АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 8 страница
170. Мишық, құрылысы, ядролары, аяқшалары, қызметі. Мишық, cerebellum, артқы мидың тепе-теңдік рецепторларымен байланысты дамыған туындысы. Сондықтан оның қозғалыстартды үйлестіруге тікелей қатысы бар, организмнің дене массасының негізгі қасиеттері – ауырлық пен инерцияны жеңуге бейімделу ағзасы болып табылады. Мишық жануарлардың қозғалып орын ауыстыру тәсілдерінің өзгеруіне сәйкес филогенез барсында 3 даму кезеңінен өтті. Мишық ең бірінші дөңгелекауыздыларда, жыланбалықтарда, көлденең табақша түрінде пайда болды. Қарапайым омыртқалыларда (балықтарда) құртқа (vermis) сәйкес келетін құлақшатәрізді бөліктер (archicerebellum) мен сыңар дене (paleocerebellum) бөлінеді; жорғалаушылар мен құстарда денесі күшті дамып, ал құлақшатәрізді бөліктері рудименттік күйге келеді. Мишық сыңарлары сүтқоректілерде ғана пайдап болады (neocerebellum). Адамда тік жүруіне және еңбек ету кезінде қодың ұстау-қармау қозғалыстарының жетілуіне байланысты мишық сыңарлары барынша дамиды. Мишық үлкен ми сыңарларының шүйде үлестерінің астында, көпір мен сопақша мидан дорсальды, артқы бассүйек шұңқырында жатады. Оның көлемді бүйір бөліктерін немесе сыңарларын – chemispheria cerebelli – және олардың арасында орналасқан жіңішке құртты бөлігін, vermis, ажыратады. Мишықтың алдыңғы жиегінде ми сабауының жанаса жатқан бөлігін қаститын алдыңғы тілік бар. Артқы жиегінде сыңарларда бір-бірінен бөлетін тар артқы тілік орналасқан. Мишық беті оның қыртысын құрайтын сұр зат қабатымен жабылған, бұл бетте бір – бірінен саңылаулармен – fissurae cerebelli - бөлінген тар қатпарлар, мишық жапырақшалары – folia cerebelli –түзіледі. Олардың ішінен ең тереңі – fissure horizantalis - мишықтың артқы жиегімен өтіп, сыңарлардың жоғарғы бетін – facies superior – төменгі бетінен – facies inferior бөліп тұрады. Мишықтың бүкіл беті горизонталды және басқа ірі жүлгелер арқылы бірнеше үлесшелерге, lobuli cerebelli, бөлінеді. Олардың ішінде ең оқшауланған, әрбір сыңардың төменгі бетінде, ортаңғы мишық аяқшасының артында орналасқан кішкентай бөлік – жырым, flocculus, бар. Құрттың жырыммен байланысқан, жіңішке жолақша медиалды жаққа қарай ай тәрізді табақшаға - төменгі ми желкеніне, velum medullare inferius, ауысады. Мишықтың ішкі құрылысы. Мишық қабатында ақ заттың арасында сұр заттың жұп ядролары жатады. Ортаңғы сызықтың бүйір жақтарында мишық шатырға, fastigium, батып тұрған жерде ең медиалды ядро –шатыр ядросы, nucleus fastigii, жатады. Ол латералды шартәрізді ядро, nucleus globosus, ал одан латералды тығынтәрізді ядро, nucleus emboliformis, орналасады. Жартышардың ортасында олива ядросына ұқсас, иірімді табақша тәрізді тісті ядро, nucleus dentatus, жатады. Оның олива ядросымен ұқсастығы кездейсоқ емес, ойткені екі ядро да өткәзгіш жолдармен fibrae olivocerebellares арқылы байланысқан да, бір ядроның иірімі екінші ядроның иіріміне тура келеді. Сөйтіп, екі ядро да тепе –теңдік қызметін атқаруға қатысады.