АкушерствоАнатомияАнестезиологияВакцинопрофилактикаВалеологияВетеринарияГигиенаЗаболеванияИммунологияКардиологияНеврологияНефрологияОнкологияОториноларингологияОфтальмологияПаразитологияПедиатрияПервая помощьПсихиатрияПульмонологияРеанимацияРевматологияСтоматологияТерапияТоксикологияТравматологияУрологияФармакологияФармацевтикаФизиотерапияФтизиатрияХирургияЭндокринологияЭпидемиология

Лимфоциттер

Прочитайте:
  1. В-лимфоциттер
  2. Лимфоциттер
  3. Т-лимфоциттер дифференциялануы

Лимфоциттер адам ағзасында кеңінен тараған жасушалар тобына жатады. Ересек адамның ағзасында 10 лимфоциттер бар, яғни дененің әрбір 10-шы жасушасы – лимфоцит.

Барлық лимфоциттердің ортақ көзі – көп қабілетті бағаналы жасушалар және лимфоциттер өздерінің дамуының бастапқы кезің сүйек кемігінде өтеді (эмбрионалдық кезеңде – сарыуыз қапшығымен мен бауырда). Лимфоциттер диаметрі 7-9мкм дөңгелек және сопақша келген ядросы бар, цитоплазмасы аз және цитоплазмалық грануласы өте аз дөңгелекше келген жасушалар.

Иммундық жүйенің оралық мүшелерінде өзінің түзілу барысында осы жасушалар ерекше және өздеріне ғана тән даму сатысынан өтеді, оның иммундық арнайылығына тікелей қатысы бар: лимфоциттердің белгілі бір даму сатысында олардың бетінде антигендерге рецепторлар түзіледі.Осының нәтижесінде клондар түзіледің(клон-бір жасушалардан тараған ұрпақ), олар бір-бірінен рецепторлармен ерекшеленеді. Әрбір клон тек қана бір антигенді «біледі», яғни бір лимфоцит бөгде макромолекуланың бір ғана кеңістік конфигурациясын таниды, ал барлық клондардың қосындысы жалпы мүмкің болатын антигендерді «таниды».Кейін жасушалардың және олардың түзетін клондарының сұрыптау үрдістері жүреді.Ең алдымен, адам ағзасы үшін қорғаныстық қызмет атқаратын, басқа молекулалық конфигурацияны танитын жасушалар және олардың клондары бөлініп алынады, содан соң аутореактивтік (өз тіні үшін қакіпті) клондар жойылады және бөгде антигенді танушы лимфоциттер қалады.

Белгілі бір қызметі мен рецепторлары бар жетілген жасушалар шеткері лимфоидтық мүшелерге тараларды.Антигенмен әсерлеспеген лимфоциттер тыныштық жағдайдағы жасушалар бюолып табылады: олар көбеймейді, белсенді заттар бөлмейді және олардың метаболиттік белсенділігі төмен болады.Қалыпты жағдайда ағзаның ішкі орасында тлық пісіп-жетілу үшін сыртқы ортадан немесе ағза ішінде (патологиялық үрдістер нәтижесінде) антигендер түзілуі қажет.Антигендерді танып және антигенге тәуелді дифференциялануының бірнеше кезеңінен өткен лимфоциттер, берілген антигенге қарсы иммундық жауапты қамтамасыз ететін және пісіп-жетілуінің соңғы сатысындағы эффекторлары-жасушаларға айналады.

Антидене арнайылығы лимфоциттер клонының пайда болуымен анықталады деген көзқарас, Ф.Бернеттің иммунитеттің клондық сұрыптау теориясы негізінде жатыр.Бұл теория иммунологиядаерекше орын алады, қазіргі кездегі молекулалық биолгия, биохимия және молекулалық иммунология мәліметтерімен сәйкес келеді.

