АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Антигенді таныстырушы жасушалар

Прочитайте:
  1. Антигенді айырып тану

Иммундық жүйенің маңызды жасушалары-антигенді таныстырушы жасушалар (АТЖ) болып табылады.

АТЖ қызметі Т-лимфоциттерге АТЖ бетінде орналасқан антигендерді өңдеуден және таныстырудан тұрады.

Адам ағзасында осы жасушаларға, бірінші кезекте, макрофагтар, дендритті жасушалар және В-лимфоциттер, сондай-ақ Лангерганс жасушалары және терінің кератиноциттері, қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады.Макрофагтар,дендритті жасушалар және В-лимфоциттерді сонымен қатар, мамандандырылған АТЖ деп те атайды, себебі, белсенді және антигентаныстыруында негізгі қызмет атқарады.

АТЖ-ның сыртқы мембранасында 2х10 дейін МНС молекулалары болады. Бір Т-лимфоциттің белсенуі үшін,и антигенмен кешен құрған осындай 200-300 молекуласы жеткілікті.

Макрофагтар – бұл мононуклеаралық фагоциттер жүйесінің жасушалары, олар сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан (эмбрионның сарыуыз қапшығында және бауырды) түзіледі; сүеккемігінде монобласттар сатысы арқылы қан моноциттеріне дифференцияланады.Қан лейкоциттерінің шамамен 5 % -ын құрайтын моноциттер, қан айналымында шамамен 1 тәуліктей болып, кейін тіндерге түсіп, мөлшері моноциттерге қарағанда, 25 есе жоғары болып келетін, тіндік макрофагтар популяциясын құрайды. Түзілетін тіндік макрофагтар АТЖ қызметін атқарады.

Дендритті жасушалар – антигенді таныстырушы жасушалардың екінші тобын құрайды.Олар аралшықты мононуклеаралық жасушалар.Эпитлий тіндерінің дендриттік жасушаларын Лангерганс жасушалары деп атайды (жаңа жіктелуі бойынша – ақ аралшықты эпидермоциттер).Ағзадағы жасушалардың жалпы саны жеткілікті болғанмен, олар қанның, лимфаның және басқа да тіндердің құрамына кіреді, бірақ диффузды таралуына байланысты лимфоидтық мүшелердің өздерінде (лимфа түйіндерінде, көкбауырда, барлық жасушалардың 1%-ын құрайды)концентациясы аз мөлшерде болады.

Дендритті жасушалар сүйек кемігінде қан жасаудың миелоидты-моноцитарлық қатарынан түзіледі.Цитоплазмадағы қабатты қосындылар – Бирбек түйіршіктері жасушалардың морфологиялық маркерлері болып табылады.

Дендритті жасушалар макрофагтар мен В-жасушаларға қарағанда белсенді және олар иммундық үрдістерді іске қосуда маңызды рөл атқарады.Дендритті жасушалапмен антигенді жаулап алу, көбінесе лимфоидтық мүшелерден тыс жүреді.Антигенді өңдегеннен кейін, олар шеткі лимфа түйіндердегі Т-лимфоциттерге жеткізеді.Бұл кезде дендритті жасушалардың фагоцитозды қабілеті жоқ, бірақ нәруыздар мен вирустық бөлшектерді пиноцитоз жолымен оңай сіңіреді.

Құрылымдық жасушалар(микроайналым жасушалары).

Құпылымдық жасушаларға коллаген және эластин талшықтарын түзетін фибробласттар, сондай-ақ эпителий тіндерінің құрамындағы қан тамырларының эндотелий жасушалары жатады. Бұл жасушалар лимфоциттердің алғашқы екі тобы мен АТЖ-нің қалыпты қызметі үшін олардың миграция жолын анықтап, микроқоршаулық ортасын түзеді.

Иммунологиялық үрдістерде құрылымдық жасушалардың маңыздысы, құрылымдық жасушаларының жасушааралық матрикспен өзара байланысын анықтайтын, сонымен қатар, жасушалар арасындағы жанасу мен белгілер алмасуын қамтамасыз ететін мембраналардың адгезия молекулалары болып табылады.Осы молекулалардың капиллярлар мен постакапиллярлық венулалардың эндотелий жасушаларының бетінде болуыныңмаңыздылығы, лейкоциттердің қан ағымынан тіндерге миграциялануын қамтамасыз етеді.

