АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Консультациялар мерзімі

Сәрсенбі-жұма, сағат 13.00-14.00 аралығында, аудитория Г 216.

7. Студенттің білімін тексеру кестесі

Аралық бақылау шаралары сабақ үстінде ешқандай арнайы ескертусіз және дайындықсыз жүзеге асырылады. Бұл әдіс студенттердің күнделікті сабақты игеруі жөнінде шынайы мәлімет алуға көмегін тигізеді деп есептеймін.

Студенттердің білімін рейтингтік және қорытынды бақылау оқу орнының оқу процесінің бекітілген графигіне сәйкес өткізіледі.

1) Максималды ұпай уақытында тапсырылған сабақ конспектісі үшін қойылады, егер:

2) сабақ конспектісі белгіленген мерзімінде тапсырылды;

3) сабақ конспектісінің әдістемелік жағы ескерілген болса (мақсаты, міндеті, қолдану аймақтары, жоспары, әдістеменің атауы және т.с.с.);

4) толығымен әдістеменің тәжірибелік аймағы сипатталған болса;

5) әдістеменің қорытындысы, алынған нәтижелері болса.

Одан басқа студент тәжірибелік тапсырмаларды уақытында және дұрыс орындауы тиіс.

 

8. Студент білімін бағалау критериялары, оқытушының талаптары

Үлгерімнің ағымдық бақылауы кезінде студенттердің оқу жетістіктері 100 ұпайлық шкала бойынша әр орындалған тапсырма үшін (ағымдық сабақтарда жауап беру, үй жұмысын, студенттің өздік жұмысын (әрі қарай - СӨЖ) тапсыру, аралық бақылау) бағаланады және үлгерімнің ағымдық бақылауының соңғы нәтижесі академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың ортақ арифметикалық сомасының есебімен жүргізіледі.

Дәл осы әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау үшін де қолданылады (қараңыз: ҚР БҒМ 2008 жылдың 18 наурызындағы №125 бұйрығымен (ҚР БҒМ 2010 жылдың 13 сәуіріндегі № 168 бұйрығы және ҚР БҒМ 2010 жылдың 1 қарашасындағы № 506 бұйрығы бойынша өзгерістерімен) бекітілген «Білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің Типтік ережелерінің» 7 тармағымен.
Семестр бойы студенттің жұмысын бағалау кезінде келесілер есепке алынады:

- Практикалық сабақтарға белсенді және тиімді қатысу:

- Негізгі және қосымша әдебиеттерді оқып білу:

- СӨЖ-ді орындау:

- Барлық тапсырмалардың уақытылы тапсырылуы

Академиялық мінез-құлық саясаты және этика.

Толерантты болыңыз, басқалардың пікірін құрметтеңіз. Қарсы пікіріңізді сыпайы түрде білдіріңіз. Плагиат және жұмыстың басқа да, адалсыз формаларына жол берілмейді. СӨЖ, аралық бақылау және қортынды емтихан тапсыру кезінде айтып кеңес беруге, көшіруге, басқа студент үшін емтихан тапсыруға тиым салынады.

Көмек: Өзіндік жұмыстарды (СӨЖ) орындау бойынша кеңес алу, оларды тапсыру және қорғау үшін, сонымен қатар өткен материал бойынша қосымша ақпарат алу үшін және оқылған курс бойынша басқа да сұрақтармен оқытушыға оның офис-сағаттары кезеңінде хабарласуға болады.

Оқытушының талаптары:

- Сабаққа кешікпей уақытында келу.

- Егер студент белгілі бір себептермен сабақтан босатылса (мекемеден арнаулы қағазы болса ғана), кейін ұпайларды толығымен орындамаған тапсырмаларды істеу арқылы алады.

- Егер студент себепсіз сабақты босатса – ұпайлардың бір бөлігін ғана, кейінгі сабақтарда орындалған тапсырмалар үшін алады.

Студент міндетті:

- дәрістік сабақтардың барлық түріне (дәрістер, практикалық сабақ, семинарлық сабақ, зертханалық жұмыс) және оқытушының жетекшілігімен өтетін студенттік өзіндік жұмыс (ОСӨЖ) сабағына үнемі қатысуға,.

- ұсынылған оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттерді, басқа да әдебиеттерді кітапхананың оқу және интернет залдарында қолдана отырып, студенттік өзіндік жұмысты (СӨЖ) берілген көлемде және белгіленген мерзімде орындауға;

- берілген көлемде жазба жұмыстарын (ОСӨЖ немесе СӨЖ) тапсырудың графигін қатал сақтауға;

- рейтингтік және қорытынды бақылауда өзі қатысуға;

Аяқталмаған жазба жұмыстары есептелмейді.

Жазба жұмыстарын (ОСӨЖ немесе СӨЖ) уақытылы, толық, сапалы және таза орындағанына, шығармашылық жағынан, оқу процесінде белсенді қатысқанына, студенттік конференцияға қатысуына, түрлі әдебиет және электронды ақпарат көздерін қолданғаны үшін студентке сыйлық баллдары беріледі.

Жазба жұмыстарын (ОСӨЖ немесе СӨЖ) уақытынан кеш, толық емес, сапасыз және кір орындағанына, дәрістік сабақтарға (дәріс, практикалық сабақ, семинарлық сабақ, зертханалық сабақ) және оқытушының жетекшілігімен өткізілетін студенттік өзіндік жұмыс сабақтарына (ОСӨЖ) қатыспағанына (кешіккеніне), сондай-ақ оқу корпусы мен сабақта өзін ұстау этикасын бұзғандығы үшін студент штраф баллдарын алады.

Консультация жеке бекітілген графикке сәйкес өткізіледі.

9. ұсынылатын әдебиеттер тізімі

9.1. Негізгі әдебиет:

1. Беспалько В.П Слагаемые педагогической технологий. -М,: Педагогика,1989 г.

2. Әбілқасымова А.Е., СадықовТ.С. «Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері» Алматы., ғылым, 2003 ж.

3. Кеңеш Ә.С «Болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындық жүйесін дамыту» Астана 2003 ж.

4. Досжанов Б, Альменаева Р. «Электрондық оқулықтарды даярлау әдістері» Алматы 2002 ж.

5. Беспалько В.П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.- М.,1995 г.

6. Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. -М., 1996 г. Дьяченко В.К. Новая педагогическая технология учебно-васпитательного процесса. -Усть-Каменагорск, 1992 г.

7. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения.- М.:Педагогика, 1990 г.

