АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Несеп анализі

Прочитайте:
  1. Несеп-тас ауруы (нефролитиаз, уролитиаз)

26.12.2011 ж.

Көлемі: 100,0 мл

Түсі: сабан сары

Белок: 64,89 % - N

Эпителий: жалпақ 3-4 к.а. - N

Лейкоцит: 3-4 к.а. - N

Шырыш: - - N

Қабаты: - - N

Бактерия: - - N

 

26.12.11 Нәжісті г/құрттарына тексеру: теріс мәнді.

 

УДЗ: Бауыр паренхимасынын дифузды өзгерісі.Созылмалы тасты холацистит. Ұйкы безі паренхимасынын майлы инфилтрациясы.

 

 

КЛИНИКАЛЫҚ ДИАГНОЗДЫ НЕГІЗДЕУ:

• Науқастың түскен кездегі шағымы бойынша: эпигастрий аймағының және оң жақ қабырға астының ауырсынуына, жүрек айнуға, қайталамалы құсуға, аузының құрғауына, бас ауруына, жалпы әлсіздікке.

Аурудың даму тарихы бойынша: Науқас өзін 3 жылдан бәрі аурумын, деп санайды. Аурудың алғашқы белгілері: майлы тағам жегеннен кейін 1 сағаттан соң оң жақ қабырға астының ұстамалы түрде сыздап ауырсынуы, лоқсу сезімі.диетаны бұзумен байланыстырады. Жоғарыдағы шағымдардың күшеюіне байланысты өзі ХКТУ клиникасын-ның қабылдау бөліміне келіп, хирургия бөлімшесіне жатқызылды.

• Объективті зерттеу нәтижелері бойынша:

Өт қабын тексергенде: Ортнер, Кер, Василенко, Мюссэ симптомдары «+» мәнді.

Лабораториялық және аспаптық зерттеу нәтижелері бойынша: ЖҚА-да: лейкоциттер: 0,378*109/л – жоғарылаған

УДЗ-да: Бауыр паренхимасынын дифузды өзгерісі.Созылмалы тасты холацистит. Ұйкы безі паренхимасынын майлы инфилтрациясы.

 

Осы мәліметтерге сүйене отырып науқасқа төмедегідей нақты диагноз қойылды:

 

Негізгі ауруы: Созылмалы тассты холецистит.

Негізгі аурудың асқынуы: жоқ

Ілеспелі ауруы: жоқ

Емдеу жоспары:

• Режим ІІІ

• Диета №5. Қуырылған, өткір, майлы тағамдар берілмейді. Тағамдарды суға пісіріп немесе буға бұқтырып дайындайды. Липтроптық заттарға бай тағамдарды (сүзбе, сыр, балық, бұршақ дәндері) ұсынған жөн.

Дәрмектік ем: Науқасқа: анальгетиктер, антибиотиктер, спазмолитиктер, инфузиялық -дезинтоксикацяилық ем жасалды. Науқас жеделдеу түрде операцияға алынды.

•.

Ампициллин 0,5 г күніне 4 рет тамақтан 30 минут бұрын №7 күн

Әсер механизмі: пенициллин микробтардың пептидогликандық қабатының синтезін бұзады. Осылайша осмостық қысымға төзімділігі жойылған бактериялар судың енуінен ісініп, жарылады.

Қолдану көрсетпесі:

• пневмония;

• бронхопневмония;

• өкпе абцессі;

• ангина;

• холецистит;

• перитонит;

• сепсис;

• ішек инфекцияларында.

Қарсы көрсетпесі:

• бауыр жетіспеушілігі;

• бронхтық астма;

• аллергиялық аурулар.

Жағымсыз әсерлері:

• тері бөртпелері, Квинке ісігі;

• сирек жағдайларла анафилактикалық шок.

 

 

Индометацин 25 мг күніне 3 рет тамақтан 30 минут кейін №7 күн.

Әсер механизмі: Оның әсері циклдық эндопероксидтен ЦОГ1 және ЦОГ2 ферменттерінің көмегімен простогландиндер түзілуін тежейді, яғни ЦОГ-ны ингибирлеу арқылы қабыну медиаторының синтезін төмендетеді.

Фосфолипид → Арахидон қышқылы → Циклдық эндопероксид → Простогландин ≠ Қабыну, Ауырсыну, Қызба.

Қолдану көрсетпесі:

• холецистит;

• панкреатит;

• ревматоидтық артрит;

• полиартрит;

• периартрит;

• остеоартроз;

• подагра;

• ревмокардит және т.б.қабынулық ауруларда.

Жанама әсерлері: бас ауруы, бас айналуы, ұйқышылдық.

Қарсы көрсетпесі:

• асқазан және он екі елі ішек жарасы;

• бронхтық астма;

• жүктілік пен лактация кезінде.

 

Хофитол 2 таблеткадан күніне 3 рет тамақтан 15 минут бұрын №10 күн

Әсер механизмі: өт айдаушы, гепатопротекторлық және диуретикалық әсер көрсетуші өсімдіктен алынған препарат, қандағы мочевина деңгейін азайтады. Артишок (Cynara scolymus) құрамындағы аскорбин қышқылы, каротин, В1, B2 витамині, инулин организмдегі зат алмасу процестерін реттеуге қатысады. Хофитол гепатоциттердегі коферменттер түзілуін жоғарылатады, бауыр мен бүйрекке детоксикациялық әсер көрсетеді.

Қолдану көрсетпесі:

• созылмалы нефрит;

• бауыр циррозы;

• холецистит;

• созылмалы гепатит;

• сарғаю;

• атеросклероз;

• семіздік.

Қарсы көрсетпесі: өт жолдарының бітелуінде.

Жағымсыз әсері: диарея болуы мүмкін.

 

Галидор 2,5%-2 ml. 2 мл-ден күніне 1 рет. №7 күн

Әсер механизмі: фосфодиэстераза ферментінің ингибиторы болып, клеткаішілік 3,5-аденозинмонофосфаттың жиналуына әсер етіп, бұлшықеттің босаңсуына алып келеді. ОЖЖ-іне тыныштандырушы әсер етеді.

Қолдану көрсетпесі:

• асқазан жарасы;

• холецистит;

• несеп жолының спазмы;

• тромбангиит.

Қарсы көрсетпесі: препаратқа жоғары сезімталдылық.

Жағымсыз әсері:

• лоқсу;

• бас айналу;

• ауызда құрғақтық;

• тері-аллергиялық реакциялар.

 

18.03.2015


Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 777 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)