Иіс сезу нервтері (I)
Nn. olfactorii, иіс сезу нервтері, иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезу миынан дамиды. Оларда химиялық тітіркенулерді қабылдаушы ағзалардан шығатын висцералды-сезімтал талшықтар болады. Бұл нервтер алдыңғы ми өсінділері болғандықтан, оларда түйін болмайды да, мұрын қуысының шырышты қабығының ragio olfactoria аймағында жайғасқан иіс сезу жасушаларының орталық өсінділерінен құралған, саны 15-20, жіңішке нерв жіптерінің, fila olfactoria, жиынтығы болып табылады. Fila olfactoria, lamina cribrosa тесіктері арқылы мұрын қуысының жоғарғы қабырғасынан өтіп, tractus және trigonum olfactorium-ге созылатын bulbus olfactorius-те аяқталады.
198. Үшкіл нервтің бірінші тармағы. N. opthalmicus, көз нерві - fissura orbitalis superior арқылы бассүйек қуысынан көзұясына шығады. Бірақ оған өтер алдында тағы да үш тармаққа бөлінеді: n. frontalis, n. lacrimalis және n. nasocilliaris-ке бөлінеді.
1. N. frontalis,маңдай нерві - тура алға қарай көзұясы төбесі астымен incisura немесе foramen supraorbitalis арқылы маңдай терісіне келеді. Бұл жерже ол n. supraorbitalis деп аталып, өз жолында жағарғы қабақ пен көздің медиалды бұрышының терісіне тармақтар береді (115-сурет).
2. N. lacrimalis, көзжас нерві - көзжасы безіне барып, одан өтіп, көздің латералды бұрышындағы конъюктивасы мен терісінде аяқталады. Көзжасы безіне енгенге дейін n. lacrimalis, n. zygomaticus-пен (үшкіл нервтің екінші тармағынан) қосылады. Осы “анастомоз” арқылы n. lacrimalis көзжасы безі үшін секреттік талшықтар алады және оны сезімтал талшықтармен жабдықтайды.
3. N. nasocilliaris, мұрын-кірпік нерві -мұрын қуысының алдыңғы бөлігін nn. ethmoidales anterior et posterior, көз алмасы nn. ciliaris longi, көздің медиалды бұрышының конъюктивасы мен көзжасы қапшығын және терісін n infratrochlearis нервтендіреді. Одан ganglion ciliare-ге байланыстырушы тармақ кетеді. N. opthalnicus III, IV, VI нертвтермен байланыстары көмегімен көз бұлшықеттерінің сезімтал (проприоцептивті) инневерциясын іске асырады.
199. Үшкіл нервтің екінші тармағы. N. maxillaris, жоғарғы жақсүек нерві - foramen rotundum арқылы бассүйек қуысынан қанат-таңдай шұңқырына шығады. Осы жерден оның тікелей жалғасы n. infraorbitalis болып табылады. Ал fissure orbitalis inferior арқылы көзұясының төменгі қабырғасында sulcus және canalis infraorbitalis-тер арқылы өтеді. Содан соң foramen infraorbitale арқылы бетке шығып, сол жерде тармақтарға ыдырайды. Бұл тармақтар ішінара n. facialis тармақтарымен байланысып, төменгі қабақ, мұрынның бүйір беті және жоғарғы ерін терілерін нервтендіреді.
N. maxillaries пен оның жалғасынан n. infraorbitalis-тен мынадай тармақтар шығады:
1. N. zygomaticus, бетсүйек нерві- ұрт пен самай аймағының алдыңғы терісіне барады.
2. Nn. alveolares superiores, жоғарғы жақсүйек пен қабырғасының ішіндегі өрім, plexus dentails superior түзеді; одан үстіңгі тістерге rami dentalis superiores-тер мен қызылиекке rami gingiviales superiores-тер кетеді.