 

Молекулалық деңгей

Иммундық жүйенің молекулалық негізін келесі макромолекулалық топтар құрайды:

  1. В-лимфоциттер түзетін иммуноглобулиндер (lg) және олардың түзілуін реттейтін гендер.Антиденелер – гуморалдық иммундық жауаптың өнімі, сонымен қатар, олардың түзілісін шақыратын антигендерге арнайы әсер ететін глобулиндер. Бұл күрделі нәруыздық құрылымдар мономерлер немесе полимерлер.Иммуноглобулиндердің молекуласы қатар орналасқан екі тізбектерден тұрады: 2 ауыр - Н тізбек (ағыл. Heavy – ауыр)және 2 жеңіл L (ағыл. Light – жеңіл) тізбектен тұрады.Олардың құрылымдық бірлігі – домендер (тізбектік автономдық бөлігі).Иммуноглобулиндердің 5класы бар:IgM, IgG, IgA, IgE, IgD.
  2. Медиаторлар көмегімен иммунды хабарлы жасушалар иммундық жауаптың қалыптасуына, реттелуіне және жүзеге асуына қатысады.Бұл медиаторларды цитокиндер деп атайды.Бұл антигендерге қатысты арнайылықтардан айырылған және гемопоэз, қабыну, иммундық жауап және жүйеаралық қарым-қатынас кезінде жасушааралық коммуникацияларды туғызатын нәруыздық өнімдер.Цитокиндер рецепторлық механизм негізінде әсер етеді.Олар шамадан тыс артық өндірілуімен және компоненттердің күшті әрекеттесуімен (бір қызметі әртүрлі цитокиндермен қамтамасыз етіледі)сипатталатын жүйені (цитокиндік тор)құрайды.

Т-лимфоциттер субпопуляциясымен түзілетін цитокиндерді лимфокиндер, ал моноциторлы-макрофагалдық жүйелерінің жасушаларымен түзілетін цитокиндерді монокиндер деп атайды.

  1. Негізгі гистосәйкестік кешендерінің гендері (Major Histocompatibility Complex – МНС-кешені, немесе адамдағы HLA кешені - Human Leukocyte Antigens).Бұл гендердің өнімі ағзаның барлық ядросы бар жасушаларының бетінде орналасқан.Олар антигендерді тануда және иммунологиялық серпілістердің қалыптасуында маңызды рөл атқаратын гистосәйкестік антигендерді гликопротеидтердің түзілісін бақылайды. HLA- комплексінің гендері кейбір цитокиндер мен комплемент жүйесінің және пропердин жүйесінің нәруыздарының түзілісін бақылайды.

МНС нәруыздары – иммунолгобулиндер мен Т-жасушалар рецепторларынан басқа, ағзаның барлық нәруыздарының ішіндегі алуан түрлі нәруыздары.Антиденелер және Т-лимфоциттердің рецепторлары бір ағза ішіндегі лимфоциттердің әр клонында әртүрлі болады, ал МНС нәруыздары әр адамда әртүрлі.МНС нәруыздарының негізгі үш түр класы белгілі.Олардың екеуі –Іжәне ІІ класы антиденелерді тану үрдісіне қатысады.

МНС І-ші клас молекулары екі полипептидті тізбектен – үлкен –а (ол мөлшері бойынша IgG-дің ауыр тізбегіне сәйкес келеді)және кіші – в-тізбегінен тұрады.МНС нәруыздарының І-ші клас молекуларлы ағзадағы барлық жасушалардың бетінде кездеседі, тек эритроциттердің бетінде болмайды.

МНС ІІ-ші клас молекуларлы екі полипептидті тізбектен(а және в)тұрады, бірақ екі тізбектің мөлшері бірдей(иммуноглобулиндердің жеңіл тізбектерінің мөлшеріндей).Олар бірқатар жасушалардың бетінде ғана кездеседі, ең алдымен, В-лимфоциттердің, моноцит-макрофактордың, дендриттік жасушалардың және мамандандырылған эпителий жасушаларының бетінде болады.

