Кезбе нерв (X)
N. vagus, кезбе нерв - төртінші жіне одан кейінгі келесі желбезек доғаларынан дамыған, кең таралғандықтан осылай деп аталады (119-сурет). Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны. Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін, сигматәрізді тоқ ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді.
N. vagus құрамында үш түрлі талшықтар бар:
1. Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларының, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігінен жіне құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitarius-ке келетін афферентті (сезімтал) талшықтар.
2. Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің ерікті бұлшықеттеріне баратын эфферентті (қозғалыстық) талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын (проприоцептивті) талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambigus-тен алады.
3. Вегативті ядродан, nucleus dorsalis n. vagi-ден шығатын эфферентті (парасимпатикалық) талшықтар. Олар жүрек миокардына (жүрек соғысын баяулатады) және тамырлардың бұлшықет қабықшасына (тамырларды кеңейтеді) келеді. Сонымен кезбе нервтің жүрек тармақтарына n. depressor енеді, ол жүректің өзі мен қолқаның бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв жіне қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады. Сондай-ақ парасимпатикалық талшықтар кеңірдек пен өкпені (бронхыларды тарылтады), өңеш және colon sigmoidum-ге дейін ішекті (перисталтиканы күшейтеді), аталған ағзаларда орналасқан бездер мен іш қуысы бездерін-бауыр, ұйқыбезін (секреттік талшықтар), бүйректі нервтендіреді.
А. Бас бөлігінде (нерв басталатын жер мен төменгі түйін арасында):
1. Ramus meningeus -артқы бассүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты қабығына барады.
2. Ramus auricularis -сыртқы есту жолының артқы қабырғасы мен құлақ қалқаны терісінің бір бөлігіне барады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі үшкіл нервке жатпайтын жалғыз тері тармағы.
Ә. Мойын аймағында:
1. Rami pharyngei -тіл-жұтқыншақ нерві және симпатикалық сабау тармақтарымен бірге өрім-plexus pharyngeus-ті түзеді.
Кезбе нервтің жұтқыншақ тармақтары жұтқыншақ тарылтқыштарын (констрикторларын), таңдай доғашықтары мен жұмсақ таңдай бұлшықеттерін (m. tensor veli palatini-ді қоспағанда) нервтенліреді. Жұтқыншақ өрімі жұтқыншақтың шырышты қабығына сезімтал талшықтар береді.
2. N. laryngeus superior - дауыс саңылауына жоғарылау көмей, тіл түбірі бөлігі мен көмей қақпағының шырышты қабығын сезімтал талшықтармен, ал көмей бұлшықетінің бір бөлігі мен жұтқынщақтың төменгі тарылтқышын (констрикторын) қозғалыс талшықтарымен қамтамасыз етеді.
1. Rami cardiaci cervicalis superiores et inferiores-тің бір бөлігі n. laryngeus superior құрамынан шығып, жүрек өрімін түзеді.
Б. Кеуде бөлігінде:
1. N. laryngeus recurrens- қайтарма көмей нерві кезбе нервтің қолқа доғасының немесе бұғанаасты артериясының алдында (оң жағында) жатқан жерінен шығады. Бұл нерв оң жағында a.subclavia-ны астынан артына қарай, ал сол жағында да астынан артқы жағына айналып өтіп, содан кейін өңеш пен кеңірдек арасындағы жүлгемен жоғары көтеріле, оларға көптеген тармақтар береді. Нервтің, n. laryngeus inferior, соңғы ұшы көмей бұлшықеттерінің бір бөлігін, оның дауыс байламдарынан төмендегі шырышты қабығын, тіл түбірінің көмей қақпағы жанындағы шырышты қабығының бөлігін, сондай-ақ кеңірдек,жұтқыншақ, қалқанша және айырша бездерін мойынның лимфа түйіндерін, жүрек пен көкірекаралықты нервтендіреді.
2. Rami cardiaci thoractici -көмейдің қайтарма нерві мен кезбе нервтің кеуде бөлігінен басталып, жүрек өріміне барады.
3. Rami bronchiales et tracheales симпатикалық сабау тармақтарымен бірге бронх қабырғаларында өрім plexus pulmonalis-ті түзеді. Бұл өрім тармақтары кеңірдек пен бронхтардың бұлшықеттері мен бездерін нервтендіреді, сонымен қатар онда кеңірдек, бронхтар мен өкпеге арналған сезімтал талшықтар да болады.
4. Rami esophagei -өңеш қабырғасына барады.
В. Іш бөлігінде:
Кезбе нервтің өңештен жүретін өрімдері асқазанға созылып, алдыңғы және артқы сабаулар- trunci vagales-терді түзеді. Әрбір truncus vagalis парасимпатикалық ғана емес, сондай-ақ симпатикалық және афферентті анималды нерв жүйесінің нерв өткізгіштері кешені болып табылады және онда екі кезбе нервтің де талшықтары болады.
204. Қосымша нерв (XI)
N. accessorius - қосымша нерв соңғы желбезек доғаларынан дамиды; эфферентті талшықтарды және сопақша ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы бар. Ядроларына сәйкес оның ми және жұлындық бөліктерін ажыратады. Ми бөлігі сопақша мидан, кезбе нервтің төменгі жағында шығады. Қосымша нерв жұлындық бөлігі (С2-С5) алдыңғы және артқы түбіршіктері арасында және жоғарға үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршіктерінен құралып, нерв сабаушасы түрінде жоғары көтеріліп, ми бөліміне қосылады. Қосымша нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, ол онымен бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығып m. trapezius пен одан бөлінген m. sternocleidomastoideus екеуін нервтендіреді. Қосымша нервтің ми бөлігі n. laryngeus reccurens құрамында көмей бұлшықеттерін нервтендіруге барады. Қосымша нервтің жұлын бөлігі жұтқыншақтың қозғалыстық нервтендірілуіне қатысады.
Қосымша және тіл-жұтқыншақ нервтерінің кезбе нервпен ортақтығы мен жақындығы IX,X және XI бассүйек нервтері желбезек нервтерінің vagus тобын құрайтындығымен түсіндіріледі.
206. Мойын өрімі,топографиясы,тармақтары,нервтендіру аймақтары.
Жауабы: Мойын өрімі, Plexus servicalis, 4 жоғарғы мойын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан түзіледі.Олар өзара 3 доға ілмектерімен байланысып,көлденең өсінділердің бүйірінен медиальді жағынан омыртқаның алдыңғы бұлшық еттері, ал латеральді жағынан омыртқа бұлшықеттері m.scalenus medius, m.levator scarulae, m.splenus cervicis арасында орналасып, n.accessorius пен n.hypoglossus жане tractus sympaticus пен анастамозданады.Өрімді алдыңғы жағынан m.sternocleidomastoideus жауып турады.Өрімнен шығатын тармақтар терілік, бұлшықеттік, аралас болып бөлінеді.
