Тест тапсырмалары пиелонефрит
ІI-Вариант
1. Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің қоздырғышы:
A) кандидалар+++++
B) эхинококк
C) аспергиллалар
D) микоплазмалар
E) ішек таяқшалары
2. Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы – төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, тез оң динамика қандай ауруға тән:
A) саркоидозға
B) пневмокониозға
C) ошақты пневмонияға+++
D) милиарлы туберкулезге
E) инфильтративті туберкулезге
3. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін тиімді антибактериялық терапияны тағайындаңыз:
A) гентамицин
B) тетрациклин
C) кларитромицин +++++
D) бисептол
E) кефзол
4. Пневмония кезінде зақымданбайды:
A) өкпе интерстициі
B) тыныстық бронхиолалар
C) альвеола
D) ірі бронхтар +++++
Е) орта бронхтар
5. Легионелламен қоздырылған пневмонияны мына топ дәрмектерімен емдейді:
A) аминогликозидтер
B) пенициллиндер
C) цефалоспориндер
D) тетрациклиндер
E) макролидтердің кейінгі ұрпақтары ++++
6. 30 жастағы науқас тәбетінің нашарлауына, жөтелге, кешке дене температурасының 39 оС жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.Өкпенің сол жағында майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада; сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суретінің тұсында бояуы әлсіз қанықтағы ошақты көлеңкелер көрінеді.Қанның анализінде-лейкоциттер – 9,8 x109, ЭТЖ –29мм сағ. Қақырықтан ТМБ сы анықталмады. Болжам диагноз?
A) Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы
B) Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулезі
C) Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты пневмониясы++++
D) Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты пневмониясы
E) Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің абцессі
7. Қандай қоздырғыш жедел пневмонияны дамытқанда өкпе деструкциясы дамиды?
A) пневмококк
B) стафилококк
C) стрептококк++++
D) легионелла
E) вирус
8. Пневмония кезіндегі антибиотиктерді тағайындаудағы бақылау уақыты
A) дене қызуы қалпына келген дейін
B) өкпедегі инфильтраттар толығымен таралғанға дейін++++
C) ЭТЖ қалыпты болғанға дейін
қалыпты дене қызуы 4-5 күн сақталғанға дейін
D) жөтел толық тоқтаған уақытқа дейін
9. «Атиптік пневмония» терминіне түсініктеме бер:
A. грамтеріс микрофлорамен шақырылған пневмониялар
B. жоғарғы бөлікте орналасқан пневмококкты пневмония
C. вирустық бронхопневмония
D. эозинофильді инфильтрат
E. легионелла, хламидия, микоплазмалармен шақырылған пневмониялар+++++
10. Халықаралық консенсус және Ресей терапевтік хаттамасына сәйкес пневмониялар жіктелуіне енгізілген:
