығымен tunica albuginea corporis spongiosi fascia жабылған.Еркек жыныс мүшесінің кеуекті және үңгірлі денелері терең және беткей шандырлармен penis profunda et fascia penis superficialis қапталған.Еркек жыныс мүшесі терең және беткей байламдармен фиксацияланады.
Ұма scrotum алдыңғы құрсақ қабырғасында, аталық жыныс бездеріне арналған екі дербес камералы қалта тәрізді.Ұма еркек жыныс мүшесі түбірінен артта және төмен орналасқан.Оның әр камерасында аталық без орналасқан.Ұманың 7 қабығы ажыратылады, олар аталық бездің қабықтары болып табылады:1.тері cutis.Ұманың терісі жіңішке, қатпарларға жеңіл жиналады, түсі қою.2.бұлшықеттік қабық tunica dartos.Ол теріасты шелмайының туындысы.Бұл қабық оң аталық безді сол аталық безден бөліп тұратын ұма қалқасын түзеді.3.сыртқы шәует шандыры fascia spermatica externa.4.аталық безді көтеретін бұлшықет шандыры fascia cremasterica 5.аталық безді көтеретін бұлшықет m.cremaster 6.ішкі шәует шандыры fascia spermatica interna 7.аталық бездің қынапты қабығы tunica vaginalis testis.Ол екі табақтан тұрады: lamina parietalis және lamina visceralis.Бұл екеуінің арасында тұйық сірлі қуыс болады.
77.Қуықасты безі, құрылысы, қызметі
Қуықасты безі Prostata – тақ бұлшықетті мүше, сперманың құрамына кіретін секрет бөледі.
Қуықасты безі кіші жамбас астауының алдыңғы төменгі бөлігінде, несепқуықтың астында, несепжыныс диафрагмасында орналасады.Осы без арқылы несеп шығаратын өзектің бастапқы бөлігі және оң мен сол шәует жіберетін түтік өтеді.Қуықасты безінің пішіні каштан жаңғағына ұқсас.Қуықасты безінің негізі basis prostatae және алдыңғы facies anterior, артқы facies posterior және төменгі бүйір facies inferolateralis, бездің ұшы ажыратылады.Бездің алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған.Безден қасаға симфизіне бүйір және орта қасаға-қуықасты байламдары ligg.puboprostaticae және қасаға-қуықасты бұлшықеті m.puboprostaticus тартылған.
Қуықасты безінің артқы беті тік ішектің ампуласына бағытталып, одан жамбас астау шандыр табақшасымен бөлінген.Төменгі бүйір беті дөңгеленіп, веналық өрім мен артқы өтіске көтеретін бұлшықетке қарайды.Бездің ұшы apex prostatae төмен бағытталып,несепжыныс диафрагмасында орналасады.Несеп шығаратын өзек бездің негізіне кіріп, оның үлкен бөлігі бездің артында орналасқан және бездің ұшы аймағында шығады.
Қуықасты бездің көлденең көлемі 4 см, бойлық 2-3 см.Салмағы 20-25 г.Қуықасты бездің екі үлесі: оң lobus dexter және сол lobus sinister ажыратылады.Екеуінің шекарасы болып бездің алдыңғы бетінде орналасқан терең емес жүлге саналады.Без негізінің артқы бетінен шығатын бөлікті, қуықасты бездің қылтасы isthmus prostatae немесе бездің ортаңғы үлесі lobus medius дейді.
Қуықасты безі сыртынан қапшықпен, capsula prostatica жабылады, ол безді тіннен parenchyma glandulare және бірыңғай салалы бұлшықеттік тіннен substantia muscularis құралған.Безді тіндер ұяшық-түтік құрылысты простата безшелері түрінде жеке құрылымдарға топталады.Бұлшықеттік тіні бұлшықеттік шоғырлармен бірігіп,еркек несеп шығару өзегінің ішкі бұлшықеттің қысқышының қалыптасуына қатысады.
