АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

СИЛЛАБУС. Микроэкономика пәні бойынша

Прочитайте:
  1. СИЛЛАБУС
  2. СИЛЛАБУС

Микроэкономика пәні бойынша

 

5B051000 Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы үшін

 

Оқыту түрі: күндізгі

Курс: 2

Семестр: 3

Кредит саны: 3

Аудиториялық сағат саны: 90

Дәрістер: 30

Тәжірибелік сабақ: 15

ОСӨЖ: 45

СӨЖ: 45

КТ 3 семестр

 

Талдықорған 2014 ж.

Казиева Лаура Жеңіс қызы экономика кафедрасының аға оқытушысы

Кеңес берудің орны мен уақыты: сабақ кестесі бойынша, 328 аудитория

Жұмыс стажы: 17 жыл

Е-mail: ka08.76@mail.ru,

Пререквизиттер: Экономикалық теория

Постреквизиттер: Макроэкономика

Пәннің қысқаша мазмұны:

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы нарықтық экономикаға өту кезеңінде студенттер төмендегідей түсініктерді оқып білуі қажет: нарық, нарықтағы зерттеліп отырған тауардың бағасы және оның сұраныс пен ұсыныс көлеміне әсер етуі; нарықтағы тепе-теңдік жағдайы, мемлекет тарапынан тауардың бағасын реттеудің, салық салудың және дотация берудің нарықтағы тепе-теңдікке әсер етуі; жеке тұтынушылардың, фирмалардың, капитал иелерінің, жұмысшылардың белгілі бір шешім қабылдауы, өндіріс салаларындағы және нарықтағы тұтынушылар мен фирмалардың өзара байланысы; нарық құрушы туралы түсінік алу, сонымен қатар әртүрлі нарық құрылымында фирмалар өз пайдаларын жоғарғы деңгейге жеткізу үшін қандай шешімдер қабылдайтынын білу.

П әннің мақсаты мен міндеттері:

Мақсаты:Пәннің негізгі мақсаты жеке экономикалық элементтердін, соның ішінде жеке шаруашылықтар мен фирмалардың, белгілі өндіріс салалары меи нарықтардың шектеулі ресурстарды дұрыс пайдалану үшін альтернативті шешімдер қабылдаудағы іс-әрекеттерін түсіндіру болып табылды.

Микроэкономика категорияларын, ұғымдарын, терминдерін, олардың сыныптамасын, әлеуметтік-экономикалық процестердегі маңызы мен орнын игеріп алуда студенттердің теориялық және практикалық дайындығын камтамасыз ету. Пәннің мақсаты, сондай-ақ сақтандыруды ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен іс-әрекетін және қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының нақтылы жағдайында оның қолданылу әдістерін түсінуге қол жеткізу болып табылады.

Міндеттері:

1. Нарықтық ортада микроэкономика мен оның қосалқы категорияларының жұмыс істеуі туралы түсінік беру.

2. Микроэкономика жүйесінің жеке элементтерінің қазіргі түсінігін және іс-әрекет механизмдерін ашу.

3. Қазақстанның нарықтық экономиканы дамыту жағдайында зерттелетін құбылыстар мен процестердің бейімделу ерекшеліктерін, қарама-қайшылықтарды,
мемлекеттің жүргізіліп отырған экономикалық саясаттағы оң және жағымсыз жақтарын ашу.

4. Нақтылы экономикалық ахуалда сақтандыру құралдарын қолдану мүмкіндігін талдауды, оны ойлау жағын дамыту.

Дәріс бағдарламасын жасауға негіз типтік бағдарлама болып табылады. Материалды оқып - үйренудің жиынтығы тек дәрісте ғана қаралмауы тиіс. Біріншіден, студент әрбір дәріс сабақтарға дайындалуы үшін дайындалған әдебиеттерді оқуы тиіс, түсініктер мен терминдерге глоссарий құру керек; эссе жазу керек т.б.

Екіншіден, пәннің ерекшелігіне қарай арнаулы біліммен уақытты қажет ететін тапсырмалар берілуі мүмкін. Оқытушыда жұмыстың жаңаланып отыратын бөлімінде әдебиет тізімі болуы керек. Ол екі бөлімнен: негізгі және қосымша әдебиетген тұрады. Негізгі әдебиет тізіміне 2-3 базалық оқулық және құқықтық мөлшердегі база кіреді. Қосымша әдебиет өздік жұмыс негізіне арналуы керек. Баяндама, реферат, эссе, ғылыми статьяларға шолу, басылымдағы жариялаулар, жобаның түрі студенттермен қосымша әдебиет тізімі негізінде жасалады.

Оқытушы үнемі әдебиеттегі жаңалықтарды іздестіріп тауып және тізімді толықтырып отыруы керек. Әр пәнді несиелі оқу жүйесінің ережесі бойынша оқып үйрену емтиханмен аяқталады. Сұрақтар тізімі ең көбінде 75-90-ға жетеді. Оқытушының оқу әдістемелік кешені - силлабустың негізі, яғни студенттің оқыту бағдарламасы болып табылады. Әрбір оқытушы студентгердің сабақтардағы тәртіп ережесі, оқытушымен өзара байланысы, басқа студенттермен қарым қатынасы калай болуы керектігі туралы талап жүйесін көрсетеді. Әдетте осы талаптың мәліметі курс саясатын көрсетеді, яғни студенттерге арналған оқу процесінің жоғары тиімділікте орындалуын қамтамасыз етеді.

