АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 7 страница
161. Комиссуралді және ассоциативті талшықтар туралы түсінік. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы дәнекер, ішкі капсула: құрылысы, функционалді маңызы. Комиссуралық талшықтар, ми комиссуралары немесе дәнекерлері құрамына еніп, екі ми сыңарының симметриялы бөліктерін байланыстыратын комиссуралық талшықтар. Ең үлкен ми дәнекері – сүйелді дене, corpus collosum, neencephalon-ға жататын екі ми сыңарының бөліктерін жалғастырады. Шамасы жағынан едәуір кішілеу екі ми дәнекері, comissura anterior мен comissura fornicis иіс сезу миына жатады және алдыңғы дәнекер иіс сезу үлестері мен екі гиппокамп жанындағы қатпарларды, ал күмбез дәнекері гиппокамптарды байланыстырады. Ассоциативті талшықтар бір ми сыңары қыртысының түрлі аймақтарын өзара байланыстырады. Олар қысқы және ұзын болып бөлінеді. Қысқа талшықтар,fibrae arcuatae cerebri, доға тәрізді будалар түрінде, көршілес қатпарларды өзара байланыстырады. Мұндай талшықтар будалары бірнешеу. Cingulum, белдеу күмбезді қатпарда өтетін талшықтар будасы, ол белдеулік қатпар қыртысының түрлі аймақтарын өзара және сондай-ақ ми сыңарының медиалді бетінің көршілес қатпарларымен де жалғастырады. Маңдай үлесі, fasciculus longitudinalis superior арқылы төменгі шеке үлесшесімен, шүйде үлесімен және самай үлесінің артқы жағымен жалғасады. Самай және шүйде үлестері өзара fasciculus longitudinalis inferior арқылы байланысады. Ақырында, маңдай үлесінің көздік бетін ілмек тәрізді буда, fasciculus uncinatus, самай полюсімен қосады.
162. Иіс сезу миы, оның орталық және шеттік бөлімдері,филогенез. Иіс сезу миы, rhinencephalon, алдыңғы ми әлі де жануардың мінез-құлығын басқаратын ағзаға айналмаған кезде, иіс сезу анализаторымен байланысты пайда болған, алдыңғы мидың филогенездік жағынан ең көне бөлігі. Сондықтан оның барлық құрылымдары иіс сезу анализаторының түрлі бөліктері болып табылады. Балықтардың бүкіл дерлік алдыңғы миы иіс сезу ағзасы болып табылады. Сүтқоректілер мен адамда байқалатын жаңа ми қыртысының дамуына байланысты алдыңғы мидың жаңа бөлігі – жамылғы, pallium, дамиды. Бірақ жамылғы да ұзақ даму жолын өтеді және ол филогенездік жағынан әртүрлі үш бөлікке бөлінеді. 1. Paleopallium – самай үлесінің құрамына енеді. Бұл бөлім алғашында ми сыңарының латералды бетінде орналасады, бірақ одан кейін аса үлкейген neopallium әсерінен шұжық тәрізді түзіліс – гипокампқа айналып, соңғы мидың бүйір қарыншасы қуысының төменгі муйізінің медиалды жағына ығысады. Гиппокамп ежелгі қыртыспен, paleocortex, жабылған. 2. Archipallium – ми қыртысының маңдай үлесіндегі иіс сезу буылтығының қасында жатқан және көнке қыртыспен, archicortex, жабылған вентралды бетіндегі кішкене бөлімі. 3. Neopallium - жаңа жамылғы оның қыртысында, neocortex, жоғарғы иіс сезу орталықтары – анализаторлардың қыртыстық шеттері пайда болады. Бұл күмбезді қатпардың бөлігі болып табылатын – uncus. Осының нәтижесінде адамның иіс сезу миында түрлі текті түзілістер болады, олар топографиялық жағынан екі бөлімге бөлінеді. Шеткі бөлігі – иіс сезу үлесі – lobus olfactorius. Бұл атаумен ми негізінде жатқан бірқатар түзілістер біріктіріледі: 1) bulbus olfactorius; 2) tractus olfactorium; 3) trigonum olfactotius; 4) substantia perporata anterior. Орталық бөлім – ми қатпарлары: 1) гиппокамп жанындағы қатпар – gyrus parahyppocampalis; 2) тісті қатпар - gyrus dentatus; 3) самайлық шеттің қасында орналасқан алдыңғы бөлігі – ілмегімен (uncus) қоса күмбезді қатпар – gyrus fornicates.