A. ауруханадан тыс, аурухана ішілік, иммуножетіспеушілігі бар науқастарда ++++++
B. жедел, жеделдеу, созылыңқы, созылмалы
C. аллергиялық бензинді, травмадан кейін, кәсіптік
D. хирургиялық емді қажет етеді және қажет етпейді.
E. туа және журе пайда болған.
Тестілік сұрақтар: созылмалы өкпелі жүрек
1-вариант
1. Өкпенің гиперемиясын азайтады
A) кардиамин
В) теофиллин
С) бромгексин
D) пентамин +++++
Е) фалиминт
2. Созылмалы өкпелік жүректің негізгі морфологиялық субстраты болуы мүмкін:
A) сол қарыншаның дилятациясы
B) оң қарыншаның дилятациясы
C) сол қарыншаның гипертрофиясы
D) оң қарыншаның гипертрофиясы++++
E) оң жүрекшенңғ гипертрофиясы мен дилятациясы
3. Өкпетекті жүрекке тән жүрек шамасыздығының белгісі:
A) түрлі дәрежелі ентікпе
B) мойын веналарының томпаюы +++
C) диффузды цианоз
D) тахикардия
E) жүрек ұшының солға, төмен ығысуы
4. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы және өкпетекті жүрекпен ауыратын, жағдайы тұрақты науқастың өмірлік болжамының жақсаруы келесі шараларда болуы мүмкін:
A) тұрақты оттегілік терапия+++
B) бета-блокаторларды ұзақ қолдану
C) варфарин курсын жылына 2-3 рет тағайындау
D) кезеңдік трахеобронхиальды санация
E) ұзақ әсерлі нитраттарды қолдану
5. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын науқаста өкпелік жүрек дамуының негізгі себебі:
A) тыныс жолдарының обструкциясы
B) бронхиальді ағаштың деформациясы
C) жүректің минуттық көлемінің азаюы
D) өкпе артериясының гипоксиясы мен ұзақ спазмы++++++
E) бронхиолалар мен альвеолаларда қысымның төмендеуі
6.60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:
A) қарынша ішілік бөгемелер
B) сол жақ қарынша гипертрофиясы
C) сол жақ жүрекше гипертрофиясы
D) оң жақ қарынша гипертрофиясы++++
E) Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі
7. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруымен ауыратын науқастардың емдік жоспарында тиімді:
A) мукорегуляторларды тағайындау
B) бронходилататорларды қолдану++++
C) тыныс жеткіліксіздігін реттеу
D) тұрақты глюкокортикоидты ем
E) қабынуға қарсы емді жүргізу
8. Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтау үшін мәліметті әдіс:
А) науқастың шағымдары мен анамнезі
В) рентгенологиялық зерттеу
С) спирографиялық зерттеу
D) артериалық қанның газдық құрамын зерттеу+++++
Е) науқасты физикалық тексеру
9. Өкпетекті жүректің емінде қолданатын кальций антагонистері:
A) конкор, стамло
B) берлиприл, нифедипин
C) нифедипин, дилтиазем+++
D) диротон, атенолол
E) липримар, моноприл
10. Созылмалы өкпе текті жүрек дамығанда рентгенологиялық зерттеу кезінде келесі өзгерістер анықталады:
1.өкпе артериясының оң жақ құлдыраушы бөлімінің кеңеюі;
2. өкпе тамыр суретінің күшеюі;
3. өкпе артериясы ортаңғы тармағының пульсациясының күшеюі;
4.өкпе артериясы шеткі бөлімдерінің пульсациясының күшеюі.
Схеманы қолдана отырып дұрыс жауабын таңдаңыз:
А)1, 2, 3;+++
В)1,3;
С) 2,4;
D) 4;
Е)1,2,3,4.
Тест тапсырмалары пиелонефрит
1 - вариант
1. Индапамидтің әсер ету механизмі:
A) Ангиотензин-I-айналдырушы ферментінің белсенділігін тежеу
B) B1 және B2-адренорецепторларды қайтымды тежеу
C) Имидазолинді рецепторлардың селективті агонистері
D) Нефрон ілмегінің кортикальды сегментінде натрий иондарының реабсорбциясын тежеу++++
E) Дистальды өзекшелрдің бастапқы бөлімдерінде натрий мен хлор реабсорбциясын тежеу
2. 24 - жастағы қыз баланы, бетінің және аяқтарының ісуі, қызба, майда буындардағы және бел аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Теңізде дем алғаннан кейін, бет мен мұрныны үсті қызарып, қызуы көтеріліп, шашы түсіп, ауырған. Қанында: Нв - 81 г/л, эритроциттер - 2,8 млн., лейкоциттер - 3,2 мың, тромбоциттер – 136 мың, эозинофилдер – 8%, ЭТЖ - 40 мм/сағ, СРБ &&&, гамма-глобулиндер - 25%. Зәр анализі: белок – 3,1 г/л, лейкоциттер - 10 к/а, эритроциттер – 20-25 к/а, гиалинді цилиндрлер - 10 к/а Емдеу жоспарына кандай дәріні қосқан БАРЫНША тиімді:
A) диуретиктерді+++
B) уросептиктерді
C) метаболиктерді
D) антибиотиктерді
E) глюкокортикоидтарды
3. 26 - жастағы пациентте бірінші рет артериальді гипертензия анықталды (АҚҚ 160/100 мм с. б.б.) ісінулер, олигоурия, макрогематурия, зәрде белок – 3 г/л.Қандай емдәмді тағайындау, БАРЫНША тиімді?
A) шектеусіз
B) белоктарды шектеу+++
C) майларды шектеу
D) белок пен тұзды шектеу
E) құрамында белогы жоғары мөлшерде болатын диета тағайындау
4. Т. атты 32 жастағы науқасты баспамен ауырғаннан кейін бетінің, бел аймағының, аяқтарының ісінуі мазалайды. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1020, белок - 1,4 г/л. Қандай зерттеу барынша МӘЛІМЕТТІ?