3. Rr. ganglionares - maxillares пен ganglion pterigopalatinum-ды байланыстырады.
200. Үшкіл нервтің үшінші тармағы. N. mandibularis, төменгі жақсүйек нерві, оның құрамында сезімтал түбіршектен басқа аталған қозғалыс ядросынан nucleus motorius-тен шығып, төменгі жақсүйек доғасынан пайда болған бұлшықетке баратын үшкіл нервтің қозғалыс түбіршігі өтеді (116-сурет). Сондықтан төменгі жақсүйекке бекитін бұлшықеттерді, оларды жабатын теріні және төменгі жақсүйек доғасының басқа туындыларын нервтендіреді. Ол foramen ovale арқылы бассүйектен шыққаннан кейін екі тармақ тобына бөлінеді.
А. Бұлшықет тармақтары:
Аттас бұлшықеттерге баратындар: n. massetericus, nn. temporales propundi, nn. pterigoidei medialis et lateralis, n. tensoris tympani, n. tensoris veli palatine, n. mylohyoideus. Соңғысы n. alveolaris inferior-дан бөлініп, m. digastricus-тың алдыңғы қарыншасында нервтендіреді.
Ә. Сезімтал тармақтар:
1. N. buccalis - ұрттың шырышты қабатына барады.
2. N. lingualis - ауыз қуысы түбінің шырышты қабығының астына орналасады. Ол ауыз қуысы түбінің шырышты қабатына n. sublingualis-ті беріп, тілдің шырышты қабатын, оның алдыңғы 2/3 бөлігін нервтендіреді (117-сурет). Тіл нервісінің екі қанаттаәрізді бұлшықеттер арасынан өтетін жерінде оған fissura petrotympanica-дан шығатын бет нервінің жіңішке тармағы-chorda tympani қосылады. Онда nucleus salivatorius superior n. intermedii-ден шығатын тіласты мен төменгі жақсүйекасты сілекей бездеріне баратын парасимпатикалық секреттік талшықтар өтеді. Оның құрамында тілдің алдыңғы 1/3-інен дәм сезу талшықтары жалпы сезімталдық (жанасу, қысым, ауырсыну, температураны сезу) өткізгіштері болып есептеледі.
3. N. alveolaris inferior -foramen mandibule арқылы аттас артериямен бірге төменгі жақсүйек өзегіне келіп, сол жерде алдымен өрім-plexus dentalis inferior түзе, барлық астыңғы тістерге тармақтар береді. N. alveolaris inferior canalis mandibulae соңында n. mentalis-ті береді, ол foramen mentalea-дан шығып, иек пен төменгі ерін терісінде таралады. N. alveolaris inferior қозғалыс талшықтарының шамалы қоспасы бар сезімтал нерв, оның қозғалыс нервтері - foramen mandibulae-нің алдында n. mylohyoideus құрамында шығады.
4. N. auriculotemporalis - шықшыт безінің жоғарғы бөлігіне өтіп, а. temporalis superficialis екеуі қосарлана самай аймағында болады. Шықшыт сілекей безіне секреттік тармақтар, сонымен қатар шықшыт буынына, құлақ қалқанының алдыңғы бөлігі, сыртқы есту жолы және самай терісіне сезімтал тармақтар береді. Үшкіл нервтің үшінші тармағы аймағында вегативті жүйеге жататын екі түйін бар, солар арқылы сілекей бездері нервтендіріледі. Олардың біреуі - ganglion opticum құлақ түйіні foramen ovale-нің астында, n. mandibularis-тің медиалды жағында орналасқан кішкене домалақ дене. Оған тіл-жұтқыншақ нервінен шығатын n. tympanicus-тың жалғасы болып табылатын n. petrosus minus құрамында парасимпатикалық секртеттік талшықтар келеді. Бұл талшықтар түйінде үзіледі де, n. auriculotemporalis-тің құрамында шықшыт безіне келеді. Басқа түйін, ganglion submandibulare, төменгі жақсүйекасты түйіні медиалды қанаттәрізді бұлшықеттің алдыңғы жиегінде, төменгі жақсүйекасты сілекей безі үстінде, тіл нервінің астында орналасады. Түйін мен тіл нерві тармақтар арқылы байланысады. Осы тармақтар арқылы дабыл шегі талшықтары түйінге келіп, сол жерде аяқталады.
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 3069 | Нарушение авторских прав
|