163. Соңғы мидың базалді ядролары. Стриопаллидарлы және лимбиялық жүйе. Ми сыңарларының бетіндегі сұр қыртыстан басқа, тағы да оның қабатында негіздік ядролар немесе қыртысасты деп аталатын сұр зат жиындары орналасады. Қыртысасты ядролардың үш жиыны бар: corpus striatum, claustrum және amygdaloidem. 1.Corpus striatum, жолақ дене, бір-бірінен толық бөлінбеген екі бөліктен – nucleus caudatus және nucleus lentiformis-терден тұрады. А. Nucleus caudatus, құйрықты ядро, nucleus lentiformis-тен жоғары және ортаға жақын жатады. Одан ішкі қапшық (капсула), capsula interna, деп аталатын ақ зат қабықшасымен бөлінеді. Құйрықты ядроның жуандаған алдыңғы бөлігі, оның басы, caput nuclei caudati, бүйір қарыншаның алдыңғы мүйізінің латералды, қабырғасын түзеді, ал құйрықты ядроның жіңішкерген бөлімі, corpus nuclei caudati, бүйір қарыншаның орталық бөлігінің түбімен артқа қарай созылады; ал оның құйрығы, cauda nuclei caudati, төменгі мүйіздің жоғарғы қабырғасына қарай иіледі. Құйрықты ядро медиалды жағынан таламуқа жанасып, одан ақ зат жолағымен, stria terminalis, бөлінеді. Алдыңғы және артқы жағынан құйрықты ядроның басы алдыңғы тесіктелген затқа жетіп, сол жерде жасымық тәрізді ядромен, оның putamen деп аталатын бөлігімен қосылады. Екі ядроның бұл кең байланысуынан басқа ішкі қапшықтың ақ будаларымен араласа орналасатын жұқа сұр жолақтары болады. “Жолақ дене” – corpus striatum – деп аталуы осы себептен. Ә. Nucleus lentiformis, жасымық тәрізді ядро, құйрықты ядромен таламустан латералды орналасып, олардан ішкі қапшық арқылы бөлінеді. Ми сыңарларының горизонталды кесіндісінде жасымық тәрізді ядроның ішкі капсулаға қараған медиалды беті, ұшы ортасына қарай бағытталған бұрыш пішінді болып келеді. Бұрыштың алдыңғы жағы құйрықты ядроға, ал артқы жағы таламусқа параллелді жатады. Латералды беті сәл дөңестеу және аралшық аймағындағы ми сыңарларының латералды жағына қарайды. Жасымық тәрізді ядро екі параллелді ақ қабатшалар, lamina medullaris, арқылы үш кішкентай ағзаға бөлінеді. Біреуі күңгірт-сұр түсті латералды қабық, putamen, ал ақшылдау екі медиалдысы бозғылт шар, globus pallidus, деп аталады. Putamen және nucleus caudatus-қа қарағанда globulus pallidus филогенездік жағынан көнелеу түзіліс, paleostriatum, болып табылады. 2. Claustrum, шарбақ, аралшық пен putamen арасындағы орналасқан сұр зат табақшасы. Ол қабықтан ақ зат қабықшасы – capsula externa, ал аралшық қыртысынан capsula externa деп аталатын қабатша арқылы бөлінеді. 3. Corpus amygdaleideum, бадамша тәрізді дене, putamen астында самай үлесінің алдыңғы шетінде орналасқан. Стриопаллидарлық жүйе – экстрапирамидалық жүйенің басты бөлігі, сонымен қатар ол hypothalamus құрамындағы осыған ұқсас вегетативті орталықтарға басымдық жасайтын, жылу реттеу мен көмірсу алмасуға қатысты вегетативтік қызметтерді жоғары реттеуші орталық болып табылады. Көмкерме жүйе түрлі вегетативтік қызметтерді реттеуге, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға және сезімге бөленген мінез-құлық реакцияларының эмоционалдық қалпына әсер ететін соңғы, аралық және ортаңғы ми түзілістерінің кешені. Оның негізгі бөлігін бадамша тәрізді ядро аймағы, шекаралық жолақ, гипоталамус, гиппокамп, күмбез, септалды аймақ, емізіктәрізді денелер, емізік-таламус будасы, белдеулік қатпар құрайды. Үлкен ми сыңарының медиалді бетінде көмкерме жүйе белдеулік және гиппокамп жанындағы қатпарлардан тұрады.
