АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Майда еритін витаминдер

Прочитайте:
  1. В районе улицы Крещатик в вечерне-ночное время происходят грабежи и драки, милиция боится заходить на Майдан. Киев, 11.03.2014
  2. В Сумах произошло столкновение между членами Компартии и сторонниками Майдана, Сумы, 19.03.2014
  3. В Сумской области в лесу нашли тело убитого активиста Майдана, Сумская область, 02.03.2014
  4. І.Суда еритін витаминдер
  5. Концлагерь Майданек
  6. Майданек
  7. Майданек
  8. Майданек. Газовые камеры и массовый расстрел, якобы имевший место 3 ноября 1943 года
  9. Махницкий рассказал о причастности подозреваемых в расстреле ГАИ к Майдану, Киев, 06.03.2014

Майда еритін витаминдер липидтермен бірге сіңіріліп, хиломикрондарға түседі, олармен қосылыс түзіп, бауырға тасымалданады. Қалдық майда еритін витаминдер зәрмен сыртқа шықпайды, сондықтан улы әсерін көрсетеді. Негізінен майда еритін витаминдер бауырда және май ұлпасында сақталады.Витаминдер өтке немесе энтерогепатикалық айналым арқылы реабсорбцияланады, немесе нәжіспен шығарылады. Кейбір метаболиттері зәрмен де шығарылады.

Көптеген витаминдердің тағамдық көзі ретінде жасыл жапырақты көкеністер, өсімдік майы, майлы ет және сүт тағамдарын қолданған жөн. Көптеген майда еритін витаминдер суда еритіндерге қарағанда термостабильді, қарапайым қуыру температурасында инактивтелмейді, бірақ ультракүлгін сәулелену және тотығу әсерінен бұзылады.

А витамині

“А витамині” термині химиялық құрылысы ұқсас топтарды құрайды – ретинол (А витамині), дегидроретинол (А3 витамині), ретиналь (А алдегид витамині), ретинді қышқылды, олардың эфирлері. Олардың көбісі, А витаминінің туындылары. Ол изопрен туындысы, циклді қанықпаған спирт, май қышқылдарымен оңай эфир түзіп, сол күйінде ұлпаларда деполанады. Екі байланыстың болуы оңай қышқылдану нәтижесінде альдегид түзіп түсіндіріледі.

Сонымен, А витамині гормонтектес қосылыс ретінде клеткалардағы геномдарды экспрессиялау қатарын реттейді. Редокс витамин болып табылады.

Провитамин А – бұл альфа – бета – гамма-каротиндер, криптоксантин және басқалары.

Табиғатта А витамині тек жануарлар ұлпасында кездеседі. Оған балық майы бай, ерекше – акула, палтустық түрлері. Төменірек – трескада (19 мг/дл). Жануарлар бауырында А витаминінің мөлшері аздау, жұмыртқада, сары май, қаймақ және сырда кездеседі.

Каротиноидтар – өсімдік синтезінің өнімі. Бұл провитаминдерге қызыл-сары көкеністер және тұқымдар, жасыл шөптер бай. Құрамында бета-каротині бар, ең активті провитамин А-ға пальма, облепиха майы, соя, петрушка, сәбіз, өрік, қызанақтар өте бай.

А витаминінің ересек адамдағы қажеттілігі – 1,5 мг/тәулік (яғни 5000 МЕ). Күнделікті тамақтануда ¾ бөлігі каротиндер мен ретиноидтар биотрансформациясынан қанағаттандырылады. 0,6 мкг бета-каротин 1 МЕ А витамині тең.

 

Сурет. 1. А, Д, К витаминдерінің химиялық құрылымы

Каротиндер және ретинол ащыішекте 2 есе тез сіңіріледі. Бета-каротиннің 1/6 бөлігі сіңіріледі. Сіңірілу майлар эмульсиясымен, әсіресе, оған ықпал ететін токоферолдар мен қанықпаған май қышқылдарымен жүреді. Аз дәрежеде бұл процесс бауырда да орын алады. Энтероциттерде каротиноидтар Витамин А-ға айналады. Ауысуды темірі бар фермент бета-каротин-15-15-диоксигеназа катализдейді. Оның белсенділігін қалқанша безінің гормондары қадағалайды.

Қалыпты жағдайда каротиноидтардан ретиналь құралады, ол ары қарай ретинол түзеді. Ретинол пальмитин және басқа май қышқылдарымен эфир түзіп, хиломикрондармен тасымалданады. Бауырдың Купфер клеткалары ретинолэфирлерін деполандырады, ересек адамдарда қоры 2-3 жылға жетеді. Сондықтан А гиповитаминозы ретиноидтар мен каротиноидтар жоқ диетада, жаңа туған нәрестелерде байқалады. А витаминінің метоболиттік қызметі көздің торлы қабатында ретинол мен ретиналь, ал басқа ағзаларда ретинді қышқыл қамтамасыз етеді. А витамині көздің торлы аймағында ерекше фотосезімталдығына зор маңызы бар, эпителиалды кл. Дифференцировкасын потенциалдайды, ерекше сілекей және тері, иммунитетті жоғарылатады, бойдың өсуіне қажет. Ретиноидтар мен каротиноидтар бұған қоса, мембрана антиоксиданттары және фотопротекторлары болады.

А витамині терілік тыныс пен энергетикалық ұлпаның алмасуына, белок алмасуы, көмірсу, нуклеин қышқылы, липидтер және мукополисахаридтерге әсер етеді. А витаминінің гемостаз процесін реттеуде, эндокринді бездер қызметіне араласатыны көрсетілді.

А гиповитаминоз симптомдары: гемералопия – соқыр тауық, түнгі бейімделуінің бұзылуы, қараңғыда көру өткірлігінің төмендеуі. Ксерофтальмия – мүйізшенің құрғауы және кератомаляция – мүйізшенің болжырауы. Ксеродермия, папулезді бортыс, қабыршақтану. Тері және сірі қабықшалар арасындағы тосқауылдардың зақымдануы қабынуға әкеледі, жазылу көпке созылады. Жоғары тыныс жолдары, АІТ, жыныс-зәр мүшелер жүйесінің қызметтік бұзылулары болады.

А витаминінің жеткіліксіздігінің 2 түрін ажыратады: алғашқы (алиментарлы) тағам құрамында А витамині жоқ немесе каротин жоқ. Екінші ретті А витамині алмасуының бұзылуы, көбінесе, АІТ, бауыр, ұйқы безі және т.б. ауруларында болады. Көздің зақымдануы, көз торының өзгерісі – А витаминоздың спецификалық көрінісі. Көздің морфологиялық өзгерісі кешірек анықталады, одан бұрын түнде көру адаптациясы бұрын білінеді.

Көбінесе, балалар ағзасы А витамині жеткіліксіздігіне сезімтал. Нәрестелер бойының өсуі тежеліп, ақыл-есі кеміс болып, анемия, инфекциялық ауруларға бейім болып келеді.

А витаминін көп мөлшерде енгізсе, А гипервитаминоз шақырады. Ал, А витамині көп кездесетін азықта немесе А витамині дәрілерін көп қолданғанда болады. Ересектерде терінің, шаштың түсуі, сүйекте ауырсыну, көкбауырдың үлкеюі, бастың ауруы, тәбеттің жоғалуы, ұйқысыздық, диарея. А гипервитаминозы жүктілік кезінде эмбриогенезді бұзады, тератогенді әсер етеді.


Дата добавления: 2015-11-25 | Просмотры: 2315 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.004 сек.)