Пәнге қойылатын талаптар нәтижесінде студенттер оқып білуі тиіс:

Сонымен қатар студенттерге микроэкономика тәсілдерін, модельдерін экономикада шешуші құрал ретінде қалай қолдануға болатынын түсіндіру.

Пәнді үйретудегі мақсат студенттердің толық әрі терең білім алып, оны іс жүзіңде қолдана білуі болып табылады.

Толық курсты оқығаннан кейін студенттер төмендегідей білім жәңе дағдылар алулары қажет:

· кезектегі және келешектегі экономикалық жағдайларды талдап, оған баға беріп, соның нәтижесінде өз бетінше шешім қабылдай білу;

· микроэкономиканың негізгі түсініктерін білу, басты экономикалык шешімдердін мәнін түсіну және олардың

әртүрлі дәрежедегі жолдарын іздестіру, экономикалық даму жолдары туралы өзінің дәлелді пікірлері болуы;

· әлеуметтік-экономикалық сауатты болу, ғылым мен техниканың дамуына және оның өндірістік процесстерге енгізуіне, сонымен қатар бұлардың әлеуметтік экономикалық жағдайға әсер етуіне өз бетінше баға беру.

Пәнді үйрену нәтижесінде студенттер төмендегідей сұрақтарға дәлелді жауап бере білулері керек:

1. Не өндіру керек?

2. Керекті өнім өндірудегі ресурстарды пайдаланудың балама мүмкіншіліктерін салыстырып, шешім қабылдау.

3. Тандап алған өнім түрлерін қалай, қандай тәсілмен өндіру керек?

4. Жаңа технологияны енгізген кезде шығындар мен түсімдерді салыстыру.

5. Өндірілген өнімді кім алады?

6. Жеке адамның, сондай-ақ мемлекетгіқ шешімдері қоғамдық табысты бөлу ерекшеліктеріне әсер етеді.

7. Ресурстардың қандай бөлігі кәзіргі кезінде пайдаланылып, ал қандай бөлігі келешекке қалдырылуы тиіс.

Қалыптасатын құзыреттіліктер:

- микроэкономиканың теориялық негіздерін, олардың жалпы ғылымдар жүйесіндегі орны мен құндылығын, даму тарихы және қәзіргі жағдайын біледі;

- микроэкономиканың заңдары мен құбылыстар туралы жүйелі білімді игереді;

- ақпараттық-коммуникативтік білімдер мен біліктіліктерді игеріп, оларды практикада пайдалана алады.

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

Әріп жүйесі Цифрлік эквивалент Пайыз Дәстүрлі баға
А 4,0 95-100 ӨТЕ ЖАҚСЫ
А- 3,67 90-94
В+ 3,33 85-89 ЖАҚСЫ
В 3,0 80-84
В- 2,67 75-79
С+ 2,33 70-74 ҚАНАҒАТАНАРЛЫҚ
С   65-69
С- 1,67 60-64
Д+ 1,33 55-59
Д 1,0 50-54
F   0-49 ҚАНАҒАТАНАРЛЫҚСЫЗ

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 апта үшін бағалау мөлшері 9-15 апта үшін бағалау мөлшері Балдың максималдық мөлшері Электронды журналға балл қою кезеңі
Ағымдағы бақылау     әр бір бағалау – 100 бал әр бір апта сайын (бірінші аптаны есептемегенде)
СӨЖ     әр бір СӨЖге – 100 бал 4,7,11,14 апталар
Аралық бақылау     әр бір межелік бақылауға – 100 бал 8 және 15 апта
Жіберу рейтингі 1 R 1   8 апта
Жіберу рейтингі 2 R2   15 апта
Академиялық мерзімде жіберу R = (R1+R2)/2   15 апта
Емтихан E   16-19 апталар
Қорытынды баға I = R*0.6+E*0.4    

Баға қоюдың критерийлері

Бақылаудың түрі Максималды баға Оқытушының журналына қою мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл (дәріс, семинар, ОСӨЖ сабақтары) үй тапсырмасын орындауы ОСӨЖ тапсырмаларын орындау белсенділік (лекция, семинар, ОСӨЖ барысындағы жауаптар)     Әр бір сабақта  
СӨЖ 1*)     СӨЖ тапсырмаларын өткізу – 4 апта
СӨЖ 2*)     СӨЖ тапсырмаларын өткізу – 7 апта
СӨЖ 3*)     СӨЖ тапсырмаларын өткізу – 11 апта
СӨЖ 4*)     СӨЖ тапсырмаларын өткізу – 14 апта
1 аралық бақылау:     8 апта
2 аралық бақылау:     15 апта