9.2. Қосымша әдебиет:

1. Балкенов Ж. Студенттерді шығармашылық іс-әрекетке оқытудың ғылыми- дидактикалық негіздері. Қарағанды, 2005 ж.

2. Тұрғынбаева Б. Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту. Алматы, 1998 ж.

3. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.

4. Нұрғалиева Г.К. Компьютер әлемі. Рспубликалық журнал №2 2002 ж.

5. Қараев Ж, Қуанбаев Б. «Жетірілдірілген педагогикалық жүйені жобалаудың дидактикалық шарттары» «Ізденіс» №1, 2004 ж.

6. Бұзаубақова К.Ж «Жаңа педагогикалық технология» Тараз, 2003 ж.

7. Таубаева Ш.Т, Барсай Б,Т «Оқытудың қазіргі технологиялары» Бастауыш мектеп №3,1999 ж.

8. Нағымжанова Қ.М «Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психология-педагогикалық негіздері» Өскемен 1999

9. Мырзабаев А. Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері. Алматы, 2005 ж.

10. Выгодский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. М. Просвешение 1987 г.

11. Тұрғынбаева Б. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қазақстан мектебі. №4, 2005 ж.

12. Тұрғынбаева Б. Жеткіншектердің шығармашылық қабілетін дамыту. Қазақстан мектебі. №8, 2004 ж.

13. Давыдов В.В. Проблемы развиваюшего обучения. М. Просвешения, 1984 г.

14. Ильин В.С. Формирование личности школьника. М, Педагогика, 1984 г.

15. Крутецкий В.А. Психология обучения и воспитания школьников. М. Просвешения, 1976 г.

16. Ильин В.С. Формирование личности школьника. М, Педагогика, 1984 г.

 

 

Аға оқытушы Таджибаева Жибек Алдабергеновна

32 ш/а., Педагогика және психология кафедрасы, 2-19 каб., тел.: 8 (7292) 42-57-96

 

5 Пәннің оқу-әдістемелік картасы

Кафедра Педагогика и психология

Мамандық 5В010300 - «Педагогика және психология»

Пән Шағын жинақталған мектеп жағдайындағы кіріктірілген оқыту технологиясы

1. Пәннің үлгілік бағдарламасы

Атауы Дайындаушылар Баслым жылы
1.      
       

2. Пәннің оқу жұмыс бағдарламасы

Атауы Автор (ы) Баслым жылы
1. Шағын жинақталған мектеп жағдайындағы кіріктірілген оқыту технологиясы Таджибаева Ж.А.  
2.      

3. Пәнің оқу бағдаламасы (Sillabus)

Атауы Автор (ы) Шығарылған жері, Баслым жылы Количество экземпляров в библиотеке, на кафедре
1. Шағын жинақталған мектеп жағдайындағы кіріктірілген оқыту технологиясы Таджибаева Ж.А.   на кафедре 1
2.        

4. Негізгі әдебиет

Атауы Автор (ы) Шығарылған жері, Баслым жылы Баслым түрі Кітапханадағы дана саны
1. Дидактикалық технологиялар Халитова І.Р. Алматы, 2008 ж Оқу құралы _
2. Педагогика и прогрессивные технологии обучения.-   Беспалько В.П. М.,1995 г М.: учеб. пособие. _
3. Шағын жинақты бастауыш мектепте жанашыл үрдістерді ұйымдастыру Тойбазарова Н Ә А-,2011 ж учеб. пособие  
  Бизнес и менеджер.   Дараховский И.С. Москва 1998г. учеб. пособие. _

5. Қосымша әдебиет

Атауы Автор (ы) Баспахан, Баслым жылы Баслым түрі Кітапханадағы саны
1. Деловая психология Курс лекции: Учебник для высших и средних специальных учебных заведений. А.В.Морозов Сп.б.: Изд-во Союз, 2000.-576с. учеб. пособие. _
2. Психология управления: Курс лекций/. –   Аверченко Л.К., Залесов Г.М М.; Новосибирск: ИНФРА-М: Сибирское соглашение, 2000. – 149с. учеб. пособие. _
  Психология управления. А.А.Урбанович. Минск: Харвест, 2003. – 639с учеб. пособие. _
  Если вы -руководитель. Элементы психологии менеджера в повседневной работе.   Коричевский Р.Л. М-1993г учеб. пособие.. _
  Шағын мектеп   2013,2014 Журнал  

 

6. Ш.Есенов атындағы КМИТУ ОПҚ шығарған оқулықтары, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдары

 

Автор (ы) Атауы Шығарылған жері, Баслым жылы Баслым түрі Кітапханадағы саны
1.          
2.          

 

7. Әдістемелік нұсқаулар

Атауы Автор (ы) Шығарылған жері, Баслым жылы   Кафедрадағы Кітапханадағы саны
1. Методические указания по по видам практики      
2. Методические указания по выполнению дипломных работ (проектов)      
3. Методические указания по итоговой государственной аттестации обучающихся      

 

8. Әдістемелік нұсқаулық (қолда)

Атауы Автор (ы) Шығарылған жері, баслым жылы Кафедрадағы, кітапханадағы саны
1. Методические рекомендации по изучению дисциплины     Бар
2. Методические рекомендации по типовым расчетам, выполнению расчетно-графических, лабораторных работ     Бар

 

ЭУМКД

Оқу сабақтарының түрлері Наименование программного продукта Назначение
1. Контенты    
2. Курс дәрістері    

 

10. Дәрістік кешен

Атауы Автор (ы) Кафедрда, дәріскерде
1. Тезисы лекций Кабекенов Г.У. Бар
2. Иллюстратциялық материал    
3. Дидактикалық материалдар    

11. СӨЖ материалдары

Атауы Автор (ы) Кафедрадағы саны
1. Кәсіпкерлік білім беру туралы жалпы түсінік. Кабекенов Г.У.  
2. Кәсіпкерлік білім беру ғылыми-әдіснамалық тұрғыдан қарастыру. Кабекенов Г.У.  
3. Кәсіпкерлік білім беру әдіснамасы. Кабекенов Г.У.  
4. Кәсіпкерлік білім беру ұғымын классикалық психоанализ тұрғысынан түсіндіру.   Кабекенов Г.У.  
5. Гешталь-психологиядағы психологиялық менеджмент әдіснамасы. Кабекенов Г.У.  
6. Психологиялық менеджменттегі психосинтез негіздері.   Кабекенов Г.У.  
7. Кәсіпкерлік білім беру зерттеудегі теориялық технологиялар мен әдістер. Кабекенов Г.У.  
8. Психикалық процестерді, күйлерді, қасиеттерді басқару. Кабекенов Г.У.  
9. Кәсіпкерлік білім беру ақпараттық технологияларды қолдану ерекшеліктері. Кабекенов Г.У.  
10. Басқарудағы және өмірдегі қақтығыстарды шешуде өз тәжірибеңізді талдау. Кабекенов Г.У.  
11. Кәсіпкерлік білім беру жүзеге асырудың практикалық әдістері. Кабекенов Г.У.  
12. Кәсіпкерлік білім беру басқару стильдері. Кабекенов Г.У.  
13. Психологиялық менеджмент барысы. Кабекенов Г.У.  
14. Акша. Қаржы Кабекенов Г.У.  
15. Кәсіпкерлік іскерлік Кабекенов Г.У.  

