АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Бронообстуктивті синдром

Бронхообстуктивті синдром –ол ұстама тәрізді экспираторлы ентігу,тұншығу,тыныс шығарудың қиындауы мен,алыстан естілетін сырылдар мен,тыныс шығарудың ұзаруымен,құрғақ сырылдар мен(бронхтардын диаметріне байланысты),ауырсынудың орнының тұрақсыздығы. 1.Бронхтық астма -ерте жаста басталады,бронхтардың жалпылама қайтымды острукциясынан дамитын экспирациялық ентікпе мен ұстама.Ұстамадан алдын хабаршы белгілердің пайда болуы.Ұстамадан алдын қиналдыратын құрғақ жөтел пайда болып,содан кейін науқас ентіге бастайды.Ұстама кезінде тыныс шығару 3-4 есе ұзарады.Тыныс фазасының екеуінде де алыстан естілетін құрғақ сырылдар болады,бронхаспазм кушейе келе сырылдар бәсеңсейді тіпті жойылады.Ұстама кезінде дене мәжбүр қалыпта науқас қолдарын тізесіне н/е отырғышқа тіреп отырады.Тыныс қызметіне иық белдемесінің,кеуденің,құрсақтың бұлшық еттері белсенді қатысады.Эмфиземаға байланысты кеуде кеңейеді перкуссиялық дыбыс қорап дыбыстыға айналады.Өкпенің шеті төмен туседі,қозғалысы шектеледі тыңдағанда тыныс шығаруы ұзарған әлсіз везекулялық тыныс ж/е құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі.Журектің нағыз тұйықтығы кішірейеді,тондары шаққа естіледі.Ұстама басылар алдында науқас қайтадан үсті-үстіне жөтеліп әйнек тәрізді мөлдір кілегейлі,түйіршікті қақырық тастайды.қақырық түскен соң тыныс шығару жеңілдейді,құрғақ сырылдар азаяды.Бронхтық астмада аллергиялық анамнезі оң болады. 2.Жедел бронхиолит -құрғақ жөтел,төс артының ашып аруы,қырнап ауруы,қақырық әдетте кілегейлі,кейде кілегейлі-іріңді,н/е қан талшықтары болады,тәуліктік мөлшері 50мл аспайды,экспираторлық ентікпе,интоксикация салдарынан әлсіздік,температура,ауыз-мұрын айналасына ұшықтар шығуы,көмей гиперемиясы байқалады. Перкуссиялық тыбыс әдетте өзгермейді,кушейген қатаң везикулалық тыныс,құрғақ кейде ылғалды сырылдар естіледі,тыныс шығару ұзарады. 3.ХОБЛ- 40-50 жас аралығында басталады аллергиялық анамнезі теріс,ұстамалы жөтел,кілегейлі –іріңді көп мөлшерде шырышты қақырық,экспираторлы ентікпе,дем шығарудың ұзаруы.Эмфиземалық түрінде негізгі симптомы –ентігу,қақырығы аз,шырышты.Бронхиттік түрінде негізгі симптомы-жөтел,қақырығы көп,іріңді.рентгенологиялық өзгерісінде өкпе суретті күшейген,жүрек өлшемі ұлғайған.

 

27.созылмалы гепатиттің диагностикалық критерийлері

Созылмалы гепатит В диагностикалық сипатбелгілері:

· Ауру ағымы үнемі үдемелі

· Оң жақ қабырға астындағы ауырсыну және ауырлық сезімі

· Диспепсиялық көріністер

· Астеновегетативный синдром

· Субфебрилитет болуы мүмкін

· Терінің және склераның сарғаюы

· Әр түрлі дәрежедегі гепатомегалия: бауыр ауырсынады, консистенциясы тығыз – эластикалық, шеттері жұмырланған

· Шамалы спленомегалия

· Жоғары белсендік дәрежесі кезінде геморрагиялық синдром

· Цитолиз, мезенхимальды қабыну синдромы, патологиялық үдерістің жоғары белсенділігі кезінде – гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы

· Бауырдан тыс көріністер: васкулиттер, гломерулонефрит, криоглобулинемия, пневмофиброз,

· гепатита В вирусының репликациялық сарысулық маркері - HBV–ДHK (200 нг/мл жоғары), HВeAg, HВcAbIgM.

