ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 2 страница
62.Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы, ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты.
Бүйрек РЕН грекше НЕФРОЗ жұп экскреторлық мүше. Бүйректің сыртқы пішіні бұршақтәрізді, құрамы тығыз. Ересек адамдардабүйрек көлемі: бүйректің ұзындығы 10-12 см көлденең ені 5-6 см қалыңдығы 3-4 см Орташа салмағы 120 гТүсі қою-қызыл
Бүйрек топографиясы: Бүйрек іші куысының артқы қабырғасында, омыртқа бағанасының бүйір қапталында ХІІ кеуде омыртқа мен жағарғы екі бел омыртқалардың аралығында, ішастардың артқы қапталында, бүйректік қалтада орналасқан. Оң бүйрек бауырдың оң үлесімен жақын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см төмен орналасқан. Проксимальды ұшы ЕКСТРЕМИТАС СУПЕРИОР ХІ қабырғаның тұсында, дистальді ұшының ЕКСТРЕМИТАС ИНФЕРИОР орналасуы тұрақсыз., жалпымықын сүйегінің қырынан 3-5 см жоғары орналасқан.
Бүйректің қабықтары:
----Бүйректің сыртқы беті фиброзды қабықпен КАПСУЛЯ ФИБРОЗА жабылған. Қабықбүйрек паренхимасынан жеңіл сылынып алынады.. Құрылысы: дәнекер тінді талшықтардан және біріңғай салалы бұлшақеттерден құралған.
----- Майлы қабық КАПСУЛА АДИПОСА бүйректің фиброзды қабығының сыртында орналасқан. Майлы қабық бүректің артқы бетінде жақсы дамыған, ол бүйрек майын КОРПУС АДИПОСУМ түзеді. Майлы қабығы қалыңдығының күрт азаюынан бүйрек қазғалмалы келеді.
-----Бүйрек шандыры ФАСЦИА РЕНАЛИС екі бүйрекке ортақ, ол майлы қабықтың сыртқы бетін жауып бүйрекалды және бүйрекарты екі табақшадан тұрады. Бүйрек шандырының бүйрекалды табағы алдынан сол бүйректі, бүйрек тамырларын, құрсақтық қолқаны, төменгі қуыс венаны жауып, омыртқаның алдынан өтіп, оң бүйрекке жалғасады. Бүйрек шандырының бүйрекартытабағы оң және сол жақтарынан омыртқа жотасының бүйір бөлігіне бекиді. Бұл екі табақшаның төменгі ұштары өзара байланыспайды. Бүйрек шандыры талшықты дәнекер тінді жіпшелер арқылы бүйректің фиброзды қабығымен байланысады.
Бүйрек шандырының бүйрекалды табағының алдында париеталды ішастар орналасқан. Бүйрек ішастармен экстраперитоеалды жабылған.
Бүйректің фиксациялық аппараты
Бүйректің қалыпты жағдайда бір деңгейде орналасуы келесі факторларға тікелей байланысты:
----Бүйрек орнына, белдің үлкен бұлшықеті, М:ПСОАС МАЙОР мен белдің шаршы бұлшықетінен М:ГУАДРАТУС ЛЮМБОРУМ түзілген
----Іш қуысы, көкет және шаттың бұлшықеттің жиырылуы нәтижесінде пайда болатын құрсақтық қысымға.
----- Бүйрек аяғына: бүйрек қантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары, бүйрек түбегі немесе несепағар
----Бүйрек қабықтары әсіресе бүйрек шандырына
----- ішкімүшелермен тығыз жанасып орналасуына
-----ішастар байламдарына
Бүйректің фиксациялықаппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2-5см ауытқуы байқалады.
63 Бүйректің микроструктурасы. Бүйректің құрылымдық функционалдық бірлігі.
Бүйректің сегменттік құрылысы және қантамырларерекшеліктеріне байланысты бүйрек затын 5 сегментке бөлуге болады. Сегменттері: Жоғарғы сегмент СЕГМЕНТУМСУПЕРИУС Жағарғы алдыңғы СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУССУПЕРИУС Төменгі алдыңғы сегмент СЕГМЕНТУМ АНТЕРИУС ИНФЕРИУС және артқы сегмент СЕГМЕНТУМ ПОСТЕРИУС ажыратылады.