*) ӨЖ тапсырмаларының мазмұны силлабустың сәйкесінші бөлімінде келтірілген

 

Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

  Лекция тақырыбы Сағат саны Апта Әдебиеттер
  Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі     №1,2,4,7
  Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі     №3,9,11
  Тұтынушы әрекетінің теориясы     №4,8,10
  Өндіріс теориясы     №11,13,15
  Өндіріс шығындары     №6,9,11
  Капитал концентрациясы және нарықтық билік     №3,7,12
  Жетілген бәсекелестік жағдайы     №8,11,14,
  Монополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті     №5,7,13
  Олигополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті     №6,11,14
  Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті     №2,5,13
  Еңбек нарығы     №9,13,15
  Капитал нарығы     №7, 11,14
  Жер нарығы     №3,9,11
  Инновация нарығы     №5,7,13
  Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару     №7,12,11
  Барлығы      

 

 

Лекциялардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары

  Лекция тақырыбы Сағат саны Апта Әдебиеттер
  Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі     №1,2,4,7
  Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі     №3,9,11
  Тұтынушы әрекетінің теориясы     №4,8,10
  Өндіріс теориясы     №11,13,15
  Өндіріс шығындары     №6,9,11
  Капитал концентрациясы және нарықтық билік     №3,7,12
  Жетілген бәсекелестік жағдайы     №8,11,14,
  Монополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті     №5,7,13
  Олигополия жағдайындағы фирмалардың әрекеті     №6,11,14
  Монополиялық бәсекелестік жағдайындағы фирманың әрекеті     №2,5,13
  Еңбек нарығы     №9,13,15
  Капитал нарығы     №7, 11,14
  Жер нарығы     №3,9,11
  Инновация нарығы     №5,7,13
  Нарық «сәтсіздіктері» және мемлекеттік басқару     №7,12,11
  Барлығы      

Дәріс кешені

1-тақырып. Микроэкономика пәні және микроэкономикалық талдаудың әдістемесі.

Дәріс жоспары:

1.Микроэкономиканың зерттеу пәні,объектісі мен субъектісі.

2.Микроэкономикалық талдаудың әдіснамасы мен негізгі зерттеу әдістері.

3.Микроэкономиканың базалық түсініктері: қажетіліктер, ресурстар, технологиялар, игіліктер. Экономикалық таңдау мәселесі және баламалы шығындар.

4.Өндірістік мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні.

Негізгі ұғымдар: экономикалық теория; микроэкономика; макроэкономика, өндірістік мүмкіндіктер қисығы; баламалы шығындар; экономикалық таңдау мәселесі; қажетіліктер; ресурстар т.б.

1. Микроэкономикалық теорияның зерттейтін негізгі проблемаларын қарастыру үшін, ең алдымен экономикалық теория ғылымына қысқаша шолу жасауымыз қажет.Өйткені экономикалық теория екі негізгі бөлімге – микроэкономика және макроэкономика болып бөлінеді.

Экономикалық теория – адамдардың шексіз қажетіліктерін қоғамның шектеулі ресурстары арқылы қанағаттандыру үшін материялдық және материялдық емес игіліктерді өндіру,бөлу,айырбастау және тұтыну жөніндегі ғылым саласы. Міне,осы анықтамадан байқап отырғанымыздай,экономикалық теорияға екі негізгі проблема тән және ол соларды шешумен айналысады,яғни олар – 1) ресурстардың шектеулілігі және 2) адамдардың шексіз қажеттіліктері. Осы іргелі проблемалар микроэкономикаға да,макроэкономикаға да ортақ,бірақ олар әртүрлі деңгейде шешіліп,әр қырынан зерттеледі. Микроэкономика ғылымы осы проблемаларды жекелеген экономикалық субъектілердің дербес шешім қабылдауларына сәйкес шешеді. Макроэкономика болса аталған проблемаларды ұлттық экономика шеңберінде шешуге ұмтылып,экономиканы біртұтас жүйе ретінде зерттейтін экономикалық теорияның негізгі құрамдас бөлігі. Мысалы,микроэкономиканы – <<бір тал ағаш>> десек, онда макроэкономиканы – <<біртұтас орман>> деп қарастырсақ болады.

Қазіргі микроэкономикаға бірнеше анықтама беруге болады.

Микроэкономика – адамдардың арасындағы экономикалық қарым – қатынастарды зерттейтін және олардың әрекет ету заңдылықтарын қарастыратын экономикалық теорияның құрамдас бір бөлігі.

Микроэкономика–бұл жекелеген экономикалық субъектілердің (әдетте, үй шаруашылықтары мен фирмалардың) нарықтағы тәртіптері мен мінез-құлықтарын зерттейтін ғылым.

Микроэкономиканың негіздерін австриялық (маржинализм бағытының) мектептің негізгі өкілдері К.Менгер,Ф.Визер,Э.Бем-Баверк және неоклассикалық теорияның негізгі өкілдері А.Маршалл,А.Пигу,сонымен қатар,ағылшын экономист Дж.Б.Кларк,итальяндық экономист В.Парето,швейцар экономисі Л.Вальрас және басқа да экономистер қалады және қалыптастырады.