89)Бүйрек үсті бездері хроматифон денешіктері құрылысы мен қызметтеріБүйрек үсті без сырт жағынан фиброзды қабықпен қапталған жұп без. Ол сыртқы қыртыстық қабатқа және ішкі — боз затқа бөлінеді. Қыртыстық қабат үш аймаққа бөлінеді сырткы — шумақты, ортаңғы — шоғырлы және ішкі — торлы аймақтар. Әр аймақ өзіне тән гормондар түзеді. Бозғылт зат хром тұздарының әсерінен сарғыш түске боялған хромаффиндік торшалардан құралған. Бұл кабатта көптеген нерв талшықтары мен ганглиоздық (симпатикалық) нерв торшалары кездеседі,Бездің қыртыстық қабатында түзілетін гормондар минералокортикоидтар (альдостерон, дезоксикортикостерон), глюкокортикоидтар (гидрокортизон, кортизон, кортикостерон), андренокортикоидтар (андростендион, андростерон, эстрон, прогестерон) болып 3 топқа бөлінеді,Минераакортикоидтар организмде минералды заттардың алмасуын — натрий мен калий деңгейін, реттейді. Минералокортикоидтар жетіспесе организм натрийді, суды, хлоридтерді көп бөліп шығарады да, ішкі ортаның қасиеттері өзгеріп, тіршілік жағдайлары бұзылады.Глюкокортикоидтар көмірсулар, белоктар, майлар алмасуына әсер етеді, ұлпаларда белоктың ыдырауын күшейтіп, олардың синтезін бәсеңдетеді. Глюкокортикоидтар әсерімен қан құрамындағы амин қышқылдарының мөлшері өсіп, олар бауырда глюкоза мен гликогенге айнала қордағы май шығыны артып, қуат алмасуы күшейеді. Бұл гормондар антиденедердің түзілуін баяулатып, қабыну процесін өршітпеуде маңызды орын алып, булығу (стресс) тудыратын әр түрлі қолайсыз факторлардың әсеріне бейімделуде маңызды рөл атқарады.Бүйрек үсті безінің қыртыстық бөлігінің қызметі нашарласа адам аддисон дертіне шалдығады тері қола түске боялып, адам арықтайды, тәбет нашарлап, қандағы қант мөлшері азаяды, қан қысымы төмендейді, астения (әлжуаздық) пайда болып, ішкі ортада натрий мөлшері азайып, калий мөлшері көбейеді.Бездің боз затында адреналин және норадреналин гормондары түзіледі. Бұл гормондар катехол туындысы болғандықтан катехоламиндер деп аталады. Олардың әсері симпатикалық нерв әсеріне ұқсас, сондықтан оларды симпатикалық аминдер деп те атайды.Адреналин тираминнің туындысы, ал норадреналин метилсізденген адреналин болып табылады, оның құрамында метил тобы болмайды.Катехоламиндер гликогенолиз және липолиз процестерін шапшаңдатады, көмірсулар мен майлар алмасуына әсер етіп, жылу реттеу, қан айналым процестеріне, бұлшық ет әрекетіне, ОНЖ-сі, тыныс алу және қан түзу мүшелерінің қызметіне ықпал жасайды. Адреналин жүрек етінің қозғыштығын күшейтіп, жиырылу күшін арттырды, жүрек жұмысын жиілетіп оның минуттық көлемін көбейтеді, қан қысымын жоғарылатады.Норадреналин жүрек етінің қозғыштығын өзгертпейді, жүрек жұмысын баяулатады. Бұл екі гормон да жүрек тамырлары арнасын кеңейтіп, тері тамырларын тарылтады, бауыр мен бұлшық еттерде гликогеннің ыдырауын күшейтіп, қандағы глгокозаның деңгейі жоғарылатады. Катехоламиндер организмді белсенді әрекеттерге дайындайды.
90) Жүрек дамуы, топографиясы, шекаралыры, жүрек қақпақтарының алдыңғы кеуде қабырғасына проекциясы.