Аталған мишық ядроларының аталған мишық ядроларының филогенездік уақыттары әр түрлі: nucleus fastii вестибулярлық аппаратпен байланысты мишықтық ең көне бөлігіне - floccus- ке (archicerebellum) –жатады; nuclei emboliformis et globosus тұлғаның қозғалыстарына тұлғаның қозғалыстарына байланысты пайда болған – ескі бөлігіне (paleocerebellum) жатады; nucleus dentatus – қол-аяқтарымен қозғалып жүруіне байланысты дамыған ең жаңа (neocerebellum) бөлігіне жатады. Сондықтан осы бөліктердің біреуі зақымданғанда әр түрлі кезеңіне сәікес келетін түрлі жақтары бұзылады, атап айтқанда: флоккулондулярлық жүйе мен оның шатырядролары зақымданғанда дененің тепе-теңдігі бұзылады. Құрт пен оған сәйкес тығын және шартәрізді ядролар зақымданғанда мойын мен тұлға бұлшықетінің қызметі; мишық сыңарлары мен тегіс ядролар зақымданғанда қол- аяқ бұлшықетінің қызметі бұзылады. Мишықтың ақ заты кесіндісінде әрбір қатпарға сәйкес келетін, шет жағынан сұр зат қыртысымен жабылған, ұсақ өсімдік жапырақшалары тәрізді. Нәтижесінде мишықтың кесіндісінде ақ және сұр заттың жалпы көрінісі ағашқа ұқсайды, сондықтан «тіршілік ағашы» деп аталады. Мишықтың ақ заты түрлі нерв талшықтарынан құралады. Олардығ кейбірі қатпарлар мен үлесшелерге байланыстырады, екіншілері қыртыстан мишықтың ішкі ядроларына барады, үшіншілері мишықты мидың көрші бөліктерімен байланыстырады. Бұл соңғы талшықтар үш жұп мишық аяқшалары құрамына кіреді. Төменгі аяқшалар, pedunculi cerebellares inferiores (сопақша миға барады). Олардың құрамында мишыққа мидың артқы жіпшелері ядроларынан tractus spenocerebellaris posterior, fibrae arcuatae externae және оливадан fibrae olivocerebellares барады. Алғашқы екі жол құрт пен сыңарлар қыртысында аяқталады. Сонымен қатар бұл жерден nucleus fastigii –де аяқталатын вестибулярлық нерв ядроларның талшықтары өтеді. Барлық осы талшықтардың арқасында мишық вестибулярлық аппарат пен поприоцептевті алаңнан импульстар алады, сол себепті ол мидың басқа бөліктерінің қозғалыс қызметін автоматты түзетіп отыратын проприоцевтивті сезімталдық ядросына айналады.Төменгі аяқшалар құрамында да төмен түсетін жолдар бар, олар кері бағытта өтеді. Атап айтқанда: cleus fastigii- ден латералды вестибулярлық ядроға, ал одан – жұлынның алдыңғы мүйіздеріне, tractus vestibulospinalis, барады. Мишық осы жол арқылы жұлынға әсер етеді. 2. Ортаңғы аяқшалар, Pedunculi cerebellares medii.олардың құрамында нерв талшықтары көпір ядроларынан мишық қыртысына барады. Көпір ядроларында пайда болатын мишық қыртысына өткізгіш жолдар, tractus pontocerebellaris, қиылыстан кейінгі көпір ядроларында аяқталатын қырытыс- көпір жолдарының жалғасы болып табылады. Бұл жолдар үлкен ми қыртысымен мишық қыртысын байланыстырады, үлкен ми неғұрлым дамыған болса, көпір мен мишық сыңарларының соғұрлым дамуы осымен түсіндіріледі. Мұндай жағдай адамда байқалады. 3.Жоғарғы аяқшалары,pedunculi cerebellares superiores. Олар екі бағытта өтетін нерв талшықтарынан тұрады: а) мишыққа, tractus spinocerebellaris anterior және ә) мишықтың тісті ядросынан ортаңғы ми жамылғысына, tractus cerebellotegmentalis, ол қиылыстан кейін қызыл ядро мен таламуста аяқталады. Біріншімен жұлыннан мишыққа импульстар келеді, екіншімен мишық экстрапирамидалық жүйеге импульстар жіберіп, сол жүйе арқылы өзі жұлынға әсер етеді.
