Бет нерві (VII)
N. facialis (n. intermedio facialis), бет нерві - аралас нерв(118-сурет). Екінші желбезек доғасы нерві ретінде одан дамыған бұлшықеттерді-барлық мимикалық (бет қимылы) және тіласты бұлшықеттерінің бір бөлігін нервтендіреді жіне оның құрамында қозғалыс ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті (қозғалыс) талшықтары мен сол бұлшықеттердің рецепторларынан шығатын эфферентті (проприоцептивті) талшықтар болады. Сондай-ақ оның құрамында аралық, n. intermedius, нервке жататын дәм сезу (афферентті) және секреттік (эфферентті) талшықтар да бар.
Құраушы бөліктеріне сәйкес n. facialis-тің көпірде жайғасқан үш ядросы бар: қозғалыс ядросы-nucleus motorius nervi facialis, сезімтал ядросы-nucleus solitarius және секреттік ядросы - nucleus salivatorius superius. Соңғы екі ядро nervus intermedius-ке жатады.
Бет нерві көпірдің артқы жиегінің бүйір жағында кіреберіс-ұлу нервімен қатарласа, linea trigeminofacialis-тен шығады. Содан кейін соңғы нервпен бірге ішкі есту тесігіне өтіп, без өзегіне canalis facialis енеді. Нерв өзекте алдвмен горизонтальды жазықтықта дабыл қуысының ішкі қабырғасының жоғарғы бөлігінде өтеді. Дабыл қуысының артқы қабырғасында нерв қайтадан иіліп, тік төмен түсіп, foramen stylomastoideum арқыл бассүйектен шығады. Нервтің артқа қарай бұрылатын жерінде бұрыш түзіледі (тізешік-geniculum). Оның сезімтал (дәм сезу) бөлігі кішкене нерв түйіншесін - ganglion geniculi (тізешік түйінін) түзеді. Бет нерві foramen stylomastodeum-нен шыққаннан кейін шықшыт безі қабатына еніп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Самай сүйегіне аттас өзегі бойында бет нерві мынадай тармақтар береді:
1. N. petrosus major (секреттік нерві)-иін аймағынан басталып, hiatus canalis n. petrosis majoris арқылы шығады, содан кейін самай сүйегі пирамидасының алдыңғы бетінде аттас жүлгемен sulcus n. petrosi majoris жүріп, симпатикалық нервпен, n. petrosus profundus-пен бірге canalis ptergoideus-қа өтіп, ол нервпен бірге n. canalis ptergoidei түзіп, ganglion ptergopalatinum-ге жетеді. Нерв түйінде үзіледі де, оның талшықтары rami nasales posteriores пен nn. palatine құрамында мұрын мен таңдайдың шырышты қабығының бездеріне барады. Талшықтардың бір бөлігі n. zygomaticus құрамында, оның n. lacrimalis-пен байланысы арқылы көзжасы безіне жетеді.
2. N. stapedius (бұлшықеттік)- m. stapedius-ты нервтендіреді.
3. Chorda tympani (аралас тармақ)-бет өзегінің төменгі бөлігінде бет нервінен бөлініп, дабыл қуысына өтіп, сол жерде дабыл жарғағының медиалды бетінде орналасып, содан кейін fissura petrotympanica арқылы шығады. Ол саңылаудан сыртқа шыға, төмен және алға қарай түсіп, тіл нервіне қосылады.
Дамыл шегінің сезімтал (дәм сезу) бөлігі тізешік түйінінде жатқан жасушалардың шеткі өсінділері тіл нервінің құрамында тілдің шырышты қабығына келіп, оның алдыңғы 2/3 бөлігін дәм сезу талшықтарымен жабдықтайды. Секртеттік бөлігі ganglion submandibulare-ге келіп, ондағы үзілістен кейін төменгі жақссүйекасты және тіласты сілекей бездерін секреттік талшықтарымен жабдықтайды.
Foramen stylomastoideum-нен шыққаннан кейін n. facialis мынадай бұлшықет тармақтарын береді:
1. N. auricularis posterior, m. auricularis posterior және venter posterior m. epicranii-ді нервтендіреді.
2. Ramus digastricus арқылы m. digastricus артқы құрсақасты мен m. stylohyoideus-ті нервтендіреді.
3. Беттің мимикалық бұлшықеттеріне баратын көптеген тармақтар шықшыт безінде өрім, plexus parotideus, түзеді. Бұл тармақтар безден шығып, жалпы алғанда арттан алға қарай радиарлы бағытта таралады.
