АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

ШЕГРЕН СИНДРОМЫ

Прочитайте:
  1. I-VII ПАРЫ ЧМН: СТРОЕНИЕ, ИССЛЕДОВАНИЕ, СИМПТОМЫ И СИНДРОМЫ ПОРАЖЕНИЯ.
  2. IX-XII ПАРЫ ЧМН: СТРОЕНИЕ, ИССЛЕДОВАНИЕ, СИМПТОМЫ И СИНДРОМЫ ПОРАЖЕНИЯ
  3. Абсцесс легкого, основные синдромы, методы диагностики.
  4. АЛЬТЕРНИРУЮЩИЕ СИНДРОМЫ
  5. Альтернирующие синдромы – примеры, этиология, клиническая симптоматика.
  6. Альтернирующие синдромы.
  7. Аутоиммунные заболевания: патогенез, клинические синдромы, методы лабораторной иммунодиагностики. Принципы лечения.
  8. Аффективно-параноидные синдромы
  9. АФФЕКТИВНЫЕ СИНДРОМЫ
  10. АФФЕКТИВНЫЕ СИНДРОМЫ

ЖОСПАР

I.КІРІСПЕ

II.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

ОТОЛАРИНГОЛОГИЯ

ШЕГРЕН СИНДРОМЫ

3.ҚҰЛАҚ,МҰРЫН,ТАМАҚ АУРУЛАРЫ

III.ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Отоларингология ("otos" – құлақ, "rhinоs" – мұрын, "laryngos" – көмей және "logos" – ғылым) —құлақтың,мұрынның және оның қойнауларын,тамақтың(жұтқыншақ,көмей,кеңіәрдек) қызметін,патологиясын жіне олардың құрылымын анықтайтын медицина ғылымының саласы.

Отоларинголог дәрігерге жастар да,қарттарда тексерістен өтеді.Құлақтың және жоғарғы тынысалу жолдарының аурулары ішінде тамақ аурулары 30% жуығын алады.Себебі бұл органдар сыртқы ортамен тікелей байланыс жасайтын ағза болып есептеледі және оларды микроорганиздерден қорғайтын өте көптеген шырышты кабаттары бар,бұлардың тепе-теңдігі бұзылса организде белгілі бір аурудың пайда болуына алып келеді.Әсіресе,ірі қалаларда Экологияның және халықтың көп шоғырлануы нәтижесінде тамақ,мұрын,құлақ ауруларының дамуына әсерін тигізеді. Құлақ,мқрын,тамақ ауруларының этиологиясы қабыну ғана емес,сонымен қатар генетикалық,жарақаттық,инфекциялық болып табылады.

Құлақ,мұрын,тамақ аурулары кезіндегі симптомдар:

-Мұрынмен тыныс алу қиындайды;

-Тамақта ауырсыну;

-Құлақта ауырсыну;

-Құлақтан және мұрыннан сұйықтық ағу;

-Құсу;

-Жақасты лимфа түйіндерінің ұлғаюы;

-Бас ауру;

-Естудің нашарлауы;