гепатита В вирусының интеграциялық сарысулық маркері - HвsAg,

Созылмалы гепатит Д диагностикалық сипатбелгілері:

· Ауру ағымы үдемелі

· Оң жақ қабырға астында ауырсыну

· Диспепсиялық көріністер

· Астеновегетативті синдром

· Субфебрилитет болуы мүмкін

· Терінің және склераның сарғаюы

· Әр түрлі дәрежедегі гепатомегалия: бауыр ауырсынады, консистенциясы тығыз – эластикалық, шеттері жұмырланған

· Спленомегалия, кейде гиперспленизм синдромы

· Жоғары белсендік дәрежесі кезінде геморрагиялық синдром

· Цитолиз, мезенхимальды қабыну синдромы, патологиялық үдерістің жоғары белсенділігі кезінде – гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы

· Әр түрлі дәрежедегі гепатомегалия: бауыр ауырсынады, консистенциясы тығыз – эластикалық, шеттері жұмырланған

· Шамалы спленомегалия

· Жоғары белсендік дәрежесі кезінде геморрагиялық синдром

· Цитолиз, мезенхимальды қабыну синдромы, патологиялық үдерістің жоғары белсенділігі кезінде – гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы

· Бүйректен тыс байқалулар тән емес

· Жоғары белсенділік кезінде – бауыр паренхимасының «өткел тәрізді» некроздары, баруыр биоптатының морфологиялық зерттеулері кезінде бауыр циррозының ерте елгілері, порталды трактының және бауыр бөліктерінің лимфоидты-гистиоцитарлы инфильтрациясы.

· Бауыр циррозына жиі трансформациялау

· В гепатиті вирусының репликация маркерлерінің төмен титрлары немесе мүлдем болмауы

· Қан сарысуында репликация фазасына HDV- PHK, интеграция фазасына HDV AbIgM анықталуы.

Созылмалы гепатит С диагностикалық сипатбелгілері:

· Аз симптомды немесе латентті өтеді

· Клиникалық айқын манифесттік ағымы кезінде: оң жақ қабырға астының ауыруы, диспепсиялық көріністер, астеновегетативтік синдром, геморрагиялық синдромның болуы мүмкін

· Субфебрилитет болуы мүмкін

· Терінің және склераның сарғаюы

· Әртүрлі деңгейдегі гепатомегалия: бауыр ауырсынады, консистенциясы тығыз - эластикалық, шеттері жұмыр.

· Спленомегалия, кейде гиперспленизм синдромы

· Цитолиз синдромы, мезенхимальдық қабыну синдромы, патологиялық үдерістің жоғары белсенділігі кезінде - гепатоцеллюлярлық жеткіліксіздік синдромы

· Көптеген бауырдан тыс белгілердің болуы - васкулиттер, мембраноздық-пролиферативті гломерулонефрит, криоглобулинемия, пневмофиброз, Шегрен синдромы, кешеуілдеген тері порфириясы, увеит, кератит, сүйек кемігінің аплазиясы, тиреоидит.

· Жиі бауыр паренхимасының «сатылы» некроздары, портальдық тракт пен бауыр бөліктерінің лимфоидті-гистиоциарлы инфильтрациясы

· Бауыр циррозына, гепатоцеллюлярлық карциномаға жиі трансформациялау

· Бауырдан тыс жүйелі көріністері кезінде – циркулирленген иммундық кешендердің анықталуы

· В гепатиті вирусының репликация маркерлерінің төмен титрлары немесе мүлдем болмауы

· Қан сарысуында HCV –PHK, репликация фазасында HCV AbIgM, интеграция фазасында HCV AbIgG анықталады

 