Әрбір сегмент2-3 бүйрек үлестерін ЛОБУС РЕНАЛИС қосады. Құрамына:бүйрек бағанларында орналасқан үлесаралық артериялар мен веналармен шектелген бүйрек пирамидасы және оған тұспалас орналасқан қыртыс заты кіреді. Қыртыс заттың әрбір бүйрек үлесіне 600гн жуық қыртыс үлесшелері ЛОУЬУЛЮС КОРТИКАЛИС кіреді.
Қыртыс үлесшелерінің құрамына: Бүктелген бөлік ПРАС КОНВОЛЮТА оның аралығында орналасқан тармақталған бөлік, ПРАС РАДИАТА кіреді. Және көршілес үлесшелерімен үлесаралық артериялар мен веналар арқылы шектелген.
Бүйректің құрылымдық- қызметтік бірлігі нефрон НЕФРОН Нефрон мальпиги денешігінен КОРПУСКУЛЮМ РЕНАЛЕ және бүйрек өзекшелерінен тұрады.
Нефрон құрылысы:
Мальпиги денешігі Корпускулюм РЕНАЛЕ шумақтан ГЛОМЕРУЛУС және оны қоршаған Қос қабырғалыбокалтәрізді Шумлянский- Боумен атты шумақ қапшықтан КАПСУЛА ГЛОМЕРУЛИ тұрады. Шумақ қапшығының қуысы нефрон өзекшесінің проксимальді бөлігіне ПРАС ПРОКСИМАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ немесе иреленген проксимальді өзекшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОНТОРТУС жалғасады. Бұл өзекше одан әрі бүйректің милы затының немесе пирамиданың терең қабатына қарай өтіп, нефрон (Генле ілмегі) ілмегіне жалғасады.
ГЕНЛЕілмегі АНСА НЕФРОНИ Нефрон өзекшенің дистальді бөлігіне ПРАС ДИСТАЛИС ТУБУЛИ НЕФРОНИ жалғасып жинаушы түтікшеге ТУБУЛУС РЕНАЛИС КОЛЛИГЕНС ашылады.
64.Бүйректің юкстагломерулярлық аппараты туралы түсінік.
Нефрон барлық деңгейде келетін және жанасатын қантамырлармен қоршалған.Нефронның 80% бөлігі бүйректің қыртыс заты қалыңдығында НЕФРОНУМКОРТИКАЛЕ орналасқан. Қалған нефрондардың шумағы милы затқа жатады, ал ілмек төмендеген және жағарылаған бөліктермен милы затқа орналасады. Бүйректің милы затында орналасқан нефрондар «юкстамедулярлы» нефрондар, НЕФРОНУМЮКСТАМЕДУЛЯР деп аталады.
65.Бүйректің қызметтері.Бүйректің форникалдық аппараты.
Үлкен және кіші бүйрек тостағаншалары мен бүйрек түбегінің құрылысы біртекті. Олардың қабырғаларының құрылысы:Шырышты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттардан тұрады. Кіші тостағанша қабырғасында, оның күмбезі тұсында біріңғай салалы бұлшықет талшықтары сақинатәрізді қабат күмбез қасыңқысын түзеді. Кіші тостағанша қабырғаларының бұл бөлігіне нерв талшықтары мен қан және лимфа тамырлары жақын жатады. Осы құрылымдар бүйректің форникалық аппаратының құрамына кіреді.
Бүйректің форникалық аппаратының маңызы: юүйрек паренхимасынан кіші тостағаншаларға несептің шағарылуы және кіші тастағаншалардан несептің кері өтпеуіне кедергі жасауы.
Форникалық аппарат жұмысының принципі сауу аппартаының механизміне ұқсас, несеп өз-бетімен ақпайды, ол бүртіктен кіші тастағаншаларға белсенді сауылады. Форникалық аппарат жұмыс механизміне төрт бұлшықет қатысады, олар жиырылу қабілетімен иемденеді.