Терілік тармағы: 1. N.occipitalis minor (C1және С3-тен) шүйде аймағы латеральді бөлігінің терісіне барады. 2. N.auricularis magnus (C3-тен) құлақ қалқанымен сыртқы есту есту тесігін нервтендіреді. 3 .N.Transversus colli (С2-С4-тен) алдыңғы екі нерв сияқты m.sternocleidomastoideus-тің артқы жиегі ортасынан шығып, осы жиекті айналып, алға қарай өтіп, мойын терісін нервтендіреді.4. N.supraclaviculares (С3-С4-тен)үлкен кеуде және дельта тәрізді бұлшықеттердің үстіне келеді.
Бұлшықеттік тармағы: Mm.recti capitis anterior et lateralis, mm. longi capitis et colli, mm. scalene, m.levator scapulae және m. intertransversari anteriores бұлшықеттеріне барады. Мойын өрімінің қозғалтқыш талшықтарына ansa cervicalis және тіл асты нервінің төмендеген тармағы radix superior жатады.
Аралас тармағы: N.phrenicus - көкеттік нерв (C3-C4) m.scalenus anterior бойымен бұғана асты артериясы мен венасы арасынан кеуде қуысына өтеді. Одан әрі оң жақтағы N.phrenicus тік дерлік оң өкпе түбірі алдына түсіп, жүрекқап бүйір бетімен көкетке барады.Сол жақ N.phrenicus қолқа доғасының алдыңғы бетін қиып өтіп,жүрекқаптың сол жақ бүйір бетімен көкетке барады.Екі нервте жүрекқаппен өкпеқап арасында алдыңғы кеуде аралықта өтеді.Көкеттік нерв симпатикалық сабаудың екі төменгі мойын түйіндерінен талшықтар қабылдайды.Ол аралас нерв, оның қозғалыс тармақтары көкетті нервтендіреді, сөйтіп, ол ол тыныс алуды қамтамассыз ететін нерв болып табылады:сондай-ақ өкпе қаппен жүрекқапқа сезімтал тармақтар береді.
207. Иық өрімінің бұғанаүсті бөлігі,қалыптасуы,топографиясы,тармақталуы,нервтеу аймақтары.
Иық өрімі plexus brachialis 5,6,7 және 8 мойын жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарының rr.anteriores nn. Cervicalium 5-8 бірігілуінен түзіледі.Сонымен бірге өрімнің түзілуіне 4-ші мойын жұлын нервтің алдыңғы тармағының кішкене тармағы және 1-ші кеуде нервтің алдыңғы тармағының r.anterior n.thoracici primi көп бөлігі қатысады.Иық өрімінің бұғана үсті бөлігі pars supraclavicularis plexus brahialis мойынның терең бұлшықеттеріне бұлшықеттік тармақтар, rr.musculares және иық белдеуі бұлшықеттеріне қысқа нервтер береді.
Қысқа тармақтар:1.N.dorsalis scapulae жаурынның медиальді жиегін бойлай өтеді.Ол m.levator scapulae жане mm.rhomboidei-ні нервтендіреді.2.N. thoracicus longus m/serratus anterior-дың сыртқы бетімен түсіп, оны нервтендіреді.3. N.supraclaviculares incisura scapulaeарқылы fossa supra spinata-ға өтеді.4.N.pectoralis medialis et lateralis.5.N.subclavius.6.N.subscapularis.7.N.axillaris- қолтық нерві.Иық өрімі қысқа тармақтарының ең жуаны.
Ұзын тармағы:Оның ішінен алдыңғы тармақтарды- бүккіштер мен пронаторлар үшін nn.musculocutaneus,medianus et ulnaris- ті және артқы тармақтарды- жазғыштармен супинаторлар үшін n.radialis-ті бөліп көрсетуге болады.1. n.musculocutaneus- бұлшықеттер нерві.2.n. medianus-ортаңғы нерві.3.N. ulnaris-шынтақ нерві.4.n.cutaneus brachii medialis.5.n.cutaneus antebrachii medialis.6.n.radialis.
208. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі pars infraclavicularis plexus brachialis қолдың бұлшықеттері мен терісіне ұзын тармақтар және бір қысқа нерв қолтық нервін N.axillaris береді. Иық өрімінің бұғанаасты бөлігі қолтық шұңқырында mm.pectorales major et minor артында m.subscapularis алдында,m.seratus anterior-дан латеральді орналасады.Өрімнің бұл бөлігі қолтық шұңқырынан шыға берісінде m.coracobrachialis,m.subscapularis және m.latissimus dorsi арасында жатады.Иық өрімінің бұғанаасты бөлігінің 3 будасы қолтық шұңқырында a. Axillaris-ті медиальді,латеральді және артынан қоршайды,артерияның тек алдыңғы беті жабылмайды.
209. Бұлшықет-тері нерві,тармақтары, нервтендіру аймақтары. Бұлшықет-тері нерві n.musculocutaneus төмен және сытқа бағытталады, m.coracobrachialis-ті жоғарыдан төмен қиғаш тесіп өтіп, m. Brachialis және m.biceps brachii арасында жатады.Кейн нерв иықтың екібасты бұлшықеттің дистальді сіңірінің латеральді жиегінің астынан шығып,шынтақ буын аймағында,иықтың меншікті шандыры арқылы теріасты майлы қабатқа кіріп, білектің терілік латеральді нерв, n.cutaneus antebrachi lateralis атауын алады. Бұлшықет-тері нерві өз жолында келесі тармақтарды береді:1) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares. m.coracobrachialis. m. brachialis,m.biceps brachii. нервтендіреді. 2) тоқпан жілік сүйек қабығына және шынтақ буынының буындық қабына тармақтар.3)Білектің терілік латеральді нерві, n.cutaneus antebrachi lateralis Бұлшықет-тері нервтің соңғы тармағы.Ол шынтақ буын аймағында aponeurosis m.bicipitis brachi-ден латеральді иық шандырын тесіп өтіп,v.cephalica жанында жатады,және төмен жүріп,тенар аймағына дейн білектің алақан бетінің кәріжілік жиегі терісінде тармақталады.
210. Шынтақ нерві,қалыптасуы,тармақтары,нервтендеру аймақтары. N.ulnaris, шынтақ нерві, иық, өрімінің медиалды будасынан (С7, С8, Тh1) шығып, иықтың медиалды жағынан медиалды айдаршықтың артынан өтеді (ол бұл жерде тері астында жатады, сондықтан оған тиіп кеткен кезде білектің медиалды аймағында ауырсыну түйсігі пайда болады),содан кейн ол sulcus ulnaris-ке өтеді,одан кейн canaliscarpi ulnaris арқылы аттас артериялармен веналармен бірге алақанға барады,retinaculum flexorum бетінде өзінің соңғы тармағына,ramus palmaris n.ulnaris-ке жалғасады.Шынтақ нерві ортаңғы нерв сияқты иықта тармақтар бермейді.