164. Мидың латералді қарыншалары, бөлімдері, олардың қабырғалары, қатынасы. Соңғы ми сыңарларында сүйелді дене деңгейінен төмендеу, ортаңғы сызықтың екі жағында ми сыңарларының жоғарғы латералды бетінен бүкіл ми заты қабаты арқылы бөлінген екі бүйір қарынша, ventriculi lateralis, сииметриялы орналасады. Әрбір бүйір қарыншаның қуысы ми сыңары пішініне сәйкес келеді: қарынша қуысы маңдай үлесінде төмен және латералды жаққа қарай иілген алдыңғы мүйіз, cornu anterius, түрінде басталып, осы жерден шеке үлесі арқылы орталық бөлікке, pars centralis, созылады. Ал бұл бөлік сүйелді дененің артқы жиегі деңгейінде төменгі мүйізге, cornu inferius, (самай үлесі қабатында) және артқы мүйізге, cornu posterius, (шүйде үлесіне) бөлінеді. Алдыңғы мүйіздің медиалды қабырғасын septum pellucidum түзеді, ол алдыңғы мүйізді басқа ми сыңарының дәл осындай мүйізінен бөліп тұрады. Алдыңғы мүйіздің латералды қабырғасы мен ішінара түбін құйрықты ядроның басы, caput nuclei caudatі, алып жатады, ал жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан түзіледі. Бүйір қарыншаның орталық, ең тар бөлігінің жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан тұрады. Ал түбі құйрықты ядроның денесі мен таламустың жоғарғы бетінің бір бөлігінен құралады. Артқы мүйіз сүйелді денеден шығатын – tapetum деп аталатын ақ нерв талшықтары қабатымен қоршалған; оның медиалды қабырғасында ми сыңарының медиалды бетіндегі sulcus calcarinus-тің ішке енуінен түзілген буылтық – құс топшысы, calcar avis, байқалып тұрады. Төменгі мүйіздің жоғарғы латералды қабырғасын артқы мүйізді қоршап тұратын tapetum-ның жалғасы құрайды. Жоғары қабырғаның медиалды жағында төмен және алға қарай иілетін құйрықты ядроның жұқарған бөлігі – cauda nuclei caudate өтеді. Төменгі мүйіздің медиалды қабырғасымен бүкіл өн бойында ұзын ақ түсті дөңес – гиппокамп, hippocampus, созылып жатады, ол сырттан терең енетін гиппокамп жүлгесінен түзіледі. Гиппокамптың медиалды жиегімен күмбез аяқшасының жалғасы болып табылатын шашақ – fimbria hippocampi деп аталатын түзіліс өтеді. Төменгі мүйіздің түбінде аттас жүлгенің сырт жағынан батуынан пайда болған буылтық, eminentia collateralis, жатады. Бүйір қарыншаның медиалды жағынан, оның орталық бөлігі мен төменгі мүйізіне тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi lateralis, түзетін жұмсақ ми қабығы еніп тұрады. Өрім қарыншаның жетілмеген медиалды қабырғасының қалыңдығы болып табылатын эпителимен жабылған. Plexus choroideus ventriculi lateralis, tela choroida ventriculi tertii-дің латералды жиегі болып табылады.