-Иіс сезудің нашарлауы

Құлақ (aurіs)- адам мен жануарлардың есту органы. Анато- миялық құрылы-мына қарай құлақ сыртқы, ортаңғы және ішкі бөлімдерден тұрады.Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы есту жолы жатады. Сыртқы есту жолы иірім жасай орналасқан шеміршек-ті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Оның шеміршекті бөлігінде май бездері мен сарғыш түсті секрет – құлық көп бөлінеді. Ал сыртқы есту жолындағы түктер қорғаныш қызметін атқарады: шаң, тозаңды, ұсақ жәндіктерді, микробтарды тұтып қалады. Құлақ қалқаны дыбыс тер-белістерін қабылдайды да оны дабыл жарғағына жібереді. Ортаңғы құлақ бір-бірімен жалғасып жатқан дабыл қуысы, есту түтікшесі мен емізік тәрізді өсіндіден (өзінің үңгірімен) тұрады. Есту түтікшесі тамақтың, мұрын-жұтқыншақ бөлігін дабыл қуысымен байланыстырып тұрады, сондықтан тұмау кезінде инфекция мұрын-жұтқыншақтан сол түтікше арқылы ортаңғы құлаққа түседі. Ал дабыл қуысы сыртқы есту жолы мен құлақтың ішкі бөлігі лабиринттің (шытырманның) арасында орналасқан. Ол бұрыс куб тәрізді, сондықтан алты қабырғасы болады. Дабыл қуысында дыбыс тербелістерін дабыл жарғағынан лабиринтке жеткізетін балғашық, төсше және үзеңгі деп аталатын үш кішкене сүйекше бар. Сүйек-шелер тізбегі дыбысты лабиринттің сопақша терезесіне жібереді. Ортаңғы құлақтың бұлшық еттері дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау, ішкі құлақты тыс дыбыстық шамадан тітіркендірулерден қорғау; дыбыс өткізгіш аппараты толқынындағы дыбыстарға бейімдеу қызметтерін атқарады. Ішкі құлақ – “лабиринт” деп аталады. Ол шеміршекті және сүйекті бөліктерге бөлінеді. Сүйекті лабиринт: кіре беріс, жартылай үш иірім өзектері мен ұлулы денеден тұрады. Шеміршекті бөлігі сүйекті лабиринттің ішінде орналасқан. Оның іші мөлдір сұйық эндолимфамен, ал осы екі лабиринттің арасы перилимфамен толған. Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимфаға, ал ол арқылы ұлуға беріледі. Есту жүйкесінің шеті орналасқан ұлудан дыбысты қабылдайтын жүйке клеткалары бар есту жүйкесі шығады. Дыбыс өткізгіш аппаратына құлақтың сыртқы, ортаңғы, ішкі бөліктері мен перилимфа, эндолимфа, геликотрема жатса, дыбыс қабылдағыш аппаратына кортий мүшесінің сезімтал клеткалары, ұлудың сүйекті бөлігіндегі спиральді түйін, есту жүйкесінің өткізгіш жолдары мен ядролары, ми қыртысының самай бөлігіндегі оң және сол жақтағы (ми орталығы) орталықтары жатады.

Құлақ аурулары – құлақтың сыртқы, ортаңғы және ішкі бөліктерінде кездесетін дерттер. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына отит, перихондрит, отогематома, құлық, т.б. жатады. Әсіресе, балаларда жиі кездесетін түрі – сыртқы есту жолына бөгде дененің түсуі. Бұл кезде баланың құлағы қышып, есту қабілеті төмендейді. Осының салдарынан есту жолы терісі қабынып, сұйық зат бөлінеді. Емдеу үшін бөгде денені жою мақсатында спиртті тамшы тамызады, стерильді жылы ерітіндімен есту жолын тазалайды. Ауру асқынып кетсе хирургиялық операция жасалады. Ішкі құлақ ауруларынан есту жүйкесініңневриті мен отосклероз жиі кездеседі. Есту жүйкесінің невриті түрлі жұқпалы аурулардың (тұмау, қызылша,қызамық, т.б.) асқынуынан және құлаққа түрлі инфекциялардыңтүсуінен болады. Белгісі: құлақ үнемі шуылдап тұрады, адамның естуі төмендеп, тіпті сөйлеудің өзі қиындайды. Науқасты емдеу үшін мидың қан айналысын жақсартатын препараттар, В, С тобының витаминдерін ішкізеді, кейде лазерлі және төмен жиілікті магниттік терапия қолданылады. Отосклероз (грек. otos – құлақ, sklerosіs – қатаю) – екі құлақтың да есіту қабілетінің төмендеуі. Әдетте дыбыс толқыны дабыл жарғағынан және есіту сүйекшелерінен өтіп, есіту жүйкелерін тітіркендіреді. Ауру кезінде ортаңғы құлақты ішкі құлақпен жалғастыратын үзеңгі, төсше және балғашық сүйекшелері қозғалғыштық қабілетінен айырылады. Соның нәтижесінде дыбыс есіту жүйкелеріне жетпейді. Аурудың белгісі бірден байқалмайды, адамның естуі бірте-бірте төмендейді. Дәрі-дәрмекпен емдеу көп нәтиже бермейтіндіктен, көбіне есіттіргіш аппараттарды пайдалану не хирург. операция жасау қажет.