Микроэкономикалық талдаудың қазіргі уақытта зерттеу обьектісі кеңейе түсті.

Микроэкономиканың зерттеу обьектісі – бұл адамдардың экономикалық іс-әрекеттері және олардың жүзеге асырылуында туындайтын жалпы экономикалық проблемалары. Микроэкономиканың зерттеу субъектілері – жекелеген индивидттер,үй шаруашылықтары,фирмалар,өндірістік ресурстардың иелері елдің ішіндегі және сыртындағы басқа фирмалармен байланысқан ірі корпарациялар,сондай-ақ тұтас саласы.

2. Микроэкономиканың әдісі.Жекелеген экономикалық субъектілердің тәртіптері мен мінез-құлықтарын түсіндірудің бағыттарына байланысты микроэкономикалық теория позитивті және нормативті микроэкономика болып бөлінеді.

Позитивті микроэкономикалық теорияның нақты іс-әрекеттігін зерттеудің негізгі әдістері мыналар:

1.Шекті талдау немесе маржиналды талдау,бұл талдау экономикалық әрекеттердегі өзгерістерді зерттейді,яғни экономикалық субъектілер тек қана жалпы түсім пен жалпы шығындарды салыстырып қана қоймайды,сонымен қатар өнім өндіруді көбейткен кездегі шекті (қосымша) түсім мен шекті (қосымша) шығындарды да салыстырады. Шекті түсім шекті шығыннан көп болған уақытта шекті пайда оң мәнге ие болады,сондықтан өз пайдасын мейлінше арттыруды көздейтін экономикалық субъект мұнымен тоқтамайды,ол жоғарыда айтылған екі көрсеткіш бір-біріне теңескенге дейін өнім шығару көлемін арттыра береді.Сөйтіп ұтымды субъект өз мақсатына жетеді.

2.Функционалды талдау.Бұл әдіс зерттеудің манадай жолын ұсынады: алдымен құбылыстың тұрпаттық сипаты анықталады,содан кейін осы құбылыстың сипатына әсер ететін факторлар айқындалады. Соңында алдын-ала анықталған құбылыстың сипаты мен оған әсер еткен факторлардың арасындағы өзара байланыс – функция анықталады. Бұл шама (функция) өзгермелі болып табылады,яғни оған әсер еткен басқа факторларға байланысты ол өз мәнін өзгертеді. Мысал, Егер у х-тің функциясы болып табылса, у=f(x),мұнда у-х-тің функциясы болса,ал х-функцияның аргументі болады.

3.Теорияның тексерушілік әдісі.Бұл жағдайда теорияның тәжірибеде тікелей немесе жанама түрде іске асып мойындалуы қажет деген тұжырым айтылады. Егер теория нақты фактілермен келіспесе,онда ол теория жақсартылады,немесе жоққа шығартылады және жаңасын жасайды. Позитивистер – субъективтік бағалауларды жоққа шығара отырып,экономикада не және қалай орын алуы керек деген сұрақтарды қажет деп санайды.

3. Қажеттіліктер дегеніміз – микроэкономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта- жігерлер,немесе басқаша сөзбен айтқанда,адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және де жеке бір индивиттің,фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нарселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар. Қоғамның кез келген қажеттілігі игіліктер арқылы қанағаттандырылуы тиіс.

Игіліктер дегеніміз - қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (мысалы,ауа,күннің нұры,жел энергиясы)және шектеулі көлемде болып келеді. Шектеулі көлемдегі игіліктерді экономикалық игіліктер деп атайды. Яғни,экономикалық игіліктер дегеніміз – экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиеттеріне ие материялдық және материялдық емес заттар мен қызметтер. Ал экономикалық игіліктердің ерекше түріне тауар немесе қызмет көрсету жатады. Тауар немесе қызмет көрсету дегеніміз – нарықтық экономикалық жүйеде сатылатын және сатып алынатын материялдық материялдық емес экономикалық игіліктер. Адамның экономикалық қажеттіліктері көбінесе игіліктерді өндіру мүмкіндігінен асып кетіп отырады. Сондықтанда, жетпеген тұтынушылық игілікті өндіру үшін жанама экономикалық игілік – ресурстар қажет.

Ресурстар дегеніміз – қандайда бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыру қажет экономикалық игіліктерді (таурлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтан оларды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі уақытта, олардың негізгі түріне еңбек,капитал,жер,кәсіпкелік қабілет және ақпарат жатады. Уақыттың әрбір нақты кезінде экономикалық ресурстардың шектеулілігі мәселесі орнын алады. Ресурстардың шектеулілігі дегеніміз – барлық экономикалық қажеттіліктерді бір мезетте қанағаттандыруы мүмкін еместігінің көрсеткіші. Ресурстар шектеулі болғандықтан, оларды тиімді пайдалану қажет.

4. Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса толық және тиімді пайдалана отырып, экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Жоғарыда атап өткеніміздей, өнімнің мүмкін шығарылымын өндірістік мүмкіндіктер қисығы сипаттайды, Мысалы, қоғамда тек қана екі игілік өндіріледі: станок пен май, Оны 1.1 - суретінен көруге болады, Осы суретке сәйкес, А нүктесінде – ресурстардың барлығы станок өндіруге жұмсалады. Е нүктесінде – ресурстардың балығы май өндіруге жұмсалады. D нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді. N нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А,В,С,Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы – ресурстарды толық пайдалану кезіндегі альтернативтік нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.

 

2-тақырып. Нарықтағы экономикалық жүйе және нарық тетігі

Дәріс сабағының жоспары:

1. Сұраныс.Сұраныс заңы.

2. Ұсыныс. Ұсыныс заңы. Сұранысжәне ұсыныстағы өзгерістер. Сұраныс және ұсыныстағы өзгерістер. Сұраныс және ұсыныстың өзара әсерлесуі.

3. Нарықтық тепе-теңдік. Тепе-теңдіктің орнау механизмі.

4. Икемділік ұғымы. Сұраныс және ұсыныс икемділігінің түрлері.

Негізгі ұғымдар: сұраныс; сұраныс заңы; сұраныс факторлары; сұраныс қисығы; сұраныс функциясы; ұсыныс; ұсыныс заңы; ұсыныс көлемі; ұсыныс факторлары; ұсыныс функциясы; нарықтық тепе-теңдік; тепе-теңдік баға; тепе-теңдік көлем; артықшылық; тапшылық; Вальрас бойынша тепе-теңдік; Маршалл бойынша тепе-теңдік; икемділік т.б.

1. Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі-бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал, сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Сұраныс заңы дегеніміз – тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, таарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді. Бұл кері тәуелділікті сұраныс қисығы арқылы сипаттауға болады. Сұраныс қисығы дегеніміз – сұранысзаңының графикалық көрінісі мен бейнеленуі, сатып алушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатып алуға болатындығын көрсететін қисық сызық. Сұраныстың бағаға кері тәуелділігі мына себептерге байланысты болады: а) баға төмендегенде сатып алушылар саны көбейеді; ә)тұтынушының сатып алу қабілеті өседі; б)арзандаған тауардың қосымша бірліктерін сатып алу тиімді болады. Әдетте, біз тік оське тәуелсіз айнымалыны (бағаны), ал көлденең оське тәуелді айнымалыны (сұраныс көлемін) қоямыз. Көрсетілген қисық теріс көлбеулі және кемімелі болып келеді, ол мына формуламен беріледі:

QD=f(P)

Мұндағы, QD – сұраныс көлемі (demand); Р – баға (price)

Сұранысқа бағалық жәәне бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық фактор сұраныс көлемін өзгертеді де, нәтижесінде сұраныс қисығының (D) бойында өзгеріс орын алады. Ал бағалық емес факторлар сұраныстың өзін өзгертеді де, нәтижесінде сұраныс қисығын (D) толығымен оңға (өскенде) (D2) және солға (төмендегенде) (D1) жылжытады.

Сұраныс функциясы –бұл сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа әсер ететін маңызды фактор – ол баға. Сонымен қатар, сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар да бар: а) тұтынушылардың табысы; ә) алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы; б) тұтынушылардың талғамы; в) алдағы уақытты немесе болашақты күту; г) нарықтағы тұтынушылардың саны, т.б. Сұранысқа және сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторларды сұраныс детерминанттары деп те атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып табылады:

QD=f(P, I, Z, W, Psub, Pcom, N, B),

мұндағы, QD – сұраныс; Р - баға; I – табыс; Z – талғамдар мен қалаулар; W – күтулер (waiting); Psub – алмастырушы (субститутты) тауарлардың бағасы; Pcom – толықтырушы (комплементарлы) тауардың бағасы; N – сатып алушылардың саны; B – басқа да факторлар.

2. Ұсыныс дегеніміз – бұл сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін берілген уақыт мезетінде белгілі бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті. Ұсыныс қөлемі – бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны. Ал ұсыныс бағасы – бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы. Тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды ұсыныс заңы деп атаймыз: баға жоғары болғанда (басқа факторлар тұрақты болғанда) сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді. Бұл тура байланыс мына формуламен беріледі:

Qs=f(P),

мұндағы, Qs – ұсыныс көлемі (supply); P – баға (price).

Өндірілген өнім санының бағаға тура байланыстылығын график түрінде ұсыныс қисығы арқылы көрсетуге болады. Ұсыныс қисығы дегеніміз – бұл ұсыныс заңын сипаттайтын графикалық көрініс, сатушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатқысы келетінін көрсететін қисық сызық.

Өндірушілердің берілген игіліктреді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады. Ұсыныс детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары; б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың көлемі; д) сатушылардың саны; т.б. Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады. Ал ұсыныс функциясы дегеніміз ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік және ол мынадай формуламен беріледі:

Qs=f(P, Pr, K, T, N, B),

мұндағы, Pr – ресурстардың бағалары; K – технология; T – салықтар мен субсидиялар; N – сатушалардың саны; B – басқа да факторлар.