211. Кәріжіліктік нерв, тармақтары,нервтеу аймақтары. N.radialis кәрі жілік нерві иық өрімі артқы будасын құрайды.Ол иық артериясы артынан a.profunda brachii-мен бірге иықтың артқы жағына өтіп,тоқпан жілікті спиральді айнала canalis humeromuscularis-те орналасып,содан кейн арттан алға қарай латеральді бұлшықет аралық пердені тесіп өтіп, m. Brachioradialis пен m.brachialis аралығына шығады.Осы жерде нерв беткей ramus superficialis және терең тармақтарға бөлінеді. N.radialis иықтағы,білектегі барлық жазғыш бұлшықеттерді нервтендіреді.Білекте бұлшықеттердің кәрі жілік топтарын,иықпен білектің жазылатын жағында терініде нервтендіреді.
212. Бел өрімі,қалыптасуы,тармақтары,нервтеу аймақтары. Бел өрімі,plexus lumbalis,3 жоғарғы бел нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және 4 нервтің жоғарғы бөлігінен, сондай-ақ 12 қабырға аралық нерв тармақтарынан түзіледі.Бұл өрім бел омыртқаларының көлденең өсінділері алдында m. Psoas major қабатында жайғасып,бір қатар тармақтар береді.Олардың бір бөлігі осы бұлшықеттің латеральді жиегінен, бір бөлігі медиальді жиегінен шығып, бір бөлігі оны тесіп өтіп,оның алдыңғы бетінен шығады.Бұл тармақтар мыналар: 1.Rami muscularis mm. Psoas major et minor m.quadratus lumbarum және m.intertransversarii laterals lumbarum барады. 2.N.Iliohypogastricus m.psoas major-дың латеральді жиегінен шығып,12 қабырғааралық нервке паралельді бағытта белдің шаршы бұлшықетінің жоғарғы жағындағы алдыңғы бетінде жайғасады.12 қабырғааралық нерв сияқты сегменттік нерв болғандықтан N.Iliohypogastricus та сол сияқты іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттері арасынан өтіп, оларды бұлшықеттік тармақтармен қамтамассыз етеді және бөксенің жоғарғы жағымен шап өзегінің беткей тесігінің терісін нервтендіреді. 3.ilioinguinalis бұлда сегмненттік нерв, m.psoas major-дың латеральді жиегі астына шығып N.Iliohypogastricus-ке паралельді және оның төменгі жағында орналасады.Одан кейн тікелей шап өзегіне барып,беткей шап сақинасы арқылы шығып, қасаға және ен терісінде н/е үлкен жыныс ерінінде тармақаталады. 4.N.genitofemoralis m.psoas қабатынан осы бұлшықеттің алдыңғы бетіне өтіп,2 тармаққа бөлінеді.Олардың біреуі – r.femoralis шап байламына барып, оның астынан өтіп, осы байламның төменгі жағындағы сан терісінде тармақталады.Басқа тармағы – r.genetalis шап өзегінің артқы қабырғасын тесіп өтіп,ұрық шылбырына қосылып – m.cremaster мен атабез қабықтарын нервтендіреді. 5.N.cutaneus femoris lateralis, m.psoas major-дың бүйір жиегі астынан шығып m.iliacus бетімен spina iliaca anterior superior-ға барып,сол жерде іш қабырғасын тесіп өтіп,санға шығып, тері астына тармақтала санның бүйір бетімен тізеге дейін түсіп,теріні нервтендіреді. 6.Сан нерві n.femoralis 213 cұрақтан оқисын. 7.N.obtoratorius жапқыш нерві 213.сұрақта толығымен.
213.Сан және жапқыштық нерві тармақтары,нервтендіру аймағы. Сан нерві n.femoralis бел өрімінің ең жуан тармағы lacuna musculorum арқылы санның алдыңғы бетіне шығады.Ол сан артериясынан латеральді орналасып,одан fascia latae-нің терең жапырақшасы арқылы бөлініп, көптеген тармақтарға ыдырайды.Олардың біреулері rami muscularis m.quadriceps,m.sartorius-ті,ал басқалары санның алдыңғы медиальді бетінің терісін нервтендіреді.Сан нервінің тері тармақтарының ең ұзыны n.saphenus canalis adductorius –те a.femoralis-тен латеральді жатады. Hiatus adductorius-тің жанында нерв артериядан алшақтап, өзектің алдыңғы қабырғасын тесіп өтіп,беткей нервке айналады.Нерв сирақта v.saphena magna –мен қосарлана журеді.Одан тізе терісінің төменгі бетіне ramus infrapatelaris және сирақтың медиальді бетімен аяқ ұшының медиальді жиегіне rami cutanei cruris mediaes-тер кетеді. N.obtoratorius жапқыш нерві тұйықтаушыөзек арқылы санға өтіп,m.obtoratorius externus –ты жамбас сан буынын және барлық келтіруші бұлшықеттерді,оладың устіндегі теріні нервтендіреді. Тармақтары:1).Бұлшықеттік тармақ ramus muscularis негізгі сабаудан жапқыш өзекке кірмей басталады,нервпен бірге өзек арқылы өтіп, m.obtoratorius externus-те тармақталады. 2).Ramus anterior алдыңғы тармақ артқыдан қалыңдау, енгізгі сабаудың жалғасы ретінде m.adductor longus және m.adductor brevis арасында журіп,келесі бұлшықеттерге бұлшықеттік тармақ береді. 3).Ramus posterior артқы тармақ негізгі сабаудан тармақталғасын m.obtoratorius externus-ті тесіп, m.adductor magnus және m.adductor minus бұлшықеттік тармақтар,rami muscularis береді.
214.Сегізкөз өрімі қалыптасуы,тармақтары,нервтеу аймақтары. Сегізкөз өрімі,plexus sacralis, өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы 4 және 5 бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз нервтерінің (S1-S4) дәл осындай тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір-бірімен қосылып, foramen infrapiriforme арқылы жамбас астау қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді. Сегізкөз өрімінін шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын, ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігін қоспағанда бүкіл аяқты нервтендіреді. Қысқа тармақтар. 1. Rami musculares m. piriformis (S1-S2) m.obturatorius internus, mm. gemelli және quadratus femoris пен mm. levator ani et coccygeus бұлшықеттерін нервтендіреді. 2. N. gluteus superior (L4,L5,S1), foramen suprapiriforme арқылы аттас артериямен бірге жамбас астауынан шығып,содан кейн m.gluteus medius, m. Gluteus minimus және m. tensor fasciae latae-де таралады. 3 N. gluteus inferior (L5, S1, S2,) foramen infrapiriforme арқылы шығып, өзінің тармақтарымен m. gluteus maximus пен жамбас-сан буын қабын нервтендіреді. 4N. pudendus,шыныс нерві
215.Сегізкөз өрімінің ұзын тармақтары, топографиясы
216. Шонданай нерві, оның тармақтары және нервтендіру аймақтары.