Құлақ мүкістігі – есту органының дерті. Құлақ мүкістігі әр түрлі құлақ аурулары (отит, отосклероз, т.б.) салдарынан, қабыну, мұрын, жұтқыншақ ауруларының, сондай-ақ, қызылша, тұмау, қызамық, т.б. жұқпалы аурулардың асқынуынан пайда болады. Кейде ұрықтың дамуы кезінде ортаңғы, ішкі құлақтың жетілмеуінен бала іштен туа естімейтін болуы мүмкін. Мұндайды туа пайда болған құлақ мүкістігі деп атайды. Бұл баланың дұрыс сөйлеуіне де әсерін тигізеді. Ересек адамның естімеуі, көбінесе, айқай-шудың ұзақ уақыт әсер етуінен, есту жүйкесі қызметінің бұзылуынан, уланудан, дәрі-дәрмектерді шамадан тыс ішуден, т.б. болады. Кейде адам уақытша естімей қалуы мүмкін. Мысалы, құлаққа құлық қатқанда, құлақ ішіне іріңді жара шыққанда, т.б. Емі: құлақ мүкістігіне шалдықтырған ауруды тауып емдеу. Іштен туа біткен кемістікке кей жағдайда хирургиялық операция жасайды. Құлақ мүкістігінен тілі бұзылған баланы арнайы балабақша мен мектептерде сөйлеуге үйретеді.

Есту мүшесінің гигиенасы

Есту мүшесінің қалыпты жұмыс істеуі алдымен тазалық сақтауға байланысты. Ол үшін құлақты сабындап жылы сумен жуып түру керек. Әдетте, құлақтың сырткы дыбыс жолының бездерінен құлық бөлінеді. Құлық шаң-тозаң мен зиянды микробтарды ішке өткізбей корғаныштық кызмет атқарады. Дегенмен, құлақта құлық көбейсе, адам естімей, керең болып калуы мүмкін. Сондықтан құлықты ауың-ауың тазалап тұрған жөн. Құлықты тазалағанда қатты, үшкір заттарды пайдалануға болмайды. Дабыл жарғағы зақымдануы мүмкін. Есту мүшесіне ішімдік өте зиян. Мас адам дыбысты естігенімен, қай жақтан шыққанын бағдарлай алмайды. Тәлтіректеп барып колайсыз жағдайға ұрынуы мүмкін.

Мұрын- тұлғаның бiр бөлiгi, қатысушы тыныс, иiс сезу қабілетiнде. «Мұрын» сөзінің алғашқы мағынасы мен тұңғыш тұлғасын түркі тілдерінің өзінен-ақ іздеп табамыз.Қырғыз тілінде «мурун» сөзінің екінші мағынасы — «бұрын» дегенді ұғындырса, тува тілінің дерегі айтқалы отырған ойымызды анықтай түседі. Туваларда «алда», «алдыңғы жақта» сияқты мағыналарды — мурнунда, мурнунга сөздері ұғындырады, ал бір заттың алдыңғы бөлігін түсіндіру үшін «мурну» тұлғасы қолданылады. Мұның езі «мұрын» өз атауын орналасқан орнына қарай меншіктенген деген жорамалға тірейді. Шын мәнісінде де, адам мен жануарлар денесінің алдыңғы жағында орналасқан мүше тек мұрын ғана, одан озық орналасқан басқа мүшені айта қою қиын.[1]

Мұрынның Құрылысы

Сыртқы мұрын деп аталатын бесенеден белгiлi көрнектi мұрынның бiр бөлiгi жақсы түбiр, Арқалық, бас жақтан және қанаттар тұрады. Сыртқы мұрынның негiзiн мұрын ойын таcтарын құрайды - маңдай өсiндi шықшытты, қабырғада болу шемiршек және үлкен қанат тәрiздi кеңсiрiк, танаулар саңылаулардың Носоваларының қысуы және созу үшiн төмен қарай арналған жабулы бұлшық еттермен. Сыртқы мұрын бiр жағынан және сондай болып терiмен,