Сонымен, ұсыныс туралы мынандай қорытындыға келуге болады: ұсыныс қисығының бойымен жылжу ұсыныс көлемінің өзгерісін сипаттайды: тауардың бағасы неғұрлым жоғары болған сайын (басқа факторлар тұрақты болған жағдайда), ұсыныс көлемі де соғұрлым жоғары болады, және керісінше, тауардың бағасы неғұрлым төмен болған сайын, ұсыныс көлемі де ұсыныс көлемі де соғұрлым төмен болады. Ал ұсыныс қисығының оңға немесе солға жылжуы ұсыныстың өзгерісін бейнелейді: ол ұсыныс функциясын анықтайтын факторлардың өзгеруінен орын алады.

Сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығының қиылысуын кейде «Маршалл кресі» деп те атайды. Өйткені, кезінде неоклассикалық теорияның негізгі өкілі Альфред Маршалл (1842 – 1924 жж.) өзінің 1890 жылы шыққан «Экономикс принциптері» деген еңбегінде алғаш рет микроэкономикалық тұрғыдан шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану және пайдалылықты арттыру мәселесін қарастыра отырып сұраныс, ұсыныс, баға және нарықтық тепе – теңдік деген ұғымдарды қолданған деп айтылады. Сондықтанда, бұл жерде А. Маршаллды микроэкономиканың атасы деп айтуға толық негіз бар.

3. Сонымен, нарықтық тепе – теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Әрине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе – теңдік баға және тепе – теңдік көлем табылады. Тепе – теңдік баға – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе – теңдік көлем – бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі. Нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасуы кезінде тұтынушылар да, өндірушілер де ұтады. Осыған сәйкес, екі ұғым пайда болады.

1) Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға төлеген нақты тепе-теңдік бағасы мен оның сол игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы.

2) Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы.

Сондықтанда, микроэкономикада нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу механизмін зерттейтін екі негізгі неоклассикалық бағыт бар: 1) Вальрас бойынша нарықтық тепе-теңдік және 2) Маршалл бойынша нарықтық тепе-теңдік.

Вальрас бойынша тепе–теңдік – ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = QS) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады. Сөйтіп сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің теңесуі арқылы Вальрас бойынша тепе-теңдік орнайды және ол былай көрсетіледі:

QD (P) = QS (P)

Маршалл бойынша тепе–теңдік – ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады. Нарықтық тепе-теңдіктің тұрақтылығы – бұл нарықтың өзінің ішкі күштері арқылы тепе-теңдік жағдайды қалпына келтіріп отыратын сол нарықтың қабілеттілігі. Егер нарық өзінің ішкі механизмдері арқылы осы қызметін атқара алса, онда ол нарық тұрақты, ал атқара алмаса тұрақсыз болғаны.

4. Икемділік дегеніміз – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет. Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады:

1. Cұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Сондықтанда, бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:

EDP = DQ% / DР%,

мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% - бағаның салыстырмалы өзгеруі.

Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар: 1) Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді). 4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = ¥. 5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.

2. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі – бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

EDx,y = DQy% / DРx%,

мұндағы, EDx,y – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQy% - Y тауарына деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DРx% - X тауары бағасының салыстырмалы өзгеруі.

3. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:

EDI = DQ% / DI%,

мұндағы, EDI – сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DI% - тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі.

Ұсыныстың баға бойынша икемділігі дегеніміз – тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:

ESP = DQ% / DP%,

мұндағы, ESP – ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; DQ% - ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; DР% - тауар бағасының салыстырмалы өзгеруі.

 

3-тақырып. Тұтынушы әрекетінің теорясы

Дәріс жоспары:

1. Тұтынушы талғамы және пайдалылық. Пайдалылықтың концепсиялары. Шекті пайдалылық теориясы.

2. Талғамсыздық қисығы және оның картасы. Пайдалылық функциясы.Бюджет шектеулігі және бюджет сызығы.

3. Тұтынушының әл-ауқаты және экономикалық саясат.Тұтынушының тепе-теңдігі.

Негізгі ұғымдар: бюджет шектеулігі; пайдалылық; пайдалылық функциясы; шекті пайдалылықтың төмендеу заңы; су мен алмаздың парадоксы; Госсен заңдары; тұтынушы таңдауы; алмастырудың шекті нормасы т.б.

1.Микроэкономикалық теорияда тауарлар мен қызметтерге әрдайым сұраныс білдіруші – ол тұтынушы.

Тұтынушы дегеніміз- соңғы игіліктер мен қызметтерді тұтынатын кез-келген экономикалық агент (индивид, жеке фирма, мемлекеттік кәсіпорын). Әдетте экономистер өздігінен шешім қабылдайтын тұтынушыны жеке индивид немесе ұйым ретінле емес отбасы (үй шаруашылығы) ретінде қарастырады.Тұтынушының талғамы – жекелеген тұтынушылардың белгілі бір игіліктің жиынын таңдауына әсер ететін негізгі факторларының бірі. Тұтынушы таңдауындағы игілік деп біз тұтынушыға белгілі бір қанағаттанушылық дәрежесін әкелетін тұтынудың кез келген обьектісін айтамыз. Әрбір тұттынушының алдында мынандай үш сұрақ тұрады:

1) Не сатып алу керек?