Бүйрек тастағаншаларының қабырғасында, күмбезден жағары М.ЛЕВАТОРФОРНИКИС оның айналасында М.СФИНСТЕР ФОРНИКИС кіші тостағанша тұсында жан-жағында М. СПИРАЛИС КАЛИЦИС орналасқан.
Тостағаншаларда несептің жиналуы және олардан шығарылуы екі кезекпен жүреді:
1 Систола, жиырылу 20 сек тен 45 сек дейін
2 Диастола, босаңсу 10-15 сек
М ЛЕВАТОР ФОРНИКИС пен М.ЛОНГИТУДИНАЛИС КАЛИЦИС тостағанша қуысын кеңейтіп, несеп жиналуына жағдай тудырып, ал М. СФИНСТЕР ФОРНИЦИСпен СПИРАЛИС КАЛИЦИС тостағаншаны тарылтып, оны босатады.
66. Бүйректің қанмен қамтамасыз етілу ерекшеліктері. Зәрдің түзілу кезеңдері және шығарылу жолдары.
Бүйректің қантамыр арнасы арқылы, вена және капиллярлармен көресетілген,олар арқылы тәулігіне 1500-1800 қан ағады. Бүйрек қақпсаы ХУЛУС РЕНАЛИС арқылы кірген бүйрек артериясы А. РЕНАЛИС алдыңғы және артқы тармақтарға бөлінеді. Бүйрек қойнауында алдыңғы және артқы тармақтар бүйрек түбекгің алдынан және артынан жүріп сегментарлықартерияларға бөлінеді. Алдыңғы тармақтан4сегментарлық артерия: Жоғарғы сегментке А.СЕГМЕНТИ СУПЕРИОРИС, жоғарғы аодыңғы А. СЕГМЕНТИ АНТЕРИОРИС СУПЕРИОРИС, төменгі алдыңғыА. СЕГМЕНТИАНТЕРИОРИС ИНФЕРИОРИС және төменгі А. СЕГМЕНТИ ИНФЕРИОРИС тармақталады.
-----Бүйрек артериясының артқы тармағы мүшенің артқы тармағы мүшенің артқы сегментіне А. СЕГМЕНТИ ПОСТЕРИОРИС атауымен жалғасады.Сегментарлық артериялар үлесаралық артерияларға АА.ИНТЕРЛОБАРИС тармақталады. Олардың әкелуші шумақ артериоласы АРТЕРИОЛА ГЛОМЕРУЛАРИС АФФЕРЕНС басталып, капиллярларға жалғасады. Капиллярлардан шумақ ГЛОМЕРУЛУС қалыптасады. Шумақтан әкетуші шумақ артериоласы, АРТЕРИОЛА ГЛМЕРУЛЯРИС ЕФФЕРЕНС басталады., оның диаметрі әкелуші тамырға қарағанда кіші Шумақтан шыққан әкетуші тамыр бүйрек өзекшелерін шырмап, бүйректің милы және қартыс заттарында капилляр торын түзетін капиллярларға тарайды.
-----Бүйректің милы затына доғалық, үлесаралық және кейбір әкетуші шумақ артериоласынан пирамидаларды қанмен қамтамасыз ететін артериоларлар АРТЕРИОЛАРЕКТИ тармақталады.
------Бүйректің қыртыс затаының капилляр торынан венулалар қалыптасып ВВ.ИНТЕРЛОБУЛЯРЕС, түзіледі олар доғалық веналарға ВВ. АРКУТАЕ құяды. Бүйректің қыртыс затының беткей қабаты мен фиброзды қабығында жұлдызша венулалар ВЕНУЛАСТЕЛЛЕТЭ қалыптасып доғалық веналарға ашылады. Олар үлесаралық веналарға ВВ.ИНТЕРЛОБУЛЯРИС бүйрек қойнауына кіріп, өзара бірігіп, бүйрек венасын түзеді. Бүйрек венасы В.РЕНАЛИС бүйрек қақпасынан шығып, төменгі қуыс венаға ашылады.
Бүйректің лимфа тамырлары қан тамырлармен бірге жүріп, бүйрек қақпасынан шағады. Лимфа тамырлары бел лимфа түйіндеріне НОДИ ЛИМФ. ЛЮМБАЛЕС құяды.