 

 

№1Дәріс сабақ

Тақырып: Шағын жинақталған мектеп жағдайында кіріктірілген оқыту технологиясы пәніне кіріспе.

Дәріс мазмұны: Елбасы Н.Ә. Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Мектеп туралы мәселенің көтеріліп жатқаны өте дұрыс. Мектеп әлеуметтік мәселелердің ішіндегі ең өзектісі» деген пікірді айта келсе,әсіресе, ауыл мектебін өркендеуге,ауыл мектебінің жағдайын жақсартуға көңіл бөлу қажет екеніне баса мән берді. Алайда, ауыл мектептерінің шешілмеген проблемалары жеткілікті. Бұл мәселелердің ішіндегі ең бастысы оқыту процесінің сапасын қазіргі заман талабына сай жетілдіру болып отыр. Өйткені бірнеше сыныпты бір мезгілде қосып оқытқан жағдайда ауыл балаларының білім сапасын мемлекеттік талап көрсеткішіне жеткізу қиын да күрделі жұмыс екені анық. Бұл істерде жай мектептерден тәжірибе көшіре салу дұрыс болмас еді. Мұндай мектептердегі оқыту процесінің сапасын жетілдіруді оның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып жүргізген орынды деп білеміз.

Қазіргі ауыл мектептеріне тән белгі олардың шағын жинақталғандығы. Шағын жинақталған мектептерге сыныптағы оқушылар саны аз (бес,он оқушыдан көп емес) мектептер, параллель сыныптары болмайтын немесе кейбір сыныптары түгел емес мектептер, сондай ақ оқушы санының аздығына байланысты сыныптары біріктірілген мектептер жатады. Шағын жинақталған мектептердің негізгі құрылымдық компоненті бір ғана оқытушы басқаратын жинақталған сыныптар. Жинақталған сыныптың құрамы екі немесе үш сыныптан тұруы мүмкін.

Қазақстанда шағын жинақталған мектептер желісінің даму динамикасы кейінгі жылдарда олардың санының елеулі артқанын көрсетеді. Қ.Р Білім және ғылым министірлігінің 2002-2003 оқу жылының басында алынған статистикалық мәліметтер бойынша 8095 жалпы білім беретін мектептердің 4219-ы (барлық мектептің 52,1%) шағын жинақталған мектептерді құрайды. Ауылдық жерлерде 6182 жалпы білім беретін мектеп орналасқан, оның 4072-сі,яғни барлық ауылдық мектеп санының 65,9%-і шағын жинақталған мектеп болып табылады. 1913 мектеп қалалық, оның 147- сі шағын жинақталған мектеп. Еліміздегі шағын жинақталған мектептердің 1145-і бастауыш, 1007-сі негізгі,2067- сі жоғарғы сатылар. Нақтырақ айтқанда,сонғы он жылда негізгі сатылы шағын жинақталған мектептердің саны 2 есе, жоғарғы сатылы шағын жинақталған мектептерлің саны 2-2,5 есе өскен. Оларға сыныптардың толымсыздығы,бірнеше сыныптың біріктірілуі, мұғалімдердің жұмысындағы көппәнділік, яғни бір мұғалімнің бірнеше пәнді қатар алып жүруі сияқты белгілер тән. Еліміздің шағын жинақталған мектептерінде соңғы 3 жылда біріккен сынып кешендерінің саны 4126- ға жеткен. Республика бойынша 719 ауылдық жерде мектеп мүлдем жоқ,онда мектеп жасындағы 15209 бала оқуға тартылмай отыр. Бұл мәселелер ауыл балаларының білім сапасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Кейінгі уақытта баспасөз беттерінде ауыл түлектерінің жоғарғы оқу орнына түсу, «Алтын белгі» мен айырықша үлгідегі аттестат алу, пән олимпиадаларына қатысу үлестері өте төмендеп кеткені туралы жиі айтылып жүр. Мұндай көрсеткіштер ауыл мектептеріндегі оқыту процесінің сапасын көтеру үшін нақты шаралар қолданудың өзектілігін көрсетеді, ондағы оқу тәрбие үрдісін ұйымдастыру технологиясын жетілдіруді талап етеді.

Педагогикалық технологиялар.

Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материиалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс.

Кез келген технологиянын (өндірістік,әлеуметтік) негізгі бөлігі түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.

Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса,оны жасау құралдары белгіленсе,жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады.

Технологияның айырмашылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп. Біріншіден технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа ету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан оны дәл анықтауға мүмкіндік бар. Екіншіден мақсат сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективті әдістер арқылы тексеріледі. Үшіншіден мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды. Төртіншіден әдістемеде сабақ жоспарлары мұғалімнің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін мұғалім. Ал технологияда оқушылардың оқу іс әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр мұғалім сабақ жоспарын өзінше тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Техноогияны педагогикада қолдану шекарасы бар,себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек,онда болмайды. Оқыту мақсаты оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс әрекет тәсілдеріне үйрету.

Оқыту технологияның ерекшеліктері:

· Түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім,іскерліктерін жиі тексеру.

· Үлгермеушілірді анықтау және іріктеу.

· Олармен қосымша жұмыстар жүргізу,материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушілардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.

· Оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.

Оқу материалын меңгеру заңдылықтары. Оқушы кез келген оқу тапсырмаларын бұрынғы меңгерген ақпараттарына сүйеніп орындайды. Бала оқу іс әрекетінің тиімділігі оның жеке тәжірибесіне байланысты. Баланың өз біліміне сүйеніп жасайтын іс әрекетін репродуктивтік, өткен тәжірибеге сүйеніп жаңа өнімдер жасауын продуктивтік іс әрекет дейді.