Шонданай нерві – n.ischiadicus. бел-сегізгөз өрімі ғана емес денедегі барлық нервтердің ішіндегі ең ірі нерв. Ол сегізгөз өрімінің алдыңғы тармақтарының жалғасы.
Бұл нерв бір жағынан m. Gluteus maximus екінші жағынан m.abturotorius internus et m. Quadrates femoris арасында, ортан жіліктің үлкен ұршығы мен шонданай төмпесі арасымен өткізілген сызықтың ортасында жатады.
Тақым шұңқырының жоғарғы бұрышында екі тармаққа: асықты жілік нервке n. Tibialis, және жалпы кіші жіліншік нервке n.peroneus comminis,бөлінеді.
Шонданай нервтің барлық аталған тармақтары жалпы дәнекер тінді қынапта жатады.
Тармақтары:
1. Бұлшықеттік тармақтар келесі бұлшықеттерге тармақталады: m. Abturatorius internus, mm. Gemelli sup et inf, m. quadratus.
2. Буындық тармақ.
3. Бұлшықеттік тармақ - сан аймақтың асықты жілік бөлігінен бағытталады.
4. Буындық тармақ – асықты жілік және кіші жіліншік бөліктерінен тармақталады.
5. Жалпы кіші жіліншік нерві оз кезегінде бірнеше тармақтарға бөлінеді.
6. Асықты жілік нервтері немесе улкен жілік n.tibialis. өз кезегінде бірнеше тармақтар береді.
217. Үлкен жіліншіктік нерв, қалыптасуы, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Үлкен жіліктік немесе асықты жілік n.tibialis. – бағыты бойынша шонданай нервтің тіккелей жалғасы болып, жалпы кіші жіліншіктен әдеуір ірі келеді.
Ол тақым шұңқырының проксимальді ұшында басталып, оның дистальді бұрышында жүріп, шандыр астында, шандыр мен тақым тармақтарының vasa poplitiea, арасында орналасады.Шұңқырда нервтен алға және кішкене медиалды тақым венасы, тереңдеу тақым артериясы жатады.Кейін нерв балтыр бұлшықетінің бастары арасымен жүріп, тақым бұлшықетінің артқы бетінде жатады.
Тармақтары:
1. Тақым шұңқырында Балтырдың медиалді терілік нерві n.cutaneus surae medialis ті береді – асықты жілік нервтің артқы бетінен тақым шұңқыры аймағында тармақталып saphena parva мен бірге шандыр астымен балтыр бұлшықеті арасында жүріп сирақтың медиалды бетінің терісін нервтендіреді.
Нерв retinaculum mm. flexorum астында өзінің ең соңғы тармағына:
Табанның медиалды және латералді нерв n.plantaris medialis et lateralis ке бөлінеді:
N. plantaris medialis - табанның медиалды нерві аттас артериямен бірге m. Flexor digitorum brevis – тің медиалды жиегімен sulgus plantaris medialis- те өтедіде, осы бұлшықетті және M.addugtor hallicus brevis- тің латералды басынан басқа медиалды топ бұлшықеттерін нервтендіреді. Содан кейін нерв ақыр аяғында n. Digitalis plantaris proprii – ге бөлінеді.Олардың біреуі бас бармақтың медиалды жиегіне қарай барады.Ал қалғаны үлкен бақайдың латералды жағынан бастап 4- саусақтын медиалды жиегімен, саусақтардың бір- біріне қараған жақтарының терісін нервтендіреді.
N. plantaris lateralis - аттас артерия жолымен sulgus plantaris lateralis-ке келеді. Бұлшықеттік тармақтар арқылы табанның латералды тобының барлық үш бұлшықетін және m.quadratus plantae – ні нервтендіріп, терең және беткей тармақтарға бөлінеді:
Беткей тармағы – табан терісіне тармақтар беріп, nn.digitalis plantares proprii – ге бөлінеді.Олар 5- бақайдың екі жағына және 4- башпайдың 5-ке қараған жағына барады.
Терең тармағы- табанның артериялық доғасымен бірге жүріп, 3-ші және 4- ші mm.lumbricales пен барлық m. Interossei ді сондай- ақ m. adductor halligus және
m. flexor halligus- тің латералды басын нервтендіреді.
218. Жалпы кіші жіліншіктік нерві, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Жалпы кіші жіліншік нерві N.peroneus comminis немесе fibularis – улкен жіліншіктен кіші латералды бағытта келіп,сол жерде M.peroneus longus- тың басын тесіп өтіп, беткей және терең тармақтарға бөлінеді:
Тармақтары:
1. Бұл нерв өз жолында сирақтың латералды жағының терісін нервтендіретін n.cuteneus surae lateralis- ті береді.Сирақтың ортасынан төмендеу жерде n.Cuteneus surae lateralis- пен n.cuteneus medialis екеуі қосылып n. Suralis- ті түзеді. Ол латералды толарсақты артқы жағынан айналып өтіп, өкше терісіне тармақтар r.calcanei lateralis беріп,содан кейін n. Cutaneus dorsalis lateralis деген атпен аяқ ұшы үстінің латералды жиегімен жүріп, оның терісі мен кішкене бақайдың бүйір жағын нервтендіреді.
2. Кіші жіліншіктің беткей тармағы – кіші жілік бұлшықеттері арасымен canalis muscularis peroneus superior-ға түсіп, оларға бұлшықеттік тармақтар береді.
Ол сирақтың ортаңғы және төменгі шекарасында, тек тері нервісі ретінде шандырды тесіп өтіп,аяқ ұшы ортасына келіп, екі тармаққа бөлінеді:
a) n. cutaneus dorsalis medialis – үлкен бақайдың медиалды жағы мен 2-3 башпайлардың бір – біріне қараған жиектерін n.digitales dorsales.
b) N. cutaneus dorsalis intermedius – 2-5 бақайлардың сыртқы бетінің бір – біріне қараған жақтарын нервтендіретін n.digitalis – ке бөлінеді.
3. Кіші жіліншіктің терең тармағы – асықты жілік артериясымен қосарлана жүре аяқ ұшы сыртына шығып, қысқа бақай жазғыштарын нервтендіреді. Содан кейін екі nn.digitalis dorsales- ке бөлініп,1-2 бақайлардың бір – біріне қараған беттерінің терісін нервтендіреді.
219. Вегетативтік рефлекторлық доға.