Адам зәрінің шамамен 96%-ы су, 1,5%-ы бейағзалық заттар. Зәрде хлорлы натрий мөлшері көбірек, сульфаттар, фосфаттар, калий, кальций, магний карбонаттары аз мөлшерін құрайды. Зәрдің құрамында 2,5% ағзалық заттар болады. Әсіресе несепнәр (мочевина), зәр қышқылы көбірек кездеседі. Несепнәр бауырда аммиактан түзіледі. Ересек адам тәулігіне шамамен 1,2 -1,6 л зәр бөледі. Көптеген ауруларды анықтау үшін зәрді талдауға алып зерттейді. Зәрдің сарғыш түсті болуы оның құрамындағы урохром пигментіне байланысты. Урохром гемоглобиннің ыдырауынан, ішек пен бүйректе ет пигментінен түзіледі. Зәрдің құрамындағы азотты өнімдер несепнәрмен бірге шығарылады.
Зәрдің түзілуі
Бүйректен тәулігіне 1700-1800 л астам қан ағып өтеді. Бүйректе зәрдің түзілуі, оның қанмен ерекше қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Бүйректе зәрдің түзілуі 2 кезеңнен тұрады: сүзілу (фильтрация), және қайта сіңірілу (реабсорбция). Латынша «абсорбция» - сүзілу, «ре» - косымша кері қайту деген ұғымдарды білдіреді.
Зәр түзілудің сүзілу кезеңінде бүйректің қыртысты затында орналаскан бүйрек денешігіндегі қылтамыр шумағындағы қаннан зәр бөлінеді. Мұны бірінші реттік зәр түзілу деп атайды. Бірінші рет түзілген зәрдің мөлшері өте көп болады. Бүйректен ағып өтетін әрбір 10 л қаннан 1 л бірінші реттік зәр түзіледі. Бірінші реттік зәрдің құрамы қан сарысуына ұқсас, бірақ онда нәруыздар болмайды. Бірінші рет түзілген зәрдің құрамындағы судың көп мөлшері қайтадан канға өтеді. Сонымен бірге ағзаға қажетті қант, аминқышкылдары, натрий, калий иондары, су және басқа заттар да қайтадан қанға сіңіріледі. Судың және басқа заттардың қайтадан қанға сіңірілуі нәтижесінде тәулігіне шамамен 1,5 л екінші реттік зәр түзіледі.
Бүйректе зәрдің сыртқа шығарылуы өсімді жүйке жүйесі арқылы (жұлынның сегізкөз бөліміндегі орталық) реттеледі. Сонымен бірге бүйректің кызметін реттеуге аралық мидан (гипоталамустан) түзіліп, гипофиздың артқы бөлімінен бөлінетін вазопрессин гормоны да қатысады. Зәрдің бөліну мөлшері әсер ететін заттарға (тағамға) және орта жағдайына да байланысты. Суық күндері суды көп ішіп, құрамында нәруызы көп тағамдарды пайдаланғанда зәр көп бөлінеді. Ауаның, температураның жоғарылауы, құрғақ тамақ зәр бөлінуін азайтады. Зәр несепағармен қуыққа толып, оданзәршығару өзегі (үрпі жолы) арқылы сыртқа шығарылады.
67. Несепқуық топографиясы,құрылысы,қызметі,ішастарға қатынасы.
Несепқуық, vesica urinaria seu cystis дара қуыс мүше,несептің жиналатын орны.Несепқуықтың пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгеріп тұрады.Ересек адамдарда несепқуықтың орташа сыйымдылығы 250-500мл-дей.Несепқуық кіші жамбас астау қабырғасына бекініп,тұспалас мүшелермен фиброзды жіп арқылы байланысып,симфиздің артында орналасқан.Несепқуықтың алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған,одан қасаға артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген.Ерлерде несепқуықтың артқы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік кеңжерімен (ампуласымен), ал түбі қуық асты безбен шектеседі.Әйелдерде несепқуықтың артқы беті жатыр мойының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен,ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шкетеседі.Әйелдер мен ерлерде несепқуықтың бүйір беттері артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген.Ерлерде несепқуықтың жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері,ал әйелдерде жатыр орналасқан.Несепқуық несеппен толғанда ішастар 3 жағынан,мезоперитонеалді,ал босаған кезде ретроперитонеалді жабылған.Ішастар несепқуықты жоғарыдан, бүйірінен және артынан жауып,ерлерде тік ішекке (тік ішекқуық ұңғылы),әйелдерде жатырға (қуықжатыр ұңғылы)өтеді.Қуық ұшын кіндікпен орталық кіндік байламы жалғайды.