171. Сопақша ми, сыртқы, ішкі құрылысы, ядроларының қызметі. Сопақша ми – myelencephalon, medulla oblongata, жұлынның ми сабауында тікелей жалғасы және ромбтәрізді мидың бөлігі болып табылады. Онда жұлын мен мидың бастапқы бөлімі құрылыстарының белгілері ұштасқан, сондықтан оның myelencephalon деген атауы осыған байланысты, буылтық тәрізді жоғарғы кеңейген шеті көпірмен шектеседі, ал төменгі шекарасы мойын нервтерінің I жұбының түбіршіктері шығатын жер немесе шүйде сүйектің үлкен тесігінің деңгейі. 1. Сопақша мидың алдыңғы (вентралды) бетінде орталық сызық бойымен жұлынның аттас жүлгесінің жалғасын құрайтын fissura mediana anterior өтеді. Оның бүйірлерінде – пирамидалар – pyramides medullae oblangatae – жатады, олар жұлынның алдыңғы жіпшелерінің жалғасы болып саналады. Пирамидаларды құрайтын нерв талшықтары будаларының бір бөлігі fissura mediana anterior тереңінде қарама-қарсы жақтың сондай талшықтарымен қиылысады да, decussatio pyramidum, содан кейін жұлынның бүйір жіпшесіне келеді. Қиылыспай қалған талшықтары, жұлынның алдыңғы жіпшесінде өз жағында – tractus corticospinalis anterior төмен түседі. Пирамидалық талшықтар ең жоғары дамыған үлкен ми қыртысын бассүйек нервтерінің ядроларымен және жұлынның алдыңғы мүйіздерімен байланыстырады. Пирамиданың латералды сопақша дөңес – олива, olivа, жатады, ол пирамидадан жүлгеше – sulcus anterolateralis – бөлінген. 2. Сопақша мидың артқы (дорсалды) бетінде жұлынның аттас жүлгесінің тікелей жалғасы – sulcus medianus posterior –созылып жатады. Оның бүйір жақтарында артқы жіпшелер жатады. Олар латералды жақтарынан онша күшті дамымаған sulcus posterolateralis арқылы шектелген. Артқы жіпшелер жоғары қарай ажыраса, ромбтәрізді шұңқырды көмкеретін мишықтың төменгі аяқшаларының – pedinculi cerebellares inferiores – құрамына еніп, мишыққа келеді. Әрбір артқы жіпше аралық жүлге арқылы медиалды – fasciculus gracilis және латералды – fasciculus cuneatus – бөліктерге бөлінеді. Ромбтәрізді шұңқырдың төменгі бұрышында жіңішке және сынатәрізді будалар томпайып тұрады. Бұлар аттас сұр зат ядроларынан – nucleus cuneatus-тен пайда болған. Аталған ядроларда артқы жіпшелерде өтетін жұлынның жоғары көтерілетін талшықтары аяқталады. Sulci posterolateralis et anterolateralis арасында жататын сопақша мидың латералды беті бүйір жіпшеге сәйкес келеді. Оливаның артындағы sulcus posterolateralis-тен бассүйек нервтерінің XI, X және IX жұптары шығады. Ромбтәрізді шұңқырдың төменгі бөлігі сопақша мидың құрамына кіреді. Сопақша мидың ішкі құрылысы. Сопақша ми тепе-теңдік пен есту ағзаларының дамуына, сондай-ақ тынысалу мен қан айналысына қатысы бар желбезек аппаратына байланысты пайда болады. Сондықтан онда сұр заттың тепе-теңдікке, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруге, сол сияқты зат алмасу, тынысалу және қан айналысын реттеуге қатысы бар ядролары орналасқан. 1. Nucleus olivaris – оливарлық ядро, оның медиалды жағы ашық пішіні сұр заттың иілген табақшасы тәрізді, ол оливаның сырт жағынан томпаюына себеп болады. Ол аралық тепе-теңдік ядросы болып табылады. Сондықтан адамда жақсы дамыған, себебі тік жүру үшін жетілген тепе-теңдік аппараты қажет. 2. Нерв талшықтарының айқаса өрілуі мен олардың арасында жататын нерв жасушаларынан түзілетін торлы құрылым – formation reticularis. 3. Желбезек аппараты туындылары мен ішкі ағзаларды нервтендіруге қатысы бар төменгі бассүйек нервтерінің (XII-IX) төрт жұбының ядролары. 4. Кезбе нервтің ядроларымен байланысқан тынысалу мен қан айналымының өмірлік маңызды орталықтары. Сондықтан да сопақша ми зақымданғанда адам өліп кетуі мүмкін.