Оқу пәндерін кіріктіру мыналарға көмектеседі:

· неғұрлым ынта білдіргенде білімді жеке мәнді саналы түрде қабылдауға;

· кіріктірілген сабақ құрылымында проблемалық жағдайлар үлесін ұлғайтуға,оны оқу материалын танып білудің жаңа тәсілін іздестіруге жетелейтін және жеке тұлғаның зерттеушілік типін қалыптастыратын оқушының ойлау әрекетін белсендіруге;

· оқушыға бір мезгілде әрекетті орындауда барлық мақсат қоюдан нәтижеге дейінгі барлық процесіне бақылау жасауға мүмкіндік беретін жалпы білімдер көлемін ұлғайтуға. Білім берушілік, дамытушылық және танымдық үшбірлікті дидактикалық мақсатын жүзеге асыруға;

· Сабақтың ақпараттық сыйымдылығын арттыруға;

· Оқушылардың уәждемесін арттыруға,олардың оқу танымдық әрекетін белсендіруге,шаршағанндары мен қауларын азайтуға;

· Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуға,олардың алған білімдерін өмірде қолдана білулеріне көмектеседі.

Солай,кіріктіру сабақты күшейте түсуде тиімді құрал болып саналады. Бұл кезде алынған білімді бір мезгілде теориялық,практикалық және қолданбалы салаларда пайдалану мүмкіндігі ашылады. Қазіргі кезде көптеген мектеп интеративті тақталармен жабдықталғанын атап өткен жөн,алайда оларды тиімді пайдалану тәжірибесі әлі де жетіспейді.

Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы ақпараттандырылған жан жақты,дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт сомдауы. Саналы білімге жету жолында ұстаздың аянбай еңбек етуі керек. Оқытудың тиімді әдіс тәсілдерін,қазіргі заманауи инновациялық технологияларды меңгеруі шарт. Әрбір сабақта оқытудың тиімді әдістерін пайдалану білім сапасына елеулі әсер етпейтіні даусыз.

Қазіргі сабақтарда ақпараттық технология мен кіріктірілген оқыту технологиясын байланыстыра өту өте тиімді нәтиже береді. Ақпараттық технологияда біз ұстазды ақпарат беруші,бағыт бағдар көрсетуші деп түсінеміз. Белгілі бір тақырып бойынша мәлімет,әдебиеттер және т.б. беріледі. Ал кіріктірілген инновациялық технологияда тақырыпқа байланысты дәлелденуі және жеткізілуі оның басты артықшылығы болып тұр. Ұстаз әркез ізденуші бола білсе,өзі үшін білім жинақтайды. Оқытушы үшін сабақты қызықты ете алады.

№2 Дәріс сабақ

Тақырып: Шағын жинақталған мектептер тарихы

Дәрістер мазмұны: 1918 жылы 16 қазанда БОАК (ВЦИК) декретімен бекітілген еңбек мектебі туралы Декларацияда мектептерді бастауыш, гимназия, реальды училище деп бөлуді қысқарту туралы айтылып, екі сатылы біртұтас еңбек мектебі енгізілді: бірінші сатыда - 8 жастан 13 жасқа дейін балалар үшін 5 жыл оқу және екінші сатыда- 13 жас пен 17 жас арасындағы балалар үшін 4 жылдық оқу белгіленді. Сөйтіп, 12 жылдық оқу мерзімінің орнына 9 жылдық оқуды енгізу бұқара балаларына оқуды жеңілдету мақсатынан туындады. Оқу тегін, ұлдар мен қыздар үшін бірдей деп хабарландырылды. Политехникалық білімнің қажеттілігі жария етілді. Халыққа білім беруді ұйымдастырумен байланысты, күрделі мәселелерді шешу кеңестердің облыстық съезінің талқылауына ұсынылды. Жер-жерде ликбездер, курстар, кешкі мектептер, өз бетімен білім алу үйірмелері ұйымдастырыла бастады. Барлық деңгейдегі және ведомстволардағы мектептер оқуға тілек білдірушілерді жасына, ұлтына, дініне қарамастан қарсы алды, елде оқуға деген талпыныс жоғары болды.

Кеңес өкіметінің мәдениет мәселелері жөніндегі бірінші маңызды декреттерінің қатарында РСФСР Халағарту аткомының „Аз ұлттардың мектептері туралы" қаулысы да болды. Осыған сәйкес 1918 жылы тамызда Қазақ республикасының ОАК (ЦИК) мектептерде оқытуды ана тіліне көшіру туралы декреті жарияланды, ал қараша айында „Түркістан мектептерінің құрылымы туралы ереже" жарық көрді.

1920 жылы шілдеде сауатсыздықты жою бойынша төтенше комиссия құрылды. 1921 жылы 26 шілдеде ҚазОАК (ЦИК) 16 мен 51 жасқа дейінгі аралықтағы барлық білімді адамдарды сауатсыздықты жою жұмысына қатыстыру туралы қаулысы қабылданды.

1920 жылы қазанда Қырғыз әскери-революциялық комитеті халыққа білім беру бөлімінің базасында Қазақ КСР-інің ағарту халық комиссариатын құрды. 1920 жылдың желтоқсанында қазақ халық ағарту комиссариаты жанынан үш бөлім: мектеп, мектептен тыс және балаларды қорғау бөлімі ашылды.

Мектеп жүйесінің қарқынды өсуі педагогтардың көп болуын талап етті. 1921 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда төрт халыққа білім беру институты жұмыс істей бастады. Орынборда жалпы саны 360 адамдық (орысша, татар - 223 адам. Қазақ - 140 адам), Семейде аралас - 190 адам. Олар бар болғаны 550 адамды қамтиды.

1925 жылы мамырда „Сауатсыздық жойылсын" қоғамының Бүкілқазақстандық бірінші съезі өтті. Әсіресе, республика үшін қажетті мамандықтар игеруді назарға алатын жаңа мектептер ашылды.

1924-1925 жылдары мектепті қаржыландыру біршама жақсарып, одан әрі қарай қазақ мектептерінің өсуіне ықпал етілді. Қазақ КСР-інде мектептер РСФСР қабылдаған жүйе бойынша, жергілікті жағдайларға байланысты өзгертулер енгізу арқылы тұрғызылды. Қазақстанда: бір сатылы 4 жылдық білім беретін мектеп; екі шоғырдан тұратын: бірінші және екінші сатылы жеті жылдықты құрайтын мектепте қосымша 2 жылдық үшінші сатылы мектептер (тоғызжылдық) ұйымдастырылды.