Нерв жүйесі қызметінің негізін рефлекс доға құрайды. Бұл доға күрделеніп, оның әрбір бөлігіндегі бір нейронның орнына афферентті және эфферентті өткізгіш жолдар түзетін нейрондар тізбектері пайда болады.Демек нерв жүйесінде өткізгіш жолдар деп – оның түрлі бөлімдерін байланыстыратын және құрылысы мен қызметінің ортақтығымен сипатталатын будалар жүйелеріне біріккен, бірінің жанына бірі тығыз орналасқан нерв талшықтарын айтады. Вегетативті рефлекторлық доға құрылысы – нерв жүйесінің соматикалық бөлігінің рефлекторлық доғысынан айырмашылығы бар. Негізгі ерекшелігі: Нерв жүйесінің вегетативтік бөлігінің рефлекторлық доғасында эфференті звено біреу емес, екі нейроннан тұрады. Жалпы қарапайым доға 3нейронмен көрсетілген.
Рефлекторлық доға 1- ші звеносы Сезімтал нейрон, оның денесі жұлын түйіндерінде немесе ми нервтерінің сезімтал түйіндерінде орналасады.Бұл нейронның перифериялық өсіндісіндегі сезімтал талшықтар рецептор ағзалар мен тіндерден басталады.
2- ші звеносы эфферентті, себебі импульсті жұлын немесе мидан жұмыс ағзасына апарады.Осы звеносы екі нейронмен көрсетілген: 1- шісі яғни қарапайым вегетативтік рефлекторлық доғадағы саны бойында екінші нейрон орталық нерв жүйесінің вегетативтік ядроларында орналасады.1-шісі сезімтал нейрон, ал 2- шісі аралық деп атауға болады.Эфекторлық нейрон осы доғаның 3-ші нейрнын көрсетеді.Эффекторлы нейрондар денелері вегетативтік нерв жүйесінің перифериялық түйіндерінде ми нервтерінің вегетативтік түйіндерінде, вегетативтік өрімдер түйіндерінде жатады.Осы нейрондар өсінділері ағзалық вегетативтік немесе аралас нервтер мен тіндерге бағытталады және нерв талшықтары сайкес соңғы нерв аппаратымен біріңғай салалы мускультарда,бездерде және тіндер аяқталады.
220. ВНЖ, оның жіктелуі және бөлімдеріне жалпы сипаттама.
ВНЖ – қызметі біздің санамызға бағынбайды.Ол жұлынға, мишыққа, гипоталамуста, соңғы мидың жоғарғы бөлімі- ми қыртысына тәуелді.
Жіктелуі:
ВНЖ – орталық және перефиялық бөлімдерге бөлінеді:
Орталық бөліміне:
1.ми бағансында орналасатын 3,7,9,10 жұп ми нервтерінің парасимпатикалық ядролары.
2. Жұлынның 8- мойын, барлық кеуде және екі жоғарғы бел сигменттерінің бүйір аралық бағанасында орналасатын вегетативтік ядро.
3. Жұлынның үш сегізгөз сегменттерінің сұр затында орналасатын сегізкөз парасимпатикалық ядролары.
Перифериялық бөліміне:
1. Жұлын мен мидан шығатын вегетативтік нервтер, тармақтар, талшықтар.
2. Вегетативтік өрімдер, түйіндері.
3. Симпатикалық сабау және оның түйіндері, дәнекер тармақтары.
4. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі- соңғы түйіндері.
Қызмет ерекшеліктеріне байланысты: симпатикалық және парасимпатикалық болып бөлінеді.
Симпатикалық бөлігінің негізгі қызметі трофикалық болып табылады.Ол тотығу үрдістерін, қоректік заттардың жұмслуын, тыныс алуды,жүрек қызметін, бұлшықеттерге оттегінің келуін күшейтеді.
Симпатикалық бөлігіне:
1. Жұлынның 8- мойын, 2- бел сигменттерінің бүйіраралық бағанасындағы вегетативтік ядро.
2. Оң және сол симпатикалық сабау.
3. Дәнекер тармақтар.
4. Омыртқа бағананы алдында және ірі тамырлардың маңында орналасатын вегетативтік өрімдер түйіндері.
5. Осы өрімдермен ағзаларға бағытталатын нервтер.
6. Тамыр маңындағы және ағзалық өрімдер.
7. Сомалық нервтердің құрамында ағзалар мен тіндерге баратын симпатикалық талшықтар жатады.
Парасимпатикалық бөлігінің қызметі қорғаныштық: жарық күшейгенде көз қарашығын тарылтады, жүрек қызметін тежейді, қуысты ағзларды босатып тазартады. Парасимпатикалық н.ж. орталық және перефиялық болып бөлінеді.
Парасимпатикалық бөлігінің орталық бөлігіне: ми мен жұлынның әр түрлі бөлімінде жататын жасушалар жиынтығы жатады.Бұл бөлік бассүйектік бөлікке, милық бөлікке және сегізкөз бөлігіне бөлінеді.
Парасимпатикалық бөлігінің перефиялық бөлігіне:
Перефиялық түйіндерге ми нервтері мен сегізкөз нервтері құрамында болатын талшықтардан және сыртқы түйіндері кіреді. Бұл бөлік 3,7,9, және 10 ми нервтері және 2,3,4,5 сегізкөз нервтерінің сабаулары ішінде өтеді.
221-222. Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі,краниалды және сокралд бөлімдеріне сипаттама.
ПНЖ-інде симпатикалық нерв жүйесі сиақты орталық,милық бөлігін және перифириялық бөлігін ажыратады.
Оратлық бөлік ми мен жұлынның әртүрлі бөлімінде жататын жасушалар жиынтығын көрсетеді.Орталық бөлік бассүйектің бөлікке pars cranialis және сегіз көз бөлігіне,pars sacralis бөлінеді.
Перифериялық бөлігі:а.перифериялық түйіндерге ми нервтері мен сегіз көз нервтері құрамында баратын талшықтардан және Б.ағзаларға маңында орналасатын қабырға-сыртқы түйіндер,ganglia extramuralia, немесе ағзалар қабырғасына енетін қабырғаішкі түйіндер,ganglia intramuralia, кіретін перифериялық түйіндерден тұрады.
Перифериялық бөлік ІІІ, ҮІІ,ІХ және Х жұп ми нервтері және І,ІІ,ІІІ,ІҮ,Ү сегізкөз сабаулары ішінде өтеді.
Перифериялық экстармуралды түйіндерге: кірпікті түйін,ganglion ciliare, қанат –таңдай түйін,ganglion pterygopalatinum,құлақ түйін,ganglion oticum, төменгі жақсүйек асты түйін бронхтық және жүректік ағзасыртқы өрімі түйіндері,құрсақ өрімі түйіндері және құрсақ қуысы ағзаларының онымен байланыстағы өрімдерінің түйіндері (бүйрек,бүйрекүсті безі,бауыр,ұйқыбез,асқазан,шажырқай,аналық без,аталық безғқолқа,көкбауыр),құрсақасты өрімі(жамбас түйіндері,ganglia pelvic) түйіндері және кіші жамбас астауы ағзаларының онымен байланыстағы түйіндері кіреді.