165. Аралық ми, бөлімдері, таламус аймағы: бөлімдері, қызметі. Аралық ми, diencephalon, бүйірлері жағынан соңғы мидың сыңарларымен бітісе өсіп, сүйелді дене мен күмбез астында жатады. Аралық мида екі негізгі бөлікті ажыратады: 1) дорсалды бөлік, thalamencephalon афферентті жолдар орталығы және 2) вентралды бөлік, hypothalamus, жоғары вегетативтік орталық. Қуысы – III қарынша. Thalamencephalon, таламус аймағы өз кезегінде үш бөліктен тұрады: таламус – thalamus, таламусүсті – epithalamus және таламусарты аймағы – metathalamus. Thalamus, таламус, көру төмпесі, аралық мидың бүйір қабырғаларында III қарыншаның бүйір жақтарындағы сұр затттың жұмыртқа пішінді жұп жиынтығы болып табылады, оның алдыңғы шеті – tuberculum anterius түрінде сүйірленген де, ал артқы шеті кеңейіп, жастық, pulvinar, түрінде жуанданған. Таламустың қызметінің маңызы өте зор. Онда афферентті жолдар үзіледі, оның жастығының, pulvinar, артқы ядросында, көру талшықтарының бір бөлігі, алдыңғы ядроларында corpora mammilaria-дан шығып, таламусты иіс сезу аймағымен байланыстыратын будалар, орталық нерв жүйесінің төмен жатқан бөлімдерінен шығатын қалған барлық афферентті сезімтал жолдар қалған ядроларында аяқталады. Epithalamus, таламусүсті.Екі таламустағы striae medullares артқа қарай бағыт алып, екі жағында trigonum habenulae деп аталатын кеңейген жер түзеді. Бұл соңғыдан жүген деп аталатын қысқа, жіңішке түзіліс шығады. Ол қарама-қарсы жақтың жүгенімен бірге томпақ денемен, corpus peniale-ның, қосылады. Corpus peniale алдында екі жүген өзара дәнекермен, comissura habenularum, байланысқан. Біршама қарағай қылқанына ұқсайтын томпақ дененің өзі құрылысы мен қызметі жағынан ішкі секреция бездеріне жатады. Metathalamus, таламусарты. Таламустың артында екі кішкене төмпешік - иінді денелер, corpus geniculatum laterale et mediale, бар. Көлемі кішілеу, бірақ айқын көрінетін медиалды иінді дене төменгі төбешік сабының алдында таламус жастығының астында жатады. Онда есту ілмегінің, lemniscus lateralis, талшықтары аяқталады. Ол ортаңғы ми төбесінің төменгі төбешіктерімен бірге қыртысастындағы есту орталығы болып табылады. Латералды иінді дене үлкен, жалпақ төмпешік түрінде жастықтың төменгі латералды жағында орналасады. Онда көру жолағының латералды бөлігінің көбісі аяқталады. Pulvinar мен ортаңғы ми төбесінің жоғарғы төбешіктері және латералды иінді дене қыртысастындағы көру орталығы болып табылады. Екі иінді дене ядролары орталық жолдар арқылы тиісті анализатордың қыртыстық шеттерімен байланысады.
166. Таламусасты аймағы, оның бөліктері. Гипоталамус-гипофиз жүйесі. Гипоталамус, таламусасты, hypothalamus, сөздің кең мағынасында III қарыншаның түбі астында вентралды, артқы гипоталамус аймағын, regio hypothalamica posterior-ды қоса, substantia perforate posterior-дың, алдында орналасқан түзілістерді біріктіреді. Құрсақтағы дамуға сәйкес hypothalamus екі бөлімге бөлінеді: а) алдыңғы бөлім regio hypothalamica anterior, бұған tuber cinereum, infundibulum және hypophysis, сондай-ақ tractus opticus-пен hiasma opticum біріктіріледі; ә) артқы бөлімге – corpora mammilaria мен region hypothalamica posterior жатады. Гипоталамус аймағының ядросы порталды тамырлар және гипоталамус-гипофиз будасы арқылы гипофиздің артқы үлесімен байланысқан. Осы байланыстар арқылы гипоталамус пен гипофиз ерекше гипоталамус-гипофиз жүйесін түзеді. А. Tuber cinereum, сұр төмпе, corpora mammilaria-ның алдында жатады. Сұр заттың жұқа табақшасынан тұратын III қарыншаның төменгі қабырғасының сыңар қуысты шығыңқы жері болып табылады. Төмпе, ұшы тар қуыс құйғышқа, infundibulum, созылған, оның тұйық ұшында түрік ертоқымында жататын гипофиз, hypophysis, орналасқан. Сұр төмпеде жоғары вегетативті орталық болып табылатын және атап айтқанда, зат алмасу мен жылу реттеуге әсер ететін сұр зат ядролары орналасады. Ә. Hiasma opticum, көру қиылысы, сұр төмпе алдында орналасып, көру нервтерінің, nn. optici, қиылысынан түзілген. Б. Corpora mammilaria, емізік тәрізді денелер, substantia perforata posterior-дың алдында ортаңғы сызық бүйірлері бойында симметриялы жатқан, дөңгелек екі кішкене ақ түсті құрылым. Әр дененің ішінде ақ заттың беткей қабаты астында екі сұр ядро жатады. Қызметі жағынан corpora mammilaria қыртысастындағы иіс сезу орталықтарына жатады. В. Regio hypothalamica posterior, артқы гипоталамус аймағы. Бұл таламус астында орналасқан ми затының кішкене бөлімі. Онда substantia nigra-дан латералдылау аралық мидың құрамына кіретін, сопақша дене, nucleus hypothalamicus posterior, жатады. Ол экстрапирамидалық жүйенің бір буыны болып табылады, оның вегетативтік қызметі бар деп есептеледі.