  1. Саралау кластерлері (CD ағыл Claster Designation) лимфоциттер субпопуляциясының беткейлік маркерлері нәруыздарының белгіленуі үшін қолданылады, олар жасушалардың әртүрлі даму кезеңдеріне және функционалдық субпопуляцияларына (CD2, CD3, CD4, CD8, CD5, CD16, CD19, CD72 және т.б.)тән.Берілген молекулалар бірқатар жағдайларда антидендерді тану үрдісін қамтамасыз ететін (CD3, CD4, CD8) корцепторлар қызметін;кейбір цитокиндермен әрекеттесетін рецепторлар қызметін (мысалы, ИЛ-2үшін рецептор болып табылатын CD25)және басқа да қызметтерді атқарады.Осы маркерлерді стандарттық моноклондық антиденелер көмегімен анықтайды.
  2. Адгезия молекулалары көптеген жасушалардың бетінде орналасқан.Олардың көмегімен антигенді таныстырушы жасушалардың, В-және Т-лимфоциттерінің арасында жасушааралық әрекеттесу деңгейі жоғарылайды. Адгезия молекулаларының бірнеше тектесі бар:интегриндер, селектиндер, муциндер немесе васкулярлық адрессиндер, апоптоз шақыратын молекулалар супертектесі, экстрацеллюлярлық матрикс компоненттері-олар фибриллярлық нәруызда және глюкозаминогликандар.
  3. Лимфоциттердің антигенді танушы рецепторлары:
    • В-лимфоциттердің антигенді танушы рецепторлар қызметін олардың плазмалық мембранасында ораласқан иммуноглобулин молекулалары атқарады;
    • Т-лимфоциттерде – Т-жасушалық рецепторлар – (ТЖР).ТЖР молекулаларының иммуноглобулиндер супертектесіне тән құрылымы бар.Олар бір-бірімен цистеиндік көпірмен ковалентті байланысқан, екі полипептидтік тізбектен тұратын гетеродимдер.Қалыпты жағдайда, пісіп-жетілген Т-жасушаларының бетінде 10 000-40 000 ТЖР молекулалары болады.

7.Тимус гормондары – тимус құрылымының эпителий жасушаларымен түзілетін (негізінен субкапсулалық және медуллярлық аймақтарда) төменгі молекулалық пептидтер.Бұл гормондар нейропептидтерге ұқсас және басқа гормондармен тығыз функционалдық байланыста болады, әсіресе гипоталамус, гипофиз, бүйректүсті және жыныс бездерінің гормондарымен.Тимус гормондарының ең негізгі қызметі –Т-жасушаларының тимуста пісіп-жетілуі және тимустан эмиграцияланғаннан кейін Т-лимфоциттердің функционалдық дамуы, әсіресе, цитокиндер өндіру қабілетін жоғарылатуында.

8.Сүйек кемігінің миелопептидтері – сүйек кемігінің жасушаларымен түзілетін, гормон тәріздес әсері бар және В-лимфоциттердің дифференциялануына қатысатын төменгі молекулалық нәруыздар.

 

Лимфоциттер генезі.Иммундық бақылау концепциясы.

Иммундық жауап

Жұқпалы емес иммунологиядағы жетістіктер Ф.Бернетке иммунологиялық бақылау концепциясын ашуға мүмкіндік берді.

Иммунологиялық бақылау концепциясының мәнісі, иммундық жүйе ағзаның ішкі гомеостазының генетикалық тұрақтылығын қадағалауын қамтамасыз етеді.

Қанда В-лимфоциттер сүйек кемігінен шеткі мүшелерге «барар жолында» кезінде анықталады.В-лимфоциттердің ізшаралары сүйек кемігінен шығып, қан арқылы иммунитеттің шеткері мүшелерінің В-аймақтарына келеді.бұл аймақта антигендермен әрекеттесу нәтижесінде толық пісіп-жетіледі.Жетілген В-лимфоциттер аз қозғалмалы жасушалар, сондықтан олар шеткі қанға аз мөлшерде шығады.Шеткі қанда В-лимфоциттердің жалпы мөлшері барлық лимфоциттердің 20-30%-ын құрайды.

