АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология
|
ІІІ Дауыс байламын керетін б.еттер 4 страница
91)Жүрек камераларынын құрылысы.Жүректің клапан аппараты.Құлақшалар құрылысымен қызметі.
Адам жүрегінің пішіні конусқа ұқсас, оның оң жақ жалпақтау келген бөлігі – негізі, ал сол жақтағы сүйір бөлігі ұшы деп аталады. Жүректің ұшы сол жақтағы 5-жұп қабырғаның шеміршекті шетіне сәйкес келеді. Жүрек циклі. Клапанды аппараттың мәні. Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы. Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан. Перикард (жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады. Жүректе екі қақпақша (клапан) бар: атривентрикулярлы және айшық. Атривентрикулярлы клапандар жүрекшелер мен сәйкес қарыншалар аралығында орналасады. Жартылай айшық клапандар аортаны сол жақ қарыншадан, ал өкпе өзегін (ствол) оң қарыншадан бөліп тұрады. Жүрек қызметінің екі фазасын бөліп көрсетуге болады: систола (жиырылу) және диастола (босаңсу). Жүрек циклінің әртүрлі фазасының ұзақтығы жүректің жиырылу жиілігіне байланысты. Жүректің жиі жиырылуы кезінде әр фазаның қызметі төмендейді, әсіресе диастоланың. Жүрекшелердің диастоласы кезінде атривентрикулярлы клапандар ашық және сәйкес тамырлардан келетін қан олардың қуыстарын ғана толтырып қоймай, қарыншаларды да толтырады. Жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншалар толығымен қанмен толады. Осы кезде қанның қуыс және өкпе көктамырларына кері ағысы болмайды. Қарыншалар систоласының аяғында олардағы қысым аорта мен өкпе өзегіндегі қысымдардан үлкен болады. Бұл айшықты клапандардың ашылуына себепші болады, ал қан қарыншалардан сәйкес тамырларға ағады. Қарыншалар диастоласы кезінде олардағы қысым кенет төмендеп, ол қанның қарыншаларға қарай кері ағуына жағдай жасайды. Сөйтіп жүрек клапандарының ашылып- жабылуы жүрек қуысындағы қысымдардың өзгеруімен байланысты. Жүрек бұлшықеті қозғыштыққа, қозуды өткізуге, жиырылуға қабілетті. Қозғыштық. Жүрек бұлшықетінің қаңқа бұлшықетіне қарағанда қозғыштығы төмен. Жүрек бұлшықетінде қозудың пайда болуы үшін қаңқа бұлшықетімен салыстырғанда күшті тітіркендіргішті қолдану қажет. Жүрек бұлшықетінің реакциясының шамасы берілетін тітіркендіру күшіне (электрлік, механикалық, химиялық және т.б.) байланысты болмайтындығы анықталған. Жүрек бұлшықеті шекті (табалдырықты) және шамасы үлкен тітіркендіруде де максимал жиырылады. Өткізгіштік. Қозу толқыны жүрек бұлшықетінің талшықтары және жүректің арнайы тіні арқылы әртүрлі жылдамдықпен тарайды. Қозу жүрекшелер бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—1,0 м/с жылдамдықпен, қарыншалар бұлшықеттерінің талшықтарымен 0,8—0,9 м/с жылдамдықпен, ал жүректің арнайы тіні арқылы 2,0—4,2 м/с жылдамдықпен таралады. Жиырылғыштық. Жүрек бұлшықетінің жиырылуының өзіндік ерекшелігі бар. Алдымен жүрекшелер бұлшықеттері жиырылады, содан соң – папиллярлық бұлшықеттер мен қарыншалар бұлшықетінің қабаты жиырылады. Ары қарай жиырылу қарыншалардың ішкі қабатын қамтиды, ол қарыншалар қуыстарынан қанның аорта мен өкпе өзегіне ағуын қаматамасыз етеді. Жүрек бұлшықетінің физиологиялық ерекшелігі – созыңқы рефрактерлі периоды мен автоматиясы болып табылады. Жүректің құрылысы оның атқаратын қызметіне сай келеді. Ол тұтас арқылы екі — сол жақ және оң жақ бөлікке бөлінген. Ал жүректің әр бөлігі бір-бірімен жалғасқан екі бөлімнен: жоғарғы — құлақшадан және төменгі — қарыншадан тұрады. Сонымен, адамның жүрегі бүкіл сүтқоректі жануарлардікі сияқты төрт камералы: ол екі құлақшадан және екі қарыншадан тұрады.Қарыншаға қарағанда құлақшаның қабырғасы әлдеқайда жұқа. Бұл құлақша жұмысының оншалықты көп болмауына байланысты. Ол жиырылған кезде қан қарыншаларға өтеді. Қарынша бүкіл тамырларды бойлай қан айдап, көп жұмыс атқарады. Көп жұмыс істейтіндіктен, сол жақ қарыншаның бұлшық еті оң жақ қарыншаның қабырғасынан қалың болады. Әрбір құлақша мен қарыншаның шекарасында жақтаулы қақпақшалар болады, олар сіңір талшықтары арқылы жүректің қабырғасына бекінеді. Бұл жақтаулы қақпақшалар.Құлақша жиырылғанда қақпақшаныыңы жақтаулары қарыншаның ішіне қарай салбырап, босап қалады. Сондықтан қан құлақшадан қарыншаға еркін өтеді. Қарынша жиырылғанда қақпақшаның жақтаулары тығыз жабылып, құлақшаның кіре беріс жолын бітейді, сондықтан қан тек бір бағытта — құлақшадан қарыншаға қарай ағады, одан қан тамырларына барады.