167. III қарынша, қабырғалары, қатынасы. III қарынша, ventriculus tertius, ортаңғы сызық бойымен орналасқан және мидың фронталды кесіндісінде жіңішке вертикалды саңылау түрінде көрінеді. III қарыншаның бүйір қабырғалары таламустың медиалды беттерінен түзілген, бұл беттер өзара, adhesio interthalamica арқылы жалғасқан. Қарыншаның алдыңғы қабырғасын төменнен жұқа табақша, lamina terminalis, ал одан әрі жоғары қарай көлденең жатқан ақ алдыңғы дәнекер, comissura cerebri anterior, және күмбез бағаналары, columnae fornicis, құрайды. Күмбез бен сүйелді дене астында III қарыншаның жоғарғы қабырғасы tela choroidea ventriculi tertii орналасады. Оның құрамына эпителилі табақша, lamina epithelialis, түріндегі ми көпіршігінің жетілмеген қабырғасы және оның бітісіп кеткен жұмсақ қабық енеді. Ортаңғы сызықтың бүйірлері бойындағы тамырлы негізі, тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi tertii, жайғасқан. Қарыншаның артқы қабырғасы аймағында comissura habenularum мен comissura cerebri posterior жатады. Олардың арасында артқы жаққа қарай қарыншаның тұйық ұңғыл, recessus pinealis, бытыңқырап тұрады. Comissura posterior-дан вентралды III қарыншаға құйғыштәрізді тесікпен су құбыры ашылады. III қарыншаның төменгі қабырғасы ішкі жағынан бүйір қабырғаларынан жүлгелермен, sulci hypothalamici, шектелген, ми негізі жағынан substantia perforata posterior, corpora mammilaria, tuber cinereum, hiasma opticum-мен сәйкес келеді. Қарынша қуысының түбінде екі ұңғыл: сұр төмпе мен құйғышқа батып тұратын recessus infundibuli және хиазманың алдында жатқан recessus opticus, түзіледі. III қарынша қабырғаларының ішкі беті эпендимамен жабылған.
168. Ортаңғы ми, бөлімдері, құрылысы, қызметі. Ортаңғы ми, mesencephalon, филогенез үрдісінде негізінен көру рецепторының әсерімен дамиды. Сондықтан оның ең басты түзілістерінің көзді нервтендіруге қатысы бар. Бұл жерде есту орталықтары да түзілді. Ортаңғы мидың екі негізгі бөлігі болады: қыртысасты есту және көру орталықтары орналасатын төбесі мен негізінен өткізгіш жолдар өтетін ми аяқшалары. 1. Дорсалды бөлік, ортаңғы ми төбесі, tectum mesencephali. Ол сүйелді дененің артқы шетінің астында жасырынған және айқаса өтетін екі – бойлық және көлденең жүлгелер арқылы жұптаса орналасатын төрт төбешікке бөлінеді. Жоғарғы екі төбешік, colliculi superiores, қыртысасты көру орталықтары, ал екі төменгі төбешік – colliculi inferiores – қыртысасты есту орталықтары болып табылады. 2. Вентралды бөлік, ми аяқшаларында, pedunculi cerebri, барлық алдыңғы мидың өткізгіш жолдары өтеді. Ми аяқшалары көпір жиегінен бұрыш жасай ажырап, үлкен ми сыңарлары қабатына бататын екі жуан жартылай цилиндрлік ақ тәж тәрізді. 3. Ортаңғы ми көпіршігінің бірінші қуысының қалдығы болып табылатын ортаңғы ми қуысы - жіңішке өзекше пішінді, ол ми суқұбыры, aqueductus cerebri, деп аталады. Ол IV қарыншаны III қарыншамен қосатын эпендимамен астарланған өзек. Суқұбыр дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесімен, вентралды жағынан ортаңғы ми төбесімен, вентралды жағынан ми аяқшаларының жамылғысымен шектелген. Ортаңғы мидың ішкі құрылысы. Оның көлденең кесіндісінде үш негізгі бөлікті ажыратуға болады: 1) төбе таяқшасы, lamina tecti; 2) pedunculi cerebri-дің жоғарғы бөлімі болып табылатын жамылғы, tegmentum; 3) pedunculi cerebri-дің вентралды бөлімі немесе ми аяқшасының негізі. Ортаңғы мидың көру рецепторларының әсерімен дамуына байланысты, онда көзді нервтендіруге қатысы бар түрлі ядролар орналасқан. Қарапайым омыртқалыларда жоғарғы қос төбешік көру нервінің негізгі аяқталатын жері және негізгі көру орталығы. Сүтқоректілер мен адамда көру нервтерінің алдыңғы миға ауысуына байланысты көру нервінің жоғарғы төбешікпен қалған байланәысының тек рефлекстер үшін ғана маңызы бар. Төменгі төбешік ядросында, сондайт-ақ медиалды иінді денеде есту ілмегінің талшықтары, lemniscus lateralis, аяқталады. Ортаңғы ми төбесінің жұлынмен екі жақты байланысы, tractus spinotectalis және tractus tectobulbaris et tectospinalis бар. Соңғылары жамылғыдағы қиылыстан кейін сопақша ми мен жұлындағы бұлшықет ядроларына барады. Бұл жұлынды сипаттаған кезде сөз болған көру-дыбыстық рефлекс жолы. Сөйтіп, ортаңғы ми төбесі табақшасын негізінен көру және есту тітіркендірулері әсерінен пайда болатын әр алуан қимыл-қозғалыстар үшін рефлекс орталығы деп қарастыруға болады.