172. Мидың 4 қарыншасы, оның қабырғалары, құрамы. Ромбтәрізді ми қылтасы, оның құрамы. IV қарынша, ventriculus quartus, артқы ми көпіршігі қуысының қалдығы болғандықтан, ромбтәрізді миды, rombencephalon құрайтын артқы мидың барлық бөлімдері үшін ортақ қуыс болып табылады. IV қарынша шатырға ұқсайды, оның түбі мен төбесін ажыратады. Қарыншаның түбі немесе негізгі ромб пішінді, сопақша ми мен көпірдің артқы бетіне батып тұрған сияқты көрінеді. Сондықтан оны ромбтәрізді шұңқыр, fossa rhomboidea, деп атайды. Ромбтәрізді шұңқырдың артқы төменгі бұрышында жұлынның орталық өзегі ашылады, ал алдыңғы жоғарғы бұрышында IV қарынша суқұбырымен қатынасады. Оның латералды бұрыштары екі қалта, recessus lateralis ventriculi quarti, түрінде тұйық аяқталады. IV қарынша төбесі, tegmen ventriculi quarti, төбесі шатыр пішінді, ол: мишықтың жоғарғы аяқшалары арасында керілген жоғарғы желкеннен, vellum medullare superius, және жырым аяқшаларына жанасып жататын жұп түзіліс – төменгі желкеннен, vellum medullare inferius, құралған. Төбенің желкендер арасындағы бір бөлігі мишық затынан түзілген. Төменгі ми желкені жұмсақ қабық жапырақшасымен, tela choroidea ventriculi quarti, толығады. Ол жұмсақ қабық іш жағынан артқы ми көпіршігінің артқы қабырғасының рудименті болып табылатын эпителий қабатымен, lamina choroidea epithelialis, жабылған. Ромбтәрізді шұңқырдың, fossa rhomboidea, атына сәйкес екі жоғарғы және екі төменгі жағы болады. Ромбының жоғарғы жақтары – екі жоғарғы мишық аяқшаларымен, төменгі жақтары – екі төменгі аяқшаларымен щектелген. Ромбының ортаңғы сызығы бойымен, жоғарғы бұрышынан төменгі бұрышына дейін ортаңғы жүлге, sulcus medianus, созылып жатады. Ол ромбтәрізід шұңқырды оң және сол жартыға бөледі. Жүлгелердің жандарында сұр заттың жиналуынан пайда болған жұп томпақ, eminentia medialis, орналасқан. Ол төмен қарай біртіндеп тарылып, тіласты нервісі проекцияланатын үшбұрышқа, trigonum nervi hypoglossi, айналады. Бұл үшбұрыштың төменгі бөлігінен латералды, сұр түсті, кіші үшбұрыш, trigonum nervi vagi, жатады, онда кезбе нервтің ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi, орналасқан. Eminentia medialis-тің жоғарғы жағында томпақ бет төбешігі, colliculus facialis, бар, ол бет нервінің түбіршігі мен әкететін нервтің проекциясынан пайда болған. Латералды бұрыш аймағында VIII жұп нервтің ядролары жататын, кіреберіс алаңы, area vestibularis, орналасады. Олардан шығатын талшықтардың бір бөлігі striae medullares ventriculi quarti түрінде, көлденең жүріп ортаңғы жүлгеге келеді. Олар ромбтәрізід шұңқырды жоғарғы және төменгі жартыларына бөліп, сопақша ми мен көпірдің шекарасына сәйкес келеді. Қылта, isthmus rhombencephali, ортаңғы миға ауысатын