A) Штернгеймер-Мальбин жасушаларын анықтау
B) зәрді бактериологиялық зерттеу
C) тәуліктік протеинурияны анықтау +++
D) Бенс-Джонс белогын анықтау
E) Зимницкий сынамасын анықтау
5. Г. атты 24 жастағы науқас әйелдер кеңесіне әлсіздікке, бас ауруына, бел тұсындағы ауру сезіміне шағымданып қаралды. Тексергенде: жүктілік 17 апталық, АҚҚ - 110/70 мм.С б.б. Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1008, лейкоциттер – 14-25, Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 500, лейкоциттер – 4,5 мың, цилиндрлер - 100. Төмендегі препараттардың қайсысын тағайындаған Барынша тиімді?
A) цефазолин
B) ровамицин ++++
C) гентамицин
D) тетрациклин
E) норфлоксацин
6. Л. атты 32 жастағы науқас бел тұсындақы ауру сезіміне, жиі ауру сезімді зәр шығаруға, дене қызуының 39°С көтерілуіне, қалтыруға шағымданып түсті. Суық тигеннен кейін 1 аптадан соң ауырған. Объективті: АҚҚ - 160/80 мм.c. б.б. ЖЖЖ - 90 рет мин. Ұрғылау белгісі оң жағында оң. Қанда: лейкоциттер – 10,2 мың, ЭТЖ – 32 мм/сағ. Зәр анализінде: лайлы, салыстырмалы тығыздығы – 1018, белок – 0,036 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған. Төмендегі дәрілік препараттардың қай тобын пайдаланған барынша тиімді?
A) цитостатиктерді
B) антибиотиктерді ++++
C) антикоагулянттарды
D) кортикостероидтарды
E) аминохинолин туындыларын
7. Пациент созылмалы пиелонефритпен. Жалпы зәр анализінде- салыстырмалы тығыздығы 1007; ақуыз 0,05 г/л, лейкоциттер- 20-30 көру аймағында, эритроциттер жоқ, бактериурия - &&&. Қанда: креатинин - 0, 23 мкмоль/л. Науқасты емдеу үшін керек препаратты таңдаңыз:
A) Ампициллин++++
B) фурадонин
C) пенициллин
D) гентамицин
E) бисептол
8. М. атты 40 жастағы науқас шап және сан аймағына берілетін бел аймағындағы және зәр шығарғанда пайда болатын ауру сезіміне, лоқсу мен құсуға шағымданады. Қарап тексергенде: науқас ыңқылдап жатыр. Қан анализінде: лейкоциттер - 8,6 мың., ЭТЖ-24 мм/сағ, мочевина - 9,2 ммоль/л, креатинин - 0,120 ммоль/л. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы - 1018, лейкоциттер - 5-6 к/а, эритроциттер - 20-25 к/а, оксалаттар &&&, фосфаттар &&. Бұл жағдайда қандай топтың препараттарын тағайындаған барынша тиімді?
A) уросепттиктерді +++++
B) антибиотиктерді
C) цитостатиктерді
D) спазмолитиктерді
E) кортикостероидтарды
9. Жедел пиелонефриттің этиотропты еміне жатады:
A) анальгин
B) витамин С
C) фуросемид
D) Ципрофлоксацин +++++
E) Индометацин
10. Созылмалы пиелонефритке тән Зимницкий сынамасындағы өзгеріс:
A) Никтурия – гипостенурия
B) Олигурия – никтурия
C) Анурия – изостенурия
D) Полиурия - никтурия – изостенурия ++++++
E) Никтурия
2 - вариант
1. Егер науқас сол жақ бел аймағының ауырсынуына, дене температурасының көтерілуіне, дизурияға шағымданса, ең алғаш қай диагноз туралы ойлайсыз? А) пиелонефрит ++
B) амилоидоз
C) жедел гломерулонефрит
D) созылмалы гломерулонефрит
E) бүйрек шамасыздығы
2. 32 жастағы науқас, дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, оң жақ бел аймағында сыздап аурсынуға, зәр шығаруының жиілеп ауырсынуына шағымданды. Ауруын суықтанумен байланыстырады. Анамнезінде – жиі циститпен ауырған. Объективті қарағанда: дене қызуы 380С, аускультацияда- тыныс алуы везикулярлы, жүрек тондары әлсіреген, ырғақты, ЖЖЖ минутына 92 рет, АҚ 120/80 мм.сн.бағ. Іші жұмсақ, оң жақ шап аймағында және оң жақ қабырға доғасының деңгейінде іштің тік бұлшықеттінің сыртқы жиегінде ауырсыну байқалған. Пастернацкий симптом оң мәнді.Қандай ауру туралы ойлауға болады?
