АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

І.Суда еритін витаминдер

Прочитайте:
  1. Майда еритін витаминдер

І.І. В1 витаминдері (тиамин)

Химиялық құрылымы жағынан тиамин екі циклді қосылыстың қалдықтарынан – тиазол мен пиримидиннен тұратын зат. Олар дәнді дақылдар мен басқа да өсімдіктердің бұлттары мен ұрықтарында көп мөлшерде болады. Өсімдік шикізаттарының өңделуі (кебектерді жою) алынған өнімдегі витамин деңгейінің күрт төмендеуімен жүргізіледі.

Адам организміне еркін түскен тиамин бауырда фосфорилденіп, АТФ-тің қатысуымен тиаминдифосфат (ТДФ) және тиаминтрифосфат пайда болады.

Коферментті витамин В1 тиаминдифосфат пирожүзім қышқылының декарбоксилденген түріне, оның ацетил-КоА-ға айналуына альфа-кетоглутарат қышқылының тотығып декарбоксилденуі және пентозафосфатты циклінің транскетолаза реакциясының глюкозаға тотығуы және альфа-кетоқышқылдың дегидрленуіне қатысады. Сондықтан да ұлпада пирожүзім қышқылы, альфа-кетоглутарат және альфа-кетоқышқылдың жиналуы организмде тиаминнің жетіспеуімен байланысты.

Пирожүзім қышқылының тотығуы өзіндік Кребс циклінде көмірсудың аэробты жағдайда өзгеруінің реакциясы ретінде болады. Бұл кезде транскетолазды реакция нуклеотид синтезі үшін және НАДФ формасының қалпына келуіне қолданылатын гексозафосфаттан пентозофосфаттың түзілуіне маңызды роль атқарады.

Организмде тиамин, тиаминаза ферментінің көмегімен пиримидин мен тиазолға ыдырайды.

Авитаминоз: Бери–бери (индия тілінен аударғанда – «қой» деген сөзді білдіреді, өйткені ауру адамдар төрт аяқтап жүреді) – қанда кетоқышқылы жиналып, аэробты энергия түзілу процесі бұзылады. Нерв жүйесі зақымданады. Бұлшықеттері әлсіз және ауруға шалдығады, паралич болуы мүмкін. Жүрек жеткіліксіздігі туады. Тахикардия, жүрек дилатациясы, ісік пайда болады. Балаларда бойы өсуі баяулайды. Диспепсия және кариес пайда болады.

Алкогольді көп пайдаланғаннан болатын В1 гиповитаминозы Вернике- Корсаков синдромы (естен тану, апатия) деп аталады. Емдеу жолы: вена ішілік тиамин енгізу керек.

В1 гиповитаминозы АІТ-сінде сіңіру процесінің бұзылу кезінде тиротаксикоз, көмірсутектің тағамдарды пайдаланғанда, зәр айдаушы дәрі-дәрмектерді ұзақ қолданғанда, витаминнің зәрмен көп бөлініп кетуі кезінде көрінеді.

Кейде В1 витаминін көп қолданса, онда В1 гипервитаминозы пайда болады. Бұл эндокринді бездер клеткасының құрылымдық-морфологиялық өзгеріспен, қанның лейкоцитарлы формуласының ауытқуымен көрінеді.

В1 витаминінің тәуліктік экскрециясы қалыпты жағдайда – 100 мкг.

Тәуліктік қажеттілігі – 1,2-2,1 мг.

 

1.2. В2 витамині, (рибофлавин).

Рибитал спирті қалдығымен байланысқан изоаллоксазин (гетероциклдік флавин) туындысы болып табылады. Рибофлавиннің бай көзі болып ашытқы саңырауқұлақтар, сүт тағамдары, бауыр, бүйрек, жүрек болып табылады.

Рибофлавин тағамдық өнімдерде белокпен байланысқан (флавинпротеиндер) флавинмононуклеотид (ФМН), флавинадениннуклеотид (ФАД) және флавин түрінде кездеседі. Рибофлавин биологиялық маңызы бойынша көптеген ферменттердің (60-қа жуық) кофакторы ретінде қатысады.

Рибофлавин ішекке сіңіріліп, фосфорилденеді. Осы кезде екі коферментті формалар түзіледі: ФМН және ФАД, ұлпалық тыныс алу процесінде сутегіні тасымалдау қызметін атқаратын тотығып-тотықсыздану ферменттік жүйенің компоненттері болып табылады және сонымен қатар оксидоредуктаза тобына жатады. Олардың біреуі оны ары қарай сәйкес келетін акцепторын тасымалдайтын (мысалы, НАД.Н-цитохром-с-редуктаза) никотинамидадениндинуклеотидті ферменттен (НАД.Н және НАДФ.Н) түзілген сутегінің акцепторы болып табылады. Ал басқалары НАД.Н және НАДФ.Н-тың (мысалы, D- және L-аминоқышқыл оксидазалары, моноаминооксидаза, ксантиноксидаза, альдегидоксидаза) қатысуынсыз сутегіні цитохром жүйесіндегі субстратқа тасымалдайды.