Ринит, мұрын бітелу — мұрын қуысының шырышты қабатының қабынуы. Ауруды мұрын қуысына түскен микробтар мен вирустар тудырады. Қоздырғыштардың дамуына организмнің мұздауы, ауаның құрамында шаң-тозаң мен зиянды газдар мөлшерінің артуы, гүл тозаңдары (қ. Поллиноз) әсер етеді. Көп жағдайда Ринит жұқпалы аурулардың (тұмау, дифтерия) әсерінен де болады. Риниттің жедел және созылмалы түрлері бар. Кейде вазомоторлы (вегетативті жүйке жүйесінің қабынуы) және аллерг. (организмнің аса сезімталдығы) түрлері де кездеседі. Аурудың бастапқы кезінде мұрынның шырышты қабаты ісінеді, науқастың тамағы қызарып, құрғайды. Бірнеше күннен кейін мұрыннан сұйық ірің ағады. Бұл кезде дене темп-расы аса көтерілмейді, бірақ ауру адамның басы ауырып, тыныс алуы қиындайды, көздің шырышты қабатының қабынуынан көзден жас ағады. Әсіресе мұрын бітелу нәрестелерде қиын өтеді, себебі, олардың мұрын қуысы тар болады да, мұрын ішіндегі болар-болмас ісіну олардың дем алуына, емшек емуіне кедергі жасайды. Кейде қабыну мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабатына, есту түтікшесіне, көмейге, кеңірдекке, тіпті өкпеге де таралуы мүмкін. Ауруды дер кезінде емдемесе, асқынып, созылмалы түріне ауысады.

Жедел ринит-мұрынның шырышты қабатының қабынуы.

Этиологиясы: вирустар, микроорганизмдер, аллергиялық, механикалық, химиялық, гипертермиялық тітіркендіргіштер. Осы этиологиялық факторлардың әсерінен мұрынның шырышты қабатының ісінуі және гиперсекрециясы дамиды.

Клиникалық көрінісінің 3 кезеңі бар:

1. Құрғақ ринит, ұзақтығы 1 тәулік.

2. Серозды бөліністер кезеңі- 2-3 тәулік.

3. Іріңді бөліністер кезеңі- 3-4 тәулік, кейде бірнеше аптаға созылады.

Үлкен жастағы балаларда мұрнында және жұтқыншағында құрғақтық сезімі пайда болады. Тыныс алу қиындайды, жас ағу, бас ауыру байқалады, иіс сезуі төмендейді. Жалпы жағдайы нашарлайды. Тыныс алудың нашарлауы емудің нашарлауына әкеледі. Дұрыс тамақтанбауы ұйқынуының бұзылуына, мазасыздыққа әкеледі. Дене салмағы төмендейді. Дене қызуының көтерілуі бірнеше тәулікке созылады. Жұтқыншақтың артқы қабырғасымен шырыштың ағуы әсіресе түнде жөтелге әкеледі.Аллергиялық ринитте дене қызуының көтерілуі болмайды. Мұрын бөліндісі іріңді болмайды. Бала түшкіреді, көзінің және мұрнының қышуы болдады.