Қазақстанда сондай-ақ үшжылдық оқу мен шаруа жастарының мектебі (ШЖМ) болды. 1926 жылы Қазақстанда сауаттылық 25,2 пайызды, ал тұтасымен КСРО-да - 56,6 пайызды құрады.

Республикада 1927 жылғы 15 желтоқсандағы жүргізілген санақтың деректері бойынша, Қазақстанда бастауыш оқумен қазақ балаларының тек қана 20 пайызы қамтылды. Республикада барлық типті 4092 мектепте 277087 оқушы оқыды. Осыған дейін 1926 жылы мамыр айының өзінде Қазақ АКСР Халық Комиссарлар кеңесі бірінші „Қазақ АКСР біртұтас еңбек мектебінің жарғысын" қабылдады. Онда 8 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды оқыту, ұлдар мен қыздарды бірге оқыту, мектепте қандай болмасын дінді оқытуға жол бермеу, онжылдық оқу мерзімі қарастырылды.

1930 жылы 27 тамызда ҚАКСР үкіметі жалпыға міндетті оқу туралы Декрет қабылдады. Декретте республикадағы барлық балаларды жалпыға міндетті оқуға тарту мәселесі қойылды. Жергілікті өкімет, халыққа білім беру органдары осы бағытта сан қырлы күрделі жұмыстар жүргізді. 1930-1931 оқу жылынан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқу енгізілді.

Бұл кезеңде мектептің негізгі кемшілігі, ол техникумдар мен жоғары оқу орындарына дайындық үшін қажетті білім мөлшерін бере алмады. Сондай-ақ, политехникалық оқытуда да кемшіліктер байқалды.

1932 жылы республикада бастауыш білім беруді жүзеге асыру жөніндегі кейбір қорытындылар шығарылды. Бастауыш мектептердегі оқушылар саны бірнеше есеге өсті. Мектептерде барлық ұлттарды ана тілінде оқуға көшіру кезеңі аяқталды. Қазақ мектептері үшін ана тілінде жаңа оқулықтар құрастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Жалпы білім беретін мектептерді түбірімен жақсарту үшін ‡кіметтің 1933 жылы ақпанда: „Бастауыш және орта мектеп оқушылары үшін оқулықтар құрастыру туралы", 1934 жылы мамырда: „Бастауыш және орта мектептің құрылымы туралы", 1935 жылы: „Оқу жұмысы бастауыш, орталау және орта мектептің ішкі тәртібін ұйымдастыру туралы" және 1934 жылғы: „КСРО мектептерінде азаматтық тарихты оқыту туралы" қабылданған қаулылардың мәні ерекше болды. Осы қаулылар негізінде жалпыға білім беру жүйесінің толық құрылымы аяқталды. Мектептердің жеке типтері айқындалды: бастауыш - 4 сыныптық, орталау - 7 сыныптық, орта -10 сыныптық болды.

Оқу үрдісінің негізгі түрі болып сабақ танылды. Мектептегі мұғалімнің рөлі артты.

1934 жылы ережеге сай педагогтік институттар жанынан екі жылдық мұғалімдер институты ашылды. Екі жылдық институттың бітірушілеріне аяқталмаған жоғары білімді маман деген диплом берілді. Мұғалімдер институттары Алматы, Орал, Қарағанды, Петропавл, Семей, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында жұмыс істеді. Архив деректеріне көз жүгіртсек, 1927 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда барлығы 14 педагогтік техникум, сондай-ақ педагогиканы тереңдетіп оқытатын II сатылы және тоғыз жылдық 16 мектеп болғандығы байқалады. Оларда барлығы 2398 адам, оның ішінде 1546 қазақ оқыды.1 Одан басқа мектептің VIII және IX топтарында педагогтік бейімділікпен 1079 адам оқып-үйренді. Бұл шаралар оқытушылар құрамының жақсаруына қол жеткізді.

1931 жылы тамызда ҚазКСР ХКК жалпыға міндетті жетіжылдық оқуды енгізу туралы қаулы қабылдады. Осы қаулыны орындау үшін 1931-1932 оқу жылынан бастап республиканың барлық қалаларында, 26 ауданында жетіжылдық жалпыға міндетті оқу енгізілді. Архив деректері бойынша, жоғары типтегі мектептердің арасында 60 қазақ, 81 орыс, 7 татар, 5 украин, 3 ұйғыр, 2 өзбек, сондай-ақ 176 аралас мектептерде жалпыға міндетті оқуға көшуді аяқтау көзделді.

1935 жылы республика үкіметі „Мектеп құрылымдарын ретке келтіру және қазақ орта мектептерін өсіру туралы” маңызды шешім қабылдады. Мәселен, кейбір сыныптардағы бала саны 12 - 8 немесе 10 - 9 адамды құрады. Сыныптардағы бала санының аздығын, сондай-ақ республика аумағының шалғайлығын ескере отырып, барлық балаларды оқумен қамту үшін мектеп-интернаттар ашыла бастады. Халық ағарту комиссариатының деректері бойынша 1934 жылы 24259 оқушы интернатпен қамтылды. 1937 жылға жалпыға міндетті оқумен мектеп жасындағы барлық балалардың тек 96 %-і қамтылды. Қазақша төрт сыныптық мектептердің саны 537-ден 1190-ға, орталау мектеп 143-тен 237-ге, орта мектеп 11-ден 48-ге өсті. Дегенмен, қазақ орта мектептерінің саны әлі де аз еді. Қазақ мектептерін нығайту үшін халыққа білім беру органдары тарапынан материалдық жағдайы төмен әрбір оқушыға ай сайын 64 сом мөлшерінде стипендия белгілеу ұйғарылды. Бұл шара жоғары сынып оқушыларының контингентін сақтауға көмектесті.