Ұлпада рибофлавин АТФ-қа тәуелді фосфорилдену жолымен ФМН-ге айналады. Ары қарай басқа АТФ молекуласының АМФ тасымалдану жолымен ФАД түзіледі:

 

В2 гиповитаминоздары мен арибофлавиноздарының симптомдары:

- Хилез – агранулярлы стоматит (ауыз қуысындағы, еріндегі жырықтар);

- Мұрын-ерін қатпарындағы себорейлі дерматит;

- Глоссит-тіл бүртіктері тегістелген, тілдің түсі пурпурлі-көкшіл болып келеді (фуксинді тіл);

- Васкулярлы кератит көздің мөлдір қабығының айналасындағы конъюнктивті тамырларының кеңеюі;

- Гемералопия (соқыр тауық) – көздің қараңғы түскенде көрмеуі;

- Жарықтан қорқу және көзден жас ағу пайда болады;

- Тыныс алудың әлсіреуі, жүрек қызметінің бұзылуы, температураның төмендеуі, қанда глюкоза деңгейінің төмендеуі байқалады. Созылмалы арибофлавинозда қан жасалудың бұзылуы (анемия), перифериялық нервінің және жұлынның артқы бағанының дегенерациясы кезінде байқалған.

Рибофлавин алмасуының бұзылуы кейбір бауыр аурулары, тері аурулары (мысалы, экзема), асқазанның және он екі ішектің жаралы ауруларының асқынуында байқалады.

В2 витаминінің тәуліктік қажеттілігі – 1,5-2,2 мг.

1.3. В5 витамині (РР, никотин қышқылы, ниацин, никотинамид)

Ниацин (никотин қышықлының және никотинамид қоспасы) витаминдік қасиеті бар, птеридин- пиридин-3-карбон қышқылының туындысы болып табылады. Никотин қышқылы (никотинамид) дәнді дақылдарда, сүтте, етте, бауырда кедеседі, ал организмде ол триптофаннан синтезделеді.

Никотинамид дегидрогеназа коферментінің негізгі бөлігі болып табылады: никотинамидадениндинуклеотид (НАД) және никотинамидаденинди нуклеотидфосфат (НАДФ).

НАД – динуклеотид, никотинамидтен, рибозаның 2 молекуласынан, фосфор қышқылының 2 молекуласынан және адениннен тұрады. Амид никотин қышқылының каталиттік активті топшасы болып табылатын НАД-тың және НАДФ нуклеотидтері кең тараған коферменттерге жатқызылады. НАД және НАДФ 200 ферменттің кофакторы болып табылады.

Никотинамидке ауысатын НАД+ және НАДФ+ ферментативті синтезі никотин қышқылының цитолиз клеткасында өтеді, кейін ол келесі үлгі бойынша метилденеді: никотинат -> никотинат – мононуклеотид (НМН) -> дезамидо-НАД+ -> НАД+. Одан әрі НАД+-тан ОН-тобы бойынша фосфорилденіп, суретте көк түспен белгіленген НАДФ+ түзіледі.

Сонымен қатар, триптофан мен PRPP-нан (фосфорибозилпирофосфат) НМН синтезі болуы мүмкін.

НАД пен НАДФ коферментті функциялары негізінен тотығу-тотықсыздану реакцияларынан көрінеді және тотығатын субстраттан оттегіне электрондар мен екі атом сутегінің тасымалдануымен аяқталады. Суретте А субстратынан протон мен 2 электронның НАД+ молекуласына кері тасымалдануының мысалы көрсетілген:

 

 

НАД поли-АДФ-рибозилдеудің және ДНҚ-линаза үшін субстрат болып табылады. Бұл процесс репарация және репликация жүйелерінің жұмысы үшін өте маңызды. НАД жетіспеген кездегі поли-АДФ-рибозилдеу процесінің өзгерісі жоғары аэробты клеткалардың жойылу (апоптоза) механизмдерінің біріне әкеледі.

АІТ- нан В5 витамині жақсы сіңіріледі. Өзгеріссіз түрде және өнім айналымдары түрінде бүйрекпен бөлінеді. Никотин қышқылы буын кеңейту әсерлеріне ие (терінің қызаруы, артерия қысымының төмендеуі, бастың айналуы), қандағы холестерин мен май қышқылдарының құрамын төмендетеді.