Перифериялық интрамуралды түйіндерге ішкі ағзалардың қабырғасында жататын көптеген нерв жасушаларының жиынтығын кіргізеді.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің бассүйек және сегізкөз бөліктері орталығында жататын жасушалар талшықтарын түйіналды,преганглионарлық,перифериялық экстра және интрамуралды түйіндерде жататын жасушалар талшықтары түйінарты,постганглионарлық талшықтар д.а.
Парасимпатикалық НЖ Бассүйек бөлігі.
ПНЖ бассүйек бөлігі ортаңғы ми бөлігіне,pars mesencephalica,оның орталығы мидың суқұбыры түбінде,төрт төбешіктің алдыңғы төмпешіктері деңгейінде жатады және ромбтәрізді (бульбарлы) бөлікке,pars rhombencephalica, оның орталығы сопақша ми аймағында ораласады.
Парасимпатикалық және сегізкөз бөлігі.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің сегізкөз бөлігінің орталығы жұлынңың сұр затында,ми конусы аймағында, жұп оң және сол парасимпатикалық сегізкөз ядролары,nucleus parasympathicus sacralis, түрінде І,ІІ-ІҮ,Ү сегізкөз сегменттерінде орналасады.
Осы жасушалардың өсінділері –преганглионарлық талшықтар жұлынның алдыңғы түбіршіктері арқылы өтіп, І,ІІ-ІҮ,Ү сегізкөз нервтерінің алдыңғы тармақтарының құрамында жүреді.Олармен бірге алдыңғы сегізкөз тесіктері арқылы шығып, сегізкөз нервтерінен бөлініп, ағзалық сегізкөз нервтері,nn.splanchnici sacralis,атауын алады, бөлігімен құрсақасты өрімнің, жамбас астауы ағзалары, ішек өрімдерінің (сигматәрізді жиек ішектен жоғары) экстрамуралды түйіндерге, бір бөлігімен осы ағзалардың интрамуралды түйіндеріне барады.
Осы түйіндерде преганглионарлық талшықтар перифериялық нейрондарға алмасып, постганглинарлық талшықтар түйінінде несепқуыққа, несеп жібергіш өзекке, ішектерге, ішкі және сыртқы жыныс ағзаларына жатады.Еркек жыныс мүшесінің үңгірлі денесінің тамыр кеңейткіш талшықтары қоздыратын нервтер,nn.erigentes атауын алады.
223. В.Н.Ж.Симпатикалық бөлімі. ОРталық, перифериялық органдары
Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі орталық және перифериялық бөлімнен тұрады. Орталық бөлігі С8-L2-3 –де 15-16 сегмент бойы сұр затттың бүйір бөлігінде орналасқан жұлынның тораколюмбалды бөлігінің латеральді аралық ядролары болып табылады. Бұл ядролардың ұсақ мультиполярлы нейрондарынан барлық преганглионды талшықтар басталады. Олар жұлыннан жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршектері арқылы шығады.
Перифериялық бөлімі құрамына кіреді:
1. С8-L2-3 жұлын сегменттерінің жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршіктері арқылы шығатын преганглионды симпатикалық талшықтар;
2. Паравертебралды түйіндерден және олардың байланыстарынан (симпатикалық бұтақ және нервтер)тұратын симпатикалық сабау;
3. Құрсақтық аорталы өрім, жоғарғы және төменгі мықындық өрім – олар, превертабралды түйіндер және олардың байланыстары, тамырлар бойымен орналасқан ұсақ түйіндер.
4. Паравертебралды түйіндерден соматикалық нерв құрамымен органдар мен ұлпаларға баратын симпатикалық талшықтар;
5. Симпатикалық органдық және тамырмаңылық өрімдер;
6. Симпаткалық нерв ұштары.
224.Симпатикалық бағананың мойын бөлімі, топографиясы, түйіндері, тармақтары, нервтендіру аймақтары.
Симпатикалық сабаудың мойын бөлімі үш түйінмен көрсетілген,олар өзара түйінаралық тармақтармен байланысады және мойын шандыр қабығының омыртқаалды табақшасының артында мойынның терең бұлшықеттерінде жатады.
Преганглинарлық талшықтар мойын түйіндеріне симпатикалық сабаудың кеуде бөлімінің түйінаралық тармақтарымен барады, олар жұлынның ҮІІІ мойын және 6-7 жоғары сегментттерінің латеральды аралық «сұр» заттегі вегетативтік ядроларының келеді.
Жоғарғы мойын түйіні
Жоғары мойын түйіні,симпатикалық сабаудың ең ірі түйіні.Ол ұршық пішінді, ұзындығы 2 см-дей қалыңдығы -0,5см.ЖМТ І-ІІ мойын омыртқаларының көлденең өсінділері алдында орналасады.Түйіннің алдында ұйқы артериясы,латералды кезбе нерв, артында бастың ұзын б.е жатады.ЖМТ құрамында постганглионарлық талшықтары бар келесі тармақтар ажырайды: 1)жоғарғы мойын түйінін үш жоғарғы мойын жұлын нервтерімен байланыстыратын сұр дәнекер тармақтар,rr.communicantes grisei;2)ішкі ұйқы нерві,n.caroticus internusn, түйіннің жоғарғы полюсінен аттас артерияға бағытталып,артерия жолында ішкі ұйқы өрімін,plexus caroticus, қалыптастырады. Plexus caroticus internus ішкі ұйқы артериямен бірге ұйқы өзегіне кіріп, бассүйек қуысына кіреді.Өрімнен ұйқы өзегінде ортаңғы құлақтың шырышты қабығына ұйқы-дабыл нервтері тармақталады.Ішкі ұйқы артериясы өзектен шыққан соң, ішкі ұйқы өрімнен терең тастық нерві,n.petrosus profundus,тармақталады.