1938 жылы Қазақстан мектептерінде оныншы сыныпты 2044 адам бітірді. Оның ішінде 287 қазақ баласы болды. Жастарға жоғары білім беру үшін бұл өте аздық етті. Дегенмен, ағарту ісіндегі негізгі тірек - сауатсыздықты жоюды аяқтау, жалпыға міндетті бастауыш оқудың орындалуы, сондай-ақ жалпыға бірдей орта білімді қалаларда жүзеге асыру, ауылда және аудандарда жалпыға міндетті жетіжылдық білімнің аяқталуы табысты түрде іске асырылды. 1939 жылдың аяғында Қазақстан халқының жалпы сауаттылығы 79,3%-ке көтерілді. Оның ішінде еркектер - 85,2%. ал әйелдер арасында 66,8 пайызды құрады. Республиканың қалалары мен ауылдарында жаңа мектептер тұрғызылды, оқулықтар, бағдарламалар, мектеп мұғалімдері үшін жаңа оқу құралдары пайда бола бастады. Мұғалім кадрларының деңгейі өсе түсті. 1930 жылдың аяғына қарай бұрынғыдай бастауыш білімді мұғалімдер қалған жоқ десе де болады. Мұғалімдердің 10 пайызы жоғары білімді, 25 %-ы - орта, 65 %-ы орталау білімі болды. Ауыл мұғалімдері үшін кейбір жағдайды жақсарту шаралары жасалды.

Республикада 1940-1941 оқу жылында мектептер саны 7790, ондағы оқушылар саны - 441 мыңға өсті.1 1940-41 оқу жылында қазақ орта мектептерінің жанынан 29 мыңға жуық бала тәрбиеленетін 250 бюджеттік интернат ашылды. (Архив КазССР. оп. 8, св. 1, д. 10, лл. 21). Сондай-ақ, осы жылдары қазақ және орыс мектептеріндегі қазақ қыздарының саны да өскендігін атап өтуге тура келеді.

Соғыс кезіндегі ауыр жағдайдың өзінде де оқуды қоғамдық еңбекпен байланыстыру ісіне ерекше назар аударылады. 8-10 сыныптарға міндетті түрде тракторды, автомашинаны үйрену жүктелді. Ал 4-7 сыныптарды ауыл шаруашылығының қарапайым негіздерін үйрету енгізілді.

1944 жылы „8 жас пен 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді есепке алуды ұйымдастыру және жалпыға бірдей міндетті білім беру жөніндегі заңның орындалуын бақылаудың тәртібі туралы" міндетті нұсқау жарық көрді.1

Жаңа нұсқауда әрбір бастауыш, орталау және орта мектеп жасындағы балалардың сауатын ашуды қамтитын өзінің учаскесінің болуы және оның орындалуын жергілікті кеңестердің атқару комитеттерінің бақылауға алуы қарастырылды. Соғыс жағдайы оқу орындарының жұмысында үлкен қиындықтар туғызды. Олардың ғимаратының бір бөлегі госпитальдарға берілді. Кейбір жағдайларда қорғаныс кәсіпорындары иеленді.

Соғыс жылдарында басқа республикалар сияқты Қазақстанда да жалпыға бірдей жеті жылдық білім беру ауылда және онжылдық білім беруді қалада жүзеге асыру уақытша тоқтатылды, мектептің балаларды оқумен қамтуы төмендеді.

1956-1960 жылдары оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысы оның шығармашылық бастамада жан-жақты өркендетуіне бағытталды. Мектептерде тәрбие жұмысының бағдарламасын жасау бірнеше жылдар бойы жүргізілді. ¤зінің құрылымы мен мазмұны жағынан бұл бағдарламада жеке адамды жан-жақты дамытуда еңбекке тәрбиелеуде, өмір үрдісін және оқу қызметін ұйымдастыруда бірізділікті міндеттер байқалды. 1958 жылдан бастап мектептерде оқудың мазмұнын сынақ арқылы тексеруенгізілді. 1958 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі „Мектептің өмірмен байланысын нығайту және КСРО-дағы халыққа білім беру жүйесін одан әрі қарай өркендету туралы" заңды қабылдады. Ол заң еліміздегі жалпыға міндетті 8 жылдық білімді бекітті. 2

Заң мектептің негізгі міндетін - оқушыларды өмірге, қоғамдық маңызды еңбекке дайындау, әрі қарай жалпы және политехникалық білім беруді жетілдіру, ғылым негіздерін жақсы білетін сауатты адамдарды дайындау, жастарды социалистік қоғам принциптеріне терең құрмет рухында тәрбиелеуді айқындап берді. Орта мектептегі білім беру мен тәрбиенің жетекші бастауы олардың еңбекпен тығыз байланысты болуында деп атап көрсетілді.

50-інші жылдардың аяғында басталған жалпыға міндетті сегіз жылдық білімге көшу 1962-1963 жылы аяқталды.

60-70-інші жылдары халыққа білім беру саласындағы аса маңызды міндеттер - республикада жалпыға міндетті орта білімді жүзеге асыру мектепте білімнің жаңа мазмұнға көшуі оқу үрдісін және оқушылардың тәрбиесін жетілдіру деп танылды.

Жалпыға бірдей міндетті орта білімге көшіру үрдісі бірнеше кезеңде жүзеге асырды. Мысалы, 1966 жылы 10 қарашада үкімет „ Жалпы білім беретін орта мектептерді одан әрі қарай жақсарту шаралары туралы" қаулы қабылдады.

қыту мен еңбек тәрбиесінің күшеюіне ықпал етті.

Мектеп жұмысындағы өзгерістерге байланысты 1970 жылы жалпы білім беретін орта мектептердің жаңа Жарғысы қабылданды. Бұл мемлекеттік құжаттық негізінде сегізжылдық

мектепті бітірушілер білім алуды, жалпы білім беретін толық орта (онжылдық мектептің IX-X сыныптары), орта арнаулы оқу орындары - техникумдарда (3-4 жылдық оқу), орта кәсіби-техникалық училищелерде ПТУ (3-4жыл), сондай-ақ жұмысшы және ауыл жастары мектептерінде (IX-XI сыныптар) жалғастыра алатын болды.

1971 жылы мектептің алдына жастарға жалпыға бірдей орта білім беруге көшу туралы, жалпы білім беретін мектептің материалдық базасын одан әрі қарай нығайту, оқытудың сапасын көтеру, оларды қоғамдық пайдалы еңбекке белсенді және мақсатты түрде дайындау міндеттері қойылды.

1972 жылы маусымда Одақтық үкімет „Жалпыға бірдей міндетті орта білімге көшуді аяқтау және жалпы білім беретін мектептерді әрі қарай дамыту туралы" қаулы қабылдады. Бұл қаулы халыққа білім беру органдары мен жергілікті органдардың, мектеп қызметкерлерінің ұзақ жылдық жұмыс нәтижесін шығарды және жалпы орта білім беретін барлық түрдегі оқу орындарында оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жақсарту мен жетілдірудің жолдарын көрсетіп берді.