Ағзадағы В5 витамнінің құрамының жетіспеушілігінен пеллагра ауруы дамиды (итальян тілінен аударғанда – “тартылған тері”) ”үш Д синдромы“: диарея, дерматит (ашық тері учаскелерінің қабынуы), деменция (әлсіз ақылсыздыққа ие болу).

- Глоссит-тілдің қабынуы;

- Гастрит;

Көптеген елдердегі пеллагра ауруы құрамында никотин қышқылы мен триптофанның аздаған мөлшері бар кукурузамен (жүгері) тамақтануымен байланысты. Никотин қышқылының алмасуының бұзылуы сульфаниламидті препараттарды қабылдағандағы инфекциялық, хирургиялық аурулар кезінде айқындалады.

Пеллаграның ерте клиникалық симптомдары болып ауыз қуысындағы өзгерістер (тілдің ұшы мен шеттерінің қызаруы) мен ішек (диарея) қызметтері табылады. Біраз уақыттан кейін көбінесе, дененің ашық жерлерінде орналасатын симметриялы қызыл дақтар (пеллагралы эритема) пайда болады. Үлкеншар қабатының ганглиозды клеткаларының зақымдануының нәтижесінде орталықтанған және периферикалық нерв жүйелерінің қызметтері бұзылады. Қанды зерттеген кезде гипохромды анемия байқалады. Зат алмасудың барлық түрлері жағынан өзгерістер белгіленеді.

В5 витаминінің тәуліктік қажеттілігі – 14-25 мг.

1.4. В3 витамині (пантотен қышқылы)

Пантотен қышқылы пантой қышқылы мен аланиннен түзілген амид болып табылады (гр. сөзінен Pantoten – повсюду – барлық жерде). Ол ішекте оңай сіңіріледі және 4-фосфопантотенат түзе отырып, ОН-тобы бойынша, АТФ фосфорилденеді, кейін амидті байланыс түзіп, СООН-тобымен цистеинге қосылады, кейін соңғы карбоксил тобы бөлініп, сосын АМФ қалдығының тасымалдануы мен А (СоА) коферментінің түзілуімен одан әрі рибозаның фосфорилденуі өтеді. СоА молекуласындағы пантотен қышқылының қалдығы боялып көрсетілген:

 

Ацил топтарының тасымалдаушысы ретінде тиал топтары функционирлейді (май қышқылдарының синтезі мен тотығуы, ацетилдеу, тотығып декарбоксилдену, стероидтар, ацетилхолин синтезі).

В3 витамині АІТ-нан жақсы сіңіріледі. Көп мөлшерде органдар топтарында: бауырда, бүйректе, жүректе, бүйрек үстілерінде кездеседі. Өзгермеген күйінде бүйректен бөлініп шығады (1/3 ішекпен, 2/3 бүйректермен).

Негізгі көздері: барлық тағам өнімдерінде кеңінен таралған. Әсіресе, араның сүтінде, бауырда (әсіресе, қойдың), балықта және балық уылдырығында, ашытқыларда, жұмыртқада, жүгеріде, түсті орамжапырақтарда (капусталарда) көп кездеседі.

В3 витаминінің виповитаминозы өте аз кездеседі: шаршағанда, ұйқы бұзылғанда, бас ауырғанда, бұлшықет ауырғанда, диспепсикалық ренжу.

В3 витаминінің авитаминозы тек қана экспериментальды жануарларда кездеседі.

Тәуліктік қажеттілігі (ересек адамдарда) – 10-15 мг.

1.5. В6 витамині (пиридоксин, пиридоксаль, пиридоксамин).

Метилпиридин тобының туындысы болып табылады. В6 витаминінің негізгі метаболиттік активті түрі пиридоксалды фосфорлы эфир – пиридоксаль 5 фосфат. Пиридоксаль мен пиридоксальфосфат NH3 тобымен бірге аминоқышқылдарды, аминдердің туындылары альдимин немесе шиффол негіздерді басқылап отырады.

В6 витамині – энзимнің коферменті, олар аминоқышқылымен аминдердің трансаминденуіне, декарбоксилденуіне, дезаминденуіне, пуриндік негіздердің синтезіне, никотин қышқылының, триптофанның, цистеинннің, сигма – аминолевулин қышқылының синтезіне қатысады. Осының ішінде ең негізгісі пиридоксальдық ферменттердің трансаминделуі болып табылады. Сонымен бірге В6 витамині липидтердің алмасуына қатысады.

В6 витамині табиғата кеңінен тараған. Түрлі микроорганизмдердің, жасыл өсімдіктерден синтезделеді. Пиридоксальды фермент түрінде бауырда, бүйректе, жүректе, ашытқыда (бактериялардың) кездеседі.