жер. Оның құрамына кіретіндер: 1) жоғарғы мишық аяқшалары, pedunculi cerebellares superiors; 2) олармен мишық арасында керілген жоғарғы ми желкені, velum medullare superius, ол ортаңғы ми төбесі табақшасы төбешіктерінің арасындағы ортаңғы жүлгешеге бекиді; 3) ілмек үшбұрышы, trigonum lemnisci, ол латералды ілмектің, lemniscus lateralis, есту талшықтары жолынан пайда болады. Бұл үшбұрыш сұр түсті, алдыңғы жағынан - төменгі төбешіктің сабымен, артқы жағынан – мишықтың жоғарғы аяқшасымен және латералды жағынан – ми аяқшасымен шектелген. Ми аяқшасы мойнақ пен ортаңғы мидан айқын білінетін жүлгемен, sulcus lateralis mesencephali, бөлініп тұрады. Мойнақтың ішіне қарай ортаңғы ми суқұбырына өтетін IV қарыншаның жоғарғы шеті еніп тұрады.
173. Ромбтәрізді шұңқыр, ми нервтері ядроларының проекциясы. Ромбтәрізді шұңқырдың, fossa rhomboidea, атына сәйкес екі жоғарғы және екі төменгі жағы болады. Ромбының жоғарғы жақтары – екі жоғарғы мишық аяқшаларымен, төменгі жақтары – екі төменгі аяқшаларымен щектелген. Ромбының ортаңғы сызығы бойымен, жоғарғы бұрышынан төменгі бұрышына дейін ортаңғы жүлге, sulcus medianus, созылып жатады. Ол ромбтәрізід шұңқырды оң және сол жартыға бөледі. Жүлгелердің жандарында сұр заттың жиналуынан пайда болған жұп томпақ, eminentia medialis, орналасқан. Ол төмен қарай біртіндеп тарылып, тіласты нервісі проекцияланатын үшбұрышқа, trigonum nervi hypoglossi, айналады. Бұл үшбұрыштың төменгі бөлігінен латералды, сұр түсті, кіші үшбұрыш, trigonum nervi vagi, жатады, онда кезбе нервтің ядросы, nucleus dorsalis nervi vagi, орналасқан. Eminentia medialis-тің жоғарғы жағында томпақ бет төбешігі, colliculus facialis, бар, ол бет нервінің түбіршігі мен әкететін нервтің проекциясынан пайда болған. Латералды бұрыш аймағында VIII жұп нервтің ядролары жататын, кіреберіс алаңы, area vestibularis, орналасады. Олардан шығатын талшықтардың бір бөлігі striae medullares ventriculi quarti түрінде, көлденең жүріп ортаңғы жүлгеге келеді. Олар ромбтәрізід шұңқырды жоғарғы және төменгі жартыларына бөліп, сопақша ми мен көпірдің шекарасына сәйкес келеді. XII жұп – тіласты нерві, n.hypoglossus, ромбтәрізді шұңқырдың ең төменгі бөлігінде, trigonum n. hypoglossi-дің тереңінде орналасқан, бір қозғалтқыш ядросы бар. XI жұп – қосымша нерв, accessorius, екі ядросы бар, біреуі жұлында орналасқан, nucleus n. accessorii деп аталады, екіншісі X және IX жұп нервтер ядроларының төменгі жалғасы, nucleus ambiguous деп аталады. Ол сопақша мида олива ядросынан дорсолатералды орналасады. X жұп – кезбе нерв, n. vagus, үш ядросы бар: 1) сезімтал ядро, nucleus solitarius, тіласты нерві ядросымен қатар, trigonum n. vagi-дің тереңінде орналасқан; 2) вегетативті ядро, nucleus