Емі: аурудың бастапқы кезінде денені жылы ұстап, бал немесе таңқурай қосылған шай ішу, мұрын ішіндегі қан тамырларын тарылтатын ерітінділер (санорин, галозалин, т.б.) қолдану. Ринитті болдырмау үшін денені шынықтырып, спортпен шұғылданған жөн; үйде және жұмыс орнында жеке бастың гигиенасын сақтау қажет; егер жұмыс орны шаң-тозаң, улы газбен байланысты болса, респиратор немесе қорғаныш дәкесін қолдану керек. Гайморит- мұрынның екі жағында орналасқан гаймор қуысының қабынуы. Бұл ауру, әсіресе, күз-қыс айларында тұмаудың асқынуынан дамиды. Гайморит ауруының негізгі қоздырғыштары — инфекция: вирустар мен бактериялар. Індет (инфекция) мұрын қуысы және қан ар-қылы гаймор қуысына түсіп, ол қуысты зақымдайды. Көп жағдайда жоғарғы жақ тіс тамырларын қоршап жатқан етті аумақ жұмысының қалыпты жағдайдан ауытқуынан вирустар мен бактериялар гаймор қуысына еніп кетеді. Гайморит ауруының белгілері: бас ауруы; мұрынмен тыныс алудың қиындауы; мұрыннан қою сұйықтықтың ағуы; тұмаудың ұзаққа созылуы. Оның белгілері - бас ауырады, мұрынмен дем алу қиындап, одан қою сұйықтық ағады, қысқаша айтқанда, ауру асқынып кетіп, дене қызуы жоғарыласа, онда гаймор қуысын рентгенге түсіріп, «пункция» жасату керек. Егер сырқаттың жағдайы жақсы болып, жоғарыдағы ауру белгілері болмаса, онда гаймор қуысын инемен теспей, қарапайым жолмен (аппаратпен) жуып, дәрі жіберіп емдесе, ол жазылып кетеді. Бұл әдіс «кукушка» деп аталады. Сонымен қатар физиотерапевтикалық ем қабылдаса, ауру тез айығып кетеді.
Тұмаудың асқынуы немесе тіске құрт түсудің салдары гайморитке әкеп соғады. Гайморит — жоғарғы жақ iшiндегi кеңсiрiктiң кiлегей қабықшасының қабынуы. Қызылша, тұмау, скарлатина аурулары мен азу және ақыл тiстер уақытында дұрыс емделмегеннен гайморит ауруы пайда болады. Иiс сезу қабiлетiн жойып, ұйқыны бұзатын, дене қызуын көтеріп, адамды әлсiрететiн гайморит қандай ауру?
Гайморитті ең алғаш 1613-1685 жылдар аралығында ағылшын тәнтанушысы Н.Гаймор ашқан. Кейін бұл сырқат Гаймордың есімімен аталса керек. Гайморит қалай пайда болады? Тіс тамырларының қабынуы көп жағдайда гайморитке әкеп соғады. Сол себепті тіске үлкен мән бере білген жөн. Сонымен қатар, бактериялар мен вирустар да гаймориттің дамуына жол ашады. Олар алдымен мұрын арқылы ішке еніп, қанға араласады, содан соң мұрын сырты ісініп, қызарады. Одан кейін ағза әлсiреп, иммундық жүйе вирустармен күресе алмайды. Иммунитеттiң төмендеуiнен көптеген созылмалы аурулар пайда болады. Гаймориттi дер кезiнде емдемесе, кеңсiрiкке түскен iрiң миға шауып, менингит ауруына ұласуы мүмкiн...
Гаймориттің белгiлерi: Алдымен науқастың мұрны бiтiп, демалуы қиындайды. Мұрын тұсы жағымсыз күйде болып ауырады. Даусы қырылдап, тамағы, тісі ауырады. Көп жағдайда мұрын қуысынан шырышты, түссiз немесе iрiң (жасыл, сары түстi) сұйық зат бүлiнедi. Сырқаттың халi нашарлап, шаршайды. Тамаққа тәбетi болмай, ұйқысы бұзылады. Дене қызуы 38 градусқа көтеріледі немесе кейде одан да жоғары болады. Бұл белгілер гаймориттің жедел түріне тән.
Ал гаймориттің созылмалы түрiнде дене қызуы онша көтерiлмейдi. Мұндағы белгілер — науқастың көзi жасаурап, иiс сезу қабiлетi төмендейдi. Ауру адам қалтырап тоңып, дене қызуы көтерiлiп, бетi iсiнедi, көзі, басы ауырып, әлсірейді.

Шегрен синдромы-созылмалы ағыммен және көзжастық бездер мен сілекей бездерінің патологиялық процесінің нәтижесінде дәнекер тіндерінің аутоиммунды зақымдалуы. Әйелдердің оннан тоғызы Шегрен синдромымен ауырады.Әр түрлі жаста кездеседі,ер адамдарда ауырады.АҚШ-та бұл синдроммен 4 млн астам адам ауырады. Этиологиясына байланысты біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.Біріншілік өзінен-өзі пайда болған,екіншілік басқа да аурулардан кейін,яғни ревматойдты артриттен,жүйелі қызыл жегі,жүйелі склеродермия,біріншілік билиарлы цирроздан кейін дамады.