Гиповитаминоз сирек кездеседі, кейде жасанды тамақтандыратын нәрестелерде (жүктілік кезінде көп мөлшерде керек), әйелдерде түрлі контрацептивтер қолданғанда, туберкулезді изониозидпен емдегенде (изоникотин қышқылының гидрозидін және В6 гиповитаминозын шақырады) В6 гиповитаминозы белок алмасуының бұзылуымен байланысты. В6 гиповитамнозы белок алмасуының бұзылуымен байланысты.

В6 гиповитаминозының симптомдары: балаларда өсудің тоқтауы, талып қалу, қозғыштықтың жоғарылауы, ұйқының бұзылуы. Бетке себореяның шығуы, глассит, стоматит.АІТ – нің бұзылулары.Сүйек миының утилизациясынан туындайтын анемия.

В6 витамині гипервитаминоз кезінде вибрациялық сезімталдық бұзылады, терінің құрысуы, әсіресе, ерін жанында.

Ересек адамдарда тәуліктік қажеттілігі – 2 мг.

1.11. Р витамині (биофлавоноидтар және полифенолдар)

Бұл тағамның ауыстырылмайтын фактордың тобы. Бұл топтың қосылыстарының құрамында фенол гидроксилімен байланысқан бензопирон ядросы болады. Соңғысы метилденуі және әртүрлі қанттың қалдықтарымен байланысуы мүмкін.

Бұл топтың 600 түрі белгілі (типтік мысалы, кварцетин). Көптеген заттар суда ериді, ал кейбіреуі майда де ериді (негізінен, көбінесе жасыл шайларда). Өсімдіктер Р витаминін никель және молибден болатын энзимнің қатысында өндіреді. Көптеген өсімдіктектес өнімдердің (бірақ жануарлар ұлпасында емес) құрамында біршама Р витамині кездеседі. Мысалы, шай жапырағында (әсіресе, жасыл) – катехиндер, цитруста – гесперидин, күріште – госсипол, ромашкада – апигенин, алмада – кварцетин, сояда және чечевицада – генистрин, қызылшада – антоциандар. Полифенолдар көп мөлшерде шоколадта, кофеде, какаода, ақ шарапта болады.

Р витаминін көп алоэ (алоэмодин), ревень (реин), шиповник қорытындылайды. Р витамині сарымсақ құрамында күкірттен тұратын антиоксиданттық аминоқышқылдар және фитонцидтар, жаралы ауру тудырушы Helicobacter pyloni бактериацитпен әсер етеді.

Диетологтар қызыл шарапта жоғары бағалайды, өйткені оның құрамын биофлавоноидтардың (кварцетин, рутин, катехин) комплексінің көзі болып табылады. Оларда Р витаминінің мөлшері жасыл шайдағы сияқты 10 есе көп болады.

Р витаминінің биологиялық әсері алғашында капиллярды қатайтушы эффект ретінде саналды. Іс жүзінде оның қызметі әлдеқайда кең болып шықты. Биофлавоноидтар және полифенолдар – күшті антиоксиданттар, сульфгидрилді қосылыстар мен С витаминін реактивациялайды, сонымен қатар, глутатион және белгілі дәрежеде токоферолдарды реактивациялауға қабілетті. Р витамині С витаминінің әсерін күшейтеді.

Р витаминінің минималды тәуліктік қажеттілігі ересектерде – 50-100 мг/тәулік. Бірақ балансирленген диета күніне жарты грамм биофлавоноидтар мен полифенолдарды береді. Р-нің гиповитаминозға ұшырау мүмкіндігі қысқа диета, өсімдіктектес тағамдарды қолданбайтын адамдар жатады.

Экспериментальдық Р гиповитаминозының алғашқы көріністері аяқ пен иықтағы ауырсыну, тез шаршағыштық, кейін вазопатиялық көріністер байқалады. Теріні механикалық басқан кезде нүктелік қан құйылған ошақтар (петехий) болады.

Қазіргі уақытта, кейбір биофлавоноидтар, мысалы, кварцетин мидың бензодиазепинді рецепторымен байланысуға қабілетті. Бұл олардың седативті, ауырсынуды тежейтін, басатын және гипотензивті әсерлерін түсіндіреді. Мұнымен қоса, Р витамині АІТ үшін канцерогенді нитрозаминдерді нейтралдайды. Алманың құрамындағы биофлавоноидтар өкпе рагінің даму мүмкіндігін төмендеткені, ал Р витамині сарымсақ, оливтерде, жасыл шайда болғандықтан АІТ мен жыныс – зәр мүшелер жүйесінің ісіктерімен зақымдану қаупін төмендеткені туралы зерттеулер анықталып дәлелденген.


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 1223 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.008 сек.)