169. Артқы ми, бөлімдері, құрылысы (Варолий көпірі). Metencphalon екі бөліктен тұрады: вентральді көпірден және дорсальді мишықтын тұрады. Көпір, Pons, ми негізі жағынан қарағанда артқы жағында сопақша мидың жоғарғаы шетімен алдыңғы жағынан ми аяқшаларымен шектеетін жуан ақ түсті түзіліс. Көпірдің латеральді шекарасы үшкіл және бет нерві түбіршіктері арқылы жасанды жүргізілетін сызық - Linea trigeminofacialis – болып табылады. Осы сызықтан латеральді екі жағында мишыққа батып тұратын ортаңғы мишық аяқшалары – pedunculi cerebelares medii – орналасады. Көпірдің дорсальді беті сырт жағынан көрінбейді, өйткені ромбтәрізді шұқырдың жоғарғы бөлігін (IV қарыншының түбі) түзе, мишықтың астында жасырынып жатады. Көпірдің вентральді беті талшықты, талшықтар жалпы алғанда көлденең жүріп, pedunculi cerebellares medii- ге қарай бағыт алады. Вентралды беттің ортаңғы сызығы бойымен жалпақ жүлге – sulcus basilaris – өтеді. Онда – a.basilaris жатады. Көпірдің ішкі құрылысы. Көпірдің көлденең кесінділерінен оның үлкен алдыңғы немесе вентралды (pars ventralis pontis) және кішілеу дорсалды бөліктерден (pars dorsalis pontis) тұратынын көруге болады. Олардың арасындағы шекара ретінде талшықтарды есту жолына жататын көлденең талшықтардың қалың қабаты – трапециятәрізді дене, corpus trapezoideum, жатады. Трапециятәрізді дене аймағында есту жолына қатысы бар ядро – nucleus dorsalis corporis trapezoidei орналасады. Pars ventralis құрамына бойлық және көлденең талшықтар бар, олардың арасында сұр зат меншікті ядролары – nucleus pontis шашырап жатады. Бойлық талшықтар пирамидалық жолдарға – fibrae corticopontini –жатады, ол жолдар көпірдің меншікті ядроларымен байланысқан, ол ядролар мишық қыртысына баратын көлденеі талшықтар – tractus pontocerebellaris – басталады. Өткізгіш жолдардың бүкіл жүйесі көпір арқылы үлкен ми сыңарларын мишық қыртысымен байланыстырады. Үлкен ми қыртысы неғүрлым күштірек дамыған болса, көпір мен мишықта соғұрлым күшті дамиды. Көпір адамда күшті дамыған, бұл оның ми құрылысының өзіне тән белгісі болып табылады. Pars dorsalis құрамында сопақша мидың дәл осындай құрылымының жалғасы болып табылатын formation reticularis pontis жатады, ал торлы құрылым үстінде ромбтәрізді шұңқырдың түбі жатады (ол жерде VIII –V жұп бас сүйек нервтерінің ядролары орналасқан). Орталық сызық пен nucleus corporis trapezoidei арасында орналасқан медиалды ілмек – lemnicus medialis – құрамына кіретін сопақша мидың өткізгіш жолдары - pars dorsalis- ке созылады, медиалды ілмекте сопақша мидың жоғары көтерілетін жолдары – tractus bulbothalamicus – қиылысады.
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 1519 | Нарушение авторских прав
|