Максимальді балл - 20. Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:
Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:
Шағымдары: оң көзінің және оң жақ басының ауру сезімі, қалтырау, жалпы әлсіздік, жайсыз сезінуге.
Көру өткірлігін тексергенде оң көзімен 3,5 метр қашықтықта саусақ санай алады. Сол көзімен Сивцев кестесінің 10 қатарын көреді.
| Сұрақтың мәні
| Актер үшін сұрақ құрастыру
| Актердің жауабы
| | Аурудың сипатын анықтау
| Оң көздегі ауруды сипаттаңыз – бастың оң бөлігі ғана ауырады әлде түгел ауырады ма?
| Ауру сезім тек оң көз бен бастың оң бөлігі ғана ауырады.
| | Ауру сезімінің иррадиациясы
| Ауру сезім жауырынға немесе ішке беріледі ма?
| Еш жерге иррадиация бермеиді
| | Ауру сезімнің сипаты
| Ауру сезімнің сипаты қандай, сыздап немесе жедел ұстама тәрізді?
| Жедел ауру сезім
| Анамнезінде: Кеше моншаға түскеннен кейін өзенге түскен. Түнде лезде сол көзі мен сол бас жыртысы ауырып бастаған.
Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары қанағаттанарлық емес. Айтуы бойынша жарақат пен созылмалы аурулары жоқ. Аллергиясы жоқ.
Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Ағзалары мен жүйелері бойынша өзгеріссіз. ТЖ – минутына 18 рет. ҚҚ – 140/100 мм.рт.ст., ЖЖЖ – минутына 110 рет.
Қабақ терісі ісінген, гиперемияланған. Көз алмасының перикорнеалды инъекциясы. Қасаң қабықтың артқы бетінде және нұрлы қабықтың беткей бетінде ақуызды жиналулар (преципитаттар). Алдынғы камера орташа тереңдікте. Тиндаль феномені ++. Нұрлы қабықтың суреті жазықталған, қарашық тарылған, дұрыс емес формалы (фасетчатой), жарыққа реакциясы өте нашар. Бұршақ пен одан кейінгі тіндер өзгеріссіз. Болжам КІҚ Т-1.
«Жедел иридоциклит» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны
| №
| Қадамдарды бағалау критерийлері
| Жауап эталоны
| |
| Барлық сұрақтар қамтылды ма?
| Оң көздегі ауру сезім қандай – бастың тек оң жақ бөлігі ауырады ма, әлде түгел бас ауырады ма? Ауру сезім жауырынға немесе ішке беріледі ма? Ауру сезімнің сипаты қандай, сыздап немесе жедел ұстама тәрізді?
| |
| Жансыздандыратын тамшылар тамызды
| Екі анестетик атауын айтты. Пайызды қатынасы 2-ден к-п болмауы керектігін айтты.
| |
| Визометрия.Бүйір жарықпен қарау
| Көру өткірлігін дұрыс жазып алды. Visus OD = 0,07 н/к OS=1,0 Науқасты дұрыс отырғызды, шамды және линзаны дұрыс орнатты.
| |
| Ажырату диагностикасы
| Жедел глаукома ұстамасымен
| |
| Қорытынды диагноз
| Жедел иридоциклит
| |
| Шұғыл көмектің тактикасын анықтады ма
| Жедел түрде аурухананың офтальмологиялық бөлімшесіне жатқызу
| |
| Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі
| Симуляцияның жабдықталуы:
1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.
2. Үстел лампасы, линза 20Д.
3. Офтальмоскоп
Жағдай: оқу бөлмесі – жалпы тәжірибелі дәрігер кабинеті.
1. Кушетка – 1
2. Аспатарға арналған стол
3. Дәрігерлік үстел – 1, орындык-2
4. Препараттармен қамталған шкаф.
Құрастырушының аты-жөні: офтальмология кафедрасының доценті Ульданов О.Г.
Қайта өңдеген: АМСК каф. доц. кмн Алиманова Ж.М., асс. Кульжахановой С.С. (2015)
Рецензенттің аты-жөні: (2015):
Бедельбаева Г.Г., зав.каф.терапии ИПО КазНМУ
Зав. каф. интернатуры по общей врачебной практике ГМУ г.Семей, д.м.н., профессор Еспенбетова М.Ж.
ББК отырысындағы хаттамасының нөмірі мен бекітілген күні - №5 29.01.2015ж.
Дата добавления: 2015-10-11 | Просмотры: 351 | Нарушение авторских прав
|