92)Жүрекке кіретін ж/е жүректен шығатын ірі тамырлар.ҚАШАртериялар.Организде веналық қан веналар арқылы оң жүрекшеге atrium cordis dexter,одан оң жүрекше-қарынша тесігі арқылы оң қарыншаға,ventricylus cordis dexter,құйылады.Кейін оң қарыншадан қан өкпе сабауына, truncus pulmonales, одан өкпе артериялары aa pulmonales,арқылы оң жане сол өкпеге барады.Өкпеде өкпе артериялары қсақ тамырларға,капиллярларға, vasa capiilaria тармақталады.Өкпеде веналақ қан оттегіне қанығып,артериялық қан 4 өкпе венасы, vv pulmonales, арқылы сол жүрекшеге,atrium cordis sinistrum, одан сол жүрекше –қарынша тесігі арқылы сол қарыгшаға,ventriculuc cordis sinistrum барады.
Жүректің сол қарыншасынан қан ең ірі артериялық тамыр қолқаға- aorta,жане оның тармақтары организмнің тіндерінде капиллярларға тармақталып, дененің барлық ағзаларына тармақталады.Тіндерге оттегін беріп,өзі комірқышқыл газын сіңіріп,веналақ қанға айналады.Капиллярлард қайтадан бір-бірімен қосылып, ірі тамырлар веналарды-venae түзеді.Жалпы қан айналым шенбері екеку
1-Кіші қан айналым шеңбері-circulus sanginus minor-немесе өкпелік қан айналым шеңбері деп те аталады.Ол жүректің оң өкпе сабауы арқылы,оның тармақталуы,өкпедегі капилляр торы,өкпе веналары жіне сол жүрекшемен аяқталатын бқлікті айтады.
Үлкен қан айналым шеңбері -Circulus sanginus major немесе денелік қан айналым шеңбері депте аталадаы.Ол жүректің сол қарыншасынан басталып, қолқа арқылы оның тармақтары барлық дене ағзаларына тіндеріне алып баратын бөлікті айтамыз.
93)Жүрек қабырғаларының құрылысы.Жүрекшелермен қарыншалар миокардысының құрылысы.
Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.
Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Миокард жүрек қабырғаларының ен қалың бөлігі.Миокардтың қаңқалық бқлшықет тіндерінен айырмашылығы –жекелеген копядролы талшықтардан тұрмайды,олар бір ядролы жасушалардың –кардиомиоциттердің торы болып табылады.Жүрек бұлшықетінде екі бөлім ажыратылады:жүрекшелердің және қарыншалардың бұлшықет қабаттары.Екі бөлімнің талшықтарыда екі фиброзды сақинадан-anuli fibrosi-басталады,олардың біреуіostium atrioventriculare dextrum-ды,ал екіншісі ostium atrioventriculare sinstumdi қоршап жатады.Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан.
Перикард (жүректің қабы) жүректі қапшық сияқты қоршап тұрады және оның еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Ол қанмен толатын жүректің созылуын шектейді және жүрек қантамырлары үшін тірек болып табылады.Жүрекшелердің бұлшықеттік қабығы.Жүрекшелер қабырғасында екі бұлшықеттік қабаты ажыратылады:беткей және терең.Беткей қабаттардың бұлшықеттік будалары көлденең бағытта жүріп екі жүрекшеге жалпы, олар жүрекшелердің алдыңғы бетінде жақсы дамып,екі құлақшаның ішкі бетіне отеді.