Несепқуық қабырғалары:
-шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.
-шырышасты негізі,tela submucosa несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ.
-бұлшықетті қабығы,tunica muscularis біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық,ортаңғы өте жақсы дамыған дөңгелек (церкулярлық) қабат.
-қуықтың сырты бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы адвентиция.
Несепқуықтың қанмен қамтамасыз етілуі.
Несепқуықтың денесімен ұшын кіндік артерияның тармақтары мен жоғарғы қуық артериялары,aa.vesicales superiors, қуық түбімен бүйір қабыоғасын ішкі мықын артерияның тармақтары-төменгі қуық артериясы, a.vesicalis inferior, қанмен қамтамасыз етеді.
Несепқуық қабырғасынан веналық қан несепқуықтың веналық өріміне,plexus venosus vesicae urinariae және несепқуық веналары, vv.vesicales арқылы ішкі мықын венасы ағады.
68.Несепағар,құрылысы,бөлімдері,ішастарға қатынасы.Несепағардың тарылу жерлері,практикалық маңызы.
Несепағар,ureter-жұп мүше,бүйрек түбінің тарылған жерінен несепқуыққа дейінгі аралықта орналасқан.Несепағардың ұзындығы 30-35см,ені 4-8мм-дей,несепағар қуысының ені 3-4 мм.Несепағар ішастар артында ретроперитонеалді орналасқан.Несепағар топографиясының орналасуына байланысты 3 бөлікке бөлінеді:іштік,жамбас астау,қабырғаішкі.несепағардың ішкі бөлігі,pars abdominalis, белдің үлкен бқлшықетінің m.psoas major алдыңғы бетінде орналасқан.
Несепағардың іштік бөлігі.Оң несепағардың проксималді бөлігі 12 елі ішектің төмендеген бөлігінің pars desendens duodeni артында,сол несепағар 12 елі- аш ішек иілімінің, flexura duodenojejinalis артында орналасқан.Несепағардың алдынан аталық без артериясы мен венасы a. et v.testiculares және париеталді ішастар,peritoneum parietale орналасқан.Оң несепағар жамбас астау бөлігінде pars pelvina өтер жерінде жіңішке ішек шажырқайының түбірімен, ал сол- сигматәрізді жиек ішек шажырқайымен қилысады.
Несепағардың жамбас астау бөлігі оң ішкі мықын артериясы мен венасының a. et v. Iliacae internae алдынан,сол жалпы мықын артериясы мен венасының алдынан өтеді.Әйелдерде несепағардың жамбас астау бөлігі аналық бездің артынан, жатыр мойынның бүйір жағын орай өтіп,қынаптың алдыңғы қабырғасымен несепқуықтың аралығында орналасады.Ерлерде несепағардың жамбас астау бөлігі шәует шығаратынтүтіктің сыртында орналасып,оны қиып, шәует қуықшасының жоғаргы жиегімен кішкене төмен,несепқуыққа ашылыды.
Несепағардың қабырғалары 3 қабықтан тұрады.
-ішкі шырышты қабығы, tunica mucosa шырышты бездерге өте бай,бойлық қатпарларды құрайды.
-ортаңғы бұлшықетті қабығы,tunica muscularis жоғарғы бөлігі 2 қабаттан-сыртқы бойлық,ішкі церкулярлық,ал төменгі бөлігінің бұлшықеттік қабығы 3 қабаттан –сыртқы және ішкі бойлық,ортаңғы циркулярлықтан тұрады.