1975 жылы міндетті сегізжылдық мектептің бітірушілер Одақ бойынша толық орта білім беретін оқу орындарында оқуды жалғастырды.

Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектеп оқушыларын оқытуды, тәрбиелеуді әрі қарай жетілдіру және оларды „Еңбекке дайындау" (1977 жыл 27 желтоқсан) туралы" үкіметтің қаулысы да үлкен маңызға ие болды.

№ 3 Дәріс сабақ

Тақырып: Шағын жинақталған мектептерде оқытудың ерекшеліктері

Дәрістер мазмұны: Шағын жинақталған мектептің дамуы (бұдан әрі ШЖМ) әдетте соңғы жиырма жылда жалпы мемлекеттік міндет болып жарияланды. ШЖМ алатын орны ерекше, себебі ол білім беру мекемесі болып қана қоймай, сонымен қатар ауыл социуымының мәдениетіне көпқырлы және ерекше ықпал ететін әлеуметтік институт болып қала бермек.
Ауыл оқушыларының азаматтық көзқарасының қалыптасуына, олардың әлеуметтену үдерісіне айрықша ықпал ететін ауыл мектебінің білім беру ортасына, оның табиғатпен, ауылшаруашылығы өндірісімен байланысына айрықша көңіл бөлінеді.

Ауыл қоғамы мектепті бала мен оның отбасын әлеуметтік қорғаудың бірден-бір кепілі ретінде қабылдайды, ұсынылып отырған білім беру қызметінің сапасын жақсартуға ғана жауап беріп қоймай, сонымен қатар ондағы тұрақтандыру орталығы болып табылады.
Шағын жинақталған мектеп – бұл оқушылар саны аз және оқу сабақтарын ұйымдастыру түрлері ерекше болып келетін жалпы білім беретін мектеп. Шағын жинақталған мектепте бір мұғалім бірнеше пәнді оқытуы мүмкін, ал мектеп басшысы әкімшілік міндеттемелерді белсенді оқыту қызметімен ұштастыра алуы тиіс.

Шағын жинақталған мектепке оқушылар саны аз сыныптары бар (5-8 оқушыдан артпайтын), сондай-ақ құрамында шағын жинақталған бастауыш сыныптары бар негізгі және орта мектеп жатады.
Шағын жинақталған мектептердегi оқу үрдiсiнiң тиiмдiлiгi төмендегi жағдайларға байланысты. Олар:

– сыныптарды бiрiктiрудiң педагогикалық ұтымдылығы мен дұрыстығы;
– сабақ кестелерiнiң оңтайлы жасалуы;

– тәрбие мен оқытудың тиiмдi әдiстерi мен түрлерiн таңдау, оларды технологиялық үрдiсте дұрыс үйлестiру және ұтымды пайдалану;

– сабақтың белгiленген мақсатқа сай неғұрлым тиiмдi құрылуын анықтау;
– оқу-тәрбие жұмысының сабақтық және сабақтан тыс түрлерiн дұрыс үйлестiру;
– оқушылардың өзiндiк жұмысы мен оқытушы басшылығымен атқаратын жұмысының ұтымды алмастырылуы;

– балалардың бойында бiлiм алу және өздiгiнен бiлiм жинай бiлу дағдыларын қалыптастыру; – оқушылардың бiлiм және тәрбие деңгейлерiнiң дамуының ғылыми диагностикасы;

– оқушылардың бiлiм, бiлiктерiн iзгiлiктi педагогикалық ұстанымдарға негiзделген жүйелi бақылау;

– әр түрлi жастағы балалардан құралған бiрлестiктердi ұтымды басқару;

– оқытудың техникалық құралдарын қолдану;
– оқу-тәрбие үрдiсiн тұлғалық-бағдарлық ұстаным негiзiнде құру;
– бала өмiрiнiң тұрмыстық жағдайлары және олардың ата-аналары туралы жалпы мәлiметтер жинау;

– ата-аналарды шағын жинақталған мектеп жұмысына тарту.
Сыныптарды бiрiктiруде мектептегi сыныптардың, оқушылар мен мұғалiмдердiң саны ескерiледi. Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесiнде екi жол бар: көршiлес-шектес сыныптарды бiрiктiру және әр түрлi жасты сыныптарды бiрiктiру. Педагогикалық тұрғыдан әр түрлi жасты сыныптарды ұйымдастыру неғұрлым қолайлы, өйткенi ол балаларды ауыспалы жұптарда жұмыс iстетуге, үлкен сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн кiшi сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.

Мектептiң бастауыш сатысында оқушыларды сынып-кешенге бiрiктiрудiң мынадай варианттары болуы мүмкiн: 2+3, 2+4, 3+4; мұнда 2 және 4 сынып оқушыларын бiрiктiру (2+4) оңтайлы болып табылады.

Бiрiншi сынып оқушыларын сынып-кешендер құрамына енгiзбеген дұрыс. Бұл кезеңде баланың мектепке күнделiктi оқуын қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн дене және психикалық-физиологиялық дамуы жүрiп жатады. Бұл жастағы балалар болмашы нәрсеге алаңдағыш, зейiнiн ұзақ шоғырландыруға қабiлетi дамымаған, қозғыш, елiктегiш болады. Жаңа әлеуметтiк жағдаяттар баланы қатаң қалыптағы әлемге ендiредi, бала өмiрiн тәртiпке түсiредi, сөйтiп оқу жұмысы шаршау мен беймазалықтың көзiне айналады. Мектепке түскен әрбiр оқушыға психикалық қысым түседi. Бұл тек оның денсаулығында ғана емес, мiнез-құлқында да көрiнiс табатын болады. Сонымен бiрiншi сынып оқушыларының оқу әрекетiне, табысқа ұмтылуына, өзiн-өзi бақылауға дайын болуына, бейiмделу үрдiсiнiң жеңiл өтуiне оң мотивтерi қалыптасуы үшiн оларды сынып-кешенге қоспай, өз қатарластарымен жеке оқыту ұсынылады.
Үш немесе төрт сыныпты бiрiктiру қажет болған жағдайда (мысалы,1+2+3+4), сабақтың белгiлi бiр бөлiгiн әрбiр сыныппен жеке өткiзу үшiн жағдай жасау мақсатында (бұл талапты сақтау, әсiресе, бiрiншi сынып оқушылары үшiн ерекше қажет) әр түрлi жастағы балалар үшiн сабақтың жылжымалы кестесiн қолдану дұрыс болады.