94)Жүрек жұмысы.Жүректің откізғіштік жүйесі, оның парктикалық маңызы.
Жүрек. Жүректің анатомиялық құрылысы.
Адам жүрегі – қуысты бұлшықетті мүше. Тұтас вертикаль перде арқылы ол екі жарты бөлікке бөлінеді: сол және оң. Горизонталь бағытта өтетін екінші перде жүректі төрт қуысқа бөледі: жоғарғы қуыстар- жүрекшелер, төменгі- қарыншалар. Жаңа туған нәрестенің жүрегінің массасы орта есеппен 20 г- ға тең. Ересек адамның жүрегінің массасы 0,425—0,570 кг. Ересек адамның жүрегінің ұзындығы 12—15 см- ге жетеді, көлденең қимасының өлшемі 8—10 см, алдыңғы- артқы 5-8 см. Жүректің массасы мен өлшемдері кейбір ауруларда (жүрек ақауы) және ұзақ уақыт ауыр дене еңбегімен немесе спортпен шұғылданатын адамдарда өзгереді. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады: ішкі, ортаңғы және сыртқы.Ішкі қабат эндотелийлі (қан және лимфа тамырларын ішінен астарлайтын жалпақ жасушалар қабаты) қабықшадан (эндокард) тұрады, ол жүректің ішкі бетін астарлап жатады. Ортаңғы қабат (миокард) көлденең- жолақты бұлшықеттен тұрады. Жүрекшелер бұлшықеттері қарынша бұлшықеттерінен дәнекер ұлпалар (тіндер) пердесімен бөлінген, осы тіндер тығыз фиброзды талшықтардан құралады - фиброзды сақина. Жүрекшелердің бұлшықетті қабаты қарыншалардың бұлшықетті қабатына қарағанда бірталай нашар жетілген, ол жүректің әр бөлігінің жасайтын қызметтерінің ерекшелігіне байланысты. Жүректің сыртқы беті сірі қабықпен (эпикард) қапталған, ол жүрек маңы қапшығының (сөмкенің)- перикардтың, ішкі жапырағы болып табылады. Сірі қабықтың астында аса ірі жүрек артериялары мен көктамырлары орналасқан, олар жүрек тіндерін қанмен қамтамасыз етеді, және жүректі невртендіретін (иннервация) жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының көп шоғыры орналасқан. Жүректің өткізгіштік жүйесінің қызметтері.
Ырғақты серпіністердің спонтанды өндірілуі синусты- жүрекше түйіншектің көптеген жасушаларының үйлесімді қызметінің нәтижесі болып табылады және ол осы жасушалардың тығыз байланысы (нексус) арқылы және электротонды өзара әсерлесуімен қамтамасыз етіледі. Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу өткізгіштік жүйе арқылы жиырылғыш миокардқа беріледі.Жүректің өткізгіштік жүйесінің ерекшелігі әр жасушаның қозуды өздігінен өндіру қабілеттілігі болып табылады. Жиілігі минутына 60-80 серпіністерді өндіретін синусты- жүрекше түйіншегінен өткізгіштік жүйенің алыстауына қарай оның әртүрлі бөлігінің автоматияға қабілеттілігінің төмендеуін өрнектейтін автоматия градиенті бар болады.Әдеттегі жағдайларда өткізгіштік жүйенің барлық төмен орналасқан бөліктерінің автоматиясы синусты- жүрекше түйіншегінен келетін жиі серпіністермен жойылады. Осы түйіншектің зақымдануы не істен шығуы кезінде жүрекше- қарынша түйіншегі ырғақты басқарушы бола алады. Осы кезде серпіністер минутына 40-50 рет пайда болады. Егер осы түйіншек өшетін болса, онда жүрекше- қарынша шоғырының (Гис шоғыры) талшықтары ырғақты басқарушы болып табылады.Осы кезде жүректің жиырылу жиілігі минутына 30-40-тан артпайды. Егер осы ырғақты басқарушы да істен шығатын болса, онда қозу үрдісі Пуркинье талшықтарының жасушаларында спонтанды пайда болуы мүмкін. Осы кезде жүрек ырғағы өте сирек болады- минутына шамамен 20 рет.Жүректің өткізгіштік жүйесінің айрықша ерекшілігі оның жасушаларында жасушааралық контактінің – нексустардың көп мөлшерде бар болуы. Осы контактілер қозудың бір жасушадан басқа жасушаға өтетін жері болып табылады. Осындай контактілер өткізгіштік жүйе мен жұмыс миокарды жасушаларының арасында да болады. Контактінің бар болуы арқасында жеке жасушалардан тұратын миокард тұтас біртұтас түрінде жұмыс жасайды. Жасуашааралық контактінің көп болуы миокардта қозудың таралуының сенімділігін арттырады.