Бернет теориясының орталық аксиомасы:өзінікін өзгеден ажырату-тіршіліктің шарты.Ф.Бернеттің клондық-сұрыптау теориясы төрт негізгі қағидаларға негізделген:

1. Лимфоидтық жасушалар популияциясы өте көп.

2. Лимфоидтық жасушалар популияциясы гетерогенді.

3. Аз мөлшердегі антиген лимфоциттер клонының көбеюін, плазмоциттерге дифференциялануын және сол антигенге қарсы антидене өндірілуін ынталандырады.

4. Көп мөлшердегі антиген иммундық жауапты шақырмайды және лимфоциттердің сәйкес клондарының жойылуына әкеледі.

Клондық-сұрыптау теориясы бойынша ағзада антигенмен жанасқанға дейін әртүрлі арнайылықтағы лимфоциттердің үлкен жиынтығы болады.Белгілі бір антигендік ерекшелігі бар лимфоциттер клондар түзеді.Антиген тек талдау факторы ретінде болады және антигеннің жалғыз ғана қызметі – лимфоциттер клондарының бөлінуін және қызметін күшейту.Сәйкес антигенді таныған арнайы лимфоциттер клондары көбейеді және дифференцияланады (пісіп-жетіледі), бұл сәйкес арнайыиммуноглобулиндердің өндірілуін туғызады.

Ағзаға антиген түскен кезде оған тек бір лимфоциттер клоны (антигенді танушы рецепторлардың антигендік детерминантымен жанасу кезінде) арнайы жауап береді. Осындай жанасу үрдісі (тану) кезінде лимфоцит антигеннен бірінші – арнайы белгіні алады. Бірақ, бұл белгі берілген лимфолциттің антигенге қарсы жауап қайтаруы үшін жеткіліксіз. Ол үшін лимфоцит екінші-пролиферативтік-дифференциялаушы белгіңі алуы қажет.Бұл белгіні лимфоцит антигенді тану үрдісі кезінде кооперацияға қатысатын басқа иммунды хабарлы жасушалардан (АТЖ немесе Т-хелперлер) алады.Екі белгіні алғаннан кейін лимфоцит полиферацияға және дифференциялануға ұшырайды.Нәтижесінде 5-7 күндері берілген антигенге қарсы белгі лі бір серпілістерді (антиденелердің түзілуі, цитотоксиндік серпілістер)іске асырған көптеген пісіп – жетілген лимфоциттер қалыптасады. Көрсетілген тізбектік жағдайлар лимфоциттердің антигенге тәуелді дифференциялануының негізінде жатыр және клондардың сұрыпталының көріністері болып табылады.В-лимфоциттің антигенге тәуелді дифференциялануы кезіндегі клонды сұрыптау үрдісінің үлгісі 1-ші суретте көрсетілген.

 

1-ші сурет.В-лимфоциттердің антигенге тәуелді дифференциялануы үрдісі кезіндегі клонды-сұрыптау теориясы

Иммундық арнайылық феноменіне қатысты гипотездік құрылымдар инструктивтік теорияларда көрсетілген.

Инструктивтік теориясы бойынша арнайы иммундық серпілістер қалыптасуында антигендер бастапқы орын алады, яғни антиген антиденедетүзілуінде матрица болып табылады.Осы екі теорияға сәйкес барлық иммуноглобулиндерде бірдей аминқышқылды қалдықтарының тізбектері бар, яғни ағзада барлық антиденелер бастамасы бірдей. Антиденелер әртүрлі антигендермен жанасқан кезде, антиген молекуласының пішініне сәйкестеніп үшіншілік құрылымы өзгереді.Қазіргі уақытта бұл теориялар тек қана тарихи мағлұмат болып қалды.Молекулалық биология және биохимияның мәліметтеріне қарама-қөарсы келеді, яғни нәруыздардың арнайылығы хромосомада орналасқан ДНК нуклеотидтерінің тізбектерінде қадағалануымен, ал молекуласының үшіншілік құрылымы оның біріншілік құрылымымен анықталатындығына және де сыртқы орта факторлардың әсерінен қызметін жоғалтпай, еркін өзгермеуімен негізделген.