A)бүйрек туберкілезі
B) гломерулонефрит
C) пиелонефрит++
D) бүйрек амилоидозы
E) бүйрек тас ауруы
3. Пиелонефриттің негізгі қоздырғышы:
A) стафилококк
B) пневмоциста
C) ішек таяқшасы ++++
D) клебсиелла
E) көкірің таяқшасы
4. Цефалоспориндердің 2 қатарына қандай дәрілер жатады:
A) цефазолин
B) цефуроксим +++++
C) цефтриаксон
D) клафоран
E) цефотаксим
5. Латентті гломерулонефрит және латентті пиелонефриттің дифференциальды диагностикасында маңызды әдіс болып табылады-
A) Зимницкий сынамасы
B) бүйрек УДЗ-сі
C) Реберг сынамасы
D) жалпы зәр анализі+++
E) экскреторлы урография
6. Созылмалы екіншілік пиелонефриттің дамуына әкеледі:
A) кіші жамбас астауындағы аномалиялық өзгерістер
B) жыныс мүшелерінің инфекциялық аурулары
C) бүйрек поликистозы
D) гипертониялық аурулар
E) Шенлейна-Геноха ауруы ++++
7.В. атты 37 жастағы науқасты бел аймағындағы ауру сезімі, несеп шығуының жиілеуі мазалайды. 5 жыл бұрын босанғаннан кейін бел тұсындағы ауру сезімі, қызба, дизурия мазалаған. Объективті: дене қызуы 37°С. Бел аймағын ұрғылау белгісі екі жақта да оң. Қанда: лейкоциттер - 6,1 мың, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005, белок – 0,033 г/л, лейкоциттер – к/а толық қамтыған, эритроциттер – сілтіленген және өзгермеген к/а 3-5. Нечипоренко сынамасында: эритроциттер - 1 мың, лейкоциттер - 20 мың, сафронинмен бояғанда Штернгеймер-Мальбин клеткалары анықталады. Төменде келтірілген аурулардың қайсысының болуы НЕҒҰРЛЫМ мҮмкін?
A) бүйрек рагы
B) пиелонефрит ++++
C) бүйрек амилоидозы
D) бүйрек поликистозы
E) гломерулонефрит
8. Созылмалы пиелонефритті төмендегі берілген қайсы аурумен дифференциальды диагностика жүргіземіз?
A) ұстамалы(жабысқақ) колит
B) подагра
C) аднексит++++
D) қуықтың гипотониясы
9. Р. атты 35 жастағы науқасты бетінің және аяқтарының ісуі, бел аймағындағы ауру сезімі, шырышты-іріңді қақырықты жөтел мазалайды. Балалық шағынан бронхоэктазбен ауырады. Нв - 76 г/л, эритроциттер - 2,6 млн., лейкоциттер - 3,4 мың, тромбоциттер – 158 мың, ЭТЖ - 43 мм/сағ, жалпы белок – 46 г/л, альбуминдер - 28%. Зәр анализі: белок – 14,3 г/л, лейкоциттер - 6-7 к/а, эритроциттер – 0-2 к/a. Емдеу жоспарына қай дәріні қосқан НЕғұРЛЫМ ТИІМДІ?
A) делагилді +++
B) кризанолды
C) метотрексатты
D) преднизолонды
E) D-пеницилламинді
10. 70 - жастағы ер адамға, холецистоэктомия операциясынан кейін қызба,а байланысты гентамицин (80 мг әрбір 8 сағат сайын) және цефазолин (2 г әрбір 6 сағат) тағайындалған. 10 күннен кейін сарысудағы креатининнің 0,3 ммоль/л дейін көтерілуі байқалған. Зәрдің тәуліктік мөлшері - 1200 мл. АҚҚ 130/80 мм с. б.б. УДЗ мәліметі бойынша бүйректің өлшемдері қалыпты. Төмендегі асқынулардың қайсысының болуы барынша мүмкін:
A) жедел гломерулонефриттің
B) гепаторенальды синдромның
C) гентамициннің нефротоксикалығының+++
D) сұйықтықты енгізудің адекватты болмауының
E) жедел интерстициальды нефриттің
Дата добавления: 2015-11-28 | Просмотры: 3101 | Нарушение авторских прав
|