Этиологиясы.Аутоиммунды ауру.

Клиникалық көрінісі:

-Шырышты қабықтың құрғақтылығы

-Ксероофтальмия-құрғақ көзділік

-Ксеростомия-ауыздың кебуі

-Терінің құрғауы

-Қынап аймағында қышыну және ауыру сезімі

-Тыныста –трахеобронхит

-Бүйректе гломерулонефрит

-Қан тамырда-Рейно синдромы

-Перифериялық нерв жүйесінде-бет невриті

 

Баспа, ангина (латынша ango — қысамын, тұншықтырамын) — көмейдегі бадамша бездерінің қабынуынан болатын жұқпалы ауру. Оның қоздырғышы — стрептококк бактериясы. Баспа адам организмінің түрлі жұқпалы вирустарға қарсы тұру қабілеті төмендегенде, суық тигізгенде, витаминдер жетіспегенде, шаршағанда пайда болады. Баспа — бадамша бездерінің ісініп, жұтқыншақтың қызаруымен басталады; тамақ құрғап, жұтындырмайды. Тамақ бездері ісініп, қол тигізбей ауырады. Дене қызуы көтеріліп, бас ауырады, буын сырқырайды, адам дел-сал болып әлсірейді. Ауру асқынғанда бадамша бездері қабынып, ақшыл сары ірің пайда болады. Баспаны дер кезінде емдемесе, ортаңғы құлаққа өтуі мүмкін. Мұндай Баспа өзінен-өзі жарылады, кейде оған операция жасауға тура келеді. Баспаның жедел өтетін және созылмалы түрлері бар. Баспаны емдемесе, ауру бүйрекке, жүрекке, т.б. органдарға шабуы мүмкін. Сондықтан Баспаның алғашқы белгісі білінісімен дәрігерге жедел көрініп, созылмалы түрге өткізбей емделу қажет. Б-мен ауырғанда міндетті түрде жатып емделу, тамақты жылы ұстау, мезгіл-мезгіл сұйық тағам ішу, жылы компрессқою, жиі-жиі тамақты сода, тұз ерітінділерімен шаю, антибиотиктер ішу қажет. Баспаның алдын алуда дене шынықтырудың,спортпен шұғылданудың маңызы зор.Бадамша бездердің қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауру. 1 жасқа дейінгі балалар сирек ауырады, өйткені олардың бадамша бездері әлі дамып жетілмеген.Бадамша бездеріндегі жергілікті өзгерістерге байланысты 3 түрі бар:

1. Катаральды баспа -бадамша бездерін, таңдайды қан кернеп ісініп кетеді.

2. Лакунарлы баспа -қан кернеп ісінген бадамша бездерінің лакуналарында іріңді қабыршықтар пайда болады.

3. Фолликулярлы баспа -инфекция бадамша безінің тканіне өтіп, оның ішіндегі фолликулаларды іріңдетеді. Іріңдеген фолликулалар сары іріңді нүкте сияқты болып көрініп тұрады. Бұл баспаның ең ауыр түрі.

Емі және күтімі:

1. Төсек режимі тағайындалады.

2. Көп мөлшерде сұйықтықтар-компот, малина салынған шай, сүт т.б.

3. Сағат сайын баланың тамағын ас содасымен, фурациллин ерітіндісімен, түймедағы, эвкалипт, календула қайнатпаларымен шайдырып тұру керек.

4. Тамақты булау.

5. Каметон, ингалипт аэрозольдарын қолдану.

6. Баланың жасына қарай антибиотиктер, сульфаниламидтер тағайындау.

7. Дене қызуын басатын дәрілер-амидопирин, парацетамол, аспирин.