Т-лимфоциттердің ізшаралары сүйек кемігінен шығып, қан арқылы алдымен тимустың қыртыстық аймағына орналасып, кейін милық қабатқа өтеді (тимуста антигенге тәуелсіз дифференциялануының белгілі кезеңдерінен өтеді.).Тимустан шыққан Т-лимфоциттер имунитеттің шеткі мүшелерінің Т-аймақтарына келіп, бұл аймақтарда В-лимфоциттер сияқты антигенге тәуелді дифференцияланудан өтеді.Бірақ В-лимфоциттерден айырмашылығы, жетілген Т-лимфоциттер өте қозғалмалы жасушалар, сондықтан олар шеткі қанға, интерстиналдық кеңістікке, лимфа ағымына, шеткі қанға шығып, қайта шеткі мүшелерге қайтып келеді де, қайтадан қанға шығады және т.с.с. яғни, Т-лимфоциттер ағзада айналым жасап отырады және ағзада тәулігіне 5-20 айналым жасайды. Лимфоциттер генезі және де лимфоциттердің миграциясы мен рециркуляция үлгісі 2-ші суретте көрсетілген.

Т-лимфоциттердің мұндай қайталама жылжуы Т-лимфоциттердің рециркуляциясы деп аталады.

Қалыпты жағдайда, шеткі қандағы Т-лимфоциттердің мөлшері барлық шеткі лимфоциттердің 60-80%құрайды.

Т-лимфоциттер рециркуляцияға шыққан уақытта ағзаның ішкі ортасының гентикалық тұрақтылығына иммунологиялық бақылау жүргізеді.Егер де (гипотезді) ағзаны тиімді жағдайға отырғызса (антигенднрдің ағзаға кез-келген жолдармен түсуі шектелсе), бұл кезде де иммундық жүйе керек. Себебі, ағзада үнемі жасушалардың бөлінуі жүреді, бұл үрдіс өкінішке орай, тиімді емес, өйткені жасушалардың бөлінуі кезінде мутантты жасушалар түзіледі, ал олардың көбісі жойылмай, ақаулы ұрпақ береді.Спонтанды мутацияның жиілігі 10, яғни әрбір миллион жасушалардың бөлінуінде 1 минуттық жасуша түзіледі.Адамдар мен сүтқоректілерде тәулігіне орта есеппен, үнемі бөлінетін жасушалардың саны 10-10, яғни ағзада тәулігіне орта шамамен 1-ден10млн. Дейін мутантты жасушалар түзіледі. Эволюция үрдісі кезінде күрделікөп жасушалық ағзалардан тұратын сүтқоректілер мен адамдар даму үшін жасушалардың бөлінуін қадағалайтын жүйе керек болған, ол иммунитеттің Т-жүйесі болып табылады.Сөйтіп, Т-жүйесінің және иммундық жүйенің жалпы ең басты қызметі-ағзаның ішкі ортасының гентикалық тұрақтылығына иммунологиялық бақылауды жүзеге асыру және өспелі, мутантты жасушаларды жою.Экзогендік антигендерге (жұқпалы және жұқпалы емес)қарсы жауап осы негізгі қызметтің нәтижесі болып табылады.

Иммундық жауап

Иммундық жауап – антигенді тануға, байланыстыруға, әлсіздендіруге, ыдыратып және ағзадан шығаруға бағыттал,ан иммундық жүйенің арнацы кешендік серпілісі.Арнайы иммундық серпілістер гендік бөтен ақпараттарды тасымалдпушыларға қарсы бағытталады.Мысалы:вирус, бактерия, басқа да жұқпалы агенттер, ісік жасушалары мен гендері ұқсас емес ағза, бөгде нәруыздар, полиқанттар және т.ь.антигендер жатады.

Механизмі бойынша иммундық жауаптың келесі түрлерін ажыратады:

  1. жасушалық;
  2. гуморалдық;
  3. аралас немесе жасушалық-гуморалдық;

 

 

2-ші сурет.Лимфоциттердің миграциясы және


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 4172 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)