2) Қанша тұрады?

3) Тауар сатып алуға ақша жете ме?

Бірінші сұраққа жауап беру үшін- игіліктің пайдалылығын біілу қажет, екінші сұраққа жауап үшін бағаны зерттеу қажет, ал үшінші сұраққа жауап беру үшін тұтынушының табысын анықтау қажет осы үш мәселе – пайдалылық, баға, табыс – тұтынушы тәртібі теориясының негізін құрайды. Осыған байланысты, тұтынушының соңғы шешім қабылдауына әсер ететін екі негізгі факторды бөліп көрсете аламыз:

1) Субьективтік факторлар - игіліктің пайдалылығы және тұтынушының сол игілікті қалауы.

2) Экономикалық факторлар- тұтынушының табыс деңгейі және тауардың бағасы.

Тұтынылатын игіліктің сананың өсуіне байланысты шекті пайдалылықтың төмендеу тенденциясын біз шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деп атаймыз. Сонымен игігіліктін пайдалылығы дегенініз экономикалық игіліктің адамдардың бир немесе бирнеше қажеттіліктерін қанғаттандыра алу мүмкіндігі 19 – ғасырда австриялық мектеп өкілдерінің зерттеулері нәтижесінде мындай заңдылық пайда болды: тұтынылатын игіліктің мөлшеріне қарай тұтынушы үшін пайдалылығы төмендей беретіндігі анықталады. Тұтынылатын игіліктің мөлшері үздіксіз өскен сайын оның жалпы пайдалығыда өседі. Бірақ оның шекті пайдылылғы төмендей береді. Егер игіліктің ары қарай тұтынылуы тұтынушыға зиян әкелсе, онда сол игіліктің жалпы пайдалылығы төмендейді, яғни әрбір қосымша тұтынылған игіліктің саны өскен сайын, оның біз үшін пайдалылығы төмендей береді. Осыған орай тұтынушы үшін оның бағасы жалпы пайдалылығымен емес, шекті пайдалылығымен анықталады.

Шындығына келсек, пайдалылықтың төмендеу принципін алғаш рет неміс экономисі және матемтигі Герман Госсен 1854 жылы ашқан. Бірақ сол уақытта бұл теорияға ешкім көңіл аудармады. Содан кейін 1878 жылы бұл ғалым қайтыс болғаннан кейін оның «Адамдық қарым-қатынас заңдарының дамуы» атты еңбегінің бір данасы табылып, 1889 жылы және 1927 жылы қайта өңделіп, жарыққа шығады. Г.Госсеннің бұл еңбегінің нәтижелері негізінде австриялық мектептердің экономистері ғылымға Госсенннің бірінші және екінші заңдары деген ұғымдарды еңгізді. Госсеннің бірінші заңы: игіліктің тұтыну мөлшерінің саны өскен сайын, оның әрбір қосымша пайдалылығының төмендей беруі. Австриялық экономистердің өз жұмыстарының нәтижесінде Госсеннің бірінші заңы шекті пайдалылықтың төмендеу заңы деген атқа ие болды.Пайдалылық функциясы. Австриялық мектептің өкілдері К.Менгер, Е.Бем – Баверк, Ф.Визер белгілі бір игліліктің мөлшерінің пайдалылығы үшін төмендейтіні туралы заңдылықты айқындады.Пайдалылық функциясы дегеніміз тұтынушының белгілі бір игілікті тұтынға жұмсалған ақшалай табысының әрбір бірлігінің (доллар, марка, фунт и т.б.) шекті пайдалылығының бірдей дәрежеде көрінуі.

Пайдалылық функциясы- игіліктің көлемінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығының төмендеуін көрсететін функция:

MU= d (TU)/dQ

Бірақ XVIII ғасырда Адам Смит су мен алмаздың арасындағы оғаштықтың (парадокс) бар екенін анықтады.

«Адамға ең қажетті игілік – судың құны неге арзан, ал адамға қажетті шамалы – алмаздың құны неге қымбат?»Судың жалпы пайдалылығы жоғары, ал шекті пайдалылығы – төмен; ал алмаздікі- керісінше, оның жалпы пайдалылығы төмен, ал шекті пайдалылығы – жоғары. Ал бұл жерде осы игіліктердің балалары жалпы пайдалылықпен анықталмайды, шекті пайдалылықпен анықталады.

Тұтынушы таңдауының негізгі постулаттары (Кардиналистік теория). Тұтынушы таңдауының қазіргі заманғы теориясы мынадай тұжырымдарға негізделеді: 1) тұтынушының ақшалай табысы әрқашанда шектеул; 2) бағалар тұтынылатын игіліктердің көлеміне байланысты емес; 3) барлық тұтынушылар өздері тұтынатын барлық өнімдерінің шекті пайдалылығын жақсы түсінеді; 4) тұтынушылар өздерінің жалпы пайдалылықтарын максималдауға ұмтылады.