dorsalis n. vagi, сол аймақта орналасқан; 3) қозғалтқыш ядро, nucleus ambiguus, IX жұп ядросымен ортақ formatio reticularis-те, nucleus dorsalis-тен тереңдеу орналасқан. IX жұп – тіл-жұтқыншақ нерві, n. glossopharyngeus, үш ядросы бар: 1) сезімтал ядро, nucleus solitarius, тіласты нерві ядросынан латералды жатады; 2) вегетативті ядро, nucleus salivatorius inferior, төменгі сілекей бөлетін ядро; оның жасушалары сопақша мидың formatio reticularis-де nucleus ambiguous пен олива ядросы аралығында шашырай орналасады; 3) қозғалтқыш ядро, n.vagus және n. accessorius-пен ортақ nucleus ambiguous. VIII жұп – кіреберіс-ұлу нерві, n. vestibulocochlearis, area vestibularis аймағында ромбтәрізді шұңқырдың латералды бұрыштарында проекцияланатын көптеген ядролары бар. Ядролар нервтің екі бөлігіне сәйкес екі топқа бөлінеді. Нервтің бір бөлігі, pars cochlearis, ұлу немесе меншікті есту нервінің, екі ядросы бар: а) артқы ядро, nucleus cochlearis dorsalis және ә) алдыңғы ядро, nucleus cochlearis ventralis, бұл аталған артқы ядродан латералды және алдына қарай орналасады. Нервтің басқа бөлігі, pars vestibularis, кіреберіс немесе тепе-теңдік нерві, оның төрт ядросы бар: медиалды – негізгі ядро; латералды; жоғарғы; төменгі. VII жұп – бет нерві, n. facialis, көпірдің formatio reticularis partis dorsalis-інде орналасқан бір қозғалтқыш ядросы бар. Одан шығатын нерв талшықтары өз жолында көпірдің қалың қабаты арасында ромбтәрізді шұңқырда, colliculus facialis түрінде томпайып шығып тұратын ілмек түзеді. Өз жолында бет нервімен тығыз байланысқан аралық нервтің, n. intermedius, екі ядросы бар: 1) вегетативті ядро, nucleus salivatorius superior көпірдің formation reticularis-інде бет нерві ядросынан дорсалды орналасқан; 2) сезімтал ядро – nucleus solitarius. VI жұп – әкететін нерв, n. abducens, оның бет нерві ілмегінде орналасқан бір қозғалтқыш ядросы бар, сондықтан ромбтәрізді шұңқыр бетіндегі, colliculus facialis, осы ядроға сәйкес келеді. V жұп – үшкіл нервтің, n. trigeminus, төрт ядросы бар: 1) сезімтал ядро, nucleus pontinus n. trigemini, көпірдің жоғарғы бөлімінің дорсолатералды бөлігінде проекцияланады; 2) жұлындық ядро, nucleus spinalis n. trigemini, алдыңғы ядроның сопақша ми арқылы жұлынның мойындық бөліміне дейін өтетін жалғасы болып табылады, бұл жерде артқы мүйіздерінің substantia gelatinosa-сына жанасады; 3) қозғалтқыш ядро, nucleus motorius n. trigemini, сезімтал ядродан медиалды орналасқан; 4) ортаңғы милық ядро, nucleus mesencephalicus n. trigemini, суқұбырдан латералды жатады. Ол шайнау бұлшықеттері мен көз алмасы бұлшықеттері үшін проприоцептивтік сезімталдық ядросы болып табылады.
174. Цистерна туралы түсінік. Субарахноидалды кеңістік цистерналары.