Жүрек,cor бұлшық ет қабырғалары жақсы дамыған, конус тәрізді қуысты ағза. Жүрек алдыңғы көкірек аралықтың төменгі бөлігінде бөлінде, көкеттің сіңірлі орталыгында, сол және оң өкпеқап қуыстарының аралығында орналасып, жүрекқаппен pericardium, қапталып ірі қантамырлармен бекінген. Ересек адам жүрегінің салмағы 250-300 грамм Жүрек қабының ішкі беті жүректі ылғалдайтын және жиырылу кезінде үйкелісті кемітетін сұйықтық бөліп шығарады. Жүрекшенің бұлшықет қабығы беткей және терең ет қабаттарынан тұрады. Беткей ет қабатының кардиомиоциттері көлденеңінен орналасады. Ол оң және сол жүрекшелерді сыртынан қаптап, оларға ортақ қабат болып келеді. Терең ет қабаты әрбір жүрекшеде жекелей орналасады. Бұл қабаттың кардиомиоциттері ұзынынан орналасады. Жүрек қарыншаларының бұлшықет қабығында айқын байқалатын бес ет қабаты болады. Олардың сыртқы беткей және ішкі бұлшықет қабаттарын қиғаш жатқан кардиомиоциттер, ал ортаңғы үш ет қабаттарын сегіздік тәрізді иіле орналасқан жүрек ет жасушалары түзеді.Жүректің артқы-жоғарғы кеңейген бөлігін жүрек негізі basis cordis, оған ірі веналар ашылып, одан ірі артериялар шығады. Алдыңғы –төменгі бос бөлігі жүрек ұшы apex cordis деп аталады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Жүрек жүрекқаппен бірге ассиметриялы кеуде қуысында, алдыңғы көкірекаралықта орналасады;оның 3/2 бөлігі орталық сызықтан сол, ал 3/1 бөлігі оң болікте жатады. Жүректің ұзындық болігі қиғаш, жоғарыдан төмен, оңнан солға, арттан алға ораналасады.Жүректің оң веналық бөлімі алдынан, сол артериялық бөлімі артта бұрылып орналасады. Жүрек алдынан ж/е бүйірінен өкпеқапта орналасып өкпемен, оның аз бөлігі алдынан төспен қабырға шеміршектеріне жанасады.Жүректің жоғарғы шекарасы оң ж/е сол 3-і қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиектерін байланыстыратын сызық бойымен отеді,Оң шекарасы 3-і оң қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегінен вертикальді төмен 5-і қабырға шеміршегіне дейін.Төменгі шекарасы 5-і оң қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өткізілген сызық бойымен:жүрек ұшы сол 5-і қабырғааралықта ортанғы бұғаналық сызықтан 1-1,5 см ішке қараи анықталады.Сол шекарасы үшінші сол қабырғаның жоғарғы жиегінен жүрек ұшына деиін. Жүректің шекарасы Жүректің көкетке қараған беті жалпақ, артқы төменгі- көкеттік бетін,facies diafragmatika, төс пен қабырға шеміршектеріне қаараған беті дөңес, алдынғы-жоғарғы-төс қабырғалық бетін,facies sternocostalis, және оң-алдыңғы ұзын, сол қысқа дөңгелек жиектеріне ажыратады.Жүректің бетінде 3 жүлге бар.Тәждік жүлге – жұрекшелер мен қарыншалар шекарасында орналасады және алдыңғы, артқы бойлық жүлгелер бір қарыншаны екіншіден бөледі.Тәждік жүлгеде,Sulcus coronaries, жүректің меншікті тамырлары жатады, тәждік жүлге төс-қабырғалық бетте өкпе сабауының жиегіне дейін ғана жетеді.Алдыңғы қарынша –аралық sulcus interventricularis anterior, ж/у артқы қарынша –аралық жүлгелерді, sulcus interventricularis posterior, ажыратады. Бұл жүлгелерде жүректің тәждік тамырларының тармақтары орналасады.
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 2800 | Нарушение авторских прав
|