Синусты- жүрекше түйіншегінде пайда болған қозу жүрекшелер арқылы таралып, жүрекше- қарынша (атриовентрикулярлы) түйіншегіне жетеді. Жылы қанды жануарлардың жүрегінде синусты- жүрекше мен жүрекше - қарынша түйіншектері арасында, және де оң және сол жүрекшелер арасында арнайы өткізгіштік жолдар болады. Осы өткізгіштік жолдардағы қозудың таралу жылдамдығы жұмысшы миокард бойымен қозудың таралу жылдамдығынан соншалықты артық болмайды. Бұлшықет талшықтарының кішкене қалындығы және олардың ерекше тәсілмен бірігуі арқасында жүрекше- қарынша түйіншегінде қозудың таралуының бөгелуі пайда болады. Осы бөгелу салдарынан қозу жүрекше - қарынша шоғырына және жүректің өткізгіштік миоциттеріне (Пуркинье талшығы) тек жүрекшелер бұлшықеттері жиырылып үлгеріп, қанды жүрекшеден қарыншаға ығыстырып үлгергеннен кейін ғана жетеді.Ендеше атриовентрикулярлы кідіріс (бөгелу) жүрекшелер мен қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын қамтамасыз етеді. Жүрекше – қарынша шоғырында және диффузиялы орналасқан жүректің өткізгішітік миоциттерінде қозудың таралу жылдамдығы 4,5-5 м/с-ке жетеді, ол жұмыс миокардымен қозудың таралу жылдамдығынан 5 есе жоғары. Осының арқасында қарыншалар миокарды жасушаларының жиырылуы бір мезгілде өтеді, яғни синхронды (сурет7.2). Жасушалардың жиырылу синхрондылығы миокардтың қуатын арттырады және қарыншалардың ығыстырушы қызметінің эффективтілігін артырады. Егер қозу жүрекше- қарынша шоғыры арқылы таралмай, жұмыс миокардының жасушалары арқылы таралса, яғни диффузиялы, онда асинхронды жиырылу периоды біршама ұзақ болушы еді, миокард жасушаларының жиырылуға бір мезгілде қатыспай, біртіндеп қатысушы еді және қарыншалар өзінің қуатының 50%-ын жоғалтушы еді. Сөйтіп өткізгіштік жүйенің болуы жүректің бірқатар маңызды физиологиялық ерекшеліктерін қамтамасыз етеді:
1) серпіністердің ырғақты өндірілуін (әрекет потенциалы);
2) жүрекшелер мен қарыншалардың қажетті тізбекті жиырылуын (координациясын);
3) қарыншалар миокардының жасушаларының жиырылу үрдісіне синхронды қатынасуын (ол систоланың тиімділігін арттырады).
95)Жүрекқаптың құрылыс ерекшеліктері,оның топографиясы.
. Жүрек жүрекқаппен бірге ассиметриялы кеуде қуысында, алдыңғы көкірекаралықта орналасады;оның 3/2 бөлігі орталық сызықтан сол, ал 3/1 бөлігі оң болікте жатады. Жүректің ұзындық болігі қиғаш, жоғарыдан төмен, оңнан солға, арттан алға ораналасады.Жүректің оң веналық бөлімі алдынан, сол артериялық бөлімі артта бұрылып орналасады. Жүрек алдынан ж/е бүйірінен өкпеқапта орналасып өкпемен, оның аз бөлігі алдынан төспен қабырға шеміршектеріне жанасады.Жүректің жоғарғы шекарасы оң ж/е сол 3-і қабырға шеміршектерінің жоғарғы жиектерін байланыстыратын сызық бойымен отеді,Оң шекарасы 3-і оң қабырға шеміршегінің жоғарғы жиегінен вертикальді төмен 5-і қабырға шеміршегіне дейін.Төменгі шекарасы 5-і оң қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін өткізілген сызық бойымен:жүрек ұшы сол 5-і қабырғааралықта ортанғы бұғаналық сызықтан 1-1,5 см ішке қараи анықталады.Сол шекарасы үшінші сол қабырғаның жоғарғы жиегінен жүрек ұшына деиін.Оң жане сол жүрекше –қарынша тесіктері алдыңғы кеуде торына қиғаш сызық бойымен,яғни 3-і сол қабырға шеиіршегінің төстік шетінен 6-ы оң қабырға шеміршегіне проекцияланады.Сол тесік осы сызықта 3 –і сол қабырға шеміршегі деңгейінде, оң 5-і оң қабырға шеміршегінің төске бекіген жерінде ораналасады.Қолқа тесігі төстің сол жиегінің артында 3-і сол қабырға шеміршегінің төске бекінген жерінде жатады.