Мектептiң негiзгi және жоғарғы сатыларында сыныптарды бiрiктiру, негiзiнен, әр сыныптағы оқушылар санына байланысты болмақ. Негiзгi және жоғарғы сатыдағы оқушылар санының аздығы жағдайында сыныптарды мынадай тәртiпте қосу тиiмдi болып табылмақ: 5+6; 6+7; 7+8. Мұндай бiрiктiруде математика, химия, физика, биология, мемлекеттiк тiл, ана тiлi және шетел тiлдерi сияқты базалық пәндер әрбiр сыныпта жеке өткiзiлгенi мақұл. Мәжбүрлiк жағдайда пәндер бойынша бiрiктiрудi қолдануға болады, яғни әдебиет, тарих, география пәндерiн өткiзуде сыныптарды қосып оқытуға мүмкiндiк бар. 9, 11 сыныптар бiтiрушi сынып болғандықтан, оларды, тiптi бала саны жетiмсiз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытуға жол берiлмеуi керек.

Сыныптарды бiрiктiру ШЖМ-де оқу сабақтарын ұйымдастыруда қиындықтар тууына әсерiн тигiзедi. Бастауыш шағын жинақталған мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек: жазу сабағы бойынша 2 сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан, математика сабағы бойынша 2 сыныпта 15 минуттан, 3 сыныпта 20 минуттан аспауы тиiс. Оқушылардың шаршауының алдын алу мақсатында қосарланған сабақтардың (әсiресе соңғы 4 және 5 сабақтар) ұзақтығын 10-15 минутқа дейiн (дене шынықтыру сабағынан басқа) қысқарту мүмкiндiгi қарастырылады.

Шағын жинақталған мектептiң оқу үрдiсiн ұйымдастырудағы педагогикалық қиындықтарды шешудiң маңызды бағыттарының бiрi жаңа педагогикалық технологияларды жасау және енгiзу болмақ. Оның негiзгi белгiсi ретiнде педагогикалық жүйенiң барлық элементтерiнiң бейiмделу деңгейiн, атап айтқанда: мақсатының, мазмұнының, формасының, әдiстерiнiң, құралдарының, оқушылардың танымдық әрекеттерiн ұйымдастыру түрлерiнiң, оқыту нәтижелерiнiң болжаммен сәйкестiгi дәрежелерiн атауға болады.

№4 Дәріс сабақ

Тақырып: Білім беру жүйесіндегі интеграциялау

 

Дәрістер мазмұны: Интеграция (латынша қалпына келтіру, толықтыру) деген мағынаны білдіреді. Осы соңғы мағынада бөліктерді бүтінге біріктіру, бір типтік қоғамдық құрылыстары екі немесе одан да көп мемлекеттердің ұлттық ыңғайластыру процесі.

Ұлттық энциоклопедияда мынадай анықтама бар: қалпына келтіру, толықтыру. Экономикалық субьектілерді біріктіру, олардың арасындағы байланысты дамытып, өзара ынтымақты іс-қимыл, тереңдету деп анықтама берген. Философиялық тұрғыдағы интеграция даму процесінің әр текті бөліктерімен элементтерін тұтасқа біріктірумен байланысты.

Ал шетелдік сөздіктерде интеграция кез-келген бөліктердің тұтасқа бірігуі.

Кеңестік ұлтты энциклопедияда интерграция жеке дифференцияланған бөліктердің тұтасқа байланысқан күйін, сонымен қатар осы күйге апаратын процестерді білдіретін жүйелі теориясының ұғымы ретінде қарастыралды. Ал, педагогикалық көзқарас тұрғысынан педагогикалық теория мен практика шеңберінде жүзеге асырлатын ғылыми интнграциясының алуан түрлілігі.

Интеграция-тұтастықты қалыптастырыпт білімді жүйелеу мен жинақтауда әр түрлі ғылымдарды біріктіріп әріптердің өзара байланысын жоғары деңгейде жүзеге асырады.

Интеграция – қандайда бір жекелеген элементтердің біртұтас болып бірігуі, қандай да бір бірліктің қайта құрылуы.

( Интеграция термині әдебиеттерде ХХ ғасырдан бастап кездеседі. Ол бірігу, қайта құрылу, толығу ретінде түсіндіріледі

Интеграция, интеграциялап оқыту туралы ғылымдар әр алуан түсініктемелер мен анықтамалар беріп келеді.

И.Г.Герасимов «Интеграция ұғымын бір обьектіні зерттеуге қолданылатын әдістердің, қағидалар мен идеялардың мүлдем басқа обьектілерді зерттеу үшін қажетті және тиімді болатын әр түрлі ғылымдардың байланысы» десе, Г.И.Маринко «ең кең мағынасында интеграцияны даму процесінде мүлдем басқа бөліктер мен элементтердің тұтастыққа бірігуі» деп түсіндіреді. И.Мареви «Қазіргі жалпы дидактика ерекше интегративті ғылым ретінде қалыптасуда. Ғылымда соның ішінде педагогикада және білім беру тарихында алғаш рет интегративтік процесс байқалуда. Онда классикалық дидактика мәні жағынан жаңа түрлік өзгеріске ұшырауда, ол өз тамырын тереңге – категориялық болмысы барынша абстрактылы ғылымдарға, ғылыми бағыттарға жаюда, мұнда кибернетиканы, ақпарат теориясын, жүйе теориясын, семиотиканы т.б. айтуға болады»,-деп көрсеткен.

Интеграцияның барлық ғылым салаларына ортақ ғылым екендігін бағамдап, педагогикалық интеграцияның ұстанымдарын Ә. Түркменбаев өзінің зерттеу жұмысында былай топтастырады:

«- Педагогикалық интеграция – ғылыми интеграцияның бір түрі, ол педагогикалық теория мен практиканың шеңберінде іске асырылады;

- Педагогикалық интегративтік процестің негізгі беогісі оның педагогикалық бағытталуы мен салыстырмалы дербестігі;

- Педагогиадағы интегративтік процестердің мазмұндық жағын логикалық-мазмұндық негіз, әр текті элементер, масштаб, интеграция формалары құрайды; ал ұйымдастырушылық жағын – интеграциялау тәсілдері мен құралдары қалыптастырады.

№ 5 Дәріс сабақ

Тақырып: Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты дамыту.

Дәрістер мазмұны: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жа


Дата добавления: 2015-09-27 | Просмотры: 1438 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.04 сек.)