-сыртқы дәнекер тінді,адвентициалді қабықтан,tunica adventitia тұрады.
Несепағардың қанмен қамтамасыз етілуі:несепағардың жоғарғы бөлігі бүйрек,аталық без немесе аналық без артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы;ортаңғы бөлігі құрсақтың қолқа, жалпы және ішкі мықын артерияларынан тармақталатын несепағар тармаұтары, арқылы;төменгі бөлігі ортаңғы және төменгі тік ішек артерияларынан тармақталатын несепағар тармақтары, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.
Несепағар веналары аталық без немесе аналық без веналары,кейін ішкі мықын веналарына ашылады.
Несепағардың лимфа тамырлары бел және ішкі мықын лимфа түйіндеріне құйылады.
Несепағардың жоғарғы бөлігінің парасимпатикалық невтенуі кезбе нервпен, ал төменгі бөлігі- жамбас астау ішкі нервтерімен жүреді.
Несепағардың 3 тарылуы:
1.бүйрек түбінен несепағардың басталған жерінде.
2.несепағардың іштік бөлігінің жамбас астау бөләгәне өткен жерінде.
3.несепағардың несепқуыққа ашылған жерінде.
69.Несеп жібергіш өзек,оның жыныстық ерекшеліктері.Ерлердің несеп жібергіш өзегінің құрылысы,бөлімдері,қызметі.
Несеп жібергіш өзек (urethra) жұмсақ эластикалық түтік,ұзындығы әйелдерде 3-5см,еркектерде 20-22 см болады.Еркектердің несеп жібергіш өзегі (urethra masculina)қуықтың ішкі тесігінен (ostium urethrae internum) басталып және жыныс мүшесі басының түбінде сыртқы тесікпен (ostium urethrae externum) аяқталады.Оның простаталық (pars prostata),жарғақты (pars membranacae),және кеуекті (pars spogiosa) бөлімдерін ажыратады.Ұзындығы 1-1,5 см простаталық бөлім қуық мойнынан тік жоға рғы қуықастына өтеді.Қуықасты бөлігінің ұзындығы 3-4 см, қуықасты безінің ішінен өтеді.Оның артқы қабырғасында ұзартылған ұлғаю- несеп шығаратын өзектің қыры (crista urethralis) бар.Бұл бөлігі ұрық төмпесі немесе төмпешікті (colliculus seminalis)құрайды.Ұзындығы 1,5 см еркек несеп жіберетін өзектің жарғақты бөлігіұшына ұрық безінің буылтығына дейін жетеді.Ол несеп -жаныс көкетінен өтерде несеп жіберу өзегінің сфинктерін жасайтын (m.sphincter)концентрленген буылған бұлшықет тінінен өтеді. Еркек несеп жібергіш өзегінің ең ұзын бөлігі аталық жыныс мүшесінің кеуекті бөлігі.Ұзындығы 15 см,2 кеңкюі болады: аталық жыныс мүше інің буылтығында және оның басында.Еркек несеп жібергіш өзегі өз жолында S-тәрізді иіліп,3-тарылулары кездеседі:
1.еркек несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі аймағында.2.несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде.3.еркек несеп шығаратын өзектің сыртқы тесік аймағында.Еркек несеп шығаратын өзектің кеңкю жерлері:1.қуық асты безі бөлігінде.2.жыныс мүшесінің буылтығында.3.соңғы бөлімінде құйрық тәрізді шұңқырда,fossa navicularis urethrae.Әйел несепжіберуші өзегі еркектікіне қарағанда кеңдеу және 2,5-3,5 см болатын,диаметрі 7-10 мм тік түтікті құрайды.Әйел несепжіберетін өзегі қасаға симфизі астында орналасып несеп-жыныс көкетінен өтетіндіктен артқы жағынан кішкене қысыңқы болып келеді.Оның артқы қабырғасы қынаптың алдыңғы қабырғасына жалғасқан.Несеп жіберетін өзектің қабырғалары кілегейлі,бұлшықетті дәнекер тін қабықтарынан тұрады.
70.Аталық без, аталық без қосалқысы: құрылысы және қызметі.
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 3318 | Нарушение авторских прав
|