Т-лимфоциттер.Бұл жасушалардың осылай аталуы олардың соңғы дамуы мен клон қалыптасуының негізгі кезеңдері тимуста өтеді.Иммундық жүйенің ең көп жасушалар популяциясы, қандағы және лимфа түйіндеріндегі барлық лимфоциттердің 80%құрап, ағзаның барлық тіндерінде кездеседі.Бұл жасуша түрі жасушалық жауаптың негізгі қатысушысы.

Бөтенекті жасушаны тану Т-лимфоциттер бетінде орналасқан Т-жасушалық рецепторлар (ТЖР) арқылы жүзеге асады.Т-лимфоциттер бос антигенді емес, ағзаның жасушалар бетінде орналасқан арнайы молекулалар – негізгі гистосәйкестік комплекс молекулаларымен (МНС –ағыл.Major Histocompatibility Complex) байланысқан «өзгерген өзінікін» - антигеннің фрагментін таниды.МНС молекуласы «өзінің»эталоны болып саналады, ал эталоннан ауытқығанның бәрің Т-лимфоцит рецепторлары таниды.Тану нәтижесінде Т-жасушалар белсенденіп эффекторлары (киллер) және реттеуші (екі түрі хелпер-Тх1, Тх2 және супрессор) жасушаларға дифференцияланады.

В-лимфоциттер – лимфоциттер популяциясының екінші негізгі бөлігін құрайды.Бұл жасушалардың негізгі эффекторлық қызметі-гуморалдық иммундық жауапты қалыптастыру, яғни ағзаға енген антигенднрді байланыстырып, бейтараптайтын антиденелерді түзеді.

В-лимфоциттердің пісіп-жетілуі сүйек кемігінде өтеді, оның бетінде антигендерге орналасқан иммуноглобулиндік рецепторлар түзіледі.В-лимфоциттің антигенді танушы рецепторлары В-жасушщалық рецепторлар (ВЖР) деп белгіленеді.Оның негізгі ретінде,

 

 

В-лимфоциттердің плазмалық мембранасында орналасқан иммуноглобулин молекулаларыболып табылады (беткей иммуноглобулиндерді slg – surface Lg деп белгілейді).Бір В-лимфоцит бетінде 200-500 мың бірдей арнайылықтағы рецептор молекулалар бар.Т-лимфоциттерден айырмашылығы, В-лдимфоциттер бос антигенді тікелей таниды.В-лимфоциттердің антигенмен байланысу нәтижесінде антигенге тәуелді дифференциялануы екі бағытта жүреді:антиденетүзетін плазмалық жасушалар мен зерде В-жасушалардың түзілуі.

Плазмалық жасушалар – антигенмен жанасқаннан кейін жетілген В-жасушалардан түзілетін, қысқа өмір сүретін эффекторлы антиденетүзуші жасушалар.Плазмоциттердің сыртқы мембранасында антигендерге арналған рецепторлар болмайды.Бұл жасушалар В-лимфоциттердің дифференциялануының соңғы пісіп-жетілу кезеңі болып табылады.бір плазмалық жасушаның иммуноглобулинді түзу қарқындығы 1млн. Молекула/сағ. Жетеді.Белсенді антидене бөлу кезеңі біткен соң, плазмоциттер тіршілігін жояды.

Табиғи киллерлер немесе NK-жасушалары.Осы жасушалардың аталу себебі,(ағыл natural killer – табиғи киллер)арнайы иммундық жауапқа тән, олар белгілді бір нысана жасушалармен алдын ала жанаспай және антигенге тәуелді дифференциялануының кезеңін өтпей, оныыдыратады.

 


Дата добавления: 2015-10-19 | Просмотры: 2140 | Нарушение авторских прав







При использовании материала ссылка на сайт medlec.org обязательна! (0.005 сек.)