175. Қатты ми қабығы туындылары және қатты қабық қойнаулары. Қатты қабық, dura mater encephali, басқа қабықтар сыртында жататын тығыз ақшыл дәнекер тінді қабық. Оның сыртқы беті тікелей бассүйекке жанасып, олар үшін сүйек қабығы болып есептеледі. Қатты қабықтың ішкі бетінен бірнеше өсінділер шығады, олар ми бөліктері арасына өтіп, бір-бірінен бөлінеді. Falx cerebri, үлкен ми орағы, екі үлкен ми сыңарлары арасында сагитталды бағытта орналасқан. Ол бассүйек күмбезінің ортаңғы сызығы бойымен sulcus sinus sagittalis superioris-тің жиектеріне бекіп, алдыңғы жіңішке шетімен crista galli-ге бітісіп өседі. Ал артқы кең жиегімен мишық шатырының жоғарғы бетімен бітісіп кетеді. Tentorium cerebelli, мишық шатыры, горизонталды керілген, екі еңісті шатыр секілді жоғары қарай сәл дөңес табақша. Бұл шүйде сүйегінің – sulcus sinus transversi- жиектеріне және екі жағында самай сүйегі пирамидасының жоғарғы жиегі бойына, сынатәрізді сүйектің processus clinoideus posterior-ына дейін бекиді. Ол үлкен мидың шүйде үлестерін төмен орналасқан мишықтан бөліп тұрады. Falx cerebelli, мишық орағы, үлкен ми орағы сияқты сызық бойымен crista occipitalis interna-ны бойлай шүйде сүйегінің үлкентесігіне дейін келіп, тесікті бүйір жақтарынан екі аяқшасымен қаусырады. Бұл аласа өсінді мишықтың артқы тілігіне еніп тұрады. Diaphragma sellae, ертоқым көкеті, түрік ертоқымы түбінде гипофиздік шұңқырды үстіңгі жағынан шектейтін табақша. Оның ортасынан hypophysis-ден шығатын infundibulum-ға арналған тесік өтеді. Қатты қабықта мидан қан жинайтын қатты қабық қойнаулары, sinus durae matris, орналасады. Қойнаулар қатты қабықтың меншікті қабатында оның өсінділерінің бассүйекке бекитін жерлерінде жайғасып, веналардан қабырғаларының құрылысымен өзгешеленетін, қақпақшалары жоқ веналық өзектер болып табылады. Sinus transversus, көлденең қойнау –ең үлкені және кеңі, шүйде сүйегінің sulcus sinus transversi-де, tentorium cerebelli-нің артқы жиегінде орналасады, ол жерден sinus sigmoideus-кежалғасады да sulcus sinus sigmoidea-да орналасады, одан әрі foramen jugulare арқылы v. Jugularis interna-ға жалғасады. Осының арқасында көлденең қойнау сигма тәрізді қойнаумен бірге бассүйек қуысындағы барлық веналық қан үшін негізгі өткізгіш-коллектор қызметін атқарады. Оған бір бөлігіне тікелей, бір бөлігі жанама жолмен барлық қалған қойнаулар құяды. Тікедей құятындар: Sinus sagittalis superior, жоғарғы сагитталды қойнау, ол falx cerebri-дің жоғарғы жиегімен бүкіл sulcus sinus sagittalis superior-дің бойымен crista galli-ден бастап, protuberantia occipitalis бекітілген жерінде орналасады, ол жоғарыға дейін өтеді. Sinus sagittalis superior-дың бүйірлерінде, қатты қабық қабатында кішкене қуыстар – қан көлдері деп аталатындар орналасады, олар бір жағынан қатты қабықтың және мидың веналарымен қатынасады. Sinus occipitalis, шүйде қойнауы, falx cerebelli-дің crista occipitalis interna-ға бекітілген жерінде орналасады. Ол жоғарыда аталған қойнаудың жалғасы ретінде өтеді, одан шүйде сүйегінің foramen magnum-ның екі жиегін бойлай орналасады. Sinus rectus, тік қойнау, falx cerebri-дің мишық шатырына бекитін жерінде орналасады. Ол алдыңғы жағынан ми орағының төменгі жиегі бойымен жүретін төмегі сагитталды қойнауды, сондай-ақ мидың ең терең бөліктерінен ағып шығатын мидың үлкен венасын қабылдайды.
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1211 | Нарушение авторских прав
|