Олар бетке және мойынның жоғарғы бөлігіне барып, үшкіл нервтің теріасты тармақтарымен кеңінен анастомозданады.
Ол тармақтардың ішінде мыналарды ажыратады:
a) rami temporales, олар: mm. auricularis anterior et superior, venter frontalis m. epicranius және m. orbicularis oculi-ге барады;
ә) rami zygomatici, олар: m. orbicularis oculi және m. zygomaticus-ке барады;
б) rami buccales ауыз шеңбері мен мұрын бұлшықеттеріне барады;
в) ramus marginalis mandibulae - төменгі жақсүйек жиегімен жүріп, иек және төменгі ерін бұлшықеттеріне баратын тармақ;
г) ramus colli - мойынға түсіп, теріасты бұлшықетін нервтендіреді.
202. Тіл-жұтқыншақ нерві (IX)
N.glossopharyngeus, тіл-жұтқыншақ нерві үшінші желбезек доғасы нерві даму үрдісінде нервтердің Х жұбынан (n. vagus) бөлінген. Онда үш текті талшықтар болады:
1) жұтқыншақ, дабыл қуысы, тілдің шырышты қабаты (артқы 1/3-і), бадамшалар және таңдай доғалықтары рецепторларынан шығатын афферентті (сезімтал) талшықтар:
2) жұтқыншақ бұлшықеттерінің біреуін - m. styloparyngeus нервтендіретін эфферентті (қозғалыс) талшықтар;
3) glandula parotis үшін эфферентті (секреттік) парасимпатикалық талшықтар.
Құрам бөліктеріне сәйкес оның үш ядросы болады: nucleus soliterius, оған 2 афферентті түйін - ganglia superius et inferius - тердің жасушаларының орталық өсінділері келеді. Вегативті (секреттік), парасимпатикалық ядро - төменгі сілекей бөлетін ядро - торлы құрылымында кезбе нервпен ортақ үшінші қозғалыс ядросының - nucleus ambiguus пен жанында шашыраған жасушалардан тұрады. Тіл жұтқыншақ нерві түбіршіктері арқылы оливаның артында, кезбе нервтің үстінде сопақша мидан шығып, соңғы нервпен бірге мойындырық тесігі арқылы бассүйектен шығады.
Тіл-жұтқыншақ нервінің тармақтары
1. N. tympanicus, ganglion inferius -тен шығып, дабыл қуысына, cavitas tympani, өтіп, сол жерде өрім, plexus tympanicus, түзеді. Бөрім дабыл қуысы мен есту түтігінің шырышты қабығын нервтендіреді. Ол өрімге ішкі ұйқы артериясынан да тармақтар келеді. Нерв n. petrosus minor түрінде дабыл қуысынан оның жоғарғы қабырғасы арқылы шыққаннан кейін, пирамиданың алдыңғы бетіндегі аттас жүлгемен sulcus n. petrosi minoris-те жүріп, ganglion oticum-ға келеді. Осы нерв арқылы шықшыт безі үшін nucleus salivatorius inferior-тен шығатын парасимпатикалық секреттік талшықтары құлақ түйініне келеді. Түйінде үзілгеннен кейін секреттік талшықтар үшкіл нервтің үшінші тармағынан шығатын n. auriculotmporalis-тің құрамында безге келеді.
2. Ramus n.stylopharyngei - аттас бұлшықетке барады.
3. Rami tonsillares -таңдай бадамшаларына және доғашықтарына барады.
4. Rami pharyngei -жұтқыншақ өріміне барады.
5. Rami linguales -тіл-жұтқыншақ нервінің соңғы тармақтары тілдің артқы 1/3-не барып, оны сезімтал талшықтарымен жабдықтайды, олардың арасында papillac valatac-те баратын дәм сезу талшықтары да өтеді.
6. R. sinus carotici -sinus caroticus-ке (glomus caroticum) баратын сезімтал нерв.
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 4702 | Нарушение авторских прав
|