Стеноздаушы ларингит (жалған круп)

Көмейдің шырышты қабатының қабынуы, көбінесе риниттен кейін дамиды. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, дауысы ққарлығып шығады, құрғақ «ит үрген жөтел» пайда болады, дене қызуы көтеріледі. 4-5 күннен кейін бала жазылып кетеді. Аллергиялық диатезбен ауыратын балалардың дыбыс желбезектері астының клетчаткасы ісініп, тыныс саңлауы тарылып бітеді. Стеноз көбінесе түнде кенеттен дамиды. Баланың тыныс алуы қиындап, сырылды демалыс пайда болады, еріндері, мұрын-ауыз үшбұрышы көгілдір тартады (цианоз дамиды).Стеноздың және тыныс алу жетіспеушілігінің айқындалуына байланысты 4 дәрежесі бар:

1-ші дәрежесінде - «ит үрген жөтел», дауыстың қарлығуы, алыстан естілетін тыныс алу бала жылағанда немесе мазасызданғанда пайда болады.

2-ші дәрежесінде - бала мазасызданады, жөтелі жиілейді, ентігу, терлегіштік және мұрын-ауыз үшбұрышының цианозы айқын.

3-ші дәрежесінде -бала тынымсыз, қорқақ, төсекте мазасыз, терісі бозғылт, ылғалды, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы, акроцианоз. Тыныс алуы-шулы. Тыныс алуда қабырғааралық бұлшықеттері қатысады. Пульсының ритмі бұзылған, жүрек соғысы нашар естіледі.

4-ші дәрежесінде - бала әбден шаршаған, әлсіз, басын артқа тастап, аузымен ауа қармайды, мойнының бұлшық еттері тартылған. Цианоз кенет дамиды, тырысу пайда болуы мүмкін. Пульстің ритмі ретсіз, жүрек тоны нашар естіледі, тыныс алу тоқтап, жүрек соғысы тоқтайды.

Нағыз круп пен жалған круптың (стенозды ларингиттің) ажырату диагностикасы

Белгісі Нағыз круп Жалған круп
дауысы Қарлығып, толық жоғалады Қарлығуы тұрақсыз
Жөтелі Құрғақ, «ит ургенге ұқсас», дыбыссыз Құрғақ, «ит ургенге ұқсас», дыбысы сақтаулы
Бадамша безінде Сұрғылт, қиын алынатын, алғанда орны қанталайтын қабыршық Беткей, оңай алынатын іріңді шырыш
Мойын лимфа түйіндері Екі жақта үлкейген, ауырсынуы әлсіз, теріасты қабатының ісінуі Үлкейген, қатты ауырсынады, ісіну жоқ, жеке лимфа түйіндері пальпацияланады.
Стеноздың дамуы Баяу дамиды, тыныс алуы шулы, ентігуге ауысады, өз бетімен басылмайды Кенет түнде дамиды, өз бетімен басылады.

«Жалған круптағы»/стенозды ларингиттегі/ көрсетілетін жедел жәрдем

1. Баланыңбасынжоғарысалуыңыз

2. Қысатынкиімдерденбосатыңыз

3. Таза ауаменқамтамасуетіңіз

4. Қышақағазынбалтырғажапсырыңыз,ыстықаяқваннасынжасаңыз/экссудаттыңтөменкетуінебайланыстыісінуіқайтады/

5. Ингаляция жүргізіңіз/эуфиллин,ассодасы,қақырықтүсіретіндәрілер/ дауысқуысыныңісінуінтөмендетеді.

6. Бұлшықеткенемесекөктамырға лазикс 1-2мг/кг/1мл-10мг/ енгізіңіз

7. Эфедрин 0,1мл/жастеріастынанемесебұлшықеткеенгізіңіз. Ауыржағдайдапреднизалонбұлшықеткенемесекөктамырғаенгізіңіз 3-5мг/кг /1мл -30мг/

8. Оттегіберіңіз

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ

1.Самура Б. А., Черных В. Ф., Лепахин В. К. и др. Фармакотерапия с фармакокинетикой: Учебное пособие для студентов высш. учеб. заведений // Под ред. Б. А. Самуры. — Харьков: Изд-во НФаУ: Золотые страницы, 2006

2.google.Кz

3. Қазақ Энциклопедиясы


Дата добавления: 2015-11-26 | Просмотры: 1904 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.013 сек.)