Көз өрімінен кірпікті түйінге симпатикалық түбіршік,radix sympaticus, тармақталады.Бұл түбіршік талшыұтары қысқа кірпіктік түйін арқылы транзитпен өтіп,көз алмасына жетеді.Симпатикалық талшықтар көз тамырлары мен қарашық кеңейетін бұлшықетті нервтендіреді.Ішкі ұйқы өрімі бассүйек қуысында ішкі ұйқы артерия тармақтарының тамыр маңындағы өрімдеріне жалғасады;3)сыртқы ұйқы нерві,nn.caritici externi,2-3 сабауша түрінде сыртқы ұйқы артерияға бағытталып,оның жолында аттас симпатикалық өрімдер, plexus caroticus externus,түзеді.Сыртқы ұйқы өрімі аттас артерия тармақтарымен таралып,тамырлардың,бездердің,бас ағзаларының біріңғай-салалы элементтері мен тіндерінің симпатикалық иннервациясын іске асырады.Жалпы ұйқы өріміне,plexus cariticus communis,жалпы ұйқы артерия тұсында орналасқан ішкі және сыртқы ұйқы өрімдері бірігеді;4) мойындырық нерві,n.jugularis, ішкі мойындырық вена қабырғасымен мойындырық тесікке көтеріліп,кезбе нервтің жоғарғы және төменгі түйіндеріне, тіл-жұтқыншақ нервтің төменгі түйініне және тіл асты нервке баратын тармақтарға бөлінеді.Соның арқасында симпатикалық талшықтар ІХ,Х,ХІІ жұп ми нервтері тармақтарының құрамында таралады;5)көмей-жұтқыншақ өрімдері,rr.larungopharyngei, көмей-жұтқыншақ өрімнің түзілуіне қатысып,жұтқыншақ және көмейдің шырышты қабығы мен тамырларын нервтендіреді.6)жүректің мойындық жоғарғы нерві, n.cardiacus cervicalis superior,мойын шандыр қабығының омыртқаалды табақшасының алдымен симпатикалық сабауға параллель төмен түседі.
Ортаңғы мойын түйіні.
Ортаңғы мойын түйіні,ganglion cervical medium,сопақ пішінді,жоғарғы түйіннен кішірек,Ү-ҮІ мойын омыртқалары көлденең өсінділері деңгейінде,m.longus colli алдында, төменгі қалқанша артерияның алдында жатады.Кейде оның орналасқан жерінде бірнеше қосымша түйіншелер,ganglia accessoria, болуы мүмкін.
Ортаңғы мойын түйіндері тармақтары:
1.Дәнекер тармақ, rami communicantes,IV-Viмойын жұлын нервтерімен қосатын;олар түйіннің латералді-артқы бетінен басталады.
2.Көкеттік нервпен қосатын қосатын дәнекер тармақтар.
3.Ұйқы нервтері,екі-үш өте жіңішке сабаушалар, жалпы ұйқы және төменгі қалқанша артериялар қабырғасына бағытталып,осы артерияларды қоршайтын жалпы ұйқы және төменгі қалқанша өрімдеріне кіреді.
4.Төменгі қалқанша өрімі,оның сабаушалары төменгі қалұанша артериясымен қосарлана жүріп, оның тармақтарымен қалқанша және қалұаншамаңы бездері паренхимасына кіреді.
5.Ортаңғы мойын жүректік нерв,n.cardiacus cervicalis medius, бірнеше тармақтарымен кейде ортаңғы мойын түйінінен, кейде тікелей симпатикалық сабаудан басталып,жоғарғы жүректік нервпен симпатикалық сабау арасымен алғашында жалпы ұйқы артерия артымен, кейін оның латералді жиегімен және бұғанаасты артерияның алдымен немесе артымен жүріп, кеуде торы қуысына кіреді, яғни оң иық-бас сабауының бөлінген жерінде, сол-сол жалпы ұйқы артерияның латералді жиегінде артерия мен бұғанаасты артерия арасында жатады.
Кеуде торы қуысында екі ортаңғы жүректік нервтер жалпы жүректік өрімнің түзілуіне қатысады.
6.Қалқаншалық тармақ,rami thereoideu,ортаңғы жүректік нервтен тармақталатын жіңішке сабаушалар.Олар қалқанша без денесіне және қалқаншамаңындағы бездерге тармақтар береді.
Аралық мойын түйіні.
Аралық мойын түйіні,ganglion cervical intermedium,(тұрақсыз), ортаңғы мойын түйіні астында,ҮІІ мойын омыртқаның көлденең өсінділері деңгейінде,артында көлденең өсінділер өзегінен тысқары орналасқан омыртқалық артерия бөлігі,алдынан омыртқалық вена жатады.
Аралық мойын түйінның тармақтары:
1)ҮІІ мойын жұлын нервке дәнекер тармақтар,rami communicantas.
2)Омыртқалық нерв,n.vertebralis, омыртқалық артерия қоршайтын екі жіңішке сабаушалар.
Төменгі мойын түйіні.
Төменгі мойын түйіні, ganglion cervical iferius,жоғарғы түйіннен кіші, бірақ ортаңғы мен аралық түйіндерден үлкен,дұрыс емес төрбұрыш пішінді, бұғанаасты артерияның артында,ҮІІ мойын омыртқаның көлденең өсіндісі деңгейінде жатады. Төменгі мойын түйіні жиі бірінші кеуде симпатикалық түйінге немесе сонымен тұтасып жататын,мойын –кеуде түйіні,ganglion cervicothoracicum,немесе жұлдызша түйіні ganglion stellatum атауын алады.
Төменгі мойын түйінінің тармақтары:
1.ҮІ-ҮІІІ мойын жұлын нервтеріне дәнекер тармақтар,rami communicantes.Бұл тармақтар ортаңғы мойын,жоғарғы кеуде симпатикалық түйіндердің тармақтары сияқты постганглионарлық талшықтар,олар иық өрімінің перифериялық нервтерінің құрамына кіріп, қолда тармақталып, тамырлар қабырғасын,тері бездерін және шаш бұлшықеттерін нервтендіреді.
2.Көкеттік нервпен дәнекер тармақтар,rami communicantes cum n.phrenica.
3.Кезбе нервпен дәнекер тармақтар,rami communicantes cum.n vago,олардың бір бөлігі қайырылма нервке бағытталады.
4.Бұғанаасты артерияның өріміне,plexus subclavius,бұғанаасты артериямен қосарлана жүретін сабаушылар.Бұл өрімге тармақтар бірінші кеуде симпатикалық түйіннен тармақталуы мүмкін.
5.Төменгі қалқаншалық өрімге, plexus thereodeus inferior,төменгі қалқанша артериямен қосарлана жүретін сабаушалар және оның тармақтарымен бірге қалқанша және қалқаншамаңындағы бездерге жетеді.
6. Омыртқалық өрімге,plexus vertebralis,омыртқалық артериямен бірге жүріп,оның тармақтарымен ми қабықатырна жетеді.
7.Сұт бездерінің ішкі өріміне,plexus mammarius internus, ішкі кеуде артериясымен қосарлана жүреді.
8.Төменгі мойын жүректік нерв,n.cardiacus cervicalis inferior,симпатикалық сабаудың төменгі мойын және бірінші кеуде тұйіндерінен бірінші тармақтарымен тармақталып, бұғанаасты артерияның артында орналасады, оның иық-бас сабауының артымен, ал солдан қолқаның артымен жылпы жүректік өрімге бағытталады.
225.Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігінің тармақтары.
Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігі, pars thoracica trunci symphathici,I, XII кеуде омыртқалары деңгейінде омыртқа бағананың жан-жағындажатады.Симпатикалық сабау қабырғалардың артқы шетінің алдында орналасып, қабырғааралық тамырларды алдынан кесіп өтіп, кеуде ішкі шандырының табағы мен қабырғалық өкпеқаппен ғана жабылған.
Оң симпатикалық сабаудан медиалды сыңар вена,ал сол сабаудан медиалді жартылай-сыңар вена өтеді.
Симпатикалық сабауға жолы бойында 10-12 кішкене жалпайған дұрыс емес үшбұрыш пішінді симпатикалық сабаудың кеуде түйіндері, ganglia thoracica trunci symphatici, кіреді, олардың жоғарғылары төменгілерден ірілеу; сол жақтағы жоғарғылардың ең ірісі бірінші кеуде түйіні.
Симпатикалық түйіндер өзара түйінаралық тармақтармен,rami interganglionares,байланысады,олардың ұзындығы мен қалыңдығы әртүрлі 1-3 будадан тұрады. Әрбір түйіннің латералді жиегіне жұлын невртеріне, яғни қабырғааралық нервтерге дәнекер т армақтар, rami communicantes,кіреді.Ал медиальді жағынан ағзалар мен өрімдерге тармақтар таралады.
Бірінші кеуде түйіні,ganglion thoracicum primum, бірінші қабырға басы деңгейінде бұғанаасты артерияның артында орналасады. Оның пішіні кейде жұлдызша тәрізді, кейде дұрыс емес ұшбұрыш тәрізді; жиі төменгі мойын түйінімен қосылып, мойын-кеуде түйінін, ganglion cervico-thoracicum,түзеді немесе екінші кеуде симпатикалық түйінімен қосылады.
Симпатикалық сабаудың кеуде бөлігінің тармақтары:
1.Дәнекер тармақтар, rami communicantes, симпатикалық сабаудың әрбір түйінінің латералді жиегінен тармақталып, сәйкес қабырғааралық нервтерге бағытталады; олар екеу немесе одан көп тармақ мөлшерінде берілген түйін деңгейінде жататын қабырғааралық нервке және жоғарғы және төмен жатқан нервке қосылады.
2.КЕуделік-жүректік нервтер,nervi cardiaci –thoracici,негізінен бірінші кеуде түйінінен тармақталады, жүрек жолында төменгі мойын немесе жұлдызша түйінінің төменгі жүректік нервімен кеуделік-жүректік нервтер,сонымен қатар, кезбе нервтің жүректік тармқтарының арасында дәнекер тармақтар бар.
3.Кезбе нерв пен дәнекер тармақтар.
4.Қайырылма нерв пен дәнекер тармақтар.
5.Жоғарғы 5-6 түйінінің медиалді жиегінен тармақталатын жіңішке тармақтар, кеуде қусында орналасатын ішкі ағзалар мен тармырларды нервтендіреді.
Бірнеше қатар тармақтар, медиалді бағытталып, қабырғааралық тармырлар,сыңар вена және жартылай сыңар вена,сонымен бірге кеуде түтігі қабырғасына жетеді.Қалған тармақ кеуделік-қолқалық өрім,plexus aorticus-thoracicus,құрамына кіреді, ол өзінің бастапқы бөлімінде жалпы жүректік өріммен, төменнен – құрсақтық өріммен ж\е оның туындыларымен байл.оның кейбір тармақтар қатары ішкі ағзалар өрімдеріне: өңештік тармақтар,rami esophagei,өңештік өрімге,plexus esophageus, өкпклік және бронхтық тармақтар, rami bronhialis et pulmonales – өкпелік және бронхтыөқ өрімге,plexus bronhialis et pulmonales,кіреді.
6.Ішкі ағзалық нерв,n.splanchnicus major,Ү-ІХ кеуде түйіндерінің алдыңғы медиалді бетінен 3-5 тармақтарымен басталады.Нервті құрайтын барлық тармақтары омыртқа денесінің бүйір бетінде орналасып, 9-10 омыртқалар деңгейінде бір сабауға бірігеді.Ол көкеттің бел бөлінһгіне төмен ж\е медиалді бағытталады.Кейін көкеттің ортаңғы ж\е медиалді аяқшаларының арасымен (оңнан сыңар венамен,солдан жартылай сыңар венамен бірге) жүріп, құрсақ қуысына кіреді, қысқа сабау түрінде құрсақтық өрім, plexus cealiacus,құрамына кіреді.Одан нерв жолымен кеуделік қолқалық өрімге, кіші ағзалық өрімдер түзетін тармақтарға ж\е көкірекаралық өкпеқапқа баратын сабаушалар тармақталады.Ішкі ағзалық нервке дара сабауішілік нерв жасушалары кіріп, кішірек ағзалық түйін,ganglion splanchnicum,түзеді.
7.Кіші ағзалық нерв, n. splanchnicus minor,10-11 кеуде түйіндерінен 2-3 тармақпен басталып, үлкен ағзалық нерв бағытымен жүреді ж\е онымен бірге көкет арқылы құрсақ қуысына кіріп, бірнеше қатар тармақтарға бөлінеді, тармақтарының кішкене бөлігі құрсақтық өрімі құрамына, үлкен бөлігі – бүйрек өрімі құрамына кіреді.
8.Ең төменгі ағзалық нерв, n. splanchnicus minimus,12 кеуде түйінінен басталатын тұрақсыз тармақ, кіші ағзалық нерв жолымен жүріп, бүйрек өрімі құрамын кіреді.
Барлық 3 ағзалық нервтер құрсақ қуысы ағзаларын- асқазанды, бауырды, ұйқыбезді, ішектерді,көкбауырды ж\е бүйректі,сонымен қатар кеуде қуысы мен іштің қан және лимфа тамырларын нервтендіруге қатысатын өрімдер құрамына кіреді
226. құрсақ және жамбас бөлімдерінің симпатикалық өрімдері
Құрсақтық өрім
Құрсақтық өрім,plexus coeliacus,құрамында превертебоһралды құрсақтық түйін, gangl. Coeliacum, немесе жартылай ай тәрізді түйіндер, gangl. Semiulnaria, бар вегетативті өрімдер ең ірі өрімі.
Құрсақтық өрімге келесі тармақтарын береді:
1) Үлкен ағзалық нерв,n.splanchnicus major,
2) Кіші аағзалық нерв, n.splanchnicus minor
3) Кезбе нерв, n.vagus, құрсақтық тармақтарын, r. Coeliaca
4) Симпатикалықсабаудың (оң және сол) бел түйіндері,, gangl. Lumbalia trunci sympatici
5) Кеуде қолқа өрімі, plexus aorticus thoracicus
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 5767 | Нарушение авторских прав
|