Тұтынушы таңдауының теориясы келесі қағыдаларға (постулаттар) сүйенеді:

1) Тұтынушы түрлерінің алуан түрлілігі. Әрбір тұтынушы көптеген жекелеген игіліктердің түрлерін тұтынуды қалайды.

2) Тойымсыздық. Тұтынушы кез келген тауар мен қызметтің үлкен көлемін тұтынуға ұмтылады. Барлық экономикалық игіліктердің шекті пайдалылығы әрқашанда оң мәнге ие.

3) Транзиттік. Тұтынушы таңдауының теориясы тұтынушы талғамдарының белгілі бір үйлесімділігіне негізделеді.

4) Өзара алмастырушылық. Тұтынушы А игілігінің белгілі бір мөлшерін тұтынудан бас тартады, егер оған А игілігінің орнын басатын- субститут В игілігі көбірек ұсынылса.

5) Шекті пайдалылықтың төмендеу принципі. Кез келген игіліктің шекті пайдалылығы оның тұтыну мөлшеріне тікелей байланысты.

Тұтынушының тәртібін анықтау үшін жалпы және шекті пайдалылық принципін қалай қолдануға болады? Біз білеміз, тұтынушы тұтынылатын игіліктің жалпы пайдалылығын өсіруге тырысады. Бірақ ол бұл мақсатқа қалай жетеді, егер ол сол тұтынатын игіліктің мөлшерінің өсуіне байланысты оның шекті пайдалылығы төмендей берсе?

Тұтынушы өз табыстарын осылай әділетті бөле отырып, өзінің орташа алынған шекті пайдалылықтарын теңестіруге ұмтылады. Бұл жерде ол тепе-теңдік (максималды пайдалылыққа жету) жағдайға жетеді. Мұндай жағдай Госеннің екінші заңына сәйкес келеді, оның мәні мынада: барлық тұтынылатын игіліктердің шекті пайдалылықтары тең болған жағдайда тұтынушы берілген жиынтық игілікті тұтынудан максимум пайдалылықты алады. Игіліктерді сатып алуға кеткен шығындарды әділетті түрде қайта бөлу нәтижесінде төмендегі кестеге мынадай мәліметтер жазуға болады:

«Табыс тұтыну» қисығы тауар бағасы тұрақты болғанда табыстың өсуіне байланысты тұтынылатын тауарлардың оңтайлы жиынын және жаңа тепе-теңдік нүктелерді көрсетеді, яғни бұл қисық тұтынушының өмір сүру деңгейінің және әл-ауқаттылығының өзгеруін сипаттайды. Бұл жерде «табыс тұтыну» қисығына сәйкес, тұтынушының табысы өзгергенде игіліктерге сұраныс әртүрлі жағдайларды өзгереді. Сол себепті тауарлардың бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады.1. Қалыпты (сапалы) тауарлар- тұтынушы табысының өсуіне байланысты сұранысы артатын игіліктер, бірақ сұраныстың артуы табыстың өсуіне қарағнда, кемімелі сипатта артып отырады. Мысалы, табыс артқанда тұтынушы тауық етін тұтынуды азайтып, одан гөрі сапалырақ көрінетін сиыр немсе жылқы етіне сұранысты көбейтеді.2. Сапасы төмен тауарлар- тұтынушы табысының өсуіне байланысты сұранысы төмендейтін игіліктер.3. Бірінші қажеттіліктегі тауарлар- табыс деңгейіне байланысты емес, сұранысы өзгермейтін игіліктер.Мысалы, табыс қанша өзгерсе де тұзға, нанға немесе сүтке сұраныс өзгермейді.4. Бағалы заттар- тұтынушы табысының өзуіне байланысты сұранысы артатын игіліктер, бірақ сұраныстың артуы табыстың өсуңне қарағанда, өспелі сипатта артып отырады. Мысалы жиhаз, яхта, көлік, үй тұрғызу, шетелде білім алу, т.б.

4-дәріс. Өндіріс теориясы

Дәріс сабағының жоспары:

1. Өндіріс және технология. Өндірістік функция. Изокванталар. Қысқа мерзімдегі өндіріс. Қайтарымдылықтың кемімелі заңы.

2. Айнымалы фактордан тәуелді өнім қисығы. Ұзақ мерзімдегі өндірісті талдау.

3. Өндіріс факторларының алмастырылуы. Масштаб тиімділігі.

Негізгі ұғымдар: өндіріс; өндірістік функция; технология; өндіріс факторлары өнімділігінің төмендеу заңы; жалпы өнім; орташа өнім; шекті өнім; изокванталар; технологиялық алмастырудың шекті нормасы; масштаб тиімділігі (өндіріс ауқымы); өндіріс ауқымының тұрақты қайтарымы; өндіріс ауқымының өспелі қайтарымы; өндіріс ауқымының кемімелі қайтарымы; өсу траекториясы; т.б.


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1717 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.035 сек.)