28.Асқазан мен ұлтабардың ойық жара ауруының этиологиясы мен патогенезі. Жара ауруы- гастродуаденальды аймақта біріншілік созылмалы рецидивтеуші асқазанда ж/е он екі елі ішекте жара түзілуімен жүретін ауру. Этиологиясы: HP мен инфицирлену.HP мекендейтін жері асқазанның антральды бөлігі.HP ұлтабарды мекендеуі үшін оның кілегей қабығы асқазандық метаплазияға ұшырауы қажет.Ұлтабарды мекендеген HP жараның,эрозиялардың дамуына әкеледі. Жедел ж/е созылмалы психоэмоциональдық стресстік жағдайлар.Нервтік қобалжулар жараның дамуына ж/е оның өршуіне алып келеді.Алиментарлық факторлар тітіркендіргіш өте өткір, өте ыстық н/се суық тағамдар асқазан секрециясының көп бөлінуін шақырады, сонымен қатар тұз қышқылының көп түзілуіне әсер етеді.Алкогольді,кофені,темекіні көп қолдану.Никотин асқазан тамырларының тарылуын шақырады ж/е асқазан шырышты қабығының ишемиясына әкеледі, оның секреторлық қабілетін күшейтеді,тұз қышқылының гиперсекрециясын шақырады,пепсиноген1 дің конц.жоғарылауын қабілеттендіреді,асқазаннан тағамдардың эвакуациясын тездетеді,пилорикалық бөліктегі қысымды төмендетеді ж/е гастродуоденальды рефлюкс түзілуіне жағдай жасайды.Алкоголь да тұз қышқылы секрециясын стимулдейді ж/е қорғаныштық асқазан шырышының түзілуін бұзады.Асқазанның шырышты қабығының резистенттілігін төмендетеді ж/е созылмалы гастриттің дамуын шақырады.Кофе тұз қышқылы секрециясын стимулдейді ж/е асқазан шырышты қабығының ишемиясын дамуын қабілеттендіреді. Дәрілік заттардың әсері. Ацетилсалицил қышқылы, стероидты емес қабынуға қарсы заттар,резерпин,глюкокортикоидтар асқазанның ж/е он екі елі ішектің жедел жарасын дамытуға қабілетті.Жараның дамытушы аурулар:Созылмалы обструктивті бронхит, бронх демікпесі,жүрек қан тамыр жүйесінің аурулары,бауыр циррозы,ұйқы безі ауруы. Патогенезі: Асқазанға түскен НР антральды бөлікті мекендеп,созылмалы қабыну процесін қоздырады ж/е кілегей қабықтың қорғаныс қасиетін төмендетеді.Бұл процестен кейін асқазанның моторикасы тезделіп,ішіндегі қышқылды зат ұлтабарға түсіп,оны тітіркендіреді.Кейбір патогенездік ерекшеліктер жараныңорналасуына әсер етеді.Мысалы, асқазан денесінде орналасқан жаралардың басты механизмі-қабынудың салдарынан кілегей қабықтың қорғаныс қасиетінен төмендеуі,муцин түзілуінің азаюы,эпителий регенерациясының төмендеуі,микроциркуляцияның бұзылысы ж/е дуодено гастрольдік рефлюкстің дамуы болып табылады.Пилородуоденальды жаралардың дамуындағы механизм -гиперсекрецияның әсерінен кілегей қабықтың тұз қышқылымен ж/е пепсинмен үнемі зақымдануы.

 