96)Жүректің негізгі жане қосалқы қанмен қамтамасыз етілу қайнар көздері.Жүрек қабырғасында артериялардың таралу ы, жүректе қанайналым шеңберінің қалыптасуы. Жүректен ағзаларға қараи шығып, оларға қан акелетін тамырлар артериялар деп аталады.Артериялардың қабырғасы 3 қабықтан тұрады.Ішкі қабықша –tunica intima –тамырлардың қуысы жағынан эндотелиймен астарланган, субэндотелиймен ішкі серпімді мембрана оранласады.Ортанғы қабық-tunica media –бірыңғай салалы бұлшықет тінне серпінді талшықтар мен ауысып,араласып отыратын миоциттерден құралған,сыртқы қабық- tuniuca externa- дәнекер тінді талшықтардан тұрады.Артериялық қабырға серпімді қаңқа түзеді.Жүректен алыстаған сайын артериялар тармақтарға бөлініп, барған саиын ұсақтала береді.Ал жүрекке жақын артериялар негізінен қанды өткізу қызметін атқарады.Олардың ен бірінші міндеті жүрек соғуынан лақтырылып шыгатын қан массассының әсерінен тамыр қабырғасында механикалық сипатты құрылымдар, яғни серпімді талшықтармен мембраналар көбірек дамыған.Мұндай артериялар серпімді артериялар типі деп аталады. Жүректің қан тамырлар мен қамтамасыз етілуі екі артериямен: қолқаның алғашқы тармақтары оң тәждік, a.coranaria dextra, ж/е сол тәждік артерия, a coranaria sinistra жүреді.Оң жақ тәждік артерия- қолқадан оң жақ жүрекшенің сырт жағынан тәждік жүлгемен жұректің оң жақ жиегін орап өтіп, оның артқы бетінен ауысады.Ол бул жерде артқы қарыншаалаық тармаққа-r.interventricularisnposterior-ға жалғасады.Бұл сонғы артқы қарынша аралық жүлгемен жүректің төбесіне деиін төмен түсіп, Сол жерде сол жақ тәждік артерия тармағымен анатомазданады.Оң жақ тәждік артерияның тармақтары оң жақ жүрекшені, оң жақ қарыншаның алғы қабырғасының бір бөлігі мен бүкіл артқы қабырғасын, сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының кішкене бөлігін, жүрекше арлық пердені, қарыншааралық перденің артқы 3/1ін, оң жақ қабырғаның емізікше бұлшық еттері мен сол жақ қарыншаның артқы емізікше бұлшықетін қамтамасыз етеді.Солжақ тәждік артерия –өолқаның сол жақ жартылай айшықты қақпақшасының қасынан шығып, сол жақ жүрекшенің алдынғы тәждік жүлгеде орналасады.Ол өкпе сабауымен сол жақ кішкене құлақшаның арасында екі тармақ береді:жіңішкелеу,алдынғы,қарыншааралық тармақ-ramus interventricularis anterior ж/е ірілеу, сол жақты айналып отетін тармақ-ramus circumflexus.Бірінші тармақ алғы қарыншааралық жүлгемен жүректіің ұшына дейін түзіп, сол жерде оң жақ тәждік артерияның тармағымен анастомозданады.Еінші тармақ сол жақ тәждік артерияның негізгі сабауының жалғасы ретінде жүрек жүлгесімен жүректі сол жағынаа орап өтіп, оң жақ тәждік артерииямен қосылады.Осының нәтижесінде бүкіл тәжді к жүлгесінде горизанталды жазықтықта орналасқан артериялық сақина түзіледі,одан жүрекке перпендикулярлы тармақтар шығады.Сақинаны жүректің жанама қан айналымы үшін қажетті бейімделу болып табылады.Сол жақ тәждік артерияның тармақтары сол жақ жүрекшені, сол жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасының көп болігін, оң жақ қарыншаның бүкіл алдыңғы қабырғасының бір бөлігін, қарыншааралық перденің 3/2 бөлігін жане сол жақ қаыншаның алдыңгы емізікше бұлшықетін қантамырларымен жабдықтаиды..Жалпы қан айналым шенбері екеку
Дата добавления: 2015-11-02 | Просмотры: 942 | Нарушение авторских прав
|