29.Анемиялық синдром бойынша ажыратпалы диагноз жүргізу. Анемия-гемоглобиннің ж/е эритроциттердің концентрациясының төмендеуімен жүретін клинико-гематологиялық синдром. 1.Темір тапшылықты анемия –қан сарысуында, сүйек миында,деполарда темірдің жетіспеуінен дамитын анемия.Клиникалық көрінісінде:мидың гипоксиясынан ұйқышылдық, бас ауруы,бас айналуы,көз алдында шыбын шіркей сияқты көлеңкелер көрінеді,кейде төсектен тез тұрғанда науқас талып қалады,жаурағыш келеді.Терісінің түсі жасыл реңді болады,кейде сарғыш реңді болады,әсіресе ауыздың айналасы сарғаяды.(хлоротиктердің сары мұрт симптомы).Аяқтары,беті,көз астының ісінуі байқалады.Көгілдір склера симптомы-көз ак қабығының көгілдірленуі,парадонтоз бен кариестің тез дамуы.Қан анализінде:гемоглобин конц.төмен,түстік көрсеткіш төмен(0,7-0,5),микроцитоз,пойкилоцитоз,анизоцитоз;ретикулоциттер санының өзгермеуі,лейкоциттер санының өзгермеуі;Биохимиялық зерттеу:қан сарысуында темірдің төмендеуі(1,8-5,4мкмоль/л),ферритиннің мөлшері(10г/л)төмендеуі,плазманың жалпы темірге байланысу қасиетінің жоғарылауы. 2.В12 тпшылықты анемия біртіндеп дамитын аз симптоммен өтеді.Клиникалық көріністері:әлсіздік,тез шаршау.ентігу,бас айналу,жүрек қағуы.Науқастар бозғылт болады,глоссти белгілер байқалады,тіл емізікшелерінің атрофиясы, бауыр көкбауырдың ұлғаюы байқалады.Нерв жүйесі зақымдалу симптомдары байқалады.(фуникулярлы миелоз).Неврологиялық көріністер негізінде нерв талшықтарының демиелинизациясы жатыр.Дистальды парестезиялар,сезімталдықтың төмендеуі,сіңірлік рнфлекстердің жоғарылауы көрінеді.Қан анализінде:эритроциттер санының төмендеуі,гемоглобиннің төмендеуі,түстік көрсеткіштің жоғарылауы(1,05),макроцитоз,эритроциттердің базальды пунктуациясы Джолл денешігі ж/е Кебот сақинасының болуы,ортохромды мегалобластардың пайда болуы, ретикулоциттердің төмендеуі,лейкопения,тромбоцитопения,моноциттердің төмендеуі,анэозинофилия. 3.Гемолиздік анемия. Анемиялық симптомдары:терінің бозаруы,ентігу,бас айналу,тахикардия,жүрек түрткісінде систолалык шу.Гемолиз белгілері:сараю,гепатоспленомегалия,уробилиннің мөлшері көбейгендіктен зәрдің түсі қоңыр түсті болады.Стерколибиннің көбеюінен нәжістің түсі қоңыр болады.Қан анализінде:жиі нормохромды анемия болады,анизоцитоз,пойкилоцитоз,ретикулоцитоз тромбоцитопения,эритроциттердің микросфероцтозы,эритроциттердің осмостық резистентілігінің төмендеуі,этж жоғарылайды. Бха: гипербилирубинемия,ЛДГ активтілігінің жоғарылауы,гемоглобинемия.

 

30.Миокард инфарктісінің диагностикалық критерийлері. 1.Ауырсыну синдромы,оның эквиваленттерінің физикалық мәліметтері:Перикардтың үйкеліс шуы,перикардиальды аймақта пульсация,артериялық қысымның төмендеуі,ритмнің ж/е өткізгіштіктің бұзылысы,жедел жүрек жеткіліксіздігі. 2.МИ ЭКГ бойынша локализациясы:алдыңғы-перегородкалық--- І, аVL, V1-V2; жүрек ұшы түрткілік V3-V5; таралған:I, aVL, V1-V6; жоғарғы алдыңғы aVL, V2/4-V2/6; бүйірлік V5-V6; артқы диафрагмалдьдық ІІ, ІІІ, аVF; артқы-бүйірлік III, aVF, V5-V6; артқы-базальды реципрокты өзгерістер VI-V2 де; оң жақ қарынша II, III, aVF, V4, aVR. 3Резорбционды некротикалық синдром: а)қызба(дене темп.2-3кунге котерілуі), б)лейкоцитоз(1ші сағ,1аптаның соңына қарай қалыпты), в)ЭТЖнің жылдамдауы(7-10күнге карай),с)ферменттердің жоғарылауы(миоглобиннің жоғарылауы,КФК-МВ жоғарылайды,ЛДГ 1 жоғарылайды,АСТ,АЛТ жоғарылайды). 4.ЭХО-КС- белгілі жерлерде кинетиканың төмендеуі.

 


Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 705 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.006 сек.)